Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жүргізетін операциялары


Жоспар
Кіріспе . . . 3
1. Бағалы қағаздар түсінігі, мәні . . . 5
1. 1 Бағалы қағаздар нарығының қызметі және оның маңызы . . . 5
1. 2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының пайда
болуы . . . 7
1. 3 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары . . . 9
2. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жүргізетін операциялары . . . 13
2. 1 Бағалы қағаздар нарығында банктің атқаратын қызмет түрлері . . . 13
2. 2 Коммерциялық банктердің акция, облигацияларды шығару тәртібі . . . 19
2. 3 Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен инвестициялық операцияларын талдау . . . 28
3. Қазақстан қор нарығындағы екінші деңгейлі банктер . . . 33
Қорытынды . . . 41
Қолданылған әдебиеттер . . . 45
Кіріспе
90-шы жылдардың экономикалық тәжірбиесі дәлелдегеніндей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және одан әрі дамытудың басты құралы- бағалы қағаздар екені ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капитал да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері- халықтын меншігіне айналдыруы мүмкін. Бағалы қағаздар нарығы өзіне тән қаржы институттары жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері қалыптасып жатыр.
Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және одан әрі өрістеу мақсатында қажетті шаралар жасауда. Қазақстан Республикасындағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизімдерінің бірі-акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизімі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алу мүмкіндігі туды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімдік жағдайда алуға мүмкіндік берді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмисияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады.
Коммерциялық банктер бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздар эмитенті ретінде қатыса алады. Олар акция және облигациялармен қатар вексельдер, депозиттік және жинақтаушы сертификаттар және тағы басқа бағалы қағаздарды шығара алады. Сонымен қатар инвестор ретінде, олар бағалы қағаздарды өз атынан және өз есебінен сатып ала алады. Бағалы қағаздар
нарығының кәсіби қатысушылары ретінде, брокерлік және дилерлік сонымен қатар депозитарлық және сенімділік қызметін жүзеге асырыды.
Банктің акциясы мен облигациясы біздің Қазақстан Республикасында жоғарғы қажеттілікке ие емес, жалпы әлемнің қаржы нарығында жоғарғы орын алса да, біздің елімізде бағалы қағаздар нарығы әлі де даму үстінде. Нарыққа жаңа вексельдік бағдарламалардың енуіне коммерциялық банктер айтарлықтай үлес қосуда. Бұл жерде көбінесе коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметі туралы жазылды.
Менің курс жұмысымның мақсаты коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізетін операциялары және бағалы қағаздарды шығару жағдайлары және коммерциялық банктердің бағалы қағазар нарығындағы қызметі қарастырылған.
Бұл мақсаттарға жету үшін мен келесідей жағдайларды қарастырдым:
- Бағалы қағаздар нарығының мәні мен мазмұны, түсінігі;
- Бағалы қағаздар түрлері және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары;
- Комерциялық банктердің Мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізетін операциялары;
- Бағалы қағаздар нарығындағы банктік қызметтің түрлері.
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы:
- коммерциялық банктердің акция мен облигацияны шығару тәртібі;
- коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жүргізетін инвестициялық операциясы.
1. Бағалы қағаздар нарығының түсінігі, мәні
1. 1 Бағалы қағаздар нарығының қызметі және
оның маңызы
Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша тауармен өзгешеленеді. Ол өзгеше тауар - бағалы қағаздар. Олар біріншіден - меншік белгісі, екіншіден - қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бұдан бұрын айтқанымыздай, бұл тауарды өз құны аз болса да, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады. Бағалы қағаздардың көрсетілген құны (номиналы) өте төмен болғанымен, мысалы, өндіріс кәсіпорынына жұмсалған нақты капиталдың белгілі бір мөлшерін көрсетеді. Егер бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның бағасы көрсетілген құннан жоғары болады. Бұндай нарықтық бағаның номиналдан ауытқуы, бағалы қағаздардың «жалған капитал» екенін көрсетеді.
Жалған капитал - нақты капиталдың қарыз белгісі, яғни өндірістік капиталдың оқшауланып шыққан бір бөлігі.
Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін «символы» болғандықтан, оны “қордың құндылықтары” деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар «қордың инструменті немесе құралы» болып табылады. Себебі, тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуге немесе сол құндылықтар бір субъектілерден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді.
Бағалы қағаздар нарығы нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі. Бұл алдымен капиталды инвестициялау процесіне қатысады. Капиталды инвестициялау дегеніміз оның капиталға мұқтаж өндіріс салаларына құйылады, ал артық болған уақытта сол саладан қайта алынады. Капиталдың бұндай айналыс механизімі мынадан түсінікті. Мысалы: кейбір тауарларға немесе қызмет түрлеріне сұраныс өссе, онда соған сәйкес бағасы да өседі. Демек, оларды өндіруден пайда да өседі, сондықтан басқа салалардың өніміне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиімділігін кеміп, ондағы капитал өніміне сұраныс өсіп тұрған салаларға құйылады. Бағалы қағаздар осы механизімінің қызметін қамтамасыз ететін құрал. Олар уақытша бос капиталды сату-сатып алу арқылы тиімді өндіріске бағыттап отырады. Нарықтық экономиканың тәжірибесінде капитал ең алдымен қоғамға шын мәнінде қажетті өндіріске орналасады. Нәтижесінде қоғамдық өндірістің ең үйлесімді құрылымы пайда болып, тапшылықсыз экономика қалыптасады, яғни қоғамдық өндіріс негізінен қоғамдық сұранысқа сай болады. Бұл өркендеген нарық экономикасының басты жетістігі. Біздің еліміздегі мемлекеттік жоспарлау комитеті басқарған орталықтанған жоспарлы экономика 70-жыл бойы қоғамның кедергісіз өсуін қамтамасыз ете алмады. Ал нарықтық қатынастарды дамыту - қоғамдық экономиканың шарықтап өркендеуіне жеткізетіні ақиқат шындық.
Кәсіпорынның қосымша капиталға мұқтаждығы көптеген жағдайларға байланысты. Олардың бастылары - негізгі қорды құру және ескі қорларды жаңарту, айналыс құралдарын толықтыру. Бұл мұқтаждықтар нарық конъюктурасына тікелей байланысты. Сонымен қатар конъюктураның өзгеруі белгілі бір уақыт арасында болып тұрады. Сондықтан кәсіпорын қажетті қаражатты белгілі бір уақытта, яғни нарық конъюктурасының өздеріне қолайлы кезінде алғаны жөн. Қазақстан Республикасының әзір бұндай жағдайы қалыптасқан жоқ. Себебі, банктік несие әрі қымбат, әрі шектелген, ал бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасу кезінде.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар көмегімен қосымша капитал алу анағұрлым жеңіл. Акция және облигация сияқты бағалы қағаздар шығаруға және оларды тіркеуге 2 жеті, эмиссиялық проспектісін шығарып және нарыққа қатысушылардың оларды талқылауына 2-4 жеті, оларды сатып алу-сатуға және есеп айырысуға 2-3 жеті уақыт кетеді екен. Қорытындысында 1, 5-2 ай ішінде эмитент өзіне қажетті капиталды жинап, оны басқару құқына ие болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы - экономикалық өрлеуді көп жағдайда қаржыландыратын ең оңай және ең қолайлы қаржы көзі.
1. 2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар
нарығының пайда болуы
Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-шы жылдары КСРО-да жаңа экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазіргі егемен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-шы жылдардың басынан бастап пайда бола бастады. Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Оларға мыналар жатады:
- Сұраныс пен ұсыныс;
- Делдалдар мен басқа да қатысушылар;
- Нарықтық инфрақұрылым, яғни коммерциялық банктер, қор биржалары, инвестициялық институттар және сол сияқтылары;
- Нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.
Нарықтың осы құрамдас бөліктері қазіргі уақытта негізінен құрылып болды. Бұл жөнінде елімізде экономикалық жүйені реформалауды тереңдету жолында қабылданған. Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі субьектілері - акционерлік қоғамдардың құрылуын тездетуде шешуші рөл атқарады.
Дегенмен, Қазақстан экономикасының дағдарысы жағдайында толыққанды бағалы қағаздар нарығы болуы мүмкін емес. Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі көп жағдайында халықтың әл-ауқатына байланысты. Себебі бағалы қағаздарға сұраныс халықтың тұрмысын айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өсуі - Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы дамуының басты шарты.
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының құрылымы және бағалы қағаздардың өтімділігі қандай? Республикада қалыптасқан жағдай сипаттағанындай бағалы қағаздардың ең көлемдісі және ең өтімдісі мемлекеттік қарыз міндеттемелері. Мемлекеттік қарыз міндеттемелері нарығының ерекшелігі оған қатысушыларға байланысты:
- Біріншіден, мемлекеттік бағалы қағаздардың эмитенті - Қаржы Министірлігі;
- Екіншіден, Ұлттық банк, оның (Қаржы Министірлігі) қаржы агенті, сонымен бірге мемлекеттік бағалы қағаздардың дилері. Бағалы қағаздар нарығына бұл қатысушылар мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару мен оларды айналымға түсіру шарттарын анықтаушылар.
Мемлекеттік бағалы қағаздар:
- Мемлекеттік қазыналық вексельдер;
- Мемлекеттік қазыналық облигациялар;
- Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталары;
- Жекеменшіктендіру купондары.
Мемлекеттік қазыналық вексельдері мен мемлекеттік қазыналық облигацияларды ішкі мемлекеттік қарыз мөлшерінде мемлекеттік бюджетті қаржыландыру мақсатында Қаржы Министірлігі шығарады. Ал қысқа мерзімді ноталарды банк жүйесінің бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қаржы қорын толтыру мақсатында Ұлттық банк шығарады. Жекешелендіру купондары аукцион арқылы сатылған мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіруге пайдаланады, ал оның көптеген мөлшері жеке адамдар қолында осы күнге дейін сақтауда. Кәсіпорындар банкротқа ұшырап, жұмыс істемей тұрған кездегі жекеменшіктендіру купондарының орнына берген акциялар оны иемденушілеріне әлі дивиденд түсіре қойған жоқ.
1. 3 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби
мамандары
Бағалы қағаздар нарығының жұмысын қамтамасыз етіп, оның міндеттерін атқаратын кәсіби мамандар, яғни делдалдар. Ол жұмыс баға белгілеу үшін және қажетті хабарларды тарататын компьютерлік техниканы қажет етеді. Ол үшін қазіргі уақытқа сай нарыққа әдейі дайындалған кәсіби мамандар қажет. Олардың жалпы экономикалық, техникалық және кейбір күтпеген жағдайды шешетін психологиялық дайындықтардың болуы керек. Сонымен бірге бағалы қағаздар нарығы кәсіби мамандарының тәжірибесінің маңызы мен олардың сезімталдығы да болуы тиіс.
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары бар. Брокерлер - делдал ретінде келісімге қатынасатын адамдар. Брокер келісім жасасатын әрбір жақты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, ол жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Брокерге әрбір жеке келісімді жасасуға арнаулы өкілеттілік беріледі. Ол тек сол өкілеттілік шегінде әрекет етуге міндетті. Дилерлер - өз капиталымен келісім жасайтын делдалдар. Осы мамандармен қатар бағалы қағаздар нарығына банк қызметкерлері, инвестициялық қорлардың қызметкерлері және нарық қызметін реттейтін ереже-нормалар шығаратын мемлекеттік органдар мен заң қызметкерлері қатысады.
Бағалы қағаздар нарығындағы брокерлер құқықтық тұлға ретінде тіркелген маманданған фирма қызметкерлері. Батыс Еуропа мамлекеттерінде олар не жеке фирмалар, не акционерлік қоғам ретінде құрылады. Жаңа енген мемлекеттерде олар жауапкершілігі шектеулі серіктестік мекемесі болып құрылған. Салық төлеуден жеңілдік алу мақсатында кіші кәсіпорын ретінде тіркелгендіктен олардың жарғылық қоры өте аз. Дегенмен, бұл фирмалар өз капиталымен қарызға алған капиталын өсіру мақсатында клиенттер санын көбейтуге тырысады.
Құрылымы жөнінен брокерлік фирма дирекция, әкімшілік бөлім, кеңес беретін бөлім, бағалы қағаздарды сату бөлімі және хабарлама-техникалық бөлімнен тұрады. Шамамен фирмада 15-20 адам жұмыс істейді
Брокерлік фирманың құрылымы
Брокерлік фирманың қызмет аясына мына міндетер кіреді:
- Консалтинг(кеңес беру) ;
- Бағалы қағаздарды бірінші және екінші нарыққа орналастыру ;
- Инвестициялық қорларды құру және оны басқару.
Бұдан басқа брокерлер ақша нарығында бірсыпыра ерекше қызмет көрсетеді. Атап айтқанда, банктік несие алушыларға делдалдық жасау және мәмілені қамсыздандыру, оның ішінде биржалық келісімді сақтандыру.
Брокерлер өз қызметінде мына түпкі бастамаларды басшылыққа алады:
- Клиент брокерлік фирмамен шарт жасағанда барлық тапсырма бойынша келсімге келеді, оның ішінде бағалы қағаздарды қайдан сатып алу жөнінде (қор биржасынан ба, әлде биржадан тыс нарықтан ба) ;
- Брокер клиенттің белгіленген сомасы шегінде әрекет жасайды. Бірақ алған тапсырма көлемінде бағалы қағаздарды таңдауда өз құқын пайдаланады;
- Брокер тапсырманы орындағаны туралы шартта көрсетілген уақытта клиентке хабарлама беріп, бағалы қағаздарды сатудан түскен қаржыны (өзне делдалдық үшін сыйақы қалдырып) клиенттің есепшотына аударады;
- Брокер мәмілені ерекше кітапқа тіркеу қажет. Ол жөнінде клиент көшірме талап етуге құқығы бар;
- Клиент брокерге мәміледегі барлық тапсырмаларды тоқтатуға өкім бере алады.
Сонымен бірге, брокерлік фирма мен клиент арасындағы келісім алғашқыда ауызша болса, кейін жазбаша құжатта көрсетіліп, заңды күшіне енеді.
Брокерлік фирма өз клиенттерінен тапсырма алғанда, олардан кепілдік беруді талап етеді (әсіресе клиент сатып алушы болса) . Кепілдік ретінде мыналар берілуі мүмкін:
- Мәміледегі бүкіл сомаға вексель;
- Мәміленің кемі 25%-ды немесе 100%-ды құрайтын сома брокердің шотына түсірілуі керек;
- Брокердің атына ағымдағы шот ашылу мүмкін;
- Брокерге сақтандыру полисі және т. б кепілдіктер.
Осылар жөнінде брокерлік фирма клиентке хабарлап отыруы қажет. Сонымен қатар, брокерлік фирма клиентке несие беріп, бүкіл операцияларды өз есебінен жүргізуі мүмкін. Бұл жағдайда брокерлік фирманың табысына делдалдық үшін сыйақы, несие үшін пайыз және тәуекел үшін ақы кіреді. Бұл жағдайда брокерлік фирма тек делдалдық қызмет шегінен шығып, олардың іс-әрекеті дилерлік фирманың қызметіне ұқсайды.
Диллер - олар да делдалдар. Олардың брокерлерден айырмашылығы шарт жасасқанда өз капиталын жұмсайды. Бағалы қағаздар операциясына маманданған дилерлерді жауапкершілігі шектеулі дилер деп атайды. Олардың бағалы қағаздарды сатып алу-сатуға тәуекелмен шығарған шығыны, эмитенттер мен инвесторлардың шығынынан әлдеқайда аз. Себебі сатып алу-сату аз уақыт аралығында болады.
Дилерлердің атқаратын келесідей қызметтері бар:
- Бағалы қағаздарды шығару, олардың курсы және сапасы туралы хабар тарату;
- Клиенттердің тапсырмасын орындау;
- Бағалы қағаздар нарығындағы өзгерістерді бақылап отыру. Егер бағалы қағаздарды сату-сатып алу баяуласа, онда бағалы қағаздардың курсын тұрақтандыру мақсатында дилерлер өз есебінен операция жүргізеді;
- Сатып алушылар мен сатушыларды бір-біріне кездестіріп, бағалы қағаздар нарығының жұмысын жолға қоюға себепші болады. Олар нарықтың шапшаңдатушысы (катализаторы) ретінде жұмыс істейді.
Бағалы қағаздар нарығында дилерлердің қызметі брокердің қызметінен өзінің кең көлемділігімен ерекшеленетінін атап өткен жөн. Дилерлік фирмалардың алғашқы өзінің бірсыпыра капиталы болады, кейіннен олар делдалдық сыйақымен және инвестициядан түскен пайдамен үнемі толтырылып отырады.
Қорыта айтқанда, бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары көбеюде. Тек олардың бір-бірімен байланысты қызметі ғана нарықтың тұрақты қызметін және бағалы қағаздардың өтімділігін қамтамасыз етеді.
2. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жүргізетін операциялары
2. 1 Бағалы қағаздар нарығында банктің атқаратын
қызмет түрлері
Бағалы қағаздар нарығында коммерциялық банктер: бағалы қағаздардың эмитенті, бағалы қағаздармен операцияларда делдал ретінде және де бағалы қағаздарды өз есебінен сатып алып, инвестор бола алады.
Коммерциялық банктермен шығарылатын бағалы қағаздарды екі негізгі топқа бөлсе болады:
- Акция және облигациялар;
- Жинақтау және депозиттік сертификаттар, вексельдер.
Коммерциялық банктер өздерінің акцияларын шығарғанда, қаржы-несиелік қоғам ретінде емес, акционерлік қоғам ретінде қарастырылады.
Вексельдерді шығарып, оған қызмет көрсетіп, сонымен қатар жинақ және депозиттік сертификаттарға қызмет көрсету арқылы коммерциялық банктер өзінің негізгі функциясын - акшаны шоғырландыруды және төлемге қажетті қаржының мөлшерін құрып, банк өтімділігін қамтамасыз етеді.
Бағалы қағаздармен операцияларда коммерциялық банктер делдал ретінде акция шығарған мекеменің тапсырысы бойынша оны сату, қайта сату, сақтау, одан дивиденд алумен айналысып, комиссиялық сыйақылар алады. Сонымен қатар, комиссиялық бастамаларға сүйеніп, коммерциялық банктер облигация және басқа да бағалы қағаздарды шығарған мекемелермен келісім бойынша өздеріне сату, қайта сату және олардан пайда алу мүмкіндігіне ие болады.
Коммерциялық банктер қарыз алушылардан бағалы қағаздарды берілген ссудалардың кепілі ретінде алуы мүмкін. Бағалы қағаздардан пайда алу несиелік келісім шартта белгіленеді. Бұл келісім шарт қарыз алушы мен банк арасында талқыланады.
Соңғы жылдары коммерциялық банктер мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына белсенді қатысуда. Аталған бағалы қағаздармен операцияларға қоса, коммерциялық банктер депозитарий ретінде, акциялар және басқа да бағалы қағаздарға есеп жүргізе алады және акционерлер реестрін жүргізеді. Коммерциялық банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметі жалпы банктік лицензия бойынша жүзеге асады.
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен операцияларын төмендегідей топтастыруға болады:
- Банктердің бағалы қағаздармен жеке мәмілелері:
- Инвестициялық;
- Саудалық;
- Банктердің кепілдік операциялары.
Банктердің бағалы қағаздармен жеке мәмілелері банктің атынан және банктің өз есебінен жүзеге асады. Банктердің бағалы қағаздармен жеке мәмілелері инвестициялық және саудалық операцияларға бөлінеді.
Пайда табу мақсатында банк өз қаражаттарын бағалы қағаздарға жұмсауына болады. Осы жол несиелеуге қарағанда әлдеқайда ұтымды болып табылады.
Банктердің инвестициялау объектісі ретінде тұрақты пайыздық бағалы қағаздар болып табылады. Бағалы қағаздар банктердің өтімділік резервінің түрі, сондықтан бағалы қағаздарды инвестициялауда оның сенімділігіне көп назар аударылады. Банктердің инвестициясының интенсивтілігі тұрақты пайыздық бағалы қағаздарына және банк клиенттерінің несиелік ресурстарына, пайыздық мөлшерінің динамикасының болжамына байланысты болып келеді. Егер пайыздық мөлшерлеменің төмендеуі болжанатын болса, онда банк үшін ең тиімдісі қаржыны тұрақты бағалы қағаздарға жұмсау. Керсінше, егер пайыздық мөлшерлеменің жоғарылауы болжанатын болса, онда банк тұрақты пайыздық бағалы қағаздарды сатып алуды тоқтатып, өздерінің бағалы қағаздарын мүмкіндігінше сатуы керек.
Банк тәуелсіз саудагер рөлінде бағалы қағаздарды өз қоржынына сатып алып, оны сатуды жүзеге асырады. Банктің көздеген мақсаты - сауда операцияларын орындау, яғни бір бағалы қағазға әртүрлі биржаларда бағамдардың түрлілігі арқасында пайда табу болып табылады. Осы операциялардың жеделдігі бағалы қағаздардың бағамдарын тұрақтандырады. Клиенттердің бағалы қағаздар мен мәмілелері банкте өткізілетін болса, онда мұндай мәмілелерді тура деп атайды.
Коммерциялық банктер инвестициялық компания ретінде үшінші беттерге бағалы қағаздарды орналастыруға кепілдік бере алады. Мұны инвестициялық компанияның тәуекелді сақтандыру немесе бағалы қағаздарды орналастыратын эмиссиялық консорциум ретінде қарастырамыз.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы болған жағдайда кепіл болған банктер инвестициялық компания (бағалы қағаздарды орналастырады) алдында барлық міндеттемелерді орындайды. Егер акциялық немесе облигациялық қарызды толық орналастырмаса, оны өз есебінен алдын ала келісілген бағамен алады.
Қарызды немесе акцияны толық орналастырса, банктер тәуекел үшін сыйақы және комиссия алады. Мысалы: «А» банкі инвестициялық компания ретінде «XV» мекемесінің облигациясын орналастыруға барлық жауапкершілікті өзіне жүктейді. «Б» банкі осы облигациялық қарыздың кепілі ретінде қарастырылады. Егер қарыз орналастырылмаса, «Б» банкі «А» орналастырылған облигацияларды алдын ала келсілген бағамен кабылдайды. Кепілдік операцялар банктің эмиссиялық қызметімен байланысты болмаса, бір банкпен немесе банктік консорциуммен жүзеге асырылуы мүмкін. Банктердің өзара қатынастарын (кепілдік консорциум шегінде) көп жақты келісім бойынша анықтайды.
Банктің мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізетін операциялары.
Банктердің инвестициялық операциясы бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды сипаттайды. Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді: қор (акция, облигация) және коммерциялық бағалы қағаздар (коммерциялық вексельдер, чек, кепілдік, куәліктер) . Қор бағалы қағаздарының өзін екі негізгі топқа бөледі:
- Мемлекеттің бағалы қағаздары;
- Мемлекеттік емес (корпоративтік) бағалы қағаздар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz