Тіл қуат



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
№62 Нұрсәуле балабақшасы

Шығармашылық жұмыс
Тақырыбы:
Ұлттық құндылықтар тәрбиенің түп қазығы

Тәрбиеші:Сейтказынова Ж.Б.

ЖОСПАР:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Ұлттық құндылықтар тәрбиенің түп қазығының мақсаты:
Ұлттық құндылықтарды бағалау атамекенді, мемлекеттің мүддесін қалыптастырушы ұлттың тағылымын және ұлт тұлғаларының ерлігін түсінуден шығады. Бағалау тарихты білуден, оның рухын бойға сіңіруден, тағылымын ұғынудан басталады. Дініміздің өзі ұрпаққа осы дүниелерді үйретеді. Жаратылыс ақиқатын ұғынуда ата-ананың еңбегін, адамзаттың, халықтың игіліктерін ұмытпау, оған адал қызмет ету, білімді, өнерлі, қайырымды болу, еңбекті құрметтеу, әділетті болу дініміздің бізден талап ететін дүниелерінің бірін бойын дарыту. Осы тұрғыдан қарайтын болсақ, қазақ халқының өмір сүру тәжірибесі, дәстүрі, мәдениеті, дүниетанымы, тарихы және сол тарих өрісіндегі тұлғалар тағылымының еш уақытта да дінге қайшы келмегендігін бүгін бізге тарих көрсетеді. Бабаларымыз қазақтың ұлттық бірегейлігі сақталған жерде ғана діннің де рухының ел болмысының бойында тұрақтап (сақталып) отыратындығын жете түсінеді.

Ұлттық құндылықтар тәрбиенің түп қазығының міндеттері:
Ұлттық құндылықтар адам өмірінің әр саласында өз көрінісін табады. Олар адамның моральдық қасиеттерін қалыптастырады, рухани байлығын арттырады, қоғамның дамуына ықпал етеді. Ұлттық құндылықтарды бала кезден бастап бойына сіңірген адам өзінің туған жеріне, еліне, тіліне, мәдениетіне құрметпен қарайды. Бұл қасиеттер адамның тұлғалық дамуында, әлеуметтік және рухани өмірінде маңызды рөл атқарады.

Ұлттық құндылықтар тәрбиенің түп қазығының өзектілігі:

Жаңа Қазақстан үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, т.б. ұлттық құндылықтар аясында кеңейту - өзекті мәселенің бірі. Сондықтан алдымызда тұрған үлкен мақсат - ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі таңның мәдени жетістіктерімен үйлестіру. Жас ұрпақ тәрбиесінде үйлесімділік заңы салтанат құруы шарт. Яғни ол өзінің өсу, есею кезінде ақ сүт беріп асыраған ата-анасымен де, көкірек көзін ашқан ұстаздарымен де үйлесім таба білуі тиіс. Сонда ғана тұлға бойында ұлттық рухани қасиеттер бірте-бірте қалыптасары сөзсіз. Тұлға бойындағы рухани құндылықтарды қалыптастырудың көзі, отбасы, әулет, әлеуметтік орта, мемлекет болса, ұлтық құндылық, ұлттық салт-сана, ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық салт-дәстүр, тұлға бойындағы ұлттық құндылықтың жоғары көрсеткіші.

Тіл және Ұлттық Құндылықтар
Тіл - ұлттық құндылықтардың ең негізгісі. Тіл арқылы халықтың тарихы, мәдениеті, дәстүрі сақталады және ұрпақтан ұрпаққа жеткізіледі. Ана тілін білу және құрметтеу әрбір адамның азаматтық борышы. Ана тілі арқылы бала өз халқының мәдениетімен, тарихымен, дәстүрімен танысады, өзінің ұлттық бірегейлігін сезінеді. Бұл балаға өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастырады.
Мәдениет және Ұлттық Құндылықтар
Мәдениет ұлттық құндылықтардың ажырамас бөлігі. Халықтың мәдениеті оның рухани байлығын көрсетеді. Мәдениет арқылы халықтың өнері, әдебиеті, музыкасы, дәстүрлері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырады. Мәдениет адамды рухани байытады, оның ішкі әлемін дамытады. Мәдениетті құрметтеу, оны сақтау және дамыту - әрбір адамның міндеті.
Дәстүрлер және Ұлттық Құндылықтар
Дәстүрлер де ұлттық құндылықтардың маңызды құрамдас бөлігі. Олар халықтың өмір сүру салтын, әдет-ғұрыптарын, рухани мұраларын көрсетеді. Дәстүрлер арқылы халықтың өмірі, оның құндылықтары мен ұстанымдары көрініс табады. Дәстүрлерді сақтау және оларды ұрпақтан ұрпаққа жеткізу - әрбір ата-ананың, тәрбиешінің міндеті. Дәстүрлерді сақтау арқылы балалар өз халқының мәдениеті мен тарихын терең түсінеді, оны құрметтейді.

І. Кіріспе
Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі - әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы ұлттық деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде бастауыш сыныпта атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Балабақша, мектептерге ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, парасатты ұрпақ өсіретініміз айдан анық. Рухы асқақ, іргесі берік ел боламыз десек, ең бастысы, ұрпақ тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз қажет. Бұл жөнінде Абай атамыз: Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: бірінші - ата-анасынан, екіншісі - ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан, - деген екен. Ұлттық тәрбие атауын алғаш әдеби-педагогикалық оқулықтарға енгiзген М. Жұмабаев болды. Ол педагогиканың ұлттық тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. Педагогика атты еңбегінде былай дейді: Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті.
Ұлттық тәрбие барысында ұлттық сананы қалыптастыру ең маңызды шарттардың бірі десек қателеспейміз. Қазіргі жаһандану кезіндегі Батыс өркениетінен біздің алатынымыз да бар, ысырып тастайтын тұстарымыз да бар. Алатын тұстарымыз қатарына батыстың технологиялық жетістіктерін, экономикалық өндірісті ұйымдастыру тәжірибелері мен ғылыми-техникалық мәдениетін қабылдау сияқтыларды атауымызға болады. Батыстың білімі, ғылымы, техникасы, технологиясы, біздер үшін өте қажет десек те, Батыс өркениетіне шамадан тыс еліктеушілік - жақсылықтың нышаны емес. Батыстың технологиялық жаңалығына ұмтылу, экономикалық өндіріс-ті ұйымдастырудағы жетістіктерін игеру - қажеттілік, ал одан керісінше бүгінгі күнде рухани тапшылыққа айналып отырған ізгілік, кісілік, адамгершілік, бауырмалдық, әдептілік, тәрбиелік мазмұн іздеу - бос әурешілік. Өкінішке орай, Батыс өркениеті бұл тұрғыда ешқандай жетістікке жеткен жоқ, қайта тоқырауға ұшырады. Мысалы, дәстүрлі қазақ қоғамы мәдени құндылықтарды ешуақытта тауар деп қабылдамайды, негізгі ұстанымы бойынша қоғамның шаңырағын шайқалтпай ұстап тұруға тиіс тетік, өмірлік ұстын ретінде қарастырады. Ал Батыс өркениетінде бұл тұрғыдағы ұстаным мүлдем басқа, олар мәдени құндылықтарды тауар ретінде қабылдайды, мақсат - сату (сатылу) және пайда табу. Уақыт қанша аз жұмсалса, сонша пайдасы көп [2]. Қазақ қоғамы қазір қарқынды түрде жүріп жатқан жаһандану үрдісінің ықпалынан өзі қаламаса да, оқшау бола алмайды.

ІІ. Негізгі бөлім
Ұлттық тәрбие - ұлт болашағы
Тәуелсіздігімізді алып,өркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі мол,сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің алатын орны ерекше.Қазір оқу орындарында ұлттық тәрбиеге айрықша мән берілуде. Жастар біздің болашағымыз дейтін болсақ, сол жастарымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр. Сабақ үрдісінде оқушыларға тұрмыстық тәрбиеге байланысты салт-дәстүрлер, бала дүниеге келгеннен өскенге дейінгі аралықта қолданылатын салт-дәстүр, ырым-тыйымның рөлі, сәлемдесу әдебі, сыйластық, қонақ күту, ас ішу әдебі, инабаттылық дәстүрлері, сөйлеу әдебі және киім кию тәрбиесі, ұлттық тәрбиедегі еңбек тәрбиесінің орны, қазақ халқының озық мәдениет үлгілері мен олардың тәрбиелік мәні сияқты ұлттық құндылықтарымызды оқытуымыз керек. .
Ұлттық тәрбиенің мақсаты - ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
Ұлттық тәрбиенің міндеті - мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі - ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-иннова - циялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу, білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету, қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру. Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болса керек.
Халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанған ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарын әлем елдерінің озық дәстүрлері мен озық тәрбие үлгілерімен байытып, жаңа тәрбие тұжырымдамаларын жасауда. Осы арқылы білім беру ісі мен ұлттық тәрбие бірлігіне қол жеткізіп, жаңа ғасырдың жаңа сипаттағы интеллектуалды ұрпағын қалыптастыру ісі басты нысанаға алынып отыр.
Ендеше, Ел боламын десең, бесігіңді түзе демекші, ел болып, ұлт болып қаламыз десек, Ұлттық тәрбие балабақшалар мен мектептерден бастап қолға алғанымыз жөн деп ойлаймын
Ұлттық тәрбие:
1. Отбасындағы ұлттық тәрбие
2. Балабақшадағы ұлттық тәрбие,
3. Мектептегі ұлттық тәрбие деп бөліп талқыланады.
1. Ұлттық тәрбиенің көздері: Фольклор, халық ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, ұлы ойшылдардың еңбегінде жатыр. Мысалы: Данагөй сөзі
Ауыл адамдары бір данагөй қартпен кездесіп, пікірлесіп отырғанда бір адам тәрбие туралы сұрайды. Сол кезде қария:
- Осы ауылдарыңда балаларыңды кісі өлтіруге, ұрлық пен тонауды қалай жасау керектігін үйретіп жүрген жалмауыз бар,-дейді.
Адамдар:
- Ол кім? Бізге көрсет, оны тез арада өлтіруіміз керек,-деп шулайды.
- Сонымен қатар қыздарыңды жалаңаш жүруге, зинақор жасап, ер адамды өзіне қаратуды, жаман, лас жолға түсуді үйретіп жүрген әйел бар,-дейді.
- Олар қандай адамдар, көрсетші. Оларды өлтіріп, жоюдың амалын айтшы,-деген халыққа данагөй қария:
- Қолдарыңнан келмейді, оны жоюға ешбіреулеріңнің арларың жібермейді,- дегенде:
- Сонда кімдер?
- Ол әрбіріңнің үйіңдегі теледидар,- деген екен
Мектептегі ұлттық тәрбиеге: Ұлттық тәрбие және қазақ әдебиеті, Абай шығармаларындағы ұлттық тәрбие мәселелері,Өз халқыңның қадір-қасиетін ұқ, Қазақ өнеріндегі ұлттық тәрбие, Ұлт патриоты болайық , Ұлттық тәрбие: салт-дәстүр, әдет-ғұрып негіздері, Ұлттық тәрбиенің этика-эстетикалық негіздері, Ұлттық тәрбие және дін мәселесі т.б қарастырылып келеді.
2. Отбасы тәрбиесінің ұлттық ерекшеліктері; туыстық қарым-қатынас, жеті ата туралы түсінік, перзенттік парыз бен қарыз, ұлттық намыс, сана-сезім, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік қасиеттер ұлттық тәрбиенің негізгі бағыттарына жатады.Тұрмыс - салтқа байланысты туған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің, бәрінде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі, келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырады.

Қазақта мынадай құнды өсиеттер бар. Мысалы:
Жеті қазына Жеті ата Жеті жұт
Ер жігіт 1. Бала 1. Құрғақшылық
Сұлу әйел 2. Әке 2. Жұт (мал қырылу)
Ақыл, білім 3.Ата 3.Өрт
Жүйрік ат 4.Арғы ата 4. Оба (ауру)
Қыран бүркіт 5. Баба 5. Соғыс
Берен мылтық 6. Түп ата 6. Топан су
Жүйрік тазы (ит) 7. Тек ата 7. Зілзала (жер сілкіну)

Жеті күн Жеті ғалым Жеті әулие
Бүгін 1. Шығыс 1. Меке шәріп
Ертең 2. Батыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қуат Терібаевтің айтыстары мен аудармалары
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын талдау
Тыныштық – шынайы бақыт
ХІХ ғасыр әдебиетінің майталман ақыны Базар Оңдасынұлы.
Автоматтандыру және басқару мамандығы
Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны
Бастауыш мектепте сан есім мен етістікті байланыстыра оқыту
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
Әбу Насыр әл-Фараби психологиялық көзқарасы
Әл-Фараби өмірі
Пәндер