Адам құқығы бала құқығы


Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Терроризм және экстремизм оның зардаптары»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
Тәрбие сағатының барысы
Кіріспе
10 мин
Негізгі бөлім
25 мин
І. Ой қозғау.
- Оқушылар, «терроризм» деген сөзді айтқанда ең бірінші ойларыңа не келеді?
- Террорлық іс - әрекеттерден зардап шегетін кім?
( Ойларын дәптерге жазады)
ІІ. Мағынаны тану.
1. Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды.
2. Пікірталас . «Террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен?»
А) Бұл іске қандай адамдар барады?
Ә) Террористік іс - әрекеттер тек ер адамдарға қатысты ма?
Оқушылар өз ойларын айтады:
- Діни секталардың таралуы;
- Ашық дипломатиялық саясатымызды пайдаланып, заңсыз секталардың енуі;
- 18 - 30 жас аралығындағы ешқандай діни, саяси, қоғамдық пікірі қалыптаспаған, имандылық, патриоттық сезімдері жетілмеген жастар барады.
Қоры
тынды
10 мин
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Құқық басты міндет»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
Оқушыларды адам құқықтарына оқыта отырып, түрлі өмірлік жағдайларда өз мүмкіндіктерін жеке және қоғам пайдасына сәйкес шешім қабылдай алу әрекеттерін дамыту.
Қазақстанның болашағына үлесін қоса білетін білімді де, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.
Тәрбие сағатының барысы
Кіріспе
10 мин
Негізгі бөлім
25 мин
Ендеше біз отыру үшін топқа бөлініп алайық. Қанеки ортада турған гүлдің суреті бар парақты таңдап орнымызға жайғасайық.
Қазіргі уақытта құқықтық тәрбие беру өте қажет. Ол оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау қабілеттерін дамытады, өз пікірін айтуға, тұжырым жасауға үйретіп, патриоттық тәрбие береді. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек. Себебі ол осы мемлекеттің азаматы. Сендердің де әр қайсысылардың осы мемлекеттің азаматтарысыңдар. Ол дегеніміз әрқайсысымыздың құқықтарымыз бен міндеттеріміз бар екенін білдіреді. Ол туралы Конституцияда жазылған.
Конституция дегеніміз не?
Фатима. Конституция
- бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.
мұғалім: Біздің еліміз Конституция күнін қашан мерекелейді?
Оқушы:
/30 тамыз
/
Балалар, өздерің айтқандай Конституцияда Қазақстан республикасында тұратын адамдардың құқықтары мен міндеттері жазылады. Осы заңға бағынатын, оны орындайтын адамдарды кімдер дейміз
? /азаматтар/
- Осы азамат деген ұғымға сендерде жатасыңдар.
Ендеше, балаларға арналған олардың құқықтары мен міндеттерін анықтайтын арнайы құжат бар. Оның аты -
Конвенция деп аталады.
Конвенция -
арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.
. Осы Конвенция негізінде 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң 10 тарау, 54 баптан тұрады. 2002 жылы 2-қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп қазақстанның «Бала құқығы туралы заңы» енгізілген.
Ол «Бала құқықтары туралы» Конвенция деп аталады.
Ол Конвенция
54-баптан тұрады
. Конвенцияның басты міндеті - 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау. .
Қазақстанда балалардың құқықтық жағдайы мына заңдарда көрініс тапқан
Сендер қалай ойлайсыңдар, баланың өкілі кім?
Нұрбақыт
:Ата-анасы, асыраушысы, қамқоршысы.
- Бала туған кезде ата-анасы оған есімін қойып, ата-тегін береді. Осы мәлімет арнайы құжатта жазылады.
- Ол - Туу туралы куәлік (Осы құжат біздің тұлға екенімізді растайды) .
3) Біз қай елдің азаматтарымыз? Қазақстан Республикасының азаматтарымыз.
- Яғни, Қазақстан өкіметі сендерге қамқор болады. Ал, енді балалар, «Бала құқықтары туралы» конвенциядағы айтылатын баланың негізгі құқытарын атап өтейікші.
Сергіту сәті:
4) Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар? СЛАЙД бала құқықтары
• Өмір сүруге
• Ата-тегін алуға
• Отбасында тәрбиеленуге
• Жеке бас бостандығына
• Азаматтық алуға
• Білім алуға
• Баспана алуға
• Дүние мүлікке
• Демалуға
• Денсаулықты сақтауға
• Сөз бостандығына
• Қоғамдық жұмыстарға араласуға
Қосымша балалардың да пікірлерін тыңдасақ
Ата - заңым, алтын заңым - ардағым,
Аялаған азаматтың арманын
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабаң, тарауларың тармағаң - дегендей Қазақстан Республикасының Конституциясының кейбір баптарына тоқтала кетсек
Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата Заңы қорғайды. ҚР- Конституциясы барлық заңдардың негізгі басты құжаты.
Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынеады және өзіне есіммен азаматтық алуға құқылы. Мемлекет әрбір баланың аман сау өсіп, жан - жақты дамуын қамтамасыз етеді.
Бала міндетті түрде алғашқы білімін тегін алуға құқылы
Бала денсаулығын сақтауға, емдеуге құқылы
Табиғатты қорғауға
Тарихи мәдени мұраларды сақтауға міндетті
Жарайсыңдар балалар. Осыған орай класс оқушыларының өздері жүргізген яғни жасаған видеороликтерін тамашалайық
Видеоролик
Көрініс: «Каусар мен Диастың ақшаға таласуы»
Каусар менде ақша бар жүр екеуміз бірге барып асханадан пирожки алайық.
Неге? Жарайды, менда ақшамды алайын.
Сол кезде Диас түрі бұзылып үнсіз қалады.
Жоқ менің ақшам жоқ, сен алып алдың, алып кел менікі
сені болса қайтемін, менікі болды мекнікі?!
Сенің де атың жазылып қойған жоқ. Бұл менің ақшам, саған бермеймін.
Менің де құқығым бар, саған ғана беріліп қойды дейсің бе? Мен тауып алдым
Автор: класс аң таң.
Ақмерей:
Каусар Диас төбелесті тоқтатыңдар, қазір апай екеуіңнің дауларыңды шешіп береді.
Автор:Осы мезетте топ бөлмесіне тәрбиеші апай келді.
Бұл не шу?
Диас пен Каусар 50 тг үшін таласып, «Менің құқығым бар ақша жұмсауға » деп дауласып жатыр, қойыңдар десек те қоймайды.
Каусар, Диас сендердің бұл құқықтарың дұрыс емес. Өздеріңнің жеке бастарыңның қажетін ойлап, бір-бірлеріңе тіл тигізу адамгершілікке жатпайды. Әркім өз құқығын дұрыс түсінуі қажет. Әрине сендердің әрқайсыларың оқуға, білім алуға, ойнауға, демалуға құқықтарың бар, бірақ барлық мәселені ақылмен шешу керек. Сынып жетекшіміз дауды шешіп, Каусардың ақшасын қайтарып, кешірім сұрауды өтінді.
Мұғалім: ендеше балалар біз манадан құқық міндет туралы айтып жатырмыз. Ендеше сол құқықтарымызды қалай қорғап тәртіпті болып жүруіміз үшін Сөз сөйлейді.
Әр командаға ертегі кейіпкерлерінің суреттері таратылады (бірнеше қиықтарға бөлінген) . Мозайкаларды жинап, ертегі кейіпкерлері арқылы адамның қандай құқығы бұзылған.
1«Мыстан кемпір» - /ертегілерде үнемі балалардың өміріне қауіп төндіреді/.
2«Карлсон» - /шулайды, қоғамдық орнында тәртіп бұзады/.
3 «Бауырсақ» ертегісі /өмір сүруге құқылы, бірақ оны түлкі жеп қояды/.
4 «Жын» ертегісі /жеке бас бостандығынан айрылады/.
5 «Ұр, тоқпақ» ертегісі /дүниемүлкінен айрылады/.
Қоры
тынды
10 мин
Ертегі кейіпкерлерін айтамын, егер жағымды кейіпкер болса, шапалақтаймыз. Жағымсыз кейіпкер болса, онда аяқтарыңмен сартылдатасыңдар.
• Ер Төстік +
• Мыстан кемпір -
• Жеті лақ ертегісіндегі қасқыр -
• Бауырсақ+
• Байлық пен ақыл ертегісіндегі, кенже ұлы + Алдар көсе+
Өте, тамаша! Бүгін жақсы еңбектендіңдер!
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Теңге тәуелсіздік міндеті»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
Тәрбие сағатының барысы
Кіріспе
10 мин
Негізгі бөлім
25 мин
- Ақша туралы түсінік
- Теңгенің шығу тарихы
- Кім білгір? танымдық сұрақтар бөлімі
«Ұлттық валюта ретіндегі теңге, біздің еліміздің тарихында өзінің рөлін тәуелсіздіктің экономикалық негізі ретінде ғана атқарған жоқ. Кейбір жағынан алғанда теңге - бұл тарихымыздың өзінің толымды бір бөлігі, өз заманының нысаны».
Ақша туралы түсінік. Ақша (ағылш. money; cash; нем. Geldn, Geldmittelpi) - жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауарлардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ол барлық тауар өндірушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы экономикалық байланысты қаматамасыз етеді. Ақша тауар өндірісі мен тауар айырбасының тарихи дамуы нәтижесінде пайда болды. Алғашқы кезде бір еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Кейінірек айырбас сауда дамуының барысында құнның жай формасының орнына құнның толық және жайылыңқы формасы келді. Одан әрі өндіріс пен айырбастың дамуы нәтижесінде тауарлар арасынан бір тауар бөлініп шығып, басқа тауарлар осы тауарға айырбасталды. Сөйтіп, құнның толық және жайылыңқы формасы құнның жалпылық формасына орын берді. Құнның ең жоғарғы ақша формасындағы жалпыға бірдей балама рөлі бір тауардың еншісіне тиді, яғни ерекше тауар түрі - ақша пайда болды. Осы кезде әр түрлі тайпалар мен халықтар арасында ақша ретінде ішкі және сыртқы сауда-саттықтың басты заттары болып табылатын тауарлар бөлініп шықты. Ақша рөлін кейбір халықтарда (гректер, римдіктер, славяндар, моңғолдар, т. б. ) мал, ертедегі Русьте, Скандинавияда - аң терісі, Қытайда - шай, Абиссинияда - тұз атқарды. Қазақстанда ішкі сауда-саттық жүргізу үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой пайдаланылды. Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы және халықтар арасындағы қарым-қатынастың ұлғаюы нәтижесінде ақша рөлі түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені, металл (әсіресе алтын, күміс) өзінің табиғи қасиетінің арқасында ақша рөлін атқаруға өте қолайлы болды. Алтын мен күмістің жалпыға бірдей балама рөлін атқаруына байланысты құнның жалпылық формасы ақша формасымен айырбасталды. Ол кез келген тауарға айырбасталды.
Ақша әр алуан қызмет атқарады: тауарлар мен әр түрлі қызметтердің құнын көрсетеді, айналым құралы, төлем құралы ретінде пайдаланылады, сол сияқты қор жинау және сақтау құралының рөлін атқарады. Ақша өнімді шығаруға кеткен шығынды өлшеуге, еңбекті сан және сапа жағынан бақылауға мүмкіндік береді. Ақшаның мәні оның атқаратын қызметінен көрініс береді.
1993ж. 12 қарашасында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев ”Қазақстан Республикасында Ұлттық валюта енгізу туралы”жарлық шығарды.
Ұлттық валютаны «теңге», ал оның жүзден бір бөлігін «тиын» деп атауды сол кездегі ҚР Жоғары кеңесі комитетінің төрағасы Сауық Тәкежанов ұсынған еді. Ұлттық теңгені жасауға екі жыл уақыт қажет болды. Қазақстан өз төл ақшасын шығару үшін 1990 жыл теңгенің алғашқы үлгісін жасайтын арнайы жұмысшы тобын құрды. Тәуелсіз елдің ұлттық валютасын жасап шығарған Тимур Сүлейменов, Меңдібай Әлин, Ағымсалы Дүзелханов, Хайролла Ғабжәлеловтер еді. Олар жұмыстарын Қазақстан мәдениетінің тарихи даму аспектілерін зерттеуден бастаған.
Әбу-Насыр -әл -Фараби
Ол Отырарда дүниеге келген. Арабтар бұл қаланы Фараб деп атаған. Әл- Фараби орта бойлы, мығым денелі, батыл болып өседі. Бала күнінен атқа шапқыштығымен, мергендігімен көзге түседі. Түркі, парсы, араб тілдерін мүлтіксіз сөйлейді. Грек, латын тілдерін жақсы білген. Ол дүние жүзінде Аристотельден кейінгі екінші ұстаз. Әл- Фараби 150 жуық еңбек жазған.
Сүйінбай. Алматы облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Балалық шағында кедейшілік, жоқшылық көреді. Соған қарамастан 14-15 жасынан бастап ақындық өнерге машықтана бастайды. Сүйінбай келе-келе нағыз суырып салма, айтыстың ақиық ақынына айналады.
Сүйінбай халық мұңын мұңдап, үстем тап өкілінің әділетсіздігін бетіне басып, әшкерелеп отырған батыл да әділ ақын. Оның өлеңдерінде адамның мінез-құлқы, адамгершілігіне, жақсы-жаман қасиеттеріне көңіл бөлінеді.
Құрманғазы. Құрманғазы - қазақтың күйші, сазгері, домбырашысы. Күй өнерінің классигі. Оның әнге әуестігі жастайынан байқалады. Алты жасында әкесі байдың қозысын бағуға жібереді. Зейінді туған бала әке-шешесінің жағдайын түсініп, олардың айтқанына қарсы келмейді. Жалғыз серігі қолдан жасалған домбырасын йығынан тастамайды.
Құрманғазы қуғын-сүргінді көп көрді. 1880 жылдардың бас кезінде Астрахань жаққа қоныс аударды.
Ортаға 10, 20, 50, 100 теңге кейіпкерлері шығады.
Шоқан Уәлиханов . Ол өте ақылды, көреген, өз заманының білімді адамы болды. Орысшаға қоса бірнеше шығыс тілін білген. Шоқан әуелінде қазақ мектебінде оқиды. Мұнда арабша оқумен сурет салуды үйренді. Шығыс әдебиетімен танысады. Араб, парсы, ұйғыр тілдерін меңгерген. 1853 жылы Кадет корпусын бітіреді. Сол мамандығы бойынша қызметте істейді. Шоқан ғалым, саясатшы, географ, суретші, әдебиетші, тарихшы.
Абай Құнанбаев. Абай - қазақтың ұлы ақыны, сазгер, философ, қазақ әдебиетінің негізін салушы. Ол әуелде ауыл молдасынан оқиды. 10 жасқа толғанда әкесі оны Семейге медресеге оқуға жібереді. Мұнда араб, парсы, шағатай тілдерін меңгереді. Науаи, Низами, Фирдауси сияқты оқымыстылардың шығармаларын құныға оқиды. Орысшасын өз бетінше жетілдіре түседі.
Абай өлеңдері татулықты, достықты уағыздайды. Оның елуге жуық қара сөздері бар. Көлемі қысқа, мағынасы терең.
3. Кім білгір? танымдық сұрақтар бөлімі
1 . «Әр елде - өз валютасы »
«Табыс» « Теңге» « Тиын»
Қырғызстанда-/сом/ Ресейде -/рубль/ Германияда - /марка/
Америкада - / доллар/ Ұлыбританияда-/фунт/ Украинада - /гривна/
/ стерлинг/ /карбовенец/
Қытайда - / юань/ Тәжікстанда - /манат/ Өзбекстанда - /сум/
Түркияда -/ лира / Латвияда - / лат / Кореяда - / йена /
1-жағдай :Биылғы оқу жылында қазақ тілі оқулығы жетіспейді, базардағы оқулық бағасы 800 теңге. Анаң туыстардан оқулығыңды тауып әкелді. Бірақ оқулық ескі. жыртық. Сен оқулықты ұстағың келіңкіремей тұр . Сенің іс-әрекетің …?
2-жағдай : Сен екі ініңді бала бақшадан алып қайттың. Інілерің қарындары ашқандарын айтты. Сенде 60 теңге бар.
Балмұздақ 60 теңге, 3 алма 60 теңге, 1 қорап сағыз 60 теңге
Қай затты алар едің? Неге?
3-жағдай: Сенің былтырғы етігің өзіңе шақ. Бірақ оны кигің келмей тұр. Жыртық болмағанмен, ескі. Ойыңды әкеңе айтып едің, әкең айлық әлі алмағанын айтты. Сенің әрекетің…?
Қоры
тынды
10 мин
1. Теңгенің суретін салған кім?
2. Теңгенің алғашқы нұсқасы қайда басылды?
3. Теңгенің шыққан күні?
4. Ата-анаң алатын ақша.
5. Түрлі елдердің банкнотасы мен монетасын, көне ақшаларды жинайтын адам.
6. Қазақстандағы валюта.
7. Ұлттық валютаға биыл неше жыл?
8. Елімізде биыл тағы қандай мерекелі атаулар болды?
9. Ақша дегеніміз не?
10. Республикада ақша айналысындағы шақалармен (монетамен) қатар қандай монеталар бар?
Бекітемін.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
«Зорлық зомбылықсыз бала»
Сынып жетекші:
2023-2024 оқу жылы
Тәрбие сағатының барысы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz