Инклюзивті білім беруді енгізу


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ШЫРАҚБЕК ҚАБЫЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚОСТАНАЙ АКАДЕМИЯСЫ
КӘСІБИ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҚ ЖӘНЕ ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ БАСҚАРУ КАФЕДРАСЫ
Н. С. ШАЙМАҒАМБЕТОВА, А. Х. ОРАЗОВ
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ
ДӘРІС КУРСЫ
Қостанай, 2021 ж
Дәріс курсы «Инклюзивті білім беру», - Костанай, 2021 ж. -114б.
Құрастырушы-авторлар: Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясының кәсіби-психологиялық даярлық және ішкі істер органдары басқару кафедрасының оқытушылары Н. С. Шаймағамбетова, А. Х. Оразов.
Пікір сарапшылар:
Экстремистік идеологияға қарсы тұру іс-қимыл бойынша ҚАЖ мамандарын даярлау орталығының бастығы, педагогика және психология ғылымдарының магистрі, полиция майоры М. С. Туйганов
Академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті гуманитарлық ғылымдар кафедрасының доценті, педагогикалық-психологиялық білімдер магистрі Д. З. Абдуллина
Ұсынылып отырған «Инклюзивті білім беру» пәнінен дәріс курсы қазіргі кезеңдегі «Педагогика және психология» мамандығы бойынша дайындалып жатқан мамандар үшін қажет. Инклюзивті оқыту - барлық білім алушыларға мектеп, колледж, жоғары оқу орындары өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-білім алушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру білім алушылардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Инклюзивті оқыту - мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар білім алушылармен дені сау білім алушылармен бірге олардың әлеметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқытудың базалық құқық құжаты дамуында қандай да бір ауытқуы бар білім алушыларға нәтижелі көмек құруға, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке және мамандыққа даярлау, адам мүгедектігін сауықтыруға бағытталған.
Дәрістер Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі оқу орындарының курсанттарына арналған.
Мазмұны
Кіріспе . . . 5
Тақырып 1. Инклюзивті білім берудің философиялық және мәдени аспектілері
1. Инклюзивті білім беру ұғымы . . . 7
2. Инклюзивті білім берудің әлемдік тәжірибесі . . . 10
3. Инклюзивті білім берудің философиялық және мәдени аспектілері . . . 14 Тақырып 2. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері
1. Ағымдағы жағдайды талдау . . . 17
2. Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерінің стратегиялық бағыттары … . . . 19
3. Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін іске асырудың тетіктері . . . 21
4. Тұжырымдамалық тәсілдерден күтілетін нәтижелер және іске асыру кезеңдері . . . 22
Тақырып 3. Инклюзивті білім педагогикасының жалпы негіздері
1. Инклюзивті білім берудің әдіснамалық негіздері . . . 27
2. Инклюзивті білім беру жағдайында тұтас педагогикалық процесте оқыту және тәрбиелеу . . . 33
3. Инклюзивті білім беру: халықаралық тәжірибе, заманауи тенденциялар . . . 36
Тақырып 4. Инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерді қалыптастырудың педагогикалық шарттары
1. Инклюзивті орта, ұйымның қауіпсіздігі және қол жетімділігі . . . 41
2. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдармен жұмыс істеу үшін мамандар даярлау . . . 43
3. Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері. Инклюзивті білім беру ортасының құрылымы . . . 44
Тақырып 5. Білім беру ортасы әлеуметтік және психологиялық бейімделу аспектісі ретінде
1. Арнайы білім берудегі инклюзияның пайда болуы: интеграциядан инклюзияға көшу . . . 48
2. Инклюзивті мектептің негізгі концепциялары мен ережелері . . . 51
3. Білім алушылардың девиантты дамуының психологиялық типологиясы . . . 52
Тақырып 6. Инклюзивті білім берудің гендерлік аспектілері
1. Гендер проблематикасы: кешегісі мен бүгінгісі . . . 59
2. Жасөспірім жасындағыларға инклюзивті білім мен жыныстық тәрбие берудің ерекшеліктері . . . 64
Тақырып 7. Жалпы білім беру жүйесінде инклюзивті білім беру технологиясы
1. Инклюзивті білім беру жүйесіндегі оқыту технологиясы . . . 72
2. Жеке оқыту технологиясының ерекшеліктері . . . 76
Тақырып 8. Инклюзивті білім беру іске асыру құралы ретінде қашықтан және онлайн оқыту технологиясы.
1. Қашықтықтан оқыту технологиясының түсінігі және мәні . . . 83
2. Қашықтықтан оқыту технологиясының мақсаттары, міндеттері, принциптері мен функциялары . . . 85
3. Қашықтықтан оқыту технологиясының түрлері мен модельдері . . . 88
4. Инклюзивті білім беруде білім беру ортасын қалыптастыру және интерактивті технологияларды («кейс-әдіс», «портфолио») қолдану ерекшеліктері . . . 92
Тақырып 9. Инклюзивті білім беруді ұйымдастырудағы педагогтың кәсіби стандарты
1. Педагогтің кәсіби стандарты туралы түсінік . . . 96
2. Инклюзивті білім беру жағдайындағы педагог тұлғасы . . . 100
3. Инклюзивті білім берудің заманауи жағдайларында педагог тұлғасының бағыттылығы . . . 101
Тақырып 10. Инклюзивті білім беруде жұмыс істеу үшін педагогтардың кәсіби құзыреттілігі.
1. Инклюзивті білім беру жағдайында педагогтың кәсіби құзыреттілігі туралы түсінік . . . 105
2. Инклюзивті білім беруде мұғалім мен әр түрлі мамандардың қызметтік міндеттері . . . 109
3. Педагогтар мен мамандардың пәнаралық өзара әрекеттестігі . . . 110
Ұсынылған әдебиеттер тізімі . . . 113
Кіріспе
Инклюзивті оқытудың базалық құқық құжаты дамуында қандай да бір ауытқуы бар балаларға нәтижелі көмек құруға, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке және мамандыққа даярлау, бала мүгедектігін сауықтыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мүмкіндіктері шектеулі балаларды «Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетімді қолдау» заңы болып отыр. Қазақстанда және де басқа ТМД мемлекеттерінде бұл процестің құқықтық, ғылыми, оқу-әдістемелік, тәжірибелі мамандармен жетік қамтамасыз етілуі қарастырылмаған. Сондықтан, барлық курсанттарды жалпы білім беру процестеріне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жасына, жынысына, шығу тегіне, дініне, экономикалық статусына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға; отбасыларын белсенді қатыстыру, баланың дұрыс дамуына педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, баланың ғана емес, ортаның балалардың жеке ерекшелігіне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуі, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
«Жалпыға бірдей білім» қозғалысы ЮНЕСКО-ның қолдауымен 1990 жылы «Жалпыға бірдей білім» Халықаралық конференциясында туындады (Джомтьен, Таиланд) . Екі он жылдық даму кезеңінде қозғалыс кең мағынада өріс алды: барлығына бірдей әртүрлі деңгейде және бүкіл өмір бойына білім беру.
ХХ ғасырдың аяғында әлемнің көптеген дамыған елдерінде (АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Германия, Италия, Скандинав елдері) денсаулығында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруде балабақшаларда негізгі мектептер мен топтарда түзету сыныптарын құруды көздейтін инклюзивті білім беру жетекші стратегия болып табылады. Алайда, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың сыныптар мен топтарын іріктеу осы балалардың мектеп және балабақшаның қоғамдық өмірінен бөліп тастауға әкеледі, және байланыс және балалардың өзара іс-әрекеті мен қарым қатынасында белгілі бір кедергілер жасайды.
Сондықтан, интеграциядан мүмкіндігі шектеулі балаларды (бұдан әрі - МШБ) бірлесіп оқыту және тәрбиелеуді енгізу - инклюзияға көшті. «Инклюзия» «қосу» термині 1994 жылы ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың білім беру саласындағы принциптері, саясат және практикалық қызмет туралы Саламанка декларациясымен енгізілді. Инклюзия (ағылшынша inclusion) - енгізу, қосу, қосымша, байланыстыру. Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді .
Инклюзивті білім беру мақсаты - дәйекті мектепке дейінгі білім беру, денсаулық сақтау және түзеу бағдарламаларымен балаларды қамтуды ұлғайту арқылы білім беру саласында балаларға арналған тең бастапқы мүмкіндіктерін қамтамасыз ету; Мүмкіндігі шектеулі баланың жеке білім беру бағдарламасын табысты жүзеге асыру үшін (класс) тобының ұйымдастыру.
Пәннің негізгі міндеті
- оқу орындарында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесі.
- ақпараттық-қатынастық технологиялар арқылы оқу орындарында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жүйесін жетілдіру
- арнайы қажеттілігі бар балалар үшін оқу орындарында, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.
Пәнді оқу нәтижесінде курсанттар білуге тиіс :
- білім жүйесіндегі дамытудың заманауи стратегиясын;
- инклюзивті білім берудің басты мақсаты мен ұғымдарын;
- инклюзивті білім берудегі педагогика мен психологияның категориялық аппаратын;
- инклюзивті білім берудің даму ошақтарын;
- инклюзивті білім берудің басты отандық және шетелдік тұжырымдамаларын;
- инклюзивті білім берудің мазмұнын, құрылымын, қайшылығын және қисынын;
- инклюзивті білім берудің заманауи инновациялық және авторлық білім беру тұжырымдамаларын;
- инклюзивті білім беру ортасында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру мен тәрбиедегі жалпы сұрақтарды;
- білім берудің психологиялық - педагогикалық практикасындағы инновациялық технологияларды қолдану ерекшеліктерін.
- инклюзивті білім берудегі көкейкесті мәселені таңдай білу дағдысын қалыптастыру жолдарын;
- өздігімен іздену, зерттеу және өзекті мәселені шеше білу дағдысын;
-мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік-педагогикалық проблемаларын зерттеп білу және оларды шешуді.
Тақырып 1. Инклюзивті білім берудің философиялық және мәдени аспектілері
1. Инклюзивті білім беру ұғымы.
2. Инклюзивті білім берудің әлемдік тәжірибесі.
3. Инклюзивті білім берудің философиялық және мәдени аспектілері.
1. Инклюзивті білім беру ұғымы.
Кең мағынадағы инклюзивті білім беру - кедергілерді жоюға және оқыту процесіне ерекше оқытуды қажет ететін барлық адамдарды қосу мен сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында оларды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған білім беру процесі. Инклюзивті білім берудің дамуы инклюзивті саясат пен тәжірибені жетілдірусіз және инклюзивті құндылықтарды жүйе деңгейіне толық, сондай-ақ олардың жеке институттары деңгейіне ендірусіз мүмкін емес. Инклюзивті білім беру әр адамды түрлі жолдармен белсенді инклюзиялауды, дербестендірілген ықпалды және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларға білім беру процесіндегі кедергілерді жою негізінде оқыту мен оқу ортасын жетілдіру арқылы тең мүмкіндіктер жасауды көздейді. Осыған байланысты инклюзивті білім беру түбегейлі өзгерістер жасауға және білім беру мақсатын қайта бағдарлауға ықпал ететін инновациалық процестердің «кристалдану орталығы» болуы тиіс. Мектеп, жалпы орта, кәсіптік және қосымша білім, жоғары оқу орындары білім беру жүйесінде қағидаттық өзгерістерді айқындай отырып, инклюзивті білім берудің мынадай стратегиялық бағыттарын көрсетуге болады:
- инклюзивті білім беруді дамытуға арналған жағымды жағдайларды қамтамасыз ететін институционалдық ортаны жетілдіру;
- ерекше оқытуды қажет ететін адамдарға сапалы білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз етудің ғылыми-педагогикалық, кадрлық және оқу- әдістемелік әлеуетін нығайтудың негіздерін әзірлеу;
- ерте бастан ауытқуы бар адамға диагностика жасау және түзету-педагогикалық қолдау жүйесін дамыту;
- мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды кәсіби-еңбекке даярлауға қажетті жағдай туғызу;
- инклюзивті білім беруді дамытудың теориялық және әдістемелік мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу [1] .
Инклюзивті (франц. inclusif -өзіне енгізетін, лат. include -енгіземін) немесе енгізілген білім беру - жалпы білім беру орындарында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин.
Инклюзивті білім берудің негізіне адамдардың кез келген кемсітушілігін болдырмайтын, барлық адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім алу қажеттіліктері бар адамдар үшін ерекше жағдай жасайтын идеология жатады. [2]
Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты, негізгі міндеттері, қағидаттары, тетіктері және шарттары:
Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаты - барлық категориядағы тұлғалардың сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру.
Инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі міндетері:
- инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негіздері мен тетіктерін жетілдіру;
- инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негіздерін жетілдіру (оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді бейімдеу және модификациялау, оқу жетістіктерін бағалаудың критериалдық жүйесін ендіру) ;
- білім алушылар өздерін мектеп қоғамының белсенді мүшесі есебінде сезінетіндей, өзін-өзі жоғары бағалайтындай, оқуға ынтасы артатындай және әлеуметтенетіндей дербестендірілген түзету-педагогикалық және әлеуметтік- психологиялық қолдау көрсету, қолайлы білім беру ортасын жасау;
- «кедергісіз қолжетімді орта» құру және білім алушыларды компенсаторлық құралдарымен қамтамасыз ету;
- инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарды кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту;
- ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың техникалық және кәсіптік, жоғары білім деңгейлерінде білім алуын жалғастыруына және болашақта кәсіпті игеруіне жағдай туғызу;
- инклюзивті білім беру саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
Инклюзивті білім берудің негізінде адамдардың қандай да бір дискриминациясын жою, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар адамдарға арнайы жағдай қалыптастыру мақсаты болып отыр.
Инклюзивті білім беру - адамдарды жалпы білім беру процесіне толықтай қосу үшін адамдарды бір-бірінен ажыратып, кедергілерге ұшырамауға бағытталған және олардың жасына, жынысына, этикасына, дініне қарамастан әлеуметтік бейімдеуге бағытталған мемлекеттік саясат.
Сонымен қатар дамудағы қалыс қалу немесе экономикалық мәртебесіне, отбасына белсенді қатысуы, коррекциялық-педагогикалық және адамдардың жеке мұқтаждарын әлеуметтік адресті қолдаудағы бейімдеудің адамды емес, ортаны жеке ерекшеліктерімен білімдік қажеттіліктерін білім беру жағдайларын тиімді жолмен құру. [3]
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға білім беру жағдайын сараптауда, отандық тәжірибеде ерекше мұқтаж адамдарды жалпы білім беру процесіне қосуда әр түрлі елдердегі шетел ғалымдары инклюзивті процестерін халықаралық құқықтық акт туралы жұмыстарда игеру қажет. Осы әр түрлі жер бетіндегі елдердің мәдени-тарихи және әлеуметтік - экономикалық деңгейлерінің дамуына байланысты инклюзивті білім беру принциптері анықталады:
- Жалпы білім берудің жоғарғы сапалары;
- Білім алушылардың отбасындағы жағдайы;
- Оқытумен тәрбиелеу кезіндегі ата-анасының қатысуы;
- Мұғалімдердің әр түрлі өзгерістерге дайын болуы, білім алушылардың құқықтарымен қабілеттерін есепке алып отыру;
- Жалпы білім беру мекемелерінде тиімді білім жағдайларын туғызу
- Нәтижелі әлеуметтендірумен оқытудың жүзеге асырылуы инклюзивті білімді қолдану кезінде ғана табысқа жетілуі;
- Демократиялық қоғамға орналастыру және жеке тұлғалық құқықтарын сақтауға кепілдеу;
- Мүмкіндігі шектеулі адамдарды тиімді білімділікпен, коррекциялаумен, әлеуметтік жағдайларына араластыру
Ата - аналар, мұғалімдер, тәрбиешілер мен мамандар іс-әрекетінде бірлестік, жүйелілік болса ғана инклюзивтік тәрбие жұмысы жақсы нәтиже көрсетеді.
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды ерекше білім беру назарсыз қалмауы үшін әр педагог әдіс-тәсілдерін нақты ойластыру қажет. Тек қана адамға бейімделген тәрбие оның ішкі потенциялын ашуға мүмкіндік туғызады, әр адамға қарап, сабырлылыққа тәрбиелейді, отбасыларымен қарым-қатынастықты нығайтып, оқу барысына кірістіреді.
«Табиғаттың мүмкіндігі шектеулі деп есептемейік! Адамның өнері арқылы бұл мүмкіндіктін шектеусіз сипатқа ие болуы да ықтимал», Ж. Ламетри айтқандай, қазіргі таңда барлық әлемде жеке қажеттілікті түзету, педагогикалық қолдау мен бейімдеу білім алушының емес, адамдардың білімдік сұраныстары мен жеке ерекшеліктеріне ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын барлығы үшін бір мектеп немесе инклюзивті білім беру туралы айтылады.
Инклюзивті білім беру - мүмкіндіктері шектеулі адамдарды оқытып үйретудің бір формасы. Бұл арнаулы білім беру жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды. Нағыз инклюзив білім берудің екі жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір біріне қарама-қарсы қоймай қайта жақындатады. Олардың арасындағы шекараны ашады. Инклюзивті білім берудің Қазақстанда өріс алуы қажеттілік әрі перспективалық іс екенін мойындаймыз. Осы кезде ғылыми ортада педагогикалық қауымдастықтар арасында инклюзивтік білім беру (баршаға қол жетімді және бәріне бірдей білім беру жүйесіне қосу) идеясы кең етек алып келеді.
Инклюзивті білім беруді дамыту қағидаттары:
- инклюзивті білім берудің жүйелілігі мен үздіксіздігі;
- ерекше оқытуды қажет ететін адамдарды уақытылы (ерте жастан) анықтауды қамтамасыз ету және алдын алу, педагогикалық-түзету шараларын дер кезінде қолдану;
- білім беру модельдерінің бейімділігі және әр білім алушының ерекшеліктеріне, қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оны жеке оқыту мен дамыту;
- еріктілік және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың жеке бейімділіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымдарын таңдау құқығы;
- білім беру ортасының ерекше оқытуды қажет ететін барлық тұлғалар және олардың ата-аналары үшін қолжетімділігі, ашықтығы;
- кешенді медициналық, әлеуметтік және білім беру қызметтерінің үйлесімділігі мен түрлі ведомстволар, әлеуметтік институттар, қоғамдық және ата-аналар ұйымдарының өзара іс-қимылы арқылы кешенді ықпал және әлеуметтік серіктестік, тәртіпаралық өзара әрекет;
- мүгедектік немесе басқа да даму ерекшеліктері «тасымалдаушы проблема» болып қарастырылмайтын адамның шектеулі мүмкіндіктеріне әлеуметтік ықпал; - денсаулығы мен әлеуетті мүмкіндігіне сүйене отырып, тұлғалардың даму проблемаларынан арылуды қарастыратын инклюзивті білім берудің түзете - дамытушылық және әлеуметтік-бейімдеушілік бағыттылығы. [4]
2. Инклюзивті білім берудің әлемдік тәжірибесі.
Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе адамдардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру.
Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық білім алушыларға орындарында, белсене қатысуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвециясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді. Сонымен, инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін Оқу орындарында білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге, колледждерге, жоғары оқу орындарына арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі адамдардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.
Инклюзивті білім беру мәселесі шет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздерінің білім беру саясатына осы бағдарламаны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті білім беру жүйесінің дамуы туралы ресми дерек «Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілді. Осы бағдарлама төңірегінде инклюзивті білім беруді жетілдіру мәселелері қарастырылып, 2020 жылға мына міндеттерді шешу көзделген:
- мүмкіндіктері шектеулі білім алушыларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары жасалады;
- мүмкіндіктері шектеулі білім алушыларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді;
- түрлі кемістігі бар білім алушылар үшін бірігу нысандары анықталады;
- мүгедек адамдарға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді. Мемлекеттік бағдарлама негізінде оқу орындарында мүгедек адамдар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жабдықтау арқылы «кедергісіз аймақтар» құруы жоспарланған. Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесіне назар бөлсек, қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе адамдардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Инклюзив сөзі − латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда», ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: даму мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды қалыпты білім алушылармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына, дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті оқыту негізінде тұлғалардың құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге ерекше оқыту қажеттілігі бар білім алушыларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткендей, қатаң білім беру жүйесінен білім алушылардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай адамдардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды.
Инклюзивті бағыт мұндай адамдарды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту - барлық білім алушыларға оқу ұйымдарында, ұйым өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту - адамдардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс- әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz