Биосфераның ластануы


Жоспар:

  1. Кіріспе
  2. Биосфераның ластануы және деңгейлері
  3. Биосфераның радиоактивтік ластануы
  4. Ластанудың түрлері

Пайдаланған әдебиеттер

Биосфераның ластануы

  1. Кіріспе
  2. Биосфераның ластануы және деңгейлері

Биосфераның ластануы - адамның іс - әрекетінің нәтижесінде биосферада зиянды заттар мөлшерінің көбеюі, жаңа химиялық қосылыстардың пайда болуы, температураның көтерілуінен климаттың өзгеруі. Негізгі себептері: өнеркәсіптің (энергетика, транспорт, т. б. ) тез қарқынмен дамуы, ауыл шаруашылығы мен күнделікті тұрмыста химиялық жетістіктерін кеңінен пайдалану, халық санының өсуі және урбанизациялану (қалалардың өсуі) .

Кен қазындыларын өндіру кезінде жер қойнауынан жылына 100 млрд. т тау жыныстары алынады. Оның 10%-і ғана іске асады да, 90%-і жарамсыз қалдықтарға айналып жер бетін ластайды. Жыл сайын шартты түрдегі 1 млрд. т отын жағылады, атмосфераға 20 млрд. т СО 2 , 300 млн. т СО, 50 млн. т NO, 150 млн. т SO 2 , 5 млн. т H2S, 400 млн. т-ға жуық күл, түтін, шаң-тозаң түседі. Ал гидросфераны 600 млрд. т-дай өндірістік және тұрмыстық ағын сулар ластайды. Мұнай өндіру және мұнай өнімдерін тасымалдау кезінде әлемдік мұхитқа 10 млн. т-ға жуықмұнай өнімдері төгіледі. Бұл ондағы тіршілікке үлкен зиян келтіреді. Жыл сайын топыраққа 100 млн. т-дай минералды тыңайтқыштар сіңіріледі.

Биосферада жыл сайын түзілетін жүздеген мың т әр түрлі жаңа химиялық қосылыстардың көпшілігі биологиялық және физиологиялық жолмен ыдырамайды. Биосферада ыдырамайтын заттардың шамадан артық жинақталуынан (мысалы, пестицидтер, полихлордифенилдер, т. б. ) және табиғи ыдырау механизмдері немесе сіңіру қабілеті бар заттардың әсерінен (тыңайтқыштар, ауыр металдар, т. б. ) табиғи жүйелер мен олардың биосферадағы байланыстары бұзылады. Биосферадағы зат айналымына бірнеше млн. т хлорорганикалық қосылыстарды енгізу, бір жағынан, жануарлардың (әсіресе, балықтар мен құстардың) көптеген түрлерінің жойылуына, ежелден қалыптасқан трофикалық тізбектердің үзілуіне, соның нәтижесінде биоценоздардың бұзылуына әкелсе, екінші жағынан, ұсақ жәндіктер мен микроорганизмдердің (космополит организмдердің) шамадан тыс көбеюіне соқтырды. Ағашжәне қазба отындарды (тас көмір, мұнай) негізгі қуат көзі ретінде пайдалану атмосфераның зиянды газдармен және шаң-тозаңмен ластануының басты көзі болып табылады.

Соңғы жылдары атмосферадағы қорғаныштық рөл атқаратын озон қабаты жұқарып, кейбір аймақтарда (мысалы, полюстерде) “озон ойықтары” пайда бола бастады. Олардың пайда болуына өндірістерден бөлінетін N, Cu, Fe, Mn, Cl, F, Br оксидтері мен ғарыш кемелерін ұшыру әсер етеді. Әсіресе, метан, этан, пропанның хлорлы және фторлы туындыларын (фреондар) өнеркәсіпте кеңінен пайдалану - озон қабатының жұқара түсуіне үлкен әсерін тигізіп отыр. Ал озон қабатының бұзылуы - Жер бетіндегі бүкіл тіршілікке үлкен зиян. Азоттотықтары мен күкірттің сумен қосылыстары “қышқылды жаңбыр” жаудырып, биосфераға орасан зор қауіп төндіруде. Биосфера ластануының тағы бір қауіпті де қатерлі көзі - қоршаған ортада радиоактивті қалдықтардың жинақталуы және АЭС апаттары. [1]

  1. Биосфераның радиоактивтік ластануы

Биосфераның радиоактивтік ластануы ( Радиоактивное загрязнение биосферы ) - қоршаған табиғи ортадағы радиоактивтік заттектер құрамының қалыпты деңгейден асып кетуі. Бұл табиғи және антропогеңдік факторлардан болады. Биосфераның радиоактивтік ластануының табиғи факторларына ғарыштық сәулелену, литосфераның радиоактивті элементтері; антропогендік факторларына радиоактивтік кендерді өндеу, радионуклидтерді шаруашылықтың әр түрлі салаларында қолдану, АЭС-тегі және кәсіпорындардағы апаттар, ядролық-техникалық қондырғылар, бейбіт мақсаттағы ядролық жарылыстар, ядролық қаружарақты сынау және т. б. жатады. Мысалы, АЭС-те апат кезінде ортаның радионуклидтермен (стронций-90, цезий-137, церий-141, йод-131, рутений-106, т. б. ) ластануы бірден артады.

1940-1980 жылдар аралығында дүние жүзінде ядролық қару 1349 рет сыналып, соның салдарынан қоршаған ортаға радионуклидтердің едәуір мөлшері түсті. Арктиканың Жаңа Жер топаралында 1950 жылдардың соңында атмосферада және су астында 90 ядролық жарылыс болды. Бұл топарал маңында радиоактивтік қалдықтары бар 11 мың контейнер суға батырылды. 1960 жылдардан бастап Каспий маңында бейбіт мақсатта (мұнай өңдіруді арттыру, тұзды күмбездерде жер асты қуысын жасау, т. б. ) 50-ге жуық жер асты ядролық жарылысы. болды. Қазіргі кезде АТЭНХА моліметтері бойынша дүние жүзінде 430-ға жуық АЭС бар, олардың электрлік қуаты 320 гВт-ты құрайды (дүние жүзінде өндірілетін электр энергиясының 17%-ы) . Жұмыс жасап тұрған реакторлар саны Америкада 110. бұрынғы Кеңестер Одағында - 46, Францияда - 55, Англияда - 39, т. б. Алайда атом энергетикасын дамытуда Франция жетекші орын алады. Бұнда электр энергиясының барлык көлемінің 70%-ын АЭС-тер өндіреді (салыстыру ушін Англияда - 21, 7%, Америкада - 19%, бұрынғы Кеңестер Одағында - 12, 3%) . 1986 жылы Чернобыль АЭС-інде болған апат өзінің жалпы зардабы жағынан адамзат тарихында ең ірі экологиялық апат болды. Атмосфераға шығарылған радиоактивтік заттектердің жалпы қосындысы 77 кг болды (Хиросимада атом бомбасының жарылысы кезінде 740 г. радионуклидтер шығарылған болатын) . Шығарылған радиоактивтік заттектердін 70%-ы Беларусь аумағына таралды. Гринпис сарапшыларының бағалауынша, бұл апат салдарынан болған шығарынды мөлшері 140 млн кюри құрайды, ластанған аудан 160 мың км² болды. Радиациядан 9 млн-ға жуық адам зардап шекті. Радионуклидтермен Дунай, Днепр, Днестр, Дон, Еділ өзендерінің алаптары және Киев, Каневск, Каховск су бөгендері ластанды.

Экономикалык шығындар: шаруашылық айналымынан ауыл шаруашылығына пайдаланылатын 144 мың га жер, 492 мың га орман ұзақ мерзімге шығарылды, тұрғындарды көшіруге көп шығын жұмсалды, т. б. Зардап шеккен аудандарда анемия, жүрек-тамыр, өкпе аурулары бірден көбейіп, жұқпаның бұрқ ете түсуі жиілеп, туу көрсеткіштері кұрт төмендеп кетті. Чернобыль радионуклидтерімен Еуропаның барлық аумағы ластанды. [1]

  1. Ластанудың түрлері

Ластану деп қандай да бір ортаға жаңа, оған тән емес физикалық, химиялық және биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа көп жылдық деңгейін көтеруді айтады. Экологиялық көзқарас боынша бұл түсінікті екі тұрғыдан қарастыруға болады:

1) қоршаған ортаға түсіп жатқан немесе адам мен табиғатқа зиянды әсерлердің нәтижесінд пайда болып жатқан заттар;

2) қоршаған ортаны ластайтын затар (мысалы, химиялық заттар) .

Тікелей ластанушы объектілер қатарына (ластайтын заттар акцепторы) биотикалық қоғамдастықтың (экотоптық) негізгі компоненттері: атмосфера, су, жер қыртысы кіреді. Ал, жанама ластанушы объектілер қатарына, биоценоз құраушылары - өсімдікгер, жан-жануарлар және микроорганизмдер жатады. Ластаушы жүйе болып, тек қана өнеркәсіп немесе жылу-энергетикалық комплекс орындары ғана саналмайды, сонымен қатар, күнделікті тұрмыстағы тіршілік, мал шаруашылығы да ластаушылар көзі болып табылады.

Ластаушы заттар мен оны қоршаған ортаға қалдық күйінде бөлетін ластаушы жүйелерді классификациялауды Р. Парсон ұсынды. Бұлклассификациялау - ластаушы заттүрін, оны бөлетін жүйені, оның салдарын бақылау шамаларын қамтиды. Оның пайымдауынша, ластаушы түрлер болып негізінен мыналар саналады:

-сарқынды сулар және оттегін жұтатын өзге қалдықтар;

-инфекцияны тасымалдаушы жүйелер;

-өсімдіктерге бағалы қоректік зат болып табылатын дүниелер;

-органикалық қышқылдар мен тұздар, минералдар;

-шайылу барысында түзілген шөгіңділер (твердый сток) ;

-радиоактавті заттар;

Қоршаған ортаның бүлінуі табиғи апаттардан, атап айтқанда жер сілкініс, өрт жөне т. б. орын алса, оны табғии деп, ал адамзат баласының іс-қимыл әрекеті барысында ластанса, оны антропогенді деп атайды.

Экологиялық тұрғыдан ластану объектісі әрдайым экожүйе (биогеоценоз) болып табылытындығын түсіну қажет. Бұдан өзге, табиғи заттардың бір заттың көптігі немесе онда басқа заттардың болмауы (жаңа қоспалардың) экологиялық факторлардың режимдерінің өзгергендігін білдіреді, себебі зиянды заттар өзінің шынайы мәнінде эколгиялық фокторлар болып табылыды. Демек, бұл факторлардың режимі (немесе олардың құрамы) қандай да организмнің (немесе қоректік тізбектегі түйіннің) экологиялық қуысының талаптарынан ауытқиды. Бұл кезде зат алмасу үрдістері бұзылады, продуценттердің ассимиляция қарқындылығы, ендеше бүтін биогеоценоздың да өнімділігі кемиді.

Осылайша, ауаның, су мен топырақтың құрамында бар кез келген зат алмасушы агент бола алады. Қоршаған ортаның құрамына кіретін заттарды құрамдас бөліктер деп атайды. Құрамдас бөліктер табиғи да (мысалы, жанартаудың атқылау, өсімдік тозаңы, жел көтерген шаң т. б. ), антропогенді де (қоғамның іс - әрекетінің нәтижесі) текті бола алады.

Ортаның ластануы - күрделі, көп түрлі үрдіс. өндіріс қалдықтарындағы химиялық қосылыстар әдетте өздері бастапқы болмаған жерлерге тап болады. Олардың көпшілігі химиялық белсенді, әрі тірі ағзаның ұлпасының құрамына кіретін молекулармен өзара әрекеттесуге немесе ауада белсенді түрде тотығуға қабілетті. Мұндай заттардың барлық тіршілік иелері үшін у болып табылатыны түсінікті.

Ластану түрлерінің жіктелуі (классификациясы) . Шыққан тегі бойынаша ластанудың екі түрін қарастыруға болады:

- адамдардың қатысынсыз табиғи құбылыстардың нәтижесінде болатын ластанулар;

- адамдардың іс - әрекеттерінің нәтижесінде болатын антропогенді ластанулар; бұған өнеркәсіптік өндірістің техногендік әсерлердің үлкен үлес қосады.

Антропогенді ластаушыларды мынадай түрге бөледі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биосфераның ластануы туралы ақпарат
ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ
Негізгі абиотикалық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі. Биосфера ғаламдық экожүйе.Биосфераның ғаламдық экологиялық проблемалары.Экологиялық жағдайлар мен экологиялық дағдарыс
Негізгі абиотикалық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі
Негізгі абиотикалық факторлар және биосфера
Экология пәнінен барлық мамандықтың студенттерінің өздік жұмыстарына арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Адам барлық қоғамдық өндіріс түрлерінің шешуші факторы
Биосфераның ластану себептері
Қазіргі цивилизацияның мәселелері. биологиялық және ландшафттық әралуандық
Биосфераның ғаламдық экологиялық проблемалары: Әлемдік мұхиттың, атмосфераның, топырақтың ғаламдық ластануы. Экологиялық жағдайлар мен экологиялық дағдарыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz