Ес туралы жалпы ұғым


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

  1. ЕС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ.

1. 1 Ес туралы жалпы түсінік. Ес процестері. 4

  1. 1. 2 Естің психологиялық теориялары. 13
  1. ЕС ТҮРЛЕРІ. АДАМНЫҢ ЕСІН ЖАҚСАРТУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ЖОЛДАРЫ. 2. 1 Ес түрлері. 172. 2 Адамның есін жақсартудың тәсілдері мен жолдары. 19

ҚОРЫТЫНДЫ 26

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27

КІРІСПЕ

Адамның өмір тәжірибесін де қабылданғаны басынан кешкен ой-сезімі, әрекеті ізсіз жоғалып кетпейді, баста сақталады, кейін қайта жаңғыртылады. Бұрын қабылданған зат, құбылыс образдарын өз көңіл-күйлерін ойда сақтап, қайта жаңғыртатын психикалық процесті ес дейді. Бұрынғы уақытша жүйке байланыстары қызмет істесе, адамның есінде қалғаны қайта жаңғырады, санасына қайтадан келеді. Естің бұл күйін қайта жаңғырту дейміз. Адам көптен көрмеген танысын көргенде болған жері есіне түседі. Қабылдаған нәрсемен кездеспей-ақ қайта жаңғыртуды еске түсіру деп атайды.

Қайта жаңғырту процесінде тану мен еске түсірудің қызметі бірін-бірі толықтырып отырады. Мысалы бұрын оқыған кітабымыз болса, оны танимыз. Қабылданған нәрсенің есте қалғаны-естің материалы, есте сақталып, қайта жаңғырталғыны-естің мазмұны. Адам есінің негізгі мазмұны -сөзбен айтылатын материал. Адам басқа кісінің ойы бастан кешкен сезімдері, әрекеттері сөз арқылы қайта жаңғыртылады.

Есте қалдыру процесінде, әдетте, бір заттың немесе құбылыстың екінші бір затттармен немесе құбылыстармен байланысы жасалады. Мәселен, біздің жаңа танысқан адамымыздың атын есте сақтау үшін, біз белгілі бір атты ол адаммен, оның сыртқы келбетімен және басқа ерекшеліктерімен байланыстырамыз. Белгілі бір тарихи фактіні меңгере отырып, біз оны тарихтың басқа уақиғалармен байланыстырамыз. Оны белгілі бір кезеңге жатқызамыз. Шетел сөзін, мысалы das Haus деген сөзді есте сақтау үшін, бұл сөзді “үй” деген ұғыммен байланыстырамыз. Сөйтіп есте сақтау дегеніміз- жаңаны адамның санасында бұрыннан бар нәрсемен байланыстыру.

Ежелгі гректер естің мәні-заттар мен құбылыстардың арасында байланыстар жасауда екенін білген. Бұл байланыстар ассоциациялар (ассоциация-латынның assotiatio-қосу, байланыс деген мағынаны білдіреді) деп аталатын болады. Ассоциацияның үш түрі айырып көрсетіледі: а) шектестігіне (немесе уақытына) қарай. Мәселен, туған үйім туралы ойлағанда, мен онымен көршілес бау бақшаны есіме түсіремін. Белгілі бір оқиғаны еске түсіргенде сол кезде болған басқа бір фактілер ойыңа түсе кетеді; б) ұқсастығына қарай, в) контрастылығына қарай. Бұлай етіп жіктеуді ежелгі грек философы Аристотель көрсеткен болатын.

Бұл байланыстардан басқа, психологияда мағына байланысы дейтінге үлкен мән береді. Бұлар ассоциацияны тек неғұрлым күрделі ассоциация деп ұғады. Олардың негізінде бір құбылыстардың екінші бір құбылыстарға тәуелділігін түсіну жатады. Мәселен, оқушы теореманы білмесе, геометрия есебін шеше алмайтындығын біледі. Бұл байланыс мағыналық себептес- нәтижелес байланыс болып табылады. Мұндай асссоциациялардың адам өмірінде үлкен маңызы бар.

  1. ЕС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ.

1. 1 Ес туралы жалпы түсінік. Ес процестері.

Біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет-қылығымыз санамызда біршама уақыт (ұзақ қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатынын баршаға мәлім. Осыдан, өткен тәжірибемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жатып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталады.

Сонымен ес-бір бірімен ұштасқан дара бөлшектерден құралған күрделі психикалық процесс. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субъектісі жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратады.

Жантану ғылымы, осыдан, өз алдына келесі мәселелерді шешу міндетін белгілейді: санадағы өткен тәжірибе іздері қаншама уақыт сақталуы мүмкін?; есте қалдырудың ұзақ не қысқа мерзімді болуы неліктен?; ес іздері қандай өзгерістерге түсуі мүмкін?; естің адам танымына ықпалы қандай?

Сұрақтарға жауап іздеуге психология өзінің алғашқы эксперименттерін осы ес проблемасын зерттеумен байланыстырды. Өткен ғасырдың 80- жылдары неміс психологы Ғ. Эббингауз ойлаумен байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашты: мағынасыз әріп буындарын жаттай отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгіледі. Ал психиатр Э. Крепнина аталған тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру (жаттау) әрекетін тексеру үшін қолданды. Адам есінің бекуі және қайта жаңғырумен байланысты негізгі заңдар Г. Э. Мюллер еңбектерінде жария етілді.

Алғашқы кездегі ес зерттеулері көбіне саналы іс-әрекетпен байланыстырылды, ал XIX ғ. аяғы мен XX ғ. басында ғылыми іздену шеңбері кеңейе түсті, енді талдау аймағында есте сақтаудың жалпы табиғи, адамға да, жануарға да бірдей механизмдері алынды. Бұл тұрғыдан зерттеу жүргізген американ психологы Торндайк жануарлардағы дағдылардың қалыптасу заңдылықтарын ашып берді. Бұл үшін ол жануарларды лабиринтте жол табуға жаттықтырып, одан қалыптасатын дағдылардың бірізді беку процесін байқастырды. XX ғ. алғашқы он жылдығында ес процесін зерттеу жаңа ғылыми формаға еніп, ол И. П. Павлов ашқан шартты рефлекстер әдісімен байланысты болды. Есте қалдыруға ықпал жасаушы жаңа шартты байланыстардың пайда болуы мен олардың сақталу жолдары осы И. П. Павлов жаңалығына орай белгіленді. Бұл кезеңге дейінгі психологиялық зерттеулер естің ең қарапайым процестерімен ғана шектелген еді.

Ал естің ең жоғары, адамға өз өмірінің қалаған кезеңін жадқа түсіріп, оны пайдалануға мүмкіндік туғызатын ырықты және саналы формалары тек философтар тарапынан қарастырылып, олар естің табиғи формаларына қарсы қойылады да, жоғары сананың туындысы деп танылды. Сондықтан да естің жоғары формаларының пайда болуы мен даму себептерін айқындау философ -идеалистер күн тәртібінде тіпті де қойылмады. (А. Бергсон) .

Естің жоғары формаларының жүйелі зерттелуі орыс ғалымы Л. С. Выготский есімімен байланысты. Ол 20-жылдар аяғында өз шәкірттерімен бірлікте естің жоғары формаларының дамуы жөніндегі мәселені қозғай отырып, олардың әлеуметтік негізге ие психикалық іс-әрекеттің күрделі түрі екенін алғашқы рет дәлелдеді. Ұлы ғылымның ізбасарлары А. А. Смирнов және П. И. Зинченко естің саналы іс-әрекетпен байланыстылығы жөніндегі жаңа, әрі мәнді заңдарын ашып, есте қалдырудың алға қойылған мақсатқа тәуелді болатынын дәлелдеп, -әрі күрделі материалды есте қалдырудың тәсілдерін белгілеп, ұстаз тағлиматын одан әрі толықтырды.

Ес психологиясын зерттеудің біршама нәтижелі болуына қарамастан, естің физиологиялық механизмдері мен өзіндік табиғаты көпке дейін сыр болып, философтар мен психологтар есті “материяның жалпы қасиеті” деуден аспады. Кейінгі 30 жыл ішінде ғана бұл ғылым бағытында кейбір саңлақтар көрініс берді. Бұл кезеңдегі зерттеулер нәтижесінде есте қалдыру, сақтау және жаңғырту тереңде жатқан биохимиялық өзгерістермен байланысты екені анықталып, оның РНК (рибонуклеин қышқылы) құрамындағы ауысуларға тәуелділігі және ес іздерін биохимиялық жолдармен екінші ағзаға егуге болатыны дәлелденді.

Ақырында, ес іздерін сақтауға қажетті ми аймағын табуға және есте қалдыру мен ұмытудың жүйкелік механизмдерін ашуға ниеттелген зерттеулер жарық көрді. Қазіргі күнде ес процесін тану психологиялық, физиологиялық және биохимиялық негіздердегі ізденістерге сүйенеді. Осыдан, адам есі-біртекті қарапайым қызметтен құралмайтыны белгілі болып отыр. Оның құрамы сан-алуан. П. Линдсей мен Д. Норманн естің бір- біріне ұқсамас 3 типі болатынын алға тартады: 1) сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі; 2) қысқа мерзімді ес; 3) ұзақ мерзімді ес.

Сезімдік әсердің тікелей, нақты ізі. Бұл ес жүйесі біздің сезім мүшеміз қабылдаған дүние көріністерін толық әрі дәл сақтауға жәрдем береді. Мұндай жолмен еске түскен қоршаған орта ақпараты есімізде өте қысқа мерзімге ғана орнығып, 0, 1-0, 5 сек. ішінде жойылып кетеді.

  1. Қолыңызды 4 саусағыңызбен қағып, кейін оған келген сезімнің қалайша өшетініне мән беріңіз: қағу тоқтағаннан соң да, болған қаққылау сезімі біршама уақыт сақталып барып, сол жойылады да, кейін тек қаққы әрекеті болғаны ғана есіңізде қалады.
  2. Көзіңізді біраз жұма тұрып, кейін сол мезетте ашумен, қайта жұмыңыз. Ашып-жұму арасында қас-қағамды көрген заттарыныздың бейнесі нақ күйінде көз алдыңызда біраз сақталып, кейін жайымен жойыла бастайды.
  3. Қалам не сұқ саусағыңызды көз алдыңызда оңды-солды жүргізсеңіз, қозғалған затқа оның бұлдыр сағымы ергенін байқайсыз.

Қысқа мерзімді есте жоғарыда баяндалған жүйедегіге қарағанда материал басқаша тұрақтайды. Бұл жағдайда есте қалған бейне сезімдік деңгейдегі толық көріністей болмай, оқиғаның қандай да бір шығын баламасына сәйкес келеді. Мысалы, сізге қаратылған ақпарат оны құрайтын дыбыстар жүйесінде қабылданбай, біртұтас сөздер қалпында еске алынады. Әдетте, ұсынылған материалдың ең мәнді деген 3-4 бірлігі немесе кейінгі элементтері ғана қабылданады. Саналы, ерік күшін қосумен сол қабылданған сөздік материалды бірнеше рет қайталай отырып, оны есте біршама ұзақ мерзім сақтауға болады. Ал сезімдік естегі нақты бейне қайталанбайды, ол секундке жетпей, жойылады да, ұзарта сақтауға келмейді.

Ұзақ мерзімді ес. Баршаға белгілідей, осы мезетте болған оқиға мен атам заманда жүз берген тарихи жағдайларды есте сақтаудың арасында айтарлықтай өзгешелік бар. Осыдан, ұзақ мерзімді ес-жадта сақтау жүйесінің маңызды да әрі күрделі түрі. Жоғарыда келтірілген 2 ес жүйесінің қамту аймағы өте шектелген: біріншісі-шағын уақытқа жұмыс істесе, екіншісі- материалдың кіші бөлігін ғана ұстап қалуға қабілетті. Ал ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан арық сақталғаның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді.

Ұзақ мерзімді еске байланысты қиыншылық-бұл санадағы ақпаратты іздестіріп, таңдап, қажеттісін таба білу. Ал есіміздегі мәліметтің көптігі соншалықты, оны санмен айғақтау мүмкін емес. Солай болса да, сана қорымыздан қажетті дерек дер кезінде шыға келетініне таңданбасқа болмайды.

Бірақ ұзын мерзімді естің де аймақ көлемінің шегі барын мойындамасқа болмайды, себебі ол мөлшем мимен байланысты. Ғылымда дәлелденген, ми 10 млрд. нейроннан тұрады, ал әрбір нейрон аса көп заңды ақпарат сақтауға қабілетті. Бірақ әрбір жеке адам миының есте қалдырып, сақтау мүмкіндігі оның биологиялық әлеуметтік дамуына байланысты.

Адам және адамзат туралы айтқанда, біз әрдайым “есте сақтау”, “еске түсіру” сияқты ұғымдарды айтамыз. Адам әрдайым дамуға, прогреске, жаңа білімге ұмтылған, ал есте сақтау-бұл білім алу және білу үшін абсолюттік қажетті жағдай. Есте сақтаусыз адам тәжірибесін есте қалдыру және жинақтау, оның қоғамда қалыпты қызмет етуі мүмкін емес, сондықтан сте сақтау механизмін зерттеу педагогика, тәрбие сияқты аудандар үшін ерекше маңызды. Психолог С. Л. Рубинштейн былай деген: “Ессіз біз қысқа мезеттік жан едік. Біздің өткеніміз болашағымыз үшін өлі еді, ал қазіргі… өткенге қайтарылмайтындай ғайып болар еді”.

Ес, басқа танымдық психикалық процесс сияқты белгілі мінездемесі болады. Естің негізгі мінездемесі болып табылады: көлемі, әсер қалдыру жылдамдығы, қайта жаңғырту анықтығы, есте сақтау ұзақтығы, есте сақтаған информацияны қолдануға дайындығы.

Есте сақтау көлемі -бұл информацияны есте қалдыруға және сақтау мүмкіндігін сипаттайтын естің маңызды интегралды мінездемесі.

Қайта жаңғырту жылдамдығы практикалық әрекетке өзіндегі информацияны адам қолдана білу қабілетін сипаттайды. Қандай да бір міндетті немесе мәселені шешу қажеттілігімен кездескенде, адам есінде сақталған информацияға көңіл аударады.

Қайта жаңғырту анықтылығы -адамның нақты есте сақтау қабілетін бейнелейді, ал ең бастысы, есінде әсер қалдырған информацияны сақтау ұзақтығы адамның қажетті информацияны белгілі уақытта ұстап қалу қабілетін бейнелейді. Мысалы, адам емтиханға дайындалады. Оқу тақырыбының біреуін есте сақтайды, ал келесісін оқи бастағанда, есіне түсіре алмайтындығын байқайды. Кейде басқаша болуы мүмкін. Адам барлық қажетті информацияны есіне сақтады, ол оны жасамай алмаған. Алайда бірнеше уақыт өткен соң ол таңырқай білгенінің барлығын ұмытпағанын белгілеп көрсетті. Бұл жағдайда біз естің басқа мінездемесімен соқтығысып отырамыз-әсер қалдырып сақталған информацияны қайта жаңғырту дайындығы.

Есте қалдыру бұл қабылданған информацияны сақтау және әсерін қалдыру процесі. Есте қалдырудың бастапқы формасы-ырықсыз, ниеттелмеген мнемикалық әрекет, яғни мақсатты болмаған, арнайы тәсілдерді қолданбай-ақ жадта қалдыру. Бұл-болған әсерден ми қабығындағы кейбір қозу іздерінің санада бекіп қалуы. Ми қабығындағы әрқандай процесс соңында бекімі әр деңгейде болған із қалдырады.

Өмірде кездестірілген көбі адам есінде ырықсыз орнығады, төңіректегі заттар, құбылыстар мен тұрмыстық оқиғалар, адамдардың қылықтары, әншейін оқыла салған кітап мазмұны т. б., ал енді олардың әрқайсысысының жатталуы бірдей емес. Әдетте, адам үшін өмірлік маңызды нәрселер, қызығулары мен қажеттіліктеріне орай және іс-әрекет мақсаты, міндетіне байланысты заттар мен оқиғалар жеңіл есте қалады. Тіпті ырықсыз есте қалдырудың өзі де таңдамалы сипатты, адамның төңірекке қатынасының берік не әлсіз болуынан.

Ырықсыз есте қалдырудан адамның алдына мақсат қоюынан болатын ырықты, ниеттелген есті ажырата білу керек. Мұндай есте ақпараттардың санада бекіп қалуы үшін адам арнайы тәсілдер қолданады, күрделі ақыл-ой әрекетін пайдаланады. Оқу барысында ниетті есте қалдыру көп жағдайда жаттап алу формасында орындалады, яғни оқу материалы толық әрі мүлтіксіз жатталғанша, көп мәрте қайталанады. Жаттап алуды мақсат етіп қою маңызды роль ойнап, ол есте қалдыру үшін болған барша іс-әрекеттің мәнін айқындайды. Осыдан, ырықты есте қалдыру ырықсыз, ниеттелмеген есте қалдыруға қарағанда анағұрлым өнімді келеді.

Өмір барысында біз қабылдайтын заттың көбі алдымызға қойған арнайы мақсаттарға негіздемесе, есте тұрмайды. Сонымен бірге, егер алға осы міндет қойылып, оны іске асыру үшін қажет болған шаралар орындалып барса, есте қалдыру тиімді нәтижеге жетіп, санада берік орнығады. Бұл жағдайда жалпы мәселелер белгіленуімен бірге (тұтастай жаттап алу), жеке, арнайы міндеттердің де болғаны жөн. Мысалы, бір жағдайда негізгі, басты ой- пікірді есте қалдыру мақсаты тұрса, екіншіде-сөзбе-сөз жаттап алу, ал үшінші бірде-деректерді тізбектей жаттау ниеті тұрады.

Түсінікті болатын да, есте қалатын да ең алдымен біздің іс-әрекетімізбен тікелей байланыстағы заттар, құбылыстар. Бірақ біздің мақсатты әрекетіміздің мазмұнынан тыс, ырықсыз есте қылдыруға негіз болған әрекетке енбеген нәрселер көбіне ырықты есте қылдырудың болмағанынан ойда қала бермейді. Қалай болғанда да ескерілетін жәйт: біздің жүйелі білімдеріміздің көбі арнайы әрекет-шаралардың нәтижесінде пайда болады, жинақталады. Мұндай ниетті әрекеттің басты мақсаты-қажетті материалды есте сақтап қалу. Есте қалдыру және тұрақтанған материалды қайта жаңғыртуға бағытталған мұндай әрекет мнемикалық әрекет деп аталады. Мнемикалық әрекетте адам өзіне ұсынылған материалдан қажетті бөлігін таңдап, оны есте қалдыру міндетін қояды. Барша жағдайда адам өзіне есте қалдыруға ұсынылған нысанды басқалардан айыра біліп, қосымша әсерлерге берілмей, қайта жаңғырту кезінде сол материал шеңберінен ауытқамауы қажет. Мнемикалық әрекеттің таңдамалылығы осында. Материалды жаттап алу, оны есте сақтау және жатталғанды еске түсіру мақсатында өткендегілерді саналы сараптау-саналы іс-әрекеттің айрықша формасы болып саналады.

Механикалық және мағыналық есте қалдыру. Есте қалдырудың табысты болуы адамның жадында сақтауға қажетті болған материалының мағынасын толық түсіне білуіне тәуелді. Механикалық жаттауда сөздер, заттар, оқиғалар мен әрекеттер қабылдау негізіндегі ретімен, қандай да бір өзгеріссіз, сол қалпында есте орнығады. Мұндай есте қалдыру барысында адам жатталуға тиіс нәрселердің кеңістік пен уақыт ішіндегі өзара жақындығына сүйенеді. Ал мағыналы есте қалдыруға келетін болсақ, ол материал бөлшектері арасындағы көзден таза, ішкі логикалық байланыстарына негізделеді, яғни мұндай естің астарында екінші сигнал жүйенің жалпыланған байланыстары жатады. Осыдан, мағыналы есте қалдыру оның механикалық түрінен әлдеқайда тиімді келеді. Механикалық жаттау тиімдігі шамалы, көп еңбектеніп, сан мәрте қайталауды керек етеді; мұндай жолмен жатталғандар қажетті кезінде еске түсе бермейтіні де бар. Ал мағыналы жаттау адамды шектен тыс еңбектерден азат етіп, үлкен де нық нәтижелерге кенелуіне жол ашады.

Түсінімді және берік есте қалдырудың шарттары. Материалды түсініп, ұғу үшін әр түрлі әдістерді қолдануға болады. Игерілетін материалдың өзекті ой топтары бөліп алынып, жоспар түрінде өрнектеленеді. Жоспардың әрбір атамасы-мәтіннің белгілі бөлігінің жалпыланған тақырыбына айналады. Бір бөлшектен екіншісіне өте отырып, материалдың негізгі мағыналарының логикалық бірізді тізбегі құралады. Мәтінді қайта жаңғырту кезінде қажетті материал жоспар тақырыбы төңірегіне шоғырланып, оны еске түсіру жеңілдейді. Жоспар түзуге машықтану адамды оқуға, қызықтырған мәселелердің ішкі байланысы мен тәртібін байқап баруға үйретеді. Жоспар түзіп жаттауға дағдыланған оқушылардың білімі жоспарсыз есте қалдыруға тырысқан шәкірттердің білімінен анағұрлым артық та берік болатыны сөзсіз.

Материалды ұғудың пайдалы әдісі- салыстыру, яғни заттар, құбылыстар мен оқиғалар арасындағы бір-біріне ұқсастық пен ерекшелікті тани білу. Мұғалім көп жағдайда балаларға жаңа танымды түсіндіруде оны өткендігілермен салыстырып отырады, осылайша ол жаңа материалды оқушыларда қалыптасқан білім жүйесіне ендіріп барады.

Материалдың түсінді болуы оның нақтылығында. Бұл үшін жалпы ережелер мен анықтамаларды нақты, күнделікті өмірде кездесетін есептер мен мәселелерді шешу, байқаулар мен дәрісханалық жұмыстар арқылы түсіндіріп бару қажет.

Есте берік қалдырудың жолы- қайталап тұру. Бұл білім, ептілік, дағдыларды игерудің өте маңызды шарты. Бірақ мұндай іс-әрекет өнімді болуы үшін қайталау жұмыстары белгілі талаптарға сай орындалуы тиіс: қайталау белсенді және әр түрлі болуы лазым (мысалдар келтіру, сұрақтарға жауап беру, схема сызу, таблица түзу, көрнекі құрал жасау т. б. ) . Белсенді қайталау барысында екінші сигналдық жүйе жаңданып, материалды ұғына түсінуге нәр береді.

Қайталаудың әр түрлі формада іске асуы, игерілетін материалдың өмірмен, күнделікті тұрмыстық тәжірибемен ұштасып баруы есте қалдырудың толыққандылығын қамтамасыз етеді. Енжар қайталаудан пайда шамалы. Қайталау уақытын реттестіріп барған жөн. Уақытқа байланысты қайталау екі әдіспен орындалады: жинақты және бөлшектенген . Бірінші әдісте материал бір отырыста жатталады да, оның қайталануы үздіксіз, бірнеше рет орындалады. Мысалы, оқушының өлеңді жаттап алуы үшін 12 қайталау қажет болса, ол сол мәтінді 12 рет оқып, толық есте қалдырмағанша, жұмысын үзбейді. Ал бөлшектенген қайталауда мәтіннің әр оқылу арысы біршама уақытпен ажыратылады. Бөлшектенген қайталау жинақты қайталаудан тиімділеу. Уақыт пен қуат үнемделеді, білім игеруі мен жадта қалуы берік болады. Сондықтан да тәжірибелі мұғалімдер оқу материалын бүкіл жыл бойы қайталап баруға тырысады, бірақ жиі қайталаулардан балалар жалықпасы үшін олардың түрін, формасын, әдістерін алмастырып отырады, өткен материалды жаңа байланыстарға қосып барады.

Психологияда жаттау әдістерінің 3 түрі аталған: тұтастай, шамалап, аралас. Бірінші әдіс -материал мәтінін бастан аяқ, тұтастай бірнеше рет, толық игерілгенше қайталанады. Екіншісінде -материал бірнеше бөлікке ажыратылады да, әрқайсысы өз алдына бірнеше қайталанып, жатталады. Үшінші әдіс -аралас жаттауда тұтастай игеру және шамалап есте қалдырумен материал элементтері біріктіріледі. Бүгін материал алдымен толық, көлеміне орай бір, не бірнеше рет оқылады, кейін қиын тараулары бөліп алынып, өз алдына жатталады, ақырында бүтін мәтін қайтадан толық жаттауға түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық құбылыстарды жіктеу
Есте қалдыру
Қабылдау туралы жалпы түсінік
«Есті зерттеу»
Естің процесстері
Жалпы психология пәні
Ми және психика
Ес дамытудың тәсілдері мен шаралары
Ес туралы ұғым
Психологиядан дәрістер жинағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz