«Лизинг- инвестицияның қысқа мерзімді қаржыландырудың әдісі ретінде»
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Лизинг . өндірістің инвестициядағы құралы 5
1.1 Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны 5
1.2 Лизингтік операциялардың нысандары мен түрлері 8
2 Қазақстан Республикасында лизингтік операцияларының жүзеге асырылуына талдау («БТА ORIX Лизинг»АҚ мысалында) 14
2.1 Қазақстан Республикасында лизингтік операцияларына сипаттама 14
2.2 «БТА ORIX Лизинг».тің лизингтік операцияны жүргізудегі ерекшеліктерінің талдауы 17
3 Қазақстандағы лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру жолдары 21
Қорытынды 25
Пайдаланылған әдебиеттер 26

КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытта дамып отырғандығын ескеріп, ҚР Үкіметі оның бағытын өзгерту жолындарын республикамыздың 2006-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық стратегиясында еліміздің өндірістік секторындағы қызмет ететін негізгі құралдарды жаңарту міндетін белгілеген болатын.
Кеңес одағының тұсында қызмет етіп отырған кейбір құрал-жабдықтардың отандық өндіріс орындарында қолданылып келуі, бүгінгі қазақстандық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсеке қабілеттілігін арттыруға кері ықпал етіп отырғаны жасырын емес. Нақтырақ айтсақ бүгінгі отандық өндірістегі негізгі құралдардың 60-70 % ескі немесе тозған негізгі құралдар.
Өндірістік сектордағы құрал-жабдықтарды жаңартудың негізгі қаржыландыру түрі лизинг екендігін әлемдік тәжірибе дәлелдеп берді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұлттық экономиканы көтерудің басымды шаралардың біріне инвестицияларды пайдалану жатады және бұл орайда экономиканы құрылымды өзгерту сонымен қатар көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржыландыру түріне айналады деген болатын.
Осы жерде кәсіпорындарды орта және ұзақ мерзімді қаржыландырудың қазіргідей тиімді формасы лизинг бола алады. Лизинг қазіргі кезде қызмет жасайтын және жаңадан құрылатын лизинг алушылардың активтерін ұлғайтудың ең тиімді құралы болып саналады.
Әлемдік тәжірибеде бұл құрал шағын және орта бизнестің қолжетімді қаржыландыру көзіне айналған. Бастапқы кезде лизингтің дамуы үшін мемлекеттің қолдауы қажет екендігі белгілі. Мемлекет лизингтің дамуы үшін жасайтын қадамдарына салықтық жеңілдіктер және кеден бажынан босату сияқты шаралары, бәсекеге қабілетті өндірісті дамытуға ықпал етері сөзсіз.
Қазақстан мемлекеті бүгінгі күні лизингтің дамуына үлкен көңіл бөлуде. Ең бастысы лизингтік қатынастардың дамуына қажетті заңдылықтар базасы жетілдіріліп, салық салуға байланысты жеңілдіктер жасалды.
Коммерциялық банктерде бүгінгі күні өздерінің лизингтік компанияларын құру арқылы және лизингтік операцияларды жүзеге асыру арқылы мұндай үрдістің дамуына біршама өз үлестерін қосуда. Қазіргі кездегі Қазақстандағы жұмыс жасайтын 20-дан астам лизингтік компаниялардың 8-і отандық коммерциялық банктердің және банктік емес ұйымдардың еншілес компаниялары болып саналады.
Лизинг бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында маңызы бар инвестициялық саясаттың құралы болып табылады. Лизингті дамытудың өзектілігі қазіргі кезде отандық кәсіпорындарды қаржыландырудың балама көзіне айналуымен сипатталады. Сондықтан да бұл қызмет түрі өзінің экономикалық табиғаты жағынан ұлттық экономикамыздың сауығуына және әрі қарай өркендеуіне үлкен үлес қосатын, ал екінші жағынан халықаралық деңгейде отандық өндірушілердің шетелдік серіктестермен жаңа байланыстар орнатуға, оны нығайтуға ықпал ететін қаржылық қызмет түріне жатады.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. ҚР қаржы лизингі туралы заңдары;
2. Сейтқасымов М Банк ісі Астана-2009
3. Искакова З.Д. Банк ісі /Қарағанды 2006
4. Шакирова Г. М., Сүгірова Г.С. Лизинг-шағын кәсіпкерлікті қаржыландырудың қайнар көзі. // Қаржы- қаражат, 2008ж.
5. Тұрғанбаев Қ.Д. Несиелік және лизингті бизнесті дамытудың жолдары//Экономика. Тараз қаласы,2007ж;
6. Материалы Конференции «Лизинг в Казахстане» А., 2004.
7. Асабаева А.Д. Компания БТА лизинг на финансовом рынке
Казахстана//Транзитная экономика 3 1 , 2010. --с. 12- 14
8. Изатуллаева Б., Диметова Р. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытудағы лизингтің мәні мен қажеттілігі. // ХҚТУ Хабаршысы- Түркістан 2004ж.
9. Арзаева А.Ж. Лизинг шағын және орта бизнестің белсенділігін арттыру құралы ретінде// ҚҰУ хабаршысы.№5(57), 2006ж.
10. Некоторые ключевые аспекты внедрения лизинговых операций в экономику Казахстана // Вестн. Караганд. гос. ун-та им. Е.А. Букетова. – 2010. – № 1. – С. 71–75 (в соавт.). – 0,63 п.л
11. Оценка экономической эффективности лизинговой операции // Материалы междунар. науч.-практ. конф. «Экономические ориентиры на пути к ускоренной модернизации». – Алматы: Экономика, 2011. – С. 176–179. – 0,25 п.л

Кіріспе
3
1
Лизинг - өндірістің инвестициядағы құралы
5
1.1
Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны
5
1.2
Лизингтік операциялардың нысандары мен түрлері
8
2
Қазақстан Республикасында лизингтік операцияларының жүзеге асырылуына талдау (БТА ORIX ЛизингАҚ мысалында)
14
2.1
Қазақстан Республикасында лизингтік операцияларына сипаттама
14
2.2
БТА ORIX Лизинг-тің лизингтік операцияны жүргізудегі ерекшеліктерінің талдауы
17
3
Қазақстандағы лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру жолдары
21
Қорытынды
25
Пайдаланылған әдебиеттер
26
КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытта дамып отырғандығын ескеріп, ҚР Үкіметі оның бағытын өзгерту жолындарын республикамыздың 2006-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық стратегиясында еліміздің өндірістік секторындағы қызмет ететін негізгі құралдарды жаңарту міндетін белгілеген болатын.
Кеңес одағының тұсында қызмет етіп отырған кейбір құрал-жабдықтардың отандық өндіріс орындарында қолданылып келуі, бүгінгі қазақстандық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсеке қабілеттілігін арттыруға кері ықпал етіп отырғаны жасырын емес. Нақтырақ айтсақ бүгінгі отандық өндірістегі негізгі құралдардың 60-70 % ескі немесе тозған негізгі құралдар.
Өндірістік сектордағы құрал-жабдықтарды жаңартудың негізгі қаржыландыру түрі лизинг екендігін әлемдік тәжірибе дәлелдеп берді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұлттық экономиканы көтерудің басымды шаралардың біріне инвестицияларды пайдалану жатады және бұл орайда экономиканы құрылымды өзгерту сонымен қатар көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржыландыру түріне айналады деген болатын.
Осы жерде кәсіпорындарды орта және ұзақ мерзімді қаржыландырудың қазіргідей тиімді формасы лизинг бола алады. Лизинг қазіргі кезде қызмет жасайтын және жаңадан құрылатын лизинг алушылардың активтерін ұлғайтудың ең тиімді құралы болып саналады.
Әлемдік тәжірибеде бұл құрал шағын және орта бизнестің қолжетімді қаржыландыру көзіне айналған. Бастапқы кезде лизингтің дамуы үшін мемлекеттің қолдауы қажет екендігі белгілі. Мемлекет лизингтің дамуы үшін жасайтын қадамдарына салықтық жеңілдіктер және кеден бажынан босату сияқты шаралары, бәсекеге қабілетті өндірісті дамытуға ықпал етері сөзсіз.
Қазақстан мемлекеті бүгінгі күні лизингтің дамуына үлкен көңіл бөлуде. Ең бастысы лизингтік қатынастардың дамуына қажетті заңдылықтар базасы жетілдіріліп, салық салуға байланысты жеңілдіктер жасалды.
Коммерциялық банктерде бүгінгі күні өздерінің лизингтік компанияларын құру арқылы және лизингтік операцияларды жүзеге асыру арқылы мұндай үрдістің дамуына біршама өз үлестерін қосуда. Қазіргі кездегі Қазақстандағы жұмыс жасайтын 20-дан астам лизингтік компаниялардың 8-і отандық коммерциялық банктердің және банктік емес ұйымдардың еншілес компаниялары болып саналады.
Лизинг бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында маңызы бар инвестициялық саясаттың құралы болып табылады. Лизингті дамытудың өзектілігі қазіргі кезде отандық кәсіпорындарды қаржыландырудың балама көзіне айналуымен сипатталады. Сондықтан да бұл қызмет түрі өзінің экономикалық табиғаты жағынан ұлттық экономикамыздың сауығуына және әрі қарай өркендеуіне үлкен үлес қосатын, ал екінші жағынан халықаралық деңгейде отандық өндірушілердің шетелдік серіктестермен жаңа байланыстар орнатуға, оны нығайтуға ықпал ететін қаржылық қызмет түріне жатады.
Рефераттың мақсаты - лизингтік қызмет көрсету нарығында нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін коммерциялық банктердің лизингтік операцияларын дамытудың қажеттігі мен маңыздылығын теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздей отырып, лизингтік операцияларын дамыту және жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады.
Көзделген мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:
oo лизингтік операциялар ұғымын нақтылау;
oo лизингтік қызмет көрсетулердің ерекшеліктерін көрсету;
Рефераттың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Лизинг - өндірістің инвестициядағы құралы
1.1 Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны
Лизинг сөзі "to lease" ағылшын етістігінен аударғанда " жалға беру" дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден (аренда) айырмашылығы - жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг - бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал - жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-сатыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты. [1]
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтік несиеден бір айырмашылығын келісім шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг обьектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік обьектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э. 2000 жылдай бұрын ертедегі Вавилонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операцмясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы "Белл Телефон Компани" деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. "Юнайтед Стейтс лизинг корп." атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан - Францискада (АҚШ) құрылған. Еуропада 1962 жылы "Дойче лизинг ГМбХ" деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы дамып келеді. Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
1. Шұғыл лизинг - бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
2. Қаржы лизингі - бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін - өзі өтеуімен байланысты сипатталады.
Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:
Ішкі лизинг - бұл оның қатынасушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.
Халықаралық лизинг - бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.
Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.
Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол несие алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.
Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85 %- ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизинг беруші лизингке беретін активтер құнының 80 %- дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен құрал-жабдықтың өзі несиені қамтамасыз ету құралы болып табылады.
Мұндағы лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі мынадай формуламен есептеледі:
ЛТ=АА+ НТ+ КТ+ ҚТ+ ҚҚС (1)
Мұндағы:
oo ЛТ - лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;
oo АА - ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар сомасы;
oo НТ - лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлемі;
oo КТ - лизингтік келісімшарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге комиссиондық төлем;
oo ҚТ - көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем;
oo ҚҚС - лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизингті алушы төлейтін қосылған құнға салынатын салық.
Амортизациялық аударымдар (АА) сомасының формуласы:
АА=БҚ*На100 (2)
Мұндағы:
oo БҚ - мүліктің баланстық құны;
oo На - амортизациялау нормасы (%)
Несиелік ресурс үшін төлем (НТ) формуласы:
НТ=НР*НС100 (3)
Мұндағы:
НР - лизинг берушінің пайдаланған несиелік ресурсының шамасы;
НС - несие үшін сыйақы мөлшері.
Несиелік ресурс (НР) шамасының анықталуы формуласы:
НР=Қб*Қа2 (4)
Мұндағы:
Қб - мүліктің жыл басындағы құны;
Қа - мүліктің жыл аяғындағы құны.
Комиссиондық төлемінің (КТ) мөлшерінің формуласы:
КТ=НР*Қс100 (5)
Мұндағы:
Кс - комиссиондық сыйақы мөлшері.
Банктің қосымша көрсеткен қызметтері үшін төлемдер (ҚТ) есебі:
ҚТ=Шi + Шқ + Шж + Шб (6)
Мұндағы:
Шi - банк жұмыскерлерінің іссапар шығыстары;
Шқ - көрсетілген қызмет үшін шығыстар;
Шж - банктің жарнамасына кеткен шығыстар;
Шб - басқа да шығыстар. [2]
Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі - оның қарапайым несиелерден мындай артықшылықтарының болуына байланысты:
- Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг обьектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақ айтқанда,несиелік тәуекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді);
- Лизинг 100 % -ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамайөақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;
- Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады.
- Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.
- Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.
Лизинг операцияларына тән кемшіліктер мыналар:
- жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан (әсіресе инфляциядан) ештеңе ұтпайды;
- ұйымдастырудың күрделілігі;
- лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпай қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссяны көбірек алуға тырысады.
Лизингтік келісімшарт. Лизинг - бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция. Көптеген мәмілелерде кемінде үш келісімшарт жасалады: 1) лизинг беруші мен лищинг алушы арасында; 2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында; 3) лизинг алушы мен банк арасында.
Әдетте, мәмілеге келу алдында клиентті толық қаржылық талдаудан өткізеді. Лизингте, ең маңыздысы, бұл келісімшарт соңында құрал жабдықтың белгілі бір қалдық құнының қалуы.
Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр - түрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен, ұрлықтан және т.б.) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырылған көшірмесін береді.
Іс жүзінде кез келген лизингтік келісімшарт мынадай элементтерден қамтуға тиіс: обьектісі, жабдықтау мерзімі; лизингке алу мерзімі; лизингке берушінің меншіктік құқы; тәуекелдер,жауапкершілік,техникалық кепілхат; құрал-жабдықты пайдалану; күту, жөндеу және жаңарту; зиян,қолайсыз жағдайлар; сақтандыру; лизингтік төлемдер, комиссиялар; төлемді кешіктіргені үшін төлемақы өсімі; сатып алу мүмкіндігі; келісімшартты бұзу шарте; құрал - жабдықты қайтару; салықтар, байдар; жаңа міндеттемелердің пайда болуы; тараптардың қосымша құқықтары; даулар мен арбитраждарды қалыпқа келтіру; кешіктіру шарты (келісімшарт кепілдеме алуына байланысты күшіне енеді және т.юб.); қажетті ақпаратты беру міндеттемесі (мысалы,баланс); тараптардың қолдары; қосымша (материалдардың және т.б. сипаты); қалдық құнын кепілдеу; банктердің кепілдемесі.
Қазақстанда лизинг өзінің алғашқы қадамдарын 1989 жылдан бастады. Еліміздегі лизинг мынадай жолдармен қалыптасқан:
1) аймақтық көтерме - делдалдық фирмалардың және "Қаз-контракт" корпорацияларының жүргізілуіндегі жалға беруге байланысты кәсіпорындар және жұмыс істеп тұрған орындар және агроөнеркәсіп кешеніндегі облыстық және аудандық жабдықтау кәсіпорындары;
2) екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары;
3)жаңадан құрылған арнайы лизингтік фирмалар;
4)лизингтік халықаралық формалары - экспорттық, импорттық және басқа да шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындар және Республика аумағындағы шетелдік лизингтік компаниялардың дамуы.
Келесі қадамы ретінде лизинг қызметіне байланысты қабылданған заңдар, айталық: "Қаржы лизингі туралы" ҚР заңының (05.07.2000) ұзақ мерзімді лизингтің дамуына ықпал еткендігін айтуға болады. [3]
1.2 Лизингтік операциялардың нысандары мен түрлері
Лизингтік қызметтердің қазіргі нарығы лизинг нысандармен, лизингтік келісім - шарт үлгілермен және лизингтік операцияларды реттейтін заңды нормалардың алуан түрлілігімен сипатталады.
Лизингтің нысандары:
1. Қатысушылар құрамына байланысты:
тура лизинг, келісім шарт екі жақ арасында жасалынады, яғни жалға беруші және жалға алушы арасында;
жанама лизинг, келісім - шарт үшін үш немесе одан да көп жақтар арасында.
1. Мүлік нысанына байланысты:
жылжыйтын мүлік лизингі ( жабдықтар, техника, автомобильдер, кемелер, ұшақтар, т.б.), соның ішінде жаңа және қолданыста болғандар;
жылжымайтын мүліктік лизинг ( жалға беруші ғимараттарды, құрылғыларды жалға алушы тапсырысы бойынша сатады немесе сатып алады);
қолданыста болған лизинг мүлігі.
1. Мүліктің өтелімдігі бойынша:
толығымен өтелінетін лизинг, келісім - шарт мерзімі ішінде жалданатын мүліктің құны толығымен өтелінеді;
жартылай өтелінетін лизинг, бір келісім - шарт мерзімі ішінде мүліктің жартылай амортизация өтеді және оның жартысы ғана өтелінеді.
1. Амортизация деңгейіне байланысты:
толық амортизация деңгейі;
толық емес амортизациялық деңгейі;
қызмет көрсету мөлшері бойынша.
1. Қызмет көрсету мөлшері бойынша:
таза, мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады;
толық, мүлікке қызмет көрсеткенге кететін шығындарды лизинг алушы өзіне алады;
жартылай, мүлікке қызмет көрсетуге байланысты функциялардың жартысын лизинг берушіге жүктелінеді.
1. Нарық секторына байланысты:
ішкі, келісім шарттың барлық тұлғалары бір елді ұсынады;
халықаралық, келісім шарттың бір ғана тұлғасы немесе барлық тұлғалар әртүрлі елдерде орналасса, сонымен қатар жақтардың бірі өзара кәсіпорын болған жағдайда.
Халықаралық лизинг
импорттық - егер лизинг беруші мен лизинг алушы бір мемлекетте, ал жабдықтаушы басқа елде болса;
экспорттық - егер жабдықтың өндірушісі және лизинг беруші бір мемлекетте орналасса, ал лизинг алушы басқа елде болса;
транзиттік - егер барлық қатысушылар әртүрлі мемлекеттерде орналасса.
1. Лизингтік төлемдер сипатына байланысты:
ақшалай төлемді лизинг (барлық төлемдер ақшалай нысанда);
өтемақы төлемді лизинг (жалға алынған жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу);
аралас төлемді лизинг.
1. Салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысты:
нақты - жалға беруші инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация секілді, ал жалға алушы арендалық төлемдерді салықты төлеу үшін алынатын табыстардан шегере алу сияқты салықтық жеңілдіктерге ие болады;
жалған - мәміле спекулятивті сипатта болады және ең жоғарғы пайда алу мақсатында негіссіз салықтық және амортизациялық мәміле жасасу негізінде жүргізіледі.
1. Қаржыландыру әдісіне байланысты:
мерзімдік лизинг, бір жолғы аренда жүзеге асырылатын лизинг;
жаңғыртымалы лизинг, лизинг келісім-шарты бірінші келісім-шарт аяқталған соң қайта жалғастырылады.
1. Жалға алынатын мүлікке қатысты:
таза лизинг, бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға алушы өзіне алады;
толық лизинг, бұл лизингте жалға алынған мүллікке байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады.[2]
Лизингтің түрлері:
1. Қаржылық лизинг. Жалға беруші төлейтін төлем есебінен, жалға алынатын жабдықтың толық амортизациясын білдіретін ұзақ мерзімді келісім-шарт.
Қаржылық лизинг келесі негізгі белгілермен сипатталады:
үшінші тұлғаның қатысуымен;
келісім-шарттың мерзімі аяқталуына дейін келісім-шартты бұзу мүмкіндігінің болмауы;
лизингтік келісім периодын одан әрі жалғастыру мүмкіндігінің жоқтығымен;
қаржылық лизингте негізінен объектілер жоғары құнға ие болады.
Осындай келісімдер аренданың уақытына дейін аяқталуын көздемегендіктен, арендалық төлем сомасын дұрыс есептеу өте маңызды болып келеді, себебі осы мүліктің иесіне жабдықты сатып алуға және қолдануға байланысты барлық жоғалтуларды, сонымен қатар табыстылықтың қажетті нормасын өтеуге мүмкіндік береді. Лизингтің осындай нысанында мүлікті орнату мен сақтауға, ағымды қызмет көрсетуге байланысты шығындарды, көбінесе, жалға алушы өзіне алады. Көп жағдайда осындай келісімдер жалға алушының келісім-шарт аяқталған соң, мүлікті қалдықты құн немесе жеңілдікпен сатып алуға құқық береді. Жедел лизингкке қарағанда, қаржы лизингі мүлік иелерінің тәуекелін төмендетеді.
Қаржылық лизингтің объектілеріне жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар мен құрылғылар), сонымен қатар, өндірістің ұзақ мерзімді құралдары жатады. Қаржылық лизинг ұзақ мерзімді аренданың басқа екі түріне, қайтарымды және үлестік негіз болады.
1. Жедел лизинг. Ағымды аренда туралы келісім-шарт болып табылады. Жабдықты сатып алу мен қолдануға байланысты шығындар арендалық төлемдер есебінен бір лизингтік келісім-шартта өтелмейтіндіктен, осы жабдықты жалға бірнеше рет беруді талап етеді. Ол, көбінесе, 2 - 5 жылға келіседі. Жедел лизинг кезінде объектіге қатысты залал шегу мен жоғалтуға байланысты шығындарды жалға беруші өзіне алады. Лизингтік төлемдер ставкасы, көбінесе, қаржылық лизингке қарағанда жоғары болады, себебі шығындардың толық өтелетіндігіне ешкім кепілдік бермейді.
Жедел лизингтің негізгі объектілеріне жабдықтардың жедел тозатын түрлерін жатқызамыз: компьютерлер, көшірме және көбейткіш техника, оргтехниканың әр түрлі нысандары, т.б. және тұрақты сервистік қызметті талап ететін күрделі техникалық жабдықтар: (жүк және жеңіл автомобильдер, әуе лайнерлер, темір және теңіз транспорт).
Жедел лизингтің шарттары жалға алушы үшін тиімдірек кенін байқауға болады. Мысалы, егер жалға алушы моральды тозған жабдықтан келісім-шартты уақытының аяқталуына дейін күшін жойса, жалға алушының жаңа жоғары технологиялы және бәсекелесті құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жалға алушы әртүрлі қолайсыз жағдай туындаған жағдайда, осы іскерлік түрінен бас тартуы мүмкін. Ол мүлік иесіне уақытына дейін жалға алынған мүлікті қайтарып, өндірістің жойылуына және қайта құруына байланысты шығындарды азайтуға мүмкіндігі болады. Егер бір жолғы жобаларды немесе тапсырыстарды жүзеге асыру кезінде, жедел лизинг одан әрі қажетсіз болатын жабдықтар мен құралдарды сатып алудан босатады.
Біздің елімізде 2000 жылың шілде айында қабылданған Қаржылық лизинг туралы Заңға сәйкес лизингтік келісімге қатысушы тұлғаларға анықтамалар берілген.
Яғни, лизингтік келісімге қатысушылар ретінде лизингке беруші, лизингке алушы және лизингке берілетін мүлікті сатушы ретінде көрінетін жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Қаржы лизингі - бұл инвестицияның бір түрі. Лизинг беруші сатушыдан жекешелендіріп алған затын лизинг келісімшарты негізінде, белгілі бір құны мен белгілі бір шарттар негізінде уақытша иелік ету және кәсіпкерлік мақсатпен үш жылдан аса уақытқа пайдалануға Лизинг алушыға беруге міндетті.
Мәмілеге үш тарап қатысады:
Лизинг беруші - Лизинг бұйымын жекешелендіріп алып, оны Лизинг алушыға лизинг келісімшарты негізінде уақытша алуға және пайдалануға беретін қатысушы.
Лизингті алушы - лизинг келісімшарты негізінде лизинг бұйымын уақытша алатын және кәсіпкерлігі үшін пайдаланатын қатысушы.
Сатушы - Лизингті алушы таңдап алған тарап. Сатушы лизинг бұйымын Сатып алу-сату келісімшарты негізінде Банктің жекеменшігіне өткізеді. Ал Банк оны Лизинг алушыға лизинг келісімшарты негізінде уақытша алуға және кәсіпкерлігінде пайдалануға береді. [3]
Лизингтік мәміленің оңайлатылған нұсқасы:
Лизингті ала алатындар: жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, соның ішінде шаруа (фермер) қожалықтары, жүк және жолаушыларды тасымалдау аясында қызмет істейтін ұйымдар, құрылыс және өндірістік компаниялар, мұнай және газ өңдеу кәсіпорындары және т.б.
Қызмет шарттары: лизинг заты: ғимараттар, құрылыс нысандары, жер телімдері, транспорт, машиналар, және т.б. қолданбайтын заттар. Құнды қағаздар мен табиғи байлықтар лизингке жатпайды.
Ең төменгі сома: резидент сатушылармен жасалатын мәміле - 30 000 АҚШ доллары; Резидент емес сатушылармен жасалатын мәміле - 100 000 АҚШ доллары.
Лизинг мерзімі: 37 айдан аз болмауы тиіс.
Аванстық төлем: лизинг бұйымының өтімділігі мен оның бағасының амортизациясына байланысты лизинг бұйымының 0%-дан 50%-ға дейін;
Пайыздық мөлшерлеме: қаржыландыру мерзімі мен несиелеу тәуекелдігіне байланысты есептеледі;
Төлеу мерзімділігі: ай сайын немесе тоқсан сайын;
Ұйымдастыру комиссиясы: 0%-ден 3%-ға дейін;
Сақтандыру: лизингті жеткізу мен пайдалану мерзімі бойы міндетті түрде сақтандыру қажет.
Қаржы лизингін ұсыну шарттары жобаның ерекшелігіне байланысты әрбір клиентпен жекеше талқыланады.
Қаржы лизингтің артықшылығы:
Лизингті алушының салық түсетін табысынан қаржы лизингі бойынша сыйақысы шегеріледі;
Лизинг бұйымын пайдаланудың бірінші салық кезеңінде амортизацияны бөлу амортизацияның екі нормасы бойынша есептеледі;
Қаржыландыру мерзімі - 3 жылдан аз болмауы керек;
Лизингті алушы Сатушыны, лизинг бұйымын таңдау, жеткізу түрін және кедендік рәсімдеуді өзі таңдайды;
Мәмілені жүзеге асыру барысында Банктегілердің білікті кеңесі беріледі;
Лизингті алушыдан лизингтік аванстық төлем жасауы негізінде (несие қаржысына қарағанда соманың төмендеуі кепілдікпен қамсыздандыруды қажет етеді) қосымша кепілдік қажет етілмейді.
Лизингтік мәміленің кезеңдері
Әлеуетті Лизингті алушыға кеңес беру және мандатқа қол қою (мәміленің индикативті шарттары);
Банктің өкілетті органдарының лизингтік қаржыландыруға түскен өтініштерді қарауы және шешім қабылдауы;
Сатушы мен Лизингті алушының лизинг келісімшартына және сату-сатып алу келісімшартына отыруы;
Мәміле құжатын рәсімдеу және валюта заңнамасының талаптарына сәйкес қажетті процедураларды жүзеге асыру (лизинг бұйымы импортталса);
Жеткізу мен кедендік рәсімдеу (лизинг бұйымы импортталса);
Лизинг бұйымын алу мен беру, мемлекеттік органдарда тіркеу (қажет болған жағдайда) және лизинг бұйымын сақтандыру;
Банк пен Лизингті алушы арасында салыстыру актісін жасау;
Лизинг бұйымының меншік құқығын Лизингті алушыға рәсімдеу (барлық лизингтік төлемдер жасалғаннан кейін).
Лизинг бұйымын сатушыларға банк бірқатар талаптар қояды;
Банк ұсынған сату мен сатып алу келісімшарттың формасын пайдалану;
Лизинг бұйымын жеткізу шарттары - СIP және DDU;
Лизинг бұйымы үшін сатушыға ақша төлеу;
Жеткізілген күні;
Аккредитив;
Лизингті алушымен алу-беру актісіне қол қою;
Лизинг бұйымының кепілдігі - 1 жылдан аз болмауы керек;
Сатушы Лизингті алушының алдында лизинг бұйымын жеткізу, жеткізу уақыты және лизинг бұйымының қалпы үшін жауап береді. Қаржы лизингі бойынша жобаларды іске асыру Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы Қазкоммерцбанк филиалдарында жүзеге асырылады. Қазкоммерцбанктің мамандары лизингтік мәмілеге, тарифтерге қатысты барлық сұрақтарыңызға жауап беруге, бірлесе жұмыс істеудің өзара тиімді шарттарын ұсынуға, ынтымақтастықтың жеке схемасын әзірлеуге дайын. Сондай-ақ, сіз өз бетіңізше лизингтік төлемдерді, өтеу кестесін Лизингті есептеу калькуляторына жүгініп, есептей аласыз. [4]
2 Қазақстан Республикасында лизингтік операцияларының жүзеге асырылуына талдау (БТА ORIX ЛизингАҚ мысалында)
2.1 Қазақстан Республикасында лизингтік операцияларына сипаттама
Қазақстандағы лизингтің дамуы көп қырымен Еуропадағы лизингтің қалыптасуына ұқсас. Қазақстандағы алғашқы лизингтік компаниялар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz