Зейнолла Қабдолов және Махамбет тұлғасы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1. ПРОЗА ЖАНРЫНЫҢ ДАМУ НЕГІЗДЕРІ5

1. 1 З. Қабдолов шығармаларының айшығы. Зейнолла Қабдолов және Махамбет тұлғасы5

1. 2 З. Қабдолов прозасы13

1. 3 Қазақ әдебиетіндегі проза жанрының даму сипаты19

1. 4. Қазақ прозасының тәуелсіздік жылдарында дамуы24

2. З. ҚАБДОЛОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ28

2. 1 Зейнолла Қабдолов тағылымы. Қабдолов қалыптаған әдебиет теориясының негіздері33

2. 2 Әуезовтің сүйікті шәкірті Зейнолла Қабдолов40

2. 3 Ахмет Байтұрсынұлы және Зейнолла Қабдолов42

2. 5 Академик З. Қабдоловтың көркем сөзінің лингвосинергиясы46

ҚОРЫТЫНДЫ54

КІРІСПЕ

Қазақ прозасының бүгінгі тағдыр талайы жөнінде үміт те, күдік те,
толғаным да даулы-даусыз пікірлер де мол. Бұл тек бізде ғана емес, әлем
әдебиетінде қалыптасқан ерекше жағдай.

Тақырыптың өзектілігі: Қоғам дамуына сай әдебиетте үнемі өрістеп
отырады. Сондықтанда қазақ әдебиеті халқымыздың рухани мәдениетінің бір
бөлігі ретінде үнемі жүйелі де жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
Бүгінгі әдеби процестегі көкейкесті мәселелердің бірі-адамның өзін-өзі
танып білуі. Жеке адам концепциясы өзекті, басты ешқашан сарқылмайтын
проблема. Адамның жан дүниесін танытудың бұрынғы таптаурын еріксіз
ескіруде. Қазіргі жазушыларымыз адам жан дүниесін диалектикалық
қайшылықтармен жеткізудің соны тәсілдерін табуға ұмтылуының сыры осында.

Қазіргі қазақ әдебиетінің алдында көркем сөз алыптарының дәстүрлі
мектебі болды. солардың тәжірибесін, өнегесін игерген бүгінгі қазақ
әдебиетінің қол жеткізген сапалы жетістіктері аз емес. Әсіресе осы кездегі
проза жанрының дамуын зертте, поэтика мәселесін қарастыру-аса маңызды
проблема.

Әдебиет негізінен шартты, абстрактілі категория. Мұнда көзбен көріп,
қолмен ұстап бағалайтын ештеңе жоқ. Бұл жағынан әдебиетке, дәлірегінде
көркем әдебиетке қатысты барлық баға, байламға төрелік етіп, төбе би үш
қызметін атқаратын адамның ақыл-парасаты мен жүрек қуаты ғана. Мұның өзі де шартты ұғым. өйткені кейбір классикалық туынды ретінде қабылданған шығармаға да ұнамды, ұнамсыз, жақсылығы мен жамандығы жөнінде пікір айтылып жататындығы, сол пікірдің басында анау-мынау емес, аузы дуалы, сөзі өтімді кесек тұлғалардың да жүретіні бар. Бірақ бұдан әлгі шығарма авторының атақ - абыроайына пәлендей нұқсан келіп жатқаны болмайды.

Ұшқын және Жалын романдарының, Адам, Сыр атты жинақтарына
енген әңгіме-очерктері мен Қазақтың М. Әуезов атындағы академиялық және
бірнеше облыстық театрлардың сахналарында қойылған Сөнбейтін от
драмасының авторы. Менің Әуезовым романы үшін 1998 жылы Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Өмірінің соңына дейін Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті жанындағы филология ғылымдары докторы дәрежесін тағайындау жөніндегі тұрақты диссертациялық кеңестің төрағасы қызметін атқарған. Тұңғыш көлемді шығармасы Өмір ұшқыны 1956 жылы қазақ, 1958 жылы Искра жизни повесі орыс тілінде жарық көрген. 1964 жылы Адам атты әңгімелер мен очерктер жинағы шыққан. 1967 жылы республикалық байқауда Сөнбейтін от пьесасы сыйлық алған. Мұхтар аға документалды кинофильмінің сценарийін жазған. Мұнайшылар өмірінен жазылған Жалын романы 1970-1971 жылдары қазақ, орыс тілдерінде жарық көрген. Бұл роман жұмысшылар табы туралы ең үздік туындылар жөнінде КСРО Жазушылар одағы жариялаған бүкілодақтық байқауда арнаулы сыйлық алған. 1964-2002 жылдары әдебиеттану ғылымы мен теориясын зерттеу, орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар жазу ісінде де жемісті еңбек еткен. Оның Арна зерттеу-сын-эссесі, Жанр сыры, Сөз өнері монографиялары, Жебе әдеби толғаныстар мен талдаулары, Көзқарас талдаулар мен толғаныстары, Әдебиет теориясының негіздері атты еңбектері студенттер мен мұғалімдердің және жазушы-журналистердің қажет кітаптарына айналды. Қазақ прозасы негізінен көптеген даму жолдарынан өтіп-ақ келеді. Оның соңғы буындағы өкілдері қазіргі таңда қазақ прозасының артуына да өз көмектерін беріп келеді. Курстық жұмыстың мақсаты- негізінен қазақ прозасының дамуы мен З. Қабдолов прозасындағы көркемдік стильдің ерекшеліктерін айқындау мен оның даму бағыттарын арастыру болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- берілген тақырыпты теориялық талдау

- проза жанрындағы көркемдік стильді айқындау;

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі 2 тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1. ПРОЗА ЖАНРЫНЫҢ ДАМУ НЕГІЗДЕРІ 1. 1 З. Қабдолов шығармаларының айшығы. Зейнолла Қабдолов және Махамбет тұлғасы

Ұлы Отан соғысы басталып, әкесі майданға аттанған Зейнолла Доссор
кентіндегі орта мектепті бітірісімен 1943-1945 жылдары әкесінің ізін басып,
өндірісте жұмыс істеді. Мұнайлы Ембі шындығы, еңбекші қауым тұрмысы 3.
Қабдолов шығармашылығына негізгі арқау, өзекті тақырып болды.
1945 жылдың жазында 3. Қабдолов Алматыға келіп, инженер болу
мақсатымен Тау-кен институтына түседі. Бала кезден баурап алған сөз өнері
- көркем әдебиет құпиялары қатты қызықтырған 3. Қабдолов өз қалауымен
қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барып, профессор
М. Әуезовтің дәрістерін үзбестен, құмартып тыңдап жүреді. Сол жылдың
аяғына қарай ұлы жазушының кеңесімен бір жола университетке ауысып,
филология факультетінің толық курсын 1950 жылы үздік дипломмен бітіріп, осы әйгілі білім ордасына ұстаздық қызметке қалдырылады.
Зейнолла Қабдолов ұстаздық қызметіне қоса, бірнеше жыл жауапты
басшылық жұмыстарда да болады. Жұлдыз журналының жауапты хатшысы, бас редакторы (1950-1957), Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің сектор меңгерушісі (1957-1959), Қазақ әдебиеті газетінің бас редакторы және
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы (1959-1961) қызметтерін атқарады.

З. Қабдолов ғылыми-педагогикалық жұмыстарынан қол үзген жоқ, бұл
міндеттерді өзінің университеттегі оқытушылығымен бірге алып жүрді.
Сөйтіп, ол туған әдебиетіміздің тарихы мен теориялық мәселелерін зерттей
келе, филология ғылымдары-ның кандидаты (Қазіргі қазақ әңгімесі, 1961)
және филология ғылымдарының докторы (Қазак әдебиетінің теориялық
проблемалары, 1970) дәрежелерін алу үшін диссер-тациялар қорғады. Жиырма бес жыл табан аудармастан қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі (1975-2000) болды.

Зейнолла Қабдоловтың әдеби талпыныстары мектеп қабырғасында басталады да, университеттегі студенттік жылдары одан әрі ұласады. Жас қаламгердің әралуан тақырыпқа жазған өлең-жырлары, әңгіме-очерктері шәкірт кезінің өзінде-ақ газет-журнал беттерінде жиі жарияланып тұрды, таңдаулылары әр-түрлі жинақтарға енді. Жайық қызы, Туған ел сияқты лирикалық өлеңдері әнге айналып, қалың көпшілікке кеңінен тарады.
З. Қабдолов ғылыми-зерттеу ісімен ерте айналысты: университеттің
үшінші курсында жазған Абайдың лирикасы атты зерттеуі КСРО Жоғары білім беру министрлігінің Мақтау грамотасымен марапатталған.
1947 жылы З. Қабдолов дарынды жас әдебиетші ретінде КСРО Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданды. Елуінші жылдардың алғашқы жартысында З. Қабдолов әдеби сын саласында (юмор мен сатира, ұнамды кейіпкер, көркем әңгіме, т. б. тақырыптар жайлы) бірсыпыра күрделі еңбектері басылды; орта мектептің 9, 10-сыныптарына арналған Қазақ әдебиеті оқулықтарын жазуға қатысты; Үлкен Кеңес энциклопедиясында көне дәуірден осы дәуірге дейінгі қазақ әдебиетінің тарихы жайлы көлемді мақала жариялады; А. Пушкинмен Н. Гогольдің Күнперзенттері, Н. Хикметтің Елеусіз қалған есіл ер сияқты классикалық пьесалары да республикалық, облыстық театрларда З. Қабдоловтың аудармасымен қойылды.
З. Қабдоловтың көркем шығармаларындағы басты тақырып -заман шындығы, басты кейіпкер - замандас бейнесі. Оның есімін оқушы қауымға кеңінен
танытқан шығарма Өмір ұшқыны (1956) повесі. Повестің қаһармандары негізінен жастар - университет сту-денттері. Табиғи, таза, суретті, нәрлі тіл автордың жазу мәнерін, машығын өзінен басқа ешбір қаламгерге ұқсатпай, бірден даралап көрсететін жаңа нұсқалы стиль, адамдардың арақатынасына жылы шырай қосып, көмкеретін әдемі юмор, күллі шығарманың өн бойында желі тартып отырған сұлу лиризм 3. Қабдоловтың қаламгер ретіндегі даралық сипатын айқындады. Повесть 1958 жылы орыс тілінде Мәскеуде жарияланып, одақ оқырмандарына белгілі болды. 1963 жылы Жұлдыз журналында (№7-11) жарияланған Жалын романы кейін қазақ (1970, 1974, 1983), орыс (1971, 1976, 1982) және вьетнам тілінде (1980) жеке кітап болып шықты.

З. Қабдолов еңбектерінің ішінде қазірге дейін төрт рет басылым көрген
Сөз өнері атты зерттеуінің орны бөлек. Сөз өнері - жоғары оқу
орындарының студенттері әлі де үзбей пайдаланатын бірден-бір оқу кұралы.
Еңбекте көркем әдебиет табиғаты тарихи және теориялық тұрғылардан жан-жақты сараланады. Әдебиет теориясын қалыптастырудағы эстетикалық ой-пікірлердің әдіснамалық мән-маңызы зерделенеді. Әбу Насыр әл-Фараби тәрізді ғұламалардың терең танымдық идеяларын З. Қабдолов қазақ оқырмандары үшін арнайы таратып бағалайды.

Кітапта көркем өнер мен әдебиеттің әлеуметтік табиғаты, әдеби тектер
мен жанрлар, өлең құрылымы, мазмұн мен пішін, даралау мен жинақтау, керкем- әдеби тілдің ерекшеліктері сияқты әдебиеттану ғылымындағы өзекті мәселелер оқулық талаптарына сай деңгейде сөз болады.

З. Қабдоловтың Менің Әуезовім романында ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің әдеби бейнесі үздік шеберлікпен сомдалды. Роман-эссесінде Мұхтар Әуезовтің тарихи тұлғасын жаңа бір бағытта, өзгеше бір төселген шеберлікпен төгілген көркемдік алымда ашқан еді. Оған осы романы үшін 1998 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Оқымысты назарын аударатын тағы бір күрделі мәселе-көркем тіл мен өлең құрылымы. Тілдегі бейнелілікті зерделеуде ой мен сезімнің бедерлілік табиғатын З. Қабдолов көркем әдебиеттегі ең басты талант өлшеміне балады. Шығарманың тілдік қолданыс ерекшелігі жанр, жағдай, суреттелетін дәуір, кәсіби ыңғай, кейіпкерлердің болмысы мен ой, қиял желісі, әрекет өрісімен сабақтастығы назарда ұсталды. Сан алуан лексика, семантикалық деңгейлердің суреткерге тән мәдени- эстетикалық мұрат, талант даралығымен тамырластығы да ешқашан ұмытылмайды. З. Қабдолов ағымдағы әдеби үдеріске байланысты ой-пікірлерінде де, іргелі суреткерлер жайлы ықшам зерттеу, мақалаларында, Абай, Махамбет, Жамбыл, М. Әуезов, Б. Майлин, Ш. Айтматов, Ә. Нүрпейісов, Т. Ахтанов, Қ. Ысқақов және т. б. белгілі тұлғалар хақындағы ғылыми-сын эсселерінің бәрінде дерлік мәтін ауқымында - оқырман, дәрісханада-тыңдаушы көкейін тап басатын өзекті ахуалды дәл танытуымен ерекшеленіп тұрады. Ғалымның қаламынан туған Жанр сыры (1964), Жебе (1971), Арна (1988), Әуезовтің әсемдік әлемі (1977), Менің Әуезовім (1977), Көзқарас (1999) атты еңбектердің студент, магистрант, аспиранттар қауымына берері мол.

З. Қабдолов Жанр сыры арқылы қазақ әдебиеттануында әңгіме тәрізді шағын эпикалық туындылардың ішкі құрылымы, ұлттық қасиеттері, стильдік
өрнегі туралы алғаш ой толғағандардың бірі. Ол сондай-ақ Абай лирикасы мен эстетикалық әлемі, ақын өлеңде-ріндегі философиялық тереңдік пен шынайылық туралы әсем де нанымды байламдар айтқан.

З. Қабдолов шебер аудармашы да болды. А. Пушкин мен Н. Гогольдің
жекелеген шығармаларын, Л. Кассиль, В. Добровольский, В. Закруткин
романдарын нақышына келтіре аударды. А. Островскийдің Ұшынған ақша
пьесасы театр сахналарына З. Қабдоловтың тәржімесі арқылы қойылды.

З. Қабдолов орта мектептің жоғары сыныптарына арналған Қазіргі қазақ әдебиеті окулығына жазған тарауларын әрдайым жаңартып отырды.
Университетте Әдебиеттануға кіріспе, Әдебиет теориясы пәндерінен
филологтар мен журналистер үшін ұзақ жылдар бойы дәрістер оқыды, арнайы курстар жүргізді, аспиранттарға ғылыми жетекшілік етті. Зейнолла
Қабдоловтың алдынан ондаған, жүздеген шәкірттер өтті. З. Қабдоловтан дәріс
тындау бақыты бұйырған көп талапкер кейіннен көрнекті жазушы, ғылым адамы, қоғам қайраткері болды. Олардың барлығы да Зейнолла Қабдоловты ризашылықпен еске алады. Академик Зейнолла Қабдолов өзі де ұлы ұстазы Мұхтар Әуезовке ғұмыр бойы шәкірттік парызын өтеген еді.
Ғалым-ұстаздың күллі шығармашылығын ой елегінен өткізіп, оның қаламынан қалған әрбір туындының қыр-сырын түбегейлі қарастыратып, танып- талдайтын Халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар өтіп тұрады.

Асылы, жазушының оқырман жүрегіне жол табуы оңай емес және ол қай тақырыпқа қалам тартқанына да байланысты емес. Міне дәл осы тұста,
қаламгердің таланты, дарын күші, суреткерлік шеберлігі алдыңғы қатарға
шығады. Академик-жазушы Зейнолла Қабдолов алдымен осы қасиеттері арқылы оқырман жүрегіне жол тапты. Жазушының күллі шығармалары тұтаса келгенде, немесе осы шығармалардың көркемдік ерекшеліктерін жинақтай айтқанда Зейнолла Қабдолов қазақ әдебиетіндегі парасатты прозаның, осы аядағы алғаш рет шынайы көріне алған қаламгерлік шеберліктің жаңа өлшемін межеледі. Қазақ сөзінің қадір-қасиетін, көркемдік қуатын суреткерлік мақсатта қалайша құбылтуға, құлпыртуға болатындығын аңғартты, шығармашылық процесте әрбір сөйлемді, сөз тіркесін қалайша ұтымды, ұтқыр пайдаланудың жолдарын жаңаша зерделеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиет - сөз өнері
Махамбет батырдың Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі
Махамбет – ұлт рухының айбары
Қалижан Бекхожин өмірі мен шығармашылығы
ЗАР ЗАМАН ӨКІЛДЕРІНІҢ АЗАТТЫҚТЫ ЖЫРЛАУЫ
З. Қабдоловтың Менің Әуезовім - М. Әуезов туралы жазылған көркем шығарма
Ә.Нұрпейісов шығармашылығының бастау –бұлақтары
Махамбет жырларының ерекшелік сипаты
Қазақ поэзиясындағы батыр ақын бейнесі
Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz