XI – XV ғасырлардағы Монғолия



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1. XI . XV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ МОНҒОЛИЯ.
1.1 XI . XII ғасырлардағы Монғолияның әлеуметтік . экономикалық жағдайы. 4
1.2 Монғолдар державасының құрылуы. Моңғол Темужиннің билікке келуі. 6
1.3 Монғол жаулап алушылықтары. 8
1.4 Монғолдар державасының ыдырауы. 9

2. КЕЙІНГІ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ МОНҒОЛИЯ.
2.1 XV . XVI ғасырдың басындағы Монғолияның әлеуметтік . экономикалық жағдайы. 11
2.2 Монғолиядағы феодалдық бытыраңқылық және онымен күрес. 12
2.3 XVI ғасырдағы Монғол . Қытай қатынастары. Ламаизмнің таралуы. 13
2.4 XVII ғасырдағы маньчжурлар шапқыншылығы. 14
2.5 XVII ғасырлардағы монғол мәдениеті. 14

ҚОРЫТЫНДЫ 16

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 20
КІРІСПЕ
Моңғолия жерін адамдар тас дәуірінен мекендей бастады. Б.з. 6 – 12 ғасырларында қазіргі Моғолия аумағы Түрік, Ұйғыр, Қырғыз қағандықтары мен Ляо кидан мемлекеттерінің құрамында болды. 13 – ғасырда Шыңғыс – хан ьүрікі – моңғол тайпаларын біріктірді, көптеген көршілес елдер мен халықтарды бағындырып, Шыңғыс хан империясын құрды.
13 – ғасырдың 2 – жартысында Шыңғыс хан империясы 4 – ке бөлініп, моңғол үстіртін мекендеген түркі тайпалары Алтау тауының батысына қарай қоныс аударды. Ал қазіргі Моңғолия Құбылай хан негізін қалаған Юань империясына қарады. 1358 жылы Юань империясы жойылып, моңғолдар ел астанасы Пекин мен оның төңірегінен қуылды.
14 – 15 ғасырларда моңғолдар Қытайда билікке келген жаңа әулет Мин империясымен қиын – кескі соғыстар жүргізді.
16 ғасырда моңғолдар бытыраңқылықты бастан кешіріп, олар үшке: Оңтүстік Моңғолия (Чахар хандығы), Солтүстік Моңғолия (Халха) мен Батыс Моңғолия (Жоңғар хандығы) бөлініп кетті.
1634 жылы Моңғолия тайпалары Маньчжур ханы Абахайдың әскерімен шайқаста жеңіліп, 1636 жылы Оңтүстік Моңғолия Маньчжур империясының құрамына өте бастады.
1691 жылға дейін оңтүстік пен солтсүтіктегі моңғолдар тайпаларының бәрі Манчьжур билеушілерінің үстемдігін мойындауға мәжбүр болды (қ. Цинь империясы).
1756 – 1758 жылдары Жоңғар хандығы жойылды.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. История Востока. В 6 – ти томах. Т. 2. Восток в средние века. – М., 1995. – 364 – 429, 524 – 528 бб.
2. История Монгольской народной Республики/Ш. Нацагдорж, Б. Цэдэн, Б. Ширендыб и др. – М., 1983.
3. Моңғолдың құпия шежіресі. A., 1998.
4. История Востока. Т. II. Восток в средние века. М.: Восточная литература РАН, 1995. – 564 – 567 бб.
5. История Востока. Т. III. Восток на рубеже средневековья и нового времени. XVI – XVIII вв. – М.: Восточная литература РАН, 1999. – 564 – 567 бб.
6. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 6 том. Бас редакциясы Алматы 2004 ж. 563 – 564 бб.
7. C.Ә. Тортаев Орта ғасырлардағы Азия және Африка тарихы. Алматы 2009 ж.
8. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Оқу - әдістемелік құрал. Алматы 2004 ж.
9. Чулууны Далай Монголия в XIII - XIV веках, "Наука", М. 1983
10. История народов Восточной и Центральной Азии, "Наука", М. 1986.
11. С.Г. Кляшторный Государства татар в Центральной Азии (дочингисова эпоха)//“Mongolica: К 750-летию “Сокровенного сказания”, “Наука”-Издательская фирма “Восточная литература” РАН, М. 1993.
12. Л.Р. Кызласов Ранние монголы// “История и культура Востока Азии. т.3 - Сибирь, Центральная и Восточная Азия в средние века”, “Наука”, Новосибирск 1976.
13. Е.И. Кычанов Жизнь Темучжина, думавшего покорить мир, Издательская фирма “Восточная литература” РАН, М. 1995.
14. Н.Ц. Мункуев Заметки о древних монголах// “Татаро-монголы в Азии и Европе”, 2-е изд., “Наука”, М. 1977.
15. С.А. Плетнева Кочевники Средневековья, “Наука”, М. 1982.
16. Ш. Сандаг Образование единого монгольского государства и Чингисхан// “Татаро-монголы в Азии и Европе”, 2-е изд., “Наука”, М. 1977.
17. И. П. Петрушевский Поход монгольских войск в Среднюю Азию в 1219 - 1224 гг. и его последствия// “Татаро-монголы в Азии и Европе”, 2-е изд., “Наука”, М. 1977 г.
18. Е.И. Кычанов Кочевые государства от гуннов до маньчжуров, Издательская фирма “Восточная литература” РАН, М. 1997.
19. Р. Груссе Чингисхан: Покоритель Вселенной, “Молодая гвардия”, М. 2002.
20. Л.Л. Викторова Монголы, “Наука”, М. 1980.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1. XI – XV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ МОНҒОЛИЯ.
1.1 XI – XII ғасырлардағы Монғолияның әлеуметтік – экономикалық 4
жағдайы.
1.2 Монғолдар державасының құрылуы. Моңғол Темужиннің билікке келуі. 6
1.3 Монғол жаулап алушылықтары. 8
1.4 Монғолдар державасының ыдырауы. 9
2. КЕЙІНГІ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ МОНҒОЛИЯ.
2.1 XV – XVI ғасырдың басындағы Монғолияның әлеуметтік – экономикалық 11
жағдайы.
2.2 Монғолиядағы феодалдық бытыраңқылық және онымен күрес. 12
2.3 XVI ғасырдағы Монғол – Қытай қатынастары. Ламаизмнің таралуы. 13
2.4 XVII ғасырдағы маньчжурлар шапқыншылығы. 14
2.5 XVII ғасырлардағы монғол мәдениеті. 14

ҚОРЫТЫНДЫ 16

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 20

КІРІСПЕ
Моңғолия жерін адамдар тас дәуірінен мекендей бастады. Б.з. 6 – 12
ғасырларында қазіргі Моғолия аумағы Түрік, Ұйғыр, Қырғыз қағандықтары мен
Ляо кидан мемлекеттерінің құрамында болды. 13 – ғасырда Шыңғыс – хан ьүрікі
– моңғол тайпаларын біріктірді, көптеген көршілес елдер мен халықтарды
бағындырып, Шыңғыс хан империясын құрды.
13 – ғасырдың 2 – жартысында Шыңғыс хан империясы 4 – ке бөлініп,
моңғол үстіртін мекендеген түркі тайпалары Алтау тауының батысына қарай
қоныс аударды. Ал қазіргі Моңғолия Құбылай хан негізін қалаған Юань
империясына қарады. 1358 жылы Юань империясы жойылып, моңғолдар ел астанасы
Пекин мен оның төңірегінен қуылды.
14 – 15 ғасырларда моңғолдар Қытайда билікке келген жаңа әулет Мин
империясымен қиын – кескі соғыстар жүргізді.
16 ғасырда моңғолдар бытыраңқылықты бастан кешіріп, олар үшке:
Оңтүстік Моңғолия (Чахар хандығы), Солтүстік Моңғолия (Халха) мен Батыс
Моңғолия (Жоңғар хандығы) бөлініп кетті.
1634 жылы Моңғолия тайпалары Маньчжур ханы Абахайдың әскерімен
шайқаста жеңіліп, 1636 жылы Оңтүстік Моңғолия Маньчжур империясының
құрамына өте бастады.
1691 жылға дейін оңтүстік пен солтсүтіктегі моңғолдар тайпаларының
бәрі Манчьжур билеушілерінің үстемдігін мойындауға мәжбүр болды (қ. Цинь
империясы).
1756 – 1758 жылдары Жоңғар хандығы жойылды.

1. XI – XV ҒАСЫРЛАРДАҒЫ МОНҒОЛИЯ.
1.1 XI – XII ғасырлардағы Монғолияның әлеуметтік – экономикалық жағдайы.
XIII ғасырда Еуразия халықтарының тағдырына зор әсер етіп,
Моңғолияның даңқын бүкіл әлемге шығарған Шыңғыс хан мен оның балалары,
немерелері болды.
XI ғасырдың басында қазіргі Моңғолия моңғол тілінде сөйлейтін
тайпалардың мекеніне айналды. Онда бұрын тұрған түркі тілдес халықтар қоныс
аударды; жалайыр, керей, қоңырат, найман, қоралас тайпалары моңғолдың
арулат, барулас, бесут, маңғуыт, меркіт, найқын, алқұнауыт, оранар,
ұранқой, сүкегін, тайшыжұт, т.б. тайпаларымен аралас – құралас тұрып жатты.
Моңғолдар Байкал көлінен Ұлы Қытай қабырғалары, Енесай өзені мен Ертіс
өзендері аралығында көшіп – қонып жүрді. Моңғол жері орман, дала, құба
(шөл) болып бөлінді. Солтүстігіндегі моңғолдар орман – тоғайларда, ал
оңтүстігіндегі моңғолдар – ашық далада, құмда қоныс өзгертіп отырды.
Орман–тоғайдағы моңғолдар аң, балық аулаумен шұғылданса, оңтүстігіндегілер
мал бағып, көшпелі өмір сүрді.
Әлеуметтік – экономикалық және мәдени даму деңгейі жағынан
солтүстіктегі моңғолдар оңтүстіктегі моңғолдардан артта қалып қойған. Олар
алғашқы қауымдық қоғамнан таптық қоғамға енді – енді өте бастаған болатын.
Олардың үйлері ағаштан, киімдері аң терілерінен жасалатын. Бірте – бірте
солтүстіктегі моңғолдар мал бағумен де айналыса бастады. Мал басының көбеюі
оларды тоғайдан шығуға мәжбүр етті.
XII ғасырдағы тоғайлық моңғолдар көпшілігі жартылай аң аулаушылар,
жартылай мал бағушылар болды. Далада тұратын моңғолдар ірі қара, жылқы, қой
өсірді. Түйе ол кезде Моңғолияда аз болды. Олар тез жиналып, тез қайта
құрылатын, дөңгелек киіз үйлерде тұрды. Әр рудың өзіне тиісті, бекітілген
жайлау, қыстаулары болды. Моңғолдар негізінен мал етімен, сүтімен
қоректенді. Мал моңғолдардың өздерінде жоқ егінге, қолөнер бұйымдарына
айырбастайтын ақша орнына да жүрді. Қолөнері нашар дамыды. Олар жүннен киіз
басты, арқан есіп, жіп иірді, мата мен темірден жасалған бұйымдарды қазан
– ошақ...Қытайдан алып отырды. Теріден қайыс – таспа, мес, қоржын, киім
тікті. Ағаштан ертоқым, ыдыс – аяқ, садақ жасады. Аз пайдаланылатын
темірден ара, балта, пышақ, садақ оғын... жасады, Моңғолиядағы сауда Орта
Азиядан, Шығыс Түркістаннан шыққан ұйғыр және мұсылман көпестерінің қолында
болды.
Жалпы мәдениет деңгейі өте төмен болды: олар күнтізбе дегенді білмеді.
Қытай саяхатшысы Мэн Хун былай деп жазды: “Жылды шөптің өсуімен есептейді,
біреуінен қанша жастасың деп сұрасаң: 20 шөп, 30 шөп деп жауап береді. Олар
күзді көктемнен адыратпайды, айдың күндерін білмейді”.
Кейбір моңғол руларының мәдениетіне батысында тұратын түркі тілдес
ұйғыр халқы айтарлықтай ықпал етті. XIII ғасырға дейін моңғолдардың өз
жазуы болған жоқ. Моңғол тайпаларының ең мәдениетті көршілері – наймандар,
ұйғыр жазуын қолданды. Дегенмен барлық моңғол халқына, оның мәдениетіне
Азияның сол кездегі ең озат елі – Қытай көп үлес қосты.
XIII ғасырға дейін моңғол халқының көпшілігі мамандық дінді ұстанды.
Басты құдай деп “мәңгілік көк аспан” саналды. Моңғолдар жер құдайын да,
рухты да мойындап, аруақтарды пір тұтып, сыйынды. Керей тайпасының ірі
ақсүйектері XI ғасыржың басында несториандық бағыттағы христиан дінін
қабылдады. Наймандар арасында буддизм мен христиан діні тарады. Бұл діндер
Моңғолияға ұйғырлар арқылы тараған еді.
XII ғасырдың аяғына қарай моңғол қоғамының таптық сипаты айқын көріне
бастады. Әрбір рудың өзінің “батыр”, “мерген” атанған басшылары байларға
айналып, өзінің кедей туыстарын қанай бастады. Мұндай ру басшылары
“нояндар” деп аталды. Рудың меншігіндегі жерлерді біртіндеп осы нояндар өз
қолдарына ала бастады. Олар мал жайылымдарын, жазғы, қысқы қоныстарды
бөліп, өздеріне көбірек жақсы жерлерді қалдырып отырды. Моңғол және Қытай
дерекнамалары бұл мәселе бойынша көптеген нақтылы мысалдар қалдырған.
Жердің иесі ретінде нояндар бақташылар – араттарды өздеріне
тәуелділікте ұстады. Жер үшін арттар белгілі бір өтемсалықтөледі. Мысалы,
ноянның малын өз малымен қоса бақты. Сөйтіп, жұмыспен өтеу рентасы
қалыптасты.
Моңғол қоғамының өмірінде құлдар үлкен рөл атқарды. Құлдар жеткілікті
болды. Соғыста тұтқынға түскендер құлға айналдырылатын. Дегенмен,
соншалықты көптігіне қарамастан, құлдар моңғолдардың қоғамдық өндірісінле
шешуші рөл атқарған жоқ. Құлдарды негізінен ақсүйектер үйлерінде малай
ретінде пайдаланды, енді бір үйлерде құлдарды қолөнершілер ретінде
пайдаланды. Құлдардың еріксіз еңбегі тиімсіз болды. Ол арнаулы бақылаушы
адамдарды қажет етті. Құлдардың еңбегі мал басының өсуін қамтамасыз ете
алмады. Моңғол қоғамы алғашқы қоғамдық қауымнан құлдық қоғамға тоқтамай,
феодалдық қоғамға көшті. Осы жолмен дамуына олардың дамыған феодалдық ел –
Қытаймен көрші болуы да үлкен ықпал етті.
XI – XII ғасырларда Моңғолияның қоғамдық өндірісіндегі басты тұлға –
ерікті шаруа–арат болды. Олардың ұсақ шаруашылықтары болды, табыстарын
ұлғайта түсуге мүдделі болды. Араттар әлі басыбайлы емес, ерікті шаруалар
болып қала берді. Олардың бір нояннан басқа ноянға кетуге хақысы болды. Бұл
ерікті шаруалардың нығайып келе жатқан феодалдық қатынастарға қарсы күресі
туралы деректер бар. Мысалы, Шыңғыс хан таққа отырар алдында моңғол
қоғамына былай деп сипаттама берген болатын: “Балалары әкелерін тыңдауды
қойды, інілері ағаларын бағынбады, санаспады, ерлері әйелдеріне сенуден
қалды, ал әйелі ерін сыйлауды қойды. Сол себепті қарақшылар, бұзықтар,
безбүйректер көбейді. Сөйтіп, қоғамда тәртіп, мәніс қалмады”.
Моңғолиядағы феодализмнің қалыптаса бастауына байланысты “нөкерлік”
деген өмірге келді. Нөкер деген орыстардағы “дружинник” қазақтардағы
“”төлеңгіт дегенді білдіреді.
Нөкерлік XII ғасырдың аяғында кең қанат жайып, елдің қоғамдық өмірінде
үлкен рөл атқарды. Нөкерлердің басты міндеті еңбекшілер наразылығын басып,
нояндар билігін нығайту, өз ноянының басқа нояндармен күресіне қатысу
болды. Нөкерлер текті тұқымдардан таңдап алынды. Нөкерлер жер, шаруалар
болды. Бұл үлестер еуропалық бенефицидің баламасы болды. Моңғолша бұл үлес
“хуби” деп аталды. Қарапайым халық “харачу” деп аталды. Нөкер ноянға
адалдығы жөнінде ант – су ішіп, ауызша уәде беретін.
Феодалдық қатынастардың онан әрі дамуына рулық қауымның қалдықтары
кедергі жасады. Әрбір атаның тұқымдары бірге көшіп – қонатын. Қоныста
ортада үлкен үй орналасатын да, қалғандары сол үйдің айналасына тігілетін.
Әскерді де әр атаның тұқымдары жасақтайтын. Жеті атаға дейін бір тұқымның
ұрпақтарына үйленуге тыйым салынды. Сондықтан келін басқа атадан
айттырылатын, ал қалың малға шамасы келмейтіндер қалыңдықты ұрлап алып
қашуға мәжбүр болатын. Әр атаның өз таңбасы болды. Соғыс кезінде әр атаның
жауынгерлері жауға қарсы өз сарларларының басшылығымен топ – топ болып
шабатын.
Әр ата – бір ауыл болатын. Әйелдерді ерекше сый- құрметке бөлеген. Ол
жайында XIV ғасырдағы араб саяхатшысы Ибн Батута жақсы жазған. Әр атаның өз
қонысы болатын. Ата ішінде өкпелеген отбасылар басқа жерге көшіп кететін.
Ата ішіндегі билік, байлық үшін таластар көрші аталармен талас –
тартыстарға ұласты. Бірнеше рулар, ата тұқымдары бірлесіп, Моңғолиядан тыс
жерлерге жорықтар жасай бастады. Бірақ ең басты мәселе – бүкіл Моңғолияға
билік орнату болды. Тайшыжуттар мен татарлар, керейлер мен наймандар,
татарлар мен меркіттер арасындағы қақтығыстардың мақсаты – Моңғолияны бір
рудың қол астына біріктіру болды.
Әсіресе XII ғасырдың екінші жартысында талас – тартыс шиеленісіп
кетті. Өндіргіш күштердің онан әрі дамып жетілуі қорғауды қажет етті, яғни
бір орталыққа бағынған тәртіп орнатып, ол тәртіптің қатаң сақталуын
бақылайтын мемлекетке мұқтаж болды. Мұндай мемлекеттің құрылуы Есугей
батырдың баласы Темужиннің қызметімен байланысты болды. 1164 жылы Есугей
батыр өлді. Оның жұбайы Оэлун бес баламен4 ұл, 1 қыз жесір қалды.
Баласының үлкені Темужін 9 жаста болатын. Ол ер жетіп, ат жалын тартып
мінгенше жесір отбасының көрмеген азап – қорлықтары жоқ.

1.2 Монғолдар державасының құрылуы. Моңғол Темужиннің билікке келуі.
Темужиннің аты XII ғасырдың 90 жылдары шыға бастады. Ол әкесінің досы,
керейттердің ханы Тұғрылдың көмегімен көзге түсіп, көтеріле бастады. Бірте
– бірте өз ұлысын құрып, бүкіл Моңғолияны біріктіруге кірісті. Бірақ мұндай
ойды тек Темужін емес, басқа ұлыстың басшылары да ойлайтын. Солардың
тарапынан Темужін үлкен қарсылыққа кездесті. Ең бірінші қарсыласы
тайшыжұттарды өз жағына тартып лаған меркіттер болды. Тұғырыл ханның және
жаджират руының батыры, досы Жамуханның көмегімен Темужін меркіттерді
талқандады. Бұл жеңістен кейін Темужін мен Жамуха арасында араздық туды.
Бір пікір бойынша, Жамуха бұрынғы рулық құрылыс пен тіртіпті жақтап,
қарапайым халықтың мүддесін қорғады. Ол Темужін орнатпақшы қатаң тәртіпке,
бір орталыққа бағынған мемлекетке қарсы болды. Басқа бір пікір бойынша,
Жамуханның өзі билікке ұмтылды, сол билік үшін күресті.
1200 жылы Темужін Тұғырыл ханмен бірге татарларды талқандады. 1202
жылы Темужін әскер басыларына соғыста түскен олжаны өз бетімен талан –
таражға салуға тыйым салды. Олжа соғыс біткен соң тең бөлінуге тиіс болды.
Темужіннің бұл жеңісі оның қарсыластарын бірлесуге, күш жинауға мәжбүр
етті. Татарлар меркіттермен, тайшыжұттармен, ойраттармен бірігіп, Жамуханы
хан сайлап, Темужінге қарсы соғыс бастады.
1203 жылғы көктемде бұл соғыс Темужіннің толық жеңілісімен аяқталды.
Бұл жеңістен кейін Темужін мен керейт ханы (ваны) Тұғырылдың арасындағы
бақталкастық басталды. Олардың арасында соғыс болмай қоймайтын болды.
Cоғысқа Ван – ханды баласы итермелей түсті. 1203 жылы Ван – хан әскері
талқандалып, ұлысы Темужіннің қолына көшті.
Енді Темужінге қарсы тұрған бір ғана ұлыс – наймандар қалды. Екі жақ
та соғысқа мықтап дайындала бастады. Темужінге қарсы күштердің бәрі
наймандар тобына барып қосылып жатты. 1204 жылы Темужін әскері Орхон
өзенінің батысында наймандарды Таян – хан бастаған қолын талқандады. Таян –
хан ұрыс кезінде өлді. Бұл жеңістен соң бүкіл Моңғолияны билеу жолында
Темужіннің бақталасы қалмады. Наймандар батысқа қашып барып, қазақ халқының
негізін қалауға үлес қосты.
12061202 жылы Онон өзені бойындағы Делюн – бұлдақ деген жерде
ашылған ру – тайпа шонжарларының құрылтайы Темужінге Шыңғысхан деген атақ
беріп, оны моңғолдардың ұлы қақаны жариялады. Әбілғазы “Тәңірінің беті
келіп: “Маған тәңірден ишарат болды. Темужінге бар. Елге, халыққа: “Бұл
күннен соң Темужін демесін, Шыңыз десін, жер жүзінің патшалығын Шыңызға,
оның балалалары мен тұқымдарына бердім” деп айт дейді. “Шыңыз” мағынасы
“ұлық және қатты” деген болар, “ыз” – оның көпшесі”, - десе, Құрбанғали
Халид: “... Соғыс ғылым тәсіліне қарап – ақ “жың аңкиз, яғни Жаһангирәлемді
алушылақабы қойылып, ол өзгеріп, “жыңғыз” – “Шыңғыс” болып кеткені” дейді.
Әбілғазы: “Шыңғыс хан ... туғанда бір қолын жумып туды. Кіндік шеше болған
әйел қолын ашып қарап еді, бір уыс қан көрді. Мұны келіп әкесіне айтты.
Отырған кісілердің ешқайсысы бұл ненің нышаны екенін айта алмады, тек
бір кісі ғана “бұл бала дүние жүзіне патша болар, көп елдер мен
уәлаятттарды қаталдықпен өзіне бағындырар, бұл – соның нышаны, - депті. Ол
кісінің айтқанындай болды”.
Моңғол тайпаларының барлығы Шыңғысханның ұлысы саналды. Олар: оң қол –
барунғарБорчу, сол қолы – жоңғарМухалижәне орталықНаядеп үш бөлікке
айрылды. Әрқайсысы бөлек өз ішінен түмендікоң мың, мыңдық, жүздік және
ондықтарға бөлінді. Егер бір жауынгер соғыс даласынан қашса, онда бұл үшін
бүкіл ондық өлтірілді, яғни әскер тәртібі өте қатал болды. Әскер басында
нояндар, баһадүрлер, мергендер болды. Әскерлердің көпшілігін сансыз көп,
әрі шапшаң қозғалатын атты әскер отрядтары құрады.
Соғыс қарулары – қайқы қылыш, ұзын найза, садақ, қорған бұзғыш және
тас лақтырғыш серіппелі құралдар және тез жанатын май құйылған құмыралар
еді. Шыңғысханның он мыңдай таңдаулы, өзіне шын берілген жауынгерлерден
құралған “кешігі” – жеке ұланы болды. Осы ұланның көмегімен Шыңғысхан
нояндар мен ірі феодалдарды өзіне бағындырып ұстады.
Ең үлкен әкімшілік бөлік бір түменоң мыңәскер шығара алатын иелік
болды. Шыңғысханның барлық қарулы күштері әрқайсысында мың әскері бар 95
мыңдықтан құрылды. Шыңғысхан барлау жұмыстарын жақсы жолға қойды. Қажетті
деректерді олар көпестер, елшілер және тұтқындар арқылы жинады. Болашақ
қарсыласын тек мұқият зерттегеннен кейін ғана әскери жорықтарға шығып
отырды.

1.3 Монғол жаулап алушылықтары.
1207 жылы моңғолдар Селенга өзенінің солтүстігіндегі, Енесай
алқабындағы Сібір халықтарын, тангуттық Ся–Ся мемлекетін, 1209 ж. Шығыс
Түркістандағы ұйғырлар елін басып алды. 1211 ж. Қытайдың солтүстігіндегі
чжурчжендерге қарсы жорық басталды. 1215 ж. бұл жорық ПекиндіБэйцзинбасып
алумен аяқталды.
1218 жылы Шыңғысхан наймандарды талқандап, 1219 ж. Қазақстан мен Орта
Азияны жаулап алуға кірісті. 1220 ж. моңғолдар Бұхара мен Самарқанды,
Хорезм мемлекетін басып алды. 1221 ж. Орта Азияны басып алу аяқталды. Жебе
мен Сүбедей батырлар басқарған моңғол әскерлері Әзербайжан мен Грузияны
талқандап, Қырымға жетті. 1223 ж. Қалқа өзенінде моңғолдар орыс князьдері
мен қыпшақтардың бірлескен жасақшыларын талқандады.
1225 ж. Шыңғысхан Моңғолияға қайта келіп, келесі, 1226 ж. Тангуттық Ся
– Ся мемлекетін біржолата жойып жіберу жорығына шықты. 1227 ж. Ся- Ся өмір
сүруін біржолата тоқтатты. Сол жорықтан қайтып келе жатып Шыңғысхан қайтыс
болды. Оның қазасы туралы ресми мәлімет деректерде келтірілмеген.
1229 ж. Хұрал өткізіліп, онда Ұлы хан болып Шыңғысханның үшінші ұлы
Үгедей сайланды. Моңғолияның өзіне төртінші кенже ұлы Төле хан болып
тағайындалды. 1231 ж. Үгедей мен Төле бастаған моңғол әскері Бянь (қазіргі
Кайфын) қаласына басып кірді. Яньцзиннен айырылғаннан кейін чжурчжендердің
үкімет басшылары осы қалаға келіп қоныс тепкен болатын. Шабуыл алғаш сәтсіз
басталғандықтан моңғолдар Оңтүстік – Сун мемлекетін чжучжендіктерге қарсы
бірлесіп күресуге шақырды. Бұл үшін Оңтүстік қытайлықтарға Хэнань
провинциясын беруге келісім жасады.
Оңтүстігінен Сун әскерінің, солтүстігінен моңғолдардың шабуылына
чжурчжендер төтеп бере алмады. Бянь қаласын моңғол әскері басып алды. Сонан
соң чжурчжендердің бекініс тіректері бірінен соң бірі құлай бастады. 1234
ж. Цайчжоу қаласын моңғолдар басып алған соң чжурчжен патшасы өзін - өзі
өлтірді. Чжурчжендер аумағын толық басып алып, моңғолдар Сун үкіметіне
берген уәдесін орындамады–Хэнань провинциясын оларға бермеді.
1236 ж. моңғолдардың батысқа жаңа жорығы жасалды. Ол жорықты Жошының
баласы Бату басқарды. Қыпшақтар мен Еділ (Волга) булгарларын бағындырып,
моңғолдар 1237 ж. орыс жеріне шабуыл жасады. 1237 – 1238 жж. олар Рязань,
Коломна, Москва және Владимир қалаларын басып алып, талқандады. Сити
өзенінде орыс князьдерінің басты күштері талқандалды.
1239 ж. моңғол әскері Днепр өзенінен өтіп, Киевті басып алды. 1241 ж.
Бату мен Сүбедей бастаған моңғол әскері Венгрияға, екінші тобы – Польшаға
басып кірді. Польша мен Силезияны бағындырып, моңғолдар Лигницы маңында
поляк және неміс князьдерінің жасақтарын талқандады. Венецияға дейін жеткен
моңғол әскерінің әлсіреуі оларды кейін қайтуға мәжбүр етті.
1241 ж. моңғолдардың Ұлы ханы Үгедей қайтыс болды. Бес жыл бойы тақ
үшін талас болды. 1246 ж. шақырылған Хұрал Үгедейдің баласы Күйікті Ұлы хан
сайлады. Ол 1248 жылға дейін билік құрды. Тағы да так үшін күрес басталып,
ол үш жылға созылды. 1251 ж. жиналған Хұрал Төленің баласы Мөңкені (1208 -
1259) Ұлы хан деп жариялады. Мөңкенің інісі Хулагу (1217 - 1265) басқарған
моңғол әскері 1258 ж. Бағдадты басып алды. Ондағы Аббастар әулеті
құлатылды. 1260 ж. Хулагу әскері египеттік мәмлүктер әскерінен жеңіліп
қалды да, кері қайтты. Мөңкенің тағы бір інісі Құбылай (1215 - 1294)
Шығыста Қытайды бағындыру үшін соғысып жатты.
1259 ж. Оңтүстік Қытаймен соғыста Ұлы хан Мөңке қаза тапты. 1260 ж.
құрылтай жиналысында Құбылай Ұлы хан деп жарияланды. Бұл кезде
Қарақорымдағы ақсүйектер Құбылайдың інісі Әрібұханы Ұлы хан тағына
отырғызды. Сөйтіп, Моңғолияда екі Ұлы хан билік құрды. Ол екеуінің
арасындағы қарулы қақтығыс төрт жылға созылып, Әрібұха жеңілді. Моңғолия
империясының Ұлы ханы деп Құбылай танылды.

1.4 Монғолдар державасының ыдырауы.
Құбылай ханның тұсында моңғолдар державасы өзгере бастаған еді. Оның
құрамынан батыс ұлыстары бөлініп кетті. Елхандар (Иран) мемлекеті мен Алтын
Орда Құбылай таққа отырғанда іс жүзінде тәуелсіз мемлекеттерге айналды. Ұлы
ханның ісіне араласпай, олар Ұлы ханды да өз істеріне араластырмады. XII –
XIV ғасырларда батыстағы үш ұлыстың хандары ислам дінін қабылдап, Ұлы ханды
тіпті сөз жүзінде мойындаудан да қалды. XIV ғасырға қарай батыс ұлыстарда
тұрып жатқан моңғолдар жергілікті халықпен араласып кетті. Олар өз тілдерін
жоғалтып, түрік тіліне көшті. Тек Каспий теңізінің батысында ғана моңғол
тілі XVII ғасырға дейін, ал Ауғаныстанда – XIX ғасырға дейін сақталды.
1271 ж. Құбылай астананы Моңғолиядан Яньцзинге (Пекин) көшірді. 1279
ж. моңғолдар Оңтүстік Сун империясын жаулап алуды аяқтады. Бүкіл Қытай
моңғол феодалдарының қолына көшті. Моңғолдардың XIII ғасырдың 70 – 80
жылдары Жапонияға, Бирма мен Вьетнамға жасаған жорықтары сәтсіздікке
ұшырады.
Моңғолдар жаулап алған жерлерінде “Ұлы Ясы” бойынша тәртіп орнатты.
Cөйтіп, пассионарлық фазаға шамамен 970 жылдары аяқ басқан моңғолдар
XIII – ғасырдың бірінші жартысына қарай Еуразия кеңістігіне өз билігін
орнатты. Пассионарлықтың күшеюі кезінде Монғолияның өзінің ішінде де
араздықтар, бақталастықтар орын ала бастайды. 1245 – 1262 жж.
Шыңғыстықтардың біртұтас мемлекеті ыдырай бастайды. Оның жеке бөліктерінің
арасында әскери қақтығыстар басталды. 1257 жылдан 1288 жылға дейін аралықта
моңғолдар вьетнамдықтардан үш рет жеңілді. Бұл жеңілістер ыдырауды күшейте
түсті. Ыдыраудың шыңына моңғолдар 1368 ж. шықты. Бұл кезде моңғолдар Қытай
мен Кореядан, Ираннан қуылды. Өзара қақтығыстарды пассионарилердің
көпшілігі қырылып кетті. Енді моңғолдармен аралас некенің арқасында
қытайлықтардың пассионарилігі арта түсті.

2. КЕЙІНГІ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ МОНҒОЛИЯ.
2.1 XV – XVI ғасырдың басындағы Монғолияның әлеуметтік – экономикалық
жағдайы.
XV ғасырда моңғолдықтардың негізгі шаруашылығы – экстенсивті мал
шаруашылығы болып қала берді. Моңғол шаруалары–араттар мал жайылымына
лайықты жерлерге көшіп – қонып жүрді. Моңғолдар мал үшін жем – шөп
дайындамады, егіншілікпен айналыспады. Аңшылық рөлі де төмендеп кетті.
Шаруашылық натуралды болды. Қолөнері нашар дамыды. Араттар өздеріне керекті
бұйымдарды әрқайсысы өзі үшін жасап алатын. Жекелеген князьдықтар арасында
экономикалық байланыс болмады. Князьдықтар күшейіп, олардың ханға
тәуелділігі шамалы болды. Ішкі сауда дамымады. Моңғолия сол себепті сыртқы
саудаға көп тәуелді болды. Солтүстігіндегі бурят – моңғолдар даму жағынан
оңтүстіктен әлдеқайда артта қалып қойды.
Қытайдан қуылғаннан кейін моңғолдардың онымен сауда–саттық байланысы
көпке дейін үзіліп қалды. Бұл үзіліс моңғол экономикасына көп зиян
келтірді. Қиыншылықтар екі ел арасындағы соғыстар нәтижесінде онан бетер
шиеленісе түсті. Моңғолдар Қытайдағы үстемдігін қайта қалпына келтіру үшін,
экономикалық қатынастарда өздеріне артықшылықтар жеңіп алу үшін соғысты.
Ал Мин әулетінің императорлары моңғол феодалдарын талқандап, өздеріне
бағындырып алу үшін соғысты. Қоғамдық сатының ең жоғары баспалдағында
Шыңғыс ханның тұқымдары мен тайшылар тұрды. Бұл хан тұқымдарының туыстары
өздерін “Қаған Ясун”ақсүйекдеп атады. Әр ірі феодалдың иелігі болды. Ол
“ұлыс” деп аталды.
Империя кезінде жер мемлекет қарамағында болып, оны жеке тұлғаларға
сыйлау немесе қайтарып алу ханның құқы болса, XVI ғасырға қарай жердің
иелері ықпалды князьдер, ұлыстардың басшылары мен ұсақ князьдер болып алды.
Қарапайым еңбекші халық “қара ясун”, “харачу” деп аталды. Олар өз
феодалдарына, қожаларына тәуелді болды. Араттар өз бетімен қоныс та таңдап
ала алмайтын.
XVI ғасырларда Моңғолияда азық – түлік рентасы кең өріс алды. Дегенмен
еңбек өтеу рентасы феодалдық қанаудың және ірі мал шаруашылығының тірегі
болып қала берді. Араттар арасында тұрмыс деңгейі жағынан жікке бөлінушілік
орын ала бастады. Бірінші орында “Сайн хумун” деп аталған “Сыйлы адамдар”,
бақуаттылар тұрды. Олардан кейні ортаншы топ, яғни орташа бақуаттылар
тұрды. Ол топ “дунд хумун” деп аталды. Келесі сатыда “Қара хумун” деп
аталған кедей – кепшіктер тұрды. Дархан деп аталған әлеуметтік топ бірақ
артықшылықтармен пайдаланды. Олар феодалдарға қызмет етудегі ерекше
еңбектері үшін еркіндікті көбірек алған қызметкерлер болатын.
Моңғол қоғамының ең төменгі сатысында “богол” деп аталған құлдар
тұрды. Олар негізінен үй шаруашылығында пайдаланылды. Құлдардың өз
мүліктері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үйсіндер.Қаңлылар.Ғұндар
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтер
Түркітанушы қазақ ғалымдарының еңбектері. Руникалық көне түркі жазба ескерткіштері
3-12 ғасырлардағы Қытай
МОҢҒОЛДАРДЫҢ ОРЫС МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНЕ ЫҚПАЛЫ
Қимақтар Қазақстан аумағында
Қазақ мәдениеті. Қазақ мәдениетінің бастаулары
III – X ғасырлардағы Қытай
Тарихи Қалалардың ескерткіштері
Пәндер