Бизнес-жоспар құрылымы мен көрсеткіштерін талдау туралы ақпарат


Мазмүны
Кіріспе
1. Бизнес- жоспардың экономикалық теория негіздері . . . 5
1. 1 Бизнес-жоспардың экономикалық мәні . . . 5
1. 2 Бизнес-жоспарды тиімді жасау жолдары . . . 9
2. Бизнес-жоспар құрылымы мен көрсеткіштерін талдау . . . 12
2. 1 Бизнес-жоспардың қаржы көрсеткіштерін есептеу
негізгі әдістері . . . 12
2. 2 Өнімді өткізу көлемі есебі . . . 15
2. 3 Ақша түсімдері мен шығындарының балансы . . . 21
3. Бизнес-жоспарды жетілдіру жолдары . . . 25
3. 1 Кәсіпорында бизнес-жоспарды жетілдіру жолдары мен оны жүзеге асыру . . . 25
3. 2 Бизнес-жоспарларды шетелдік тәжірибеде қарастыру . . . 30
Қорытынды . . . 41
Қолданылған әдебиеттер . . . 43
Кіріспе
Нарықты экономикада бизнес-жоспар жаңадан кұрылып жаткан, сонымен қатар қызмет істеп жатқан кәсіпорындар мен кәсіпкерліктің барлық саласындағы жұмыс құралы болып табылады.
Кез келген бизнес үшін маңызды міндет: өндірістік шаруашылық қызметінің стратегиясы мен тактикасын жасау болып табылады.
Бизнес-жоспар кәсіпкерлік қызметтің өзекті мәселелерін шешуге көмектеседі.
Яғни олар:
1. Кәсіпорын қызметінің накты бағыттарын аныктауға , рыноктарды және осы рыноктардағы фирманың алатын орнын .
2. Кәсіпорынның ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттарына анықтама беретін және оларға жетудің стратегиясы мен тактикасын аныктау.
3. Кәсіпорынның тұтынушыларға ұсынатын тауарлары мен кызметтерінің құрамын таңдап көрсеткіштерін аныктау, сонымен қатар өткізу , сауда және өндіріспен байланысты шығындарды бағалау.
4. Мақсатқа жету үшін еңбекке ынталандыру және кәсіпорын мамандарының сәйкестігін анықтау.
5. Нарықты зерттеумен байланысты маркетингтік шаралардың жарнамаларды, сатуды ынталандыру, бағаның калыптасуының құрамын анықтау.
6. Кәсіпорынның қаржы жағдайын анықтап оның қаржы материалдык ресурстарын қойылған мақсатқа жету үшін сәйкестігін аныктау.
7. Қиындыктарды алдын ала болжап олардың кәсіпорын қызметіне кедергі келтірмеуін қадағалау.
Кәсіпорын қызметін жоспарлау келесі жағдайларды белгілеуге мүмкіндік береді:
- кәсіпорыи келешегін түпкілікті зерттеуге мәжбүр;
- қойылған мақсатқа жету үшін қолданып жатқан шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
- бақылау жүргізу үшін кәсіпорын көрсеткіштерін анықтайды;
- кәсіпорын басшыларын мақсатқа жету жолдарына накты шешім қабылдауға мүмкіндік туғызады.
- нарықтық өзгерістерге кәсіпорынды дайындайды.
- кәсіпорынның барлық басшыларының міндеттері жауапкершіліктерін анықтайды.
Негізінен бизнес жоспарлардың қажеттілігін келесілей мәселелерді шешу кезінде пайда болады:
- қызмет ететін және қайта құрылған кәсіпорынды несие алу үшін құжаттарды дайындау кезінде;
- мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру шешімін негіздеу үшін;
- болашақ кәсіпорын қызметін, барысын аныктау, жаңа кызметтің ашылуы немесе коммерциялық қызметтің негізгі бағыттарын белгілеу үшін;
- коммерциялық операциялардың жаңа түрінің пайда болуы және олардың бағыттары мен әдістерінің жаңарған кезде. ;
- кейбір кәсіпорындардың бағалы қағаздарын шығару құрылымын құру негізінде.
- сыртқы саудаға шығу үшін және шетел инвестицияларын тарту үшін.
1. Бизнес- жоспардың экономикалық теория негіздері
1. 1 Бизнес-жоспардың экономикалық мәні
Бизнес-жоспар - бұл ресми құжат. Бірақ оны жазу үшін, көп сұрақтар
бойынша толық ақпарат жинау қажет. Бұл ақпарат көлемі, сіздің бизнеске
кіруіңіз және оның дамуымен өлшенеді. Сондықтан бизнес - жоспарлаудың мақсатты түрде екі түрі болуы керек.
Бірінші түрі бизнес-жоспарлаудың - ресми түрде қағазға қысқаша сіздің бизнесіңіздің өткені, бүгінгісі және болашағын мазмұндау болып табылады. Ол тұрақты кәсіпкерлер, инвесторлар, менеджерлер және акционерлік фирмалар үшін жалпы мақсатқа ие болу үшін қажет. Онда әдетте есептеудің үш нұсқасы болады: оптимистті, пессимисті және нақты.
Бизнес-жоспардың екінші түрі кәсіпорынның бірінші тұлғасы, жоспарды жүзеге асыру тобы мен консультанттар үшін күнделікті құжат болып табылады. Онда материалдық жұмыстық ақпараты орналастырылады. Ол бизнес-жоспар жұмысшысы атауын иемденіп және мыналарға мүмкіндік береді:
- бизнес-жоспардың ресми маңыздылығын түсінуге;
- жаңа жұмыс басталғанша сіздің әрекетіңіздің бағдарламасын құруға;
- пайда болуы мүмкін мәселелерді қарастыру және шешілу нұсқаулықтарын қарастыруға, сонымен сіз болашақта оларды жеңе аласыз;
- бизнестегі негізгі екі тәуекел түрін алдын ала танып, бағалауға: ішкі, бақылау жүргізуге болатын (тұлға, материалдық қорлар) және сыртқы (экономика, жаңа заң), яғни оны өзгерте алмаймыз;
- істі толық бақылау жүргізу, ішкі және сыртқы өзгерістерді мониторинг негізінде ескере аласыз;
- бизнес-жоспарды ресми модернизациялауда анықтама ретінде қызмет істейді.
Сонымен, жұмыстың бизнес-жоспары - бұл сіздің ойыңыздың іскерлік аланыңыз немесе кең кеңістігіңіз, яғни оған кіргенде сіз ойластырылған бизнес-жоспардың ресми ережелерін жүзеге асыра аласыз.
Бизнес-жоспардың жұмыстың құжаттамасының бір бөлігі ресми жоспарға ұсыныс ретінде немесе жүзеге асыру топ мүшелері мен кәсіпкерлердің сұранысы бойынша ұсыныстар ретінде қолданылуы мүмкін.
Бизнес-жоспар менеджменттің негізгі құралы болып табылады. Онда кәсіпорын қызметінің мақсаты және оған жету жолдары анықталады. Бизнес жоспарды жүзеге асырудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
- мемлекеттік меншік объектілерін приватизациялау;
- инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;
- жеке коммерциялық операцияларды орындалуы;
- құнды қағаздардың эмиссиясы;
- фирманың қарқынды дамуын анықтау;
- тұрақсыз кәсіпорындар үшін қайта ұйымдастыру шараларын өткізу;
- қаржылық және уақытша экономикалық кризистен шығу.
Бизнес-жоспар - бұл нарықтың шаруашылық категориясы, ол еркін кәсіпкерлік және бәсекелестік жағдайындағы кәсіпорынның табыстылығын көтерудің тексерілген құралы болып табылады. Жақсы құрылған, негізделген бизнес-жоспар коммерциялық істің көптеген қатысушыларына: меншік иелеріне, кәсіпкерлерге, инвесторларға, банктерге, әкімшілік органдарға және басқа құрылғыларға қажет.
Бизнес-жоспардың барлық қатысушыларына талдау мен бағалау үшін қажетті ақпаратты береді.
Бизнес-жоспар кәсіпкерге фирмалық қызметпен байланысты мынадай негізгі мәселелерді шешуге көмектеседі:
- фирманың нақты қызмет бағытын, нарықтың жоспары мен нарықтағы орнын анықтауға;
- жобаны жүзеге асырудағы пайдалылықты анықтау үшін, сатылатын тауардың өнімін өндіруге қажетті шығындарды бағалау, оларды бағасымен салыстыруға;
- алға қойған мақсатқа жету талабымен фирманың кадрларын сәйкесінше қойып және олардың еңбек етуі үшін барлық жағдай жасауға;
- фирманың материалдық және қаржылық жағдайын талдап, аталған мақсатқа жету үшін материалдық және қаржылық ресурстардың сәйкестілігін талдауға;
- бизнес-жоспарды орындауға кедергі болатын тәуекелдерді есептеп және қиындықтарды қарастыру.
Бизнес - жоспар Сізге де, Сіздің бизнес бойынша потенциалды серіктестеріңізге де, Сіздің өз ісіңізге арнап несие алуды көздеп отырған банкіңізге де қажет.
Жоспарлау кəсіпкердің мүмкіндіктерін оңтайлы түрде жақсартуға, сонымен қатар барлық түрдегі ресурстарды барынша тиімді түрде пайдалануға жəне қате əрекеттердің алдын-алуға бағытталған.
Кез келген бизнес-жоспардың мүдделі оқырмандары болуы тиіс. Бизнес-жоспардың кімге арналуына байланысты соның мазмұнын белгілейтін бірнеше əртүрлі себептер бар:
- Өзіңізге арналған бизнес-жоспар. Бұл төмендегідей сауалдарға жауап беретін өз-өзін бақылау болып табылады:
- Істі ашу үшін не қажет?
- Идея оны іске асыру үшін жеткілікті дəрежеде ақиқатқа сай ма?
- Несие алуға арналған бизнес-жоспар. Əдетте, банктер кəсіпкерлерден несие беру (немесе бермеу) туралы шешім шығару үшін бизнес-жоспарды талап етеді.
- Инвесторлардың қаражаттарын тартуға арналған бизнес-жоспар. Инвесторлар ретінде жеке тұлғалар (соның ішінде достары немесе туыстары) немесе заңды тұлғалар шығуы мүмкін. Оларға сіздің бизнесіңізге ақша салымдаудың тиімді екендігін дəлелдеу үшін бизнес-жоспар үлкен себін тигізуі мүмкін.
- Жергілікті немесе шетелдік серіктеспен біріккен кəсіпорын құруға арналған бизнес-жоспар. Сауатты түрде жасалған бизнес-жоспар əріптесіңізге сіздің ісіңіздің елеулі екендігіне сенім береді.
- Жаңа қызметкерлерді тартуға арналған бизнес-жоспар. Қазіргі кезде өзге фирмалардың кəсіби шеберлерін оларға тіпті жоғары еңбекақы беремін деп уəде берумен өзіңізге тартудың өзі қиынға түсуде. Фирманың келешек қызметін сипаттау потенциалды қызметкерге ұсынылып отырған жұмыстың келешектігі мен тұрақтылығы жайлы ақпарат береді.
- Өзге компаниямен бірігуге арналған бизнес-жоспар. Ол мəміленің тиімділігін: біріккен қызметтің жағымды жəне жағымсыз жақтарын көруге ықпалын тигізеді.
Қазіргі таңдағы тәжірибеде бизнес-жоспар төрт функцияны орындайды. Бірінші, бизнес-жоспарды орындаудағы оны қолдану мүмкіндігімен байланысты. Бұл функция кәсіпорын құру кезінде, сондай-ақ жаңа қызмет бағытын жүзеге асыруда маңызды болып табылады.
Екінші функциясы - жоспарлау. Бұл жаңа қызмет бағытының мүмкіндіктерін бағалауға, фирманың ішкі дамуын бақылауға көмектеседі.
Үшінші функциясы - сауда, несие сияқты ақша құралдарын тартуға көмектеседі. Қазіргі таңдағы жағдайында белгілі бір жобаны несиелік ресурссыз жүзеге асыру мүмкін емес, бірақта несие алу оңай емес. Басты себеп пайыз мөлшерлемесі мәселесі ғана емес, сондай-ақ несиенің қайтарымсыздығының ұлғаюында. Мұндай жағдайда банктер бірнеше әдістер қабылдайды, ал ақша құралдарының қайтуын қамтамасыз етеді, бұлардың ішінен банктік кепілдікті талап ететінді, нақты кепілдікті және т. б. атап айтуға болады, бірақ несиені ұсынудағы шешуші фактор бизнес-жоспардың қаншалықты орындалғаны болып табылады.
Төртінші функция - компания жоспарын орындаудағы өзінің меншікті капиталын немесе иелігіндегі технологияларды салғысы келетін тұрақты құрылтайшыларды тартуға мүмкіндік береді. Капитал, ресурс немесе технологияны ұсыну сұрағын шешу компанияның белгілі бір анықталған уақытқа бизнес-жоспарының болуы арқылы ғана мүмкін.
Сонымен, ішкі фирмалық жоспарлау көлеміне байланысты емес кез келген кәсіпорынның бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Бизнес-жоспар бизнесті бастау немесе кеңейтудегі мүмкіндіктерді талдауды біріктіреді және компанияның менеджменті бұл жобаны қалай қолдану керектігі туралы нақты бағдарламалар береді. Оның маңызы жоғары және ортақ кәсіпорынды құрудағы іскер кәсіпкерлерді тартуда.
1. 2 Бизнес-жоспарды тиімді жасау жолдары
Бизнес - жоспар бизнесті тиімді жоспарлау және басқару үшін дайындалып, қызметінің тиімділігін анықтайтын кәсіпорынды басқарудың бірден-бір құралы болып табылады. Бизнес-жоспар - бұл инвестициялық жобаның мақсаттары мен міндеттері, оны жүзеге асыру тәсілдері мен кәсіпорынның техника-экономикалық немесе жобаның жүзеге асқаннан кейінгі көрсеткіштері көрсетілген жан-жақты құжат. Бизнес-жоспардың құрылымы және оның дәйектелінуі ойластырылған істің бағытталуы мен көлеміне, яғни объектінің ерекшелігі, компания қызметінің саласы, ұйымдастырылу жағдайы, көзделген нарық өлшемі, бәсекелестердің болуы мен өсу перспективасына байланысты анықталады. Кез-келген бизнес-жоспардың түрін - ішкі жоспарлау үшін де (кәсіпорынның стратегиялы даму жоспары), әлеуетті инвесторлар мен несиелеушілерден қаржыландыру көздерін тарту үшін де дайындауғаболады. Бізге тапсырыс беру арқылы сіз белгілі бір инвесторлар үшін сапалы бизнес-жоспарға қол жеткізе аласыз.
Табысқа жеткізер бизнес-жоспарлау үшін (техниалы-экономикалық негіздеме) өте көп уақыт жұмсау, ақпараттың көп көлемін жинап, оны талдау, сондай-ақ қаржы менеджерлерінің, талдаушылардың, бухгалтерлердің біліктілігі қажет. Әр жобаны оның ерекшеліктерін ескере отырып, инвесторлар мен несиелеушілердің, тапсырыс берушілердің нықты талаптарына сай етіп жасау қажет, ал ондай талаптардың болмаған жағдайда Еуропа Даму және Қайта құру Банкісінің, UNIDO сияқты мекемелердің ұсыныстарын ескереді. Бизнес-жоспардың қаржылық бөлімі (техниалы-экономикалық негіздеме) қаржылық және есеп берудің қазақстандық және /немесе халықаралық үлгіге негізделіп есептеледі.
Бизнес жоспар (техникалы-экономикалық негіздеме) дайындаудағы қызметтер:
- бизнес-жоспарға қойылатын талаптарды анықтау, жасау, талдау және келістіру;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын жедел-талдауын жүргізу;
- есептік құжаттар негізінде болашақ кезеңге ақшалай ағымдардың қозғалысын жасау;
- жобаның қаржыландыру стратегиясын анықтау;
- маркетинг концепциясын және нарықтық талдау жасау;
- инвесторлар, несиелеушілер және тапсырыс берушілердің талаптарын ескеретін бизнес-жоспар жасау;
- жобаның (Техникалық тапсырысқа сай) өзектілігін алты ай бойы сақтап тұру;
UNIDO-ның стандарттарына сәйкес Бизнес-жоспардың жалпы құрылымы келесідей болуы керек:
- Резюме(Компания мен оның негізгі иелері жөніндегі ақпарат) ;
- Мақсаттар мен міндеттер(жобының негізгі қағидалары / жұмыстарының жоспары) ;
- Өнім / қызмет(өндірістің технологиясы, ерекшеліктері, сипаттамасы, өнімнің бәсекелестігін бағалау, оның сапалығын қамтамасыз етудің әдістері және т. б) ;
- Нарықты талдау(саладағы жағдай, негізгі қажеткерлер, нарық сегменттері, бәсекелестік орта, бизнестің тиімділігін және дамуының мүмкіндіктері және т. б) ;
- Маркетинг жоспары(бағаның құрылуы, сатуды үдейту әдістері, сатудың ең оңтайлы көлемдері, таратылу сызбалары, жарнамалық жобалар және т. б. ) ;
- Өндірістің жоспары(қажетті материалдар, жабдықтар мен өндіріс қуаттылығы, оларды жеткізу көздері, қосалқы мердігерлер, өндіріс технологиясы, өнімнің түрлері және т. б. ) ;
- Мамандар мен басшылар(қызметкерлер мен басшылардың ара-қатынасының сызбасы, кадрлік құрылым, еңбекті төлеу түрлері, мамандардың біліктілігі және т. б. ) ;
- Қажетті қаржының көлемі мен көздері(Қажетті қаржының көздері мен көлемі, оның қайтарылым шартттары, бос қаржының болуы және т. б. ) ;
- Қаржылық жоспардың негіздері мен тәуекелдерді бағалау(сату көлемдерінің және пайда / шығындардың көлемін болжау, мүмкін болатын барлық қатерлер, түсімдер мен шығыстардың толық жоспары, елдегі және белгілі-бір аймақтағы жалпы әлеуметті-саяси жағдай, онымен байланысты тәуекелдер, дебиттік және кредитттік қарыздарды қамтамасыз ету сызбалары және т. б. ) ;
- Егжей-тегжейлі қаржылық жоспар / бюджет(тоқсандық ақшалай ағымдарды талдау, өнімнің өзіндік құнын анықтау, пайда мен шығындардың тоқсандық бағасы, қаржылық ағымдарды анықтау және т. б. ) ;
- Жобаның бизнес-жоспарлауының құны мен дайындау мерзімі келесідей бірнеше факторларға байланысты:
- жоспарлау үшін қажетті ақпарат - егер ақпарат жеткіліксіз болса, біздің мамандар сыртқы ортаны зерттеу арқылы, сондай-ақ ішкі аудит негізінде жинауға көмек бере алады.
- бизнес-жоспарлаудың алушысы - бизнес-жоспар кім үшін жасалуда: өзіңіз үшін, несиелеуші үшін, инвесторлар немесе басқа мақсаттар үшін;
- Жобаның қиындығы және оны нақтылау қажеттілігі;
Тәуекелдер неғұрлым көп болған жағдайда Жобаны соғұрлым байсалдылықпен жасау керек.
2. Бизнес-жоспар құрылымы мен көрсеткіштерін талдау
2. 1 Бизнес-жоспардың қаржы көрсеткіштерін есептеудің
негізгі әдістері
Қаржы жүйесі- бүл кәсіпорынның өндірісті жүргізу және өткізу қызметтері процесіндегі несие ақша қатынастарындағы акша-қүралдарының айналымдылығы. Кәсіпорынның ақша-күрапдары қорының жасалуы және паидалануы кәсіпорынның каржы ресурстарын көрсетеді.
Өз кезегінде кәсіпорынның қаржылық-несие қызметі мыналармен байланысты; бағалы қағаздарды сату және сатып алуды болжау, ' акция мен облигацияны шығару, қозғалмайтын мүлікпен операциялар жасау, заемдарды алу және өтеу және басқа қызметтер кіретін қаржы наркы мен банк сферасындағы операциалармен баиланысты іс әрекеттер кіреді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы оның қүралдарды орналасіыру қүрылымы және оның қалыптастыру көздерімен сипатталад ы, соныменен қатар айналым қүралдарымен қамтамасыз ету, көлемінен оны жүмылдыру, айналым қүралдарының айналымдылығы төлем қабілеттіліктер де жатады.
Жаксы қаржы жағдайы - бүл түрақты төлем қабілеттілік, шоттағы есепте әрдайым ақша қүралдарының жеткілікті суммасы, айналым қүралдарын тиімді пайдалану, есепті дүрыс үйымдастыру, өндіріс рентабельділігі табылады. Кәсіпорын каржысын жоспарлаудың ^негізгі тапсырмасы болып төмендегілер табылады:
- өндірістік және инвестициялық қызметі қажетті каржы ресурстарымен қамтамасыз ету;
- қаржы қатынастарын тиімді орналастыру яғни шаруашылык етуші субъектілермен, банктермен, бюджетпен, сақтандыру компаяларымен және басқалармен;
- капиталды тиімді салу жолдары мен оны үнемді пайдалану дәрежесін бағалауды көрсету;
- ақша қүралдарын үнемді пайдалану есебінен табыстың үлғайу резервтерін жүмылдыру және көрсету;
- төлем күралдарының жүмсалуы мен күралуын бакылауды жүзег асыру.
Бизнес-жоспар жүйесінде қаржы жоспары өндіріс және маркегинг жоспарлары есебі нәтижесін өзіне тартады.
Қаржы жоспары бес негізгі есептеулерден түрады (яғни сметалдардан ) ;
-өнімді өткізу көлемі сметасы ;
-ақша түсімдері мен шығындары балансы;
- пайда мен шығын жоспары;
жоспарлы бухгалтерлік баланс:
- товарларды шығынсыз сату есебі.
Бизнес- жоспардың қаржы бөліміне инвестициялық стратегияны нёгіздеу есебі, несиені- товарлы материалды қамтамасыз ету; рентабельдік есебі, қаржының тәуекел мен сақтандыруды бағалаулар да кіреді.
Өнімді өткізу көлемі есебі. Кей товарлардың сату көлемін болжау негізінде сату көлемі сметасы қалыптасады. Болжау жыл бойында бірінші айға, екінші тоқсанға, үшінші толық жылға жасалады.
Бизнес -жоспарды жасауға негізгі тапсырманы марксгинг ұсынады, яғни-өтуді және сату көлемін талдау негізінде өндірісті немесе өнімді өткізу жатыр.
Сату нарқын зерттеуде келесі әдістер қолданылады.
Эвристикалық әдіс болжамы.
0+4 * М + П
N = ;
6
мұнда: 0 - оптимистикалық бағалау
М - орташа бағалау
П - түңілген (нақты) бағалау
N - сату көлемін болжау.
Трендовалық болжау - кейбір товар түрлері мен топтарына жүргізіледі.
N=N Teк xt;
мүнда: t - өсу темпі.
N ағымдағы (тек)
t= ;
N өткен (пред)
N Teк - жыл ағымындағы көрсеткіш мәні.
N перед . - өткен кезең көрсеткіштің мәні.
Жылдың динамикасы бар болса онда өсу темпін орта көрсеткіш жолын пайдалану керек.
t = п л/ tj * t 2 x . . . xtn
Факторлық талдау.
Мұнда корреляциялық және регрессивтік тәуелділікті пайдалана отырып күтетін сату көлеміне негізгі факторлар әсерінің ықпалын табу.
N = х о х X фі хі ; мүнда:
х 0 - әрдайым қүрайтын фактор.
фі - коэффициент мәні, яғни көрсеткішке әсер етуші і - файторды анықтаушы.
хі - і - фактордың мәні.
Сыналатын маркетинг - товардың шағын партиясын саулага шығара отырып, сүраныс мүмкіндіктерін білу. Маркетингтік талдаудың объектісі болып:
- түтынушы; зерттеу нәтижесінде нарықтағы мінез, мотивтерін үсынушы;
- товар қасиеті, яғни өмірлік циклі диограммасын күру үшін;
- бәсекелестер; яғни бәсекелестер товарлары қалай жүзеге асырылады және зерттеледі, сонымен байланысты.
2. 2 Өнімді өткізу көлемі есебі
Сату сметасы: бүл смета әдетте бірінші кезекте қүрылады. Негізінде ақша түсімінің көрінуі қызметін бағалауда, сонымен катар басқа барлық сметаларды негіздеуде.
Сату көлемі ағымдағы пайданың калыптасуына факторлы әсер етеді. Сонымен қатар сату сметасы ақпараттарды камтамасыз етеді:
1) Әр товар бойынша өткізу көлемін шамалау;
2) Әр товар бірлігіне бағаның күтілуі.
Сату көлемінің қарапайым көрінісінің шамасын бағалауда өткең жылғы сату көлемі ескеріледі. Ағымдағы жылдың есеп факторларының өзгеру мөлшеріне тікелей өткізу әсер етеді. Мысалы: тауар көлемі, заказ берілгендер, жоспарланған жарнама компаниясы, жалпы экономика саласындағы экономикалық конъюнктура, өндіріс куаты, баға саясаты және нарықтық зерттеу нәтижелері. Бағалауға өткен жылғы сату көлемінің статистикалық талдау факторларының әсері пайдаланылады. Осы талдаулар осы жылғы сату көлемінің математикалык байланысын және сату көлемін анықтайды. Натуралды кэріністе сату көлемінің шамасын алған түсімді болжауға болады, яғни шамаланған сату көлеміне күтінген товар бағасына көбейту арқылы. Сонымен қатар кәсіпорын
өкілдіктері смета түрі мен нақты сату көлемін салыстыра отырьш екі мөлшердің айырмашылығын көрсетеді. Баскару персоналы мұның себептерін зерттейді және жақсартуға шаралар қолданады. Мұны төмендегі кестеде келесі түрде сипаттаймыз.
Жылдағы сату сметасы.
Кесте №3.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz