Тіршілік қауіпсіздігін қорғау. Экологиялық проблемалар



• Озон қабаты
• Қышқылдық жауын
• Смог
• Химиялық төтенше жағдай
• Химиялық қауіпті нысандардағы төтенше жағдайлар
• Химиялық қауіпті нысандағы авариялар.
• Химиялық барлау аспаптары
Біздің өмір сүріп отырған Жер планетасындағы озон қабаты 15 км-дан бастап 100 км биіктікке дейін жетеді. Алайда, 50 км-дан ары қарайғы бөлігінде озонның мөлшері тым аз, шамамен 0,001%. Озон қабатынсыз жердегі тіршілік қазіргі біз көріп отырғандай болмайды. Озон қабаты ұстап қалатын күннің ультра-күлгін сәулелері жер бетіне тікелей өтіп кететін болса, онда тереңдігі 10 метрден асатын суларда ғана тіршілік етуге болар еді. Себебі, он метр тереңдікте ультра-күлгін сәулелердің кері әсері болмайды. Зерттеуші ғалымдар ауаға шығарылатын зиянды да улы газдардың азаюы нәтижесінде атмосфераның озон қабаты қалпына түсе бастаған сыңай байқатып отыр. Бірақ озон қабаты өзінің 1980-інші жылғы деңгейінде тұрақтай қоймас деп ескертеді ғалымдар. Жерді күннің зиянды сәулелерінен қорғайтын озон қабаты – құрамында хлор мен бромы бар аэрозоль және мұздатқыш жабдықтарда қолданатын сұйық газдардың әсерінен жұқарады. Озон қабатының қалыңдығын есептейтін бірлік — Добсон бірлігі (ағылшынша: Dobson Unite) DU. Ол былайша есептеледі: 100 DU = 1 мм, яғни, 100 Добсон бірлігі молекулалық қабаттың қалыңдығының 1 мм-ге тең екендігін көрсетеді. Озон қабатының орналасуы мен ондағы процесстер Озон қабаты — стратосфераның бір бөлігі. Ол — озоносфера қабаты, 15–50 км биіктікте болады. Экватордан полюстерге қарай озон қабаты қалыңдап отырады. Бұл қабатта энергияға бай күннің ультра-күлгін сәулелері O2 формасындағы оттегіні O3 формалы озотқа айналдырады (3 O2 → 2 O3). Ультра-күлгін сәулелердің толқын ұзындықтарына байланысты (175—200 нм, кейде 242 нм-не дейінгі аралықтағы толқын ұзындығы) кейдеозоннан O2 формасындағы оттегі қайта түзіледі (2 O3 → 3 O2). Аталған екі реакция (процесс) да ультра-күлгін сәулелердің энергиясының көмегімен іске асады. Озонқабатын үнемі екі процесс арқылы толықтырып тұратын циклОзон-Оттегі циклі деп аталады. Озоннан оттегі, оттегіден озон түзетін химиялық рефкцияны1930 жылы Сидней Чэпман ұсынды. Соның құрметіне Чэпман механизмі деп аталады. Озон қабатының ең тығыз бөлігі 20-25 км биіктікте орналасса, көлемі ең үлкен бөлігі 40 км биіктікте орналасады. Егер бүкіл озон қорын жинап алып жердегі қалыпты жағдайдағы қысыммен (pn = 101.325 Pa = 101.325 N/m² = 1013,25 hPa = 101,325 kPa = 1,01325 bar) қысатын болсақ, онда небары 3-4 мм болатын жіңішке қабатты озон түзілетін еді (экватор маңында жұқа, полюстерде қалың қабат болады). Басқа да ауа қабаттарындағы газдармен салыстырсақ (мысалы, оттегі мен азот), олардың сығылғандағы биіктігі 8 км болар еді. Озон қабатының тарихы Осыдан 3,5 млрд. жыл бұрын Жер планетасының атмосферасында оттегі (O2) мүлдем болмаған. Жер бетінде жасыл өсімдіктер, балдырлар және Цианобактериялардың (жасыл балдырлы бактериялар) күн сәулесін пайдалана отырып судан электрондарды алуы кезінде молекулалы оттегі (O2) мен сутегі йондарын (H+) бөліп отырған (Судың фотолизі). Фотосинтездің кең тараған бұл түрін оттегінің түзілуіне байланысты Оксигенді фотосинтез деп атаймыз. Түзілген оттегі атомдары алғашында судағы металл-йондарын, әсіресе, Fe2+ йонын оксидтеді. Кейіннен барып оттегі аспанға көтеріледі. Жоғарыда аталған процесстің арқасында аспанның стратосфера қабатында оттегіқабаты түзіліп, күннің ультра-күлгін сәулелерінен бөлінетін энергияның қатысуыменозон түзілді. Тарихи деректер бойынша озон қабатын ашқан Шарль Фабри (Charles Fabry) және Анри Буиссон (Henri Buisson) атты екі француз ғалымдары болған. Олар 1913 жылы ультра-күлгін сәуле арқылы спектроскопиялық өлшеулер жүргізу арқылы атмосфераның жоғарғы бөлігіндегі озон қабатын ашқан. 1994 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 16-қыркүйек күнін »Халықаралық Озон қабатын қорғау күні» етіп бекітті.Озон қабатының қызметі Жерде озонның 6-10% концентрациясы бар, аз мөлшерде болғандықтан тіршілік етушілерге зияны жоқ. Ал былайынша, озон өте активті
1. Миирбеков К.Н. Тіршілік қауіпсіздігі негіздері Шымкент 2007
2. Кандауыва Ш.П. Экологиялық проблемалар Алматы 2005

ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

* Озон қабаты
* Қышқылдық жауын
* Смог
* Химиялық төтенше жағдай
* Химиялық қауіпті нысандардағы төтенше жағдайлар
* Химиялық қауіпті нысандағы авариялар.
* Химиялық барлау аспаптары

Озон қабаты

Біздің өмір сүріп отырған Жер планетасындағы озон қабаты 15 км-дан бастап 100 км биіктікке дейін жетеді. Алайда, 50 км-дан ары қарайғы бөлігінде озонның мөлшері тым аз, шамамен 0,001%. Озон қабатынсыз жердегі тіршілік қазіргі біз көріп отырғандай болмайды. Озон қабаты ұстап қалатын күннің ультра-күлгін сәулелері жер бетіне тікелей өтіп кететін болса, онда тереңдігі 10 метрден асатын суларда ғана тіршілік етуге болар еді. Себебі, он метр тереңдікте ультра-күлгін сәулелердің кері әсері болмайды. Зерттеуші ғалымдар ауаға шығарылатын зиянды да улы газдардың азаюы нәтижесінде атмосфераның озон қабаты қалпына түсе бастаған сыңай байқатып отыр. Бірақ озон қабаты өзінің 1980-інші жылғы деңгейінде тұрақтай қоймас деп ескертеді ғалымдар. Жерді күннің зиянды сәулелерінен қорғайтын озон қабаты - құрамында хлор мен бромы бар аэрозоль және мұздатқыш жабдықтарда қолданатын сұйық газдардың әсерінен жұқарады. Озон қабатының қалыңдығын есептейтін бірлік -- Добсон бірлігі (ағылшынша: Dobson Unite) DU. Ол былайша есептеледі: 100 DU = 1 мм, яғни, 100 Добсон бірлігі молекулалық қабаттың қалыңдығының 1 мм-ге тең екендігін көрсетеді. Озон қабатының орналасуы мен ондағы процесстер Озон қабаты -- стратосфераның бір бөлігі. Ол -- озоносфера қабаты, 15 - 50 км биіктікте болады. Экватордан полюстерге қарай озон қабаты қалыңдап отырады. Бұл қабатта энергияға бай күннің ультра-күлгін сәулелері O2 формасындағы оттегіні O3 формалы озотқа айналдырады (3 O2 -- 2 O3). Ультра-күлгін сәулелердің толқын ұзындықтарына байланысты (175 -- 200 нм, кейде 242 нм-не дейінгі аралықтағы толқын ұзындығы) кейдеозоннан O2 формасындағы оттегі қайта түзіледі (2 O3 -- 3 O2). Аталған екі реакция (процесс) да ультра-күлгін сәулелердің энергиясының көмегімен іске асады. Озонқабатын үнемі екі процесс арқылы толықтырып тұратын циклОзон-Оттегі циклі деп аталады. Озоннан оттегі, оттегіден озон түзетін химиялық рефкцияны1930 жылы Сидней Чэпман ұсынды. Соның құрметіне Чэпман механизмі деп аталады. Озон қабатының ең тығыз бөлігі 20-25 км биіктікте орналасса, көлемі ең үлкен бөлігі 40 км биіктікте орналасады. Егер бүкіл озон қорын жинап алып жердегі қалыпты жағдайдағы қысыммен (pn = 101.325 Pa = 101.325 Nm² = 1013,25 hPa = 101,325 kPa = 1,01325 bar) қысатын болсақ, онда небары 3-4 мм болатын жіңішке қабатты озон түзілетін еді (экватор маңында жұқа, полюстерде қалың қабат болады). Басқа да ауа қабаттарындағы газдармен салыстырсақ (мысалы, оттегі мен азот), олардың сығылғандағы биіктігі 8 км болар еді. Озон қабатының тарихы Осыдан 3,5 млрд. жыл бұрын Жер планетасының атмосферасында оттегі (O2) мүлдем болмаған. Жер бетінде жасыл өсімдіктер, балдырлар және Цианобактериялардың (жасыл балдырлы бактериялар) күн сәулесін пайдалана отырып судан электрондарды алуы кезінде молекулалы оттегі (O2) мен сутегі йондарын (H+) бөліп отырған (Судың фотолизі). Фотосинтездің кең тараған бұл түрін оттегінің түзілуіне байланысты Оксигенді фотосинтез деп атаймыз. Түзілген оттегі атомдары алғашында судағы металл-йондарын, әсіресе, Fe2+ йонын оксидтеді. Кейіннен барып оттегі аспанға көтеріледі. Жоғарыда аталған процесстің арқасында аспанның стратосфера қабатында оттегіқабаты түзіліп, күннің ультра-күлгін сәулелерінен бөлінетін энергияның қатысуыменозон түзілді. Тарихи деректер бойынша озон қабатын ашқан Шарль Фабри (Charles Fabry) және Анри Буиссон (Henri Buisson) атты екі француз ғалымдары болған. Олар 1913 жылы ультра-күлгін сәуле арқылы спектроскопиялық өлшеулер жүргізу арқылы атмосфераның жоғарғы бөлігіндегі озон қабатын ашқан. 1994 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 16-қыркүйек күнін Халықаралық Озон қабатын қорғау күні етіп бекітті.Озон қабатының қызметі Жерде озонның 6-10% концентрациясы бар, аз мөлшерде болғандықтан тіршілік етушілерге зияны жоқ. Ал былайынша, озон өте активті газ. Айналасындағы тіршілік иелеріне зияны тиеді. Негізінде, озонның орташа концентрация мөлшері 8 млм³ болады. Озон қабатының басты қызметі -- күн сәулесіндегі зиянды ультра-күлгін сәулелерді жер бетіне жібермей, өзінің бойына сіңіріп ұстап қалу. Осылайша жер бетіндегі тіршілік иелері күннің кері әсерлерінен қорғалады. Озон тесігі Егер атмосферадағы озон қабатының белгілі бір аймағындағы озонның дефициттік мөлшері 30%-дан асса, онда ол жерде Озон тесігі бар деп саналады. Антропогендік әрекеттер озонды жоюға әкеліп соғады. Адам баласының абайсыздығына байланыстыозон қабаты ұзақ уақыттан бері жұқарып барады. Оның жұқаруының негізгі себептері мыналар: 1. Ғарыш кемелерін ұшыру салдарынан озон қабаты тесіледі. Жыртылған тесіктер ұзақ уақыт бойы бірқалыпты тұра береді. 2. 12-16 шақырым биіктікте ұшатын ұшақтар да озон қабатына қауіп төндіреді. Керісінше, 12 шақырымнан төменде ұшатындары озон қабатының қалыптасуына септігін тигізеді. 3. Атмосфераға фреондардың тасталуы. Озон қабатының тесілуіне ең үлкен қауіп тигізетін хлор мен оның судағы қоспасы. Хлордың көп бөлігі атмосфераға фреондардың ыдырауы арқылы тарайды. Ол жарылуға әкеп соғады. Сондықтан хордың бір атомы көп озонды құртуға қызмет етеді. Оның қоспасы ауада 50-120 жылға дейін сақталып тұрады. Фреон бөлме температурасында көлемін көбейтетіндіктен, аэрозоль ретінде пайдаланып келеді. Озон қабатының тесілуінен адам баласы ісік ауруына шалдығады екен. Сонымен қатар тері ісігі, көз ауруларын қоздырып, егістік алқаптарына зақым келтіреді. Әлемде индустрия мен түрлі экологиялық зияны бар салалар қарқынды дамыған сайын атмосфераның озон қабатына тиіп жатқан зиянды әсерлер көп. Озонқабаты жұқарып, тіпті, кей жерлерде озон тесіктері пайда болды. Бұл дегеніміз сол тесік пайда болған аймаққа және жердегі тіршілік үшін қауіп төнгендігін білдіреді. Озонқабатының тесілуіне адамдардың ықпалы қатты әсер етеді. Мысалыға, егінді алқапта пайдаланатын химиялық тыңайтқыштар, дыбыстан да жылдам ұшақтар мен ғарышқа ұшырылатын зымырандардың атмосфераға бөліп шығаратын улы газдары, фреондар (түссіз, иіссіз газдар мен сұйықтықтар) және ядролық жарылыстар озон қабатын жұқартатын басты факторлар. Одан басқа химиялық белсенді газдардың әсерінен деозон қабаты зақымдалады. Оған мысал: Азоттың әсерінен озонның ыдырау циклі О3 + NO -- NO2 + О2 Оттегінің әсерінен озонның ыдырау циклі О3 + O -- 2О2 Сутегінің әсерінен озонның ыдырау циклі ОН + О3 -- НО2 + О2 НО2 + О3 --ОН + 2О2 Хлордың әсерінен озонның ыдырау циклі Cl + O3 -- ClO + O2 Сондай-ақ, метан мен этан газдарынан түзілетін Хлор-фтор-карбоны органикалық қосылысы катализдік эффект арқылы түнгі уақыттарда озон концентрациясын азайтып, O2 концентрациясын көбейтеді. Мұндай жағдайлар ұзақ уақыттық поляр түндері кезінде жиі байқалады. Соңы озонның тесілуіне әкеп соғады. Поляр түндері аяқталған кезде күн озонқабатының тесілген бөлігі арқылы өзінің зиянды сәулелерін өткізеді. Ал бұл дегеніміз тері рагы аурулары мен көз ауруларын тудырады және ағзадағы иммунды жүйе бұзылады.
Қазіргі кезде атмосфераның төменгіқабатындағы озонды жоятын улы заттардың мөлшері азайып келеді. Алдағы уақыттарды жоғарғы қабаттағы, стратосферадағы, зиянды заттар азая бастайды. Егер осы бағыттағы шаралар жалғасын табатын болса, ғалымдардың болжауынша 2060 жылға қарай озон қабатының күйі (қалыңдығы) бастапқы қалпына келеді екен. Қорытынды Озон қабатының шығу тарихынан бастап бүгінгі күнге дейінгі жағдайына қарап отырып, оның әр уақытта әр түрлі болатындығын аңғаруға болады. Және соңғы ғасырдағы техника мен технологияның, ауыл шаруашылығы мен көлік қозғалыстарының күрт артуы тек қана ғаламдық жаппай жылынуды ғана емес, сонымен бірге көзге көріне бермейтін табиғи апаттарды да тудырып отыр. Солардың бірі жоғарыда толық тоқталып өткен озон қабаты мен оның жұқарып, тесілу процестері. Осыдан 25-30 жылдай бұрын бастау алған озон қабатын қорғау шараларының нәтижелері бүгіндері көрініп жатыр. Оң нәтижелер баршылық. Адамзат техникалық дамумен бірге қоршаған ортаны қорғау саясатына да баса назар аударуда. Әсіресе, алдыңғы қатарлы дамыған елдерде бұндай жағдайлар өте жоғары деңгейлерде ұйымдастырылуда. Зерттеу жұмыстары мен кең ауқымды жұмыстар осындай елдердің еншісінде екені анық. Солардың көмегімен бәрімізге ортақ Жер планетасын апатты жағдайлардан құтқарар күннің туары алыс емес секілді.

Қышқылдық жауын

Жоспар
І.Кіріспе
1.Атмофералық жауын-шашын
ІІ. Негізгі бөлім
2.Қышқылдық жауын -- шашындар мәселесі
2.Қышқыл жаңбырдың биосфераға әсері
3.Қышқылдық жауынның зиянды әсері

Атмосфералық жауын-шашын -- ауа райы мен климат элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетіне бұлттан жауатын не оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан белініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су. Бұлттардан жауатын атмосфералық жауын-шашынның ішінде мыналарды айырады: қарлы жаңбыр, соқта қар, жаңбыр, түйіршік қар, қиыршың қар, қиыршық мұз, бұршаң тағы басқалар. Жер беті мен нәрселерге ауадан бөлініп түсетін атмосфералық жауын-шашынның мынадай түрлері болады: шың, қырау, қылау, көкмұз (ожеледь). Бұлттардан бөлініп шыгатын атмосфералық жауын-шашын негізгі үш топқа бөлінеді: аң жауын, нөсер, сірікпе. Нөсер күйінде жауатын атмосфералық жауын-шашынның алдында нажағай ойнайды. Атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жауған су қабатының қалыңдығын көрсететін миллиметрмен өлшенеді. Атмосфералық жауын-шашын жер бетіне біркелкі жаумайды. Ол атмосфераның жалпы циркуляциясының жүйесінде белгілі бір жердің алатын географиялық орнына, теңіздің жақындығына немесе қашықтығына, рельефке (таулар өздерінің жел жақ беткейлерінде ылғалды көбірек ұстап қалады) байланысты. Жер шарында жауын-шашын ең көп жауатын жер Үндістандағы Черрапунджи деген жер; мұнда 12 600 лшге дейін жаңбыр жауады, Сахара тағы басқалар. шөлдерде бірнеше жыл ішінде жаңбыр тіпті жаумайтын да кездер болады.
Қазақстанда А. ж.-ш-ның ең көп жауатын өңірі - Алтай тауының батыс беткейлерінде (1500 мм), ал ең аз жауын-шашын Арал Қарақұмы мен Балқаш көлінің батыс жағалауында байқалады.
Жауын-шашынның жылдық таралуы жалпы алғанда, біршама мол болғанымен, белдеу ішінде әркелкі таралады. Материктердің батысында ылғал мол, бұл мұхиттардағы ылғалды ауа массаларының батыс желдер арқылы тасымалдануымен байланысты. Шығысқа қарай aуa ылғалынан айырылып, континенттік сипат алады, жауын-шашын күрт азаяды. Ал Материктің шығыс жағалауларында мұхиттардың ықпалының күшеюіне байланысты жауын-шашын мөлшері артады. Белдеуде батыстан шығыска қарай мынадай климат сипаттары айқын ажыратылады: қоңыржай теңіздік, қоңыржай континенттік, континенттік, шұғыл континенттік, муссондық.
Қазақстанның жері негізінен қуаңшылықты болып келеді. Мұнда жауын-шашын аз түседі және әркелкі таралған. жауын-шашынның таралу мөлшеріне оның Атлант мұхитынан қашық жатуы және Еуразия материгінің орталығында орналасуы зор әсерін тигізеді.
Қазақстанда жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 130-1600 мм аралығында. Әсіресе, Арал теңізінің солтүстік-шығысына іргелес жатқан аудан мен Балқаш көлінің батыс бөлігінде жауын-шашын небары 100 мм, кейбір жылдары одан да аз түседі. жауын-шашынның ең көп түсетін жері Батыс Алтай.
Республиканың жазық және аласа таулы бөлігінде атмосфералық жауын-шашын солтүстіктен оңтүстікке қарай кемиді. Жауын-шашын солтүстікке орта есеппен 400 мм-ден көбірек (Петропавлда 425 мм), ал орталық алқапта 275 мм-ге дейін, оңтүстікте 130 мм-ге дейін түседі. Батыстан шығысқа қарай жауын-шашын мөлшері кемиді. Батыстағы Орал қаласы маңында 374 мм жауса, шығыстағы Жайсан қазаншұңқырында 200 мм. Қазақстанның таулы бөліктерінде жазықты-аласа таулармен салыстырғанда жауыншашын мөлшері мол. Республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс биік таулы аудандары ылғалы мол өңір болып саналады. Таулардың жел жақ беткейлерінде 500 мм, ал Кіші Үлбі өзенінің жоғарғы ағысында 1600 мм ылғал түседі. Қазақстанда атмосфералық жауын-шашынның жылдық таралуы әркелкі. Солтүстік өңірлерде жылдық жауын-шашын мөлшерінің 70-80%-ы жылдың жылы мезгілінде түседі. Ылғалдың көп мөлшері шілде айына келеді. Оңтүстіктегі шөлді аймақта және шығыс, оңтүстік-шығыс тау етектерінде жауын-шашын таралуының жаздық минимумы айқын байқалады.
Республиканың оңтүстік аудандарында кей жылдары жазда 2-3 ай бойы жауын-шашын мүлдем жаумайтын кездері де болады. Бұл кезде құрғақ жаңбыр байқалады, яғни жаңбыр тамшылары жер бетіне жетпей, ауада буға айналып кетеді. Ал жаңбыр жауғанда, көбіне күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Жылдың салкын уақытында жауын-шашын жалпы аз түседі. Сондықтан қар жамылғысы Калың емес. Республиканың солтүстігіне қыста жылдық жауын-шашынның 20-30%-ы, оңтүстігіне 50-60%-ы түседі. Бұл оңтүстік аудандарда жиі өтетін циклондық әрекеттерге байланысты.

Қазақстан бойынша жылы кезеңдегі жауын-шашынның таралуы
Қар жамылғысы еліміздің аумағында әр кезеңде түседі. Орманды дала, дала зоналарында қар жамылғысының ең ерте түсетін кезеңі қыркүйектің аяғы қазанның басына тура келеді. Ал Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының шөлейт зоналарын да ең ерте түсетін кезі қазан айының аяғы. Шөл зонасында желтоқсанның аяғында түседі. Кейде түспейтін кездері де болады.
Тұрақты қар жамылғысының қалыптасатын кезеңі Алтай және Оңтүстік шығыс тауларының мұзды-қарлы белдеулерінде қазан айының басы. Қазақстан жерінде қар жамылғысының жату ұзақтығы мен қалыңдығы әркелкі. Солтүстікте қардың қалыңдығы орта есеппен 20-30 см болса, кар жамылғысы жылына 125-165 күн жатады, оңтүстікте қардың қалыңдығы 10-15 см, қар 40-60 күн жатады. Таулы аудандарда қардың қалыңдығы мен жату ұзақтығы биіктігіне байланысты, мысалы, Іле Алатауындағы Мыңжылқыда (3036 м) қар жамылғысының қалыңдығы 90 см де, 230 күн қар ерімей жатады. Республика жерінің ылғалдылығы тек жауын-шашын мөлшеріне ғана емес, оның булану мөлшеріне де байланысты. Егер булану мөлшері жылдық жауын-шашын мөлшерінен аз болса, онда ылғалдылық артады. Ал керісінше, булану мөлшері жылдық жауын-шашын мөлшерінен көп болған жағдайда, ылғалдылық жеткіліксіз болады.
Жылдық жауын-шашын мөлшерінің буланушылыққа қатынасын ылғалдану коэффициенті деп атайды. Егер ылғалдану коэффициентін -- К әрпімен, жауын-шашынның жылдық мөлшөрін -- Ж әрпімен, ал буланушылықты -- Б әрпімен белгілесек, онда К = ЖБ болып шығады. Егер жауын-шашынның жылдық мөлшері буланушылықпен шамалас болса, онда ылғалдану коэффициенті бірге тең болады. Мұндай жағдайда ылғалдану жеткілікті деп есептеледі. Ылғалдану көрсеткіші бірден аз болса, ылғал жеткіліксіз деп есептеледі. Мысалы, Қазақстан жерінде 1-ге жақын коэффициент республиканың солтүстік орманды дала зонасында байқалады. Қазақстанның биік таулардан басқа барлық өңірлерінде буланушылық бірнеше есе артық. Мысалы, (Қазақстанның оңтүстік аймақтарында) Түркістанда буланушылық 1250 мм, ал жауын-шашын 238 мм. Ылғалдану коэффициенті 0,19, бұл климаттың аса Құрғақтығын көрсетеді.
Ылғалдану коэффициенті табиғат зоналарының таралу заңдылығын түсіндіруге мүмкіндік береді. Мәселен, ылғалдану коэффициенті жылу мен ылғал мөлшері арасындағы байланысты, өсімдік пен топырак зоналарының орналасуын, өзен мен көл жүйесінің тығыздық себептерін анықтауға, сонымен бірге ылғал сүйгіш және қуаңшылыққа төзімді ауыл шаруашылық дақылдарын өсіретін аудандарды дұрыс белгілеуге мүмкіндік береді.[1]
1. Қышқылдық жауын -- шашындар мәселесі
Қышқылды жаңбыр - атмосфералық жауын-шашын түрлері (оған қар да жатады). Жаңбыр құрамында қышқылдың (pH Қышқылдық жауын-шашындар пайда болуының негізгі себебі күкіртің қос оксидімен ластану болып табылыды. Су буының қатысуында күкіртті антигридті қышқылының ерітіндісіне айналады.
Осындай жолмен көмірқышқыл газы мен азот оксидтерінің көмір қышқылы мен азот қышқылы түзіледі.Олар органикалақ қышқылдармен мен басқа да қосылыстар араласып,қышқыл реакциясы бар ерітіндіні береді.
Қышқылдық жауын -- шашындардың түзілуіндегі күкірт қос оксидінің улесі 70% . Қышқылдық жауын -- шашындардың көмірқышқыл газы да үлесін қосады.Алғашқы қышқылдық жауын -- шашындар 1907-1908 жылы Англияда байқалған. Қазіргі уақытқа дейін 2,2-2,3 болатын жауындар тіркелген.
Қышқылдық жауын -- шашындар солтүстік жарты шарда жаксы таралған.бұл жерде қышқыл заттардың шығарылуы мен олардың жаңбыр , қар, тұман түрінде ылғалды тұндыруға қолайлы жағдай бар. Қышқылдық жауын -- шашындар Скандинавия елдері Англия, Бельгия,Дания , Польша елдеріне тән.
Қышқылдық жауын -- шашындар топыраққа ,су экожуйесіне ,өсімдіктерге , архитектура ескерткіштеріне,ғимараттарға зиянды әсерін тигізеді.
Қышқылдық жауын -- шашынның зиянды әсері әсіресе оңтустік пен тропиктік аудандарда ағыс арқылы әсер етеді.Тропиктік топырақтар нейтралды және сілтілі таралғанымен ,онда жауынның үнемі шайып кетуі себепті нейтралдаушы заттар болмайды.
2.Қышқыл жаңбырдың биосфераға әсері
Биосфера- жер бетінде кездесетін барлық тірі ағзалардың және заттардың жиынтығын ең ірісі болып табылады.Биосфера- заттар айналымын үзбей сүйемелдеп тұратын ғаламшардың ең үлкен экожүйесі, яғни тіршіліктің өніп-өсіп, көбеюіне мүмкіндік бар қабат.Оның шикарасы жербетіндегі 20-25 км. Деңгейден ( атмосфераның озон қабатына дейінгі бөлігі кіреді) 11 км. Мұхит тереңдігіне және жер астына 6 км тереңдікке дейін созылады.1.Антропогендік ластанудың негізгі көздері.
Антропогендік фактор - адамның қызметі әрекетінен жаңа түрде туындайтын факторлар. Адамның шаруашылық іс-әрекеті салдарының қоршаған ортаның кейбір жерлерінің өзгерені соншалық. Табиғи құрауыштарының байланысы басқа болып, бұрынғы кешендермен салыстырғанда жаңа кешендер қалыптасады.
Антропогендік факторларға өнеркәсіп индустриясының барлық салалары, көлік, ауыл, орман шаруашылығы, энергетика, атом қаруын сынау, мұнай, газ және тау кен өндірісі салалары. Т.б. жатады.
Тек өндірістік кәсіпорындарының ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластануын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын( газ, бу, ауа тозаңы),энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, жарық,электромагниттік өріс,лазерлі сәулелер,иондағыш шығарындылар т.б.Биосфераны ластайтын компоненттердің хим құрамы отынэнергетика ресурстарының тқріне, өндірісте кенданылатын шикізатқа оларды өндейтін технологияға байланысты келеді. Антропогендік факторлар әсерінің артуынан күрделі экологиялық проблемалар; парник эфектісі, қышқыл жаңбыр, ормансыздандыру, ядролық қыс, озон қабатының жұқаруы мен тесілуі, шөлейттену т. б.атмосфераға антропогендік жер тікелей немесе жанаша түрде болуы мүмкін.Жанаша әсер- биосфераның басқа компоненттерінде экологиялық тепе-теңдіктің бұзылу, салдарынан атмосфераның жағдайына ойқаптар, жыртылған егістік жерлер, ұйымдастырылған үлкен су қоймалары, өзгертілген өзен ағыстары, меикоративтік жұмыстар, пайдалы кен қазбаларының ашық әдіспен жаппай алынуы жатады.Жер бетінің қасиеті мен сипатамасының өзгеруі жер атмосфера энергиялық жүйесіндегі алмасу процестеріне,альбедо шамасына, атмосфераға өтетін шығындыққа әсерін тигізеді.Ал, тікелей әсерге мысал ретінде өндірістен шығатын тастанды заттектерді, күлді, металл оксидтері мен тұздарын, күкірттің газды қосылыстары, аммиакты, көмір сутектерін радиоактивті газдарды, шаңдарды, озонды суктекті қосылыстарды және тозаңды келтіруге болады. . Табиғаттағының бәрі таза деп,жаңбырдың суына бас жуатын жалаң аяқ, жалаң бас жүгіретін балалық дәурен секілді, енді оралмайтын заман болды. Сондықтан да жаңбыр суына бас жууға бола ма? - деп жауап беруге тура келеді.
Өйткені жаңбырдың суы дегеніміз -- өзен-көлдердің бетінен ылғал топырақтан көтерілген бу ғой. Ал осы будан түзілген бұлтта тонналаған сумен бірге алуан-түрлі химиялық элементтер, олардың тұздары, шаң болады. Жаңбыр суының құрамы бұлттың қай жерде түзілгеніне, жауған жеріндегі ауаның қалай ластанғанына байланысты. Ауа мен жаңбыр суын ең алдымен сапырылысқан көлік, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындары, аммиак, күкіртті көміртегі тарайды. Күкірт пен азоттың қосындылары сумен қосылғанда қышқыл түзіп, жерге қышқыл аралас жаңбыр болып жауады.
3.Қышқыл жауын шашынның зиянды әсері әсіресе солтүстік және тропиктік аудандарда ағыс арқылы әсер етеді. Бірінші жағдайда онсыз да қышқылдығы жоғары топырақ қышқылданады.Бұл топырақтарда қышқылдылықты нейтралдайтын (кальций карбонаты,доломит және т,б,) табиғи қосылыстар болмайды.
Тропиктік топырақтар нейтралды жіне сілтілі болғанымен.онда жауынның үнемі шайын кетуі себепті нецтралдаушы заттар болмайды.
Топыраққа келіп түсетін қышқыл жауын шашындар катиондардың қозғалғыштығы мен шайылып кетуін арттырады,редуценттердің, азотфиксаторлардың және басқа да топырақ ортасының ағзаларының белсенділігін төмендетеді.
рН 5-ке және одан төмен болғанда топырақтағы минералдардың ерігіштігі артады да,олардан mjc к8йде улы болып табылатын, алюминий бқлініп шығады.Қышқыл жауын - шашын fesh металдардың да қозғалғыштығын арттырады.Кейбір жерлерде қышқыл жауын шашын мен олардың әсер ету қнімдері грунт суларына,одан су қоймаларына және су құбырына түсіп,құбырлардан алюминий және басқа да зиянды заттардың бөлініп шығуына әкеледі.Бұл құбылыстың нәтидесінде feesp судың сапасы төмендейді.
Су қоймаларына түскен қышқыл жауын шашын судың қышқылдығы мен кермектігін арттырады.Көптеген гидробионттар аталған көрсеткіштердің өзгеруіне өте сезімтал болады.Су ортасының рН 6-дан төмен болғанда ағзаның өсуі мен дамуы үшін маңызды ферменттер,гармондар мен басқа да биологиялық белсенді заттардың қызметі тежеледі.рН-тың зиянды әсері негізінен жұмыртқа жасушалары мен жас дараларда байқалады,Бұл жағдайда өнім негізінен ластаушы заттардың тікелей ағзаға әсерінен емес,көбеюге мүмкіндік бермеу арқылы әсер tntl
Қыщқыл жауын шашын мен оның компоненттері әсіресе ормандарға орасан зор зиян келтіреді.Қышқыл жакын шашын өсімдіктерден биогендерді (әсіресе кальций,магний,калий) қанттар,ақуыздар,аминқышқылдарын ығыстырып,зақымдайды.Олар қорғанышсыз ұлпаларды зақымдап,ағзаға патогенді бактериялар мен саңырауқұлақтардың ену мүмкіндігін арттырады,Мұндай әсердің нәтижеснде фитоценоздардың өнімділігі төмендеп,кейде толық жойылып кетуіне әкеліп cj&nhes мүмкін.
Қышқыл жаңбырлардың өсімдіктер үшін зиянды әсері топырақ арқылы да байқалады.Бұл әсер алюминий мен fesh металдардың қозғалғыштығының артуы нәтижесінде болады.Бос алюминий жас тамырларды зақымдайды.Оларда инфекциялардың ену ошақтарын түзеді,ағаштардың уақытынан бұрын &fhn.syf әкеледі.
Әсіресе қылқан жапырақты ормандар кұшті зақымданады.Бұл ең алдымен олардың қылқанының ұзақ (4-6 жыл) өмір суруіне ондағы улы заттардың жиналуына байланысты.
Атмосфераның ластануына жоғары дәрежеде сезімталдығымен қыналар сипатталады.Олар әдетте ең бірінші болып,экожұйеден жойылады және қоршаған ортаның қолайсыз әсерінің индикаторы болып табылады.
Соңғы жылдарда ормандардың дәстүрлі ластаушылары мен озонның бірлескен әсерінен зақымдануына көп көңіл бөлінуде.
Озон негізінен фотохимиялық смогтің өнімі болып табылады.Оның әсерінен хлорофилл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің жай-күйі мен проблемалары
Каспий теңізінің экологиясы туралы
Жаһандық экологиялық проблемалар туралы
Әлемдегі және Қазақстандағы демографиялық жағдай және азық түлік мәселесі. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу
Глобальды экологиялық проблемалар
Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас
«Саясаттағы ұлттық қауіпсіздік, оның құрылымы»
Экологиялық проблемалар
Экология ғылымының басқа салалармен байланысы
Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелер бойынша жасасқан халықаралық шарттары
Пәндер