Жалпы аударма теориясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 86 бет
Таңдаулыға:   

ЖҰМАБЕК ТАШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ 373. 881. 151. 02 Қолжазба құқығында

АБДИМАНАПОВА АКНУР БАУЫРЖАНКИЗИ

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ КОММУНИКАЦИЯ-ЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

7М01301- «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми кеңесші PhDАбдуллаева П. Т.:

Ғылыми кеңесші PhD

Абдуллаева П. Т.

Ғылыми кеңесші PhDАбдуллаева П. Т.:

Шымкент, 2024

1

ЖҰМАБЕК ТАШЕНЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ

«Педагогика және филология» факультеті

«Педагогика және психология» кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

Байбекова М. М. пс. ғ. к.,

қауымдастырылған проф. м. а.

(ғыл. дәрежесі, атағы АЖТ)

«___ _ »2023 ж.

Магистрлік диссертация

ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ КОММУНИКАЦИЯ-ЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

Білім беру бағдарламасы: 7М01301- Бастауышта оқытудың

педагогикасы мен әдістемесі

Магистрант: Абдиманапова Акнур Бауыржанкизи

Ғылыми жетекші: Абдуллаева П. Т.

PhD

Шымкент, 2024

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ КОММУНИКАЦИЯ-ЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯСЫНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

1. 1 Аударма ғылымының тарихы мен зерттелуі . . .

1. 2 Лингвистикалық аударма теориясы . . .

1. 3. Көркем мәтін тілінің коммуникативтік мазмұны мен автордың «тілдік тұлға» болмысының сабақтастығы . . .

2. КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ КОММУНИКАТИВТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ПРАГМАТИКАЛЫҚ СИПАТЫ . . .

2. 1 Лингвистикадағы прагматика саласының семиотикалық . . .

2. 2 Синхронды аударма технологиясы . . .

3 Аудармадағы аударылмайтын сөздер . . .

3. 1 Реалия сөздер және оны аудару . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Аударма деп біз жалпы алғанда, бір тілден, яғни түпнұсқа тілінен белгілі бір хабарды екінші бір тілге, яғни аударма тіліне жеткізу үдерісін түсінеміз. Аудару дегеніміз - тілдік құралдар көмегімен қандай да бір ойды бір тілден екінші бір басқа тілде толыққанды жеткізіп беру. Ең маңыздысы, ойды дәл, толық, дұрыс жеткізу. Аударманың адам қызметінің ең көне түрі екені даусыз. Әуел бастан аударма тілі басқа адамдардың бір-бірімен араласуына мүмкіндік тудырып, аса маңызды әлеуметтік қызмет атқарды. Жазбаша аудармалардың таралуы адамдарға басқа халықтардың мәдениетімен танысуына кең жол ашып, әдебиеттер мен мәдениеттердің араласып, баюына жағдай жасады. Шетел тілін білу кітаптың түпнұсқасын сол тілде оқуына негіз болады, алайда ең болмады бір шетел тілін үйрену әркімнің қолынан келмейді, ал бір адамның кітаптарды әдеби тілдердің баршасында, тіпті көпшілігінде оқуы мүмкін емес. Рудаки мен Омар Хаямның, Шекспир мен Гетенің, Толстой мен Достаевскийдің, Абай мен Шәкәрімнің ғажайып шығармалары аударманың арқасында ғана адамзаттың игілігіне айналды. Аударма - түрлі тілдерде сөйлейтін адамдардың арасындағы қатынас (коммуникация) мүмкіндігін қамтамасыз ету құралы.

Лингвистикада және аударматануда аударма бір тілдегі ойды басқа тілге жеткізіп аудару ретінде анықталады.

Аударма - әрі өнер, әрі мамандық. Аударма -ол ең алдымен адамдардың қарым-қатынасының басты қажеттілігі. Алайда ол коммуникация теориясының негізгі қырлары, әдеп, мәдениет туралы білімсіз, мәдениетаралық коммуникацияның ерекшеліктерінсіз жүзеге аса қоймайды. Бір тілде айтылған сөзді тыңдп барып, екінші тілге жинақтап, ойда қорытып, есте сақтап, қайта жеткізу әркімнің қолынан келе қоймайды. Сөйленген сөзді басқа тілде айтып жеткізу - аса сезімталдықты, айрықша қабілеттілікті талап етеді.

В. Н. Комиссаровтың пікірінше, аударманы - тіларалық қарым-қатынастың ерекше бір түрі, үш сөйлеу актісінің бірлігі ретінде қарастыруға болады:

1) шет тілі арқылы түпнұсқаны тудыратын сөйлеу актісі;

2) аудару тілі арқылы аударма мәтінді тудыратын сөйлеу актісі;

3) бірінші және екінші актілерде іске асқан сөйлеу актісі арқылы сөйлеу шығармалардың біріктіру актісі (коммуникативті теңеу) [1, б. 34-35] .

П. И. Копаневтің анықтамасы бойынша аударманың мақсаты заттық-логикалық мәліметтерді хабарлау, қандай да болса істерге, белгілі бір сезімдерге түрткі болу. Осыдан келіп ол аударманың қызметіне төмендегідей анықтама береді: аударма қызметі - бұл тіларалық, мәдени-эстетикалық бөгеттерді бұзу [2, б. 144] . Аударманың теоретигі және практигі Л. К. Латышевтың, сол сияқты В. С. Виноградовтың және А. В. Федоровтың пікірлерінше аударманың заты аудармалы мәтін болып табылады. Аудармалы мәтін үдеріс кезінде екі тілді қарым-қатынас кезінде түпнұсқа мәтінді алмастырады. Сонда аудармашы әр түрлі тілдерде сөйлейтін коммуниканттар арасында лингвоэтникалық бөгеттерді бұзып, оларға бір тіл коммуникациясында қатынасуға мүмкіндік береді. Басқа сөзбен айтқанда, қажеттілік - аудармашының ісін айқындап, аударылған мәтін ретінде қанағаттандырылады [3, б. 14 - 15] .

Аударма теориясы жайлы зерттеулер өте мол. Көріп отырғанымыздай, ол зерттеулерде түрлі пікірлер айтылып, ғылыми тұжырымдар жасалады. Сол зерттеу еңбектеріне сүйене отырып, аударма тарихы мен теориялық мәселелерін жүйелеп көрсету диплом жұмысы тақырыбының өзектілігін танытады.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Аударматанудың теориялық мәселелерін қарастыру. Зерттеулер негізінде аударманың түрлері мен технологиясын, ұлттық реалийлерді аудару мәселелерін жүйелеп көрсету.

Зерттеудің міндеттері. Алға қойған мақсатқа жету барысында бірнеше міндеттерді орындау көзделді. Олар:

  • аударматану ғылымының қалыптасуы мен тарихына шолу жасау;
  • аударма жайлы жазылған зерттеу еңбектерін қарастыру;
  • аударманың түрлеріне ғылыми негізде анықтама беру;
  • ілеспе және синхронды аударманың сипаты мен технологиясын жүйелеп көрсету;
  • аудармадағы аударылмайтын сөздерді, нақтырақ айтсақ, аударматанудағы эквиваленттілік пен реалия сөздерді аудару мәселелеріне тоқталу.

Зерттеу нысаны. Аударма ғылымының теориялық мәселелері болып табылады.

Зерттеудің ғылыми‑тәжірибелік мәні . Аталмыш жұмысты аударманың жалпы және жеке теориясының, сонымен қатар, аударма тәжірибесі пәндері бойынша курстарда пайдалануға болады.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері.

Диссертация жұмысын жазу барысында жинақтау, жүйелеу, салыстыру, баяндау әдістері қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Диссертация жұмысының ғылыми жаңалығы ретінде аударма теориясы туралы зерттеулерді жинақтап, саралауымызды айтуға болады. Сонымен қатар ауызша аударманың түрлері болып табылатын ілеспе және синхрондық аударманың өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтаарын зерттеулер негізінде жүйелеп көрсеттік. Зерттеу жұмысында:

  • аударматану ғылымының қалыптасуы мен тарихына шолу жасалды;
  • аударма жайлы жазылған зерттеу еңбектерінің библиографиялық тізімі жасалды;
  • аударманың түрлеріне ғылыми негізде анықтама берілді;
  • ілеспе және синхронды аударманың сипаты мен технологиясы көрсетілді;
  • аудармадағы аударылмайтын сөздерге анықтама беріліп, ғылыми зерттеулер негізінде аудару технологиясы берілді.

Зерттеудің құрылымы. Диссертация жұмысы кіріспеден, үш негізгі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. Қоғамдық қатынастардың коммуникация-лық концепциясының лингвистикалық мазмұны

1. 1. Аударма ғылымының тарихы мен зерттелуі

Аударматану ғылымының теориялық мәселелерін қарастырмастан бұрын аударма деген сөздің түсінігін талдаудан бастаған дұрыс деп ойлаймыз. Айтылған сөзді ауызша аудару барысындағы тілмаштық болсын, хатқа түсірілген сөзді жазбаша тәржімалау болсын, жалпы, мән-мағынаны тасымалдау (хабарлау, баяндау, әңгімелеу) болсын - бәрі-бәріне қатысты, жалпылама алғанда, аударма деуге негіз бар. Макроконтексте аударма дегеніміз адами әлемнің заңды процесі әрі кез келген жанның табиғи қабілеті. Бір тілдің өз ішінде әлдебіреудің айтқанын, жазғанын одан басқа адам қабылдау, түсіну барысында өзінің “ішкі” тіліне аударады деуге болады. Өйткені әрбір адамның “өз тілі” бар, сондықтан басқа адамның айтқанын біз үнемі аударма заңдылығымен қабыл аламыз.

Р. Якобсон “Аударма туралы” деген эссесінде [4, 22 б. ] аударманың үш түрін көрсеткен. Олар:

1) бір тілдің өзінің ішіндегі тілішілік аударма, яғни бір тілдің лингвистикалық белгілерін сол тілдің басқа белгілерімен сипаттау - түсініктеме, талдау, мазмұндау, бір тілдің ескі нұсқасында жазылған шығарманы жаңаша сөйлету (мысалы, көне түркі тіліндегі жәдігерлерді бүгінгі қазақ тілінде түсінікті етіп жеткізу) және т. б. ;

2) сөздің төл мағынасындағы аударма, немесе, тіларалық аударма, яғни бір тілдің лингвистикалық белгілерін басқа тілде беру;

3) семиотикааралық аударма, немесе трансмутация, яғни тілдің лингвистикалық белгілерін бейлингвистикалық белгілер жүйесі арқылы қайталау. Мысалы: белгілі роман не повесть желісінде фильм түсіру немесе қойылымдар даярлау.

Осыдан, былайша айтқанда, аударма болып есептелмейтін “аударманың” екі формасы бар екені көрініп тұр. Біріншісін Якобсон аудармадан басқа сөзбен жеткізеді: тілішілік аударма немесе басқа атау беру. Сондай-ақ, үшіншісі де аударма болып есептелмейтін семиотикааралық аударма немесе трансмутация. Бұл екі жағдайда да сөз “аударманың” аудармасы, интерпретациясы туралы болып тұр. Осыдан тура өз мағынасындағы аударма бар және жанама мағынадағы аударма бар деп айтуға болатын секілді.

Аударма ұғымының тар және кең мағынасы бар. Тар мағынасында аударма деп бір тілдің ауызекі немесе жазулы ақпаратын (мәтінін) екінші бір тілде түсінікті етіп жеткізуді айтады. Тар мағынасындағы аударма жалпы аударма ұғымының көпке үйреншікті, дағдылы түсінігін білдіреді. Расында да, аударма дегенде ана тілімізден басқа тілде жазылған көркем-әдеби шығарма мәтіні немесе басқа да керегі болып тұрған ақпарат, хабарлама және тағы басқаларды өзімізге түсінікті түрде өз тілімізде бізге жеткізуді көз алдымызға елестетеміз.

Кең мағынасында аударма деп қандай да болмасын мәдени ақпарат түрін, мәдени мәтінді өзінің үйреншікті арнасынан басқа түрге ауыстыру, оны сол мәтін жазылған, айтылған, жасалған “тілден” басқа бір тілге мән-мағынасын бұзбай жеткізуді айтады. Мысалы, айтулы немесе жазулы тілге негізделмеген мәдени салалар: көркемсурет, музыка, би және т. с. с. өз алдында тілдік кейіпке келе алады. Өйткені біз көркемсурет идеясын, музыканың рухын, бидің қимыл-қозғалыстарының мәнін тілге сала аламыз, яғни тіл арқылы “сөйлете” аламыз. “Тілсіз тілдер” ұғымы осыдан барып шығады, “мәдениет - метатіл” деген түсінік туындайды.

Бәріміздің білетініміздей, адамзаттың бір тілде ғана емес, бірнеше мыңдаған тілдерде сөйлейтіндігінен барып аударма қажеттілігі туындайды. Тілдердің көп түрлі болуына биологиялық тұрғыдан алғанда еш негіз жоқ. Өйткені барлық адамзат балалары биологиялық бір түр өкілдеріне жатады. Шындығында, адам тек нәсілдік белгілері бойынша: терілерінің түсіне, бас сүйектерінің көлемі мен формасына, қан құрамына және т. б. белгілері бойынша ғана бірнеше топқа бөлінеді. Осыны негізге алсақ, онда әлемде бес-алты тіл ғана болуы тиіс еді. Қазіргі заманда, әртүрлі есептеулер бойынша әлемде төрт-бес мыңға жуық тілдер бар көрінеді. Жалпы бар тілдердің нақты санын беру өте қиын екендігін де айта кеткен жөн, өйткені көп жағдайда сөз қандай да бір дербес тіл туралы әлде сол тілдің диалекті туралы болып жатқандығын ажырату қиын. Сонымен, мұндағы мәселе биологиялық себептен мүлдем басқада жатыр деген сөз. Әрине, адамзат тек қана биологиялық-табиғи өмірлік бағдарлама шегінде қалып қоймай, өзінің жаратылыс табиғатынан тысқары жатқан, одан мүлдем бөлек заңдылықтарға, яғни шынайы адами-мәдени әлем заңдылықтарына да тәуелді екеніні бәрімізге аян.

Аударма дегеніміз не? Аударманың түп сырына, терең философиялық мәніне жүгінбестен бұрын ұғымның өзін анықтап алу керек. “Аударма” деген сөз күнделікті тұрмыстық деңгейде жалпыға мәлім және де түсінікті болып көрінгенімен де, көптеген басқа сөздер сияқты, ол да бірмағыналы жайдақ сөз емес. Сондықтан оны пайдалану барысында үнемі нақтылап отыру да керек. Сөзді қолдану жағдайы мен контекст аударма терминінің қай мағынада алынғандығын нақтылап береді. Аударманың ғылыми анықтамасын біз сол аударманы арнайы зерттейтін тілтанулық ғылым саласы - аударматанудан көптеп кездестіреміз. Сол анықтамаларды келтіру ретіне сай өзіміздің зерттеу жұмысымызда көрініс тапқан аударма мәселелерін нақтылаймыз. Сонымен, қазіргі таңда аударманың алуан түрлі анықтамалары бар. Аударманың өзіндік теориясын беруге ұмтылған әрбір зерттеуші, әдетте, зерттеу объектісіне өзіндік анықтама береді.

Француз аудармашысы және аударма теоретигі Э. Кари аудармаға берілген анықтамалардағы алуан түрлілікті келесідей түсіндіреді: “Аударма ұғымы, шындап келгенде, өте күрделі ұғым. Бұл аударманың біздің заманымызда кездесетін түрлерінің көптігінен ғана туындап отырған жоқ. Ол аударманың ғасырлар бойы әрдайым өзгеріп отыруына да байланысты құбылыс. Мүмкін, нақ осы жағдай өзінікінен бұрын берілген анықтамалармен не келісіп, не оны жоққа шығарып отырған ғалымдардың өз ойларын тұжырымдауын қиындататын да болар” [5, 5 б. ] .

Ғылыми терминнің ұтымдылығы оның бірмағыналығы, бірізділігінде болса, онда, ең алдымен, аударма сөзінің ондай талапқа сай еместігін, яғни көпмағыналы екендігін айта кеткен жөн. Ол, ең аз дегенде, екі ұғымға қатысты: аударма - мәдени-интеллектуалды әрекет , яғни процес ретінде алынған аударма және аударма - сол әрекеттің, сол процестің нәтижесі, әрекет өнімі ретінде алынған аударма, басқаша айтқанда, аудармашы жасаған сөз туындысы ретінде алынған аударма. Аударма жасау нәтижесінде пайда болған жаңа туындыны ғалымдар өзара “транслат” деп те атайды.

Аударматану ғылымындағы беделді авторлардың анықтамаларын келтірейік. А. В. Федоров: “Аудару дегеніміз бір тілдің көмегімен осыдан бұрын басқа тіл арқылы көрсетілген шығарманы анық және толық жеткізу” [6, 10 б. ] деп анықтаса, Я. И. Рецкер: “Аудармашының мақсаты - түпнұсқаның стилистикалық және экспрессивті ерекшеліктерін сақтай отырып, басқа тілдің көмегімен оның мазмұнын біртұтас және нақты жеткізу” [7, 7 б. ] деп біледі. Ал Ж. Мунэн: “Аударма - тілдер байланысы, билингвизм құбылысы. Бұл - билингвтің кез келген нормадан ауытқуға, интерференцияға саналы түрде қарсы күресетін жағдайы” [8, 7 б. ] деп анықтайды. Басқаларды қоя тұрып, аударма теориясымен арнайы айналысып жүрген ғалым-зерттеушілердің анықтамаларын келтіргеннің өзінде сан саққа кеткен ойға куә болдық. Осынау келтірілген немесе одан да басқа көптеген аударма анықтамаларынан қорытындылай келе айтатынымыз: аударма - белгілі бір о бастағы мәтіннің (түпнұсқаның) барлығын басқа тілге түсінікті етіп жеткізу процесінің жүргізілуін алғышарт етіп қоятын әрекет түрі. Ендеше, аударма құбылысын қарастыру барысында түпнұсқа мен көшірме, бастапқы негіз бен кейінгі туынды арақатынасы, олардың эквиваленттілігі туралы мәселелер туындайды. Біз олар жайлы кейінгі тарауларда қарастыратын боламыз.

Біздің зерттеп отырған мәдениеттанулық ғылым аясындағы аударма мәселесі туралы сөз болғанда, ең алдымен, аударманың - қоғамдық-мәдени құбылыс екендігін айта кету керек. Яғни аударма тек қана абстрактілі ойлау қабілеті бар, өзін қоршаған орта туралы көзқарастарын шартты белгілерге айналдыра алатын, сөйтіп, сол белгілердің мән-мағынасы туралы келісімге келе алатын жеке адамдар өмір сүретін қоғамда, сол қоғам туындататын мәдениетте орын алады.

Осы жоғарыда айтылған аударма түсінігінде “аудару дегеніміз түсіну” деген тезиске де өзіндік орын табылады. Сөз бұл жерде бөтен тілден өз тіліңе аударып түсінуде ғана емес, яғни “өзімдікі/өзгенікі” арақатынасында ғана емес, сөз бұл жерде “өзіңдікін өзіңнің түсінуіңде” де болуы мүмкін. Басқаша айтар болсақ, мәселе “ішкі аудармада” деген сөз. Өз тіліңде жазылған мәтінді түсіну процесінің өзі өзге тілден өз тіліңе аудару процесіне пара-пар күшті қажет ететін күрделі процесс. Немесе, бір тілдің өзінің ескі түрінен, не болмаса, диалектісінен сол тілдің қазіргі әдеби күйіне аудару мәселесі де жоғарыдағылар қатарына жатады.

Аудармаға коммуникациялық теория тұрғысынан берілген анықтама Р. К. Миньяр-Белоручевке тиесілі: “Аударма туралы ғылымның нысанасы - екі тілді қолдану арқылы жүзеге асатын жай ғана коммуникация емес, түпнұсқаның аудармашы мен қабылдаушының өзара әрекеттесуін корреляциялайтын қызметтен құралатын коммуникация. Бұл коммуникацияның орталық буыны аудармашының қызметіне барып тіреледі, немесе сөздік әрекеттің ең күрделі түрлерінің бірі болып табылатын аударма осы сөздің толық мағынасындағы аударма болып есептеледі” [9, 25 б. ] . Демек, аударма нәтижесінде екі сөз туындысы мен екі қабылдаушы қалыптасады. Аударма қандай да болсын коммуникация компоненттерін қосарландыра түседі. Аударма теориясын ұқсастық туралы , шынайы әлем заттарының ұқсастығы туралы, шынайы әлемнің адам санасында көрініс табуының ұқсастығы мен адамзат тілдерінің ерекше көркем мүмкіндіктерінің ұқсастығы туралы іргелі білім деуге болады

Біз тілдердің шындықты түрліше бөлшектеп, бірдей құбылыстар мен заттарды олардың алуан түрлі белгілеріне назар аудара отырып, түрліше түзіп, түрліше “дауыс беріп”, өмірді түрлі бояуларда көрсететіндігін білеміз. Алайда, түрлі мәдениет пен алуан түрлі тілдік сана иегерлері мұндай айырмашылықты түсіне білуге де қабілетті. Сондықтан, егер аударманы бір шындықты басқа тілдің көмегімен бейнелеудің құралы ретінде қарастырсақ, онда “аударылмайтын ұғымдар” мәселесі мүлдем туындамай, аударма проблемасы оңай шешілетін болады.

Аударма - құндылықты қайта таныту. Егер кез келген сөз туындысы шындықтың фрагментінің индивид санасы арқылы бейнеленуі болса, онда аударма бейненің бейнесі, көріністің көрінісі болып табылады. Аударма шындықтың тікелей тура өзінің емес, оның Басқаның санасымен сарапталған көрінісі болады, өйткені біз фактінің бейнеленуін емес, факт туралы басқа біреудің ойын аударамыз. Аударма Басқаның ойын қаншалықты анық жеткізе алады және ол қаншалықты қажет, аудармашылық “адалдықтың” шекарасы қайда? Осындай сұрақтар легі аудармамен айналысатын әрбір адам алдында толассыз туындап отырары сөзсіз.

Аударманың анықтамаларынан аудармашы тұлғасын да жалпы түрде бейнелеу мүмкіндігін табамыз. Аудармашы - ең аз дегенде, екі мәдениетке бет бұрған екі (әлде одан да көп) тілді тұлға. Аудармашылық қызмет қоғамның бүкіл өмірімен байланысын танытып, аударманың өркениет дамуындағы рөлі мен орнын көруге мүмкіндік береді. Мұндай тәжірбиені иемдену басқа тілдердегі әлемді басқаша тұжырымдау, көруден, басқаша дүниетаным тәжірбиесінен, әлемді басқаша тану жолдарынан көрініс береді.

Осы ізденіс жұмысында аударманы мәдениеттанулық мәселе етіп жаңа бір қырынан қарастыруды көздеп отырғанымыз белгілі. Бірақ сол ізденіс барысында аударманы арнайы зерттеу пәні қылатын аударматанудан біржола қара үзіп кетуге де болмайды, өйткені ол ғылым саласының аудармаға енді ғана пәнаралық аймақ ретінде “ауыз сала бастаған” мәдениеттанудан гөрі жинақтаған мағлұматтары да, әдіс-тәсілдемелері де жетерлік. Жалпы, аударманы, оны арнайы зерттейтін ғылыми пәндерге қатысты жазған авторлардың анықтамаларын тұжырымдай келе, аударманың мәдениеттанулық мәселе екендігін мойындауға, сөйтіп, аудармаға жаңа бір мәдениеттанулық анықтама беруге болады.

Аударма теориясы аударма тәжірибесі, практикасымен тығыз байланыста дамыған дүние. Тағы бір ескеретін нәрсе - аударма теориясында аударуға даярланған түпнұсқа мәтін тілін - түпнұсқа тілі дейді, ал аударма жасалып отырған тілді - аударма тілі дейді. Осындай керекті деп табылған мағлұматтардан соң енді тікелей аударма теориясының бастамасын қалыптасу кезеңдерінен бастап табуға болады екен. Аударма тарихы сонау Цицероннан бастап осы замандағы аударма теоретиктеріне дейін ешкімді ұмыт қалдырған жоқ. Біз диплом жұмысында аударма туралы айтқан, жазған пікірлерге тоқталып, қалыптасу және зерттелу тарихына азырақ шолу жасадық.

Римнің ұлы шешен ділмары - Марк Тулий Цицерон (б. д. ғ. 106-43) Эсхил мен Демосфен сөздерінің аудармасына берген алғысөзінде өзін ұлы шешен-жазушының қарапайым аудармашысына теңейді. Бұл салыстыруымен ол Рим қоғамының аудармашы мамандығына қалай қарайтындығын танытты. «Өйткені біз Цицерон трактаттарынан аударма, аудармашы, аудармашылық қызмет туралы кейбір теориялық ой түйіндерді кездестіреміз. Сондай-ақ, Цицерон еңбектерінен біз ең алғаш рет аударма теориясы категориясының оппозициясын, ал нақтырақ айтсақ, еркін аударманың сөзбе-сөз аудармаға қарама-қарсы қойылғанын анықтаймыз».

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аударма теориясы қалыптасуы мен дамуы.
Аударма теориясының міндеттері
Лингвистикалық аударма теориясы
Қазақ тіліндегі аударматану ұғымындағы терминдердің тілдік табиғатын семасиологиялық, ономасиологиялық және когнитивтік лингвистика тұрғысынан зерттеу
Қазақстандағы аударма өнерінің даму кезеңдері
Фразеологиялық бірліктердің аудармасы
Контекстуалды аударма
Аударма өнері және көркемдік түсініктері
Шетелдік аударматану
Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz