Ядроны итермелеу техникасын жетілдіру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
КАСПИЙ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ
САЛАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ

КУPCТЫҚ ЖҰМЫC

Тaқыpыбы: Жеңіл атлетикалық лақтырудың фазалары мен жылдамдық, ептілік қозғалыстың икемділігі

Пәнi:Жеңіл атлетика және оны оқыту әдістемесі
Мaмaндығы: Дене тәрбиесі және спорт

Opындaғaн: тoбы 4ДТС А-20 бб cтyдeнтi
Құдайбергенов Ернұр
Жeтeкшi: Қалдаманов Дәулетбай

Жаңаөзен 2024

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I. Жеңіл атлетиканың тарихи дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .4-5
1.1. Лақтыру түрлерінің техникасын оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... 6 -7
1.2 Ядроны итеру техникасына оқыту әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... .8-13

II. Снаряд лақтыру техникасын оқыту әдістері. Граната лақтыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14-18
2.1. Дискті лақтыру техникасына Үйрету әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... 19-21
2.2. Найза лақтыру әдісінің негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22-25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26-27
Қолданылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Жеңіл атлетика адамдардың жаппай айналысатын көпшілікке танымал спорттың бір түрі болып табылады. Жеңіл атлетика спортының әртүрлі түрлерімен әуесқой және кәсіби мамандар көптеп айналысады. Спорттың осы түрінің танымалдығын былай түсіндеруге болады, яғни бұл спорт түрі өзінің ұйымдастырылуы үшін аса қымбат тұратын спорттық құрал-жабдықтарды, арнайы құрылысты талап етпейді. Осы жағдайда жеңіл атлетика денсаулықты жақсарту мақсатында көп қолданылатындығы ретінде қарастырылады. Адамдардың жеңіл атлетикамен айналысуы салауатты өмір салтын қалыптастырады, бос уақытын белсенді өткізуге, адамның жалпы дене мәдениетін дамытып, қоршаған орта және табиғатпен байланысуына әрекет етеді. Сонымен бірге Жеңіл атлетика жалпы білім беретін мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында дене тәрбиесінің міндетті оқу бөлімі болып табылады. Ал мамандану ретінде дене тәрбиесі жоғары оқу орындарында оқиды. Осы аспектіде жеңіл атлетикада қозғалмалы әрекеттерді орындаудан арнайы әдіс-тәсілдермен сипатталатын, ал сонымен қатар ерекше құрал-жабдықтарды қажет ететін жарыстардың әртүрлі түрлерін кірістіреді
Курстық жұмыстың мақсаты:. Әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған білім берудің негізгі мақсаты білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербес, ізденімпаз, дені сау, өзгермелі өмір жағдайына белсенді және білімін қажетті жағдайда шығармашылықпен пайдалана алатын жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.
"Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында" педагогикалық қоғамдастықтың алдында ауқымды міндет тұрғандығы, яғни - білім берудің жаңа моделін құрып, оны сынақтан өткізу, тәжірибеге енгізудің негізгі принциптері көрсетілген. Тұжырымдамада мамандар даярлау жүйесінде білім берудің сапасын қамтамасыз етуде жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандарды кәсіби даярлау сапасын арттыру қажеттілігі айтылған
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
1. Жеңіл атлетикалық жаттығулардың мазмұны мен зерттеу жолдарының ғылыми бағыттары, қазіргі күйі теориялық жағынан зерделенді.
2. Зерттеу нысанасы негізінде жеңіл атлетикалық жаттығулардың ұғымдарының педагогикалық-психологиялық мәні анықталды.
Зерттеудің практикалық мәні:
Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға болады.

