Өркениет



I. Кіріспе. Өркениет туралы түсінік

II. Өркениет пен мәдениет

III. Құндылықтар мен идеялар жүйесі

IV. Тарихқа өркениетті тұрғыдан қарау

V. Әртүрлі тұрғыдағы өркениет ұғымы

VI. Айналып соғу ма, әлде ұдайы алға жылжу ма?

VII. Өркениеттің саралануы. Шығыс өркениеттері мен Батыс өркениеттері

VIII. Дәстүрлі қоғам ұғымы

IX. Индустриялды қоғам

X. Индустриялыдан кейінгі қоғам

XI. Қорытынды

XII. Қолданған әдебиеттер тізімі
Өркениет туралы түсінік
Өркениет (лат. civiles - азаматтық) – қоғамның саналық даму барысын көрсететін ұғым. Бұл ұғым тарих, антропология, мәдениеттануда кеңінен қолданылады. Өркениет антикалық қоғамның жабайы ортадан саналық ерекшелігінің анықтамасы ретінде сонау ежелгі дәуірде пайда болды. Өркениет ұғымы қоғамның жабайылық (варварлық) дәуірден кейінгі кезеңін белгілеуге және әлеуметтік-мәдени дамудың жаңа деңгейін көрсетуге қолданылады. XX ғасырда О. Шпенглер мен А. Тойнби еңбектерінде бұл ұғым анық көрінген ерекшелігі бар жергілікті қауымдастық мағынасы, яғни «тарихи өркениеттер» (Қытай, Вавилон, Түркі, Мұсылман халықтары т.б.). Алайда, өркениетті сұрыптаудың бірегей өлшемдері жасалған жоқ. Соңғы кездері өркениетті бір аймақта тұратын халықтардың тарихи тағдырластығы, олардың арасындағы ұзақ та тығыз мәдени байланыс нәтижесінде әлеуметтік ұйымдасу мен реттелудің – заңдық және саяси жүйелерде, шаруашылық түрлері формаларында, дін, философия, ғылым, білім жүйесі, көркем шығармашылықта – этноаралық жергілікті қауымдастық деген анықтама кеңінен тарап отыр. Өркениет категориясы мәдени типтерді зерттеу немесе мәдени тарихи типологияны жасауда қолданылады. Сондай-ақ өркениет типтерін: шығыстық және батыстық деп бөледі. Өркениеттің «глобальді» және «техногенді» деген ұғымдары бар.
Өркениеттану дегеніміз – ол қоғам табиғатының күрделеніп, әрі жіктеле түсуі: өндіріс тиімділігінің артуы; ғылымның материалдық-өндіріс саласына тереңдей түсуі; өмірдің барлық саласының құқықтық талаптарға сәйкестенуі; өзара қарым-қатынастарға, мінез-құлыққа гуманистік құндылықтардың енуі.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
I. Кіріспе. Өркениет туралы түсінік
II. Өркениет пен мәдениет
III. Құндылықтар мен идеялар жүйесі
IV. Тарихқа өркениетті тұрғыдан қарау
V. Әртүрлі тұрғыдағы өркениет ұғымы
VI. Айналып соғу ма, әлде ұдайы алға жылжу ма?
VII. Өркениеттің саралануы. Шығыс өркениеттері мен Батыс өркениеттері
VIII. Дәстүрлі қоғам ұғымы
IX. Индустриялды қоғам
X. Индустриялыдан кейінгі қоғам
XI. Қорытынды
XII. Қолданған әдебиеттер тізімі

Өркениет туралы түсінік
Өркениет (лат. civiles - азаматтық) – қоғамның саналық даму барысын
көрсететін ұғым. Бұл ұғым тарих, антропология, мәдениеттануда кеңінен
қолданылады. Өркениет антикалық қоғамның жабайы ортадан саналық
ерекшелігінің анықтамасы ретінде сонау ежелгі дәуірде пайда болды. Өркениет
ұғымы қоғамның жабайылық (варварлық) дәуірден кейінгі кезеңін белгілеуге
және әлеуметтік-мәдени дамудың жаңа деңгейін көрсетуге қолданылады. XX
ғасырда О. Шпенглер мен А. Тойнби еңбектерінде бұл ұғым анық көрінген
ерекшелігі бар жергілікті қауымдастық мағынасы, яғни тарихи өркениеттер
(Қытай, Вавилон, Түркі, Мұсылман халықтары т.б.). Алайда, өркениетті
сұрыптаудың бірегей өлшемдері жасалған жоқ. Соңғы кездері өркениетті бір
аймақта тұратын халықтардың тарихи тағдырластығы, олардың арасындағы ұзақ
та тығыз мәдени байланыс нәтижесінде әлеуметтік ұйымдасу мен реттелудің –
заңдық және саяси жүйелерде, шаруашылық түрлері формаларында, дін,
философия, ғылым, білім жүйесі, көркем шығармашылықта – этноаралық
жергілікті қауымдастық деген анықтама кеңінен тарап отыр. Өркениет
категориясы мәдени типтерді зерттеу немесе мәдени тарихи типологияны
жасауда қолданылады. Сондай-ақ өркениет типтерін: шығыстық және батыстық
деп бөледі. Өркениеттің глобальді және техногенді деген ұғымдары бар.
Өркениеттану дегеніміз – ол қоғам табиғатының күрделеніп, әрі жіктеле
түсуі: өндіріс тиімділігінің артуы; ғылымның материалдық-өндіріс саласына
тереңдей түсуі; өмірдің барлық саласының құқықтық талаптарға сәйкестенуі;
өзара қарым-қатынастарға, мінез-құлыққа гуманистік құндылықтардың енуі.
Өркениет пен мәдениет
Өркениет дегенде алдымен мәдениет ұғымының ойға оралуының жөні бар.
Бұлардың бір семантикалық өрісте, мағыналық жағынан бірінің екіншісіне өте
жақын болуынан көпшілік жағдайда ғалымдар оларды синоним сөздер ретінде
қолданып та келеді. Қазір өркениет пен мәдениетті тең қарастыру сана
жұтаңдығының салдары деп танылады.
Мәдениет пен өркениет арасын ажырату XIX ғасырдан басталды. Освальд
Шпенглер мәдениетті сегізге бөлді. Олардың әрқайсысы өздері өмір сүріп
тұрған кездерінде бірнеше кезеңді бастарынан өткізеді және жоғалтып бара
жатып өркениетке айналады. Мәдениеттен өркениетке өту барысында
шығармашылық жұмыстар тоқырайды, батыл әрекеттер азаяды, көркем
шығармашылықтың қажетінің болмай қалуынан механикалық жұмыстарға ден
қойылады. Ол дүниежүзілік тарихи дамудың бірлігін жоққа шығарды. Тарихты
қайталанбас, томаға-тұйық, жеке тағдыры бар мәдениеттерден тұратын, пайда
болу, гүлдену, күйреу кезеңдерін бастан кешіретін организмге теңеді. Тарих
философиясының міндетін Шпенглер негізін мәдениеттің жаны құрайтын әр
мәдениеттің морфологиялық құрылымын аңдап түсіну деп білді.
Освальд Шпенглер (1880-1936) – неміс идеалист-философы, мәдениет
теорияшысы, тарихшы, көсемсөзші. Өмір философиясының өкілі болған оның
философия тақырыбына жазған басты шығармасы Закат Европы көпке танымал
болды.
Кейіннен құндылықтар туралы теорияның дамуына байланысты өркениет және
мәдениет ұғымдарының арасы қайта жақындады. Қоғамның рухани мәдениеті
ретінде алдымен сол қоғамға тән құндылықтар мен идеялар таныла бастады.
Өркениет атаулының тұтастығы мен қайталанбас өзіндік сипатын сол
құндылықтар жүйесімен айқындау үрдіске айналды.

Құндылықтар мен идеялар жүйесі
Тарихи үдеріс ұғымын түсіндіруде көбінесе адамзаттың тарихи даму жолы
үлкен бір баспалдақ іспетті, әр ел даму деңгейінің жоғарылығы немесе
төмендігіне қарай сәкес баспалдақтарда – жоғары немесе төмен орналасады
деп түсіндіру белең алған. Әр халық өзі тұрған сатыдан жоғарыға ұмтылады.
Оның келесі баспалдақты аттап кетуі, секіріп өтуі немесе бір орында ұзақ
уақыт тұрып қалуы да мүмкін. Осылай деп есептей отырып, бүгінгі дүниежүзі
халықтарының даму панорамасына көз салсақ, тарих баспалдақтарының бәрінің
бос емес екендігін көрер едік.
Қазіргі дүние жүзінде жоғары дамыған елдер көп. Сонымен қоса, әлеуметтік-
экономикалық және саяси дамуы орташа және ортадан төмен, өте артта келе
жатқан елдер мен аумақтар да бар. Олардың кейбіреулерінде, бірден көзге
түсе бермесе де, феодалдық, құлиеленушілік, тіпті алғашқы қауымдық
құрылыстың нышандары қылаң беріп отырады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда
тарихи үдеріс дегеніміз ғаламшардың түрлі өңірлерінде түрлі уақыттарда және
біздің заманымызда бірдей параллель өмір сүрген өркениеттердің тізілген
қатарының орын ауыстыруы болып шығар еді.
Қазір ғалымдарды өркениет дегеніміз – жабайылық пен тағылық дәуірден
кейінгі адамзат дамуының сатысы деген анықтама қанағаттандыра алмай отыр.
Өркениет дегенде белгілі бір елдер мен халықтардың тарихи дамудың белгілі
кезеңіндегі материалдық, рухани және әлеуметтік өмірінің өзіне тән сапалық
ерекшеліктері сөз болуы керек.
Кез келген өркениет өзіне тән қоғамдық-өндірістік технологиясымен ғана
емес, сонымен қоса, одан да маңыздысы - өзіне тән мәдениетімен сипатталады.
Өркениетке белгілі бір қатынастарды шарттандыратын халықтық рухы, моралі,
сенімі негіз болған философия, қоғамдық маңызды құндылықтар, дүниенің
жалпылама бейнесі, өзінің ерекше өмірлік ұстанымдары мен өзіне тән өмір
салты жатады. Осындай басты өмірлік ұстаным өркениеттің адамдарын тұтас
халыққа біріктіреді, өзінің өмір сүру тарихы барысында өзінің бірлігі мен
тұтастығын қамтамасыз етеді.
Тарихқа өркениетті тұрғыдан қарау
Қайта өрлеу дәуірі кезінде еуропалық өркениеттер жаңа тұрпатта дами
бастады. Оның негізін бұрынғылардан өзгеше құндылықтар құрады. Олардың
арасында ғылымға ден қою, прогреске ұмтылу, қызметтің қалыптасқан
формаларын өзгертуге тырысудың ықпалы үлкен болды. Адамның табиғатын, оның
қоғамдық өмірдегі рөлін түсіну де өзгеше болды. Ол христиандық ілім мен
моральға және бейнесі мен түрлі жағынан Құдайға ұқсас, сонысымен болмыстың
мәнін аңғара алатын адамның ақылына қатыстылыққа негізделді. Осылай, тарихи
үдеріске өркениеттік тұрғы алдымен өзіндік бейнесі мен өзіндік бейнесі бар
халықта немесе бүкіл өңірде барды есептеу және зерттеу болып табылады.
Сонымен қоса, бұл тұрғының да өзіндік кемшілігі бар: ол өзінің толысқан,
айшықты көрінісінде халықтар тарихындағы жалпы нышандарды жоққа шығаруға,
тарихи үдерістердегі қайталаушылық элементтерін елемеуге алып баруы мүмкін.
Орыс тарихшысы Н. Я. Данилевский бүкіл дүниежүзілік тарих жоқ, тек жеке,
тұйықталған сипаттағы өркениеттердің тарихы ғана бар деп жазған екен. Бұл
теория бүкіл дүниежүзілік тарихты уақытқа және кеңістікке қарай бірі
екіншісінен бөлініп тасталған, бірі екіншісіне қарсы қойылған мәдени
қауымдастықтарға ажыратып тастайды.
Қазіргі тарихшылар мен қоғамтанушылардың дені өркениеттік тұрғы бойынша
өткеннің де, қазіргінің де басты зерттеу нысаны ретінде адамды алады да,
өркениеттік тұрғыны формациялық талдау схемасына сыймайтын құбылыстар мен
үдерістерді түсінуге көмектесе алатын ұғымды методология деп есептейді.
Әртүрлі тұрғыдағы өркениет ұғымы
Қоғамтанушы ғалымдар арасында дүние жүзі түбінде құндылықтары бүкіл
адамзатқа ортақ болатын бір өркениетке қарай жылжып бара ма әлде қазіргі
мәдени-тарихи көп түрлілік сақталып, кейінгі кезеңде ол одан ары тереңдеп,
қоғам өздігінен дамып бара жатқан өркениеттердің жиынтығы ретінде дами бере
ме деген сұрақтар төңірегінде пікірталас орын алуда.
Екінші тұрғыны жақтаушылар кез келген өміршең организмнің (соның ішінде
адамзат қоғамының) дамуына көптүрлілік тән дегенді алға тартады. Олай
болса, барлық халықтар мен елдерге бірдей құндылықтарды, мәдени
дәстүрлерді, өмірлік әдет-салттарды тарату адам қоғамының даму
диалектикасына қайшы деген сөз. Қарсы жақтың да аргументтері салмақты,
қоғамдық-тарихи дамудың нақты айғақтарымен түйінделеді: белгілі бір
өркениеттің кейбір аса маңызды, қорытылып шығарылған формалары мен
жетістіктері жалпыға бірдей танылады және таратылады. Мәселен, еуропалық
өркениет тудырған, қазір бүкіл адамзаттық игілікке айналып отырған
құндылықтар аз емес. Оған мыналар мысал болады: өндірістік-экономикалық
қатынастар аясында - өндіргіш күштердің дамуының жеткен деңгейі, ғылыми-
техникалық прогрестің жаңа кезеңі тудырған заманауи технологиялар, тауар-
ақша қатынастары жүйесі, нарықтық экономика. Адамзат жинақтаған тәжірибе
тұтынуы бар өндірістің бұдан өткен рационалды өлшемінің ешқандай өзге
механизмін ойлап шығара алған жоқ. Саяси өмір аясында жалпыөркениеттік база
демократиялық нормалар негізінде әрекет ететін құқықтық мемлекет болады.
Рухани-адамгершілік аяда ғылымның, өнердің, мәдениеттің ұлы жетістіктері,
ойдың жемісі, шығармашылық, бүкіладамзаттық моральдық құндылықтары барлық
халықтардың ортақ игілігіне айналды.
Дүниежүзілік өркениеттің жетістіктеріне талдау жасаудың аса маңызды
әлеуметтік және моральдық аспектісі – қоғамдағы тұлғаның жағдайы болып
табылады. Тұлғаның экономикалық, саяси және рухани еркіндігі деңгейі, оның
толыққанды дамуы, толып жатқан мүдделері мен қажеттіліктерінің өтелуі және
солар үшін жасалып жатқан әлеуметтік жағдайлар қарастырылып отырған
қоғамның өркениеттілік деңгейінің критерийі болып табылады.
Айналып соғу ма, әлде ұдайы алға жылжу ма?
Адамзат тарихының алға жылжуын сипаттайтын теориялар аз емес. Солардың
бірі – ертеде пайда болған тарихи айналып соғу теориясын ұстанушылар
қоғамның тұйық шеңбер бойымен айналып, өзінің жеткен мәресіне қайта оралып
отыруының мысалдарын қазір де алға тартуда. Мысалы, А. Тойнби қоғамдық
прогрестің орнына өзінің цикльділік теориясын ұсынды. Дүниежүзілік
тарихты біркелкі – туу, өсу, күйреу және жойылу кезеңдерінен өтетін
тұйықталған өркениеттердің жүйелі қатары ретінде қарастырады.
Тойнби Арнольд Джозеф (1889-1975) – ағылшын тарихшысы және
әлеуметтанушысы. Негізгі шығармасы – Тарихты зерттеу.
Қоғамда үнемі прогресс болып отырады дегенді жақтаушылар оның негізі
ретінде материалдық мәдениетте, соның ішінде техника мен өндіріс
саласындағы өзгерістерді негізге алды және солар арқылы адамзаттың тарихи
жолының кезеңдерін айқындауға талпыныс жасады. Бұл тұрғыдағы салыстырмалы
жан-жақты тәптіштелген экономикалық кезеңдері туралы теорияны америкалық
әлеуметтанушы У. Ростоу (1916 ж. туылған) сипаттап берді.
Ол мынадай бес кезеңді атады:
Бірінші кезең – дәстүрлі қоғам. Ол - техникалық жағынан мешеу,
экономикасында ауыл шаруашылығы ғана болмашы дамыған, сословиелік-таптық
құрылымдағы және ірі жер иелері билік құрған аграрлы қоғам.
Екінші кезең - өтпелі қоғам. Дамудың бұл кезеңінде қоғам өмірінде елеулі
өзгерістер болады; ауыл шаруашылық өндірісі өркендейді; қызметтің жаңа түрі
– кәсіпкерлік және онымен айналысатын іскер адамдар пайда болады;
орталықтандырылған мемлекет құрылып, ұлттық өзіндік сана өседі.
Үшінші кезең - өнеркәсіптік революциялармен және оның артынан әлеуметтік-
экономикалық, саяси жаңарулар жүретін жылжу кезеңі.
Төртінші кезең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет тарихы мен өркениет тарихы
Мәдениет және өркениет туралы
Мәдениет және Өркениет
Мәдениет философиясы туралы
Батыс пен Шығыс әлемі
Мәдениет ұғымының тарихи қалыптасуы және философиялық мағынасы
Философия тарихындағы өркениет және мәдениет мәселесі
МӘДЕНИЕТ және ӨРКЕНИЕТ ЖАЙЛЫ
Мәдениет және Өркениет туралы ақпарат
Тіл - мәдениеттің тасымалдаушысы
Пәндер