Қонақжайлық индустриясының дамуы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

1-Кіріспе

2-Негізгі бөлім: 2. 1- Қонақжайлық кәсіпорындарының дамуына АҚШ-тың тигізген рольі

2. 2- Соңғы он жылдықта дамыған қонақжайлық индустриясындағы кәсіпорындар тенденциясы

3-Қорытынды

Қонақжайлық - бұл келушілерді кішіпейілділікпен күтіп алу мен сыйлау, кезбелерді ақысыз қабылдау мен тамақтандыру немесе бір сөзбен айтқанда, кезбеқабылдау. Қонақжай болу дегеніміз - келушілерге жылы қабылдау ұсынып, олар үшін тыныш, қолайлы және жылы шырайлы жағдай ұсына білу.

Қонақжайлық индустриясындағы кәсіпорындар эволюциясын қарастыра отырып, тарихи жоспарға сай келетін адам қоғамының дамуын келесі кезеңдерге бөлуге болады :

  • көне;
  • жаңа кезең;
  • қазіргі кезең.

Тарихшылардың көпшілігі көне кезеңдегі қоғамның дамуында алғашқы қонақ үйлердің пайда болуын айтады - қазіргі замаңғы қонақ үйлер мен мейрамханалардың жаңа үлгілері. Кәсіпорындар туралы айту - таверналар - біздің эрамызға дейін 1700 жылы жазылған Хаммурапи Вавилония патшасының кодекс болып табылатын көне манускриптілерде бар.

Көне Грецияда біздің эрамызға дейіңгі І-ші мың жылдықта таверна әлеуметтік және діндік өмірінің негізгі элементі болып табылады. Бірақ таверналарда саяхатшыларды орналастыру орны болғанымен, көбінесе олар тамақтану қызметін ұсынуға арналған. Сауданың дамуымен және оған байланысты ұзақ мерзімді жол жүру тамақтандыру қызметін ғана емес, сонымен қатар, түнеуді ұйымдастыруды талап етті. Осы жағдай - керуен сарай типті кәсіпорындардың пайда болуын болжады.

Қонақжайлық кәсіпорындардың пайда болуына өте үлкен роль көрсеткен , ол Жақын Шығыстағы, Азия мен Кавказ сыртындағы саудалар байланысының дамуы. Осы аймақтардан ұзын керуендер жылжитын ірі сауда жолдары өткен. Керуенге қатысушылардың түнейтін жерін ұйымдастыру үшін - сауда жолдарының жағаларында арнайы орналасатын пункттер құрылған, адамдарға және аттар мен түйелерге жайлар құрылған. Осының бәрі табиғи апаттардан (жауын, дауыл, жел, боран), ұры мен қарақшылардан қорғайтын дуалдармен қоршалды.

Қонақжайлық кәсіпорындардың дамуына орта ғасырдағы діндік дәстүрлер үлкен әсерін тигізді. Осы кезеңде киелі жерлерге қажылыққа баратын адамдардың саны бірден көбейді. Шіркеулер қажылық жасаушыларға түнейтін жерлер мен тамақтануды ұйымдастыруды монастырға міндеттеді. Осы уақытта да осыған ұқсас қызмет көрсететін жерлер пайда болды. Мысалы, Франкийстік патша, кейіннен Ұлы Карл императоры (742-814) шіркеулердің қорғаушысы VIII ғасырда қажылық жасаушының демалысына арналған үйлер ұйымдастырды.

Осындай үйлердің бірі, Ронсельваль шатқалында монастырлер өз қақпаларының алдында кең пейілмен күтіп алып, тегін нан, жеміс-жидек таратты, етікшілер қызметтерін ұсынды [10] .

Саяхатшылардың тегін қызметін алуының кең тарауы жеке кәсіпорындарының дамуын тоқтатты. Англиядағы керуен сарайлардың және таверналардың дамуы орта ғасыр кезеңіне берілді, әсіресе Реформация кезінде ағылшын патшасы Генрих VIII монастырлердің секуляризациясын өткізгенде дамыды. Енді елкезушінің еш қайсысыда монастырдың тегін тұрағын алуға мүмкіндігі болмай, жеке керуен сарайларында тоқтауға мәжбүр болды.

ХІІ-ХІІІ ғасырларда керуен сарайлар - алғашқы қонақ үйлер Ресейде пайда болды. Ол кезде олар, «Ям» деп аталды. XV ғасырда ям үкімінде болған, пошта станцияларында құрылды. XV ғасырда орыстың ірі қаласында керуен сарайлардың құрылысы жүрілді, олар орналастыруы мен тамақтанудан басқа коммерциялық операциялар жүргізуіне мүмкіндігімен ерекшеленетін. Сонымен қатар, қонақ үйде сауда қатарлары, қоймалары бар, бөлмелері жиһаздармен толтырылған. Қонақ сарайларында шетелдіктер ұлттық белгілеріне қарай орналастырылды. XV - XVІІ ғасырларда Новгородта «неміс» және «голландиялық» қонақ сарайлары болды, ал Мәскеуде - «аглицкий», «грек», «армян» және т. б. қонақ үй сарайлары болды.

ХІІІ ғасырда қонақ үй сарайлары Витебскте, Гродно, Брест, Слониме және басқада белорус қалаларында болды. Белорус көпестеріне арнап XV- XVІ ғасырларда арнайы қонақ үй сарайлары Брянск, Везьмя, Мәскеуде болды. Орта ғасыр кезеңінде қонақжайлық кәсіпорындар қызметінің үдейуі, алғашқы мамандандыру ассоцияциясын құруы болды. Солай, 1282 жылы Флоренция мен Италия қалаларының трактирлері өзінің гильдиясын негіздеді.

Қонақжайлық кәсіпорындарының дамуына ерекше рольді АҚШ атқарды. Тарихшылардың ойынша, алғашқы керуен сарайлар Еуропадан кейін 1607 жылдан бастап пайда бола бастады. Ең алғашқы АҚШ-тағы қонақ үй Нью-Йорк Бродвейіндегі 70 бөлмелі «Сити-отель» болды. Бұл мәнді оқиға 1794 жылы болды. 1829 жылы Бостонда «Тремонт» отелі ашылды - АҚШ-тағы алғашқы классты отель - коридорлы, тіркелетін орнымен, әр нөмірде құлпы бар және қонақтарға арналған тегін сабын болды. Бұндай отельдің ашылуы қонақжайлықтың бастамасы болып, ең алғашқы АҚШ-тың Шығыс, кейіннен Оңтүстік жағалауларындағы қалаларға жайылды.

Шетелде ХІХ-ХХ ғасырларды қонақжайлық индустриясы қажетті саланың біріне айналды. Қонақ үйдің құрылысымен, кадрды дайындаумен, баға қою мәселелерімен қонақ үй бірлестіктері, синдикаттар, акционерлік қоғам, корпорациялар айналысты. 1906 жылы әлемнің әр елінің 4700 қонақ үйдің иелерімен бірлескен халықаралық қонақ үй иелерінің бірлестігі ұйымдастырылды.

Ресейде 1910 жылы қонақ үй сарайлары мен нөмірлі трактирлерді санамағанда, жеке иелікте болған 4685 қонақ үйлер тіркелген. Ең атақты қонақ үй «Метрополь» қонақ үйі, ол Мәскеуде 1897-1907 жылдары Петербургтік акционерлік қоғамымен құрылған «Люкс» қонақ үйі (Филиппов мәскеулік науайшы - негізшісі), Шевальдышев қонақ үйлері «Еуропа», «Париж» және тағы басқалар.

Соңғы он жылдықта дамыған қонақжайлық индустриясындағы кәсіпорындар тенденциясын келесілерді айтуға болады:

  1. Қонақ үй ұсынысының мамандандырылуының тереңдеуі;
  2. Халықаралық қонақ үй шынжырларының пайда болуы;
  3. Кіші кәсіпорын жүйелерінің дамуы;
  4. Жаңа компьютерлік технологияның қонақжайлық индустриясына енуі.

90-шы жылдардың ортасында әлемдік қонақ үй қорының 30% ірі қонақ үй шынжырларының және бірлестіктердің бақылауында болды. Қонақ үй шынжырларының пайда болуы АҚШ-та басталды. Әсіресе, қонақ үй экономикасына бұл процесс интенсивті 60-шы жылдары ендіріле басталды. 90-шы жылдардың басында американдық қонақ үй шынжырларының әсері әлемде басым болды. Олар, әлемдегі он алдыңғы қатарлы қонақ үй шынжырларынан еуропалық Travelodge International және Master Hosts International шынжарларды ығыстырып шығарды, қазіргі уақытта тек екуі қалған - Accor (Франция) және Forte PLC

Халықаралық қонақ үй ассоциациясы қонақ үй шынжырларын үш категорияға бөледі:

  • біріншісі, сансыз көп кәсіпорындармен иелік ететін - қонақ үй корпорациялары - ол корпоративті шынжыр;
  • екіншісі, тәуелсізді емес кәсіпорындар шынжырлары, олар жалпы броньдау жүйесін, маркетинг концепциясын, жарнамаларын және басқа қымбат тұратын кәсіпорын қызметін қолдануға бірігеді;
  • үшіншісі, шынжырлар, олар басқару қызметін ұсынады.

Шынжырлар табысының себептері туралы көзқарастар көп болды. Бірақ, даусыз себептің бірі тауар сапасының әрдайымдылығы, түрлі кәсіпорындардағы қызметтің ұқсастығы және де бағаның арзаншылығы.

Қонақ үй шынжырларынан басқа әлемдік туристік нарықта мамандандырылған бірлестіктер белсене қызмет жасауда, олардың негізгі мақсаты - қонақ үй бизнесінің өкілдерінің ең жақсыларын біріктіру. Мысалы, 1928 жылдан бастап «Алдыңғы қатарлы әлем отельдері» атты халықаралық корпорациялар ең үздік әлем отельдерін анықтау жұмысын жүргізді. Ол өзінің арнайы каталогында жылда ең үздік кәсіпорындарды басылымға шығарады. Осыған ұқсас жұмысты 30 жыл көлемінде «Әлемнің айрықша отельдері мен курорттары» атты халықаралық ұйым жұмыс жүргізуде. 1968 жылдан бастап «Әлемнің ең танымал отельдері» атты халықаралық қонақ үй ассоциациясы жұмыс жасауда, олардың штаб-пәтері Парижде. Бұл ассоциацияға кіргенде үш келесі критерийлермен бағаланады:

  • табиғи және қоршаған ортаның жағымдылығы;
  • ғимараттың жайлылығы мен қонақ үй интерьерінің пішінінің ерекшелілігі;
  • заманның талабына сай жауап беретін қонақжайлық пен керемет асхана.

Еуропада қонақ үй шынжырларының және жеке қонақ үй ассоциациясының қызмет мәселесінің координациясын еуропалық экономикалық бірлестігіндегі қонақ үйлердің ұлттық ассоциациясының Конфедерациясы айналысады (ХОРТЕК) [10] .

Соңғы он жылдықта қонақжайлық индустриясына жаңа компьтерлік технологияны енгізуден кәсіпорынның өнімділігі, ұйымдастырушылық жағдайы мен кәсібилігі көтеріліп, қонақ үй бизнесі түбірімен өзгерілді, кәсіпорын иелері бір қатар проблемаларын шешіп, клиенттерге көп ыңғайлы жағдай жасай алды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру процестері
Қонақжайлылық индустриясының қалыптасуы
ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ
Қонақжайлық индустриясының даму тарихы
Қонақжайлылық тарихы
Қонақжайлық индустриясында корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолдау
Туризм мен туризмдегі орналастыру орындарына сипаттама
Толық сервисті мейрамханалар
Қонақ үйлердегі қызмет көрсету сапасын ұйымдастыру
Қонақжайлылық индустриясын басқарудың әлеуметтік - психологиялық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz