Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұйқас тәсілдері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1 ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ПОЭЗИЯ7
1. 1 Тәуелсіздік жылдардағы лириканың тақырыбы мен идеясы7
1. 2 Қазіргі қазақ поэзиясындағы жас толқын үні15
1. 3 Қазіргі қазақ поэзиясындағы ұйқас тәсілдері18
2. ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК АРНАЛАРЫ. ЭПИКАЛЫҚ ДӘСТҮР34
2. 1 Ғалым Жайлыбай поэзиясындағы жаңа ізденістер39
2. 2 Ғалым Жайлыбай поэзиясындағы ежелгі әдебиет дәстүрі45
2. 3 Ғалым Жайлыбай шығармашылығы туралы49
ҚОРЫТЫНДЫ57
Пайдаланылған әдебиеттер тізім:59
КІРІСПЕТақырыптың өзектілігі . Поэзия - көркем әдебиеттің ертеден қалыптасқан үлкен бір саласы, өлең, жыр түрінде шығарылған әдеби шығармалар. Поэзия деген ұғым қазіргі кезде өлеңмен жазылған шығармаларды көркем прозадан, қара сөзбен жазылған әдеби шығармалардан ажырату үшін қолданылады. Бұған қарағанда поэзия мен прозаның шегі, айырмасы тек сырт белгісіне қарап анықталатын секілді көрінеді. Ал асылында поэзия мен көркем прозаның сапасында, ішкі сипатында өзіндік ерекшелік бар екені ешбір талассыз. Тұтас алып қарағанда поэзиялық шығармаға сезім-әсер байлығы ерекше тән болады да, ал прозалық шығармаларда баяндау, бейнелеу жағы басымырақ келеді. Оның үстінде поэзияның көркемдік формасындағы ерекшеліктер де жай ғана ұсақ сыртқы белгілер емес.
Поэзияның көркемдік сипатында, бейнелеу құралдарын қолдану тәсілдерінде, сөздің, тілдің ырғақтық, интонациялық байлығын пайдалануда көптеген елеулі өзгешеліктері бар. Поэзиялық шығармаларға, өлең-жырларға, дастан-поэмаларға айрықша тән қасиет - өмір құбылыстарын терең эмоцианалдық, сезімталдықпен қабылдап, соған сәйкес әсерлі, тартымды көркем етіп бейнелеу. Алайда поэзияда адамнын, ой-сезімі әдейі сырттай көркемделіп, сұлулап айтылады деу ағаттық болар еді. Көркемділік, бейнелілік әдебиеттегі, өнердің басқа салаларындағы офйлау жүйесіне, сезім дүниесіне тән өзгешелік.
Көркемдік ойлау дегеніміз осы. Ой-сезімні, бейнелілігі шығарманың көркемдік түріндегі (формасындағы) әр алуан өзгешеліктердің тууына негіз болады.
Поэзия деген ұғым тарихи жағынан алғанда ерте қалыптасқан. Өйткені қай халықтың әдебиетін алсақ та, поэзия ерте заманнан бастап дамып-өркендеген.
Халық әдебиетінде ертегі-аңыздар да қара сөз түрінде туғанмен поэзиямен жалғас-жақын болды. Ал көркем проза кейін қалыптасып, дамыды. Поэзия деген ұғым ақындық өнерге тән сипат-ерекшеліктерді кең көлемде тұтас алып қарастыру тұрғысынан құнды. Мысалы, Пушкин поэзиясы, Абай поэзиясы деген ұғымдар өте мол, бай әдебиеттік құбылысты таныта алады. Аталған ақындардың саналуан поэзиялық шығармаларындағы тұтастық сипат-белгілерді жүйелі түрде танып-білуге негіз бола алады. Сөйтіп, көркем әдебиетті поэзия мен көркем прозаға бөліп жіктеудің өзіндік орны, мәні бар. Сонымен қатар әдебиеттану ғылымында әдеби шығармаларды өмір құбылыстарын бейнелеу әдісіне, көркемдік тәсілдеріне қарай саралап, әр түрлі жанрларға бөлу көбірек орын алғанын атап айту қажет. Осы тұрғыдан әдеби шығармалар үш үлкен салаға бөлініп, лирикалық жанр, эпикалық жанр, драмалық жанр болып жіктеледі де, одан әрі лириканың жанрлық түрлері, мысалы, саяси-әлеуметтік лирика, көңіл күйі лирикасы, эпостык, жанрға жататын роман, повесть, әңгіме тағы сондай түрлер, драмалық жанрдың трагедия, комедия, драма сияқты түрлері ажыратылады. Бұл аталған нұсқалар да бірнеше түрге бөлініп жіктеледі (Айталық, тарихи роман, саяси-әлеуметтік роман, публицистикалық роман т. б. ) . Қазақ әдебиеті Қазан төңкерісіне дейін негізінен поэзия түрінде дамып, өркендеді. Сондықтан халық поэзиясы деген ұғым мен ауыз әдебиеті деген ұғым бір-біріне өте жақын, халық поэзиясы әр түрлі жанрларды қамтиды: өлең, жырлар, халық эпосы, яғни, эпостық жырлар, дастан, поэмалар. Қазақ әдебиетінде аттары белгілі ақындардың творчествосы үлкен орын алады, ақындық поэзияның бірнеше ғасырлық тарихы бар. Орыс әдебиетінде, әдебиеттану ғылымында өткен ғасырда поэзия деген ұғым жалпы көркем әдебиет деген мағынада да қолданылды. (Белинский, Чернышевский, Добролюбов) . Поэзия тарихи-әдеби процестің дамуына ордай еркендеп-өсіп, жана сипат-қасиеттермен толығып отырады. Қазақ поэзиясында Абайдан кейінгі дәуірде Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Ахмет Байтұрсынов, Дулатов, Мағжан, Сәкен, Ілияс поэзиясы сөз өнерін жаңа идеялық мазмұнымен де, көркемдік бояу-нақыштармен де байыта түсті. Қазақ поэзиясында кеңестік дәуірде саяси лириканың, азаматтық лириканың көптеген жаңа түрлері қалыптасты, публицистикалық поэма секілді жанрлық түрлер кеңінен орын алды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі . Философиялық лирика - лириканың тақырыптық табиғатына, мазмұндық-идеялық тұрғыда жіктелуіне қатысты туған ұғым. Философиялық лирика термині әдебиеттануда жиі ұшырасатындығына қарамастан, ол туралы дәйекті, тиянақты байлам жоқ. Сондықтан философиялық лирика термині кейде тым кең аяда - болмыс, өмір, тағдыр жайын толғаган кез-келген өлең-жырға байланысты қарастырылады. Бұл жағдайдағы пайымдар жалпы поэзияның ойшылдық, сыршылдық сипатынан тамыр тартатыны байқалады. Ғалам сыры, тіршілік құпиясы, жазмыш жұмбағы - адамзат тарихының қай кезеңінде болмасын, ақындар мен философтарды бірдей ой азабына салған мәселелер. Философия мен поэзия қарсы біткен екі заңғардың басында тұрғанмен, бір ғана жайт төңірегінде сөз қозғайды, - деп жазады неміс философы М. Хайдеггер. Фольклорлық лирика мен қадым заман ақындарының туындыларынан ежелгі дүниетаным іздері бажайланса, ол - философия мен поэзия арасындағы мәңгі бірліктің, сарындастықтың айғағы Осы орайда көптеген көне философиялық еңбектердің өлең сөзбен жазылғанын (мысалы, Гесиодтың философиялық дастандары, Ж. Баласағұнның Құтты білілік), тұтас бір философиялық бағыттардың нақтылы поэтикалық шығармалардан (Илиаданың әсерімен дүниеге келген гомеризм ағымы) бастау алатындығын да ескерткен жөн. Алайда философемаға негізделген өлеңдердің баршасын бірдей философиялық лирикаға телуге болмайтыны түсінікті. Өлең рухынан әлемге, өмірге, адам тағдырына деген лирикалық көзқарастың көрініс табуы, жан толқынысынан хабар беретін лирикалық үн естіліп, болмыс мәнін, шындық елесін іздеген, мәнгілік сауалдарды өзінше қабылдап, өзінше жауап қайтаруға тырысқан лирикалық Меннің айқын сезілуі философиялық лирикаға хас айрықша нышандар ретінде танылады. Бұл белгілердің назарға алынбауы философиялық лириканы дидактикалық, афористік, интеллектуалдық поэзиямен шатастыруға апарып соқтырады.
Сонымен қатар бірқатар зерттеу еңбектерде философиялық лирика термині әдебиет сынында, әдебиеттану еңбектерінде сапалық белгі санатында жиі шектеулі мағынада да қолданылады. Қысқаша Әдеби энциклопедияда (М., 1972. 7-т) ол тек антик дәуір әдебиетіне қатысты қарастырылса, енді бір
әдебиетшілер (А. Павловский, В. Фадеев) аталмыш ұғымды белгілі бір
философиялық ілімдермен ғана сабақтастырады.
Еуропа мен орыс әдебиетінде философиялық лирика көне Греция мен Рим дәуірлерінен бері келе жатқан философиялық ағымдардың арнасында өркен жайды. Адам табиғатында қос негіз - жан және тән бар дейтін идеяны
қуаттайтын орфизм (фракдиялық әнші, күйші Орфей туралы аңызға орай туған
термин) мен олимптік ілім - гомеризм (Олимп құдайлары хақында егжей-
тегжейлі жырлаған Гомердің есіміне байланысты) арасындағы ғасырдан-ғасырға ұласқан бағзы дау XVIII-XIX ғ. ғ. шегіндегі Еуропа поэзиясына тың серпін берді. Кәрі дүние (Абай) даналығынан нәр алған философиялық лирика
жанрлық түр ретінде қалыптасып, сан алуан философиялық ойлардың шарпысуынан туған тамаша үлгілерді дүниеге әкелді. Мұсылмандық Шығыста, оның ішінде түркі халықтары әдебиетінде философиялық лирика алғашқы нышандарын софылық поэзиядан аңғаруға болады. Қожа Ахмет Иассауидың, Әлішер Науаидың гуманистік тұрпаттағы туындылары өшпес даңққа бөлеңді, түркі лириктерінің ой-санасына әлденеше ғасыр бойы ықпал етіп отырды. Тәңірі нанымы мен исламның тоғысынан туындап, өзгеше сыңайда кемелденген халықтық философия аңғарындағы терең ойлы шығармаларға қ мейлінше бай қазақ поэзиясында қазіргі түсініктегі философиялық лирика Абай өнернамасынан басталады. Шығыс пен Батыс философиясын көп зерделеген Шәкәрімнің философиялық лирикасы, Мағжанның осы бағыттағы өлеңдері төл поэзиямызда философиялық лирика жазу үрдісінің біржолата орныққанын әйгіледі.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері
. Қазіргі қазақ поэзиясының жаңа ұрпақ, жас өркені жайлы сөз қозғағанда біз соңғы он-жиырма жылда жұртшылық жылы қабылдаған ақындардың тұтас бір ұрпақ өкілін танытарлығы бар, өз алдына бет-бағдар, тәсіл-өрнек, талант қырын көрсететін жас дарындардың шығармашылдығын шолып талдау жасамақ болдық. Лирикамыздың Абайдан бергі ұзақ тарихы бар: оның даму процестері еш уақытта бейбіт түрде, өзге әлеуметтік кезеңдерден бөлек, оқшау күйде өткен
емес. Лирикамыздың тарихы әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл мәдени тарихымыздың үлкен бір арнасы. Бұл - еліміздің барлық идеологиялық күрес-
тартыстарын, ірі қоғамдық өзгерістерін қоса баяндайтын арна.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты
: тәуелсіздік жылдарындағы қазақ
поэзиясының бағыт-бағдары, ұстанған жолы, дәстүр жалғастығын жандандыру
және осы саладағы көркемдік ізденістер мен соны сипаттағы жаңалықтарды
саралау, ғылыми түрде жүйелеу болып табылады.
Диплом жұмысының нысаны . Диплом жұмысында қазіргі кезеңдегі қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері: Т. Әбдікәкімов, Ғ. Жайлыбай, Г. Салықбаева, С. Нұржанов, Б. Жақып, М. Райымбекұлы, Т. Жұмаш, Р. Нұрбай, Б. Мүбәракұлы, Қ. Асқар т. б. ақындардың шығармашылықтары зерттеледі. Қазіргі қазақ поэзиясы біршама зерттелгенімен, дәл осы тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық поэзия тек қана баспасөз беттерінде аракідік талданғанымен үлкен ғылыми зерттеулерге арқау бола алмай келе жатқаны анық.
Диплом жұмысының теориялық және практикалық маңызы . Тақырыбымыз жаңадан зерттелу үстінде, күрделі әрі өзекті болғандықтан жас ақындар шығармашылығын зерттеумен айналысушы оқушы, студент жастарға және мектеп оқушыларына әдебиет пәнінен лирикалық шығармалары оқытуда, үйірме жұмыстарын жүргізуде толық қажетке асады деп білеміз.
Жұмыстың құрылымы : кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ПОЭЗИЯ 1. 1 Тәуелсіздік жылдардағы лириканың тақырыбы мен идеясыКез-келген қоғамдық құбылысты тарихи-хронологиялық шектеуге бөлгенде ақиқатқа жетер жол жалқы - “Ештеңе жоқтан пайда болмайды, ешқайда жоғалып кетпейді”. Аналитикалық көне заңдылығы, қағидасы қазіргі қазақ поэзиясының аяқ алысына жат емес. Тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық поэзия стильдік жағынан кешегі әдеби ағымдардың заңды жалғасы. әдеби орта сарбаздары бұрынғы айта алмай жүрген ақиқатты егемендікке қол жеткерген жылдары ашық айтты. Кешегі қалыптасқан поэзия жаңа түр, жаңа мазмұн иеленді. Ел ішіндегі рухани ахуал бас айналдырар эйфориялық жағдайға жеткен сол дәуірде алып-ұшқан ақын көңілі ақпа жырмен поэзия кеңістігін едәуір кеңейтті. Жыр мазмұнының баюы, кеңістігінің ұлғаюы қазіргі қазақ поэзиясының ел еңсесі көтерілер жылдары үлкен деңгейге шығатындығына кепілдік беретіндей.
Кеңес үкіметі тұсында дүниенің бәрі мемлекеттікі болып, жұрттың санасында жеке меншіктік психология жойылып, адамдардың бір-бірімен
байланысы, адам мен қоғамның, қоғам мен мемлекеттің қатынасы таза нарықтық негізде бола алатынын, болуға тиіс екенін ешкім ескермейтін, тіпті ол туралы ойламайтын да, ойланбайтын.
Тәуелсіздікке қол жеткелі бері жүргізілген саяси, экономикалық,
әлеуметтік реформалар қазақ халқының өмірін нарыққа бағыттады. Жетпіс-
сексен жыл бойы мемлекетке сеніп, масылдыққа бой алдырған жұрт алғашқыда
абдырап та қалды, қалай жекеше өмір сүрудің, жеке шаруашылық құрудың, өз
өндірісін ашудың, қажетті қаржы табудың, тіпті күндегі тіршіліктің қиюын
келтірудің жолын таба алмай қиналды.
Ал, рухани салада қандай өзгерістер бар, қандай процестер жүріп жатыр?
Рухани өмірімізде, әдебиетімізде, өнеріміз бен мәдениетімізде нарықтық
қатынасқа бейімделу бар ма? Шығармашылық адамдары мен қайраткерлеріміз
нарық заңдары мен шарттарын қаншалықты игерді, нарық жағдайында өнімді де тиімді еңбек ету әдістерін, амалдарын тапты ма? Мұндай сауалдар көп. Солар төңірегінде біраз ой қозғап, пікірімізді ортаға салуды жөн көрдік.
Нарықтың негізгі шарты - бәсеке. Бәсекеге түсу - өзіңнің мүмкіндігінді,
қабілетіңді, талантыңды барынша пайдалану. Олай болмаған күнде бәрінен құр
қаласың. Мұндай халге түспес үшін нарықтық қоғамда көпқырлы экономика
болатыны сияқты руханият саласында да көптүрлі, әрқилы, совет дәуіріндегі
біздің ұғымымыздағыдан бөлек мәдениет болатынын мойындап, соған сәйкес
тірлік істеу қажет. Совет мемлекетінде мәдениет тек қана идеологиялық
қызмет атқарғандықтан сырттай монолитті болып көрінетін, ал шындығында ол
біртұтас емес, сыңаржақ еді. Совет халқы „біртұтас, таптық айырмасы жоқ
қоғам болғаны тәрізді мәдениет те сондай болуы керек деп ойладық. Бәріміз
шығармамызды, туындымызды социалистік реализм шартына сай етуге тырыстық, сөйтіп „бірыңғай, мазмұны социалистік, түрі ұлттық мәдениет жасауға атсалыстық. Соның нөтижесінде көптеген роман, повесть, поэма, фильм, сурет, симфония, спектакль, т. б. шығармалар туып, олардың біразы өте жоғары баға алды, ал авторлар биік деңгейде марапатталды. Шынын айту керек, олардың ішінде классикалық дүниелер аз болған жоқ және көптеген авторларымыз бен орындаушыларымыз, әсіресе әншілеріміз, суретшілеріміз, композиторларымыз, жазушыларымыз өз талантын көрсете алды.
Ресми идеологияның құралы болғандықтан әдебиет пен өнер мемлекет пен ьпартия тарапынан үлкен қамқорлыққа бөлеңді, соның арқасында профессионалды әдебиет пен өнер қалыптасты, көркем шығармашылықты күнкөрістің құралына, кәсіпке айналдырған жазушылар, композиторлар, суретшілер, режиссерлар пайда болды. Бұл занды еді. Өйткені адам санасын, ойын қадағалап, пікірін тұмшалап отыратын тоталитарлық мемлекетте қай заманда да осылай болған.
Тоталитаризм руханиятты ауыздақтап отыруға мүлделі болғандықтан бұл
саладағы қайраткерлерді өзінің идеологиясын жүргізуші күш ретінде пайдаланады, сол себепті оларға барынша жағдай жасайды, ал айтқанына
көнбегенді қудалайды, дарға асады, өртейді, атады. Өз идеологиясын жүйелі
әрі кең тарату үшін, мәселен, советтік тоталитаризм ақпарат құралдарын
бақылауға алды және алуан түрлі шығармашылық одақ құрып, солар арқылы
компартия шешімдерін ел санасына сіңіріп отырды. Неғұрлым одақтың мүшесі
көп болса, солғұрлым жақсы деп бағаланды. Бір ғана біздің Жазушылар
одағында сексенінші жылдары 600 мүше болуы - соның бір көрінісі.
Мемлекеттен қаржыланған шығармашылық одақтың мүшелері партия мен үкімет нені талап етсе, соны жазды. Композиторларымыз да, суретшілеріміз де,
кинематографистеріміз де солай еді. Мұндай жағдайда ой еркіндігі қайдан
болсын? Бүкіл мәдениетте де ешқандай плюрализм белгісі болған жоқ
(Н. Хрущевтің Э. Неизвестныйға ұрысқанын еске алайық) . Ақша беріп отырған -
мен, айтқанымды істейсің! - деген талап өз нәтижесін берді.
Осындай жағдайды басынан кешіріп отырған руханият, әлбетте, өзіне жаңаша қарап, соны көзқараспен түсінуді қажет етеді. Ең алдымен айтатын нәрсе - мәдениет, әдебиет пен өнер түсінікті болуы керек деген ұғыммен қатар
оларды түсіне білу қажет деген қағида орныққаны абзал. Сонда ғана біз
әдебиет пен өнерге өзіміздің қалыптасқан түсінігіміз бен ой-өрісіміздің
тұрғысынан ғана қарап, оларды өзіміздің біліктілік деңгейімізден бағалаудан
арылар едік, оларға түсініктікпен қарап, қай шығарманы болса да түсінуге
тырысар едік. Егер осы шарт жүзеге асса, біз нарықтық қоғамдағы
мәдениеттің әрқилы болатынын, қоғамдағы әр топ, әр қауым өзінің түсінік-
пайымына лайық, эстетикалық талап-талғамына сәйкес шығарма тудыратынын,
яғни, өз мәдениетін жасайтынын түсінген болар едік. Қазіргі біздің қоғамда әртүрлі әлеуметтік топ бар. Олардың әдемілік туралы пайымы, эстетикалық талғамы әр алуан. Соған сәйкес, бір қоғам, бір мемлекет ішіндегі әр топ, әр қауым мәдениетті, өнерді өзінше түсінеді, өзінің қалауынша ән мен музыка шығарады, оны орындайды, жұртқа таратады. Сөйтіп, әр топтың өз мәдениеті қалыптасуда. Мәселен, әлеуметтік төменгі сатыдағы топ үшін түрме әндері мен бақытсыз тағдыр туралы шығармалар операдан да, балеттен де, әдеткі жеңіл эстетикалық өнерден де жоғары. Ал, жастарымыз эстрадада, дискотекада орындалатын динамикалық, ырғақты әуендерді сүйеді. Осындай бұқаралық мәдениеттің қай-қайсысында да, әсіресе поп-музыкада, шлягерде біздің дәстүрлі түсінігімізге симайтын үрдіс басым: өлең сөзінен гөрі әуенге, ырғаққа мән беріледі. Сондықтан бізге ол шығармалар мәнсіз, көркемдігі төмен болып көрінеді [1, 63-67] . Қазіргі қазақ поэзиясында басты орын алатын көріністердің бірі - азаматтық лирика және махаббат лирикасы.
Махаббат сезімдерінің жаратылыс күйлерімен астарласатын, домбыраның қос шегіндей үндесе қағылып, жан түйсігінің тұтас бір толқынын тудыратын шағы аз емес. Осындай нәзік жырдың түп тамырынан ақынның әлеуметтік арман-мұратын да айқын аңғарамыз. Әйтсе де бұлай жіктеу, шартты түрде топқа бөлу поэзия тану ғылымына жеңілдік беретіні, лирикадағы басым мотивтерге сүйеніп, ой айтуға көп мүмкіндіктер туғызатыны да әбден дәлелденген. Біз де өз еңбегімізде бұл жеңілдіктермен іркілмей пайдаланамыз. Ал сонда жіктемей, бөлмей, тұтас алғанда, лирика дегеніміз не? Оның өзгешелігі неде? Ең алдымен осы сұрақтарға тоқталып өткен дұрыс.
Атақты сыншы Виссарион Белинский лирика туралы: Эпоста - субьект (ақын)
оқиғаға сіңіседі де, көрінбей кетеді; ал лирикада ол құбылысты өзі игеріп,
өз ойына қабылдап қана қоймай, сол құбылыс пен кақтығысудан туған түйсік
түрінде жан сырына айналдырады. Лирика тілсіз түйсіктерге сөз береді,
оларды тар кеуденің қыспағынан көркемдік өмірдің таза самалына алып шығады да, ерекше өмір сүргізеді. Сөйтіп лирикалық шығарманың мазмұны объективтік оқиғаның дамуы емес, субъектінің өзі және сол субъект арқылы ететін дүниелер. Лириканың шағындығы да соған байланысты. Қысқа лирикалар өмірдің тұтас бір кезеңін қамти алмайды. Өйткені, субъект (ақын) бір мерзімде көп сезімге айнала алмайды. Әр кісі әрбір мезетте әр түрлі мазмұнда болады.
Әрине, адамның рухани қабылдағыш қабілетінде шек жоқ, бірақ ол барлық құбылысты бірден қамтымай, сансыз мерзімдер бойында кезекпен қабылдайды. Барлық жаратылыс, барлық субстанциал (заттық тектер), барлық идея, ойлар -қысқасы бүкіл әлемді, бүкіл өмірді қозғаушы кұбылыстың бәрі де лирикалық поэзияның мазмұны, тек сол құбылыс субъектінің қанына сіңсін, көкейіне қонсын, оның тұтас тірлігінің бір тетігіне айналсын, басты шарт осы ғана.
Көңіл бұрар, ой толқытар, я қуантып, я қайғыртар, я сергітер, я қажытар,
субъектінің рухани өміріне ұрық себер, жүрегіне ұялар, толғағына айналар
нәрсенің - бәрі де лирикаға мазмұн. Оның заңды дүниесі. Мұндай нәрсенің
өзіндік құны жок, мәселе оған ақынның қаншалық мән беруінде, өзіндік шабыты мен рухани толғағына, фантазиясына, түйсік, сезіміне айналдыруында . . . , -дейді.
Ұлы сыншы 1841-42 жылдары М. Лермонтов өлеңдері атты белгілі
макаласында да лирикалық поэзияны ерекше түсіндірді. Қойылған сұрақтарға
жауабымыз толығырақ болу үшін Белинскийдің бұл пікірін де келтірейік: Не
рас болса, сол ақылға қонымды, не нәрсе ақылға конса, сол рас; бұл ұлы
ақиқаттық, ал бірақ растың бәрі түп-түгел растық емес, художник үшін ақылға
сыйымды растық қана қымбат, бірақ осының өзінде художннк сол қымбат
шындықтың құлы емес (көшірушісі), жасаушысы, художникке шындық жетекші емес, қайта художник шындыққа өз идеалын қосып, қайта жаңғыртушы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz