Мемлекеттік несие, мемлекеттік қаржыдағы оның ролі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ ... ... ... ... ... ... ... .
Мемлекеттік несиенің мәні, функциялары, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ..
Мемлекеттік несиенің нысандары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Мемлекеттік қарыз және оны реттеудің негізгі әдістері ... ... ... ... ... ..
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗЫН ТАЛДАУ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қазақстан Республикасының ішкі қарыздар көлемін талдау ... ... ... ...
Қазақстан Республикасындағы сыртқы қарыз көлемін талдау ... ... ...
ҚАЗАҚСТАН РЕПСУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕНІҢ МАҢЫЗЫ ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОСЫМШАЛАР

Мемлекеттік қаржы экономиканы реттеуге, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін, қорғаныс және мемлекеттік басқару мұқтаждарын қанағаттандыруға, мемлекеттік борышты өтеуге арналған мемлекеттік ақша қорларын құру мен пайдалануға байланысты құндық бөлу үдерісінде туындайтын қатынас. Оның ажырамас бір бөлігі, мемлекеттік несие. Мемлекеттік несие объективті тұрғыда экономикаға қажет, өйткені ол жалпы қоғамның даму қажеттіліктеріне негізделеді.
Мемлекет аясында қолданылып жүрген, жүзеге асырылып келген мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыш бір-бірімен қатар жүріп келеді. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі қарастыратын мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыштың атқаратын қызметтері мен экономикаға тигізіп жатқан әсерлері жайында көптеген жайлар атқарылып жатыр.
Курстық жұмысының өзектілігі. Мемлекеттік қаржыда мемлекеттік несие маңызды роль атқарады. Оның көмегімен мемлекеттегі арт жақта қалған салаларға көмек ретінде және экономиканы тұрақтандыру ретінде қарастыруға болады. Мемлекеттік қаржының мемлекеттік несие буыны сан алуан атқарымдылық мақсатына орай мемлекет қоғамда болып жатқан экономикалық және әлеуметтік үдерістерге түрліше ықпал етеді, салалық және аумақтық мәселелрдің қолайлы шешімі болып табылады. Мемлекеттік несиенің атқарып жатқан қызметтерінің ең бастысы-экономиканың көтерілуін, сонымен қатар экономиканың тиімділігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз етіп келеді. Мемлекеттік несие Қазақстан Республикасының алдағы уақытта өркендеуі мен дамуына игі ықпал жасай алады. Қазіргі таңда өз қалпын сақтап, халық пен заңды тұлғаларға қызметін аяусыз көрсете отырып, жеке заңды тұлғалардан несие алуын қамтамасыз ете алады.
Мемлекеттік несие ақша қаражаттарын қайта бөлу қызметін орындайды Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектлердің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл қызметте мемлекеттік несие жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектлер арасында орналастырылатын мемлекеттік қарыздардың облигацияларын шығару, мемлекеттік бағалы қағаздардың басқада түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді, қазынашылық бондарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жеткізуге болады.
Борышты басқарудың негізгі проблемаларының бірі мемлекеттің басым қатысуы бар ұйымның сыртқы борышын басқаруға және жеке сектордың сыртқы борышын реттеуге жауапты мемлекеттік органдар арасында ақпаратпен алмасудың жұмыс істейтін жүйесінің жоқтығы болып табылады.
Сондықтан, мемлекеттік органдар арасында ақпаратпен алмасуды жүзеге асыру және тиісті деңгейде борыштың жағдайына жүйелік талдау жүргізу үшін бірыңғай тұтастандырылған электрондық дерекқор құрылатын болады, ол тоқсан сайынғы негізде мемлекеттік басқару секторының борышы және мемлекеттің шартты міндеттемелері бойынша – бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органмен, басым қатысуы бар ұйымдардың сыртқы борышы және жеке сектордың сыртқы борышы бойынша – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен, қаржы секторының қаржылық тұрақтылығының өлшемдері бөлігінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жаңартады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Мельников В. Д. Қаржы негіздері : жоғары оқу орындарына арналған оқулық, Алматы - 2009ж.;
2. Құлпыбаев С., Ынтықбаев С.Ж. «Қаржы», Алматы 2011 ж;
3. Р.У. Смагулова, К.А. Мадыханова, Ж.Ш. Сатыбалдиева, А.К. Тусаева «Ақша айналымы, қаржы және несие», Алматы-2008ж
4. С.Б. Мақыш «Ақша айналысы және несие» А-2004ж
5. http://kk.wikipedia.org - //Мемлекеттік борыш, мемлекеттік қарыз//
6. http://www.minfin.gov.kz - //Мемлекеттік борыш туралы оперативті деректеме// 2013ж
7. www.nationalbank.kz - //Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыштың, мемлекеттің кепілгерліктері бойынша борыштың жағдайын жыл сайын бағалау және 2013-2015 жылдарға арналған болжамы// 2013 ж
8. http://www.zhasalash.kz- //Сыртқы қарыз елге қауіп-қатер төндіре бастады// 2013 ж
9. О. Байманова //Қаржы жүйесі тұрақты қызмет атқарады /Саясат №7 2011 ж
10. Г . Шайманова //Несие жүйесінің бөлінуі / Альпари №4 2012ж
11. З. Оразова Айқын //Несие жүйесінің Қазақстандағы сипаты/ №3 2012 ж
12. Г. Оспанова //Қаржы жүйесінің интеграциялануы / Қаржы қаражат №7 2012 ж

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
5
5
7
10
14
14
17
19
21
23
1
1.1
1.2
1.3
2
2.1
2.2
3
МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ ... ... ... ... ... ... ... .
Мемлекеттік несиенің мәні, функциялары, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ..
Мемлекеттік несиенің нысандары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Мемлекеттік қарыз және оны реттеудің негізгі әдістері ... ... ... ... ... ..
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗЫН ТАЛДАУ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
Қазақстан Республикасының ішкі қарыздар көлемін талдау ... ... ... ...
Қазақстан Республикасындағы сыртқы қарыз көлемін талдау ... ... ...
ҚАЗАҚСТАН РЕПСУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕНІҢ МАҢЫЗЫ ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Мемлекеттік қаржы экономиканы реттеуге, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін, қорғаныс және мемлекеттік басқару мұқтаждарын қанағаттандыруға, мемлекеттік борышты өтеуге арналған мемлекеттік ақша қорларын құру мен пайдалануға байланысты құндық бөлу үдерісінде туындайтын қатынас. Оның ажырамас бір бөлігі, мемлекеттік несие. Мемлекеттік несие объективті тұрғыда экономикаға қажет, өйткені ол жалпы қоғамның даму қажеттіліктеріне негізделеді.
Мемлекет аясында қолданылып жүрген, жүзеге асырылып келген мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыш бір-бірімен қатар жүріп келеді. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі қарастыратын мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыштың атқаратын қызметтері мен экономикаға тигізіп жатқан әсерлері жайында көптеген жайлар атқарылып жатыр.
Реферат жұмысының өзектілігі. Мемлекеттік қаржыда мемлекеттік несие маңызды роль атқарады. Оның көмегімен мемлекеттегі арт жақта қалған салаларға көмек ретінде және экономиканы тұрақтандыру ретінде қарастыруға болады. Мемлекеттік қаржының мемлекеттік несие буыны сан алуан атқарымдылық мақсатына орай мемлекет қоғамда болып жатқан экономикалық және әлеуметтік үдерістерге түрліше ықпал етеді, салалық және аумақтық мәселелрдің қолайлы шешімі болып табылады. Мемлекеттік несиенің атқарып жатқан қызметтерінің ең бастысы-экономиканың көтерілуін, сонымен қатар экономиканың тиімділігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз етіп келеді. Мемлекеттік несие Қазақстан Республикасының алдағы уақытта өркендеуі мен дамуына игі ықпал жасай алады. Қазіргі таңда өз қалпын сақтап, халық пен заңды тұлғаларға қызметін аяусыз көрсете отырып, жеке заңды тұлғалардан несие алуын қамтамасыз ете алады.
Мемлекеттік несие ақша қаражаттарын қайта бөлу қызметін орындайды Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектлердің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл қызметте мемлекеттік несие жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектлер арасында орналастырылатын мемлекеттік қарыздардың облигацияларын шығару, мемлекеттік бағалы қағаздардың басқада түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді, қазынашылық бондарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жеткізуге болады.
Борышты басқарудың негізгі проблемаларының бірі мемлекеттің басым қатысуы бар ұйымның сыртқы борышын басқаруға және жеке сектордың сыртқы борышын реттеуге жауапты мемлекеттік органдар арасында ақпаратпен алмасудың жұмыс істейтін жүйесінің жоқтығы болып табылады.
Сондықтан, мемлекеттік органдар арасында ақпаратпен алмасуды жүзеге асыру және тиісті деңгейде борыштың жағдайына жүйелік талдау жүргізу үшін бірыңғай тұтастандырылған электрондық дерекқор құрылатын болады, ол тоқсан сайынғы негізде мемлекеттік басқару секторының борышы және мемлекеттің шартты міндеттемелері бойынша - бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органмен, басым қатысуы бар ұйымдардың сыртқы борышы және жеке сектордың сыртқы борышы бойынша - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен, қаржы секторының қаржылық тұрақтылығының өлшемдері бөлігінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жаңартады.
Реферат жұмысының мақсаты: мемлекеттік несиенің мәні мен қызметтерінің экономикалық түсінігін қалыптастыру, оның мемлекеттік қаржыдағы орнын айқындау, мемлекеттік несиеге экономикалық тұрғыдан сипаттама беру, оның несиелік қатынастағы орнын көрсету болып табылады.
Рефератқа қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылды:
oo мемлекеттік несиенің мәнін, функцияларын және түрлерін қарастыру;
oo мемлекеттік несие нысандары мен әдістерін қарастыру;
oo Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарыздарына талдау жасау;
oo Қазақстан Республикасында мемлекеттік несиені қолдану бағыттарын жетілдіру жолдарын айқындау.
Реферат жұмысының құрылымы: кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ
1.1 Мемлекеттік несиенің мәні, функциялары, түрлері
Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына заңды және жеке тұлғалардың бос ақша қаражаттары несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға шоғырландыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік несие болып табылады.
Мемлекеттік несие -- жалпы мемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және несие қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, заңды және жеке тұлғалар несиегерлер (кредиторлар) немесе қарызгер болып табылады. Халықаралық экономикалық қатынастар саласында мемлекет қарызгердің де, қарыз алушының да, несиегердің де рөлінде көрінеді.
Мемлекеттік несиенің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мезгілдігінде және ақылығында. Алайда бұл қатынастарды банк несиесімен шатастыруға болмайды. Несие қоры ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындар мен ұйымдарды иесиелендіру жөне оның тиімділігін арттыру үшін пайдаланылады; несиелерді жеке адамдар да ала алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді банктік несиелендіру несие қорын өнімді пайдалану болып табылады.
Мемлекеттік несиенің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік несие жөніндегі қатынастар мына негіздерде қаржы қатынастарына кіреді:
oo мемлекеттік несие жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі қажеттіліктерді -- өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты стратегиялық, оперативтік қажеттіліктерді де қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттік қаржы ресурстары ретінде қаралады;
oo алынған және берілген несиелер үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар "антиципацияландырылған салықтар", яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады. [1]
Қаржының бөлгіштік функциясы шеңберінде мемлекеттік несие ақша қаражаттарын (оларды кейін қайтару шартында) қайта бөлудің қосалқы функциясын орындайды. Бұл халықтың, кәсіпорындар мен ұйымдардың уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік несие жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Бұл функция іс-әрекетінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдайы өндірістің ауқымын арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады.
Мемлекеттік несиенің екінші қосалқы функциясы -- реттеу функциясы. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағындарын реттейді: несие капиталының нарығында қаржыгер бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады. Сөйтіп, мемлекет бұл нарықтағы бәсекеге араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады ("ығыстыру әсері"). Бұл олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады. Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның (қолма-қол ақшаның және қолма-қолсыз ақшаның) қысқаруына жеткізеді, мұның өзі ақша эмиссияның зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.
Сөйтіп, егер несиенің қайта бөлгіштік функциясының көмегімен мемлекет қаржы ресурстарын тікелей белгілі бір салаларға (немесе қажетті өндірістің дамуына) бағыттайтын болса, реттеуші функция арқылы мемлекеттік несие жөніндегі қатынастарға қатыспайтын шаруашылық қатынастарының субъектілеріне қосымша жанама ықпал етуге жетеді.
Мемлекеттік несиенің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және оларды мемлекеттің кезек күттірмейтін қажеттіліктерін қаржыландыруға бағыттауға саяды.
Мемлекеттік несие түрлері бойынша ішкі, сыртқы (халықаралық), шартты болып ажыратылады.
Ішкі несиеде мемлекеттік несие қатынастары жан-жақты тұрғыда: қарызгер кезінде де, несиегер ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.
Халықаралық несиеде қатынастарға бір жағынан, үкімет биліктің жергілікгі органдары, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары араласады. Несие беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал несие алушы ел реципиент-ел деп аталады.
Шартты мемлекеттік несие отандық қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық карызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді. [2]
Сонымен, мемлекеттік несие -- жалпы мемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және несие қатынастарының жиынтығы, оның ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мезгілдігінде және ақылығында. Мемлекеттік несиенің екі негізгі функциясы бар, бөлгіштік функциясы және реттеу функциясы. Мемлекеттік несие түрлері бойынша ішкі, сыртқы (халықаралық), шартты болып ажыратылады. Мемлекеттік несиенің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және оларды мемлекеттің кезек күттірмейтін қажеттерін қаржыландыруға бағыттауға саяды. Мемлекеттік несиенің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс.
1.2 Мемлекеттік несиенің нысандары мен әдістері
Мемлекеттік несиенің негізгі нысаны несие қатынастары болып көрінетін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарызгер ретінде болады.
Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады.
Өтеу мезгілі бойынша: қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары);
Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады.
Орналастыру әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және мәжбүрлеме қарыздар.
Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей, ақша нысанында шығарылады, бірақ қажет болғанда заттай нысаны да болады. Мысалы, 1922-1923 жж. КСРО-да заттай қарыздар (екі нан және бір қант қарыздары) шығарылды. Оларды шығару сол кездегі ақшаның тез құнсыздануымен айқындалды. Осындай мақсатпен алтын қарыздар да (яғни алтын түрінде есептелген қарыздар) шығарылды. Заттай қарыздарды өтеу не зат түрінде, не қарызды өтеу мезетін деп қанттың немесе нанның нарықтық бағасы бойынша ақшамен жүргізілді. Бұл қарыздарды өтеу жыл бойы жүргізілді.
Эмитентке қарай қарыздар үкіметтіқ қарыздарына және биліктің жергілікті органдарының қарыздарына (муниципалдық қарыздарға) ажыратылады.
Табыстылық түрлері бойынша қарыздар пайыздық (карыз иелері жыл сайын тең үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрлаулы табыс алады); ұтыс немесе лотореялық (табыс облигациялардың өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы шыққанда төленеді) қарыздар болуы мүмкін. Аталған мемлекеттік қарыздардан басқа олардың тарихында (бұрынғы КСРО бойынша) шаруа қарыздары (1924, 1925, 1927 жж.), үш индустрияландыру қарызы белгілі. Сондай-ақ әскери қарыздар, 1946-1950 жж. халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту қарыздары (5 қарыз) белгілі.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланылатын несие қорын қалыптастыруға мемлекеттік банктердегі халықтық салымдары бойынша қалдықтардың бір бөлігін айналысқа қосу да мемлекеттік несиенің нысаны болып табылады. [3]
Мемлекеттік несиенің келесі нысаны -- елдің орталық эмиссия банкінің қаражаттарын тарту. Мемлекет айналыстағы ақша массасының инфляциялық құнсыздануымен қосарланатын бұл нысанға мемлекеттік несиенің әр түрлі келеңсіз себептерден -- дағдарысты жағдаяттардан, мемлекеттік бағалы қағаздарға сенімнің жоғалуынан, төтенше жағдайлардан туатын басқа нысандарын пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда иек артады.
КСРО-ның тәжірибесінде мемлекеттік несиенің нысаны ретінде бюджет тапшылығын жабу үшін жалпы мемлекеттік несие қорынан қарыз алу нысанының кең таралғаны белгілі. Қаржыландырудың мұндай әдісі дүниежүзілік тәжірибеде басқарудың тоталитарлық режімі орын алған мемлекеттерге тән. Ол инфляциялық процестерді жоймайды, керісінше, оларды күшейтуі мүмкін. Сондықтан Қазақстан Республикасының үкіметі 1998 жылдан бастап жалпы мемлекеттік несие қорының қаражаттарынан тікелей қарыз алуды тоқтатты.
Экономиканы тиімді реформалау міндеттерін сонымен қатар шетелдік инвестицияларды кеңінен қатыстырмайынша да шешу мүмкін емес.
Бұл орайда сыртқы несиелер мен қарыздарды тікелей шетелдік инвестициялармен шатастырмау керек. Несие пен қарыздардың бәрі инвестицияларға жата бермейді. Әсіресе, 1993-1994 жылдардағы несиелер мен қарыздар инвестицияға кірмегенін айтқан жөн. Олар бюджет тапшылығын жабу үшін, басқа да зәруліктерді қамтамасыз ету үшін жұмсалды.
"Мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қарыз алудың мынандай түрлерін атауға болады: мемлекеттік қарыз алу және мемлекет кепілдендірген қарыз алу.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қарыз алуды оның үкіметі, Ұлттық банкі және жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында, Ұлттық банктің қарыз алуы төлем балансын қолдау және Ұлттық банктің алтын-валюта активтерін толықтыру мақсатында, сондай-ақ елдегі жүргізіліп отырған ақша-несие саясатымен айқындалатын басқа да мақсаттарында жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуы аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға байланысты жергілікті бюджеттің тапшылығын жабу мақсатында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары болады:
1) қарызгерге қатысы бойынша:
oo Қазақстан Республикасы үкіметінің қарыздары;
oo Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыздары;
oo Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының қарыздары болып бөлінеді.
2) несие капиталының нарығы бойынша:
oo сыртқы мемлекеттік қарыздар;
oo ішкі мемлекеттік қарыздар болып бөлінеді.
3) қарыз алу нысаны бойынша:
oo мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы;
oo қарыз туралы шарттар (келісімдер) жасау болып бөлінеді.
4) қолданылу мерзімі бойынша мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар:
oo айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді;
oo айналыс мерзімі 1 жылдан 10 жылға дейін, орта мерзімді;
oo айналыс мерзімі 10 жылдан астам, ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Қарыз туралы келіссөздер жүргізу, шарттарға (келісімдерге) қол қою тәртібін, оның атынан эмиссияланатын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа түсіру, өтеу және оларға қызмет керсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Мемлекеттік несиенің әдістері әр түрлі және баяндалған нысандарға сай келеді. Мемлекеттік қарыздарда -- бұл қаражаттарды тартудың және оларды кейін қайтарудың амалдары, тәсілдері: олар қарыздарды шығарудың шарттарымен анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістері, іс-қимылдың мерзімі, орналастыру амалдары (облигацияларды, бондарды еркін сатып алу және сату; жазылу; мәжбүрлеме орналастыру), өтеу амалы (облигациялар бойынша ұтыстар, қордаланған пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп (сатып) алу; мерзімсіз қарыздарда -- пайыздық кірісті дүркіндік төлеу).
Қарыздардағы әдістерге сондай-ақ мемлекеттің борышын басқару әдістері де жатады (ары қарай қараңыз: жаңғырту (конверсия), нығайту (консолидация), сәйкестендіру (унификация), қайта қаржыландыру). [2]
Мемлекеттік несиенің нысандары кезінде -- мемлекеттік банктердің депозит ресурстарының қалдықтарын пайдалану кезінде мұндай қолданудың шарттары әдістер болып табылады: мемлекеттік қаржы ресурстары ретінде тартылатын ресурстардың үлесі, қайтару мерзімі, табыстылық нормасы. Елдің орталық эмиссиялық банкісінің қаражаттарын тарту шарттары -- әдістері ұқсас болады; бұл әдістер мұндай қарыз алудың инфляциялық ықпалын азайтуы тиіс. Мемлекеттік несиелер нысанындағы әдістер банк несиенің әдістеріне ұқсас болып келеді.
Сонымен, мемлекеттік несиенің негізгі нысаны несие қатынастары болып көрінетін мемлекеттік қарыздар; эмитентке қарай қарыздар үкіметтік қарыздарына және биліктің жергілікті органдарының қарыздарына ажыратылады. Мемлекеттік несиенің әдістері әр түрлі және баяндалған нысандарға сай келеді. Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей, ақша нысанында шығарылады, бірақ қажет болғанда заттай нысаны да болады.
1.3 Мемлекеттік қарыз және оны реттеудің негізгі әдістері
Мемлекеттік борыш - бұл алынған және белгілі бір күнге өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы. Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналасу нарығына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш мемлекеттік ішкі және сыртқы борыш болып бөлінеді.
Сонымен қатар мемлекеттік қарыздың капиталдық және ағымдық түрлері бар.
Капиталдық мемлекеттік қарызға мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борыштық міндеттемелерінің барлық сомасы (бұл міндеттемелер бойынша пайыздарды қоса есептегенде) жатады.
Ағымдық қарыз - бұл төлеу мерзімі жеткен мемлекеттің барлық мінедеттемелерінің жиынтығы. Қазақстан Республикасында мемлекеттік борыш өз кезегінде тікелей Үкіметтің, Ұлттық банктің және Үкіметтің кепілдігі уәдесін алған кәсіпорындардың борышы болып бөлінеді.
Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады. Экономикалық жағынан дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы болады. Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі және жұмыс істеу ерекшеліктеріндегі айырмашылық елеулі болады. Дамыған елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың біріктірілген факторлары болып табылады. Мемлекеттік сыртқы борыш - шетелдік несиегерлер турасында белгілі бір күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жататын елдің қаржылық міндеттемелерінің сомасы.
Дүниежүзілік тәжірибеде мемлекеттік мөлшерді салыстырмалы сипаттау үшін арнайы көрсеткіш - борышқа қызмет көрсетудің коэффициенті пайдаланылады. Ол борыштық төлемдердің елдің валюталық түсімдеріне қатысы ретінде есептеп шығарылды. Мұндай қатыстың қауіпсіз денгейі 18 пайыз болып саналады.
Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады. Экономикалық жағынан дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы болады. Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі және жұмыс істеу ерекшеліктеріндегі айырмашылық елеулі болады. Дамыған елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың біріктірілген факторлары болып табылады. [4]
Мемлекеттік ішкі борыштың басқа нысандарына мыналар жатады:
- бюджет тапшылығын жабу үшін бұрын алынған несиелер бойынша Ұлттық банкке берешек;
- облигациялар және басқа бағалы қағаздар шығарумен ресімделген халықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған қағаздар бойынша борыш. Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышын есепке алу үшін Ұлттық банк пен жергілікті атқарушы органдар келісілген тәртіппен Қаржы министрлігіне өз қарыздарының талаптары, алынуы, оларға қызмет көрсетілуі және өтелуі туралы ақпарат тапсырып отырады.
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті мемлекеттік құрылымдар үшін қарыз алудың лимиттері белгіленген:
1) үкіметтік борыштың лимиті;
2) ұлттық банктің сыртқы борышының лимиті;
3) жергілікті атқарушы орган борышының лимиті.
Бұл лимиттер тиісінше республикалық бюджетте, Ұлттық банкте, жергілікті бюджетте жоспарланатын, алынған және өтелмеген қарыздардың тіркелген сомалары болып табылады, бұл сомалар берілген күнге тиісті құрылымның нақты борышынаң аспау тиіс. Мәселе, Ұлттық банктің сыртқы борышының лимиті оның таза алтын-валюта активтерінің 50 пайыз деңгейінде белгіленеді.
Мемлекеттік борышты басқару - мемлекеттің өзі және оның кепілдігімен алынған борышқа қызмет көрсету, оны жоспарлы өтеу, жаңа қарыздарды тарту мен жүзеге асырудың шарттарын жасау жөніндегі мемлекет шараларының жиынтығы; мемлекеттің оған уәкілетті органдары арқылы ұтымды және тиімді қарыз алуды қамтамасыз ету және мемлекеттік несиеге қызмет көрсетуін оңтайландыру жөніндегі қызметі; басқару келешекте макроэкономикалық қиыншылықтардан және төлем балансының проблемаларынан аман болу мақсатында жүзеге асырылады. Бұл орайда борыш мониторингі - борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету процестерін қадағалап, бақылап отыру жөніндегі уәкілетті органдардың қызметінде мемлекеттік борыштын мониторингі жүргізіледі. Мемлекеттік қарызды басқарудың келесідей әдістері бар:
oo қайта қаржыландыру;
oo конверсия (мерзімді ұзарту);
oo консолидация (жаңғырту);
oo сәйкестендіру (унификация);
oo облигацияларды кемімелі ара салмақ бойынша айырбастау;
oo қарыздарды өтеудің мерзімін ұзарту;
oo мемлекеттік борышты төлеуден бас тарту.
Мемлекеттік борышқа қызмет көрсету деп қарыз алудың шарттарынаң туындайтын сыйақы, комиссиялық және өзге төлемдердің жиынтық төлемақыларын айтады.
Борышты өтеу - қарызгердің қарыздың алынған сомасын несиегерлермен шарттармен белгіленген тәрттіппен қайтаруы, белгіленген тәртіппен борышты құрайтын басқа міндеттемелерді орындауы.
Қайта қаржыландыру мемлекеттік берешекті жаңа қарыз шығару есебінен өтеуді білдіреді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz