Дене шынықтыру және спорт туралы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

«КАСПИЙ» ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЛАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ

КУPCТЫҚ ЖҰМЫC

Тaқыpыбы : «Жастарға дене тәрбиесін беру, қоғамның әлеуметтік қажеттілігі»

Пәнi: Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі.

Мaмaндығы: Дене тәрбиесі және спорт

Opындaғaн: тoбы 4ДТС А-20 б/б

cтyдeнтi Бисенбаев Көбейсін

Жeтeкшi: Ильясов М. И.

Жаңаөзен 2024

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. ҚР дене шынықтыру мәдинетінің дамуы мен оның жағдайы . . . 4-7

1. 1 Дене тәрбиесінің жеке тұлға үшін маңыздылығы . . . 8-9

1. 2. Дене тәрбиесінің теориялық негізі . . . 10-12

2. Дене тәрбиесін теориялық білімді дамытудағы мамандардың іс. әрекеті . . . 12-20

2. 1. Дене тәрбиесінің қоғамдағы маңыздылығын арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдаулар мен іс. шаралар . . . 21-25

Қорытынды . . . 26

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 27

Кipicпe
Оқу жұмысының өзектілігі: Өмірде адамның денсаулығын жақсартып, оның жасын ұзартатын, көңілін өсіріп, айналасына сүйкімді де сымбатты, шыдамды да жігерлі, жинақы жүруіне септесетін құдіретті күш болатын болса, ол - дене тәрбиесі мен спорт. Бүгінде елімізде адам үшін осыншама маңызға ие спортты дамытуға барлық жағдайдың жасалып жатқаны белгілі. Әсіресе, соңғы 10 жылдың бедерінде мемлекет тарапынан қолдауға ие болып отырған дене тәрбиесі мен спорт сияқты салаларды дамытуға қолда бар жағдайдың бәрі жасалып жатқанын атап өтпесе болмайды. Бұған дәлел ретінде еліміздің әр түкпірінде көптеп салынып жатқан спорт нысандарын, күнделікті өмірде халықтың салауатты өмір салтына ден қойып отырғанын айтуға болады. Бірақ кей кезде істелініп жатқан жұмыс¬тардың көзге көрінбейтіні де жасырын емес. Спорт пен дене тәрбиесінің адамның денсаулығын сақтауда, қоғамда саламатты өмір салтын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Курстық жұмыстың мақсаты: Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, оқушылардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі біздің тақырыбымыздың өзектілігін айқындай түседі.

Зерттеудің көкейкестілігі . Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан

1. ҚР дене шынықтыру мәдинетінің дамуы мен оның жағдайы.

Дене мәдениеті дене табиғатын тәрбиелеудің нәтижесі. Бұл адамдардың дене дамуын қалыптастырып оны пайдаланудағы материалдық және рухани байлық. «Дене шынықтыру мәдениеті» жекеден жалпыға сияқты, «мәдениет» деген түсінікке жататыны туралы талай айтылып жүр. Енді, оны басқа сөзбен айтқанда - дене шынықтыру адамзат мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Дене шынықтыру адамның өзінің денесін дамытып, өзгерту жолындағы қызмет және осы бағыттағы жұмыс тәртібі деп ұғынуға болады. Немесе оны былай да түсіндіруге болады: тиісті ұйымдардың тарапынан берілген тапсырма немесе жүктеме есебіндегі адамдардың берілген талаптарды орындауы. Мысалы, мемлекеттік бағдарламада көрсетілген «Дене шьшықтыру» сабағына қатысуы.

«Дене мәдениеті» түсінігін «Мәдениет» түсінігіне жалпы жатқызуға болады, себебі, дене мәдениеті мәдениеттің бір бөлігіне жатады. «Дене мәдениеті дегеніміз адам өз дене күшін, құрылысын, жаттыгулар кешенін істеу арқылы өзгертуге арналган үдерісті айтуга болады. Бұл деген адамдардың дене қимылын жетілдіруге арналган материалдъщ, рухани байлықтың кешені болып табылады». Ал мектептегі дене мәдениеті дегеніміз - материалдық рухани бағыттың қосындысы ретінде мектепте қогамның күшімен балалардың дене даярлығын ұштайтын пән ретінде болады.

Қазақстан Республикасының Дене шынықтыру және спорт туралы № 228-V ҚРЗ заңында «Дене шынықтыру мен спорт, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдар, дене шынықтыру-спорт ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары халықтың әртүрлі топтарының жас шамасын, кәсіби және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере отырып, дене шынықтыру мен спортты насихаттауды жүзеге асырады, дене шынықтыру мен спорттың әлеуметтік маңызын ашуды, ұлтты сауықтырудағы, жеке адамдардың саламатты өмір салтын қалыптастырудағы олардың рөлін қамтамасыз етеді» делінген.

Өмірде адамның іс-әрекетіне, рухани дүниесіне ықпал ететін білімдер сан алуан. Солардың ішінде ең парасатты, өміршеңі халықтың өз тәжірибесінде жинақтаған білімдер жүйесі. Бұл жөнінде К. Д. Ушинский: “… халық қанша жыл өмір сүрсе, тәрбие де сонша өмір сүреді, онымен бірге өседі, өзінде халықтың бүкіл тарихын, оның бүкіл жақсы-жаман қасиеттерін бейнелеуде, олар бірін-бірі ауыстыра отырып, жаңа ұрпақтың өсуіне жағдай жасайды, ”- деп жазды.

2. ҚР «Білім туралы заңы».

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы» Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған. [1]

3. Дене шынықтыру мәдинеті бойынша білімнің негізгі мазмұны.

Дене тәрбиесінің мазмұны, міндеттері және формалары әрбір мектептердің жағдайларына байланысты дене шынықтыру және сауықтыру жұмысының жүйесін жасауды қажет етеді.

Дене тәрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.

Дене жаттығулары - бұл саналы түрде орындалған қимылдар және қозғалтқыш әрекеттер. Дене жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын және тыныс алу мүшелерін дамытады.

Гимнастика. Түрлері: негізгі және гигиеналық гимнастика, спорттың гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік гимнастика және емдік гимнастика. Ойын оқушыларды жылдамдықда, төзімділікке тәрбиелейді.

Туризм - оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіштікке және қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді. Спорт - оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін, қозғалыс дағдыларын және моральдық-еріктік қасиеттерін дамытатын дене тәрбиесінің құралы. Дене тәрбиесіндегі маңызды құралдарының бірі - табиғи факторлар: күн көзі, ауа, суға шомылу, душ қабылдау. Табиғат факторларын балалардың денесін сауықтыру жұмысы кезінде пайдалану өте тиімді. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.

4. Дене шынықтыру және спорт туралы.

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 490 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V Заңымен. Ескерту. Күші жойылды - ҚР 03. 07. 2014 № 228-V Заңымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) [2] .

Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi. [2]

5. Қоғам өміріндегі дене шынықтыру мәдениетінің орны.

Спорт - денсаулық кепілі. Ал мықты денсаулық - адамның еңбекке, қоғамдық іс-әрекетке белсенді қатысуының кепілі. Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерте кезден көңіл бөлген. Баланың ақыл-ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына айрықша мән берген. Халқымыздың спорттық ойындары осының бірден-бір дәлелі.

Жастайынан балаларға дұрыс тәрбие берудің маңызы зор. Атқа мініп, асық атып, бәйгеге шауып, теңге іліп өскен жас шымыр, епті де икемді болып өседі. Салауатты өмір сүру дегеніміз - дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені алу мүмкін емес. Спорт пен дене тәрбиесінің адам үшін маңызы қандай? Ол қашан пайда болды? Қазақ жерін мекендеген тайпалар мен халықтардың дене мәдениеті туралы археологиялық қазбалардың нәтижесіне сүйене отырып, ғылыми болжаулар арқылы білеміз. Дене жаттығулары мен түрлі ойындардың шығу тегі ежелгі адамдардың мекен еткен географиялық ортасына, климаттық жағдайына байланысты болды. Мәселен, солтүстіктегі адамдар шаңғы жасауды үйреніп, аң аулауға шаңғымен шығатын болған. Ал, жылы аймақтарда тұратындар ат ұстап, ит үйреткен. Аттарымен көшіп-қонып, аң аулап тіршілік еткен. Судың жағасында тұратын адамдар ескек есіп, жүзуді үйренген. Қысқы мезгілде аң сүйектерінен конькилер жасап, мұз бетінде әртүрлі ойындар ойнаған. Осылайша олар өздерінің сана-сезімдерін, ойлау қабілеттерін дамытып отырған. Осыдан дене қимылы жаттығуларының, спорттық ойындардың адамзат тарихында ерте кезде пайда болғанын білеміз. Ал, Американың алғашқы адамдары үлкен қашықтықта жүгіру, ауыр заттарды көтеру, допты нысанаға тастау секілді ойындарды ойнаған екен. Тайпалық қоғамда ұл мен қызды бөлек тәрбиелеген. Ұл балалар әскер ойындарын ойнап, аңшылықпен айналысса, қыздар би билеумен қатар, тұрмыстық еңбекке араласты. Осылайша дене жаттығулары мен түрлі ойындар біртіндеп ұрпақты тәрбиелеудің маңызды құралына, рулық-тайпалық қоғамның басты қызмет түріне айналды. Дене шынықтыру мен спорт мәселесі қай елдің болсын, негізгі стратегиялық бағыты болып есептеледі. Өйткені болашақты ойламай, келешекте қуатты мемлекетке

айналу мүмкін емес. КСРО кезінде жастардың тек рухани ғана емес, дене қимылының дамуына да айрықша көңіл бөлінді.

Спорт дегеніміз - адамдардың денсаулығы. Сонымен қатар еңбекке дайындығы, жасөспірімдерді әскери қызметке даярлау, тәртіптілікке, ерлік пен батырлыққа тәрбиелеу. Сондықтан спорт саласын жетілдіру балабақшалардан, мектептерден, арнаулы орта және жоғары оқу орындарынан қолға алынып, жақсы жолға қойылды.

Дене тәрбиесі бойынша оқу бағдарламалары жетілдіріліп, материалдық база нығайтылды. Соғыстан кейінгі уақыттарда мектептерде, жоғары оқу орындарында әскери дайындық сабағы оқу бағдарламасынан алынып, дене шынықтыру пәні қайтадан енгізілген болатын. Бейбіт өмірге оралған сәттен дене тәрбиесі жұмысы жандана түсті. Дене шынықтыру мұғалімі қызметі енгізілді. Уақыт өте келе, дене тәрбиесі заман талабына сәйкес өзгеріп, жаңаланды. Жаңа талаптар қойылды. Спорттық мамандықтар енгізілді.

Денсаулығы нашар білім алушылар үшін бөлек оқу сабақтары өткізілді. Қысқы және жазғы демалыс кездерінде спорттық-сауықтыру лагерьлері жұмыс істеді. Түрлі жарыстар ұйымдастырылып, спорттық клубтар, қоғамдар ашыла бастады. Елде тоқырау болған жылдары оның зардабы барлық салаға, соның ішінде дене шынықтыру мен спорт саласына да тиген болатын. Осы уақыттарда елде адам денсаулығына кері әсер ететін жаман әдеттер көбейді.

Ежелден садақ тарту, бәйге, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерімен айналысқан қазақ халқы басқа да спорт түрлерімен айналысу арқылы өздерінің рухани байлықтарын жетілдіріп отырған. Халық өзіне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлерін, әр түрлі дене жаттығуларын үнемі жетілдіріп отырған. Әр рудың, әр жүздің, әрбір ханның өз балуаны, өз мергені, өз сәйгүлігі болған.

Тәуелсіздігіміздің ақ таңы атқан жиырма жылдан астам уақыттың ішінде елімізде спорт саласын дамыту барысында Елбасының тікелей басшылығымен қыруар жұмыстар атқарылып келеді. Балалар мен жасөспірімдер арасында спортты дамыту ісі бірінші кезекте тұрған мәселе. Осыған орай мектептерде, жоғары оқу орындарында көптеген спорттық секциялар, үйірмелер жұмыс істеуде. Жылдан жылға спорт базалары көбейіп келеді. Ұлттық спорт түрлері де жақсы жолға қойылған. Атап айтсақ, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, аударыспақ, бәйге, көкпар, қыз қуу, асық ату, бестас сияқты спорт түрлерінен арнайы федерациялар құрылған. Ресми жарыстар өткізіліп тұрады. Соңғы жылдары спорт нысандарын салу, спортшыларымызды халықаралық жарыстарға дайындау сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлініп келеді. Елімізде дене шынықтырумен, спортпен тұрақты шұғылданатын адамдардың саны да жыл санап артып келеді. Бұл - жақсы нәтиже, мақтанарлық жайт.

  1. Дене тәрбиесінің жеке тұлға үшін маңыздылығы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене шынықтыру және спорт органдарының теориялық негіздері
Дене тәрбиесі сабағында оқушылардың дене мүмкіндіктерін шыңдау
Дене шынықтырудың спорт саласындағы әлеуметтік экономиканың қатынастары
Ұлттық спорт түрлері бойынша Республикалық және халықаралық ұйымдар
Дене шынықтыру және спорт саласындағы проблеманың қазiргі жәй-күйiн талдау
Дене шынықтыру және спорт саласындағы оқыту әдістері дәріс
Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстар
Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі пәні
Алғашқы қауым құрылысы дәуірі кезеңіндегі Қазақстандағы дене шынықтыру тарихы
Мектептегі дене шынықтыру сабақтарында дене тәрбиесі әдістерін қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz