Қожа Ахмет Яссауидың сопылық дүниетанымындағы этикалық мәселелер



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
I. «Диуани Хикмет» еңбегінің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1.1 Шығармадағы даналық ойлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Хикметтің идеялық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9


II. Алғашқы бастама мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

2.1 Адам сенімі мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2 Ақиқатқа жету жолдары жайындағы түсініктер ... ... ... ... ... ...20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Кіріспе
Түркі халықтарының орта ғасыр кезінде біржола араб жазуына көшуі өмірге көптеген ғылыми дүниелерді алып келді. Сонымен қатар бұл кез шығыс әлемінде суфизм ағымының әсері күшейіп, бірте-бірте қанатын кең жайып, дами бастаған кезі еді. Мұсылмандар үшін де аса жауапты уақыт болатын. Осы шақта елдің бірлігін, халықтың татулығын, адамгершілік пен имандылықты, Алла Тағалаға адалдықты көксеген, соны ту етіп, өз шығармаларына арқау еткен ақын-шайырлар тобы тарих сахнасына шыкты, соның бірін айтсақ Қожа Ахмет Йассауи.
Тақырыптың өзектілігі :
Қазақ жеріне ислам діні сопылық ілімді уағыздаған дәруіштер сұхбаты арқылы енді. Олар халық дүниетанымындағы құндылығын арттыра түсетін сопылық ілімді дамытқаны үшін әулиеге баланды. Сондықтан олардың қабірінің басына тұрғызылған кесенелер тәубе ететін киелі орын ретінде танылды. Түбі бір түркі халықтарының барлығы қазіргі күннің өзінде зиярат жасайтын қасиетті орын ретінде санайды. Соның ішінде даналық хикметтері арқылы халық сеніміне иман ұялатқан Ахмет Йасауи ілімнің орны ерекше. Ахмет Йасауи ілімінің маңызы мен негізгі мақсатын, даму ерекшелігін танып білу үшін ең алдымен түркі халықтарының ежелгі салт дәстүрлері мен діни сеніміне назар аударғанымыз жөн.
Теологтардың пайымдауынша, сопылық - не нәрсені де «әділдік», «ұят» және «сұлулық» өлшемімен бағалайтын ойлау жүйесі, Исламның қайнарынан бастау алатын рухани құндылық, Ислам дінінің дүниетанымдық, ахлақтық – этикалық, эзотерикалық қырлары көрініс беретін, адамның өзін-өзі тануы мен рухани адамгершіліктің кемелденуіне мүмкіндік беретін ілім, діни қозғалыс. Құран-хадисті ең жоғары дәрежеде тәпсірлеу. Сопылықты уағыздайтын тәлім - тасаууф. Ол тәңіртануды, адамзаттың этика – эстетикалық құндылықтарын терең түсіндіретін, рухани, ішкі дүниенің талаптарына жауап беретін білім ретінде қалыптасып, танылған. [1].
Тақырыптың мақсаты
1. Ахмет Йассауидің діни ойларымен танысу.
2. Ислам жолын уағыздаушы тарихи тұлға екенін білу.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Газета Инфо-Цес 1991-2011
2. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. А., 1991.189-б.
3. Ислам Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
4. Мұсылман күнтізбесі: 2002 жыл. Құрастырған С. Қанатбайұлы.- Алматы: «Жылнама»
5. Йассауи Қ. А Диунаи хикмет. Алматы, 1993. 17-б.
6. Бұл да сонда 45- б.
7. Бұл да сонда 121- б.
8. Ж. Алтай, Қасабек, Қ. Мұхамбетәли, 1999 «Жеті жарғы» ЖАҚ, 1999
9. Мец А. « Мусульманский ренесанс» М.,1973, с 247.
10. Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. - Алматы: Жалын, 1994. -400 б. /375-376/.
11. Абуов А. Ақиқат жаршысы. -Түркістан: А.Йассауи атындағы ХҚТУ, 2000. -144 б. /87/.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
I. Диуани Хикмет еңбегінің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Шығармадағы даналық ойлар ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 7
1.2 Хикметтің идеялық мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

II. Алғашқы бастама мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.1 Адам сенімі мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Ақиқатқа жету жолдары жайындағы түсініктер ... ... ... ... ... ...20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Пайдаланылған әдебиет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Кіріспе
Түркі халықтарының орта ғасыр кезінде біржола араб жазуына көшуі өмірге көптеген ғылыми дүниелерді алып келді. Сонымен қатар бұл кез шығыс әлемінде суфизм ағымының әсері күшейіп, бірте-бірте қанатын кең жайып, дами бастаған кезі еді. Мұсылмандар үшін де аса жауапты уақыт болатын. Осы шақта елдің бірлігін, халықтың татулығын, адамгершілік пен имандылықты, Алла Тағалаға адалдықты көксеген, соны ту етіп, өз шығармаларына арқау еткен ақын-шайырлар тобы тарих сахнасына шыкты, соның бірін айтсақ Қожа Ахмет Йассауи.
Тақырыптың өзектілігі :
Қазақ жеріне ислам діні сопылық ілімді уағыздаған дәруіштер сұхбаты арқылы енді. Олар халық дүниетанымындағы құндылығын арттыра түсетін сопылық ілімді дамытқаны үшін әулиеге баланды. Сондықтан олардың қабірінің басына тұрғызылған кесенелер тәубе ететін киелі орын ретінде танылды. Түбі бір түркі халықтарының барлығы қазіргі күннің өзінде зиярат жасайтын қасиетті орын ретінде санайды. Соның ішінде даналық хикметтері арқылы халық сеніміне иман ұялатқан Ахмет Йасауи ілімнің орны ерекше. Ахмет Йасауи ілімінің маңызы мен негізгі мақсатын, даму ерекшелігін танып білу үшін ең алдымен түркі халықтарының ежелгі салт дәстүрлері мен діни сеніміне назар аударғанымыз жөн.
Теологтардың пайымдауынша, сопылық - не нәрсені де әділдік, ұят және сұлулық өлшемімен бағалайтын ойлау жүйесі, Исламның қайнарынан бастау алатын рухани құндылық, Ислам дінінің дүниетанымдық, ахлақтық - этикалық, эзотерикалық қырлары көрініс беретін, адамның өзін-өзі тануы мен рухани адамгершіліктің кемелденуіне мүмкіндік беретін ілім, діни қозғалыс. Құран-хадисті ең жоғары дәрежеде тәпсірлеу. Сопылықты уағыздайтын тәлім - тасаууф. Ол тәңіртануды, адамзаттың этика - эстетикалық құндылықтарын терең түсіндіретін, рухани, ішкі дүниенің талаптарына жауап беретін білім ретінде қалыптасып, танылған. [1].
Тақырыптың мақсаты
1. Ахмет Йассауидің діни ойларымен танысу.
2. Ислам жолын уағыздаушы тарихи тұлға екенін білу.

Тақырыптың міндеті
1. Йассауидің философиялық ойын түсіну
2. Диуани хикметтің идеялық мазмұнын ашу
3. Көркемдік ерекшелігін көрсету
Тақырыптың зерттелу деңгейі:
Сопылық жайында көптеген ғалымдар өз зерттеулері мен пікірлерінде өз ойларын айта кетеді. Соларға тоқтала кетсек:
Орыстың ғалымы И.М.Петрушевскийдің айтуынша, ағылшын шығыстанушысы Р.Николсон ХІ ғасырға дейінгі жазба материалдардан тасаууф яғни, сопылық сөзінің жетпіс сегіз мағынасының талқылағандығы анықталған.
Абу Саид әл-Хараз: Сопы деп Тәңіріміз жүрегін нұрмен тазартқан және Алланың зікірінен ләззат алатын адамды айтамыз деген.
Абу Мухаммед әл-Жаририй (һ.311 туылған): Тасаууф сүнниттік мінез-құлықпен үйлесетін оған қарама-қарсы нәрседен аулақ болуды үйрететін жол,-дейді. Абу Бакр әл-Каттаний (322х) : Тасаууф - тәртіп. Кімнің тәртібі өзіңнен жақсы болса ол сенен таза адам. Тасаууф - тазалық,-деген.
Жағфар әл-Хулдий (840х): Сопылық құлшылыққа құлшыну, Алла Тағалаға толығымен берілу.
Бишр бин әл-Харис: Сопылық Алла үшін жүрегін таза ұстанушы.
Әш-Шиблий: Тасаууфтың басы Алланы танумен басталып, соңы таухидпен бітеді,-дейді.
"Сопылық - көркем ахлақ (мораль)"; Абу Хафс ан-Найсабури (ө. ж. м. 883) "Сопылық - толығымен әдеп (этика)"; Абу әл Хусайн ан-Нури (ө. ж. м. 907) "Сопылық - нәпсінің құмарлықтары мен талаптарын тәрк ету" ретінде көрсеткен. Дж.Тримингэм Суфийские ордены в Исламе еңбегінде ХІІ-ХІІІ ғасырларда шығу тегі, діни дәстүрлері мен әдіс-тәсілдері жағынан бір-бірінен өзгеше бірнеше сопылық тариқатты атайды. Олардың ішінен түркі дүниесінің ұлы ойшылы Ахмет Ясауи құрған Ясауийа тариқаты да өзіндік орын алған.

I. Диуани Хикмет еңбегінің мәні
Оның бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы -- Диуани Хикмет (Хикмат жинақ). Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Стамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Соның бірі 1901 ж. Қазанда Тыныштықұлының қазақтарға арнап шығарған нұсқасы болатын.Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды, бұл фәнидің жалғандығын білдіреді.Диуани Хикметтен түркі халықтарына, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер табуға болады. Бірақ хикметтің түпнұсқасы сақталмаған. Бізге жеткені XV-XVI ғасырдағы көшірмелері ғана. Оның көшірмелері өте көп.
Ахмет Йассауи өлеңдер жинағының ең толық нұсқасы Қазан басылымы болып табылады. Мұнда 149 хикмет берілген. Соның 109 хикметі Йассауидің өзінікі екені даусыз. Қалғандары шәкірттері тарапынан жазылып, жинаққа еніп кеткен жыр жолдары болса керек [2]. Көптеген түркі халықтары хикметті аудармасыз-ақ қиналмай оқи алады. Ислам дінінен хабары бар жанға Хикмет тілі өте жеңіл. Оны беріліп оқып, тереңірек үңілген адам Ахмет жырларының қыпшақ тілдерінде өте жақын екенін байкар еді.
Түркістан қаласында жерленген Қожа Ахмет Йассауи әзіреті сұлтан аталып, басына 14 ғ. аяғында атақты Ақсақ Темір күмбезді сағана орнаттырады.Жалпы дәстүрлі түркілік сопылық рух пен Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымы, оның ілімінің мәні мен маңызы "Диуани Хикмет", "Мират-ул Қулуб", "Пақырнама" сияқты мұраларынан көрінеді. Қожа Ахмет Йассауи сопылық ілімінің, дүниетанымы мен философиясының негізін моральдық-этикалық және сопылық хикметтер деп жіктеуге болады. Йассауи іліміндегі парасат ұғымы адамның адамгершілік ахлақи мәртебесіне және "инсани камил" дәрежесіне жету мәселесін қарастырады. Қожа Ахмет Йассауидың дүниетанымдық тұжырымдамасының теория негізін шариат пен мағрифат құраса, ал тәжірибелік негізін тариқат белгілейді. Қожа Ахмет дүниетанымының мәні - "адамның өзін-өзі тануы" арқылы "Хақты тануы". Бұл жолдың алғашқы мақамы (басқышы) - "тәуба", соңғысы "құлдық" (убудийат, абд). Бұл жолдағы адам "жаратылған - мен" екендігінің ақиқатына, жаратылыс сырына көзі жеткенде, өзінің адамдық парызы - "Алла мен адамның және адам мен қоғамның" арасында "көпір - жол" болу екендігін ұғынады [3]. Йассауи хикметтерінің мәні, философиясының өзегі - адам. Адам "кемелдікке" жетуі үшін қажетті білімді игеруі керек. Бұл білімнің қайнары - хикмет. Хикметтерде адам жаратылысы - Жаратқан иенің ұлылығын көрсететін, көркемдігі жағынан ең жоғарғы кейіпте жаратылған болмыс екендігі айқын көрсетілген. Қожа Ахмет Йассауи хикметтерінде адамның табиғаты Құранда айтылғандай - су мен топыраққа телінеді. "Асылың білсең су уа кил (топырақ) және килге (топыраққа) кетер йа" - дейді ол. Сопылық мағынада "топырақ" - адамның жаратылыс табиғаты, парасаттылық пен қарапайымдылық. Ал, нәпсіқұмарлық, менмендік, өркөкіректік - адамды адамшылықтан кетіретін қасиеттер. Қожа Ахмет Йассауидың кейбір хикметтерінде өзінің бүкіл болмысымен топыраққа айналғандығын білдіретін символдық ұғымдар қолданылады: "Басым топырақ, өзім топырақ, тәнім топырақ; Хаққа қауышар ма екем деп - рухым муштақ". Бұл сопылық мағынада "уисал" (Хаққа қауышу) мақамын білдіреді. Топырақ болу, нәпсіден арылу - Хаққа қауышудың бірінші шарты. Осыдан кейін адам ақиқатқа жетіп, инсани кәміл дәрежесіне ұласып, өзінің Хаққа бастар "жол" екендігінің мәніне қанығады. "Топырақ болғыл әлем сені басып өтсін" дегендегі мақсат осыған саяды. Өйткені сопылық атауда әулиелер мен пірлердің қабірін де "топырақ" дейді. Қожа Ахмет Йассауи дүниетанымында әулие - даңғыл жол, өйткені ол - халқына жақсы мен жаманның, ақиқат пен жалғанның арасын айыруға жөн сілтейтін, Алла рахметінің қоғамдағы көрінісі болып табылатын дана тұлға.
14 хикмет
Құдауанда, мені салғай өз жолыңа
Дем біткенше арып-ашып жүрдім міне.
Бәле-жала толып, тасып, шектен асты,
Қорқыныш, қауіп-қатерде қалдым міне.
Дүние боқ соңыңнан итше жорттым,
Іздеп оны артынан күн-түн қудым.
Әмірін тұтпай хақ жолына көзім жұмдым,
Қайда барам, иә достар қайтем міне?
Нәпсі шайтан тұтқын қылды адам ұлын
Білмеудің несі қиын оң мен солын,
Уа, дариға, қасірет шегіп барам міне.
Дүние жоқ мендей бір сұм мен бәле,
Болмады риза құдай мен халық және.
Енді болды ақырындап жүзім қара,
Уа, құдырет, неге солай болдым міне?
Құрметтеген ғазиз жанды білмедім мен
Ашық көңіл әзірсің деп тұрмадым мен
Қара жүзім құдіретіңе бұрмадым мен,
Иә,раббым, не қылсаң да келдім міне
Тағатым жоқ көзім салсам күнәмызға
Тәубе қылып қашып келдім панаңызға
Рахмет етіп назарың сал Қожа Ахметке,
Не қылсаң да мен сорлы келдім міне [4].
деп айтқан хикметінде оның сопылық көзқарасы жатыр. Яғни анықтай қарағанда онда Аллаға деген жалбарынышы мен тәубелік сөздері осының дәлелі болса керек. Жалпы жоғарыда айтып кеткеніміздей Қожа Ахмет сопылық әдебиет пен философияның негізін қалаушы. Ақыл кітабын ғылым ретінде пәндік пайымдауға арналған бұл жұмыста ғұламаның ақиқатқа жеркізу мақсатында қолданылған қиял меңзеуін түйсіне отыра, зейінімізді ақын қисынына, ой түйініне аударамыз. Сондықтан кітаптағы негізгі ақыл қисынына, ой түйісуіндегі қарама-қайшылықтың күресі мен бірлігінен туатын дамуды, осы дамудың қағидасы - оралым жүйесінің шығарма құрылымын түзуін аңдатып бірінші хикметін қарастырамыз.
1. Бісміллә деп баян еттім хикмет айтып,
2. Шәкірттерге дүр мен гауhар шаштым.
3. Жанды жалдап, қайғы шегіп, қандар жұтып,
4. Мен Дәптер сәни сөзін аштым [5].
деп, Даналық кітабын Бісмілләмен бастаған ғұлама асыл ойларды игеруге үндейді. Ақиқатқа деген махаббатымен шәкірт діліндегі екінші өмірін бастайды. Өзінің сүйікті үмбетіне, шәкірттеріне сөз асылын, ой қорытпасын, яғни, сүю қуаты мен қызуында қорытылған, табыну күпірлігін сезіну қайғысымен суарылған, шыңдалған дүр мен гауhар шашу шашады. Жетімдердің, ғаріп- пақырларын рухани жебеушісі ретіндегі өмірін бастайды.
Ғалымның бірінші хикметі ақыл кітабындағы ойды жинақтап аңдатуға арналған сияқты. Алғашқы хикметте шындыққа жетелер үштаған мұраттың бастау алар көзі ашылып, Ұлы Ақиқатқа бастайды.

1.1 Шығармадағы даналық ойлар
Алла- бастауыш, ақын- баяндауыш. Баяндаушы ақиқат сырын шығармаға сыйғызған. Шығарма- Даналық кітабы. Ақиқат жайлы ғылым- Даналық. Шығармадығы даналықты түйсіну өз алдына, даналықты ғылым ретінде игеру үшін ақылдың қисындарының, ой түйіндерінің, сезім оралымдарының жүйесін іздейміз. Ғұлама даналықты жүйелеп шығарманың құрылымдық жүйесіне сыйғызған. Бұл құрылымдық жүйеде атаулар ақиқаттан туады. Атаулардан ой құралады, ой жиынтығы шумақ, одан әрі хикмет болып кете береді. Жалпы осылардың бәрінде ақыл қисынынан туған түйінді ой бар. Осы түйіндердің ара қатынасы шығарманың құрылымдық жүйесі болып табылады. Мәселен, алғашқы шумақтардағы түйін ойды соңғы сөйлемдермен айтқан. Бұл ой түйіндері шариғат, ғашықтық, күпірлік. Бұл негізі- үш желілік ой. Ғалымның бірінші хикметтің бүкіл кітаптағы айтылар ойы сыйғызылған. Осы хикметтің әр шумағына зер салсақ, ақынның жалпы мақамын аңғарамыз. Шумақтардағы түйіндерден жалпыға хикаятқа баруға да болады. Шығармадағы ұлылы-кішілі ой түйіндерінің ерекше бір өріммен байланысу сыры неде десек, ішкі мағыналық байланыспен сабақтас сыртқы көзге көрінер байланыс- қайталану. Мысалы Мен есімдігінің қайталануы хикмет шумақтарының сыртқы ұйқасын үйлестірумен қатар, осы мен есімдігің ішкі мәні сопылық үрдістегі белгілі ұстын. Осы ұстын- ақиқатқа жету әдісінің мәні де, сыры да, Мен деп әйгілеп, есімдік түрінде қолданып отырса, кейде өздік етіс түрінде қолданылып, Мен ғұлама Мені ретінде де, шәкірт Мені ретінде де шығармада үнемі қатысып отырады. Яғни, бүкіл шығарманы көктей өтіп, тұтастығын сақтаушы, сонымен қатар жеке адамның Мені ұстаздың немесе шәкірт танымның атауы.
Өткендерден ғибрат алмадым мен,
Көз жасымды төгіп жалбарындым мен.
Кітап сөзін құлаққа ілмедім мен,
Қиямет күні шерменде қылма [6].
Деген Қожа Ахмет Йассауи құдайға мінәжатын үнемі бірінші жақтан айтады. Ақын хикметін оқыған әр шәкірт жаратушыға арналған мінәжат, ғибадатын айтып, соны жанын шабақтаған құдай алдындағы күпірлігін, ғаріптігін сезінумен құдай шапағатынан ләззат алады. Мен сөзінің қайталануы ғұлама танымындағы негізгі заңның атауы. Алла - ұлы ғалам, Мен - мөлтек ғалам. Мен ұлы ғаламның бөлшегімін, Мен-мұхиттың тамшысымын. Ұлы Ғалам ақиқатына өзімнің мөлтек ғаламымды тану арқылы жетемін.Ұлы ғаламнан бастау алған әрбір мөлтек ғаламның- әрбір меннің күш-қуаты құмарлық пен қорқыныштың күресінен пайда болады.
Ғұламаның шығармадағы әрбір мені әр деңгейден жаңа сапалық өзгеріспен көрініс береді. Алғашқы деңгейде ақиқатқа ұмтылысымен от іздеген көбелектей болады. Екінші деңгейде ақиқатқа жетіп отқа түссе, қайтадан Шоқ болып ұшуымен жаңа алғашқыдан жоғары Мені туады.
Өзін білгені- Хақты білгені,
Құдайдан қорқып ынсапқа келгені [7].
деген ғұлама Алла- Тағаланың мейіріне арналған мінәжатында адамның өзін-өзі тануының маңызын нақты айтады. Бұл қазақтың Өзін-өзі білген- ер бақытты, өзін-өзі билеген ел бақытты деген даналығымен үндеседі.
Шығарманың тілдік лексикасы, әсіресе, лексикогеографиялық ерекшеліктері, этносипаттары Хикмет тілінің қыпшақ диалектісіне жақындығын байқатады. Кітаптан Орта Азиялық қалалардың мәуелі бақтарындағы алуан жемістер мен райхан гүлдерінен гөрі сайын даладағы қызғалдық пен қымыздың иісі аңқиды.Отырықшы тайпалардың кәсіби тілінен гөрі, көшпелі жұрттың тұрмысына тән сөздер молырақ ұшырайды. Мәселен, құлын, гүл, қызыл, қаршыға, сұңқар, лашын, аға-іні, мал-мүлік, шейід, бөрік, сақал-шаш, ата-баба, тағы басқа көптеген сөздер тек мағыналық жағынан ғана емес, сонымен қатар олардың айтылуы мен жазылуы жағынан да қазіргі қазақ тіліне ұқсайды. Белгілі ғалым М. Орынбековтың пікірінше, Қожа Ахмет Йассауи жазған Диуани Хикмет, яғни Даналық кітабының қазақ елінің философиясы үшін маңызы зор болды. Оның ішінде автор бала кезінен бастап тартқан азабын қарапайым түсінікті тілде жазып шыққан. Бұқара зорлық үстемдік жасаған хандарды, бектерді, қазыларды сынай отырып, бұл дүнеинің өкініштілігін жырлайды[8].

1.2 Хикметтің идеялық мазмұны

1.Шариғат - ислам діні қағидаларын, шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындау.
2.Тариқат - дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту. Аллаға деген сүйіспеншлікті арттыра түсу. Бұл-суфизмнің негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартады.
3.Маръифат - негізінен дін долын танып білу сатысы. Негізгі талабы-күллі дүниенің негізі бір Алла екенін танып -білу.
4.Хақиқат - Аллаға жақындап, оны танып білудің ең жоғарғы басқышы.
Ахмет Йассауи Аллаға жету жолында міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өту керек деген пікірді айтады.
Жырды ұзақ жылдар бойы зерттеген Е.Э. Бертельс. Ол бұл дидактикалық сарындағы туындының ежелгі түркі поэзиясымен дәстүрлі байланысы бар екенін дәлелдей келіп, айтқан пікірі: Ахмет Йассауидің жырлары күні бүгінге дейін қазақ даласынан Кіші Азияға дейін кеңінен тараған фольклорлық лирикалық түрерімен сырттай ұқсас болып отырады. Бұл ерекшелікті сопылық әдебиетте алғаш рет Йассауи бастап тұрақтандырды. Осыдан кейін өзге елдердің дәруіштік поэзиясында да бұл үрдіс жалғасын тапты, сөйтіп жазба поэзия мен фольклорлық байланысы бұдан былай жаңа сипат алды -деді.
Сонымен бірге Ахмет Йассауи орта ғасыдағы көшпелі тайпалардың дүниетаным мүмкіндігін ескере отырып, исламның кейбір қағидаларын Жұмақ пен Тозақтың айтысы түрінде түсіндіреді.
Зерттеушілердің айтуынша, араб-парсы әдебиетінде қолданатын ұйқас та бар. Қазақтың қара өлең ұйқасы да бар. Өлеңдеріндегі бейнелі сөздер, ұтымды теңеулер жиі ұшырасады. Мысалы: көңіл бағы, көңіл құсы, иман нұры, заһар көз, күйген көбелек, хақиқат дариясы сияқты ұғымдырды сөз зергері ретінде ұтымды пайдаланған.
Диуани Хикметте Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы немесе бүкіл адамгершілік қасиеттерінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты делінген.
Ахмет Йассауидің қанатты, ғибратты, діни өсиет-насихатқа толы сөздері.
Кітап аш та мәнін ұқ
Аяқ-қолыңды жерге түсірмей мақтағандарға қуанба
Кердеңдік - пиғылы бұзылған пасықтың ісі
Мейірімі жоқ менмеңдерге қаспын мен
Мадақтар болсаң, шын асылды мадақта
Бейнеттен қашпа
Бетбақ болма
Қиын да болса, түзу жолмен жүр
Арың сақта, болсаң да малға кедей
Жамандық ойлама
Кісі ақысын жеме
Ұрыншақтың жауы көп, жамандардың жауы көп
Халқыңа қызмет ет, Ізгілерге ізет ет, Жаны жақсы жайсаңдарға қызмет ет

II. Алғашқы бастама мәселесі.
Сопылық біртұтас дүниетанымдық бағыт емес еді. Ол адамның өзіндік өмір тәжірибесіне, митсикалық толғанысына сай әркімде өзінше туындайды. Демек, мистикалық толғаныстың әдіс тәсілдері игерілетін, практикалық қолданбалы қағида. Әйтсе де, сопылыққа жекелеген діни мистицизмнің бұрыннан бар жалпы (дүниенің жаратылуы, құдай, оның табиғатқа ықыласы, табиғаттағы адамның орны жайлы ұғымдар сияқты) ережелері де болды. Сопылықта басты қағида болмыс тұтастығы еді. Ол үш деңгейде - (абсолют, аттар(архетиптер) және феноменалдық дүние) - көрініс берді. Абсолют бұл құдай, ақиқат, жалқы шындық, дүние болса құдайдың көлеңкесі, ал олардың арасында атаулар (пайғамбарлар) тұр. Олар - абсолюттік пен көзге көрінетін материалдық болмыс араларын жалғастырушы. Бұл құдіретті атаулар құдайдың модусы мен атрибутын білдіретін теологиялық категория болуымен қатар, құдай идеясының өмір сүруінің арқасында философиялық ұғым болып табылады. Осы жерде жаңа платонизм ықпалы көрінеді. Ол бойынша идеялардың көрініс беру нысаны олардың да өзі одан гөрі жоғарынікі, тағы солай сияқты жоғары құдай идеясына дейін кете береді. Сонымен адамгершілік ешқандай жерде реалды өмір сүрмейді, әйтсе де, бір элемент ретінде ол әрбір адамның болмысында белгілі бір көлемде қатысады. Бұдан келіп шығары, құдіретті атаулар құпия дүниесінде тұйық әлемінде, ал феноменалды дүние дегеніміз біздің нақты өмірімізде құдайдың бар екендігі көрінеді. Демек, ақиқат, абсолютті болмысты тек құдай иеленеді. Қалғанының бәрін сол жаратқан. Қағида Платон Проклден келді. Құдіретті болмысқа қарағанда әлемдегі тіршілік атаулы содан жаратылып, екінші орында есептелінеді. Осы бойынша Тұтас болмыс үштігінде:
1) алғашқыда тұтас болмыс өз бойында болған;
2) одан соң өз шегінен шығады;
3) ақыр соңында өзіне қайтып оралады.
Бұл өзінде оралуды жетілген адам жүзеге асырады. Ол - құдай жаратуының нәтижесі, оның шығар шыңы және аяқталуы. Ол өз бойында құдай туындысы ретінде оның таңбасын алып жүреді. Сондықтан адам универсумының, әлемнің нағыз жетілген болмысы болып табылады. Ал басқа болмыстардың барлығы- Құдайдың көптеген атрибуттары мен аспектілерінің бірі. Адам өз бойына құдай құдай құдіретінің барлық формаларын сіңірген, оның бойына барлық мәнділіктері, әлем шындығының маңызы жинақталған. Сондықтан әлем - макрокосм (алем-и-акбар) болса, ал адам микрокосм (алем-и-асгар). Осы адамға бүкіл болмыстың өлшемі болуға мүмкіндік береді, ол жай микрокосмнан да үлкен. Адам құдай мен әлем арасындағы байланыс, өз бойында құдайлық және жаратылыстық бастауларды үйлестіреді. Бұл ғарыштық және феноменалдықтың тұтастығын қалыптастырады. Болмыстың тұтастығы жайлы идея - құдай субъстанция - бүкіл жаратылыстың имманеттік себебі. Ол мәңгі, Сонымен қатар ұдайы қозғалыста, әр түрлі нысандарда көрініс береді.
Сопылықтың тану теориясында шындықты мистикалық меңгеру басты орын алады. Құдай- Ақиқат зерде өрісінен биік, өйткені ол мәңгі, ал өткінші дүниенің ауқымы мәңгілікке жетпейді. Сопы ойшылдары рационалды білімнің құнын жоққа шығармады, бірақ, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің шектеулігін атап көрсетті. Сопылар үшін таным мәні дін ауқымымен шектеледі. Олар үшін бастысы - құдай және адам дегеніміз не? Құдайды түсіну мүмкін бе, адам өмірінде қандай мінез-құлықты басшылыққа алу керек?
Бұл жерде сопылар діни сана үшін түбірлі шешуге тиісті мәселелерді Алла ілімі дәстүрдің догмаларына қарсы, өз бетінше шешуге ұмтылды. Қадисшілер мұсылмандарды дін жолына құран мен суннаның әрбір әрпіне сай уағыздады. Ал сопылар болса пайғамбар сөздерінен олардың жеке бастарының көзқарастары мен ой шабыттарына неғұрлым үндес жасырын мән іздеді. Сонымен, теологтар білімі құдай заңдарын білу болды да, құдайдың өзінің мәнін тануға ұмтылды.
Сондықтан да рационалды білім тек мистикалық тәжірибемен келетін ақиқатты тікелей түйсінумен салыстырғанда толымсыз. Бұл түйсіну, әсерлену әрқашан адамның жеке басына тән. Дегенмен, мұнда да жалпы алғанда мистицимге тән кейбір ортақ белгілері бар. Ақиқатты танудың туу сәтінің өзі күтпеген жерден, аяқ астынан көз қарықтырғандай болады. Сопылар мұндай тануды көбінесе отпен, жалынмен сипаттайды. Сондықтан да танымдағы басты орын интуицияға, түйсікке беріледі. Ол жарқ етіп ашылған көздей туындайтын тікелей білімнің сипаттамасы.
Бұл жердегі диалектиканың мәні мынада: интуиция - тікелей білім ретінде тарих жолының салдары болып табылады. Ол жолда ұстаздық берген белгілі бір білімді игеру, аскеттік, тақуалық іспен меңгерілетін өнегелі құлықтылық, психофизикалық жаттығулардың арнайы жүйесін меңгеру, тағы басқалар. Сонымен, көз ашудың тікелейлігіне табан тіреген мистиктер ылғи да дайындықта болу қажеттігін уағыздайды. Осындай сәт жалпы ғылымға тән. Мұнда тәжірибе, практика, эксперимент, логикалық қорытынды басты мәнге ие. Ақиқатқа жету, жан сарайының ашылуы, шындығында, ұзақ уақыт бойғы санасыз жұмыстың нәтижесі болып табылады, сондықтан да шұғыл шабыт бірнеше күн саналы жұмыс істегесін ғана келеді.
Интуиция сөзі латынның үңіле зерттеу сөзінен шыққан. Егер сопылық ақиқат іздеу, интуитивтік шындыққа жетуге дайындық ерекшелігін қарастырсақ, ол тек өз ішіне үңілу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдауға бағытталады. Ал сопы тек өзінің ішкі дүниесіне көз салады. Бұл қозғалыстың өзіндік айналымын құрайды. Сопылық таным теориясында:
1) субьектіден жалпылыққа, субстанцияға;
2) адам өзін-өзі тануынан құдайды тануға;
3) содан кейін бүтіннен жекеге оралу жүреді.
Сопы - ақындардың айтуынша, құдай мейірімің белгілерін өз жүрегінде іздеп, көргенін дұрыс дейді. Адам өзін-өзі тану арқылы феноменалды, көрнекті, өзіндік мәнін жояды, оның орнына өзіндік, нақты ақиқат менін табады. Жер қауашағынан арылу қажет, ол қабын алып тастағаннан кеін, оның ішінде менннің өзегі, микрокосм жасырынған. Адам бойындағы құдайлық менге құмарлықтар, жоққа сену қоғамдағы басым мінез-құлық, ресми құрылымдар бөгет боады. Адам жылан терісі түлегеніндей өз бойындағы таңылған нәрсенің бәрәнен арылуы керек.
Феноменалдық МЕН-нің өлуімен объект-субъектіге бөлінбейтін нақты білімге жол ашылады, болмыс бірлігі ақиқаты танылады. Сопыны ақиқат жолында махаббат пен қиял қозғайтын тебіреніс итермелейді. Қиял сүйген жүректе туындайды. Жүрек құдайшылықтың мекені болуымен қатар бір уақытта мистикалық танымның өзіндк бір мүшесі. Сопы символикасында жүрек маңызды орын алады. Ол - құдай сәулесі түсірілетін айна, бірақ ондағы құдай бейнесін көру үшін бұл айнаны жалтырату керек. Ақиқатты танушы адамның барлық күш-жігері осы жалтыратуға, бұдырларды жоюға яки, моральдық жетілуге бағытталған. Сопы үшін білім жүректе орнығады, сондықтан сенім ақиқат таным үшін қажет. Әлем құрылымының мәңгілік құпиясын рационалды түсіндіруге болмайды. Оны жан тепе-теңдігіне жету және күнәлардан арылу құралы ретінде тек қана сенім түсіндіре алады. Сенім өзінің объектісіне, абсолюттік болмысына, шексіз махаббатқа негізделгенде ғана құтқарушы болады. Сопылықтың өзіне тән айырмашылығы - құдайды сүю идеясы толық дамыған. Ал құранда және суннада бұл идея дамымаған, өйткені онда ең бастысы - құдіретті құдайға бағыну мен көндігу. Барлық сопы ақындары поэмаларының өзегі - даналықты сүю тақырыбы. Көбінесе құдай сүйікті, ал ақын - ғашыққа ұқсатылады. Осыдан гректің философия - даналықты сүю сөзінің жалғасын көреміз. Әйелдер бейнесінде құдайды меңзеу - ең бірінші дамыған бағыт мұның себебі тікелей тану мүмкін емес, оның орнында белігілі бір объект болу керек. Ал әйел құлшылық ретінде көрінеді. Ер адам әйел адамды меңзей қарайды. Бұл жерде объекті мен субъектінің айырмашылығы көзге ұрарлық. Оны меңзеу кезінде әр қырынан көреміз. Егер адам әйелдің бойынан құдайды көрсе, онда ол пассивті, енжар. Өз бойындағы құдайды көруге ұмтылу белсенділікке бағытталған меңзеу, өйткені әйелді еркектен жаратқан. Ал құдайды туындайтын жағдайлардың көмегінсіз танып, енжарлыққа ұрыну және құдайға делдалсыз бет бұру оптималды болып табылады. Бұл жерде сопылық мұсылмандыққа қайшы келеді, өйткені адамдарды көтерді, дәріптеді. Мұсылмандық бойынша құдайдан басқа ешкімді мадақтауға болмайды және ол адамды көтеруге қарсы тұрды.
Сопылық таным процесі масаюға ұқсас, ол экстаз ләззат күйінде, ақылдан айырылуға әкеледі. Танымда сопылықты түсінудің мәні сүйіспеншілікке шақыруға бағытталады. Өйткені, тек жеке сезінуде ғана ақиқат ашылады, көрегендік тәжірибе арқылы ғана пайда болады. Таным жан және тән күштерінің ерекше шоғырлана бағытталуын қажет етеді.
Құдай жолын түсіну барлық адамдардың қолынан келе берсейді. Бұл Алланың қалауымен таңдаулы адамдарға ғана тиісті болады. Бұл діни элитаның бөлінуіне, ақиқат, экзотеристік білімді меңгерген адамдар мен қарапайым адамдардың ажыратылуына әкеліп соғады. Экзотеристік пен экзотеристік білімнің болуы сопыларға діни нанымның жеке басты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы
Сопылық дәстүрі C. Бақырғанидің дүниетанымының негізі
Қ.А ЯССАУИ ТАСАУУФТЫҚ ІЛІМІНІҢ ТҮРКІ ДҮНИЕТАНЫМЫНА ӘСЕРІ
Қазақ ойшылдарының адам мен әлем мәселесі
Қожа Ахмет Яссауидің арғы тегі қожалар әулеті
Қожа Ахмет Яссауидің қызметі
Ахмет Ясауи және ХІ – ХІV ғасырлардағы түркі поэзиясындағы сопылық ағымы
Қ. А. Яссауи түркі халықтарының ұлы ойшыл ақыны
Ясауи ілімінің тарихи маңызы
Түркі сопылық ерекшеліктері
Пәндер