Коммерциялық банктер және олардың бүгінгі таңдағы жағдайы



Мазмұны

КІРІСПЕ 3
1 Коммерциялық банктер және олардың қызметінің теориялық негіздері 5
1.1 Қазақстан Республикасында банктерді ұйымдастыру негіздері 5
1.2 Қазақстан Республикасындағы банк қызметін реттеу қажеттілігі 10
2 Қазақстан Республикасының банк секторының қызметін талдау 15
2.1 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің қазіргі жағдайын талдау 15
2.2 «Халық Банк» АҚ .ның қызметін талдау 19
3 Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметін жетілдіру жолдары 21
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 26
КІРІСПЕ

Мемлекеттің деңгейі мен негізін анықтауда экономика негізгі рөл атқарады. Оның әрбір саласын сәйкестілікпен жұмылдыру маңызды іс болып табылады. Әрбір елдегі нарықтық қатынастардың маңызды бөлігі - банк.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2050» атты халыққа жолдауында шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стратегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискалды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.
Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, әлемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.
Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің тапсырысы бойынша маркетингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т.б. жүргізеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. ҚР «банк және банк қызметі туралы» Заңы, 1995 ж 31 тамыз
2. «Банкті құруға, қайта құруға, банктік операциялар және басқа банктік қызметтер жүргізуге лицензиялар беру, қайтарып алу, олардың күшін жою және тоқтату, банктердің филиалдарын ашу, оларды біріктіру және өкілдіктерін ашу ережелері жөнінде» (29.02.04г., N50 қаулы);
3. «Екінші деңгейдегі банктердің бір-бірінде корреспондеттік шоттарды ашу құқығын беру туралы ереже » (28.03.04г.,.№7);
4. «Экономикалық нормативтер туралы Ереже» (28.03.03.,№7);
5. Тлеужанова Д.А. «Қаржылық институттар қызметін басқару» оқу құралы, Алматы 2010 ж
6. «Положение о классификации ссудного портфеля и порядке формирования резервов (провизии) для покрытия убытков от кредитной деятельности банками второго уровня Республики Казахстан» (20.05.04г., постановление N76);
7. «Екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне күн сайынғы баланс нысаны мен пруденциалдық нормативтерді және басқа сақталуға міндетті нормалар мен лимиттерді есептеу үшін қосымша мәліметтер беру тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы қаулы» (20.07.04г.,қаулыN95);
8. «Пруденциалдық нормативтер туралы Ереже» (29.02.02г);
9. «Банк қызметіне аудиторлық тексеру жүргізу құқығына лицензия беру, күшін жою және өкілетті аудиторларға қойылатын талаптар туралы Ереже» (29.02.00.,қаулы.N49);
10. Нәумбетов Қ.С Вестник КазНУ «Инспекциялық қадағалау механизмі» 2005 ж, маусым. И4 (75);
11. www.nationalbank.kz - «Кредит нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» екінші деңгейдегі банктерге зерттеу жүргізу, 2013 жылғы шілде
12. http://www.afn.kz – «ҚР банк секторының ағымдағы жағдайы» 01.01.2013ж
13. http://www.halykbank.kz – «Халық Банкінің» АҚ 2011 жылғы Жылдық есебі
14. «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2010-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы»
15. http://www.group-global.org/kz - «Дағдарыстан кейінгі Қазақстанның банк секторы: жағдайы мен мәселелері», 2013 жылғы тамыз

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ
3
1
Коммерциялық банктер және олардың қызметінің теориялық негіздері
5
1.1
Қазақстан Республикасында банктерді ұйымдастыру негіздері
5
1.2
Қазақстан Республикасындағы банк қызметін реттеу қажеттілігі
10
2
Қазақстан Республикасының банк секторының қызметін талдау
15
2.1
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің қазіргі жағдайын талдау
15
2.2
Халық Банк АҚ - ның қызметін талдау
19
3
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметін жетілдіру жолдары
21

Қорытынды
24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
26
Кіріспе

Мемлекеттің деңгейі мен негізін анықтауда экономика негізгі рөл атқарады. Оның әрбір саласын сәйкестілікпен жұмылдыру маңызды іс болып табылады. Әрбір елдегі нарықтық қатынастардың маңызды бөлігі - банк.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан - 2050 атты халыққа жолдауында шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стратегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискалды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.
Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, әлемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.
Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің тапсырысы бойынша маркетингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т.б. жүргізеді.
Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер ролін жандандырудың мәні мынада: шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік қызмет көрсетуінде клиенттер қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға, жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, банктік қызметтер спектрін кеңейтуге және олардың өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасау.
Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған терең үңіліп,барлық тақырыпшаларға жеке - жеке тоқталып, кешенді түрде қарастыру қажет. Банктік қызметтердің дамуы мен перспективалары - біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде аз зерттелген мәселе болса да, банк саласында қызмет атқарып жүрген көптеген экономисттердің маңызды сұрақтардың бірі.
Жобалық жұмыстың басты мақсаты: ҚР-сының коммерциялық банктің функцияларын және операциларының дамуын талдап, мәселесін ашу.
Көзделген мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:
oo коммерциялық банктің мәнін ашу;
oo коммерциялық банктердің фукнцияларын талдау;
oo банктің операцияларын қарастыру;
oo банктің фукнцияларынның және операцияларының дамуын талдау;
oo коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдарын қарасытыру.
Жобалық жұмыстың құрылымы: кіріспе, үш тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Коммерциялық банктер және олардың қызмет етуінің теориялық негіздері

0.1 Қазақстан Республикасында банктерді ұйымдастыру негіздері

ҚР-ғы коммерциялық банктер өз қызметін 1995 жылы 30 наурызда қабылданған "ҚР Ұлттық банкі" және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған "ҚР- ғы банктер және банктік қызмет туралы" ҚР заңдарын басшылыққа алады.1,152б
Коммерциялық банктер - банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғаларға кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни қазақстандық банктік жүйенің жиырма жылдық тарихы бар. Коммерциялық банктердің соңғы бес жылдағы сандық құрамы 1-кестеде берілген.
1 кесте - ҚР -ғы коммерциялық банктердің сандық құрамы кезеңнің басына
Банктер түрлері
2008ж
2009ж
2010ж
2011ж
2012ж
2013ж
Екінші деңгейдегі банктердің барлығы:
35
37
38
39
38
38
соның ішінде:

Мемлекеттік
1
1
1
1
1
1
Банктердің филиалдардың саны
352
379
374
365
378
362
Банктердің шетелдегі өкілдердің саны
17
14
17
17
14
11
* Сандық мәліметтер ҚР Ұлттық банктің Қаржы нарығын мен қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің 01.01.2013 жылдағы ағымдағы жағдайынан алынған

90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл, олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, әрине бұл құбылысты, олардың интенситвтік өсуімен байланыстыруға болады.
Банкті лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстандағы берілетін лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.
ҚР-ғы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық, ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығында да тікелей қатысуға толық құқылы.
Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР Ұлттық Банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға Бас лицензия алады. Бас валюталық лицензия оларға өз қызметін жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.
Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкі лицензия береді.2,75б
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған "ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы" ҚР-ның заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:
1) Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат aлy;
2) Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
3) Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу.
Аталған заңға сәйкес, банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.
Бірінші кезеңде, банк ашушы Ұлттық банкке банк ашуға рұқсат алу өтінішін береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:
- рұқсат алу үшін беретін өтініші;
- құрылтайшылық шарт (түп нұсқа);
- банктің жарғысы ( түп нұсқа);
- банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;
- құрылтайшылар туралы мәліметтер (Ұлттык банктің белгілеген тізімі бойынша);
- құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін);
- құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық қорытынды;
- егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары ҚР-ның резиденті болмаса, ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісім қажет;
- егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;
- банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде - үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде - бір жылдық еңбек тәжірибесі болуы және т.с.с;
- жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті органымен бекітілуі тиіс);
- жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бекітілуі тиіс);
- жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бекітілуі тиіс);
- жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары болу керек, оның ішінде: банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары;
- тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шаралары туралы құрылтайшылардың есебі;
- нотариалды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзыретінің барлығын растайтын құжаттың;
- басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтер.
Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі кеткенде алты ай мерзімі ішінде Ұлттық банкте қаралады.Ұлттық банк банк ашуға рұқсат беру өтініштердің есебін жүргізеді.
Екінші кезеңде жаңадан құралатын банк Ұлттық банк рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде Әділет Министрлігінде банк мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған, Ұлттық банктің банк ашуға берген рұқсатын және, Ұлттық банктің келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезеңде банктік операцияларын жүзеге асыру үшін Ұлттық банктен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:
- ұйымдастырушылық-техникалық шараларды орындау, оның ішінде: Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;
- жарияланған жарғылық капиталды төлеу.
Лицензия алуға өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.3,75-92б
Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:
- заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
- заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
- сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай, ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;
- клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
- сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;
- ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
- төлем карточкаларын шығару;
- банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және жөнелту;
- шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
- төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);
- чек кітапшаларын шығару;
- бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет; аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;
- ақшалай формада орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру;
- үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.
Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:
- брокерлік - мемлекеттің бағалы кағаздарымен;
- дилерлік - мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен;
- кастодиандық;
- клирингтік.
Осы аталған қызмет түрлеріне Ұлттық банктен жекелеген және кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі.
Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ-кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.4,148б
Банктің филиалы - филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруға құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.
Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Ұлттық банктің келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай құжаттарды тапсырады:
- Филиал ашуға рұқсат алу өтініші;
- Банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;
- Бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы мәліметтер.
Шетелдік банктердің ҚР аумағында филиалдарын ашуға заңмен тыйым салынады.
Банктің өкілдігі - банктік операцияларды жүзеге асырмайтын, яғни банктің тапсырмасымен және оның атынан әрекет ететін банктің орналасқан жерінен тыс орналасқан, заңды тұлға болып табылмайтын банктің құрылымдық бөлімшесі.
Банк өкілдігі Ұлттық банктің келісімімен ашылады. Шетелдік банктер өкілдіктерін ашу үшін Ұлттық банкке мынадай құжаттарын тапсырады:
- өкілдік ашуға рұқсат алу өтініші;
- өтініш жасаушы банктің құрылтайшылық құжаттары;
- ҚР аумағында өкілдік ашу туралы өтініш жасаушы банктің шешімі;
- өтініш жасаушы банктің банктік қызметті жүргізуге арналған лицензиясының барлығын растайтын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша расталымы;
- аудиторлық ұйым куәландырған өтініш жасаушы банктің соңғы қаржылық жылға жасалған жылдық есебі;
- өтініш жасаушы банктің ҚР аумағында өкілдігін ашуға қарсы еместігін куәландыратын сол мемлекеттегі банктік қадағалау органының жазбаша хабарламасы;
- өкілдікте жұмыс жасайтын қызметкерлердің саны және жетекшісі туралы мәліметтер.
Еншілес банк - жарғылық капиталдың елу пайыздан астамы бас банкке тиесілі және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, заңды тұлға.5,65-66б
Есеп айырысу-кассалық бөлімі (жинақ кассасы) - ҚР аумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды тұлға емес, Ұлттық банктің келісімі негізінде құрылатын бантік аумақтық бөлімшесі.
ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейдегі банктерді ашуға берген рұқсаты мынадай негіздерге байланысты қайтарып алуы мүмкін:
- банк тарапынан өз еркімен қайта құрылу немесе таралуы туралы шешім қабылдау;
- банк қызметінің тоқтатылуы туралы сот шешімінің қабылдануы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жыл ішінде банк қызметіне байланысты жалған мәліметтердің болуы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылдан астам уақытқа дейін банк операцияларын жүргізу лицензиясын алмаған жағдайда;
- банк заңдылықтарында, сол сияқты жарғысында көрсетілмеген операцияларды жүзеге асыруы;
- мемлекеттік тіркеуге алған күннен бастап, бір жылға дейін жарияланған жарғылық қордың сомасын төлемеуі;
Қазақстандык тәжірибеде басқа дамыған шетелдік тәжірибелер сияқты жарияланған жарғылык капиталдың төленген жарғылық төленген капиталдан айырмашылығы болады. Қазақстандағы банктік заңдарға сәйкес банкті тіркеуге алу үшін жарияланған жарғылық қордың 50 %-дан кем емес бөлігі акция, облигация, ақшалай қаражат, бағалы металдар немесе басқа да материалды бағалылықтар мен (ғимарат, техникалар, автокөлік) төленуге тиіс. Ал қалған сомасы, яғни 50 %-ға жуығы жыл бойына салынуға тиіс.6,57б.
Жарияланған -жарғылық қордың 50 %-ның ақшалай түрдегі сомасы сол банктің корреспонденттік шотына түсіріліп, ал материалдық бағалықтары бірлескен түрде бағалануына байланысты банкті құрушы акционерлердің жалпы жиналысындағы акті бойынша қабылданады.

1.2 Қазақстан Республикасындағы банк қызметін реттеу қажеттілігі

Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу Ұлттык банктің Қаржылық қадағалау комитеті көмегімен жүзеге асады.
Мұндағы басты міндеттерінің бірі - сәйкес банктердің қызметін реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғни банктік сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау. Ал, ол міндетті шешуде банктердің қызметін қадағалаудың 2 негізгі әдісін қалай тиімді қолдану мәселесі туады.7,35-36б.
Сәйкес қашықтықтан (дистанционды) қадағалау әдісі және инспекциялық әдісі.
Қашықтықтан қадағалау әдісі - бұл банктердің қадағалау органдарына мәліметтер беру түрінде жургізілетін пруденциалдық қадағалау әдісі.
Қашықтықтан қадағалау механизмі 1-суреттегі тәртіпте жүзеге асырылады.

Қашықтықтан қадағалау

Ақпараттық есеп беру базасы
Салыстырмалы топтық талдау
Қаржылық талдау

Табыстар мен шығыстарды талдау
Активтер сапасын талдау
Өтімділік талдау
Капиталды талдау

CAMEL жүйесі бойынша тәуекелді бағалау
Қашықтықтан талдау нәтижесі бойынша
мм

1-сурет-Қашықтықтан қадағалау механизмі

Ақпараттык, есеп базасы. Банктердің қызметін кешенді түрде сипаттайтын ақпараттың негізгі және жинақтаушы көздері болып табылатын банк балансы мен қаржылық есебін талдау барысында жеке банктік операциялардың тәуекелдік деңгейі мен табыстылығын, өтімділігін анықтауға, меншікті және тартылған қаражаттардың көздерін, олардың белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір кезеңге орналастыру құрылымын айқындауға, сондай-ақ банк жүйесіндегі жеке бір банктердің қызметінің мамандануы мен маңызын белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық талдаудың мақсаты - енді пайда болып келе жатқан мәселелерді қаржылық тұрақсыздыққа ұшырауға дейін айқындау. Осындай мәселелерді айқындау банктердің қаржылық есеп беруінен және осы мәселеге қатысты басқа да ақпараттардан (басқару сапасы туралы, сыртқы аудиттің сапасы мен аудиторлардың есеп беруінің мазмұны туралы ақпараттар) алынатын қаржылық ақпараттарды талдауды жүзеге асырумен іске асады.
Қашықтықтан талдау жүргізетін мамандар мынадай міндеттерді шешеді:
1) банктердің пруденциялдық нормативтер мен сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді, резервтік талаптар және күмәнді қарыздарға қарсы провизияларды құру барысының орындалуын тексеру;
2) банктердің қаржылық қызметін қарастыру, оның болашақтағы жұмысы мен дамуы жайлы ой қалыптастыру, оның нәтижелерін соған ұқсас банктердің нәтижелерімен салыстыра отырып бағалау.8,75-80б.
Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызметін талдау банктердің қызметінің қаржылық жағдайы мен нәтижесіне қатысты төмендегідей маңызды сұрақтарды камтиды:
1) капитал;
2) активтердің сапасы;
3) пайдалылық пен рентабельділік;
4) өтімділік.
Қаржылық талдаумен айналысатын мамандар банктік мәселелердің пайда болуының мүмкін болар жақтарын айқындауы тиіс.
Капиталды талдау. Капитал - банктің қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткіші болып табылады. Капитал жеткіліктілігі, оның табыстылығы сияқты қашықтықтан бақыланып отыруға тиіс. Сондықтан банктің капитал бойынша ұстанымын жан-жақты талдау, кез келген банкті қашықтықтан тексерудің маңызды элементтерін білдіреді.
Активтердің сапасын талдау. Банктің активтерінің сапасы банктік операциялардың барлық аспектілеріне әсерін тигізеді. Егер қарыз алушы өзінің қарыздарын кайтармайтын болса және олар бойынша пайызды төлемейтін болса, онда банктің таза пайдасы азаяды. Ал пайдасының азаюы, өз кезегінде өтімділіктің жетіспеушілігіне әкеп соғуы мүмкін. Таза пайданың тұрақсыздығы банк капиталын көбейтуге мүмкіндік бермейді және активтер сапасының нашарлауы жалпы капиталға теріс әсерін тигізеді. Осы себептердің салдарынан банктердің төлем қабілетсіздікке ұшырауы мүмкіндігі туындайды.
Активтердің сапасын қашықтықтан бақылау мен талдау банктердің қызметін реттеу механизмінің маңызды бір бөлігі болып табылады. Қашықтықтан бақылаудың талдаушысы банк активтерінің жалпы сапасының нашарлауы бойынша банк басшылығына хабарлайды және инспекторлық тексеру кезінде зерттелетін факторлардың қатарына қосуы мүмкін. Бірақ қашықтықтан басқарудың тиімділігі банк беретін ақпараттардың сапалылығымен ғана шектеледі. Ал активтердің сапасын нақты көрсететін мәліметтерді алу үшін, банкте проблемалық ссудаларды анықтауға және оларды тиісті түрде жіктеуге мүмкіндік беретін активтердің ішкі талдау жүйесі болу қажет. Сонымен қатар, банктердің болашақтағы активтерінің сапасы қазіргі уақытта берілетін жаңа ссудаларға байланысты болады.
Табыстар мен шығыстарды талдау. Капитал, банктің қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі. Ал капиталдың тұрақты жағдайын, сәйкес табыстарсыз қолдау мүмкін емес. Банк неғұрлым рентабельді жұмыс жасаған сайын, соғұрлым жыл сайын өзінің капиталын толыктырып және акционерлеріне пайда беріп отырады. Акционерлер банктің одан ары дамуына жағдай жасайды. Ал шығындар, банктің капиталын азайтып немесе жойып жіберуі мүмкін. Өз табыстарын қайтара алмаған акционерлер капиталды инвестициялауды тоқтатып, сонын салдарынан банк банкротқа ұшырауы мүмкін.
Банктердің өтімділігін бақылап отыру үшін куратор банктің апта сайын берілетін ағымдағы өтімділікті орындағаны жайлы есеп беруін (талаптар мен міндеттемелердің салыстыру кестесін) тексереді.
Кураторлар банктердің қызметін реттеуде ең маңызды құралдарының бірі болып табылатын пруденциалдық нормативтердің орындалуын тексеріп, олардың дұрыс есептелмегені және орындалмағаны жағдайында банкке ескертулер мен түзетулер жасайды.
Жалпы пруденциалдық реттеу тәжірибесі екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді сақтаумен бірге сенімді ішкі аудит жүйесін және дұрыс несие саясатымен өтімділік саясатын жүргізуге бағытталған.7,95б
Екінші деңгейдегі банктер Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау комитетіне есеп берудің төмендегідей формаларын тапсырады:
- 700 Н формасы бойынша күнделікті балансы;
- ашық валюталық позицияның лимиттері және валюталық нетто-позициясы туралы апталық есебі;
- ағымдағы өтімділікті орындалғаны жайлы апта сайын есеп беру (талаптар мен міндеттемелерінің өзара салыстыру кестесі).
- пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы ай сайын есеп беруі;
- активтердің және шартты талаптар мен міндеттемелердің ай сайын жіктелінуін;
- тоқсан сайын үнемі қаржылық есеп беруі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі пруденциалдық нормативтері туралы ережесіне сәйкес, к1, к2, к3.1, к3.2, к4.1, к4,2 және к5 коэффициенттерінің есептелген мәліметтерін есеп беретін айдан кейінгі айдың сегізінші күнінен кешіктірмей Қаржылық қадағалау комитетіне тапсырады. Кураторлар әр ай сайын нормативтердің дұрыс есептелгенін тексеру үшін ақпаратты-статистикалық басқармасының есептелген мәліметтерімен салыстырып отырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ең төменгі резервтік талаптар туралы ережесіне сәйкес банктерді мүмкін және күтпеген шығындардан сақтау үшін екінші деңгейдегі банктер Ұлттық банк белгіленген резервтік талаптардың нормаларын орындауы міндетті. Осыған байланысты банктер банктік қадағалау комитетіне ай сайын резервтік талаптарды орындау туралы есеп береді. Ең төменгі резервтік талаптардың көлемі, банктің банктерден басқа заңды және жеке тұлғалардың алдындағы барлық депозиттік міндеттемелерінен белгіленген пайыз мөлшерінде анықталады. Қазіргі кезде белгіленген резервтік мөлшерлеме 6%-ға тең.9,45-52б
Банктердің ең төменгі резервтік талаптарды орындаудың екі әдісі бар:
1) баламалы - ай сайын қаражаттардың резервтік активтерде орналастыру, ондағы резервтік активтердің орташа айлық сомасы айдың әрбір жұмыс күніндегі депозиттік міндеттемелердің орташа айлық сомасынан пайыз түрінде есептелінетін ең төменгі резервтік талаптардың орташа айлық көлемінен кем болмауы керек.
2) баламасыз - қаражаттарды Ұлттық банктегі резервтік шотта орналастыру, ол шоттың қалдығы айдың бірінші жұмыс күні бойынша депозиттік міндеттемелердің пайыз түрінде есептелген мөлшерінде ең төменгі резервтік талаптарға тең болуы қажет.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгіленген екінші деңгейдегі банктердің қаржылық есеп беру туралы тәртібіне сәйкес банктер Қаржылық қадағалау комитетіне тоқсан сайын халықаралық стандарттарға негізделген қаржылық есеп береді. Қаржылық есеп беру банктік қаржылық жағдайы мен оның қызметінің нәтижелері туралы накты мәліметтерді қамтитын отыз бес кестеден тұрады.
Кестеде берілген мәліметтер BOSS жүйесінің көмегімен автоматтандырылған әдіспен өңделеді және осы мәліметтердің негізінде банктің қаржылык жағдайы туралы толық көрініс алуға болады және салыстырмалы банктердің топтарында банктің рейтингісін анықтауға болады.7,86б
Инспекциялық қадағалау - банктерді орналасқан жерінде тексеру арқылы олардың жағдайлары туралы нақты мәліметтер алуға мүмкіндік беретін банктердің қызметін реттеу әдісі.
Инспекциялау әдісінің артықшылығы - банктің барлық операциялары мен тәуекелін тиянақты тексеру, сондай-ақ банктің басқарылуы туралы нақты көрініс алуға болады. Сонымен қатар инспекциялар сирек - кейбір жағдайда бірнеше жылда бір рет- жүргізіледі, сондықтан банктің жағдайының барлық жақтарына үзіліссіз бақылау кызметін жасай алмайды.10,32-51б
Инспекциялық қадағалау механизмі 2-суретте берілген.

Инспекциялық қадағалау

Толық ауқымды тексеру
Мақсатты тексеру
Жоспарлы және мақсатты тексеру

Тексеру әдістемесі
Ішкі және сыртқы аудан ұсыныстарымен танысу
CAMEL жүйесі бойынша тәуекелді анықтау, бағалау

Қашықтықтан талдау мәліметтерін қарастыру

Тексеру жөнінде біртұтас есеп жасау
Банк жетекшісіне ұсыныстар

Тәуекелді төмендеті жөнінде банктің шараларды орындауына бақылау мониторингін жүргізу

"BOSS" қашықтықтан қадағалау жүйесіндегі банк тәуекелдерін бағалауда өзгерістер енгізу

2.сурет- Инспекциялық қадағалау механизмі

Инспекциялауды жүзеге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің активті операциялары
Коммерциялық банктер және оның қаржылық жағдайы
Коммерциялық банктердің активті операцияларын басқару әдістері және несиелік саясатын талдау
Қазақстандық бағалы қағаздардың және қаржы нарығының бүгінгі таңдағы жағдайы
Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесi
Әлемдік қаржы дағдарысы
Қазақстан Республикасының ипотекалық несие жүйесі
Несие және несие жүйесінің ұғымы маңызы
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптастыруы
«Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеуді дамытудың негізгі бағыттары»
Пәндер