I. Жеңіл атлетиканың тарихи дамуы
1.1 Лақтыру түрлерінің техникасын оқыту әдістемесі
Жеңіл атлетика сияқты тарихи бай спорттың түрін табу қиын. Жүгіру, секіру және лақтыру адам баласының еңбегіне және күн көрісіне қажетті болғандықтан адам баласымен бірге дүниеге келген. Жеңіл атлетикалық жаттығулар барлық халықтардың бірінші ойындары, қызықты шаралары, сонан кейін жарыстарына айналды. Археологиялық қазбаларға қарағанда табылған суреттерден Азия және Африка халықтарының арасында жеңіл атлетикадан жарыс болды деген ұғымға келуге болады. Ежелгі Египетте және Таяу Шығыс елдерінде жылдам жүгіру өнері пайда бола бастады.
Ежелгі Грецияда жеңіл атлетика спорты жақсы дамыды. Сол кездегі көп соғыстар күшті және епті адамдарды тәрбиелеуді талап етті. Сондықтан осы елде спорттық жарыстар жақсы дамыды. Жарыстар сол елдің дәстүрі бойынша жүргізілді. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдар арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізілген. Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы Олимпиада чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі.
Афинада тәрбие жүйесі ерте құрылды, дене тәрбиелеу мәдениеті мен қатар ғылым және өнер жақсы дамыды. Балалар бір уақытта грамматикалық, музыкалық, гимнастикалық мектептерге қатысты. Жалпы гимназиялық мектептерде тәрбиелеу 6 жастан басталды. Гимназияда дене жаттығуларына көп көңіл бөлінді. Сондықтан Афинада жан-жақты дененің дамуына үлкен алаң ашты. Гректер жақсы дайындалған Олимпиадалық ойындарға қалай жарысу керек екендігін білген және жақсы көрді. Гректердің спортпен айналысуы соның ішінде жеңіл атлетикамен архетиктуралық, скульптурлық және әдебиеттік ескерткіштерден көрініп тұрды. Соңғы ғасырларда біздің эраға дейін Олимпиадалық ойындарға спортшылар мен кәсіпқойлар қатысты.
Бірінші Олимпиада біздің эрамызға дейінгі 776 жылы болған. Соның бағдарламасында бір стадионнан екінші стадионға дейін жүгіру болып (192,27 метр), бұл арақашықтықты дромас деп атады.
XIV Олимпиада ойындарында екі рет жүгіру сол арақашықтықты драулос деп атады. Ал кейін ұзын арақашықтыққа жүгіру 24 стадия доликас деп аталды.

Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған.
Ал, жеңіл атлетика жарыстары алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстар жиі өтіп тұрған. Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындықта және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізді.
1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті.
1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым бөлігі университет ошақтары болды.
1880-1890 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды.
1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орасан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен І олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды.
1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті.

Лақтырыстарда ең маңызды қозғалыс шеберліктерге тірекпен және өзара аяқтардың әрекетін, снарядтың екпінінде лақтырушы денесінің бөлек бөліктерін пайдалану кезектілігін, мәрелік күшті пайдалану үшін снарядтың зымырауын орындауды жатқызуға болады. Лақтырыс қозғалыстарын меңгеру және снарядқа күшті қоя білуі үшін тығыздалған доптарды, құммен толтырылған қаптарды және әртүрлі салмақтағы ядроны пайдаланып, арнайы жаттығулардан үйренуді бастау қажет, мысалы:
аяқтарды бүгіп және тік ұстап, жоғары кеудеден екі қолдармен допты итермелеу;
алдын-ала аяқты бүгіп, жоғарыдан бір қолмен итермелеу;
серіктесіне қарама-қарсы, содан кейін жанына тұрып, оған алға-жоғары қарай бір қолмен итермелеу;
әртүрлі қалыптан екі қолмен допты лақтыру (төменнен - алға - жоғары - бастан асыра - алға, жанынан - алға - жоғары және басқа да бағыттар бойынша).
Лақтырыс қозғалыстарының негізіне үйреніп, ядроны итермелеу техникасына үйренуге көшуге болады.

Лақтырудағы жеке ережелер. Дискіні лақтыру қатысушымен статистикалық жағдайын ұстағаннан кейін шеңбер негізінде орнынан немесе айналумен бір қолмен орындалады. Қатысушы жерге снарядтың түсуіне дейін шеңберден шықпауы қажет. Қолғапты пайдалану рұқсат етілмейді.
Балғаны лақтыру шеңбер шегінде орнынан немесе айналуымен (бір немесе бірнеше) екі қолымен орындалады. Ашық бармақтармен қолғаптарды пайдалану рұқсат етіледі. Егер қатысушы балғаны айналдыру кезінде шеңбердің сыртында жерді жанаса және лақты- руды орындаса, онда талпыныс есептеледі. Қозғалыстың бастамасы алдында қатысушы балғаны шеңбердің сыртына немесе ішіне қоюға құқы бар. Балғаны лақтыру нәтижесі шармен қалдырылған ізінің жақын нүктесі бойынша өлшенеді.
Найза лақтыру лақтыратын қолының иығы немесе білек арқылы орнынан немесе екпінмен (айналусыз) орындалады. Найзаны орамы- нан ұстау қажет. Найза лақтыру тәсілінде қандай да бір өзгерістер рұқсат етілмейді. Жерге найза жеткенге дейін жол шекарасынан кетуге рұқсат етілмейді. Лақтырыс дұрыс деп есептеледі, егер найза жерге түсу кезінде жерді қандай да бір бөлігімен емес, ал ұшымен жанаса.
Гранатты және допты лақтыру найза лақтыру сияқты орында- лады. Найза, допты, гранатты лақтырушылар өзінің екпін алу жолын белгілеп қоюға құқы бар, бірақ жолды белгілеп қоюға рұқсат етілмейді. Қатысушыларға жарысты жүргізуші ұйыммен ұсынылған белгілеу үшін желбіреген лентаны немесе фишкаларды пайдалануға болады.
Ядроны итеру орнынан иығына бір қолымен немесе қатысу- шымен статистикалық жағдайда ұсталғанан кейін шеңбер шегінде қозғалыс орындалуы мүмкін. Ядро қол иық деңгейінен төмен түспеуі қажет. Егер ядро қол,иық шегінен жанына немесе артқа қарай апарылса, онда талпыныс есептелмейді.

\

1.2 Ядроны итеру техникасына оқыту әдістемесі

Снарядтың салмағы ерлерде 7,257 кг, ал әйелдерде 4кг, осы снарядтарды итеру үшін үлкен күш қажет.
Ядро серпу бұрышы 45˚ шеңбердің ішінде тұрып орындалады. Ядроны ұстау. Ядро сәл ашылған оң немесе сол қол саусақтарында орналасады. Жаңа бастаған спортшылар ядроны алақанға таяу салып ұстайды. Ядро орналасқан қол бұғана шұңқырына мойынның жанында орналасады, ядроны мойынға қысып ұстайды.

Сермеу. Сермеудің мақсаты артқа ырғу және бұрылу арқылы итерушіні қозғалысқа дайындау. Ең кӨп тараған түрі артқа ырғып итеру. Сонымен қоса сермеудің мақсаты қозғалудың бастапқы кезінде лақтырушы - снаряд жүйесінен нәтижелі жағдай туғызу. Итеруші лақтыратын жаққа арқамен шеңбердің арт жақ бӨлігінде тұрады. Сол аяқ сәл артқа, оң аяқтың жанына қойылады. Ядроны оң қолмен иық үстінде ұстайды. Бүгілген оң қол жоғары немесе алға - жанға қарай бағытталған.
Алға еңкейе және сол аяқты кӨтеріп спортшы оң аяққа тұрады. Содан кейін оң аяқты бүгіп сол аяқты тӨмен түсіріп жинақталады. Бүгілген сол қол дененің алдында, оң қолдың шынтағы жанына қарай апарады. Осы қалыпта тұрған лақтырушының мақсаты снарядты шеңберден шығара лақтыру.
Снарядқа екпін беру. Екпін беру ырғып немесе бұрумен орындалады. Ырғу деген сӨз қозғалыс сипатын дәл бермейді. Шынында ол жедел ортаға сырғанап қозғалу болып табылады. Осылай қозғалу сол аяқтың артқа белсенді сермеуі және оң аяқтың жазылуымен басталады. Дене сәл түзетіледі. Нәтижесінде итеруші жедел табанның ұшы арқылы шеңбердің ортасына сырғанай қозғалады немесе оң аяқтың Өкшесі арқылы қимыл жасайды, кӨбінесе, бұндай әдісті бойы аласа спортшылар қолданады. Оң аяқ жерге тиісімен жедел ішке және сәл сол жаққа бұрылады. Сол аяқ жолға қойылады. Сол қол алға тӨмен түсіріліп, жабық қалыпты сақтауға кӨмектеседі.
Финалдық қозғалыс (күш түсіру). Сол аяқ жерге тимей итерілу басталады, ол сырғанағандай тәріздес. Қозғалудың бірінші бӨлімі ұстау. Осы ұстау сәтінде бұлшық еттер созылады. Осы кезге дейінгі бұлшық ет жиырылады. Ары қарай жамбас кӨтеріле бұрылып, оң аяқ жазылып, денені жедел қимылдатып итеретін жаққа бейімдейді. Иық алға жоғары бұрылып, қол ядроны итерумен аяқтайды. Сол аяққа финалдық күш түседі, сәл бүгіліп оң қолмен бір уақытта түзетіледі. Сол қол иықтың бұрылуына және кеуденің алға жоғары шығарылуына байланысты шынтақ артқа әкетіледі. Бас итеретін жаққа бұрылады. Итерілу аяқтың жедел ауысуымен аяқталады. Себебі тепе-теңдікті сақтауға шеңберден шығып кетпеуіне Өз үлесін қосады.

1 міндет. Ядроны итеру техникасымен таныстыру.
Ядроны итеру техникасы жөнінде дұрыс қозғалыс және көрермендік көрініс қалыптастыру және көрнекілік әдістерден тұрады. Бұл кезде қысқаша түрде снарядтың формасы, салмағы және жарыс ережелері жөнінде мәліметтерді кірістіріп, қозғалыс кезектілігі түсіндіріледі. Техниканы көрсету оны жақсы меңгерген оқытушы- лармен немесе жаттықтырушылармен жүргізеді.
2 міндет. Ядроны ұстауға және итермелеуге үйрету.
Ядроны ұстауға және итермелеуге үйрету. Ядроны тікелей итермелеуге үйретуді оны ұстаудан және едәуір күшпен итерме- леуден бастау қажет. Ядроны ұстаудан көрсетуден және түсіндіруден кейін жаттығушылармен оны орындау дұрыстығымен тексеріледі. Ядро білектің тік қалпы кезінде саусақтардың негізінде қойылады. Осы міндетті шешу үшін келесідей жаттығударды ұсынуға болады:
қолдан-қолға ядроны қайта лақтыру;
кейіннен ұстаумен, азғантай білекке жоғары қарай ядроны итермелеу;
алға-жоғары және алға-төмен қарай ядроны итермелеу;
әртүрлі құралдар арқылы ядроны итермелеу.
Бұл жаттығуларда ядроны итермелеу итеру бағытына жартылай жолы қалпынан орындалады. Бұл кезде бір уақытта қолдарды жазумен және денені аяқтармен келісілген жазумен және денені ұстаудан қадағалау қажет. Ядро итерістерін итермелеуді ұқсастырумен кезектестіру қажет
1 міндет. Бір орыннан ядроны итермелеу техникасына үйрету ( немесе мәрелік күшке).
Бір орыннан ядроны итермелеуге меңгеруді бетімен қарама- қарсы қалыптан, ал содан кейін лақтыру бағытына жанымен, бірақ алдын-ала оңға қарай иық белдеуінің бұрылысымен бастау қажет. Бұл жаттығулар лақтыру бағытына арқасымен тұрып, бастапқы қалыптан итермелеуге көшу болып табылады. Бұл кезде аяқтар жаймен

1сурет. Ядроны жоғары қарай итерудің орындалуы
бүгілген, алға қарай сол аяқ, дененің салмағы басым түрде оң аяқта болады. Сол аяқтың өкшесі жаймен ішке қарай бұрылған. Итермелеу топыраққа сол аяқты қоюмен басталады.
Бір орыннан итермелеу техникасын меңгеру үшін көмекші жаттығулармен әртүрлі бастапқы қалыптан бір және екі қолмен толтырылған доптарды итеруге болады

2 міндет. Секіріс тәріздес екпіннің техникасына үйрету.
Секіріс техникасымен меңгеруде имитациялық жаттығулардың бір қатары бар:
бастапқы қалыптан лақтыру бағытына арқасымен тұрып: денені итермелеу оң аяққа топтастырылады, бүгілген сол аяқ, оң аяқтан сусақтарына жақын тірекке қойылады;
оң аяқ итермелеуді бір уақытта түзетумен бағытта алға қарай сол аяқпен сілтеумен орындалады;
сол аяқ өте төмен бүгілу кезінде, бастапқыға жақын, қалыпқа қайтып келеді. Осы жаттығуды тұрақты бастапқы қалыптан (бастапқы жинақталу) бастау. Келесі жаттығу алдынғысының жалғасы болып табылады. Бастапқы жинақталудан кейін оң аяқпен бір уақытта итермелеумен итермелеу бағытында сол аяқпен сермеу, содан кейін дене астында итермелеуіш оң аяқты белсенді созумен, оң аяқты төмен жылжымалы қозғалту жолымен қысқартылған секірісті орындайды. Жаттығуларда итеруді дұрыс орындау сезімін құруды оны серіктесінің көмегі арқылы орындауға болады. Ол үшін үйренуші сол аяқты алға қарай еңісте және артқа қарай апарылған қадамда көтеріліп, серіктес итермелеу бағыты бойынша жаттығушының жеңіл орындауына көмектеседі

2 Сурет. Нығыздалған допты лақтыру

2 міндет. Секірістен ядроны итермелеу техникасына үйрету.
Әрбір сабақта үйренушімен бір орыннан ядроны итермелеуді және секірісті имитациялауды қайталау қажет. Одан басқа қойылған міндетті құралдармен шешу үшін келесідей жаттығулар болады:
секіріспен және снарядсыз ядроны итермелеуді имитациялау;
секіріспен жеңілдетілген салмақта ядроны итермелеу;
жарыс ережелерін сақтап және нәтижеге шеңберден секіріспен ядроны итермелеу;
секіріспен ядроны итермелеуді орындау уақытында ерекше назарды секіріс уақытында дененің еңісін сақтауға және бұл фазаның аяқталуынан кейін жабық қалыпта сақтауға ерекше көшуге болады.

44 сурет. Ядроны итеруге арналған арнайы жаттығулар (Н.Г.Озолин бойынша)

2 міндет. Ядроны итермелеу техникасын жетілдіру.
Жалпы ядроны итермелеу техникасын жетілдіру кезінде бұл міндетті шешу үшін басты құралдар мыналар болды:
снарядпен, снарядсыз және тренажерларда бөлек фазаларда жетілдіру үшін арнайы жаттығулар;
шеңберден әртүрлі салмақта ядроны итермелеу;
нәтижеге ядроны итермелеу.
ядроны итермелеу техникасымен меңгеруді дене қасиеттерін дамытумен және оларды жетілдірумен параллелді түрде жүргізу қажет (72 сурет).
Диск лақтыруды үйрену кезектілігі ядроны итермелеуге үйрету кезектілігі ұқсас. Дискті лақтыру техникасының ерекшелігі онда алдын-ала және мәрелік қозғалыстар айналмалы-ілгермелі болып табылады. Дискті лақтыруға үйренуге көшіп, айналмалы қозғалыс- тармен жаттығушылардың дайындығы, тәжірибие жүзінде жеткіліксіз арнайы дайындық және қажетті қауіпсіздік шаралар қажет. Осылай, сабақтарда арнайы жарақаттарды болдырмауда дисктерді тек қана бір бағытта лақтырады. Сабақтар үшін орындар соның ішінде шеңберлер үшін мүмкіндігі бойынша әрі қарай орналасады. Топтық оқыту кезінде лақтыру кезектілігін нақты орнату қажет және снарядтан кейін алаңға шығуы міндетті түрде орындалады.

II.Снаряд лақтыру техникасын оқыту әдістері. Граната лақтыру

Ақырғы адымда орындалатын адымды - лақтыру адымы деп атайды. Жылдамдықты тӨмендегідей оқушы гранатаны артқа ығыстырады, лақтыру алдында финалдық қозғалысты жасауға қолайлы қалыпқа келеді. Лақтыру адымы оқушының жеке дара мүмкіндігіне байланысты. Гранатаны ығыстырудың және лақтырудың ең оңтайлысы 4- адымнан лақтыру. Қайшылау адымы сол аяқпен итеріліп, оң аяқтың сермелуімен басталады.
Оң аяқ алға шығады, табанмен сырт жаққа бұрылып қырымен қойылады. Осы кезде дене оңғашалқайып бұрылады. Сол аяқ жедел алға шығып, Өкшеден қойылады, табанның ұшы лақтыратын жаққа бағытталған. Содан кейін лақтырушы оң аяқты түзетіп, Өкшені сырт жаққа бұрады. Оң жақтың жамбасы алға беріледі, дене салмағы оң аяққа ығысады. Шынтақтан бүгілген оң қол, гранатаны Өзіне алып, тартылған садақша қалыпта жағдайдан Өтіп, иықтың және қолдың алға-жоғары жедел қозғалуы арқылы граната лақтырылады. Лақтыру бұрышы 40-42°, граната тік жазықтыққа айналады. Лақтырылғаннан кейін тепе-теңдікті сақтап қалу үшін, оң аяқты тез алға шығарып, табанды іш жаққа қаратып, аяқты тізеден бүгу әдісі дұрыс болады. Тізеден отырып лақтыруда оқушы оң жаққа денені бұрып, оңтізегеотырады, аяқтың ұшын жерге тіреп, тізеден бүгілген сол аяқ, толық табанға қойылып, лақтыруға ыңғайлы жағдайда тұрады. Гранатасы бар қол тӨмен артқа ығысады, содан кейін лақтыру арқадан иық арқылы Өтеді. Граната ұшысымен лақтырушы дененің қозғалысын аяқтап, алға еңкейеді. Бүгілген сол қол кеудеде бүгіледі. Жамбас оң жаққа бұрылған, аяқ арасы сәл ашық, оң аяқ табанның ұшымен ішкі жақ қырымен, сол аяқ сырт жағымен жерге тірелген. Тік қолды артқа оң жаққа апарып, лақтырушы сәл оң жаққа бұрылып, аяқпен дене бүгіледі. Бірақ аяқты тіреу бұзылмау қажет, сол қол түзеледі. Лақтырар алдында кеуде оң аяқтың тізесіне таялады, гранатасы бар қол артқа оң жаққа бағытталған, алақанымен жерге тірелген сол қол түзу. Лақтыру денемен аяқтың түзетілуінен басталады. Лақтырушы сол қолға тірелу арқылыденені алға ығыстыра кӨтереді, осы дененің қозғалысы қолдың тӨменнен жоғары кӨтеруін жеңілдетеді. Тік қолмен лақтырғаннан кейін, қолды бүгіп, кеудені жерге тигізіп жату қалпын сақтайды.
Граната лақтыру ережесі жіңішке таяқшадан басталады. Белгіленген секторға коридорға түседі. Таяқшаның ені 7 см, ұзындығы 4 м ағаштан, темірден жасалады. Допты лақтыруда бақылау таяқшасы қисық доға тәріздес болады, лақтыру бұрышы 29°. Салмағы ерлерде 700 г, әйелдерде 500г. Граната, доп, найза, түсетін жерге 10 м коридор сызылады, осы коридордан шығып кетсе, есептелмейді. Коридордың жанындағы сызықтар ені 5 см ақ сызықпен кӨрсетілген. Жүгіру жолдың ұзындығы 30, ені 4м. Түсу секторы шӨп немесе жер болуы қажет. ТӨрешілер алқасы аға тӨреші, алаңдағы тӨреші, Өлшейтін тӨреші және хатшы.
Граната лақтыруға тӨменгі бір қалыппен үйретіледі:
1) Граната ұстаумен таныстыру, снарядқа күш түсіре білу;
2) Гранатаны орында тұрып, қолды артқа ығыстырып лақтыру, орында тұрып лақтырғаннан кейін бір адымнан лақтыру;
3) Гранатамен жүгіруге үйрету,
4) Екпін алып жүгіріп лақтыруға үйрету, үйрету кезіңде допты, тасты пайдалануға болады;
5) Бастапқы кезде әдісті меңгеру үшін қысқа аралықта жай жүгіріп, содан кейін екпін алатын аралықты ұзартып, жылдамдықты кӨбейтіп, екпін алу аралығы 4-6 м толық 8-12 м жүгіру адымы.
Найза лақтыру техникасы үйренушілерден қозғалыстың жақсы үйлесімін, бұлшықет иілімділігін,буын ептілігін, серпінді күш, денені және ырғақ сезімін басқара алуды талап етеді.. Осының бәрі жалпы дене шынықтыру және арнайы найза лақтыру дайындығына қатаң талап қояды. Сондықтан, лақтыру әдістерін үйрену кезінде ерекше орын алатын қосалқы снарядтар, доптар және гранаталар. Бұл үйренушілерге найза лақтыруды үйрету кезінде кӨп қателік болдырмауға кӨмектеседі, егер ең алдымен үйренуші бірден негізгі снарядты пайдаланса, яғни найза лақтыру шағын допты және гранатаны лақтыру Өнерін меңгергеннен кейін басталады. 1-міндет. Граната (доп) лақтыру техникасымен таныстыру.
Тапсырманы орындағанда мұғалім граната мен допты лақтыру тәсілін толық кӨрсетеді, лақтырудың жеке фазаларын түсіндіреді, кадр тізбегін, плакат, бейнефильмдерді кӨруді ұсынады, жарыс ережелерімен танысты рады. 2-міндет. Снарядты ұстауды және лақтыруды үйрету.
Дұрыс және дәл лақтыру үшін снарядты дұрыс ұстау керек. Оның сабы алақанға бүгілген кішкентай саусақтың ұшына тірелуі керек,ал басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеңіл атлетика жаттығуларынының құрылымы
«Жеңіл атлетика оқыту әдістемесі» оқу құралы
Лақтырушылардың күш жаттығуының негіздері
Жеңіл атлетика сабағы процесі
Жеңіл атлетиканың түрлері
Жеңіл атлетиканы дамыту
Жеңіл атлетика сабағы
Салауатты, денсаулықты сақтау
Жеңіл атлетика түрлерінен сабақ өткізу әдістемесінің негіздері
Жеңіл атлетика жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, жаттығуларынан біріккен спорт түрі
Пәндер