Құжатын атауы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

М. Маметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі

Реферат

Тақырыбы: Құжаттарды жасау мен рәсімдеудің жалпы ережелері

Тобы: МЛ-20

Орындаған: Аралбай Ақмаржан

Пән мұғалімі: Ляззат Азбергенова

Қызылорда, 2024ж

Жоспары

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  3. Құжат туралы жалпы түсінік
  4. Құжаттарды жасау мен рәсімдеудің жалпы ережелері
  5. Қортынды

Кіріспе

Іс жүргізуде ұйымдастыру кәсіпорындағы іс қағаздарды жүргізу және оларды басқару жұмыстарының жиынтығымен сипатталады. Құжат дегеніміз кез келген кәсіпорындағы заңды немесе заңсыз тұлғамен толтырылған, арнайы басылып шыққан іс қағаздарына жазылған ақпараттар. Құжат жазбамен бірге туындады, алғашқыда мүліктік қарым-қатнас құралы ретінде кейіннен жазбаның дамуына байланысты, араласу құралы және ақпарат тарату арқылы қолданылды.

Құжат адам ақыл ойының ең қажетті қоймасы болып саналады. Бұрыннан бері бізге әр түрлі жетті. Соның көмегімен, сол бұрынғы кездегі атомымыздың тарихын, тұрмыс ерекшелігін және әр түрлі қарым-қатынастарын біле аламыз. Іс құжаттарын толтыру мемлекеттік стандартттарға сай орындалу, реквизиттердің дұрыс орналасуы болып табылады. Толтырылған әрбір құжаттың өзіне тән реквизиттері болады. Іс қағаздары басқару қызматіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет ету барысында шығарған түрлі шешімдері, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарынан айқын көрінеді. Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетілдіруді, оны ұйымдастыру деңгейін көтеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне тікелей байланысты. Іс қағаздарын жүргізү басқару процесінің ажырамас бөлігінің бірі болып табылады. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады.

Іс қғаздарын жүргізу мекеме жұмыстарының нақты құжаттармен, деректер мен реттелеген, дәйектелген жүйесі. ХХІ ғасырда тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірде үлкен өзгерістер болып жатыр. Солардың ішіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны қазақ тілінің конституциялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қоғамдық қатнастардың барлық саласында жүзеге асыру.

Құжат туралы жалпы түсінік

«Құжат» латын тілінен аударғанда “куәлік”, «дәлелдеу тәсіяв деген мағына береді. Бүгін колданыста оның негізгі үш мағынасы бар:

  1. Қандай да бір фактіні не бір нәрсеге деген құқықты растайтын ісқағазы (мысалы, жол жүруге деген)
  2. Жеке басты ресми түрде куәландыратын құжат (төлқұжат) ;
  3. Бір нәрсе туралы жазбаны куәлік (мысалы, ескі грамоталар)

ҚҰЖАТТАРДЫ ТОПТАСТЫРУ:

  1. Белгілеу тәсіліне қарай: жазба, графикалык, акустикалық
  2. Атауына карай: ережелер, бұйрыктар, хаттамалар, жарғылар, арыздар, хаттар
  3. Толтыру орнына карай: ішкі, сыртқы
  4. Түріне карай: типтік, үлгілік, жекелік, калыпты, жалпыға бірдей
  5. Мазмұнына карай:ұйымдық-өкілеттің, каржы- есеп, жабдықтау- өткізу

Құжаттың жеке құрамды бөлігі деректеме деп аталады. Құжаттардың міндетті деректемелері:

  1. Ұйымның атауы-құжат авторы.
  2. Құжатын атауы.
  3. Тақырыбы.
  4. Құжат түрінің коды.
  5. Құжатты толтыру
  6. Индексі
  7. Мәтіні.
  8. Бұрыштамасы.
  9. Қойылған қолы
  10. Құжаттың атқарушы және іске тіркелгендігі туралы белгі.

ҚҰЖАТ МӘТІНІ

Мәтін-құжаттың негізгі деректемесі. Ол негізгі екі бөлікке бөлінеді. Біріншісінде-құжатты толтыруға негіз болған жай көрсетіледі, нұсқаулар немесе өтініш-тілектер жазылады. Тіпті, мәтін бір ғана тіркестен тұрғанда, оның бірінші бөлігінде құжатты жасаудың себебі немесе негіздемесі айтылып, екіншісінде-шешім нұсқау, өтініш хабарланады. Мәтін азат жолдарға бөлінеді, тақырыпшалар қойылады. Бұл, әсіресе, ақпараттық құжаттарда қажет. Құжат түрімен грамматикалық жағынан сәйкестендіріліп құрылған мәтіннің тақырыбы құжаттың қысқаша мазмұнын көрсетеді.

Құжаттарды жасау мен рәсімдеудің жалпы ережелері

Мемлекеттік ұйымдардың нормативтік және құқықтық актілерін дайындау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Құжаттар мемлекеттік тілде дайындалады, орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңында көзделген жағдайда басқа тілдер де қолданылады.

Мемлекеттік тілдегі өкімдік құжаттың және орыс тілінде немесе өзге тілде жасалатын тең түпнұсқалы өкімдік құжаттың әрқайсысы жеке бланкілерде (жеке парақтарда) басылып шығарылады және бірыңғай деректемелермен ресімделеді.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері құжаттарды А4 (210х297 мм), А5 (148х210 мм) Х форматтағы қағаздық стандартты парақтарында дайындай алады. Құжаттарды қағазды парақтарында жасау кезінде:

  1. Құжатты шығарған ұйымның ресми атауы;
  2. Хаттардан басқа құжат түрінің атауы;
  3. Құжаттың күні;
  4. Құжаттың тіркеу нөмірі;
  5. Құжатқа қол қойған лауазымды тұлғаның атауы, қолы және қолының толық жазылуы;
  6. Мөр бедері көрсетіледі.

Құжаттардың бланкілері А4 немесе А5 форматты қағаздың стандартты парақтарында дайындалады. Бланкте және онсыз ресімделген құжаттың әрбір парағында кемінде:

  • Сол жағынан 20 мм;
  • Оң жағынан 10 мм;
  • Жоғарғы жағынан 10 мм;
  • Төменгі жағынан 10 мм жиек болуы тиіс.

Екі жақты басып шығару немесе көшіру кезінде құжат парағының сыртқы жағында тиісінше мөлшері кемінде:

  • Сол жағынан 10 мм;
  • Оң жағынан 20 мм;
  • Жоғарғы жағынан 10 мм;
  • Төменгі жағынан 10мм жиек болуы тиіс.

Бланкілердегі деректемелердің орналасуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1570 Қаулысында белгіленген тәртіппен және санға сәйкес болады. Алайда, бұл ең жоғарғы жиынтық және тәжірибеде құжаттың түріне байланысты ең аз мөлшері қолданылады. Құжаттарды дайындау мен ресімдеуде келесі деректемелер қолданылады.

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы немесе эмблеманың, логотиптің, тауар белгісінің (қызмет көрсету белгісі) бейнесі
  • ұйымның ресми атауы
  • ұйым туралы анықтамалық деректер
  • құжат түрінің атауы
  • құжат куні
  • құжаттың тіркеу нөмірі (индексі)
  • кіріс құжатының тіркеу нөміріне (индекс) және күніне сілтеме
  • құжаттың жасалған немесе басып шығарылған жері
  • құжатқа рұқсатты шектеу грифі
  • адресат
  • құжатты бекіту грифі
  • бұрыштама
  • құжат мәтініне тақырыбы
  • бақылау туралы белгі
  • құжаттың мәтіні
  • құжатқа қосымшаның бар екендігі туралы белгі
  • қолы
  • құжаттың келісілгені туралы белгі
  • мөр бедері
  • құжат көшірмесінің куәландырылғаны туралы белгі
  • құжат орындаушысы туралы белгі
  • құжаттың орындалғаны және оның іске жіберілгені туралы белгі
  • құжаттың электронды көшірмесінің сәйкестендірушісі
  • құжаттың ұйымға келіп түскендігі туралы белгі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының ұйымның құжат бланкісіндегі бейнесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес орналастырылады. Эмблема, логотип немесе тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі) бланкіге ұйымның құрылтай құжаттарына сәйкес орналастырылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген бланкіге эмблема, логотип немесе тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі) орналастырылмайды. Ұйымның ресми атауы құрылтай құжаттарына сәйкес ұйымдастырушылық- құқықтық нысаны көрсетілген атауын қамтиды. Ұйымның қысқартылған атауы ол құрылтай құжаттарында бекітілген жағдайларда ғана келтіріледі және толық атауынан төмен жақша ішінде жазылады. Құрылымдық бөлімшенің атауы ол құжаттың авторы болған жағдайда ғана көрсетіледі және ол ұйым атауынан төмен орналастырылады. Ұйым туралы анықтамалық деректерде: почталық мекен-жайы, телефондардың, телефакстердің нөмірлері, электронды почтаның мекенжайы және ұйымның қалауы бойынша басқа да мәліметтер көрсетіледі.

Құжатқа қол қойылған күн (өкімдік құжаттар, хаттар, анықтамалар және басқалар) немесе құжатта тіркелген оқиға (хаттама, акт және басқалар) құжаттың күні болып табылады. Бекітілетін құжат үшін (ереже, регламент, қағида және басқалар) бекітілген күн. Құжаттың күнін құжатқа қол қоюшы немесе бекітуші лауазымды тұлға қояды. Құжаттың жобасын дайындау кезінде айы мен жылдың белгілері ғана басылады. Егер құжаттың авторы бірнеше ұйым болса, онда соңғы қол қойылған (бекітілген) күн құжаттың күні болып есептеледі. Ұйым ішіндегі құжаттың өтуі мен орындалуына (таныстырылуына) байланысты қызметтік белгілерге күні мен қол қойылуы қажет. Құжаттың күні араб санымен мынадай дәйектілікпен: жыл, айдың күні, ай. Айдың күні мен ай жұп араб санымен нүкте арқылы бөлініп, жыл төрт араб санымен ресімделеді. Мысалы: 02. 12. 2015. Күнді сөз-сан тәсілімен жазу өкімдік, қаржылық сипаттағы мәліметтері бар, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін анықтайтын құжаттарда, нормативтік құқықтық актілерге сілтеме жасағанда қолданылады және «1995 жылғы 05 сәуір» деп ресімделеді.

Құжаттың тіркеу нөмірі, құжаттың тіркеу-бақылау нысанындағы реттік нөмірден тұрады. Басқа деректемелер (ұйымның істер номенклатурасы бойынша істің индексі, хат-хабар нөмірі) ұйымның қалауы бойынша қойылады. Кіріс құжатының нөмірі мен күніне жасалған сілтемеде жауап беріліп отырған құжаттың тіркеу нөмірі мен күні көрсетіледі. Хаттан басқа құжаттардың барлық түрлерінде құжаттың жасалған немесе басып шығарылған жері көрсетіледі. Өкімдік құжаттардан басқа ішкі құжаттарда құжаттардың дайындалған немесе басып шығарылған жерін көрсетпеуге болады.

Құжаттар ұйымдардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің, лауазымды немесе жеке тұлғалардың атына жолданады.

Құжат ұйымның, оның құрылымдық бөлімшесінің атына жолданған кезде олардың атауы кіші әріппен, жартылай қалың қаріппен атау септігінде, құжат жолданған лауазымды тұлғаның атауы барыс септігінде жазылады.

Құжатты ұйым басшысына жолдаған кезде оның атауы адресат лауазымының құрамына кіреді. Құжатты жеке тұлғаның атына жолдаған кезде почталық мекенжайы көрсетіледі.

Мысалы: 480052, Алматы қаласы, Мате Залка көшесі, 11 үй, 31 пәтер, Жұмабаев А

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы
Атқарудың негіздері және атқару құжаттары
Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiнiң патенткеқабiлеттiлiгiнiң талаптары
Атқарушылық әрекеттер жүргізудің тәртібі
Атқарушылық өндірісінің қатысушылары
Атқару құжаттарын қабылдау бойынша талаптар
Қарапайым Internet - қосымшаларың жасау
Қазақстандағы бухгалтерлік күйге келтірулердің сипаттамасы
Сот актілерін орындау өндірісі
Патент құқығы обьектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz