Солтүстік Америка материгіне физикалық-географиялық сипаттама



Кіріспе 3

I Тарау. Солтүстік Америка материгіне физикалық.географиялық
сипаттама 4
1.1 Геологиясы 5
1.2 Жер бедері 6
1.3 Климаты 7
1.4 Ішкі сулары 9
1.5 Топырағы 10
1.6 Өсімдігі 10
1.7 Жануарлар дүниесі
11

II Тарау. Солтүстік Америка материгіндегі ландшафт типтерінің
физикалық . географиялық аудандарындағы таралу ерекшеліктері
2.1 Шығыс 12
2.1.1 Лаврентий қыраты 12
2.1.2 Ньюфаунленд аралы 13
2.1.3 Аппалач тауы мен Аппалач маңы 14
2.2 Жазықтардағы ландшафтардың таралуы
2.2.1 Орталық жазық 15
2.2.2 Жағалау жазығы 16
2.2.3 Ұлы жазық 17
2.3 Кордильер тауындағы ландшафтардың таралуы
2.3.1 Аляскадағы және Канаданың солтүстік . батысындағы Кордильер 18
2.3.2 Канаданың оңтүстік . батысындағы және Америка Құрама
штаттарының оңтүстік . батысындағы Кордильер 19
2.3.3 Америка Құрама Штаттарының оңтүстік . батысындағы Кордильер 21
2.4 Орталық Америка 23
2.4.1 Мойнақ 23

III Тарау
3.1 Курстық жұмыстың мектеп бағдарламасындағы алатын маңызы 26
3.2 “Солтүстік Американың табиғат зоналараның” сабақ жоспары 26

Қорытынды 29

Пайдаланған әдебиеттер 31
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Солтүстік Американың ландшафт типтерін, жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әр түрлі табиғат кешендерінің ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір – біріне тигізер әсерін, құрамдас бөліктерінің өзара орналаса заңдылықтарын көрсету өзекті болып табылады. Ландшафты сипаттау барысында территориялық табиғат кешендерінің түзілісі, құрамдық және құрылымдық бөліктері, географиялық кешендерді сипаттап, түрлендіру жолдары, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану сияқты мәселелерді, сонымен бірге Солтүстік Америка материгінің ландшафтық географиясын ауқымды қарастыру өзекті болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Солтүстік Америка материгінің ландшафт типтерінің таралау ерекшеліктерін қарастырып, оларға сараптама беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Алдымен әдебиттермен танысу;
- Алынған әдебиеттерді жинақтап анализ жасау.
- Солтүстік Америка материгіне физикалық – географиялық сипаттама беру.
- Материктің ландшафт типтеріне сипаттама беру.
- Курстық жұмыстың тақырыбын мектеп бағдарламасымен байланыстыру.
- Курстық жұмысқа байланысты карталар құрастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Солтүстік Америка материгіне физикалық – географиялық сипаттама бере отырып, метериктің табиғатының қалыптасу кезеңдеріне, яғни геологиясы, сонымен қатар жер бедері, климаты, ішкі сулары, топырағы мен өсімдігі және жануарлар дүниесі бірінші тарауда айтылып, жалпы сипаттама беріліп кетеді.
Курстық жұмыстың негізгі тақырыбын алатын негізгі мәліметтер екінші тарауда айтылған. Онда Солтүстік Америка материгінде таралған табиғат зоналары бойынша, ландшафтарға сипаттама берілген. Жалпы Солтүстік Америкада табиғат зоналарының орналасуының өзіндік ерекшеліктері бар. Солтүстігінде табиғат зоналары дәл Еуразиядағы сияқты тәртіппен батыстан шығысқа қарай тұтас белдеулер құрап, ендік бағытта таралады. Ал материктің орталығы мен оңтүстігінде табиғат зоналарының орналасуы меридиан бағытында жүреді. Бұл ең алдымен жер бедері мен климаттық жағдайларға байланысты. Сондықтан, осы заңдылықтарға сәйкес ландшафт типтері де жиі – жиі өзгеріске ұшырап, құбылып тұрады.
Курстық жұмыстың үшінші тарауында курстық жұмыстың мектеп бағдарламасындағы алатын маңызы жайлы қарастырылған.
Пайдаланған әдебиеттер.
1. Притула Т.Ю., Еремина В.А., Спрялин А.Н. Физическая география материков и океанов: Учебное пособие для студентов высших учебных заведений/М.:Гуманитар. изд. центр ВЛАДОС, 2004.-685 с.:ил.
2. М.Қ. Қаратаев., Қазақ Совет Энциклопедиясы. Алматы 1977 ж, 10 – том, 648 бет.
3. Власова Т.В. Материктердің физикалық географиясы. Педагогика институтында география мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған оқулық. Алматы, “Мектеп”, 1985 ж. Издательство “Просвещение” 1976 г.
4. География және табиғат №1 (43) – 2010 Қаңтар – ақпан Ж. Аманқұлова “Дамыты оқыту тәсілі” 31 бет.
5. География және табиғат №4 (40)- 2009 шілде – тамыз Ә. Құлахметова “Саяхатшылар ізімен” 17 бет.
6. Душина И.В., Коринская В.А., Щенев В.А География материков и океанов. 2009 г.
7. Шәріпов Ә. Алыс жағалаулар. Жол жазбалары. Алматы, “Жазушы”, 1970. 224 бет.
8. Молдағұлов Н. Ландшафт.-Алматы: Қазақстан, 1983.-112 бет.
9. О.В. Крылова. Материки и океаны. М, “Просвещение” 2000 г.
10. Библиотека энциклопедии для юношества. Америка и Австралия.-М.: “Педагогика-Пресс”, 2001 г.
11. Энциклопедия географии.-М.: “Махаон ”, 2001 г.
12. Тальская Н. Н., 2010 г. Атлас. География материков и океанов. Природа. Население. Хозяйство. 7 класс: С комплектом контурных карт.
13. Крылова О.В., География материков и океанов. 7 класс. Атлас. 2008 г.
14. Алексеевский А.А., География: Материки и океаны: В 2 ч.: Ч. 2: Материки планеты Земля: Антарктида, Южная Америка, Северная Америка, Евразия: Учебник для 7 класса общеобразовательных учреждений. 2008 г.
15. Атлас. География. 7 класс. 2009 г.
16. Животные. М.:2007 г.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе 3

I Тарау. Солтүстік Америка материгіне физикалық-географиялық 4
сипаттама
1.1 Геологиясы 5
1.2 Жер бедері 6
1.3 Климаты 7
1.4 Ішкі сулары 9
1.5 Топырағы 10
1.6 Өсімдігі 10
1.7 Жануарлар дүниесі 11
II Тарау. Солтүстік Америка материгіндегі ландшафт типтерінің
физикалық – географиялық аудандарындағы таралу ерекшеліктері
2.1 Шығыс 12
2.1.1 Лаврентий қыраты 12
2.1.2 Ньюфаунленд аралы 13
2.1.3 Аппалач тауы мен Аппалач маңы 14
2.2 Жазықтардағы ландшафтардың таралуы
2.2.1 Орталық жазық 15
2.2.2 Жағалау жазығы 16
2.2.3 Ұлы жазық 17
2.3 Кордильер тауындағы ландшафтардың таралуы
2.3.1 Аляскадағы және Канаданың солтүстік – батысындағы Кордильер 18
2.3.2 Канаданың оңтүстік – батысындағы және Америка Құрама 19
штаттарының оңтүстік – батысындағы Кордильер
2.3.3 Америка Құрама Штаттарының оңтүстік – батысындағы Кордильер 21
2.4 Орталық Америка 23
2.4.1 Мойнақ 23
III Тарау
3.1 Курстық жұмыстың мектеп бағдарламасындағы алатын маңызы 26
3.2 “Солтүстік Американың табиғат зоналараның” сабақ жоспары 26

Қорытынды 29

Пайдаланған әдебиеттер 31

Мазмұны

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Солтүстік Американың ландшафт типтерін,
жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әр түрлі табиғат кешендерінің
ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір – біріне тигізер әсерін,
құрамдас бөліктерінің өзара орналаса заңдылықтарын көрсету өзекті болып
табылады. Ландшафты сипаттау барысында территориялық табиғат кешендерінің
түзілісі, құрамдық және құрылымдық бөліктері, географиялық кешендерді
сипаттап, түрлендіру жолдары, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану сияқты
мәселелерді, сонымен бірге Солтүстік Америка материгінің ландшафтық
географиясын ауқымды қарастыру өзекті болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Солтүстік Америка материгінің ландшафт
типтерінің таралау ерекшеліктерін қарастырып, оларға сараптама беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Алдымен әдебиттермен танысу;
- Алынған әдебиеттерді жинақтап анализ жасау.
- Солтүстік Америка материгіне физикалық – географиялық сипаттама
беру.
- Материктің ландшафт типтеріне сипаттама беру.
- Курстық жұмыстың тақырыбын мектеп бағдарламасымен байланыстыру.
- Курстық жұмысқа байланысты карталар құрастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Солтүстік Америка материгіне физикалық –
географиялық сипаттама бере отырып, метериктің табиғатының қалыптасу
кезеңдеріне, яғни геологиясы, сонымен қатар жер бедері, климаты, ішкі
сулары, топырағы мен өсімдігі және жануарлар дүниесі бірінші тарауда
айтылып, жалпы сипаттама беріліп кетеді.
Курстық жұмыстың негізгі тақырыбын алатын негізгі мәліметтер екінші
тарауда айтылған. Онда Солтүстік Америка материгінде таралған табиғат
зоналары бойынша, ландшафтарға сипаттама берілген. Жалпы Солтүстік
Америкада табиғат зоналарының орналасуының өзіндік ерекшеліктері бар.
Солтүстігінде табиғат зоналары дәл Еуразиядағы сияқты тәртіппен батыстан
шығысқа қарай тұтас белдеулер құрап, ендік бағытта таралады. Ал материктің
орталығы мен оңтүстігінде табиғат зоналарының орналасуы меридиан бағытында
жүреді. Бұл ең алдымен жер бедері мен климаттық жағдайларға байланысты.
Сондықтан, осы заңдылықтарға сәйкес ландшафт типтері де жиі – жиі өзгеріске
ұшырап, құбылып тұрады.
Курстық жұмыстың үшінші тарауында курстық жұмыстың мектеп
бағдарламасындағы алатын маңызы жайлы қарастырылған.

I Тарау. Cолтүстік Америка материгіне физикалық - географиялық сипаттама.
Cолтүстік Америка поляр ендіктерінен бастап экваторға дейінгі аралықты
дерлік алып жатыр.
Солтүстік Америка жағалауларында ірі аралдар мен архипелагтар бар.
Солтүстікке бұлар – Гренландия аралы мен көптеген ірілі – ұсақты аралдардан
тұратын Канадалық Арктика архипелагы. Солтүстік Американың шығысында
Ньюфаундленд аралы, оңтүстік – шығысында – Үлкен және Кіші Антиль мен Багам
аралдары орналасқан. Солтүстік Америкаға оның солтүстік – батысы мен
батысында да көптеген аралдар таяу жатыр, олар: Алеут, Королева Шарлотта,
Ванкувер аралдары, Александр архипелагы.
Материктің жалпы көлемі аралдары қоса есептегенде 24 250 мың км²,
аралдың көлемі – 3890 мың км².
Солтүстік Америка, әсіресе солтүстік ендіктің 70° және 30° аралығында,
неғұрлым енді және көлемді болады. Құрлықтың қиыр солтүстігі мен оңтүстігі
су бассейіндерімен көп бөлшектенген.
Бүкіл материктің негізгі орографиялық элементтері субмеридиандық
бағытта созылып жатыр: батыста Тынық мұхиттың жағалауы бойымен сонау
Аляскадан Орталық Америкаға дейінгі 9 мың километр қашықтықта Кордильер тау
жүйесі алып жатса, шығыста – одан гөрі шағындау Аппалач тау жүйесі бар. Осы
екеуінің аралығында Солтүстік мұзды мұхиттан Мексика шығанағында дейін биік
және ойпаң жердегі жазықтар алабы үздіксіз созылып жатады.
Солтүстік жарты шардың барлық ендіктеріндегі жағдай мен биік
жоталардың үлкен ауытқулары Солтүстік Америка ландшафтының алуан түрлі
болып келуіне әсер етеді.
Тау жоталары мен жазықтардың көлденең созылып жатуы ауаның меридиан
бойлап ауысып отыруын қамтамасыз етеді, мұхитатардың тигізетін ықпалын
шектейді, атмосфералық алшақтарды (өзге материктермен салыстырғанда) едәуір
күшейтеді, көлбеу жатқан зоналардың субмеридиандық бағытта созылып жатуына
жағдай жасайды.
Географиялық жағдайына және геологиялық дамуы мен құрылымының
ерекшеліктеріне қарай Солтүстік Американың Евразиямен көптеген ұқсастықтары
бар. Бұл материктердің климат қалыптасу заңдылықтары ұқсас болады, климаты
біртекті келеді, зоналық ландшафтардың, жер бедерінің түрлері және басқа да
жағдайлар ұқсас болады. Дегенмен олардың мөлшері мен пішіні, орографиясы,
құрылым элементтерінің арақатысындағы айырмашылықтар әр материктің
географиялық өзіндік ерекшеліктерін танытады. Солтүстік Америка Евразияға
ұқсас, бірақ сонымен бірге оның өзіне ғана тән қайталанбас географиялық
ерекшеліктері бар.

1.1 Геологиясы
Құрлықтың геологиялық негізі – Солтүстік Америка (Канада) платформасы.
Бұл ең көне құрылым каледондық (құрлықтың солтүстік–шығысы, Гренландия,
Ньюфаунленд аралдары, Солтустік Аппалач), герциндік (Оңтүстік Аппалач,
Уошито жотасы, Канаданың Арктикалық архипелагы), мезо – кайнозойлық
(Кордильера) құрылымдарымен қоршалған. Атлант мұхиты мен Мексика шығанағы
жағалауларындағы мезо–кайнозойдың қалың шөгінділерімен жабылған ойпаттар,
осы платформаның плиталары болады. Платформа фундаменті АҚШ – тың
солтүстігінде, Канадада, Канаданың Арктика архипелагының оңтүстігінде,
Гренландия жағалауларының батыс және оңтүстік – батыс жағалауларында
байқалады және осы аймақта Канада (Канада - Гренландия) қалқанын құрайды.
Қалқанның оңтүстік – шығысымен өтетін Гренвиль белдеуінде докембрийдің,
протерозойдың карбонаты – кесекті жыныстары, граниттер мен габбро –
анортозиттердің массивтері, фундаменттің қалған бөлігі мен гранитогнейстері
құрайды. Платформаның шөгінді тысы платформа ойыстарында ордовик, карбон,
пермь, мезозой және кайнозойдың континенттік жыныстарынан қалыптасқан.
Фундамент аумағында бірнеше антиклезалар мен синтеклезалар бар. Солтүстік
Америка платформасының ең көне қатпарлы құрсауы – Солтүстік – шығыс
Гренландияның каледонидтері. Каледондық құрылымдардың мүжіліп бұзылуынан
пайда болған девонның ірі кесекті, қызыл түсті шөгінділері платформадағы
грабендерді толтырған, ал девонның осы шөгінділері жоғары палеозой және
мезозой шөгінділерімен жабылған. Оңтүстікте платформа шетін Аппалач пен
Ньюфаунлендтің палеозойлық қатпарлы жүйесі қоршаған. Солтүстік Аппалач пен
Ньюфаунленд қатпарлы жүйесі Логан тектоник, жарылысы бойынша өтетін
қаусырма арқылы Канада қалқанымен шектеседі. Солтүстік Аппалачтың осы
аймағында негізінен карбон мен пермьнің баяу деформацияланған континенттік
шөгінділеріне толған қондырма ойыстар бар. Аппалач жүйесінің платформалық
даму стадиясына ауысуы алдындағы бөлшектенуінен пайда болған тар енді
грабендерінен жоғары триас пен төменгі юраның континенттік шөгінділері,
базальттық лавалары орын алған. Атлант мұхиты мен Мексика шығанағы
жағындағы ерте герциндік қатпарлық аймағы бар кайнозой шөгінділерінің қалың
қабаттарымен жабылған. Канаданың Арктикалық архипелагы мен Гренландияның
солтүстік бөлігінің Инннуит деп аталатын қатпарлы жүйесінің басым көпшілігі
кембрий – девонның терригендік шөгінділерімен құралған және карбонның
басында қатпарлықтарға жиырылған. Солтүстік Американың Тынық мұхиттық
жағалауын бойлай созылған Кордильера қатпарлы белдеуі бүкіл шығыста
Солтүстік Америка платформасымен, Аляскада Инннуит белдеуінің Брукс
жотасының жүйесімен шектелген. Оңтүстікте платформа Антиль – Кариб
құрылымдарымен түйіседі. Кордильера белдеуі шығыс миогеосинклинальдық,
батыс эвгеосинклинальдық аймақтардан тұрады. Платформа мен Сеңгір таулардың
шегі арқылы өтетін миогеосинклинальдық шығыс зонасы АҚШ жеріндегі Солтүстік
Америка платформасының көтеріліп, активтенген тектоник қозғалыстарға
шарпылған шеті болып саналады. Кордильераның эвгеосинклиналы Аляска
түбегінен Панама мойнағына дейін созылады, одан әрі Солтүстік Андыға өтеді.
Эвгеосинклинальдағы ең күшті невада қатпарлығы жоқ юра кезінде өткен,
Канаданың жағалық ботолиті, Айдахоның, Сьерра – Неваданың, Калифорнияның
батолиттері төменгі юра – палеогенде қалыптасқан. Алясканың Тынық мұхиттық
жағалауы, Ванкувер, Королева Шарлотта аралдары, Орегон, Калифорния, Мексика
арқылы Орталық Америкаға өтетін эвгеосинклинальдың батыс бөлігі жоғары юра
– миоцен шөгінділерінен түзілген. Мұндағы қиманың төменгі бөлігінде
базальттар, кератофирлер, кремнийлі тақта тастар мен кезектесетін кесекті
жыныстардың терең сулық сериялары басымырақ, ал палеоген–неоген шөгінділері
флишоидтық комплекстен құралған. Жыныстар қимасы Аляска мен Каскадты
тауларда андезитпен, Колумбия үстіртінде плато базальтпен бітеді. Алясканың
оффилиот белдеуі және Калифорния мен Орталық Американың жағалық жоталары
мезозойда (юрада) қалыптасқан.

1.2 Жер бедері.
Материктің беткі құрылысы әртүрлі: батысын Кордильера тау жүйесі,
шығысын кең алапты жазық және аласа таулар алып жатыр. Батыс бөлігінің
орташа биіктігі 1700 м, шығысында 200 – 300 м, материк бойынша 720 м.
Солтүстік және солтүстік шығысында (негізінен Канада жерінде) Лаврентий
таулы үстірті, одан оңтүстікке қарай (көпшілігі АҚШ жерінде) Орталық жазық
орналасқан. Батысындағы Ұлы жазық (500 – 1500 м) солтүстігіндегі Макензи
ойпатына жалғасады. Орталық бөлігіндегі жазық шығысында оңтүстік батыстан
солтүстік шығысқа қарай сазылған Аппалач тауларына тіреледі. Таулы рельеф
сонымен қатар Канаданың Арктикалық архипелагының шығыс және Гренландияның
жағалық бөліктеріне тән. Материктің оңтүстік – шығысы Жағалық ойпат
құрамындағы Атлант маңы ойпаты (шығысында) және Мексика ойпатымен
аяқталады.
Кордильера тау жүйесі солтүстік – батыстан оңтүстік шығысқа қарай
созылып жатқан бірқатар доға тәрізі массивтерден тұрады. Шығыстағы доға –
Брукса, Макензи, Сеңгір (Элберт тауы, 4399 м) және Шығыстағы Сьерра – Мадре
тау жоталарын біріктіреді. Бұл жоталардан батысқа қарай биіктігі 1000 –
2000 м-лік Юкон, Британия Колумбиясы, Колумбия, Колорадо, Үлкен Алап таулы
үстірттері және Мексика таулы қыратының вулкандық үстірттері орналасқан.
Таулы үстірттер көпшілік жерде тау жоталарымен және қазан шұңқырларымен
(Үлкен алаптағы Өлім аңғарының биіктігі – 85 м) кезектесіп отырады.
Материктің батыс жағалауында Кенай, Чугач, Әулие Илья (Логан тауы, 6050 м),
Канаданың аралдық бөлігінің жоталары мен АҚШ-тың Жағалық жотасы орналасқан.
Мексика таулы қыратынан оңтүстікке қарай Кордильера тау тізбегі екіге
бөлінеді: біреуі шығысқа ауытқып су асты жотасын және Вест – Индия
аралдарын құрай Венесуэла Андысына, екіншісі – Теуантепек және Панама
мойнағы арқылы Колумбия Андысына жалғасады.
Жер бедерінің түрлілігі қазіргі құрлық аудандарының жасына және
континенттік даму тарихына тығыз байланысты. Көне геологиялық құрылымды
Лаврентий таулы үстіртіне палеозойдың шегінде қалыптасқан, тегістелген жер
бедері түрлері тән келеді. Төрттіктері мұз басуда бұл территорияның орталық
бөлігі майысуға ұшырап Гудзон шығанағының ойысы қалыптасып, моренналық және
су - мұз ысырындыларынан түзілген жер бедерінің моренналы – қырқалы типі
пайда болды. Орталық және Ұлы жазықтар жер бедерінің қабатты жазық типіне
жатады. Денудация процесі әсерінен және геология жыныстардың жату сипатына
қарай материкте куәсталық қырқа (Ұлы көлдер ауданы), сатылы үстірт (Ұлы
жазық), эрозиялық аласа және орта таулар (Озарк, Уошито) түзілді. Мезо –
кайнозойда мұхиттың біртіндеп шегінуінің нәтижесінде пайда болған жағалық
ойпаттардың шектерінде теңіздік аккумуляциялық жер бедерінің жас түрлері
(терраса, құмтіл, бар) сақталған, көне ішкі бөлігінде құрылымды –
эррозиялық жер бедері (куэста сатыларымен бөлінген аласа үстірттер) түрлері
таралған. Аппалач тауларының жер бедері көтерілген құрылымдарды өзеннің шаю
әрекетінен түзілген; мұздануға ұшыраған солтүстік бөлігінде жер бедерінің
мұздық түрлері (кең аңғар, тауаралық ойыстардағы моренналық шөгінділердің
шоғыры т.б.) қалыптасқан. Мезокайнозойда жер қыртысының қарқынды
қозғалысынан арктикалық аралдарда тау массивтері, Атлантиканың солтүстік
бөлігінде және Солтүстік Мұзды мұхитта ірі ойыстар пайда болды. Базальттың
жер бетіне жиналуынан Гренландияның шығысында биік таулы қыраттар түзілді.
Кордильера – материктегі активті жер бедерін қалыптастырушы белдеу болып
табылады. Канаданың Кордильера таулары. АҚШ пен Канада шекарасында және
Мексика таулы қыратының оңтүстігін лавалық үстірт (Фрейзер, Колумбия,
Орталық Меса) алып жатыр.
Кордильераның батыс белдеуі синклинориймен бөлінген ірі
геоантиклиналдарға сай екі тау жоталарынан тұрады. Шығыс жүйесі биігірек,
невада батолиттерінің үстіне қалыптасқан, беткейлері ассиметриялы жақпарлы
жоталардан (Канаданың Жағалық жотасы, Сьерра - Невада) тұрса, басқалары
(Аляск, Әулие Илья) осьтік бөлігінде интрузиялы жыныстары жер бетіне шығып
жататын, ірі антиклинальдық қатпарлық сипаттағы жоталардан тұрады. Бұл
таулар жер бедерінің альпі типіне жатады және 60° солтүстік ендіктен
солтүстікке қарайғы жоталарын ірі мұздықтар басқан. Сонымен қатар мұнда
соңғы атқылауда қалыптасқан вулкандық тау тізбелер де (Алеут, Врангель
массиві, Каскад және Көлденең Вулкандық Сьерра) кездеседі; әрекеттілері
– Врангель, Лассен-Пик, Попокатепетль т.б. Материктің батыс
жағалауын және Канаданың батысын жас генезисті жіңішке антиклинальды
жоталар алып жатыр.

1.3 Климаты.
Жылдық радиациялық баланс 56° солтүстік ендіктен солтүстікке қарайғы
өңірде 20 ккалcм²-дей; оңтүстікке қарай тез артып, 30° cолтүстік ендіктің
оңтүстік жағында 60 – 80 ккалсм²-ге жетеді. Үстіндегі ауа қозғалысы
негізінен батыстан шығысқа, тек оңтүстіктегі тропиктік ендікте солтүстік –
шығыстан оңтүстік батысқа (пассат) бағытталады. Ауаның батыстан басым
таралуы циклондарға байланысты. Бұл құбылыс Тының мұхит жағалауында күшті
дамып, Кордильера тау жоталары үстінде бәсеңдеп, Ішкі жазық үстінде қайта
күшейеді. Кордильера тауларының ішкі үстірттерінде антициклондар жиі
қалыптасады. Циклондарды орап суық арктикалық ауа кейде оңтүстікке –
Мексика шығанағына дейін өтіп кетеді. Циклонның алдыңғы жағымен жылы
ылғалды тропиктік ауа солтүстікке қарай, әсіресе материктің шығыс бөлігіне
өтіп кетіп температураны жоғарылатып, жауын- шашын мөлшерін арттырады.
Осыған байланысты қыста Тынық мұхит жағалауында жылы, жаңбырлы, таулы
бөлігінде қарлы, Алясканың көп бөлігі мен Кордильера тауларының ішкі
үстірттерінде, Канаданың солтүстік батысында аязды және құрғақ, ал
материктің орталық және шығыс бөлігінде тұрақсыз, пасаттар үстемдік ететін
тропиктік аудандарда, Мексика таулы қыратының оңтүстігінде және флорила
түбегінде жылы, қысы құрғақ ауа райы қалыптасады.
Жазды ауаның батыстан алмасуы кемиді. Материке бір тармағы Азор
антициклонының батыс бөлігімен араласып орталық және шығыс аудандарға көп
мөлшерде ылғал алып келетін Мексика шығанағының ауысуы тарайды. Орталық
Америка мен Вест – Индияға нөсерлі жаңбыр туғызатын экваторлық муссон ықпал
етеді. Тынық мұхиттық ауа тек Аляска түбегіне жаңбыр алып келеді.
Орташа қаңтар температурасы - 36°С – тан (Канаданың Арктикалық
архипелагының солтүстігінде) 20°С-қа дейін (Флорида мен Мексика таулы
қыраты) артады. Ең төменгі температура Аляска мен Канаданың солтүстік
батысында (-64°С) және Гренландияның мұзды қалқанынында биіктігі 3000 м-лік
өңірлерде (-70°С) байқалды. 0°С–там төмен температура батыс жағалаудың 40°
солтүстік ендіктен оңтүстікке қарай, Флориданың оңтүстік шеті, Мексиканың
оңтүстігімен Орталық Америкадан басқа жерде түгелдей байқалады. Орташа
шілде температурасы 4°С – тан 32°С –қа дейін артады. Ең жоғары температура
57°С (Батыс жарты шардағы ең жоғары көрсеткіш) Өлім аңғарында байқалды.
Жылдық жауын – шашын мөлшері Алясканың оңтүстік – шығысы, Канаданың батысы
мен АҚШ-тың солтүстік батысында 2000-3000 мм, кей жерлерде 6000 мм, АҚШ-тың
оңтүстік шығысында 1000–1500 мм (жазғы жаңбыр есебінен), Орталық жазықтар
мен материктің солтүстік-шығысында 600-1000 мм, Ұлы жазықта 400 – 600 мм,
ішкі үстірттер мен таулы үстірттерде 100 мм – ден кем.
Тұрақты қар жамылғысы қыста 40° солтүстік ендіктен (Ұлы көл аймағында
44° солтүстік ендіктен) солтүстікке қарай қалыптасады. Солтүстік Американың
арктикалық, субарктикалық, қоңыржай, субтропиктік, тропиктік және
субэкваторлық климаттық белдеулерде орналасқан. Арктикалық климаттық
белдеуге Солтүстік Мұзды мұхит суы шайып жатқан территория кіреді; бұл
өңірдің климаты қатаң, жауын- шашыны мол Алясканың солтүстік жағалауы мен
Канаданың Арктикалық архипелагының батыс бөлігі – тым континенттік
арктикалық климаттық аймаққа жатады. Субарктикалық климаттық белдеудің
батыс бөлігінің (Тынық мұхит маңы) жауын – шашыны мол, қысы жылы, жазы
салқын. Қоңыржай климаттық белдеу (40° солтүстік ендіктен солтүстікке
жұмсақ, өте ылғалды (батысында), қоңыржай континентті (шығысында).

1.4 Ішкі сулары.
Cолтүстік Американың жер беті ағын суына бай. Мұнда жер шарындағы ең
ұзын өзен жүйесі (Миссисипи мен Миссуримен) және тұщы судың көп шоғырланған
аймағы (Ұлы көл) орналасқан. Өзендердің орташа жылдық ағын мөлшері 8200
км³. Территория бойынша өзен торы біркелкі онналаспаған. Беткі ағынның көп
мөлшері Атлант мұхитына құяды. Атлант мұхиты алабындағы өзендердің өзен
торы жиі келеді. Көп бөлігі Миссисипи және Әулие Лаврентий өзен алаптарынан
тұрады. Тынық мұхит алабындағы өзендер басқа алаптарға қарағанда қысқа,
бірақ суы мол, құламалары көп. Ірі өзендері – Юкон, Колумбия және Колорадо.
Солтүстік Мұзды мұхит алабындағы өзендердің торлары толық жетілмеген,
көлдер мен батпақтарға бай. Ірі өзен жүйесі – Финли – Пис – Ривер –
Еріксіздер – Маккензи. Солтүстік Америка өзендерінің жалпы гидроэнергиялық
қоры 200 млн. квт. Өзендері қоректенуіне қарай 4 типке (жаңбыр, қар –
жаңбыр, мұздық және грунт суы) бөлінеді. Алғашқысы жағалық ойпат,
Аппалачтың оңтүстік бөлігі, Ұлы жазық, Орталық Америка, Вест – Индия және
АҚШ –тың Жағалық жота ауданының өзендерінен басқасы жазғы жаңбырмен
қоректеніп, жазда буланудың артуына байланысты деңгейі төмендейді.
Миссисисипи өзенінен батысқа қарай құрғақ өңірдің өзенжері (Колорадо, Рио –
Гранде т.б) жазда күрт аяздап, жоғары бөлігі құрғап қалады. Екінші типке
Лаврентий қыраты, Макензи ойпаты, Солтүстік Аппалач, Ұлы жазықтың солтүстік
бөлігі және Кордильера (АҚШ және Канаданың) өзендері кіреді. Бұл аймақтың
өзендері жаңбыр және қар суымен қоректенеді, қыста қатады. Ішкі жазықтар
мен Аппалач тауларының өзендері көктемде тасып, жаз бен қыста деңгейі
төмендейді. Миссури, Арканзас т.б өзендер (Огайо алабынан басқасы) суға
тапшы келеді. Ұлы көлден басталатын Әулие Лаврентий өзенінің жыл бойына су
шығыны біркелкі. Макензи, Черчилл, Юкон т.б өзендер көптеген көлдерді басып
ағуына қарамастан су режимі тұрақсыз; 8 ай қатып жатады, жаздың басында сең
буу жиі болып тұрады. АҚШ-тың солтүстік- батысы, Батыс Канада және
Алясканың оңтүстік батысындағы өзендердің суы мол, энергия қорына бай,
(әсіресе Колумбия ө.), келеді. Үлкен Алап және Мексика таулы қыратының ішкі
бөлігіндегі өзендер грунт суымен қоректенеді. Ірі көлдері – Ұлы көл,
Виннипег, Виннипегосис, Манитоба, Үлкен Еріксіздер көлі, Үлкен Аюлы көл,
Бұғылы көл, Никарагуа, Манагуа, Үлкен Тұзды көл.
Мұздықтары. Мұздықтардың жалпы ауданы 2 млн. км². Солтүстік Американың
ең ірі Гренландия мұзды қалқаны – жоғары төрттік мұз басу кезеңіндегі
қалыптасқан аудан. Элсмир аралы және Канаданың Арктикалық архипелагының
шығысындағы аралдардағы мұзды күмбездер де сол кезеңдерден бері сақталған.
Бұл аралдарға және Гренландияның жағалық бөлігіне қар типтес мұздықтар, ал
Элсмир аралының солтүстік жағалауында шельфтік мұздықтар тән. Материктіктің
өзінде мұздықтар Алясканың оңтүстігінде (Чугач, Кенай, Әулие Илья таулары)
мұхит деңгейіне төмен түседі. Сонымен қатар мұздықтар Брукса, Аляска,
Алеут, Сеңгір, Жағалық жоталарда, аздаған мөлшерде Каскад және Вулкандық
Сьерра – Мадре тауларының шыңдарында кездеседі. Антропогенде жамылғы мұз
басудың қамтыған мөлшері (Гренландиясыз) 15,6 млн. км² .

1.5 Топырағы.
Топырағы алуан түрлі. Материктің солтүстігіндеге Канаданың Арктикалық
архипелагының солтүстік аралдарына құрғақ арктикалық және тундралық
арктикалық топырақ тән. Архипелагтың оңтүстік бөлігін және Солтүстік Мұзды
мұхит жағалауында тундралы – глейлі топырақ дамыған. Алясканың батысын,
Алеут аралдарының вулкандық күлдерін шымды – торфты субполярлық топырақ
жапқан. Лабрадор түбегінің оңтүстігінде мореналық және ағынсу – мұздық
шөгінділерінің механикалық құрамы жеңіл иллювийлік – темірлі – шілрінділі
күлгін топырақпен, ал Лаврентий қыратының оңтүстік батысында және Ұлы
жазықтың солтүстігінде шымды – күлгін топырақпен алмасады. Қоңыржай
белдеудің оңтүстігімен субтропикада біркелкі топырақ субмеридиандық бағытта
немесе жинақталған массивтер түрінде таралған. Ұлы көлдер мен Солтүстік
Аппалач тауларында орманның қоңыр топырағы дамыған. Ұлы көлдердің оңтүстігі
мен Орталық жазықтың солтүстік батысында ылғалды қоңыржай клдиматтық
жағдайда прерийдің қара топырақ тәрізді қышқылы аз, шіріндісі мол топырақ
Ұлы жазықтар шекарасында қара топырақпен алмасады. Ұлы жазықтар мен
Колумбия үстіртінде қызылқоңыр топырақ кең өңірді алып жатыр. Құрғақ және
континентті климатты Үлкен Алап аймағында сортаңмен арналасқан шөлейттің
сұр топырағы, материктің ылғалды оңтүстік – шығысындағы бөлігіндегі
теңіздің сазды және құмдақты тұнбалары үстінде құнарлы қызыл және сары
топырақ басмы келеді. Миссипипидің батысында субтропиктік прерийдің қызғылт
– қара, бұталы даланың сұр қоңыр топырағы, Мексика таулы қыратының ішкі
аудандарында сұр және субстропиктік шөл, Калифорния түбегінде тропиктік шөл
топырақтары таралған.
Орталық Американың ойпаттарында ылғалды орманның қызыл сары және
саваннаның қызыл топырағы, Кордильера беткейлерінде әртүрлі тау топырағы,
ылғалды бөлігін таудың сұр орман, құрғақ өңірін таудың қоңыр топырағы алып
жатыр.

1.6 Өсімдігі.
Солтүстік Америка негізінен Голарктикалық флоралық облысқа жатады.
Мексика таулы қыратының оңтүстігі мен Орталық Америка Неотропикалық
флоралық облысқа кіреді. Өсімдік жамылғысы жөнінен Солтүстік Американың
Евразияға көптеген ұқсастық белгілері бар. Өсімдік зоналары 47° солтүстік
ендіктен солтүстікке қарай, шығыстар батысқа қарай және солтүстік шығыстан
оңтүстік – батысқа қарай, ал 47° солтүстік ендіктен оңтүстікке негізінен
меридиан бағытында таралған. Канаданың арктикалық архипелагының
солтсүтігінде Гренландияға мүк, қына т.б. арктикалық шөл өсімдігі,
архипелагтан оңтүстікке қарай тундра зонасы алып жатыр. Орманды тундра ені
100 – 200 километрлік алаппен созыла орналасқан. Өзен аңғарларында қылқан
жапырақты орман, су айрықтарда тундра мен сирек орман өседі. Материктің
батысында орманды тундра мұхит жағалауының шалғынымен алмасады. Орман
зонасы материк территориясының 13 –ін қамтиды: бұнда қоңыржай белдеудің
тайғасы мұхит жағалауының қылқанды орманы, аралас және жалпақ жапырақты
орман, оңтүстік аудандарда жалпақ жапырақты (орегон емені) орман өседі. Тау
беткейінде орманды алқап (800 – 200 мм) тау - тайгалық самырсынды – шыршалы
орманмен, жоғарырақ тау тундрасымен ауысады. Аралас орман Ұлы көл ауданы
мен Солтүстік Аппалач өңірінде, қуаң су айырықтарда үйеңкі, жөке, ильм,
қайың, гемлок, Аппалачтың оңтүстігінде және Ұлы жазықтың шығыс бөлігінде
жалпақ жапырақты орман өседі. Субтропика орманы мәңгі жасыл аралас орман
және мәңгі жасыл қылқанды ағаш түрлерінен тұрады.
Материктің орталық бөлігін орманды дала, шөлейт және шөл алып жатыр,
Дала Ұлы жазық, Колумбия үстірті және Калифорния аңғарын қамтиды. АҚШ – тың
Ұлы жазығында боз және бидайықты дала, қалқан бөлігінде бизон шөбі, бидайық
т.б. өсімдіктен тұратын құрғақ аласа шөпті даладан тұрса, шөлейт және шөл
өңірінде астық тұқымдас жусанды (Сеңгір таудың шығыс етегі) өсімдік
жамылғысы басым кездеседі. Мексика таулы қыратының оңтүстік бөлігінде,
Флорида, Орталық Америка және Вест – Индияда лиана шырмалап өскен алып
ағаш, бамбук, емен, жөке т.б. түрлерден тұратын трропикті орман өседі. Тау
жоталарының жел жақ беткейлерінде тропиктік саванна, жағалық ауданда мангр
орманы өседі.

1.7 Жануарлар дүниесі.
Жануарлары. Материк аралық байланыстың бізге соңғы таяу кезеңдерге
дейін сақталып келуіне байланысты Солтүстік Американың жануарлар дүниесінде
Евразияға көптеген ұқсастық байқалады. Тундра зонасында солтсүтік бұғысы
(карибу), ақ аю, ақ түлкі, лемминг, ақ қоян, ақ жапалақ, ақ құр, тайгада
бұлан, випити (бұғы), америка сусары, қоңыр аю, канада сілеусіні, құну,
қама, ондатра, қызыл тиін, субтропикада аллигатор, қайман тасқабасы,
қоқиқаз, бірқазан, колибри, каролина тотықұсы т.б. тіршілік етеді. Дала
және орманды дала жануарларының адам әсерінен көпшілігі құрып кеткен.
Солтүстік Америкаға тән бизон (қорықтарда ғана бар), айыр мүйізді бөкендер,
мазым – бұғы (таулы өңірде) т.б. жануарларды сақтау шарасы қолданылуда.
Басқа жануарлардан саршұнақ, шалғын иті, дала күзені, борсық және құстардың
көптеген түрі, Кордильерада қар қойы, гризли – аю, қар ешкісі, шөлді –
далалы таулы үстірттерде бауырымен жорғалаушылардың көптеген түрлері –
жылан, ұлытісті кесіртке, фринозома – кесіртке. Орталық Америкамен Вест-
Индияда сауатты сүт қоректі, маймыл, жарқанат, колибри, тотықұс, крокодил,
кесіртке т.б. тіршілік етеді. Солтүстік Америка территориясында 55 ұлттық
парк (оның ішінде Канадада 19, АҚШ-та 27, Мексикада 6, Кубада 3)
ұйымдастырылған. Неғұрлым көрнекіліктері: Йеллоустон, Үлкен Каньон,
Йосемит, Банф т.б.

II Тарау. Солтүстік Америка материгіндегі ландшафт типтерінің физикалық –
географиялық аудандардағы таралу ерекшеліктері.
2.1 Шығыс.
Бұл бөлікке субарктикалық ендіктен субстропиктін ендікке дейін созылып
жатқан орасн зор территория енеді. Бұл территорияда жазық дала, үстірт және
ойпаң жер бедері басым келеді, сондай – ақ салыстырмалы түрде алғанда біраз
шағын көлемді жерді биіктігі орташа эпиплатформалық таулар алып жатыр.
Материктің солтүстігінде Лаврентий үстіртінің физикалық–географиялық
аймағы орасан зор территорияны алып жатыр. Солтүстік–батыстан оған
Солтүстік субарктикалық жазықтар аймағы келіп тіреледі. Одан оңтүстікке
қарай Аппалач таулары мен оған іргелес аудандар климаты қоңыр салқын және
жарым – жартылай субтропиктік белдеулерде жатыр.
Келесі аймақты Аппалач тауларына оңтүстікке және оңтүстік–шығыста
іргелес жатқан субтропиктік жағалау ойпаттары түзеді. Аппалачтың батысына
қарай Орталық және Ұлы жазықтар аймақтары жатады.

2.1.1 Лаврентий қыраты.
Бұл физикалық – географиялық аймақ Гудзон шығанағының батысы мен
оңтүстігіне қарай жатқан территорияны және Лабрадор түбегінің көпшілік
бөлігін алып жатыр. Жер көлемі жағынан орасан зор осы бір аймақтың бейнесін
ең алдымен айқындайтын негізгі белгілер ондағы жазықтың үстіңгі қабатында
кристалл жыныстардың өте көп болуы, жер бедерінің мұз көшкінінен қалған
іздерінің байқалуы, қылқан жапырақты ормандардың молая түсуі болып
табылады.
Территория Әулие Лаврентий өзені мен Ұлы көлдердің солтүстігіне қарай
жатқан негізгі бөлігін кристалл қатпарлы Лаврентий үстірті алып жатыр. Ол
Гудзон шығанағы мен Солтүстік Мұзды мұхитқа таянған сайын аласара береді.
Үстірттің ойлы – қырлы адырлы жотасына биіктігі 500–600 м келетін тау
шоқылары кездеседі, олар мейлінше қатты тау жыныстарынан түзілген.
Гудзон шығанағының жағалаулары әдетте ойпат және жартасты немесе
құмдауыт келеді. Лабрадордың Торнгат тауына тірелетін жағалауы биік,
жартасты және түрлі су қойнауларымен тілімденген.
Бұл аймақтың басым көпшілік бөлігі күлгін топырақты болады, мұнда
қылқан жапырақты ормандар бар. Ормандардағы ағаштардың негізгі түрі – қара
шырша. Ол ағаштың негізгі түрлерін араластырмай тұтас орманды түгелдей алып
жатады, кейде бальзам самырсынымен, бал қарағаймен, ақ шыршамен, қайыңмен
және көк терекпен аралас өседі. Құмайт топырақта Банкс қарағайы бар.
Тайганың учаскелері батпақты жерлермен ауысып отырады. Көптеген жерлерді
батпақты ормандар алып жатыр, оларда қара қарағай көбірек өседі. Батыста
батпақты жерлер аз, өйткені онда жылдық жауын – шашынның орташа мөлшері
әлдеқайда төмен. Солтүстікке әлдеқарай барған сайын ормандар сирей түседі,
бірте – бірте шоқ – шоқ ормандар мен орманды тундраға ұласады. Орманды
тундрада өсетін ағаштың негізгі түрі – қара шырша. Лабрадор тауларын
түгелдей тундра алып жатыр.
Бұл аймақтың негізгі табиғи байлығы – орман, ал жергілікті халықтың
негізгі кәсібі – ағаш кесу, оны өңдеу және тасымалдау. Тағы бір маңызды
табиғи байлығы – терісі қымбат бағаланатын аң, олардың ішінде мейлінше
құндылары – құндыз, қара күзен, ондатра және түлкі. Ішкі су көздері мен
теңіз жағалауларында балық көп. Оның ішінде кәсіпшілікке жарамды негізгі
түрлері – ала балық (сиг), шортан, май шабақ және көл форелі.

2.1.2 Ньюфаунленд аралы.
Ньюфаунленд – материктен бөлінген арал, ол орасан зор көлемдегі
материктің тайыз жағалауда жатыр. Осы тайыз жерлердің бедеерінен өзен
аңғарлары айқын байқалады. Мұның өзі бұл жерлерді бұдан біршама уақыт бұрын
мұхит суы басқанын көрсетеді. Ньюфаулендтің төңірегінде теңіз түбінің
едәуір жоғары көтерілген учаскелері – банкалары бар. Олардың ішіндегі
неғұрлым белгілісі – аралдың оңтүстік – шығысына таман жатқан Үлкен
Ньюфаунленд банкасы. Ол өзге банкалармен қоса есептегенде шамамен
Ньюфаунлендтің өзі көлеміндей жерді алып жатыр деуге болады.
Жағалауды ішкерілей еніп жатқан шығанақтар ірі түбетектерді бір –
бірінен бөліп отырады. Оңтүстік - шығыстағы Авалон түбегі аралмен жіп –
жіңішке мойнақ арқылы ғана жалғасады. Аралдың шығыс және солтүстік- шығыс
жағалаулары мейлінше көп тілімденген. Ал, оның жер қойнауынан орсан зор
мөлшерде атылып шыққан заттардан тұратын батыс жағалауы мейлінше аз
тілімденген және оның бірқатар жерлері түп – түзу болады.
Арал түгелдей дерлік биіктігі 400 – 600 м келетің дөңес үстірт болып
табылады. Ол Аппалач тау жүйесінің бір бөлігі ретінде байырғы кристалл тау
жыныстарынан тұрады. Аралдың ең биік бөлігі – Лонг – Рейндж тауы, оның
биіктігі 800 метрге жетеді. Үстірт кей жерлерде жағалау ойпаттарының
алқабымен шектеледі, бірақ көбінесе теңізге тіреліп, күрт үзіледі.
Ньюфаунленд күлгін топырақта өсетін қылқан жапырақты ормандар
аймағында жатыр. Бірақ ондағы ормандар арал территориясының азғана
бөлігінде, оңтүстік – батыс бөлігінде ғана өседі. Аралдың өзге бөлігінде
орман жоқ, онда шалғын тундра мен батпақ жерлер бар. Климаттың суық әрі
ылғалды болуына, қалыпты ағын судың жоқтығына және күшті желдің әсеріне
байланысты ормандардың қайта қалпына келуі өте – мөте нашар.
Ең көлемді деген орман алқаптары ірі өзен аңғарларында және неғұрлым
жақсы ықтасыны бар шығанақтардың жағалауларында, сондай–ақ тау сілемдерінің
күнгей беткейлерінде кездеседі. Осы ормандарда өсетін ағаш түрлері
материктегі: қара және ақ шырша, бальзам самырсыны мен қайың. Ормандардың
етек жағында Канадалық Кизиль, көгілдір бүлдірген, қой лавры, сондай – ақ
алуан түрлі мүк өседі.
Ньюфаунлендтің ең басты байлығы – оның жағалау суларындағы сол балық
қоры.

2.1.3 Аппалач тауы мен Аппалач маңы.
Эпиплатформалы Аппалач тау жүйесі Канада мен Америка Құрама Штаттары
жерінде солтүстік–шығыстан оңтүстік–батысқа қарай 2000 километрге созылады.
Ол өзінің негізгі бөлігі арқылы қоңыржай белдеудің оңтүстік жартысын кесіп
өтіп, оңтүстікке жете бере субтропиктік аймағына жетеді. Бұл тау жүйесіне
орташа биіктіктегі жер бедері тән, ол әдеуір мөлшерде эрозиялық жолмен
тілімденіп, бөлшектенген, онда қазбалы кен байлығы мол, су ресурсы
жеткілікті, ағаш түріне бай қалың орман өседі. Аппалачтың етегі мен
аңғарларын халық жиі қоныстанған, олардың табиғи ландшафтын адам едәуір
өзгертіп жіберген.
Солтүстік Аппалач тау жүйесі Әулие Лаврентий шығанағына барып тіріледі
де тау жоталары Гаспе және Жаңа Шотландия түбектеріне барып енеді. Ол мұнда
Лаврентий үстіртінен Әулие Лаврентий өзенінің кең аңғары арқылы бөлінеді.
Аппалач тау жүйесінің бұл бөлігіне сонымен қатар Адирондық тауы да жатады.
Ол Әулие Лаврентий аңғары мен Онтарио көлінің екі аралығында. Бұл тау
өзінің құрылымы жағынан Канада қалқанына жатады, бірақ ландшафтыныңбүкіл
комплексі жағынан Солтүстік Аппалач тауларына қосылады.
Солтүстік Аппалач тауларының көп жерінің биіктігі 1000 м-ден аспайды,
тек Адирондақ тауының жекелеген шыңдары ғана 1600 м-ге дейін жетеді, ал Ақ
таулар жотасындағы Вашингтон тауының биіктігі 1916 м. Бұл аймақтың көптеген
бөлігі биіктігі 400 – 500 м төбелерден тұратын үстірт болып келеді, жер
бедері эрозиялы тау жұрнақтары түрінде. Оңтүстікте биіктігі 1000 м
шамасындағы Монаднок деп аталатын жеке шың бар. Оның бұл атауы осы шыңның
классикалық түріне қарай тау жұрнақтарының жалқы есіміне айналып кеткен.
Аппалач тауларының солтүстігі мен оңтүстігінің климаттық жағдайларының
екі арасындағы айырмашылықтар олардың топырағы мен өсімдігі сипатына да
әсер еткен. Солтүстікте аралас ормандар басым, олар таудың неғұрлым биік
жерлерінде қылқан жапырақты ормандарға айналады. Топырағы негізінен күлкін
болады, көлемді алқапты батпақты топырақтар мен торфты батпақтар алып
жатыр. Оңтүстікке қарайғы қоңыр топырақты жерлерде жалпақ жапырақты
ормандар басым болады.
Аппалачтың солтүстік бөлігіндегі ормандар таудың жоғарғы жағында жақсы
сақталған. Бірақ халық жиі орналасқан аңғарларда түгелдей дерлік жауып
тасталған, тек кей жерлерде қант үйеңкісі мен қызыл үйеңкі, ақ қайың мен
сары қайың, көк терек пен ақ терек, ақ қарағай аралас емендер, бальзам
пихтасы мен басқа да қылқан жапырақты ағаштар өсетін ойдым – ойдым ормандар
ғана кездеседі.
Қазір Оңтүстік Аппалач тау жүйесіндегі ормандар өте – мөте сиреп
кеткен, ал көптеген аудандарда біржола жойылып біткен.

2.2 Жазықтардағы ландшафтардың таралуы.
2.2.1 Орталық жазық.
Лаврентий қыратының оңтүстігіне қарай және Аппалач тауларының батысына
қарай Миссисипи өзенінің орта ағысының екі жағын; ал жоғарғы ағысының батыс
жағын алып жатқан алқап – Америка Құрама Штаттарының Орталық жазық деп
аталатын аймағы. Бұл аймақтың оңтүстігіндегі шекарасын солтүстік ендіктің
32 - 33°-ы бойымен жүргізуге болады.
Бөлшек – бөлшек болып жатқан адырлы жер бедері бар, қоңыржай белдеудің
оңтүстік бөлігі мен субтропикалық белдеудің солтүстік бөлігіндегі ішкі
континенттік жағдайы қолайлы, топырағы құнарлы.
Биіктігі 200 – 500 метр келетін Орталық жазық төменгі және жоғарғы
палеозой дәуірінде солтүстіккке көлбеу, ал оңтүстікте горизонтальды жататын
шөгінді жыныстардан тұрады.
Орталық жазықтың үстіңгі қабаты түгелдей дерлік мұз көшкені кезіндегі
қалың қыртыстардан тұрады да, байырғы жыныс қабаттары тереңде қалып қояды.
Мұз көшкіні кезінде пайда болған құрамы жағынан алуан түрлі түнбалар
төбелер мен жоталарды құрайды. Олар не түпкі және шеткі үйінділер, не оздар
мен друмлиндер тұрпатындағы құрылымдар.
Орталық жазықты өзендер мен каналдар желісі шым – шытырық тілімдеп
жатыр, онда көлдер де көп – ақ. Өзендер Ұлы көлдер мен Миссисипи
бассейнінде жатыр; олардың суы өте мол болады, өйткені олардың суының
молаюы жолында қар мен жауын – шашын суына қоса көлдердің де зор маңызы
бар. Көлдерден бас алатын өзендер суының режимі әрдайым бірқалыпты болады.
Сөз болып отырған территорияның су желісінің қалыптасуында мұз басқыны
зор роль атқарады. Жазықтың үстіңгі беті жыралардың қалың желісімен
тілімденіп, мұздың ерінді сулары сол жыралар арқылы көлдерге қарай аққан
болатын. Сол кездегі жыралардың біразы осы уақытқа дейін өзендердің арнасы
болып қалуда, біразы суайрықтар арқылы өтіп, жасанды су жолдарының пайда
болуына себін тигізуде.
Ұлы көлдер жүйесінің орасан зор маңызы бар. Оның сипаттамасы жоғарыда
жалпы шолу жасаған кезде берілген болатын. Айдынды су бассейіндерінің бір –
бірімен кеме жүзе алатын өзен тармағы және айналма каналдар арқылы жалғасып
жатуы пайдалы қазбаларды, ағаш және өнеркәсіп товарларын өте қолайлы әрі
арзан су жолдарымен тасып жеткізуге мүмкіндік береді. Су энергиясының мол
қоры болуы шаруашылықты дамытуға ықпалын тигізуде. Әсіресе Ниагара
сарқырамасы суының мол қоры негізінде Канаданың және Америка Құрама
Штаттарының бірнеше су электр станциялары салынған. Көлдердің айнала
төңірегінде, әсіресе оңтүстік жағалауларында ірі – ірі өнеркәсіпті аудандар
шоғырланған. Сондықтан да бұл маңдағы табиғи ландшафтарды адамдар күшті
өзгеріске ұшыратқан.
Аймақтық орасан зор бөлігін аралас және жалпақ жапырақты ормандар
алқабы алып жатыр. Орманды дала ландшафтысы (прериялар) сақталмаған десе де
болады. Эррозияға ұшыраған аймақтар мол. Ылғал мен жылудың жеткілікті
болуына байланысты ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Американың орталық жазық
ландшафтысында өнімді топырақ қабаттары жазықтың жер бедерімен және
агроклиматтық мүмкіндіктері ауыл шаруашылығында тиімді пайдаланылады. Сұр
және орманның сұр топырағы оңтүстікте қара және қоңыр.

2.2.2 Жағалау жазығы.
Мексика шығанағының жағалауын, Миссипидің төменгі ағысы бойын, Флорида
түбегін және Чесапик шығанағының оңтүстігіне қарай Атлантика жағалауын алып
жатқан кең ойпат, міне осы атауымен белгілі. Тақтайдай жазық жер бедері мен
субтропиктік климат – оның бейне бір ерекшелігі, бұл өлгешелік топырағы мен
өсімдігінде де байқалады.
Ойпаттың Мексика шығанағы мен Атлант мұхиты жағалауларын жиектеп
жатқан алқабы бор және кайнозой дәуіріндегі тұңба қалдықтары қабаттарынан
тұрады. Ол қабаттар жер бетіне горизонтальды немесе көлбеу орналасқан.
Топырақ құрамында мұнай және тұз кездесетін әк пен құм қабаттары алма –
кезек ауысып отырады. Ал, Флорида түбегі топырағының үстіңгі жағы
фосфоритке бай әк қабатынан тұрады. Миссисипидің төменгі ағысындағы ойпат
аллювиальды тұңба қалдықтарға толы ойыс қойнау болып табылады.
Флорида түбегі биіктігі 100 метрден аспайтын жайпақ дөңес болып
табылады, оның жан – жақ жиегін теңіз басып жатыр. Түбектің қиыр шеткі
бөлігі су астынан таяуда ғана көтерілген және оның жер бедері теп – тегіс
болып келеді.
Жаз кезінде ауа ағынының меридиан бойымен ауысуына және циклондық
құбылыстардың болуына байланысты. Жағалау жазығының үстімен нөсерлі күшті
дауылдар жиі – жиі өтеді. Ондай дауылдар апатты су тасқынына душар етіп,
халыққа орасан зор зардабын тигізеді.
Жазықтың неғұрлым биік және дөңесті құрғақ учаскелерін сілтісізденген
қызыл түсті және сары түсті топырақ қабаттары басып жатыр. Ол жерлерде
бұрын қарағайдың субтропиктік аймақта өсетін солқылдақ қарағай, шырақты
қарағай сияқты басқа да түрлері, сондай – ақ мұз дәуіріне дейінгі кезеңнің
жұрнағы болып табылатын тырбиған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аустралия материгіне және Океанияға географиялық шолу
Оңтүстік Американың физикалық географиялық жағдайының ерекшеліктері
Оңтүстік Американың физикалық географиялық сипаттамасы
Антарктида материгіне жалпы физикалық-географиялық сипаттама
Оңтүстік Африка тау үстірті
Практикалық жұмыстарда топтық жұмыстарды ұйымдастыру
Еуразияның физикалық географиялық сипаттамасы
Африка құрлығын оқыту
Тынық мұхиттың физикалық географиялық бөлінуі
Географияны оқыту әдістері
Пәндер