Рим азаматтардың құқықтық жағдайы



Жоспар
1. Кіріспе
2. Тұлға және құқықтық қабілетінің ұғымы.
3. Рим азаматтардың құқықтық жағдайы.
4. Латиндер және перегриндер.
5. Құлдар және либертиндер.
6. Колондар.
7. Заңды тұлғалар.
8. Қолданылған әдебиеттер
Республика мемлекеті тез нығая бастады. Біздің заманымызға дейін ІІІ ғасырда Рум мемлекеті бүкіл Италияны қол астына алған, одан кейін Карфаген мемлекетімен көп соғысып б.з.д. 146 жылға қарай бүкіл Жерорта теңіздің жағасын басқан. Тарихтың да заңдары болады. Сондай бір заң бойынша әрбір республикада халыққа қарамайтын бүкіл билікті бір қолыма алайын дейтін кісілер табылады. Румда да осындай кісілер болған Сулла, Марий, Помпей тағы басқалар. Олардың ішінде б.з.д. 49-45 ж.ж. Гай Юлий Цезарь деген Принцепс / сенаттың төрағасы Сенатқа қарсы шығып, өзім жалғыз патша боламын деп тырысқан. Бірақ б.з.д. 45 ж. Республикашылар оны өлтірді. Сол кезден бастап әрбір Принцепс сенатты өз қолына алатын болыпты. Бұл заман б.з. д. 27 ж. - б.з. 193 ж. дейін созылған. Оңы Принципат кезеңі /Принцепс сөзінен/ аталған. 193 ж. Юлий Цезарьдаң немересі Октавиан Август өз өзіні император атағымен атап, таққа шыққан. Осыдан Рум тарихында императорлық әлде Доминат кезеңі басталады. /Доминат – Dominio басамын сөзінен шықты/ Империя жай мемлекет емес, бірнеше мемлекеттерді басқан, олардың жерлерін және халықтарын өз билігіне қосқан ел. Б.з. І, ІІ ғасырларда Рум империясы бүкіл Еуропаны басып, Шығыстың Армениядан, Батыстың Испанияға дейін созылған. Осы кезеңде І ғасырда Рум провинциясы (билік астындағы ел) Палестинада Иса пайғамбардың діні пайда болған...
Қолданылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республиканын Конституциясы.Астана,2004.
2. Қ.Р.Білім туралы заң.
3. Орысша-қазақша сөздік. Ред. Ғ.Ғ.Мұсабаев, Н.Т.Сауранбаев. 2 томдық. Алматы-1981.
4. Советский энциклопедический еловарь. Москва. 198.
5. Краткий еловарь иностранных слов. Под ред. Н. В. Лекина и Ф. И. Петрова. Москва. 1951г.
6. Дипломатический еловарь. Под ред А. Я. Вышынекого в 2 томах. Москва. 1950.
7. Финанеово-кредитный словарь. Под ред В. Ф. Тарбузова в 3 томах. Москва. 1986.
8. Қазақша-орысша сөздік. Ред. Х. Махмудов. Г. Мусабаев. Алматы. 1980
9. Юридический энциклопедический словарь под. Ред. А. Я. Сухарева, Москва 1983.
10. Латинский язык. Учебник под ред. В. Н. Ярко и В. И. Лобада. М. 1992.
11. М. Ізімұлы Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі.
12. Орысша-қазақша заң және құқықтану аталымдар сөздігі. Құрастырған Ж. Әлжаппарова. Астана 2000ж.
13. Қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы, 2001ж.
14. Новицкий И. Б. Римское право. Москва. 1998г.
15. Новицкий И. Б. Перетерский И. С. Римское частное право. Москва. 1997.
16. Пиляева В. В. Римское частное право. Москва. 2001.
17. Хвостов В. М. Система римского права. Москва. 1996

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Республика мемлекеті тез нығая бастады. Біздің заманымызға дейін ІІІ ғасырда Рум мемлекеті бүкіл Италияны қол астына алған, одан кейін Карфаген мемлекетімен көп соғысып б.з.д. 146 жылға қарай бүкіл Жерорта теңіздің жағасын басқан. Тарихтың да заңдары болады. Сондай бір заң бойынша әрбір республикада халыққа қарамайтын бүкіл билікті бір қолыма алайын дейтін кісілер табылады. Румда да осындай кісілер болған Сулла, Марий, Помпей тағы басқалар. Олардың ішінде б.з.д. 49-45 ж.ж. Гай Юлий Цезарь деген Принцепс сенаттың төрағасы Сенатқа қарсы шығып, өзім жалғыз патша боламын деп тырысқан. Бірақ б.з.д. 45 ж. Республикашылар оны өлтірді. Сол кезден бастап әрбір Принцепс сенатты өз қолына алатын болыпты. Бұл заман б.з. д. 27 ж. - б.з. 193 ж. дейін созылған. Оңы Принципат кезеңі Принцепс сөзінен аталған. 193 ж. Юлий Цезарьдаң немересі Октавиан Август өз өзіні император атағымен атап, таққа шыққан. Осыдан Рум тарихында императорлық әлде Доминат кезеңі басталады. Доминат - Dominio басамын сөзінен шықты Империя жай мемлекет емес, бірнеше мемлекеттерді басқан, олардың жерлерін және халықтарын өз билігіне қосқан ел. Б.з. І, ІІ ғасырларда Рум империясы бүкіл Еуропаны басып, Шығыстың Армениядан, Батыстың Испанияға дейін созылған. Осы кезеңде І ғасырда Рум провинциясы (билік астындағы ел) Палестинада Иса пайғамбардың діні пайда болған. Бірнеше жыл румдықтар сол діннің абыздарын қаштыртып, кейде өлтіріп та жатқан. Исаға дейін румдықтар бірнеше құдайларға сенген (Юпитер, Марс, Венера т.б.). Ал б.з. ІІІ ғасырдан бастап румдықтар да бір құдайға сенетін болды. Исаны Иисус деп атап, Алланың баласы ретінде санап Христиан дінін мемлекет діні ғылып жариялаған.



2. Тұлға және құқықтық қабілетінің ұғымы.
Заңи тіліміздің бойынша жеке адамды біз жеке тұлға деп атаймыз. Өйткені жай адамнан, жай кісіден жеке тұлға деген ұғымның бір айырмашылығы бар. Бұл айырмашылық кісінің құқықтары және міндеттері. Жеке адам осы құқықтары және міндеттеріне не болса, оның жағдайын біз құқықтық қабілеті дейміз. Ежелгі Римда жеке кісілер әлде ұжымдар өзі құқықтарына не болмаса оларды құқықтық субъектер деп атаған. Бірақ әр бірі жеке адамдардың арасында әртүрлі субъектер болған. Өйткені азат кісі, бағынышты кісі, ер әйел, құл, құлиесі, тағы басқалар әртүрлі құқтарына және міндеттеріне не болған. Сондықтан олардың құқықтық жағдайлары да әртүрлі болатын. Ал құқықтық жағдайды румдықтар Status (статус) деп атаған. Сонымен тұлғаның құқықтық статусы деген жеке адамдардың немесе адамдардың ұжымдарының міндеттері және құқытар құрамы.
Әрбір жеке тұлға өзінің құқықтарына не болса, сол кісіні регзопа деп атаған. Құлдар, әрине ешбір құқықтарға ие болған жоқ, сонымен оларды регзопа деп атаған жоқ. Құлдарды нәрселерінің (заттарының) арасында есептеген, латынша res арасында servi деп атаған.
Персоналар өзінің құқықтарына ие болса. сол құқықтарын пайдаланса, бұл жағдайды Сарut Һаbеге деген немесе құқықты қабілет дейміз.
Ал құқықты қабілеті да әртүрлі болған. Бір жақтан толық қабілеті, екінші жақтан толмаған қабілеті болатын. Олардың арасында бірнеше дәрежелер бар.
Құқықты толық қабілет үш статустан, үш жағдайдан құрастырған: Бірінші: бостандық жағдайы (Status libertatis)
Екінші: азамапық жағдайы (Status civitatis)
Үшінші: отбасы жағдайы (Status familiae)

Status libertatis - liberti (бостандық) сөзінен шықты. Бостандық жағдайның бойынша әрбір кісі немесе азат, немесе азат емес, құл болатын. Ал азат кісілердің құлдыққа жығылуға мүмкіндігі болған (соғыс жағдайда, қарыздан құлдыққа сатылса, әлде өте ауыр қылмыс үшін сотталса).
Құлдарға да бостандыққа шығуына мүмкіндігі болатын. (Өз өзін сатып алса, әлде оның иесі босатса).
Status civitatis - civilie (азаматтық). Рум тұрғыны Рум мемлекетінін азаматы болса оның құқықтық жағдайы ең толық болатын. Ал латин, немесе Перегрин болса бірнеше құқықтарға қолы жетпейтін. Немесе конеул болу, румдық әйелге некелену, әскері болу, тағы басқалар Перегрин, латин, колом деген тұлға атақтарға анықтамасын, басқа жерде айтамыз. Не болса да оларды қарасүйектер деп атауға болады. Бірақ, бұлар бәрі де азат тұлғалардың арасында есептелінеді. Олармен бірге шетелдектер де есептелген.
Status familiae - Familia - отбасы деген сөз. Бұл жағдайда екіге бөлінеді. Рум азат азаматы некеленген үйдің иесі болса, бұл кісінің құқықтары ең толық болатын. Отбасының басқа мүшелері (әйелдер, ұлдар, қыздар, тағы басқалар) бұл кісіге бағынышты деп есептелген. Сонымен олар бірнеше құқықтарға иесіз жолаған жоқ. Үйленуге, сайлауға, сайлануға, сатып алу, қарыз алу, сатып беруге де ешбір құқықтары болған жоқ.
Соңдыктан осы үш статус бойынша румдықтар біріншіден не азат не құл, екіншіден не азамат, не азамат емес, үшіншіден не отбасының иесі не оның бағынышы болған.

3. Рим азаматтарының құқықтық жағдайы.
Алдымызда айтқандай Рим тұрғыны азат болса, Рим мемлекетінің азаматы болса, одан кейін бір үйдің иесі болса бұл тұлға ең толық құқықтарға ие болатын.
Ең толық құқықтардың есебі:
Олардың ең біріншісі jus conubii (неке құқығы). Өйткені некесіз кісі иесі бола алмайды. Бұл құқық туралы ерекше сұрақ бар.
jus conubiiден кейін jus commercii шығады. Өйткені тек қана үйленген, азат азаматтарға коммерцияға (алып сату, айырбастау, қару алу, қарыз беру) рұқсат берілген. Осы екеуі тағы екі жеке (азаматтық) құқықтар қосылған, Екеуі де мұраға қатынасқан. Оның біреуі - testamenti factio passiva делінген - өсиет бойынша мұраға ие болу құқығы. Екіншісі-өсиетті қалдару құқығы, ол testamenti factio passiva делінген. Осы төртеуін (jus conubii, jus commercii, testamenti factio activa және testamenti factio passiva) біз ең негізгі азаматтық құқықтар деп есептейміз (жеке құқыққа қарайтын). Келесі үшіншісі - саяси құқықтар немесе көпшілік, публик құқықтарға жатқызамыз.
Олардың біреуі jus militarii - әскери құқығы. Басқа рум тұрғыңдары (логин, перегрин) осы құқыққа қатынаспайтын. Екіншісі jus suffragii - сайлауға, және сайлануға бағытталған құқық. Әрбір Рум азаматы халық кеңесіне, әлде ең биік кеңесіне сенатқа сайлануға және басқа азаматқа сайлануға мүмкіндік алған, үшіншісі - jus honorum делінген. Ол магистрaт болу, басқа мемлекеттік қызметке сайлануға тигізетін құқығы.
Сонымен рум азаматтарының ең негізгі құқықтары осындай: jus conubii, jus commercii, jus suffragii, jus honorum,jus militarii және testamentio factio activa мен testamento factio passiva. Осы құқықтарымен рум азаматы пайдаланса бұны құқықтық қабілетіне ие болған дейміз. Ал құқықтық қабілетімен тағы құқықты әрекет деген ұғым бар. Заң жолымен іс- әрекет жасауға құқығы бар және әрекетіне, ісіне, қылығына жауапты болатын кісіні әрекетті тұлға дейміз. Осындай жағдай, әрине, тек жасы толған адамға тиеді.

құқықты әрекет - қылық - поступок қамқоршы - опекун
Ежелгі Румда жас шамасы бойынша азаматтар үш жағдайға айырылатын. 7 жасқа дейін балалар ешбір құқықтарға ие болмаған. Бұларды infantes деген. 7 ден 12 дейін балаларда (impruberes) тек қана аса қымбатты емес заттарды сатып алуға құқығы болған. Бірақ сатып беруге құқығы болған жоқ. Ал 12 жастан қыздар, 14 жастан ұлдар үйленуге жарайтын. Осы жастан бастап ең негізгі құқытар жастарға рұқсатталған. Бірақ 25 дейін кейбір келісімдер (аса қымбат заттарға, аса жауапты істері) тек қана қамқоршымен әлде әкесімен бірге бекітілген. Сонымен жас бойынша жағдайлар осындай: 1. 7 жасқа дейін, 2. 7 ден 12 дейін, 3. 12 ден 25 дейін. Бірақ кейде 25 келген азаматтар өзіне қамқоршы алатын немесе әкесі оған қамқоршыны жалдаған. Сонымен негізгінен тлық құқықтық әрекет 25-тен басталған.
Бірақ әйелдер, әйел балалар өмір бойы толық құқықтық әрекетке ие болмаған. Солармен бірге есі ауысқандар және мүгедектер есептелген.
Дендері, естері сау ер азаматтарда ерекін жағдайда өзінің әрекетінен айырылатын болған. Негізінен осындай жағдай қиянашылдықпен арамдықпен байланған. Арамдықты Румда infamia деген. Infamia болдыратын осы ерекше жағдайдар:
1 - аса ауыр қылмыс жасау
2 - жолдастарды жалпы істерде алдау
3 - келісімдерді орындамау
4 - жаман кәсіппен байланысу (жезөкшелік, жеңгетайлық)
5 - әйелдердің арамдығы (мәселен құеуы қайтқаннан бір жыл шыдамай байға тиію)
6 таразы өлшемдерін бұзу, әлде онымен алдау.
Арам, infamia болған адамдарға бірнеше тек қоюлатып, жаза берілетін. Оларға үйленуге (әсіресе азат тұрған азаматшаларға), жолдастар қорына кіруге, сонша айтақ болуға тыйым салынған. Infamiara жақын Turpido деген жағдай болған. Turpis - ұятсыз, масқара мінез мағынада. Кейбір кәсіпкер ұятсыз болып есептелген. Мәселен цирк артистері, клоундар тіпті делінген. Осындай кәсіпкерлермен Рум азаматтары бір іс келісімдерді бекіткен жоқ. Олардан аулақ жүрген. Ал патрицийлер (ақсүйектер) одан әрі кәсіп жұмыста қалай болса да ұят іске санайтын. Жұмысты құл істеу керек делінген.
4. Латиндермен перегриндердің құқықтық жағдайы. Алдымызда айтқандағындай, Рум мемлекеті алдында бір қалада ғaнa болған. Қалалықтар өздерін Квириттер ден атаған. Тарих бойынша кварит деген бір тайнаның атағы. Ал Рум қаланын жақында Лациум деген ел болған (Latium). Сол Лациум тұрғындарды латини (Latini) атанған. Румдықтарға бұлар ең жақын ру-тайпа болатын. Кейде оларды Latini veteres ежелгі латиндер деп атаған. Бірақ, Рум қаласында латиндер румда тұрған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық бастаулары
Ежелгi Римнің саяси ой-санасы
ҚР азаматтық заңнаманы құрайтын заңдар мен нормативтік актілер
Рим құқығының қайнар көзі
МЕМЛЕКЕТТЕР ТИПОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, ЖІКТЕУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
Құқықтық қатынастың қалыптасу
Сотта істі қараудың жариялылығы
Рим құқығы
Құқықтың пайда болу түсінігі
Рим құқығынан кешен
Пәндер