Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы


Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Оңтүстік Америка ландшафтысына сипаттама беру, жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әртүрлі табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір-біріне тигізетін әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналасу заңдылықтарын көрсету өзекті болып табылады. Оңтүстік Американың физикалық-географиялық ланшафтысын сипаттау барысында, географиялық кешендердің түрлендіру жолдары, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану, сонымен қатар Оңтүстік Американың материгінің физикалық - географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысын ауқымды қарастыру өзекті болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Оңтүстік Америка материгінің ландшафтысының таралу ерекшеліктерін құрастырып, оларға сипаттама беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Алдымен әдебиеттермен танысу;
- Алынған әдебиеттерді жинақтау;
- Оңтүстік Америка материгіне физикалық - географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысына сипаттама;
- Курс жұмысының иақырыбын мектеп бағдарламасымен байланыстыру;
- Курстық жұмысқа байланысты суреттер, карталар, құрастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Оңтүстік Америка материгіне физикалық географиялық сипаттама бере отырып, материктің табиғи қалыптасу кезеңдеріне, яғни геологиясы сонымен қатар жер бедері, климаты, ішкі сулары, топырақ жамылғысы және өсімдігі мен жануарлар дүниесі бірінші тарауда айтылып жалпы сипаттама беріліп кетеді.
Курстық жұмыстың негізгі тақырыбын алатын негізгі мәліметтер екінші тарауда жазылған. Онда Оңтүстік Америка материгінің физикалық - географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысына сипаттама беріледі. Жалпы оңтүстік Америкада орналасқан Шығыс субконтиненттегі ландшафтысының таралуы.
Гвиана таулы үстірті мен Бразилия таулы қыраты, Амазонка ойпаты, Отты Жер аралы, Анд тауындағы ландшафтысының таралуы жайлы мәліметтер қарастырылады.
I Тарау. Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы.
- Геологиясы.
Оңтүстік Америка жері бірнеше геологиялық мезгілдерде жаралған таулы, үстіртті, қыратты өңірлерден, жазықтар мен ойпаттардан құралады. Платформалық шығыс бөлігін биіктігі орташа таулы үстірттер, қыратты жазықтар мен ойпаттар, қатпарлы геосинклинальдық батысын Анд жүйесі, солтүстік - шығысын, шығысын Гвиана және Бразилия таулы қыраттары (араларын Амазонка ойпаты бөледі), оңтүстігін Патагония үстірті алып жатыр. Аталған таулы қыраттар Оңтүстік Америка (Гвиана, Бразилия) мен Патагония платформалық көтерілімдеріне, ал Амазония - тау аралық синеклизке сәйкес келеді. Анд тау жоталарымен, көршілес таулықыраттар аралындағы ойпаңдарда Ориноко және Ішкі жазықтар (Маморе, Пантанал, Гран-Чако, Пампа жазықтары) құрылды. Неогендік - төрттік тектоникалық қозғалыстар нәтижесі әсіресе Бразилия (шығыс жағы) және Гвиана (орталық бөлігі) таулы қыраттарында жақсы байқалады; мұнда сол кезде шұғыл көтерілулер (Сьерра - да-Мантикейра, Сьерра-Лу-Мар тау массивтері пайда болды), күшті жарылыстар жүрді.
Дүние жүзіндегі аса күрделі тау жүйелерінің бірі - Анд, палеозой кезінен басталып қалыптасты; герцин құрылымы Солтүстік және Орталық Андыдағы шығыс жоталардың негізі болып табылады. Анд бас қатпарлығының түзілуі бор мезгілінде басталып, бүкіл кайнозой бойы жалғасты; қазіргі мұндағы вулканизм және сейсмизм құбылыстары тау түзілу процесінің әлі жүріп жатқанын көрсетеді. Бұл өңірге дә әсерін тигізген альпілік қозғалыстар кезінде Анд тауларының Кариб Андысы, Батыс Кордильера, Оңтүстік Анд т. б. бөліктері жаралды. Өте күшті плиоцендік және бұдан кейінгі жас тектоник қозғалыстар кезінде Анд жүйесі (әсіресе Перу Андысы, Орталық және Солтүстік Андылар) тағы да жаратылыстарға, опырылыстарға және көтерілулерге ұшырады, вулканизм процесі күшейді. Қазіргі кеологиялық кезеңде Колумбия, Эквадор, Орта Чили территориясындағы Анд жоталарында және Орталық Андыда вулканизм және сейсмизм өте күшті байқалады. Биік шыңдары мұздықтар жамылған.
Оңтүстік Америка платформасының ежелгі архейлік негізі Гвиана, Батыс және Шығыс Бразилия қалқандарының кей бөліктерінде пенеплен (кейде төбелі таулы үстірт) ретінде Жер бетіне шығып жатады. Барлық жерлеріндегі ескі кристалдық және метамофртық жыныстарды континеттік шөгінділер жапқан. Палеозойлық, мезозойлық және кайнозойлық жыныстар Бразилия таулы қыратының қалқандары аралығындағы ойыстарда шоғырланған.
1. 2 Жер бедері.
Оңтүстік Американың теңіз деңгейінен орташа биіктігі 580 м, жерінің 45%-і ойпатты жазық. Батысы мен солтүстігінен Анд қатпарлы тау жүйесі қоршап жатыр. Бұл қатпарланып созылған жоталардан және биік үстірттен құралған. Басты шыңдары: Аконкагуа (6960 м ), Ильимани (6862 м ), Охос-дель-Саладо (6880 м ), Тупунгато (6800 м ), Ускаран (6768 м ), Ильямпу (6485 м ), Коропуна (6425 м ), Чимборасо (6267 м ) . Биік жоталары, шыңдары мұздықтар және көп жылдық қар жамылған; экватор маңында қардың төменгі шегі 4700-5000 м - ден, Отты жерде 700 - 900 м - ден өтеді. Сөнген және сөнбеген вулкандар Андының әр жерінде кездеседі. Жер сілкінулер болып тұрады. Материктің солтүстік - шығысында Гвина таулы қыраты орналасқан; оңтүстік беткейі тік, солтүстік және солтүстік шығысқа қарай көлбей төмендейді; биік шыңы - Рорайма (2810 м ) . Бразилия таулы қыраты экскаватор мен 30° оңтүстік ендік арасын алып жатыр; мұның шығыс бөлігі едәуір көтерілген, Атлант мұхитына тік беткейлене жалғасады. Ең биік дері - Бандейра шыңы (2890 м ) . Оңтүстік Американың оңтүстік - шығысында көтеріңкі Патагония үстірті жатыр, бұл өзінің шығысында аласарады, Атлант мұхиты жағасында биіктігі 200 м - ге төмендейді. Анд тауының шығысындағы ойпатты жазық зоналар Ориноко өзенінің сол жағындағы Ориноко Льяносы деп аталатын ойпаттан басталады. Атлант мұхитының Ориноко өзенінің оңтүстік - шығысындағы жағасын - Гвиана ойпаты, экватордың оңтүстігі - аллювийлік Амазонка ойпаты. Оңтүстік Американың орталық бөлігінде Анд тауы мен Бразилия таулы қыратының аралығында Гран - Чако жазығы орналасқан, оңтүстікте Гран - Чако аргентиналық дала өңірі - Пампамен жалғасады.
1. 3 Климаты.
Оңтүстік Американың жері негізінен төменгі ендіктерде жатқандықтан, күн сәулесінің жылылығы мол түседі. Жылдық күн радиациясы 120 - 160 ккал/см² , жылдық радиация балансы барлық бөлігі үшін 60 - 90 ккал/см² . Жыл мезгіліне орай жылу режимінің өзгеруі көбінесе қоңыржай, субтропиктік ендіктерде, тропиктік тау аудандарында байқалады. Материктік солтүстік жазық бөлігінің оңтүстік тропике дейінгі аралығының орташа айлық температурасы 20°, 28° С, ең жоғарғы температуралық көрсеткіш 47° С (Гран - Чакода) . Қыста оңтүстіктек келетін қысқы ауа әсерінен Гран - Чако және Бразилия таулы қыратының оңтүстігінде шамалы үсік түседі. Жауын - шашынның таралуына Атлант мұхитынан келетін ылғалды тропиктік ауа массаларының әсері зор. Бразилия тау қыратында 500 - 1000 мм , Амазонка ойпаты мен Гвиана тау қыр атында 1500 - 2500 мм , Анд беткейлері мен Тынық мұхит жағалауында 5000 - 7000 мм жауын - шашын түседі; қуаң бөлігі Патагония мен Оңтүстік Андыда 200 мм - ге жетпейді.
1. 4 Ішкі сулары.
Оңтүстік Америкада климатының ылғалдылығына, жер бедері ерекшелігіне байланысты өзендер торы жақсы дамыған; ірі өзендердің суы мол. Жылдық ағын мөлшері 7450 км³ . Материктің негізгі су айрықтары - Анд тауының жоталары. Өзендердің басым көпшілігі Атлант мұхит алабына жатады; бұлардың жалпы мөлшері Тынық мұхитқа құятын ағыннан 12 есе көп. Өзеңдердің көпшілігі жаңбыр суымен қоректенеді. Оңтүстік Американың ең үлкен өзені - Амазонка жыл бойы жауын - шашыны мол экваторлық ойпатпен ағады, көршілес жатқан аудандардағы ағын түгел осыған құяды. Ірі салалары - Риу - Негру (ұзындығы 2300 км ), Мадейра (ұзындығы 3230 км ) . Амазонканың транспорттық және энергетикалық маңызы зор 2 орындағы өзен жүйесі - Ла - плата алабы (алабы 4 млн. км² -ден астам) . Бұған Парана мен Парагвай және Уругвай өзендері жатады. Оңтүстік Американың ірі өзендерінің бірі - Ориноко, Гвина таулы қыратынан басталып, Атлант мұхитына құяды. Оңтүстік Америкада көл онша көп емес. Қазан шұңқырларының қалыптасуы жөнінен бұлар тектоникалық, мұздық, вулкандық, лагуналық топтарға бөлінеді. Ірі көлдері - Титикака (Анды таулы үстіртінде), Поопо.
1. 5 Топырақ жамылғысы.
Оңтүстік Америкада тропиктік қызыл және саванналық қызыл қоңыр топырақ басым (әсіресе солтүстігі мен орталығы) . Бразилия таулы қыратының солтүстік - шығысында қоңыр және сұр топырақ, Атлант мұхиты жағалауында субтропиктік қызыл, материктің оңтүстігіне таман саванналық қара, Анд тау беткейлерінде қызыл, жоғарғы жағында таудың шалғын топырағы таралған.
1. 6 Өсімдігі.
Өсімдігі жөнінен Оңтүстік Америка 2 ботаника - географиялық аймақ құрамына кіреді. Материктің 40° оңтүстік ендікке дейінгі солтүстік бөлігі неотропиктік, оңтүстік жағы антарктикалық аймаққа кіреді. Өсімдік түріне өте бай; бұлардың ішінде жабайы лобия (бұршақтың бір түрі), картоп және шоколад, хина, каучук ағаштары, кокос, шарап пальмалары т. б. бар. Бразилия территориясының өзінде 40 мыңнан астам өсімдік өседі. Қалың орманды алқаптар Амазонка ойпатының едәуір бөлігін, Ориноко ойпатын, Бразилия және Гвиана таулы қыраттарының беткейлерін алып жатыр.
Материктің тау аралық ойыстары саванна жамылған. Мұнда биік шөптесін өсімдіктер, кактус түрлері кездеседі. Гран - Чако жазығындағы өңірлерде тікенді бұталар өседі. Тынық мұхит жағалауындағы Оңтүстік Америкалық субтропиктік өсімдіктер түрлерінің жерорта теңіздік өсімдіктерге көптеген ұқсастық жақтары бар. Мұнда да мәңгі жасыл жапырақты бұталар басым.
1. 7 Жануарлар дүниесі.
Оңтүстік Американың қазіргі фаунасы флорасы сияқты бордың аяғында қалыптаса бастады. Кайнозойдың ортасында басқа материктердің бөлінуіне байланысты фаунасында эндемиктік түрлер басым. Мұнда қалталы жануарлар, кең танау маймылдар, құмырска жегіштер, кинкажы аюы (жанат тұқымдасы), жалды қасқыр. Жер бетіндегі ең ірі кеміргіш - капибара су шошқасы, өзен - көлдерінде өзен дельфині, балықтардың екі мыңдай түрі т. б. мекендейді. Бауырымен жорғалаушылардан ұлы жылан, су анакондасы, кесіртке, тасбақалар, эндемиктік насекомдордан өрмекші тәрізділер саванналар мен сирек ормандарда бұғының ұсақ түрлері, нанду түйеқұсы, оңтүстіктегі ашық даласы мен шөлейтті жазықтарында пума, пампа бұғысы, магеллан иті, құндыз, қама, лама, көзілдірікті аю, жүгіргіш паламедей, тинаму, Дарвин түйеқұсы кездеседі.
II Тарау. Оңтүстік Америка материгінің физикалық географиялық аудандастыру бойынша ландшафтысына сипаттама.
2. 1 Шығыс субконтиненттегі ландшафтардың таралуы.
Оңтүстік Американың құрылымы платформалық және жер бедері көбіне жазық болып келетін шығыс бөлігі солтүстік субэкваторлық және оңтүстік қоңыржай климаттық белдеулердің аралығында жатыр.
Оның шегіндегі жердің формасына қарай бөлінуінің басты факторларына, бір жағынан, платформаның құрылымы мен жер бедеріндей айырмашылықтар (кең - байтақ қалқаңдар мен платформалық синеклизалардың алмасып келуі), екінші жағынан, зоналық құрылымы жатады. Бұған қоса материктің пішінінің - экваторлық бөлігінде барынша кеңіп, оңтүстікке таралуының, Тынық мұхит жағынан тау тосқауылы болып, Атлантика жағынан анағұрлым ашық болуының мәні зор.
Жер бедеріне қарай бөлінуінде (олай болса, территориялық табиғат комплекстерінің жекеленуінде) платформаның мұхит маңы және геосинклиналь маңы шеттерінің орогендік күшеюінің, сонымен бірге Бразилия таулы қыраты мен Прекордильераның эпиплатформалық таулары түзілуінің үлкен маңызы бар.
Оңтүстік Америка Шығысының осы ерекшеліктерінің бәрі оның табиғатының жер формасының бөлінуіне қарайғы күрделі бейнесін қалыптастырады және айқын жекелеген табиғат аймақтары жүйесін ажыратуға мүмкіндік береді.
2. 1. 1 Амазония.
Амазония табиғатының негізгі ерекшелігі оның жер бедерінің жазық болуына, континенттің ұзақ уақыт дамуы мен экватор маңындағы орнына байланысты. Ол - жер бетіндегі ыстық ылғалды климат пен ылғалды тропиктік ормандардың, сондай - ақ суы мол өзен жүйесінің ең зор аймағы,
Амазонияның шекарасын Бразилия пен Гвиана таулы қыраттарының беткейлері және Анд тауының шығыс етегі айқын белгілеп тұрады. Солтүстікте табиғат жағдайына қарай оған Ориноко ойпатының оңтүстік шеті мен Пардаос аласа тау сілемдерін жатқызуға болады.
Амазонка ойпаты ұзақ уақыт бойы шөккен алап, соған орай оның бүкіл территориясында дерлік биіктік шамалы және жер бедері бірыңғай тегіс болып келеді. Тіпті, Анд тауының етегі маңында да оның жер бетінің биіктігі теңіз деңгейінен 100 м - ден аспайды. Тек оңтүстік - батыста ғана Анды жағынан терең өзен аңғарларымен тілімденген құм тасты үстірттер, ал солтүстік - батыста тектоника жағынан Гвиана таулы сілемі (900 м) бой түзеп тұрады.
Шығыста платформаның ежелгі негізі көтеріңкі және жер бетіне біршама таяу жатыр. Бұл жергілікті жердің теңіз деңгейінен жаппай 200 - 250 м дейін көтерілуіне және өзен аңғарларының тереңірек тілемденуіне әкеліп соғады. Ең терең аңғарларда кристалды тау дыныстары ашылып жатады. Су жайылған кезде террассалардың айқын кемерлерімен және негізгі жағалармен шектелген өзендердің біршама енсіз жайылмаларын ғана су басады.
Амазонканың сағалық бөлігінде оның аңғары қайтадан кеңейеді, ішінара су басқан кең - байтақ атырауға айналады. Атырауында өзен жан - жаққа тарамдалып кетеді де, салалардың, тармақтардың және көлдердің барып тұрған шытырманынына айналады.
Амазонияның орта және батыс бөліктеріне экваторлық климат тән. Онда февральдан июньге және октябрьден январьға дейінгі жаңбыр өте мол жауатын екі кезең болады.
Амазонияның солтүстік және оңтүстік шет аймақтарында мол жауын - шашын кезеңдері әрбір жарты шардың жазына сәйкес келетін бір кезеңге бірігіп кетеді. Онда жылдың ылғалды кезеңі өте ұзаққа созылады, құрғақ маусым кезінде де жауын - шашын жауады, бірақ оның мөлшері елеулі азаяды.
Ең ұзақ құрғақшылық кезең Манаустан шығысқа таман, оңтүстік жарты шардың пассаты сағатын жерде болады. Онда декабрьден майға дейін жаңбыр мол жауады және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 95% - ке жетеді, июньнен декабрьге дейін жауын - шашын мөлшері мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығы анағұрлым аз болады.
Бүкіл Амазонияға маусымдық айырмашылығы шамалы, жоғары және бірқалыпты температура тән. Температураның тәуліктік ауытқуы температура жылдық ауытқуынан көп асып кетеді. Өте қатты ыстық болмайды, бірақ +24, +27° С температураның өзін адам ауаның ылғалдылығы жоғары болуына және тундра салқын түспеуіне байланысты ауырсынады. Жаңбыр әдетте түстен кейін әрі ұзақ нөсер болып жауады, ал кеште және түнде ашық ауа райы орнайды. Климат жағдайларының бұл ерекшеліктері сан алуан түрлі өсімдігі ну болып өсетін ылғал сүйгіш тропиктік ормандардың дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Амазонка ойпатынының ылғалды тропиктік орманының құрамы мен сыртқы көрінісі өзеннің қайсыбір бөлігіне қарай, орналасу орнына байланысты өзгеріп отырады. Амазонка мен оның салалары суының мезгіл - мезгіл басып кетуі өсімдікке үлкен әсер етеді. Осыған орай ойпаттағы орман өсімдігінің бірнеше типі болады: жылына бірнеше ай бойы су басып жататын өзен аңғарындағы ормандар (жергілікті халық оларды “игапо” деп атайды) ; су қысқа мерзім басатын өзен аңғарының аңғарындағы ормандар (олар “варзея” деп аталады) ; мүлде су баспайтын суайрық кеңістіктегі ормандар (“эте” деген атпен белгілі) . Бұған қоса Амазонканың өзінің және басқа өзендердің су өсімдігі, сондай - ақ Атлант жағалауының мангра тоғайлары бар.
Өзен бойындағы ұзақ уақыт су басатын территорияның өсімдігі оншалықты бай емес. Су басатын өңірде, әдетте, топырақ жамылғысы болмайды, және батпақты тұнба басып жатады, ол ағаштардың діңін бірнеше метр биіктікке дейін орап әкетеді. Мұндай ормандарда жер беті өсімдік жамылғысы мен орман шілігі болмайды, ал онда өсетін биік ағаштардың тыныс алатын тамырлары және тіреуіш тамырлары болады. Игапоға жалпақ ақшыл түсті жапырағы және тіреуіш тамырлары бар биіктігі орташа ағаш цекропия тән болады. Сондай - ақ лианалар және ашық, әрі әдемі гүлдейтін эпифит өсімдіктері көп. Тоспа және баяу ағатын сулардың бетін әртүрлі балдырлар мен су өсімдіктері жауып жатады.
Олардың ішіндегі ең көрнекісі тұңғыиқтар тұқымдасына жататын, жапырағының диаметрі 2 м - ге дейін жететін және 50 кг - ға дейін жүк көтере алатын викротория - регия. Оның хош исті ірі гүлдері гүлдеу кезінде түсін бірте - бірте ақтан қара қощқылға дейін өзгертеді, ал тұқымы жеуге жарамды болады, оны жергілікті халық тамаққа пайдаланады.
Амазонияның суайрық ормандары 10 - 12 қабаттан тұрады. Бұл ормандар құрамында өсімдіктердің орасан көп түрлері бар, олардың кейбіреулері су басатын кеңістіктердің ормандарында өсетін түрлер. Бұл ормандарда басым болған ағаш топтары қалмаған. Өсімдік түрлері көп - ақ, бірақ бір түрге жататын особьтар саны, әдетте көп емес. Жоғарғы қабаттарда кездесетін ағаш - бертолетия немесе кастанья. Кастаньяның қасында сейба алып ағашы, т. б. туыстарға жататын пальма, лавр, мирта, мимоза, бұршақ тұқымдастар өсе береді. Олардың көпшілігі бағалы құрылыс материалын және жөндеу жұмыстарына жұмсалатын ағаш сүрегін береді, басқа біреулерінің жемісі тамаққа және әртүрлі бұйымдар жасауға пайдаланылады. Жер беті жамылғысында сабағы мен жапырағы үлкен алуан түрлі ірі шөп өсімдіктері, биіктігі бернеше метрге жететін папоротник, ірі ашық гүл жаратын бромелия, кани тұқымдастары көп; су басатын ормандарда кездеспейтін астық тұқымдастар, қоғашықтар, марантустар өседі. Ағаштар мен жерде төсеніш тәрізденіп, шырмауық тәрізденіп және оралып өсетін өсімдіктер аса көп, олардың сабағының жуандығы мен беріктігі арқаннан кем түспейді.
Амазонияның жануарлар дүниесі былайша алғанда өте бай болғанымен, адам аяғы баспаған орманда бұл байлық бірден көзге түске қоймайды. Амазонияның қалың тропиктік ормандарында ірі жануар көп емес. Олардың көпшілігі ормандардың шет аймақтары мен өзен бойларында кездеседі. Құстар мен насекомдар, бауырымен жорғалаушылар мен қос мекенділер басым.
Әсіресе Амазонка мен оның салалары жануарлар дүниесіне бай. Онда балықтардың 2000 - ға тарта түрі, солардың ішінде жыртықш пираньялар, ірі сүт қоректілер (ламантиндер, тұщы су дельфиндері, кішкене су шошқалары), бауырымен жорғалаушылар (өзен тасбақалары, қаймандар) өседі. Өзендер мен көлдердің жағалауларында уақытының көбін суда өткізетін алып аждаhар анаконда тіршілік етеді.
Аймақта өңделген жер аз. Амазония флорасының көптеген бағалы өсімдіктері (гевея, какао ағашы, бразилия жаңғағы т. б. ) ертеден бері Оңтүстік Американың көптеген аймақтарында және басқа материктерінде көптен өсіріліп келеді. Бірақ оларды өз отанында қазіргі кезге дейін түгелдей дерлік жабайы өсімдіе ретінде пайдаланады: осы уақытқа дейін Амазонияда гевеяның каучук шырынын жабайы өсетін ағаштарды керту арқылы жинау орын алып келеді және бұл бағалы өсімдік қолдан өсірілмейді десе де болады; бразилия жаңғағын егіп өсіру Малакка түбегінде кең тараған, ал Амазонияда халық жабайы өсетін ағаштардың түсіп қалған жаңғақтарын ғана жинайды.
Амазонияның үндіс халқының көпшілігі жеміс немесе әртүрлі жануарларды, мысалға ірі сүт қоректі ламантиндерді, сонымен бірге берік және әдемі терісі, жоғары бағаланатын крокодилдерді аулап, көшіп - қонып жүреді. Жергілікті халықтың табыс көзінің бірі - тасбақаның дәмді де нәрлі жұмыртқасын жинау. Тасбақалар топталып жұмыртқалайтын жерде олардың саны жүздеген мыңға жетеді.
2. 1. 2 Гвиана таулы қыраты мен ойпаты.
Атлант мұхиты жағалауына Ориноко ойпатына дейін жер беті бірте - бірте кең саты түрінде көтеріле береді. Теңіз маңы өңірін батпақты ойпат алып жатады, ол әрі қарай кристалды жыныстардан түзілген баяу көтеріле беретін тегіс үстіртке өтеді. Оңтүстік - батысқа қарай жер беті тау жыныстарынын түзілген шоқы - шоқы болып көрінетін кәдуілгі кристалды мүжілген тауға айналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz