Еуразияның физикалық географиялық сипаттамасы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе:
3:
Кіріспе: I Тарау. Еуразияның физикалық географиялық сипаттамасы.
3: 4
Кіріспе: 1. 1 Геологиясы.
3: 4
Кіріспе: 1. 2 Жер бедері.
3: 6
Кіріспе: 1. 3 Климаты.
3: 6
Кіріспе: 1. 4 Ішкі сулары.
3: 8
Кіріспе: 1. 5 Топырақ жамылғысы.
3: 10
Кіріспе: 1. 6 Өсімдігі.
3: 11
Кіріспе: 1. 7 Жануарлар дүниесі.
3: 12
Кіріспе: II Тарау. Еуразия материгінің ландшафтыларына сипаттама.
3:
Кіріспе: 2. 1 Кеңістік дифференциациясының ерекшеліктері және физикалық - географиялық аудандастыру.
3: 15
Кіріспе: 2. 2 Арктиканың және Субарктиканың Еуропалық секторы.
3: 16
Кіріспе: 2. 2. 1 Шпицберген архипелагы.
3: 16
Кіріспе: 2. 2. 2 Исландия.
3: 17
Кіріспе: 2. 3 Батыс Еуропа.
3: 20
Кіріспе: 2. 3. 1 Фенноскандия.
3: 22
Кіріспе: 2. 3. 2 Британ аралдары.
3: 24
Кіріспе: 2. 3. 3 Орта Еуропа жазығы.
3: 26
Кіріспе: 2. 3. 4 Карпат таулары мен Дунай жазықтары.
3: 28
Кіріспе: 2. 4 Жерорта теңіз алқабы мен алдыңғы Азия тау қыраттары.
3: 30
Кіріспе: 2. 4. 1 Пиреней түбегі.
3: 32
Кіріспе: 2. 4. 2 Азиялық Жерорта теңіз алқабы.
3: 35
Кіріспе: 2. 4. 3 Кіші Азия тау қыраты.
3: 37
Кіріспе: 2. 5 Оңтүстік Батыс Азия.
3: 39
Кіріспе: 2. 5. 1 Аравия түбегі.
3: 39
Кіріспе: 2. 6 Орталық Азия.
3: 40
Кіріспе: 2. 6. 1 Оңтүстік Монголия мен Солтүстік Қытай.
3: 40
Кіріспе: 2. 6. 2 Солтүстік - Батыс Қытай.
3: 41
Кіріспе: 2. 7 Биік Азия.
3: 41
Кіріспе: 2. 7. 1 Гиндукуш және Қарақорым.
3: 42
Кіріспе: 2. 7. 2 Куньлунь - Алтынтаг - Наньшань жүйесі.
3: 42
Кіріспе: 2. 7. 3 Тибет тау қыраты.
3: 43
Кіріспе: 2. 8 Шығыс Азия.
3: 43
Кіріспе: 2. 9 Оңтүстік және оңтүстік - шығыс Азия.
3: 43
Кіріспе: III Тарау.
3:
Кіріспе: 3. 1 Еуразияның табиғат зоналары (ашық сабақ жоспары) .
3: 45
Кіріспе:
3:
Кіріспе: Қорытынды
3: 48
Кіріспе:
3:
Кіріспе: Пайдаланған әдебиеттер
3: 50
Кіріспе:
3:

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Еуразия материгінің ландшафт типтерін, жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әр түрлі табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір - біріне тигізер әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналаса заңдылықтарын көрсету өзекті болып табылады. Ландшафты сипаттау барысында территориялық табиғат кешендерінің түзілісі, құрамдық және құрылымдық бөліктері, географиялық кешендерді сипаттап, түрлендіру жолдары, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану сияқты мәселелерді, сонымен бірге Солтүстік Америка материгінің ландшафтық географиясын ауқымды қарастыру өзекті болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Еуразия материгінің ланшафтыларына сипаттама беру, және испататма жасау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- Еуразия материгіне физикалық - географиялық сипаттама беру.

- Материктің ландшафт типтеріне сипаттама беру.

- Курстық жұмыстың тақырыбын мектеп бағдарламасымен байланыстыру.

- Курстық жұмысқа байланысты карталар құрастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы: Еуразия материгіне физикалық - географиялық сипаттама бере отырып, метериктің табиғатының қалыптасу кезеңдеріне, яғни геологиясы, сонымен қатар жер бедері, климаты, ішкі сулары, топырағы мен өсімдігі және жануарлар дүниесі бірінші тарауда айтылып, жалпы сипаттама беріліп кетеді.

Курстық жұмыстың негізгі тақырыбын алатын негігі қажетті мәліметтер екінші тарауда айтылған. Онда Еуразия материгінде таралған табиғат зоналары бойынша ландшафтарға сипаттама берілген. Еуразия материгінің табиғат зоналарының өзіндік ерекшелігі бар. Ол тәртіппен батыстан шығысқа қарай тұтас белдеулер құрап енді бағытта таралады.

Сондықтан осы заңдылықтарға сәйкес ландшафт типтері де жиі өзгерітсерге ұшырап құбылмалы болып тұрады.

Курстық жұмыстың үшінші тарауында курстық жұмыстың мектеп бағдарламасында алатын маңызды арны жайлы қарастырылған және соған орай сабақ жоспары құрастырылған.

I Тарау. Еуразияның физикалық географиялық сипаттамасы.

Жер жүзі халқының жартысынан астамы тұратын жердегі ең зор құрлық массиві - Еуразия материгі экватор мен 77° с. е. аралығында орналасқан, оны төрт мұхит - Солтүстік Мұзды, Атлант, Тынық және Үнді мұхиттары шайып жатады. Материктің шеткі нүктелері - Челюскин мүйісі (77°43´ c. е. ), Пиай мүйісі (1°16´ с. е), Рока мүйісі (9°34´ б. б), Дежнев мүйісі (169°40 б. б) . Ол солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км, батыстан шығысқа 16 мың км - ге дейін созылады. Еуразияға қосылатын кейбір аралдар материктен едәуір қашықтықта жатыр. Шпицберген, Франц - Иосиф жері және Солтүстік Жер 80° с. е. сыртына шыққан, Малая архипелагы аралдары оңтүстік жарты шардағы 11° c. е. дейін созылған. Атлант мұхитындағы Азор аралдары 28° б. б. жатыр. Аралдардың ауданы - 2, 75 млн. км², аралдарымен қоса алғанда Еуразияның ауданы - 53, 4 млн. км². Материктің зор көлемді болуы оның табиғат жағдайларының өте күрделілігін және әртүрлілігін анықтайды. Еуразия жерінде дүниенің екі бөлігі - Еуропа мен Азия жатыр.

Еуропа мен Азияның дүниенің әртүрлі бөліктері екендігі туралы түсінік өте көне заманнан, тіпті бүкіл материктің тұтас пішіні мен ақиқат мөлшері туралы географиялық түсінік қалыптасудан да едәуір ерте пайда болды. Сондықтан Еуропа мен Азия дүниенің әртүрлі бөліктері ғана емес, сондай - ақ әртүрлі материктер екен деген ұғым ұзақ уақыт орын алды. Еуропа мен Азияның табиғат жағдайының қарама - қарсылығын (контрастылығын) тілге тиек еткен көптеген географтар да осы пікірді қуаттады. Бірақ егер материктер деп жан - жағынан немесе жан-жағынан дерлік Дүние жүзі мұхитының суларымен қоршалған құрлықтың ірі бөліктерін атайтын болсақ, онда Еуропа мен Азияны тек қана бір материк ретінде қарастыруға болады. Оны дүние бөліктеріне бөлу физикалық - географиялық емес, тарихи негізге сүйенген және бұл адам баласының дүниенің бөліктері туралы түсінігі жалпы дүние туралы түсінікпен анағұрлым ерте пайда болумен де байланысты. Жердің аса зор материгінің Еуразия аталуы да оның екі бөлігі Еуропа мен Азияның аттарынан шығатындығымен түсіндіріледі.

1. 1 Геологиясы.

Еуразия материгінің қалыптасуының күрделі тарихы оның табиғатының барлық компоненттеріне әсерін тигізді. Бірақ ол күрделілігімен, алуан түрлілігімен және жер бөліктерінде қайталанбайтын қарама - қарсылығымен өзгешеленетін жер беті құрылысының ерекшеліктерінде айқын көрінеді. Еуразия үшін жер шарындағы белгілі тектоникалық құрылымдардың және жер бедері типтерінің барлығы болуы тән.

Жердің ең зор континентінің негізін құрған Еуропа мен Сібір платформалары. Солардың төңірегінде Еуразия құрлығының онан әрі ұлғаюы байқалды, олар осы уақытқа дейін өзінің тұтастығын және дамуының платформалық типін сақтаған. Басында бүтін болған Қытай платформасы кейін бөлшектенді, екі дербес платформалық учаскеге - Қытай - Корея және Оңтүстік Қытай суперплатформаларына бөлінді. Соңғысы едәуір қозғалмалы қалыпқа ие болды және болашақта тау құрылу процестеріне ұшырады. Аравия мен Үндістан платформалары бүкіл геологиялық тарих ішінде Еуразияның қалған бөліктерінен тәуелсіз дамыды және оған біршама кейін қосылды. Олардың рельефінің қалыптасуында, сондай - ақ көтеріңкі рельеф құруға жеткізген, тектоникалық жандану үлкен роль атқарған.

Еуропа платформасы шетелдік Еуропа жерінде Скандинавия түбегінің шығысын және Финляндияны алып жатқан Балтық қалқанынан және негізгі бөлігі Совет Одағы жерінде жатқан плитаның батыс шетінен тұрады. Жер бедері жөнінде оларға Швеция мен Финляндияның жазықтары мен таулы үстірттері, сондай- ақ Ютландия, Дат аралдары, Польша, ГДР, ФРГ солтүстік бөліктері және Нидерланд территориясын түгелдей қамтитын Орта Еуропа қат - қабатты жазығы сай келеді. Бұл аудандардың барлығы максималды, ішінара соңғы мұз басу шекараларының ішінде жатыр, олардың жер бедерін байқаймыз. Мұз басу орталығына жақын орналасқан және неоген-төрттік кезеңінде жарылуға ұшыраған Балтық кристалды қалқанының түп жазығы, мұздық экзарация түрлерімен сипатталады. Балтық қалқанның шеткі бөліктерінде және Орта Еуропа жазығында қат - қабатты морфо - құрылымға қондырылған мұздық - аккумуляциялық формалар - соңғы мореналық жасалымдар, озалар және т. б. таралған. Балтық және Солтүстік теңіздердің жағаларында, мұздықтардан кейінгі трансагрессиялар нәтижесінде пайда болған аккумуляциялық жазықтар таралған.

Қытай платформасы шегінде кембрийге дейінгі фундаменттің үстінде таралған қатпарлы-жақпарлы және жақпарлы таулар, ежелгі фундаменттің ойыстарына сай келетін аккумуляциялық ойпатты жазықтар және үстірттермен кезектескен. Эпиплатформалық орта биік тау массивтеріне - Шаньдун түбегі мен Солтүстік Кореяның таулары, аласа аккумуляциялық жазықтарға - Орталық Манчьжурия немесе Солтүстік Қытай, биік үстірттерге - Ордос мысал бола алады. Қашқар қазан шұңқырының негізінде тереңдігі төмен түскен Тарим массиві жатыр.

Эпиплатформалық жақпарлы таулар сонымен қатар жанданған Аравия және Үндістан платформаларының шеткі бөліктеріне тән. Аравияда олар ежелгі ассиметриялы жақпардың батыс және оңтүстік-батыс шетін құрайды, Үндістанда жер бедеріне бұл типіне кей жерде Батыс және Шығыс Гаттар сай келеді. Үндістанның қалған бөлігі түбірлі жазықтар жүйесі болып табылады. Тек қана солтүстік - батыста ежелгі фундамтенттің үстінде, бор мен палеоген бойы ағып төгілген базальты жамылғы пайда болды. Сатылы трапп үстірттері таралған. Аравия платформасы өзінің шығыс және оңтүстік бөліктерінде шөгінді жыныстардың қалың қабатын жамылған және бұл аудандарда жер бедерінің негізгі типтері - горизонталь және еңіс жазықтар мен үстірттер. Бұл платформалық облыстардың төменгі ендіктердегі орны және олардың даму ерекшеліктері бұлардың шегінде флювиальдіқ және аридтық морфоскульптуралардың басым болуын қамтамасыз етті, сонымен қатар кейбір аудандарда (мысалы, Аравияда) плювиальдардан қалған ежелгі флювиальдіқ формалар қазіргі аридтықпен үйлеседі.

1. 2 Жер бедері.

Еуразия материгінің кең-байтақ кеңістігі құрылымдарының өте әртүрлілігімен және мезокайнозой бойы даму сипатының әр алуандығымен ерекшеленетін палеозой жасындағы қатпарлы ғимараттарға жатады. Советтер Одағының жерінде палеозой жасындағы қатпарлылық Урал тауы жүйесінде және Батыс Сібір плитасында бар. Шетелдік Еуразияда ерте және соңғы палеозой ғимараттары Еуропаның солтүстік және орта бөліктерінде, сондай-ақ Орталық және Шығыс Азияда таралған. Бұл территориялар үшін таулы да, жазық та жер бедерінің етек алуы тән. Жер бетінің қалыптасуында үлкен роль атқарғандар бірнеше рет қайтадан жаңарған тегістеу мен аккумуляция процестері, сондай-ақ әртүрлі дәрежеде көрінген неоген-антропоген кезіндегі тектоникалық жандану. Еуропада каледон қатпарлығы ғимараттарының орнында пайда болған Скандинавия тау қыраты және Британия аралдарының таулары үрдіс көтерілу нәтижесі болып есептеледі. Жер бедерінің күрделілігі Пиреней түбегіндегі Галиссия массивінің Иберия және Кантабр тауларында да аз емес. Жер бедерінің ала - құла көрінісі Орта Еуропадағы, Британия аралдарынан Орта Польшаға дейінгі қайта жаңарған тауларға тән. Онда тектоникалық жандану әртүрлі дәрежеде болды, соған байланысты қазіргі жер бедеріне сипаттама болатындар инверсиялық жер бедерінде аласа массивтер (Бретон қыраты, Корнуэлл түбегінің массивтері, Силезия қыраты ауданы кіші жақпарлы таулар, Гарц, Рудалы таулар, Судет, Вогез, Шварцвальд, Орталық массивтің үлкен бөлігі және т. б. ), таулы үстірттер қыратын биікке көтерілген пенеплендер (Рейн тақта тасты таулары, Орталық массивтің солтүстік бөлігі) . Кейбір блоктардың көтерілу процестерінде жарылулар пайда болды, олармен вулкандық әрекеттер және Орталық массивте, Рудалы тауларда және т. б. вулкандық таулар құрылуында қатар болды.

Тау массивтері герцин қатпарлығындағы синеклизаларға және тектоникалық жарылулар зоналарына сай келетін ойпаңдармен бөлінген. Ойпаңдар әр кезеңде теңіз суының астында қалып және қайта құрғап отырды: олардың қазіргі жер бедері мен геологиялық құрылысы әртүрлі. Париж бассейні, Оңтүстік - шығыс Англия, сатыланып жатқан Швабия - Франкония облысы, Тюринген бассейні куэстік жер бедерінің типіне тән еңіс жазықтықтар болып есептеледі. Аквитан бассейні (Гаронна ойпаты), Луара және Фландрия ойпаттары, Орта Ирландия жазығы қат - қабатты аккумуляциялық тегіс жазық жер бедерімен сипатталады. Шағын аккумуляциялық жазықтар опырықтардың түбінде орналасқан (Вогез бен Шварцвальд арасындағы Жоғарғы Рейн жазығы, Орталық массив пен Альпінің арасындағы Төменгі Рона аңғары) .

1. 3 Климаты.

Еуразияның климатында оның территориясының аса көлемділігімен байланысты ерекшеліктер айқын көрінеді. Материктің негізгі бөлімінің экватор мен Солтүстік поляр шеңбері аралығында болуы, шығысы мен орталық бөліктерінің тұтастығы, батыс және оңтүстік жиектерінің тілімденуі, мұхит бассейіндерінің әсері, күрделі орографияда Еуразияда аса алуан түрлі климат жағдайларын жасайды.

Еуразиядағы жылдық жиынтық радиация төмендегі шектерде: арктикалық аралдарда ол 60 ккал - ға, Еуропаның батыс бөлігінде - 70 - тен 140 ккал - ға дейін, Азияның оңтүстік және оңтүстік - шығысында - 120 - 180 ккал, ал егер Аравияда Жер бетінде ең жоғары шамада - 200 - 220 ккал өзгереді. Жылдық радиациялық баланс Еуразия шегінде 10 - нан 80 ккал - ға дейін өзгереді. Қаңтарда Бретань - Адриатиканың солтүстігін - Қара теңіздің ортасын - Каспийдің оңтүстігін - Корея түбегінің солтүстігін - Жапон аралдарының солтүстігін қосатын сызықтан солтүстікке қарай радиациялық баланс - теріс.

Ауаның батыс - шығыс бағытындағы тасымалы және онымен байланысты циклондық әрекет Еуразияның көпшілік бөлігі үшін басты атмосфералық процесс болып табылады. Батыс тасымалымен материкке бүкіл жыл бойы Атлант мұхитының ауасы келеді де, оның шығысына дейін толық таралады. Атлантикалық ауа Шығысқа қарай қозғалған сайын ылғалынан ажырап, қыста салқындап, жазда жылынып (тронсформацияланып) континенттік ауаға ауысады. Еуразияның батыс бөлігінің горизонтальды тым көп бөлшектенуінен және орографиялық үлкен тосқауылдардың болмауынан Еуропаның үстінде трансформация (өзгеруі) процесі біршама бояу өтеді де соған сәйкес климаттық жағдайлар біртіндеп өзгереді. Тек Уралдан кейін, Азия шегінде, бүкіл жыл бойы континенттік ауа массасы басым болатыны байқалады. Жылынудағы айқын айырмашылықтар (Орталық пен Шығыс Азияның орографиясы ерекшеліктерімен байланысты күшейе түсетін жылынудағы және қысым жағдайындағы күрт айырмашылықтар (материк пен Тынық мұхит аралығындағы Жердің басқа барлық аудандарымен салыстырғанда осы жерде барынша айқын байқалатын Еуразияның шығысына тән нағыз муссондық циркуляцияны анықтайды) . Еуразияның оңтүстік бөліктерінің үстіндегі циркуляция да шын мәнінде муссондық сипатта болады, бірақ бұл жерде ол материк мен Үнді мұхиты арасындағы өзара әрекет арқылы байқалады.

Еуразияда метеорологиялық жағдайлардың жыл маусымына қарай қалай өзгеретіндігін қарастырайық.

Қыста, жылыну мен қысымның бөлінуінің бір - бірінен айырмашылығы бір жағынан материк үстінде, екінші жағынан Атлант және Тынық мұхиты үстінде аса күшті байқалады.

Еуразия мен көрші мұхит бассейіндері үстіндегі қаңтар изобаралары карталарында төмендегідей қысымдық облыстар нақты айқындалады. Атлант мұхитының солтүстік бөлігінде төмен қысымның тұйық облысы қалыптасады. Ол солтүстік атланттық жылы ағыс әсерінен және Солтүстік Америка жағалауларынан шығысқа қарай қозғалатын терең циклондық депрессиялардың жиі өтуіне негізделген. Жылы ағыс тармақтарының әсеріне және теңіз бассейіндерінің континентке тереңірек енуіне қарай төмен қысым Солтүстік Мұзды мұхиттың оңтүстік бөлігі мен Еуропаның Батыс жағалауларында да тарайды.

30° с. е. параллельден оңтүстікке қарай солтүстік жарты шарда жоғары қысымды субтропиктік зонаның бөлігі болып саналатын жоғары қысымды облыс (Солтүстік Атлант немесе Азор максимумы) бар. Еуропада метеорологиялық жағдайлардың қалыптасуы үшін осы қысымдық облыстардың өзара әрекеттерінің ерекше үлкен маңызы зор. Азор антициклонының солтүстік және шығыс шеттері бойымен өтетін ауа Солтүстік Атлантика мен Еуропаның батыс шетінде төмен қысым облысына тартылып, біршама жылы мұхиттан материкке қарай соғатын және көп мөлшерде ылғал алып келетін батыс және оңтүстік - батыс бағыттағы қоңыржай ендіктердің циклондық желдер жүйесін жасайды. Бұл кезде полярлық ендіктерде шығыстан соғатын желдер басым болады.

Циклондық депрессиялардың қыстағы негізгі қозғалу жолдары Исландия, Скандинавия түбегі және Баренц теңізі, сондай - ақ Жерорта теңізі арқылы өтеді. Кейбір жылдары циклондар осы бағытпен Үнді аңғарына дейін енеді. Биік Азияның тау қырқалары тропосфераның төменгі қабаттарындағы батыс ауа ағындарының бөлініп таралуына және оның бір тармағының Гималайдан оңтүстікке ауытқуына себепші болады.

Еуропа үстінен циклондар жаңбырлы немесе дымқыл қарлы бұлыңғыр ауа райы түрінде өтеді, бұл батыс еуропалық қыс үшін тән. Көпшілік жағдайда қоңыржай ендіктерде теңіз ауасынан кейін жауын - шашынның азаюына және температураның кенет төмендеуіне әсер ететін арктикалық ауа енеді. Арктикалық ауа оңтүстікке таралғанымен, Еуропаның оңтүстік бөлігіне біршама сиректеу өтеді, өйткені ендік тау жоталары ұстап қалады. Неғұрлым шығысқа жылжыған сайын, соғұрлым арктикалық ауаның өтуі де жиілінеді және ұзаққа созылады.

Батыс ауа ағыны континент үстімен қозғалу кезінде салқындайды әрі құрғайды. Суынған жер бетіндегі атмосфера қабатының салқындауымен байланысты Азияның ішкі аудандарының устінде антициклондық облыс жасалады. Батыстан тасымалданудың трансформацияланған ауасы антициклон жүйесіне тартылып, оның күшеюіне себепші болады. Сондай - ақ Азияның ішкі бөліктерінің орографиясы (антициклон қалыптасатын облыстан оңтүстікке қарай көтерілетін биік тау сілемдері (суық ауа массаларының жайылуына кедергі жасап әрі олардың біршама шағын кеңістікке шоғырлануына мүмкіндік туғызады) . Осы процестердің барлығының өзара әрекеті нәтижесінде қыста Еуразияның ішкі бөліктерінің үстінде Жер бетіндегі жоғары қысымды ең үлкен облыс - Азиялық квазистационарлық максимум жасалады.

1. 4 Ішкі сулары.

Аралдарымен бірге Еуразияның территориясының ағатын жылдық ағын 16 мың км³ шамасында, яғни жердегі барлық өзендердің жылдық жиынтық ағынының жартысынан сәл азырақ. Ағынды қабатқа айналдырғанда ол 300 мм - ге тең, бүкіл жерді тұтас алғандағы орташа көрсеткіштен жоғары. Ағын қабатының орташа қалыңдығы жағынан Еуразиядан Оңтүстік Америка ғана алда тұр. Бірақ осы орташа шамалар Жердің зор материгі ішіндегі ішкі сулардың таралып орналасу ерекшеліктерін толық көрсете алмай отыр.

Еуразиялық континенттегі ішкі сулардың таралып орналасуы тіпті әркелкі. Құрылымы мен жер бедеріндегі бірқатар айырмашылықтар, климаттық контрастар және соған сәйкес жауын - шашынның әркелі жаууы материктің шегіндегі жер беті, сондай-ақ жерасты суларын таралуындағы үлкен айырмашылықтарды тудырады. Бұл өзендердің қабаттық миллиметрмен алынған жылдық ағыны таралуының картасында жақсы көрінген: ағынның максимальдық жиынтығы (1500 мм-ден артық) субэкваторлық және экваторлық белдеулерге, әсіресе Зонд архипелагы аралдарына, одан кейін Үндіқытай мен Үндістанның батысында және Гималайдың орталық бөлігіне тән. Басқа белдеулерде ағынның мұндай жоғары жиытығы Жапон аралдарының Альпінің, Скандинавия таулы қыратының аздаған региондарына ғана тән. Осы региондардың айтарлықтай үлкен бөлігінде жылдық ағын 1500 мм - ден аз, бірақ 600 мм - ден артық болады. Еуропаның көпшілік бөлігінде, Солтүстік жыне Шығыс Азияда жылдық ағын мөлшерлері 200 - ден 600 мм - ге дейін жетеді. Пиреней түбегінің, Дунай жазықтырының Шығыс Еуропа жазығының орта бөлігінің және басқалардың біршама шағын жерлерінде ағын 200 мм - ден азырақ, яғни бүкіл құрлықтың орташа көрсеткішінен сәл аз. Орта және Орталық Азияның орасан зор территориясының, Үнді бассейнінің, Иран таулы қыратының және Аравия түбегінің жылдық ағын мөлшері 50 мм - ден аз, сол сияқты көптеген аудандарындағы қабаттың қалыңдығы 15 мм - ден аспайды. Осы сандар материктің алуан түрлі бөліктеріндегі - жер бетіндегі су торларының жиілігі мен сипатындағы айырмашылықтарды белгілі дәрежеде көрсете алады.

Еуразияның беті Атлант, Солтүстік Мұзды, Тынық және Үнді мұхиттарының бассейіндеріне жатады. Материктің шеткі бөліктеріне, әсіресе батыс, шығыс және оңтүстік - шығысында жиі су торлары бар, оған аса ірі өзен жүйелері енеді.

Ішкі және оңтүстік - батыс аудандарда жер бетіндегі сулар мүлде болмайды, сондықтан мұхитқа қарай ағын жетпейді. Еуразияның жалпы ауданының 30% - тен артығы (Каспий теңізі бассейнінің қосқанда) ішкі ағын территориясына енеді.

Жер бетіндегі сулардың осындай біркелкі таралмауы тек қана қазіргі табиғат жағдайларына ғана емес, сонымен бірге материктің даму ерекшеліктеріне де байланысты.

Альпі - Гималай қатпарлы белдеуінің аса биік шеткі жоталарының түзілуіне алып келген күшті көтерілулерге дейін, сірә, Еуразияның ішкі бөліктерінің климаттық жағдайлары, оның шеткі бөліктерінің климатынан үлкен құрғақшылығымен ерекшелінгенімен дәл қазіргі кездегідей соншалықты аридты болмаса керек. Осыған байланысты кайнозойда материктің орталық бөлігінде солтүстікке, шығысқа және оңтүстікке кететін ағындары бар өзендер мен көлдердің дамыған торлары болған. Ішкі аудандарға қарағанда қатпарлы белдеудің шеткі бөліктерінде күшті өткен неотектоникалық қозғалыстар, осы аудандардың мұхит бассейіндерінің әсерінен бөгеліп қалуына әкеліп соғады. Климаттың осыған сәйкес құрғақтануы беткі ағынның азаюы және шыры бұзылуына, сондай - ақ Еуразия материгінің ішкі бөліктеріне (Иран таулы қыраты, Тибет, Қытайдың, Монғолияның таулы үстірттері және т. б. ) тән кең - байтақ ағынсыз облыстардың жасалуына себепші болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Америка мен Еуразияның географиялық орны
ЕУРАЗИЯНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ. ЕУРАЗИЯ МАТЕРИГІНІҢ АЙМАҚТАРЫНА СИПАТТАМА
АЗИЯНЫҢ БИІК ТАУЛЫ АЙМАҚТАРЫНЫҢ АУДАНДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ІШКІ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ
Еуразияның физикалық картасы
Ландшафтты қалыптастырушы факторлар
Еуразияның климаттық белдеулері
Еуразия мәдениеті және еуразияшылдық мәдениет
Алакөл мұнай кен орнының геологиялық құрылысы
Қазақстан жерінің зерттелу тарихы
Шығыс Қазақстан облысының ластану факторлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz