Құқықтық мемлекет түсінігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе. . . . ………3

І Бөлім Мемлекет пен құқықтың пайда болу объективтік заңдылықтары

  1. Мемлекет пайда болу теориялары. . ……. . …. . 4-8
  2. Мемлекет құрылу объективтік түсінігі . . . …. . ……9-12

ІІ Бөлім Құқықтың пайда болуы және оның маңызы

2. 1 Құқық пайда болу түсінігі . . . ………13-18

2. 2 Құқықтық мемлекет түсінігі . . . ………18-20

2. 3 Қазақстанда құқықтық мемлекет даму кезіндегі құқықтық рөлі…. …. . 20-28

Қортынды . . . 29-30

Қолданылған әдеби тізім . . . . . 31

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Мемлекет пен құқықтың пайдп болуы объективтік заңдылылығы». Курстық жұмысымның өзектілігі мемлекет пайда болуы және құқықтың пайда болуы, құқықтың мемлекетке деген маңызы мен объективтік заңдылықтары. Мемлекет б. з. б бірнеше хасы бұрын пайда болған бірінші адамдар жынысқа, отбасыға, топтарға, руларға бөліне отырған. Мысалға әр заманның өзінің топтары болған кезеңдеріне қарай ревалюцияланып мемлекет пайда болған. Менің жеке субъективті ойым бойынша мемлекеттен бұрын бірінші құқық пайдп болды деген ойдамын. Бірақ кей бір ойшыл ғалымдар теориялары бойынша бірінші мемлекет сосын құқық пайда болды деген. Бірақ құқық және міндеттері болмаса олар қайдан білген мынау менің әйелім, балам, бұл менің бауырым мен оған көмектесуім керек, бұл адамды мен танымаймын мен ол кізіге көмектесем немесе көмектеспеймін деген таңдау құқығы болады емеспе. Менің ойым бойынша бірінші құқық пайда болған бірақ ол бұрыңғы заманда басқалай аталған немесе дұрыс зертелмеген деп ойлаймын. Құқық пайда болғанан кейін адамдар өз құқықығы мен міндеттерін білгенен кейін мемлекен механизмі мен функциялары пайда болды деген ойдамын. Курстық жұмысымда осы ойларымның дұрыс немесе бұрыстығын зерттеуге алдыма мақсат қойдым.

Курстық жұмыс кіріспе 3-бөлімен, корытынды мен қолданылған әдебиеттерден тұрады.

Курстық жұмысымды жаза отырып міндеттер қойдым: алдыма мынадай мақсаттар мен

Курстық жұмысымды жазу барысында жан-жақты, сапалы болуы;

Курстық жұмысымның тақырыбын толык камтитындай жүйелі жоспар құру;

Құрған жоспарымды толық қамтып, одан ауытқымау, Курстық жұмысты жазу барысында бір ғана әдебиетпен шектелмей мүмкіндігімше әр түрлі материалдарды пайдаланып, өз бетімше ізденсіте болу;

Курстық жұмысымды корғау барысында өз ойымды жинақы да түсінікті етіп жеткізу талаптар қойдым.

І Бөлім Мемлекет пен құқықтың пайда болуы объективтік заңдылықтары

  1. Мемлекет пайда болу теориялары

Мемлекет - белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың ерекше түрі, саяси жүйенің орталық институты.

Мемлекеттің белгілеріМемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады; Мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т. с. с. ) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады) ; Мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады; Мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды; Мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.

Мемлекет құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:Унитарлық (лат. Unitas - біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекет ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның территориясы, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Мысалы, Италия, Франция, Қазақстан т. б. осы түрге жатады.

Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі. Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән: елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция; заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі; биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.

Федерация (лат. Foederatio - одақ, бірлестік) - белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар, бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттері арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әр субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот органдары болады) . Мұндай мемлекеттерге АҚШ, Германия, Малайзия, т. б. жатады.

Мемлекет басқаруы бойыншаМонархия (гр. Μοναρχία - біртұтас билік) - абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия

- мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектелусіз, өз қалауынша дара билік жүргізуі. Шыңғыс хан және оның ұрпақтары билеген Қыпшақ мемлекеттері, XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Атадан балаға мұра боп қалған билік иесінің мемлекеттің сайланып қойылатын басқару органдарымен біте қайнасып, демократиялық ұстанымдармен үйлесім тауып басқаруын конституциялық монархия дейді. Мысал ретінде қазіргі Англия, Жапония мемлекеттерін айтуға болады.

Республикалық басқару - парламенттік және президенттік болып екіге бөлінеді. Парламенттік жүйесі бар елдерде парламенттегі орындардың көпшілігін сайлауда жеңіп алған партия немесе партиялар коалициясы - премьер-министр басқарады. Үкімет өзі жасап парламент бекіткен бағдарлама бойынша жұмыс істейді, парламентке есеп береді. Парламент жетекші рөл атқарады, қажет десе, басқарушы үкіметті қызметтен кетіре алады. Парламент заңдарды ұсынады және оларды қабылдайды. Премьер-министр де парламенттің қарауына заңдар ұсынады. Сот билігі тек заңдарға сүйеніп жүзеге асырылады. Парламенттік республикалық басқаруға Италия, Германияны жатқызуға болады. Президенттік жүйеде президентті және парламентті халық сайлайды, заңды билік пен атқарушы билік арақатынасы өзгереді, ел президенті мемлекеттің де, үкіметтің де басшылығын өз қолына алады. Президенттік басқару үлгісі ретінде АҚШ-ты келтіруге болады.

Диктатура (лат. Dictare - нұсқау беру) - бір қолға шексіз биліктің жинақталуы, заңды аяққа баса отырып, күш көрсету арқылы мемлекет басқаруды жүзеге асыру. Диктатура мемлекеттік билік формасының ерекше көрінісі ретінде монархиялық және республикалық режімдер жағдайында ұшыраса береді.

Қызметтері: Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:

1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді;

2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;

3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;

4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;

5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды;

6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі.

7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады.

Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады. Мемлекетті шаруашылық жүргізу тәсіліне қарай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалдық деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс, православтық деп өркениеттік жіктеу негізінде де бөледі. Осы пайымдауларға қоса мемлекеттерді пайда болған табиғи ортасына қарай ірі өзендер аймағында, теңіз жағалауларында, далалы-орманды жерлерде пайда болған мемлекеттер деп бөлуге болады. Мемлекеттің пайда болуына әр түрлі табиғи орта мен әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда болуынан көрінеді.

Тарихта: Жалпы ежелгі дүниедегі мемлекеттердің қалыптасуы кезінде экономдау, басқару, қорғану мәселелерін шешу барысында адамдар бірлестігі жаңа сапалық қасиеттерді бойына сіңіріп, реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғаны байқалады. Ал адамдар қауымдастығының не үшін реттеу мен мәжбүрлеуді күшейтіп отырғанының себебі әр түрлі елдердегі мемлекет туралы ұғымның сол кезеңдегі түсініктерінде жатыр. Ежелгі грек ойшылы Платон “ Мемлекет дегеніміз адамдардың азаматтық борышын өтеу үшін бірігуі” деп анықтама беріп, оның пайда болуына еңбек бөлінісі әсер етті десе, ал оның шәкірті Аристотель “ Мемлекет дегеніміз адамдардың пайдалы игілік үшін бірігуі” деп түсіндірді.

Көне Рим ойшылы Цицерон “Мемлекет дегеніміз ортақ іс, халық игілігі, ал халық дегеніміз адамдардың көрінген бір қосындысы емес, ол көптеген адамдардың құқық мәселесі бойынша келісімі мен мүдделер бірлігінің нәтижесінде байланысқан бірігуі” дейді. “Мемлекет” сөзінің араб тілінен аудармасы “иелік ету, иелену” деген ұғымды, яғни белгілі бір аумаққа, сол аумақтағы халыққа иелік етуді білдіреді. Ал түркі тілдес халықтардың кейбірі “мемлекет” сөзінің орнына “дәулет” сөзін пайдаланады. Енді дәулет дегеніміз байлық, яғни көшпелі тайпалардағы мемлекеттің қалыптасуына әсер еткен пайда табу идеясынан туындаған. Сонымен мемлекеттің әр түрлі себептердің нәтижесінде пайда болғанын оның атауы да аңғартады. Бірақ ондай себептер көп емес, шектеулі. Мемлекеттің қалыптасуына географиялық орта немесе табиғи орта, адам саны, шаруашылық жүргізу тәсілі (экономика), өндіріс тәсілі мен еңбек бөлінісі, дін немесе дүниетаным іспеттес және басқа да сыртқы фактор әсер етеді.

Ең алғашқы мемлекеттер адам санының белгілі бір табиғи ортаға қарама-қайшы келе бастауынан ұйымдасуда, шаруашылық жүргізуде өзгерістер жасауға мәжбүр болғандықтан пайда болса, кейіннен осы мемлекеттердің өздері басы бірікпей жатқан көршілеріне қысым жасауынан көрші аумақтарда да қорғану мақсатында адамдар бірлестігі - мемлекет пайда болды. Кейіннен сыртқы күштерден сақтанып, қауіп нәтижесінде біріккен топтар қауіп нәтижесінде жойылған кезде қайта ыдырағысы келеді. Бірақ шаруашылықты бірлесіп жүргізудің аз уақыт болса да пайдалы екенін көрген сол аумақтағы мүдделі адамдар олардың қайта ыдырауына қарсы болады. Осы кезде жаңа ұйымдасқан топты басқару қиындай бастағандықтан діни көзқарастарды қалыптастыру арқылы басқаруды жеңілдетуге көп күш салынды. Сыртқы күштердің қысымы кей жағдайда басы бірікпей жатқан елдің бірігуіне әсер етсе, кей жағдайда ыдырап кетуіне әсер етеді

Даму сатыларыБиліктің бір мазмұннан бір мазмұнға өтуі мен күрделіленуіне және өз аумағының кеңеюіне қарай мемлекет мынадай даму сатыларын бастан кешіреді:Ном, полис - халқы да, аумағы да аз, басқару жүйесі қарапайым протомемлекет) ; Бірнеше полис немесе тайпалық одақтардың бірігуінен пайда болған, басқару жүйесі әлсіз, ортақ заң жүйесі жоқ немесе нашар дамыған, ыдырап кету қаупі күшті, қазіргі кездегі конфедерацияға ұқсас құрылым) ; Орталықтанған мемлекет - ішкі әкімшілік аймақтарда экономикалық қарым-қатынастар күшейіп, ортақ ақша, ортақ заң жүйесі енгізілген, ыдырап кету қаупі болмашы ғана. Мұндай елдердің халқы әдетте ұлт деп аталады) ;

Империя; Орталықтанған мемлекеттер күшейе келе көрші елдер аумақтарын басып алады, әр түрлі шаруашылық жүйелерін біріктіріп, әр түрлі қоғамдық құрылысы бар елдерді күшпен бір орталыққа бағындырады, нәтижесінде империя пайда болады.

1. 2Мемлекет құрылу объективтік түсінігі

Мемлекет адам баласының өмір сүру ортасындағы маңызды саяси ұйым. Маңызды ұйым ретінде мемлекет үнемі бар болып келген жоқ. Мемлекет өзіне тән белгілерінің күрделене дамуының барысында бірте-бірте қалыптасты.

Ғылыми болжамға сүйенсек, жер шары бұдан 4-5 млрд., ал ондағы алғашқы адамдар шамамен 2 млн. жыл ілгері пайда болған екен. Айталық, біздің елімізде, яғни, Қазақстан аумағында алғашқы адамдар 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген деген археологиялық қазбалар нәтижесіне негізделген дерек бар. Жыл санаудан 40 мың жыл бұрын «саналы адам» біржола қалыптасып үлгерді. Ал, адамзат тарихындағы ежелгі мемлекеттер заманымызға дейін 4-5 мың жыл бұрын пайда болыпты. Ондай мемлекеттер қатарында шығыстың ежелгі Бабыл, Мысыр, Үнді мен Қытай елдерін атауға болады. Сөйтіп, саяси құрылым ретінде мемлекет пайда болу, қалыптасу мен даму белестерін басынан кешкен. Мемлекеттің өткеніне көз жүгірту арқылы осы күнгі мемлекет өміріндегі мәселелерді түсінуге ықпал етіп, оң келешегін болжауға мүмкіндік береді. Рулық құрылым адамдардың қандық туыстық негізінде бірігіп еңбек ететін ортасы. Оған ру көсемдері билік жүргізген. Маңызды мәселелер ақсақалдар кеңесінде талқыланған. Ру-тайпа өмірі әдет-ғұрып ережелерімен реттелген. Мемлекеттің оны рулық құрылымнан ерекшелейтін өзіне тән белгілері бар. Мемлекеттің ондай белгілерін анықтау арқылы оны басқа да қоғамдық құрылымдардан ажырата аламыз.

Мемлекеттің түсінігін анықтап, оның қоғамдағы атқаратын қызметіне қарай мемлекеттің мәніне көз жеткізуге болады. Жер бетіндегі елдердің табиғи-жағрапиялық, мәдени, діни ерекшеліктеріне қарай мемлекеттің қалыптасуының бірнеше жолы белгілі. Олар: 1) шығыстық; 2) батыстық; 3) аралас сипаттағы даму. Заң ғылымының, оның iшiнде “Мемлекет және құқық теориясының” даулы мәселелерiнiң бiрi - мемлекеттiң пайда болуы, яғни, мәжбүрлеу сипатына ие билiк органы ретiнде мемлекет адамзаттың дамуы барысында қол жеткiзген жетiстiгi. Сонымен, мемлекеттiң пайда болуын өзiнше түсiндiрiп-тәптiштейтiн мынадай болжам-байламдар бар. Мемлекет табиғи орта «перзентi». Әлемде алғашқы пайда болған шығыстағы мемлекеттердiң барлығы iрi-iрi өзен алқаптарында пайда болған. Өзен бойында тiршiлiк кешкен халық суды тиiмдi де қауіпсіз пайдалану мақсатында арық қазып, арнасын бұрып өздерінің егiстiк алқаптарына икемдейдi. Жылда көктем шыға өзен суы тасып, жағалауындағы халықтың шаруашылығына тіпті, олардың бас амандығына қауiп төндiретiн. Сондықтан, арық қазып, дамбы салу, асау, өзендi ауыздықтау мақсатын да көздейтiн. Ежелгi Қытай, Үндi, Мысыр мен Бабыл елдерiндегi қоғамдық iстер мекемесi деген арнайы алқалы орган болған. Ол мекеме дәл осы суармалы жүйе объектiлерiн салуды ұйымдастыратын. Егiстiк алқаптарын қолдан суару жүйесiн салу құжынаған халықтың күш бiрiктiрiп, жұмыла атқарар шаруасы едi. Мемлекет халықты осындай ортақ iске жұмылдырушы орган ретiнде пайда болады.

Мемлекет - Құдайдың жердегi «көлеңкесi». Мемлекет осы болжамға сай, жер бетінде тәңiр әмiрiмен құрылған билiк тұтқасы. Өздерiн құдайдың жердегi сүйiктi құлдары әрі өкілі санаған билiк басындағылар қол астындағы халықтың өздерiне қалтқысыз құлдық ұруы үшiн осындай жалған атты жамылды. Ежелгi елдердiң қатыгез патшалары өздерiнiң қатал әрекеттерiн, халыққа жасаған зорлық-зомбылықтарын құдай атымен ақтап алатын. Ел сенiмiн еселеу үшiн билiктегiлердiң жүрiс-тұрысы, киiм киiсi оларды қара халықтан өзгешелеп тұруы тиiс еді. Ондай басқарғыштардың айтуынша, құдай мәңгi. Демек, мемлекет тетегеурінді әрі тұрақты билiк аппараты.

Мемлекет - үстем тап мүддесiнiң жоқшысы. Мемлекетке дейiнгi қоғамда адамдар бiрiгiп аң аулап, тапқан қорегiн тең бөлiп жеп, мамыражай күн кештi. Күндердің күнінде миы молығып, санасы зорайып, найза, тас балта, сүңгi және садақ сияқтыларды ойлап табу және оларды икемді қолдану арқылы еңбек құралын жетiлдiрген адамдар тобының ендi еңбегі еселенеді, яғни - тапқаны жегенiнен асып түседi. Сөйтiп, марқұм Маркс айтып кеткен, артық өнiм пайда болады. Артық өнiм адамдар арасына жiк түсiредi. Бұдан былай, адамдар бай мен кедей, дәулетті мен міскін, қанаушы мен қаналушы болып екiге бөлінеді. Байлар еңбек етпей, кедейлердi қанайды. Кедей байдың «отымен кiрiп, күлiмен шығады». Мемлекет байлардың мүддесiн жоқтап, пiкiрiн қолдайтын билiк жүйесi деген материалистік пікір мемлекеттің пайда болып, қалыптасуын осылай түйіндейді. Мемлекеттi материалдық қатынастар дамуының жемiсi деп қарастыратын бұл болжам ұзақ уақыт дұрыс, кемшiлiксiз жалғыз тұжырым ретiнде есептелiп келдi. Мемлекеттiң өткенi турасындағы кез-келген пайымдау осы тұжырым аясынан аспауы тиiс деген қатаң талап қойылды. Бұл үрдiс тарих жолын бұрмалап, нәтижесінде ғылымда мемлекеттiң пайда болуы туралы сыңаржақ түсiнiк пен жалаң пiкiр қалыптасты.

Мемлекеттiң пайда болуын келте қайыратын осы болжамның тағы бiр үлкен қателiгi мемлекеттi уақытша құбылыс деп қарауы едi. Яғни, ұраншыл социализм өкiлдерiнiң айтуынша, тап құрыса - мемлекет те құриды. Заманында марқұм Ленин мемлекетті найза мен соқа сияқты қарабайыр құралдар қатарында мұражайдан ғана тамашалаймыз деп жастар алдында лекция оқыған. Осы тұста материализм пен анархизм өзара туысып та кетедi. Мемлекет қоғамдағы алуан пiкiрдi үйлестiрушi. Мемлекеттiң мұндай миссиясының бүгiнгi күнi маңызы артпаса, кемiген жоқ. Мемлекеттiң пайда болуын психология тұрғысынан түсiндiру. Адам баласы тумысынан екi түрлi. Бiрi ел билеп, көсем болуды көксесе, екiншiсi, керiсiнше, бағынышты, «сен тимесең, мен тимеймін» күйiн кешуге бейiм болады екен. Демек, бiрi бағынғыш, жуас болса, ендi бiрi, көнуден гөрi көндiруге ұмтылатын жылпос. Сөйтiп, мемлекет қалың көнбiс қауымды басқаратын жылпостар тобы болып шыға келеді.

Мемлекет келiсiм-шарт нәтижесi. Мемлекет пайда болғанға дейiн, адамдар арасында берекетсiздiк белең алды. Бұндай жағдай жоқтықтан емес, тоқтықтан болды. Адамдар құқық-мүмкiндiгiнiң шектелгендiгiнен емес, әрекет жасау еркiне ешбiр шектеудiң болмауынан жапа шектi.

Қоғам бiр-бiрiмен бет жыртысып, итше таласқан, бетiмен кеткен бәлеқорлар тобына айналды. Адам атаулы бiр-бiрiн қырып-жойып жiберуге аз-ақ қалды. Мұндай дүрбелең шақты Томас Гоббс деген батыстың бiлгiшi «война всех против всех» деп сипаттапты. Шексiз мүмкiндiк пен өлшеусiз бостандықтың адамға зиян екендiгiне көзi жеткен көпшiлiк өз iшiнен оң-шақты адамды iрiктеп, соларға өздерiнiң құқықтық тағдырын аманаттайды. Бұдан былай, көпшiлiк iрiктелген азғантай топтың айтқанына көнiп, айдағанына жүретiн болды. Мемлекет дегенiмiз-халық келiсiмiмен пайда болып, оның аманатын арқалаған азғантай билiк тобы.

Бұл болжам, табиғи құқық теориясымен бiрге бүгiнгi құқықтық мемлекет тұжырымының құрамдас бөлiгi саналады. Мемлекет әлiмжеттiк құқай салдары. Мемлекетке дейiн адамдар ру-тайпаға бiрiгiп өмiр сүрген. Ру-тайпалар тынбай өзара қырқысып жататын. Жеңген жақтың адам саны көбейiп, жер көлемi ұлғаятын. Сөйтiп, бастапқыдағысынан бiрнеше есе зорайған жеңiстi топ қарамағындағыларға билiгiн жүргiзуi үшiн басқарушы қатарын көбейтуге мәжбүр болады. Яғни, осы болжамға сай, мемлекет дегенiмiз жауланған халыққа билiк жүргiзу мақсатында құрылған саяси аппарат.

ІІ Бөлім Құқықтың пайда болуы және оның маңызы

2. 1 Құқық пайда болу түсінігі

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді:

  1. Малшылық
  2. Жер игеру
  3. Өндірістік
  4. Саудагерлер тобы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет пен құқық теория негізі
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Мемлекет жəне құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Мемлекеттің құрылым нысаны
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Құқық нормаларын талқылау түрлері
Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәнінен дәрістер
Мемлекет туралы негізгі түсініктер
Құқықтық мінез - құлық туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz