Терминдер



Жалпы терминдер
ТЕРМИНДЕР
Абсолютная погрешность – дәл не орта мағыналармен тәжірибе нәтижесінде алынған мағыналардың айырмашылығы.
Абсорбция – газдар қоспасындағы газдың біреуін не сұйықтың ішіндегі затты сіңіріп алу процесі, ондай сіңіруші зат абсорбция не абсорбтаушы зат дейді. Олар қатты не сұйық болады. Адсорбциядан айырмашылығы абсорбент газды, еріген зат бөлшегін т.б. бар денесіне СІҢІРЕДІ.
Авогадро заңы – газдар туралы заң; температура мен қысым тең жағдайда газдарды бірдей етіп алған көлемдерінің ішіндегі молекулалар саны да бірдей болады.
АВОГАДРО ЗАҢЫ – кез-келген газдың бірдей көлемінде (бірдей температура мен қысымда) бірдей молекула сандары бар.
Авогадро саны – әрбір жеке заттың 1 грамм молекуласындағы молекулалар саны не 1 грамм атомдар саны. белгісі – N, мәні 6,02322*1023.
АЛЛОТРОПИЯ – химиялық элементтің құрылысы мен құрамы әр түрлі болып келетін бірнеше жай зат түзуі.
АЛМАСУ реакциясы– реагенттер өзара атом немесе бүтін құрамдас бөлікке алмасуы.
1. Нурмаханов А.С. Химиялық технологиядағы терминдер, 2005, Алматы
2. Асаубаева Н.М. Терминдер. 2007, Шымкент

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
2014 Azamat Turekhan
ТЕРМИНДЕР
Абсолютная погрешность - дәл не орта мағыналармен тәжірибе нәтижесінде алынған мағыналардың айырмашылығы.
Абсорбция - газдар қоспасындағы газдың біреуін не сұйықтың ішіндегі затты сіңіріп алу процесі, ондай сіңіруші зат абсорбция не абсорбтаушы зат дейді. Олар қатты не сұйық болады. Адсорбциядан айырмашылығы абсорбент газды, еріген зат бөлшегін т.б. бар денесіне СІҢІРЕДІ.
Авогадро заңы - газдар туралы заң; температура мен қысым тең жағдайда газдарды бірдей етіп алған көлемдерінің ішіндегі молекулалар саны да бірдей болады.
АВОГАДРО ЗАҢЫ - кез-келген газдың бірдей көлемінде (бірдей температура мен қысымда) бірдей молекула сандары бар.
Авогадро саны - әрбір жеке заттың 1 грамм молекуласындағы молекулалар саны не 1 грамм атомдар саны. белгісі - N, мәні 6,02322*1023.
АЛЛОТРОПИЯ - химиялық элементтің құрылысы мен құрамы әр түрлі болып келетін бірнеше жай зат түзуі.
АЛМАСУ реакциясы - реагенттер өзара атом немесе бүтін құрамдас бөлікке алмасуы.
Альфа бөлшек - гелий атомының ядросымен пара-пар бөлшек. Альфа бөлшек 2 протон және 2 нейтроннан тұрады. 2 оң заряды бар массалық саны 4.
Альфа сәулелер - оң зарядты альфа бөлшектерінің (гелий ядроларының) ағыны. Ол кейбір заттардың реактивтік ыдырауы нәтижесінде туады.
Альфа ыдырау - кейбір изотоптардың радиоактивті ыдырауында альфа бөлшектерінің шығуы. Альфа ыдырауы нәтижесінде атомдық салмақ төртке, атомдық номер 2-ге кеміген жаңа химиялық элемент түзіледі.
Аналитикалық химия - бейорганикалық және органикалық заттарды бөлу және оларды сандық және сапалық анализін жүргізу жөніндегі қолданатын физикалық-химиялық әдістер туралы ғылым.
Аргентометриялық анализ - кейбір аниондарды анықтауға қолданатын титрлеу анализі, титрант ретінде күміс нитратының ерітіндісі алынған.
Ареометр - сұйық зат тығыздығын және ерітінді концентрациясын өлшейтін аспап.
Аскорбинометрия - анализдің тритрометрлік әдісінің бірі. Мұнда тотықсыздандырғыш ретінде аскобин қышқылының ерітіндісі алынады.
Атом - химиялық элементтің ең кіші бөолгішію онда сол элементтің барлық қасиеттері сақталады. Әрбір элементке сай атомдардың кесімді түрі болып табылады.
АТОМ - химиялық элементтің қасиеттерін сақтайтын ең кіші бөлшегі.
АТОМ НОМЕРІ - Д.И.Менделеев периодтық кестесіндегі элементтердің реттік номері.
Атом ядросы - Атомның орталық нүктесі; оң зарядты; атом массасының көп бөлігі ядроға жиылған; ядроның атом көлемінде алатын орны өте аз - атомның жалпы көлемінің 14-13 алады. Өте тығыз, ауыр.
Атомдық көлем - элементтің бір 1 атомының көлемі.
Атомдық салмақ - химиялық элементтің атомының массасының оттекті бірлікпен көрсетілген орта мән.
Аффинаж - асыл металдарды ластаушы қоспаларынан және бірінен бірін ажыратуға арналған металлургиялық әдіс.
Ацедиметрия - мөлшерлік анализдің бір әдісі. Нейтралдау реакциясын пайдаланып сілтілі заттарды қышқылдармен титрлейді.
Аэрозольдар - дисперс, система. Ол газдық ортада көбіне ауада тараған қатты не сұйық заттың ұсақ бөлшектерінен тұрады. Дисперс фазасы сұйық болса тұман қатты болса түтін деп атайды.
Бор теориясы - 1913 жылы ашылған. Атом ядросы айналасында электрон кез-келген орбитальдар бойымен айнала бермейді, өзіне тән орбиталь бойымен айналады. Электрон ондай орбиталармен айналғанда электр өзгерісі болмайды. Электрон бір орбитадан басқа орбитаға ауысқанда ғана энергия не шығады не сіңіреді.
Броматометрия - тотықсыздандырғыштарды талдауға қолданатын титрометриялы әдіс, титрант ретінде бромар ерітінділері алынады.
Бугер-Ламберт-Бер заңы - оптикалық тығыздық сіңіретін қабаттың қалыңдығына және осы қабаттағы заттың концентрациясына пропорционал тәуелді. F = F1-10LC ...
Буфер ерітінділер - ішінде сутек иондарының концентрациясы кесімді ғана ерітінділер, олар әлсіз қышқыл мен оның тұзы я әлсіз негіз бен оның тұзының қоспалары болып келеді. Осындай ерітінділерді сұйылтқанда не концентрлегенде болмаса аз мөлшерде күшті қышқыл не сілті араластырғанда pH мәні өзгеріп жарымайды.
ВАЛЕНТТІЛІК - бір атомдағы электрон жұбы екінщі бір атомның электрон жұбымен байланысуы.
Возгонка (булану) - қатты затты қыздырғанда ол суытылмай бірден буға айналып ұшу процесі, оны сублимация деп те атайды.
Вязкость (тұтқырлық) - заттың әсіресе сұйықтың ағуға қарсылық қасиеті.
Гемоглобиндер - адам қанындағы эротрицаттардың қызыл пигменті, өздері хромопротиттер тобына жататын күрделі белоктар. Организмдегі қызметі өкпеден тканьға молекулалық оттек жеткізеді.
ГИДРАТТАР - құрамы тұрақты немесе ауыспалы гидратация түзетін заттың сумен қосылысы.
Гравиметрия - сандық анализ әдістерінің жиыны. Олар заттың массасын өлшеуге негізделген. 1) химиялық - мұнда тұнба химиялық реакция нәтижесінде алынады. 2) электрогравиметриялық - электролиз процесін жүргізу арқылы тұнбаны электродтың бетінде алуға негізделген әдіс. 3) термогравиметриялық - затты қыздырғанда оның массасының температураға байланысты өзгеруін тіркеп жазып отыруға негізделген. Гравиметрияда тұнбада келесі формаларға бөлінеді: а) гравиметриялық - тұнбаны жоғары температурада қыздырғаннан кейін алынған тұнба түрі. Б) тұнбаланған - заттың тұнбаға түскен түрі.
Градуировочная характеристика (бөліктік сипаттама) - аналитикалық сигналдың тәжірибе не есептей арқылы анықталынатын компонентің не есептеу арқылы анықталынатын компоненттің мөлшеріне тәуелділігі формуламен кестемен не график түрімен көрсетіледі. Анықталатын компонент мөлшері аналитикалық сигналға тәуелді.
Градуировочный график (бөліктеу графигі) - түрлендірілген аналитикалық сигнал мен анықталынатын мөлшердің арасындағы байланысты көрсетеді.
Десорбция - адсорбенттің сыртына сіңген басқа затты кетіру.
Десорбция - адсорбтағыштың бетіндегі адсорбтанған затты алу.
Десублимация - заттың бу күйінен тікелей қатты күйге ауысуы.
Дефлегмация - түрлі сұйықтың қайнау температурасының айырымына сүйеніп оларды қоспаларынан ажырату.
Диапозон определяемых содержаний (анықталатын мөлшердің шектері) - белгілі бір методиканы қолданғандағы анықталатын мөлшер аумағының мағынасы. Анықталатын мөлшердің көлемін аналитикалық сигналдың шектік мөлшерімен бағыттауға болады.
Диссоциация - ыдырау, ажырау процесі.
Диссоциация дәрежесі - ыдыраған молекула санының сол заттың диссоциациялануынан бұрынғы барлық молекулалар санының қатынасы.
Диссоциациялану константасы - электролитте түзілген иондар клнцентрацияларының көбейтіндісінің диссоциацияланбаған молекулалар концентрацияларына қатынасы.
Дистилляция - айдау, сұйық қоспаларды қайнатып, түзілген буды конденсациялап жеке фракцияларға ажырату процесі.
Диффузия - тоғысу, газ-сұйық-қатты заттар ішіндегі молекулалар, атомдар, иондар және коллоид бөлшектердің ретсіз қозғалуы.
Дихроматометрия - титрометриялы талдау әдісі, титрант ретінде тотықтырғыш қасиеті бар калии бихроматының ерітіндісі қолданады.
Доверительный интервал - сенімді аралық, бұл аралықта сенімді ықтималдығы бар негізгі орта дәреже енеді.
ДОНОРДЫҢ (ЭЛЕКТРОНДОНОРДЫҢ) ҚАСИЕТІ - элемент атомының басқа атомға өзінің электронын беру қасиеті.
Ерігіштік - заттың еріткіште еруі. Қанық ерітіндінің концентрациясы күшті болса оның ерігіштігі де күшті болады.
Ерітінді - екі не одан көп құрылған қатты не сұйық система.
Ерітіндінің нормальдігі - 1 л ерітіндідегі еріген заттың грамм-эквивалентінің саны.
Еріткіштік көбейтіндісі - тұнба ерітінді жүйесіндегі тепе-теңдіктік күйдің негізгі заңдылығын сипаттайтын аналитикалық маңызды константа: ерігіштігі аз электролиттің қаныққан ерітіндісіндегі иондарының концентрацияларының көбейтіндісі.
Әлсіз электролиттер - ерітіндіде нашар диссоциацияланғандықтан электр тогын нашар өткізетін заттар. Әдетте оларды деций нормаль ерітіндісінің диссоциациялану дәрежесі 3%-тен төмен электролиттерді айтады.
Идентификация - белгісіз бір қосылыстың басқа қосылыспен ұқсастығын анықтау.
Изобаралар - атом массасы бірдей болғанымен ядро заряды әр түрлі болғандықтан химиялық қасиеттері әр түрлі элементтер.
Изомерия - табиғи құбылыс, мазмұны сапалық және мөлшерлік құрамы, молекулалық салмақтары бірдей бірақ физикалық-химиялық қасиеттері әр түрлі бірнеше қосылыстардың бар болуы.
Изотерма - тұрақты температурада өтетін процесс барысын физ-хим диаграмма арқылы көрсететін қисық сызық.
ИЗОТОП - бір элементтің әр түрлі атом түрі.
ИНГИБИТОР - химиялық реакцияны бәсеңдететін зат.
Инд. Металлохромды индикаторлар - кей металл катиондары мен бояуы қанық комплекстер беретін комплексонометриялы индикаторлар.
Инд. Тотығу-тотықсыздану индикаторлары - зерттелетін орта, бұларға тек бір белгілі тт потенциалында ғана әсерін тигізе алады.
Инд. Универсиалды индикаторлар - бұл орта әсерінен өте кең интервалда өзгеретін бірнеше қышқылды негізді индикаторлар араласқан қоспа.
ИНДИКАТОР. Қышқылды негізді индикаторлар - олар ацидометрияда не алкалиметрияда қолданады.
Иодаметрия - тотықсыздандырғыштарды титриметриялы әдіспен талдау. Титрант ретінде калий иодаты ерітіндісі қолданады.
Иодиметрия - титрометриялы әдіс. Мұнда титрант ретінде калий иодидындағы иодтың ерітіндісі қолданады. Бұл әдісті ерітіндідегі иод мөлшерін анықтауға қолданады.
ИОНДАР - теріс және оң зарядтылған бөлшектер.
Ионды тепе-теңдік - иондар арасында болатын алмасу реакцияларының тепе-теңдігі.
Катализ - катализатор деп аталатын заттар қатысында болатын химиялық реакциялар жылдамдығының өзгеру процесі.
КАТАЛИЗАТОРЛАР - химиялық реакцияны үдететін және өзі өзгеріссіз қалатын заттар.
КАТИОНДАР - оң зарядталған иондар.
Коагуляция - дисперс, әсіресе коллоид системаларда бөлшектердің бірігіп ірі бөлшек түзуі, ұю процесі.
Количественный анализ - үлгідегі элементтің атом топтарының не құрылымдардың мөлшерін анықтауға арналған талдау.
Колориметрия - еріген заттың түсті ерітіндісінің түсінің қоюлығына қарап, зат құрамын және концентрациясын анықтайтын анализ әдістері. Бұл әдістер қоспаларды, суды, органикалық заттарды зерттейге кеңінен қолданады. Колориметр дейтін арнаулы құралмен не эталон шкаласымен тікелей салыстыру арқылы анықтауды жүргізеді.
Комплекс қосылыстар - ол кристал торының түйіндерінде комплекс иондары бар қосылыстар.
Комплексометрия - анализ әдісі, оның негізінде комплексті қосылыстардың құрылуы жатыр; Оны судың кермектігін, рудадағы металл мөлшерін анықтауға қолданады.
Комплексондар - құрамында ерекше N(CH2COOH)2 атомдық тобы бар органикалық қосылыстар. Олар сулы ортада тұнбаға түспейтін комплекс береді.
Комплексонометрия - титриметриялық анализ; оның негізінде комплексон-титрант пен металдардың әрекеттесу нәтижесінде берік қосылыстардың құрылуы жатыр.
Комплексті қосылыстар - молекула құрамындағы ион не атомның екінші бір заттың молекуласын не ионын қосып алуынан түзілетін күрделі химиялық қосылыстар не иондар тобы. Олар өте көп және әр түрле. Зерттеулерде және анализдерде бөлу үшін қолданады.
Конденсация - заттың газ не бу күйінен сұйық не қатты күйге ауысуы.
Концентраттар - бір заттың концентрленген қою ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дипломатиялық терминдер
Қазақ тіліндегі тіркесімдік терминдер, олардың құрылымы
Дипломатиялық құжат тілінің терминдері
Қазақ терминологиясының даму кезеңдері
Бүгінгі терминологияның даму сипаты
Біріккен терминдер жасаудағы сөз таптарының орны
Дипломатиялық терминдер жүйесінің қалыптасуы және дипломатия тілі
Қазақ әдіби тілінің лексикалық нормасы
Терминология және медициналық терминдер
Медициналық терминдердің қалыптасуы мен дамуы
Пәндер