АҚШ-тың мемлекеттік каржысын ұйымдастыруын, қаржы несиелік жүйесін талдау


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
3
: 1
Кіріспе: АҚШ-тың экономикалық-саяси жағдайы
3: 4
: 2
Кіріспе: АҚШ-тың қаржы жүйесін талдау
3: 7
: 2. 1
Кіріспе: АҚШ-тың ақша несие жүйесі
3: 7
: 2. 2
Кіріспе: АҚШ-тың қаржы-бюджеттік жүйесі
3: 13
: 2. 3
Кіріспе: АҚШ-тың салық жүйесі
3: 18
:
Кіріспе: Қорытынды
3: 24
:
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер
3: 25

Кіріспе

АҚШ, Америка Құрама Штаттары (ағылш. The United States of America , USA) - Батыс жарты шарындағы ірі ел. Оның барлық жері түгелдей дерлік Солтүстік Америкада. Шығысында Атлант мұхитымен, батысында Тынық мұхитпен шайылады. Солтүстікте Канадамен, оңтүстікте Мексикамен шектеседі. Америка Құрама Штаттары (АҚШ), Америка - Солтүстік Америкадағы мемлекет, федеративтік республика. Аумағы 9363, 2 мың км 2 . Халқы 302 млн. Астанасы - Вашингтон қаласы. Тұрғын халқының саны жағынан ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес, Сан-Франциско, Филадельфия, Детройт, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питсбург, Балтимор, Сиэтл, т. б. 50 штат пен 1 федералдық (астаналық) округке бөлінеді. Бірімен-бірі шектесіп жатқан 48 штаттан және құрлықтың солтүстік-батысындағы Аляска, Тынық мұхиттың орталығындағы Гавай аралдарынан құрылған Гавай штаттарынан тұрады. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Халықтың 66%-ы - протестанттар, 26%-ға жуығы католиктер. Үкімет пен мемлекет басшысы - президент. Заң шығарушы орган - палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент (конгресс) .

АҚШ-тың бір жылғы ұлттық табысы жан басына шаққанда 50 мың долларға жуық. Негізгі сауда серіктестіктері -Батыс Еуропа елдері, Канада, Мексика, Жапония. АҚШ-пен Қазақстанның экономикалық байланысы 20 ғасырдың 90-жылдарында дами бастады. Ондаған американ фирмалары мен кәсіпкерлері және белгілі банкілер Қазақстанда түрлі салалар бойынша жұмыс істейді (мысалы, мұнай өндірумен айналысатын «Шеврон», «Shell», «Мобиль» компаниялары мен «Prіse Waterhause» есеп аудит консалингтік компаниясы, т. б. ) .

АҚШ өнеркәсібі -бүкіл экономиканың жетекші саласы. Оның энергиялық балансында мұнай мен газ маңызды орын алады, ауыр және жеңіл өнеркәсібі өркендеген. Машина жасау өнеркәсібі автомобиль, авиация электр техникасы салаларына түрлі жабдықтар өндіреді. Атом өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі айрықша дамыған.

Рефераттың мақсаты Америка Құрама Штаттары туралы соңғы мәлеметтерге негізделе отырып талдау жасау.

Рефератқа қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді қойылды:

-Америка Құрама Штаттарының экономикалық саяси жағдайына;

-Америка Құрама Штаттарының қаржы жүйесінің, оның ішінде салық және бюджет жүйесіне талдау жасауына жеке-жеке тоқталып кету.

Рефераттың құрылымы: кіріспе, екі бөлімді, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімін қамтиды.

Рефератты көрсетілген талаптарға сай орындау үшін еліміздегі шет мемлекеттерінің қаржысына байланысты жарық көрген кітаптарды, журналдар мен ғаламтор мәліметтерін қолдандым.

1 АҚШ-тың экономикалық-саяси жағдайы

АҚШ өндірістік және экономикалық дамуда басқа елдерді басып озып, әлемдік экономикада күмәнсіз көшбасшы болып саналады. АҚШ әлемдегі ең үлкен өндірістік тауарлар мен қызметтер өндіруші держава. АҚШ әлемнің ең бай елдеріне жатады. Елдің ЖІӨ 15, 68 трлн. доллар шамасындай (әлемдегі 1 орын, әлемнің жиынтық ЖІӨ 19 % алуда) құрайды. [1]

АҚШ-тың инфляция болдырмау саясаты өз нәтижесін береді. Мұнайға деген бағаның тез көтерілуіне және еңбек нарығындағы қиындықтарға қарамастан инфляция байқаусыз болды. Тұтынушылық баға индексі тұрақсыз компонетті есептемегенде 2012 жылы 7 %-ға өсті.

Экономикалық даму жұмыспен қамтамасыз ету жағдайының жақсаруына негіз болды. АҚШ-тың экономикалық өсуінің маңызды индикаторы қаржылық нарық жағдайы болып табылады.

АҚШ төлем балансының теріс сальдосы 110 миллиард долларға дейін 2013 жылдың 1 тоқсанында төмендеген болатын, АҚШ төлем балансы бұл дефицитте 2012 жылдың 1 тоқсанында, қайта қарастырылған мәлімет, 137 миллиард доллар құрады. [2]

Тауарлардағы тапшылықтың көбеюі ішкі саудалармен тікелей байланысты болады. АҚШ-тың ағымдағы операциялардың дефициті ЖІӨ 4, 3% құрайды. Ішкі байланыстардың балансталмағандығының негізгі көздері Жапония, Батыс Европа және жаңа индустриалды мемлекеттермен саудағы пассив болып табылады. АҚШ-қа бүкіл шетелдік тікелей инвестициялардың үш бөлігі келеді. Елде соңғы он жылдықта тікелей шетелдік инвестициялар көбеюде.

Американдық тауарлар өндірушілер әлемдік экономиканың қажеттіліктерін қанағаттандыруға жоғарғы қарқынмен әлемнің назарын аударуда. Ішкі экономикалық байланыстарда маңызды орынға трансұлттық корпорациялар ие, олардың үлесін елдің ішкі сауда айналымының 2/3 бөлігі, ал трансұлттық корпорациялардың шетелдік кәсіпорындарының сату көлемі АҚШ әлемдік экономиканың жаңа құрылымға көшу процесінде көшбасшы болып табылады.

Американдық экономиканың құрылымы. Құрама штаттармен экономикадағы бүгінгі жүз жылдықтың басы жаңа технологиялық құрылыстың құрылумен белгіледі. Барлық шаруашылық салаларын компьютеризациялауды қамтамасыздандырды, қолдану принципін жаңа ақпараттық технологиялар, бағдарламалық қамтамасыз етудің құралдарының динамикалық жаңартуы, көрсетілген қызметтер саласы өсу көрсетті. Мағызды рөлді бұл жерде ғылыми-техникалық прогресс ойнайды, өйткені ол өндіріс факторлары жиынтық өндірістің өсуіне ықпал етуші және тауарлармен қызметтерге қоғамның жаңа қажеттіліктерінің пайда болуына, шаруашылық кешенінде масштабтық құрылымдық өзгертулерге әкелді.

АҚШ-тың құрылымдық қайта құруын ерекше белгісі - қоғамдық өндіріс бас салалардың арасындағы байланыстың өзгерісі - материалдық және материалдық емес. Материалдық емес өндірістің рөлінің жоғарлауы - құбылысы заңды, ол еңбек өнімділікті өсу жалпы қамтып көрсетіп және қоғамның жылдам құбылмалы қажеттеліктері қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Техникалық прогресс, материалдық өндірісте ішкі еңбек бөлінісінің кеңейтеді, қоғамның өмір жағдайларында материалдық емес рөлін бір уақытта жоғарылатады. Олар, өз кезегінде, көрсетілетін қызметтер салаларды қалыптастырады, соның арқасында барлық шаруашылық тиімділігі өседі, тұтынудың түпкі қоғамдық өнім мен қорлар үлкейеді, тұрғындардың тұрмыстық сапасы жоғарылайды.

Ең алдымен, АҚШ экономиканың дамуын мерзімінің негізгі тенденциясы 1 кестеде көрінгендей аграрлық және тауарлардың өндіруші салалардың экономикалық рөлі төмендеуде, ал жеке секторда көрсетілетін қызметтер саласында динамикалық өсуі көрсеткен. Қазіргі уақытта жеке сектордағы қызметтер ЖІӨ бойынша үлесі 70% шамасында құрайды. Қоғамдық өнімнің құрылымындағы көрінетін өзгерістерге АҚШ-тың көрсетілетін қызметтер саласының дамуы қаржы және ақпараттық, сонымен бірге жылжымайтын мүлік секторы өсуін көрсетті. Қызметтердің рөлі өсу нәтижесінде американдық экономиканың өндіріс тетігінде айтарлықтай үлкейді.

1-кесте. ЖІӨ құрылымы секторлар және салалар (ЖІӨ қосылған құн %) бойынша ағымдағы құны

1947
1987
2008
2012
: ЖІӨ
1947: 100, 0
1987: 100, 0
2008: 100, 0
2012: 100, 0
: Жеке сектор
1947: 87, 5
1987: 86, 1
2008: 87, 1
2012: 87, 7
: Ауыл, орман, балық аулау шаруашылығы
1947: 8, 5
1987: 1, 9
2008: 1, 1
2012: 1, 0
: Өндіруші өнеркәсіптер
1947: 2, 8
1987: 1, 9
2008: 2, 3
2012: 1, 2
: Құрылыс
1947: 3, 7
1987: 4, 6
2008: 4, 1
2012: 4, 4
: Өндіруші өнеркәсіптер, оның ішінде:
1947: 26, 9
1987: 18, 7
2008: 11, 5
2012: 14, 5
: Ұзақ қолданатын тауарлар
1947: 13, 6
1987: 10, 9
2008: 6, 4
2012: 8, 8
: Ағымдағы тұтыну тауарлары
1947: 13, 3
1987: 7, 8
2008: 5, 1
2012: 5, 7
: Көліктік және қоймақтық шаруашылық, оның ішінде:
1947: 8, 6
1987: 9, 0
2008: 2, 9
2012: 8, 0
: Көлік
1947: 5, 8
1987: 3, 3
2008:
2012: 3, 1
: Байланыс
1947: 1, 3
1987: 2, 6
2008:
2012: 3, 0
: Электрожабдықтау, ЖКХ
1947: 1, 6
1987: 3, 0
2008:
2012: 1, 9
: Көтерме сауда
1947: 1, 6
1987: 2, 5
2008: 5, 7
2012: 6, 0
: Бөлшек сауда
1947: 5, 6
1987: 3, 7
2008: 6, 2
2012: 6, 7
: Қаржы, сақтандыру және жылжымайтын мүлік
1947: 9, 7
1987: 17, 5
2008: 20, 0
2012: 19, 7
: Кәсіби және бизнес қызмет
1947:
1987: 10, 0
2008: 12, 7
2012: 11, 6
: Білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек
1947:
1987: 7, 2
2008: 8, 1
2012: 6, 9
: Өнер, көңіл көтеру, демалыс, қонақ үй, қоғамдық тамақтану
1947:
1987: 3, 4
2008: 3, 8
2012: 3, 6
: Қосымша мәліметтер:
1947:
1987:
2008:
2012:
: Тауар өндіруші жеке секторы
1947: 41, 9
1987: 27, 2
2008: 18, 9
2012: 21, 2
: Қызметті өндіруші жеке сектор
1947: 44, 8
1987: 58, 8
2008: 68, 2
2012: 66, 5
: Мемлекеттік сектор
1947: 12, 5
1987: 13, 9
2008: 12, 9
2012: 12, 3

ЖІӨ өндіруші өнеркәсіп үлесі елеулі құлады. Бірақ бұл АҚШ ұлттық шаруашылық кешеніндегі екінші жоспарға бұл өндірістің маңызды секторының орын ауыстыруы туралы, өндіруші салаларда шаруашылық жұмысының оңтайландыру туралы тезірек айтады.

Өнеркәсіптік классификаторға көрсетілетін қызметтер 16 негізгі салалары : ( көтерме сауда; бөлшек сауда, көлік және қоймалық шаруашылық; ақпараттық қызметтері; қаржы және сақтандыру; жылжымайтын мүлік, жалдау және лизинг; кәсіби, ғылыми және техникалық қызметтер, компаниялар және кәсіпорындарды басқару; әкімшілік менеджментті; білім; денсаулық сақтау және әлеуеттік көмек; қонақ үйлердің және қоғамдық тамақтану қызметі, жеке және коммерциялық емес ұйымдардың қызметі; мемлекеттік басқару) .

Қазіргі уақытта екі өзекті негізгі мәселелері ел экономикасын әлсіздендіруде, яғни ол мемлекеттік бюджет тапшылығы және соған сәйкес ұлттық валютаның халықаралық бағамы төмендеуі. АҚШ доллардың құнсыздану елдің төлем қабілетсіздігін көрсетуде. АҚШ-тың 2012 жылдағы бюджеттік тапшылығы 1, 089 трлн долларға, яғни өткен жылмен салыстырғанда 2011 жылы бұл көрсеткіш 1, 297 трлн долларды құрады.

АҚШ Президент әкімшілігі негізгі мәселесі мемлекеттік шығыстардың үлкен бюджет тапшылығын және қысқартулары болады. АҚШ үкіметтерінің бағалауы бойынша, федералды АҚШ бюджетін профицит 2010 ж. 1, 56 трлн немесе 10, 6% ЖІӨ құрайды және дағдарыс кезінде 2009 жылдағы 1, 413 (ЖІӨ 9, 9 %) трлн. доллар тапшылығы болған. [3]

АҚШ үкіметі бюджет тапшылығын қысқарту 2011 жылына 1, 27трлн. долларға дейін төмендетуін орындады, ал үкіметтің 2014 жылына 7, 6 млрд. долларға дейін төмендету жоспарлауда. Үкіметтің айтуы бойынша елдің экономикасы қалыпқа келуі тиіс, яғни АҚШ-тың бюджет тапшылығы 2013 жылға ЖІӨ 4, 2%, ал 2015 жылға ЖІӨ 3%-ға төмендету. Бірақ АҚШ мемлекеттік бюджеттің шығыс бағдарламасын қысқартпауда.

2-кесте. АҚШ-тың мемлекеттік қарызы

Жыл
АҚШ мем. қарыз млрд $
ЖІӨ %
Жыл
АҚШ мем. қарыз млрд $
ЖІӨ %
Жыл: 1910
АҚШ мем. қарыз млрд $: 2, 6
ЖІӨ %: тапшы
Жыл: 2003
АҚШ мем. қарыз млрд $: 6760, 0
ЖІӨ %: 62, 5
Жыл: 1920
АҚШ мем. қарыз млрд $: 25, 9
ЖІӨ %: тапшы.
Жыл: 2004
АҚШ мем. қарыз млрд $: 7354, 7
ЖІӨ %: 64, 0
Жыл: 1930
АҚШ мем. қарыз млрд $: 16, 2
ЖІӨ %: тапшы.
Жыл: 2005
АҚШ мем. қарыз млрд $: 7905, 3
ЖІӨ %: 64, 6
Жыл: 1940
АҚШ мем. қарыз млрд $: 43, 0
ЖІӨ %: 52, 4
Жыл: 2006
АҚШ мем. қарыз млрд $: 8451, 4
ЖІӨ %: 64, 9
Жыл: 1950
АҚШ мем. қарыз млрд $: 257, 4
ЖІӨ %: 94, 1
Жыл: 2007
АҚШ мем. қарыз млрд $: 8950, 7
ЖІӨ %: 65, 5
Жыл: 1960
АҚШ мем. қарыз млрд $: 290, 5
ЖІӨ %: 56, 1
Жыл: 2008
АҚШ мем. қарыз млрд $: 9985, 8
ЖІӨ %: 70, 2
Жыл: 1970
АҚШ мем. қарыз млрд $: 380, 9
ЖІӨ %: 37, 6
Жыл: 2009
АҚШ мем. қарыз млрд $: 12311, 4
ЖІӨ %: 86, 1
Жыл: 1980
АҚШ мем. қарыз млрд $: 909, 0
ЖІӨ %: 33, 3
Жыл: 2010
АҚШ мем. қарыз млрд $: 14456, 3
ЖІӨ %: 98, 1
Жыл: 1990
АҚШ мем. қарыз млрд $: 3206, 3
ЖІӨ %: 55, 9
Жыл: 2011
АҚШ мем. қарыз млрд $: 15673, 9
ЖІӨ %: 101, 1
Жыл: 2000
АҚШ мем. қарыз млрд $: 5628, 7
ЖІӨ %: 58, 0
Жыл: 2012
АҚШ мем. қарыз млрд $: 16565, 7
ЖІӨ %: 100, 6
Жыл: 2001
АҚШ мем. қарыз млрд $: 5769, 9
ЖІӨ %: 57, 4
Жыл: 2013
АҚШ мем. қарыз млрд $: 17440, 2
ЖІӨ %: 99, 7
Жыл: 2002
АҚШ мем. қарыз млрд $: 6198, 4
ЖІӨ %: 59, 7
Жыл: 2014
АҚШ мем. қарыз млрд $: 18350, 0
ЖІӨ %: 99, 9

АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 2001 жылы 5, 7 трлн. дол. ЖІӨ 57, 4% болса, ал 2009 жылы 12, 3 трлн. дол. ЖІӨ 86, 1% жеткен.

Мемлекеттік қарыздардың негізгі көздері:

-мемлекеттік бюджеттің дефициті;

-саудалық баланстың теріс сальдосы;

-берілген проценттер және басқалары.

2 АҚШ-тың қаржы жүйесін талдау

2. 1 АҚШ-тың ақша-несие жүйесі

АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі - банк жүйесіндегі монетарлық саясатын жауапты орталық мекемесі болып саналады ( «банктердің банкі», үкіметтің уәкілі мелекеттік бюджеттің қызмет көрсетуінде) .

Қазіргі уақыттағы АҚШ территориясындағы ақша-несие жүйесінің құрылымы кең көлемдегі белгілі федералды резервтік жүйесінің пайда болуына дейін жүргізіледі.

1913 жылы Федералды резервтік жүйесі туралы заңы қабылдау кезінде АҚШ-та 20 000 банктер қызмет атқарды, оның ішінде 7000 ұлттық эмиссиондық банк болды, ал қалғандарды өзге штаттарының заңдары бойынша жұмыс істеді және банкноттарды эмиссиялауға құқықтары болған жоқ. АҚШ- тың барлық территориясы 12-округқа бөлінді. Олардың әрқайсысында төрт миллион капиталы бар федералды резервтік банк орналасты. Сонымен қоса, ФРЖ-ға екі комитет кіреді; ашық нарықтағы федералды комитеті, федералды консультациондық кеңес. ФРЖ-ң орталығы болып Вашингтондағы басқарушылар кеңесі болып табылады. Кеңестің негізгі функциясы монетарлық саясатты қалыптастыру болып табылады.

ФРЖ-ның құрылымы мыналардан тұрады:

  1. Басқарушылар кеңесі;
  2. 12 аймақтық Федералды резервтік банктер;
  3. ФРЖ мүше банктер;
  4. ФРЖ мүшесі емес депозиттық мекемелер.

Басқарушылар кеңесі - ФРЖ қызметін үйлестіріп бағыттайды. Кеңес АҚШ президенті тағайындайтын және сенат қолдаған 7 тұрақты мүшеден тұрады. Олар 14-сайланады. Егер кеңес мүшелері тағайындалған мерзімінен асып кетсе президент жаңа екі мүшені сайлауға құқылы. Кеңес мүшелерінің барлық құқықтары бірдей. Кеңес мүшелерінің иелігінде мынандай қызметкерлер штаты болады: экономистер, заңгерлер, инспекторлар, администраторлар.

ФРЖ-ның Басқарушылар кеңесінің негізгі функциялары:

  • заңмен ескерілген банк-мүшелерінің федералды резервтегі банктердегі шоттарында міндетті резервтер нормаларының шектерін анықтау;
  • федералды резервтегі банктермен бекітілген есептік ставкасын бекіту және оларды қарастыру;
  • банктік заемдар және биржалық бағалы қағаздар бойынша маржалар төлемдерін анықтауы;
  • мемлекеттік бағалы қағадардың сату-сатып алу туралы саясатың анықтауы;
  • федералды резервтік банктердің қызметін қадағалауын жүзеге асыру;
  • шетелдік банктерімен және федералды резервтегі банктердің қатынастарын реттеу жүргізу.

Кеңес депозиттік мекемелерінің міндетті резервтерінің деңгейін орнатуға құқылы және ашық нарықтағы операцияны өткізу бойынша федерация резервтік банктермен қоса жауапкершілікті көтереді.

Федералды резервтегі банктер. Елдік АҚШ конгрессімен құрылған орталықтандырылған банк жүйесінің функционалдық органдары болып саналады. Олар басқарушылар кеңесінің нұсқауларын орындау және АҚШ монетарлық саясатының іске асыруындағы маңызды рөлдерді алады.

Федералды резервті банктердің келесідей функциялар атқарады:

  • ФРЖ мүше-банктердің міндетті резервтерінің сақталуы;
  • қолма-қол ақшалар эмиссиясы ( банкноттар, қазынашылық билеттер және монеталар) ;
  • коммерциялық банктерді несиелендіру;
  • АҚШ қазынашылық ұйымдары қаржылық қызмет көрсетуі.

Әрбір федералды резервтік банктің өз кеңесі болады, олар 9 директордан тұрады және олар банк қызметкері болып табылмайды. Федералдық резервтік банкілер көбінде табысты ФРЖ-нің құнды қағаздарға салынған салымдарының пайыздарынан және табыстың аз бөлігін ФРЖ валюталар пайызынан, сондай-ақ депозиттік ұйымға берілген ссудалармен валюталық бақылау пайызын алады.

3-кесте. Федералды резертік банкті орналастыру

Округтік номер
Қала
Окрігтік номер
Қала
Округтік номер: 1
Қала: Бостон
Окрігтік номер: 7
Қала: Чикаго
Округтік номер: 2
Қала: Нью-Йорк
Окрігтік номер: 8
Қала: Сент-Лунс
Округтік номер: 3
Қала: Филадельфия
Окрігтік номер: 9
Қала: Миннеаполис
Округтік номер: 4
Қала: Кливленд
Окрігтік номер: 10
Қала: Канзас-Сити
Округтік номер: 5
Қала: Ричмонд
Окрігтік номер: 11
Қала: Далас
Округтік номер: 6
Қала: Атлант
Окрігтік номер: 12
Қала: Сан-Франциско

ФРЖ-ның мүше банктері. АҚШ коммерциялық банктері (10мың) 40 % ФРЖ мүше болып табылады. ФРЖ-ның мүшесі Ұлттық банктер болу керек, штаттардағы банктері оған нақтылы талаптарды орындалуын қоса алуы керек.

ФРЖ-ге кіру үшін әр бір банк өзінің округінің федералды резервтік банкінде өзінің акционерлік капиталының 6%-на сәйкес келетін акциялар көлемін сатып алуы тиіс. ФРЖ талабы бойынша бұл сома 2 есе көбейтілуі мүмкін. Акционерлік капиталы мен табысының өсуіне байланысты коммерциялық банк үш пайыздық деңгейді ұстап отыру үшін акциялар сатып алып отыруы керек. Федералды резервтік банктер банктермен жинақтау мекемелерінің салымын қабылдап және оларға ссудалар береді, яғни соңғы инстанция кредиторының функциясын атқарады.

Ақша қаражаттарының және несиенің құнды қағаздарды сату-сатып алу процесіне әсері үшін жауапкершілігі ашық нарық бойынша федералды комитетке жүктелген. Ашық нарық жөніндегі федералды комитет 12 тұрақты мүшеден тұрады:

  • ФРЖ-ны Басқарушылар Кеңесінің 7 мүшесі;
  • Федералды резервтік банктің 5 президенті (ротациялық негізде сайланады; Нью-Йорк банктің президенті ФКОЖ-дың тұрақты мүшесі болып табылады) .

Резервтік банктің барлық 12 президенті ФКОР-дың жылына 8-9 рет болатын отырысына қатысуға міндетті. Әр кездесуде құнды қағаздардың ашық нарықтағы операциялар стратегиясы ойластырып, ФРЖ басқарушысына жеткізіледі. Комитет экономикасының және қаржылық шешімдерді құрастырады және банктің сыртқы сауда бөлімшесімен жүзеге асырылады.

ФРЖ туралы заңға сәйкес, АҚШ-ң банк жүйесінде ФРЖ-ны барлық банк жүйесімен байланыстыру үшін жасайды. Ол 12 мүшеден тұрады. Кеңес төрт жыл сайын қаржы-несие қатынастар сұрақтары бойынша Федералды резервтік жүйесінің басқарушылары кең спектрде пікір алысу үшін бірлескен мәжілісінде жиналады.

Қазіргі кезде федералды резервтік жүйе келесі функцияларды жүзеге асырады:

  • Ұлттық монетарлық саясатты басқару;
  • Банк мекемелерді бақылайды және реттейді;
  • Мемлекеттің банктік және қаржы өкілінің функцияларының жүзеге асыруы;
  • Қаржы жүйесінің тұрақтылықты қамтамасыз етеді және қаржы нарығындағы тәуекеділікті төмендету болып табылады.
  • ФРЖ ақша несие саясатына ықпал етуші тетіктерге жатады: есептік ставканы реттеу - пайыздық ставкасы, яғни коммерциялық банктердің берілген уақытша ақшаны федералды резервті банктерге төлейді; міндетті нормалар сақтау - депозиттердің пайызы, ФРЖ құрылған коммерциялық банктері сақтауда тұрған қолма-қол ақшамен немесе федералды резервтегі банктердегі депозит шоттарында ұстауы керек; ашық (мемлекеттік бағалы қағаздардың сауда-саттығы) нарықтағы операциялары.

АҚШ банк жүйесін қазіргі жағдайы ғаламдану және жалпыландыру процестерінің тереңдеуі және трансұлттық компаниялар өсуімен байланысты. Заңды мәртебе бойынша барлық коммерциялық банктер ұлттық және штаттардың банктері бөлшектенеді. Алғашқысы лицензиялайды және федералды үкіметтермен бақыланады, екіншісі - штаттардың үкіметтерімен. Жапондық банктері бәсекелестігінің күшейту шарттары коммерциялық банктердің тұрақты бірігуі американдық банктік институттар сандарын үнемі өзгертуіне алып келді.

Федералды резервтік жүйе ақша-несие жүйесінің бірінші деңгейі болып табылады.

Екінші деңгейде - коммерциялық банктер және банктік емес несие- қаржы мекемелері. АҚШ коммерциялық банктері үлкен қаржы делдардың бірі болып табылады. Коммерциялық қаржы делдардың бірі болып табылады. Коммерциялық банктердің активтер көлемі бойынша барлық қаржы институттардың арасында елдегі бірінші орында орналасқанды. Американдық банктердің активтерінің шамасы 50% жоғары (банктерден кейін) екінші ірі қаржы делдалдар болып табылатын жеке зейнетақы қорлардың жеке сақтандыру компанияларының активтер шамасынан екі есе көбірек болып табылады. АҚШ банктері ең ірі қаржы делдарының 30% активтерінің иелерімен болып табылады. АҚШ қаржы заңы : әрбір штат бойынша өз меншікті заңымен қаржылық қызметін реттейді және елдің жалпы қаржылық заңында көрсетіледі. [4]

АҚШ-тың коммерциялық бантері ақша-несие жүйесіндегі әмбебап коммерциялық банктері және мамандырылған коммерциялық банктеріне жіктеледі.

Әмбебап банктер - жеке тұлғалар, фермерлер, жеке компаниялар және мемлекетті несиелендірумен қоса, есеп-кассалық қызмет көрсету, халықаралық валюталық-есепті операциялар, активтермен басқару және депозиттерді орналастырумен банктік операциялардың барлық түрлрін жүзеге асыратын коммерциялық банктерінің түрі.

Әмбебап коммерциялық банктерінің активтерінің құрылымында 20% үлесі жергілікті және аймақтық шағын және орта коммерциялық банктерінің еншісінде.

Мамандандырылған банктер - бұл нақтылы маманданған банктік операцияларды өткізуші коммерциялық банктерінің түрі.

Құрама штаттардың мамандырылған коммерциялық банктерінің арасында федералды үкіметтің облигацияларының орналастыруы және АҚШ экспорттық-импорттық банкі, инвестициялық банктері азаматтық соғыс (1861-1865 жж) жылдарында пайда болды.

АҚШ банк жүйесіндегі ерекше рөлді инвестициялық банктер алады. Инвестициялық банктер - жекеше кәсіпорындардың және мемлекетті инвестициялық қаржыландырулар жүзеге асыратын мамандырылған коммерциялық банктер. Инвестициялық банктерден несиелер беруден басқа бағалы қағаздардың сауда-саттықтарын және компаниялардың бірігуін ұйымдастырады. Қазіргі уақытта АҚШ-та 800 шамасында инвестициялық банктер қызмет жасайды.

АҚШ экспорттық - импорттық банкі 1954 жылы құрылған мемлекеттік мамандандырылған банкі ретінде экономиканың мемлекеттік реттеу, сыртқы сауданы және халықаралық несие қатынастардың маңызды буыны болып табылды. Банк қызметі 1945 жылы қабылданған жеке заңмен реттеледі.

Банктің басты міндеті сыртқы заемдар бойынша шетелдік импорттар мен американдық коммерциялық банктеріне займдарына кепілдіктер беруі арқылы американдық тауарлардың экспортына жәрдемдесу болып саналады. Банк орташа және ұзақ мерзімді (12-20 жылға дейін) қарыздарды береді. Шетелдік компаниялар және ( «Дженерал Электрик», « Боинг» тағы басқалар) ең қуатты американдық компаниялардың тауарларының төлеуімен байланатын үкіметтің қарыздары. Банктің қаржы ресурстары қаржы министрлігіне жататын меншікті капиталдан және қазынашылық займдардан тұрады.

Құрама штаттардың ақша несие жүйесінің инфрақұрылымына коммерциялық және мамандандырылған банктерден басқа банктік емес несие-қаржы институттары және тағы басқалардан тұрады. Банктік емес институттардың рөлі ұзақ мерзімді қарыздың саласында коммерциялық банктеріне бәсекелестікте. Оларға: жинақтаушы банктері, жинақтаушы-ссудалық ассоциациялары, пошталық жинақ кассалары, қаржы компаниялар, несие кооперативтер, сақтандыру қорлары, өзара қарыздың қоғамдары, депозиттерді сақтандыру институттары және т. б.

Федералды несие мекемелері - ауыл шаруашылығы, тұрғын үй құрылысы, жоғары білім салаларында жұмыс істейтін мамандандырылған мемлекеттік несие мекемелері. Олардың басты міндеті - ақша-несие жүйенің бас буындарының тұрақтылығының қолдауы және кәсіпкерліктің бизнесті толықтыру болып саналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпорация қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Инвестициялық салық преференциялары
Ипотекалық несиелеу жүйесі туралы
Шағын және орта бизнес кәсіпорындарында қаржылық ресурстарды басқару механизмі
ҚР экономикалық өсу себептері,факторлары. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары.Инфляцияға қарсы саясат. Инфляцияның мәні,түрлері. ҚР-ның инфляциялық саясаты
Қазынашылық басқармасының ашылуы
Инвестициялық жобаны қаржыландыру әдістері
Коммерциялық негіздерде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы
Корпорация қаржысы
Қазақстандағы тұтыну несиесінің қазіргі жағдайы және оны талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz