Шығыс философиясы



Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Көне Үнді философиясының ерекшеліктері, философиялық ерекше. типтері, негізгі ұғымдары және бағыттары.
2. Көне Қытай философиясының идеологиялық.практикалық сипаты, негізгі мектептері және өкілдері.
Қорытынды
Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері
Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыстың философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі, ең бастысы - Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейін толғантып келе жатқан мәселелерді көне заманның өзінде-ақ қоя білді деп есептейді. Бұл пікірлермен жалпы алғанда келісуге болады.
Көне Үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, вайшьялар және шудралар. "Варна" сөзі "түс, қабық, бояу" дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды. Варна - тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар тек бір варнаның щеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір түрімен ғана айналыса алады. Брахмандар - ой еңбегімен, кшатрийлер - әскерн істермен, вайшьялар - жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар - қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік - варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші факторлардың бірі осы болуы да мүмкін.
Көне Үнді қоғамының осындай әлеуметтік жіктелуі, осы қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың тұрмысының қиындығы оның философиясының негізгі тақырыбын да анықтады: ежелгі Үндінің философиялық пайымдау объектісі - жеке адамның өмірі, оның ішкі дүниесі, басқа адамдармен қарым-қатынасы мәселелері болды.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Интернет желісі.
2.Қазақстан тарихы: Аса маңызды кезеңдері мен ғылыми мәселелері. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық - гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық/М.Қойгелдиев, Ө.Төлеубаев, Ж.Қасымбаев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан
Мемлекеттік Медицина Университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Мамандығы:_________________________ ______________
Дисциплина:________________________ _______________
Кафедрасы:_________________________ _______________
Курс:___________
Тақырыбы:__________________________ _______________
Орындау әдісі:_____________________________ _________

Орынддаған:________________________ ________________
Группа:_________________
Бағасы:_____________
Оқытушы қолы________________
Күні:___ _______ ______

Актөбе 2014
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Көне Үнді философиясының ерекшеліктері, философиялық ерекше- типтері,
негізгі ұғымдары және бағыттары.
2. Көне Қытай философиясының идеологиялық-практикалық сипаты, негізгі
мектептері және өкілдері.
Қорытынды

Ежелгі Үнді философиясының ерекшеліктері
Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы,
бүкіл Шығыстың философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі, ең бастысы -
Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейін толғантып келе жатқан мәселелерді
көне заманның өзінде-ақ қоя білді деп есептейді. Бұл пікірлермен жалпы
алғанда келісуге болады.
Көне Үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, вайшьялар
және шудралар. "Варна" сөзі "түс, қабық, бояу" дегенді білдіреді және әрбір
варнаның өз түсі болды. Варна - тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және
әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Мысалы, некелік қатынастар
тек бір варнаның щеңберінде ғана жүзеге асырылуы тиіс, бір варнадан екінші
варнаға өтуге болмайды және әрбір варнаның өкілдері кәсіптің белгілі бір
түрімен ғана айналыса алады. Брахмандар - ой еңбегімен, кшатрийлер - әскерн
істермен, вайшьялар - жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар -
қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік - варналарға қатаң
бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып
отыр. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы Үнді мемлекетінің дамуын тежеуші
факторлардың бірі осы болуы да мүмкін.
Көне Үнді қоғамының осындай әлеуметтік жіктелуі, осы қоғамда өмір сүріп
отырған адамдардың тұрмысының қиындығы оның философиясының негізгі
тақырыбын да анықтады: ежелгі Үндінің философиялық пайымдау объектісі -
жеке адамның өмірі, оның ішкі дүниесі, басқа адамдармен қарым-қатынасы
мәселелері болды.
Көне Үнді философиясының басты ерекшеліктері:
1. ғылыми оймен байланысының аздығы;
2. жеке тұлғалық сипатының нашарлығы;
3. діни-мифологиялық оймен тығыз байланыстылығы;
4. философиялық ой ескерткіштерінің хронологиялық жағынан жүйесіздігі
және белгісіздігі;
5. негізгі философиялық үғымдардың мән-мағынасының күрделілігі және
сантүрлілігі.
Көне Үндінің негізгі философиялық ескерткіштері
Ежелгі Үнді философиясының бастауы - біздің дәуірімізге дейінгі II және I
мыңжылдықтарда қалыптасқан Ведалар, олар тек Үнді елінің ғана емес, бүкіл
адамзаттың көне әдеби ескерткіштері болып саналады. Кейінірек Көне үнді
тілі санскритте жазылып алынған Ведалар Үнді қоғамының рухани мәдениетінің,
философиялық ойларының қалыптасып-дамуында айқындаушы рөл атқарды.
"Веда" сөзі "білім" дегенді білдіреді, бірақ бұл ерекше білім: гимндер,
дұғалар, құрбандық шалу, садақа беру формулалары. Оларда дүние, 3 адам,
адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер бейнеленді.
Ведалар 4 бөліктен тұрады:
1. Самхиттер - кұдайларға арналған гимндер жинағы; олардың ең көнесі
Ригведалар құдайларға арналған 1028 гимннен тұрады;
2. Брахмандар - діни салт өлеңдер жинағы, философиялық маңызы аса зор
болмаса да, Самхиттер мен Упанишадалардың арасын байланыстырып
тұр.
3. Аранъяктар - "Орман кітаптары" - қоғамнан бөлектенушілерге немесе
орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берілушілерге
арналған ережелер жинағы. Қоғамнан бөлектенудің өзі "іс-әрекет
жолынан" "білім жолына", тереңірек пайымдау жолына көшу дегенді
білдіреді, яғни Араньяктарда дүниетанымдық мазмұн басымырақ бола
бастайды.
4. Упанишадалар - философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты
басым негізгі бөлім, Ведаларды аяқтаушы болғандықтан кейде веданта
("Ведалардың соңы") деп аталады. Алғашқы упанишадалар шамамен
алғанда біздің дәуірімізге дейінгі VII-VI ғасырларда қалыптасып,
бұл дәстүр ХІІ-ХІІ ғасырларға дейін жалғасты. Upani-sad ("қасында
отыру"), яғни ұстаздың аяғының жанында отырып, уағыз тындау,
"жұмбақ білім" дегенді білдіреді. Упанишадалар - ұстаздың
шәкіртпен диалог әңгімесі, оның тақырыбы - болмыстың алғашқы
бастауы, сол арқылы табиғат пен адамның бойындағы құбылыстар
түсіндіріледі.
Махабхарата көне Үндінің философиялық ескерткіштерінің бірі болып
табылады. Махабхарата - "Бхараттардың ұлы шайқасы туралы аңыз", діни,
мифологиялық, философиялық ойлар жинақталған көне Үнді эпосы, буддизмнің
қасиетті түпнұсқаларының бірі.
Көне Үнді философиясының негізгі мектептері
Жайнизм - көне Үнді философиясының маңызды бағыттарының бірі, аттары
аңызға айналған 24 тақуа-тиртханкар дамытқан. Олардың соңғысы - біздің
дәуірімізге дейінгі VІ-V ғасырларда өмір сүрген, Джина (Жын) немесе,
Жеңімпаз деген атқа ие болған ойшыл Махавира болды. Жайндардың
көзқарастарында олардың өмір сүрген кезендеріне байланысты ерекшеліктер
болғанымен, мынадай төрт тиым салуды олар бұлжытпай сақтады: ахимса - тірі
мақұлықтардың ешқайсынының өміріне зиян келтірмеу; астейя - ұрлық жасамау;
сатья - шыншылдық; апариграха - үйірсектікке (М.Әуезов өзінің "Будда"
еңбегінде осы ұғымды "жабыспау" деп аударған) тиым салу. Махавира бұл
тиымдарға бесіншісін - брахмачаръя - некеден бас тартуды қосты. Жайн
монахтары ұстанулары тиіс осы тиым салулар екі мың жарым жыл бойы қатаң
сақталып отырғанын ескерте кеткен дұрыс.
Уақыт өте Махавираның жолын қуушылар екі бағытқа бөлінді: дигамбаралар
("ауа киіндіргендер") және шветамбаралар ("ақ кигендер").
Жайндардың онтологиясы туралы айтсақ, олар заттарды санадан тыс және одан
тәуелсіз өмір сүреді деп түсінді және бес немесе алты субстанцияны бөліп
көрсетті:
1) джива - тірі, жан, рухани субстанция; дживалардың саны шексіз көп; 2)
зат; 3) кеңістік; 4- және 5) қозғалыс пен тыныштықты бейнелейтін дхарма мен
адхарма; 6) уақыт.
Жайндардың пікірінше, субстанциялар мәңгі және өзгермейді, өзгеретін
олардың көріністері ғана, заттан басқа субстанциялар бөлінбейді және
формалары жоқ, яғни, олар сезім мүшелері арқылы қабылданбайды, сезілмейді
және денесіз. "Тірі" болып есептелетін дживадан басқа субстанциялар "тірі
емеске" жатады.
Бұл субстанцияларды қысқаша сипаттасақ, барлық субстанциялар оларды өзіне
сиғызатын кеңістікте өмір сүреді. Кеңістік үздіксіз, бірақ адам оны көз
алдына елестете алуы үшін жайндар оны сансыз көп идеалдық бірліктерге -
прадешаларға бөлінеді деп түсіндіреді. Жайндар шексіз кеңістікті екіге
бөледі: көрінетін әлем кеңістігі - "дүние" (лока) және "дүние-емес" (а-
лока), соңғысына көрінетін кеңістік пен прадешалардың шексіз саны кіреді.
Зат, жайндардың түсінігінде, ұсақ және бөлінбейтін бөліктер атомдардан
тұратын, бірігетін және ыдырайтын, сезілетін, формасы бар, белсенді, әр
түрлі қасиеттерге ие, қозғалыста болып отыратын субстанция. Оның алты күйі
бар:
стхула-стхула - "өте дөрекі", яғни қатты заттар. стхула - "дөрекі",
мысалы, сұйықтар;
стхула - сукшма - "дөрекі-нәзік", мысалы, көлеңкелер және айнадағы
бейнелер;
сукшма-стхула - "нәзік-дөрекі" көзге көрінбейтін газдар, иістер; сукшма
"нәзік", ешқандай сезім мүшелері қабылдамайтын карма, энергия;
сукшма-сукшма - атом секілді "өте нәзік" зат.
Уақытты субстанңия деп тек қана дигамбаралар мойыңдайды, ол барлық
субстанциялардың барлық көріністерінің әлемдік кеңістікте пайда болуының,
өмір сүруінің және жойылуының негізі ретінде қарастырылады.
Адам және оның өмірі мәселесін шешуде жайнизм "өмір дегеніміз - азап"
ұғымын ұстанады. Азап - карма заңының нәтижесі. Карма заңының мәні мынада:
жеке өмір ағынын құрайтын элементтерге бұрынғы элементтер мен адамгершілік
сипаты бар істер әсер етеді, адамның жақсы немесе жаман қылығы бүкіл ағында
ерте ме, кеш пе, бір салдар туғызады. Жайнизм бұл заңды жеңуге болатынына
сенімді, оны жеңетін джина (жын). Өткен өмірдегі жаман істерді адам үш
нәрсені орындау - дұрыс сенім, дұрыс таным және дұрыс мінез-құлық арқылы
жеңе алады, бірақ адам азаптан толық құтылу үшін жан денеден тәуелсіз,
жоғары тұруы керек. Дене құрсауынан шыға алмаған жан құмарлыққа, нәпсіге
икем келеді де, бейнет шегеді, тері арқылы жанның ішіне лас заттар ағыны,
өтіп, адам моральдық азғындауға ұшырайды.
Моральдік ластанудан, азап-қасірет шегуден азат болу – жайнизм түсінігі
бойынша, адам өмірінің мақсаты. Оған жету үшін аталған үш шартты бұлжытпай
орындап, өз құмарлықтарын жеңген рухани ұстаздардың басшылығымен таным
процесін үнемі жүргізіп отыруға міндетті. Жайндар өмірді аса қатты
қадірлегенін айта кету керек, олар тек адам өмірі емес, жалпы өмір
атаулының бәрі құнды деп есептеді, жан-жануарлар мен жәндіктердің өміріне
де зиян келтірмеуге тырысты. Адал, шыдамды, өзіне талабы қатты, қоршаған
дүниеден тәуелсіз, кешірімді, тірі мақұлықтарға мейірімді аскет адам ғана
өмірдің мәніне жетеді деп тұжырымдады.
Буддизм - көне Үнді философиясының басты ағымы, буддизм дінінің негізінде
дүниеге келген. Негізін қалаушы - біздің дәуірімізге дейінгі 560-480
жылдары Гималайдың бауырындағы Капилавасту мемлекетінде өмір сүрген
Сидхартха Готама (философиялық әдебиеттердің көбінде Сидхарта Гаутама деп
жазылып жүр). Жас шағында бақытты, төрт құбыласы тең болып өмір сүрген
Гаутама өмірдің кәрілік, ауру, өлім секілді жағымсыз құбылыстарымен
кездескен соң адамды азап-қасіретке толы мұндай өмірден құтқару керек деп
шешті.
Сидхартханың бұл шешімі туралы белгілі қазақ жазушысы Мұхтар Әуезов
өзінің "Будда" еңбегінде жақсы баяндады: "Адам біткен ауырады, қартаяды,
өледі. Ендеше несіне бұл адам өмір сүріп жүр? Бір сағатта ауырып қалатын
болса, сағат сайын әлі азайып, сиқы бұзылып, қартаятын болса, болжаусыз бір
сағатта өліп қалатынын біліп отырғанда не қуаныш, не жұбаныш бола алады.
Бұны біле түра қызық көріп қуануға бола ма? Бұл жөн емес, бұдан құтылу
керек" ("Абай" журналы. 1918 ж., №3).
Азапты өмірден құтылудың екі жолы бар: сыртқы дүниені өзгерту арқылы
адамдардың бәріне ортақ утопия құру және өзіндік "Менді" өзгерту,
өзгеріске, яғни, ішкі болмыстың қасіретіне ұшырамайтын "ішкі утопияны"
құру. Будда екінші, экзистенңиалдық жолды тандап, тақуалық өмір кешуге,
адамзаттың рухани ұстазына айналуға бел байлайды. Әкесінің үйінен кетіп,
Урувилланың маңындағы-Бодхи ағашының астындағы оңаша жерге орналасқан
Сидхартха ханзада жеті күннен соң қасіретті өмірден тазару жолдарын тауып,
нұрланады. Азап шегу мен қасіретке толы өмірден құтылудың жолын ол төрт
ақиқат арқылы белгілейді:
1. өмір - тынымсыз күрес, азап, бейнет;
2. азап, бейнет нәпсіден, құмарлық-құштарлықтан (өмір сүруге
3. құмарлық, рахатқа құмарлық, өлуге құмарлық) туады; азаптың себебі бар.
Оны танып-білуге болады;
4. азап пен бейнеттен құтылу жолы сегіз қағидадан тұрады.
Буддизм өмірге құмарлықты Жеңу оңай емес деп түсіндіреді. Ол үшін дұрыс
жол таңдап алу қажет, ал оған дұрыс көре білу, дұрыс ой, дұрыс сөз, дұрыс
іс-әрекет, дұрыс өмір салты, дұрыс күш-жігер, дұрыс назар, дұрыс көңіл
бөлу, секілді адамгершілік принңиптерден тұратын сегіздік жол кіреді. Осы
қасиеттерді сақтай отырып өмір сүру арқылы нирванаға, тыныштыққа жетуге
болады.
Үнді философиясының басқа бағыттары сияқты буддизм де өлі материяның,
органикалық дүниенің және жанды дүние элементтерінің арасында себептілік
бар екендігін мойындайды және соңғы себептілікті ерекше бөліп көрсетеді
(карма теориясы). Буддистер карманы адамның өмірін ең басты бақылаушы деп
есептемегенімен, адамдарды карманың бар екендігін ұмытпауға шақырады, сол
арқылы ізгілікке жетелейді. Адамгершіліктік ластану ағынның барлық
элементтерін кірлетеді, сондықтан оны бірте-бірте жойып, мүлдем тазару
жолымен нирванаға жетуге болады. Нирвана - адамдардың көпшілігі үстіртін
түсініп жүргендей жәй ғана рахатқа бөлену емес, зұлымдық пен нәпсіні тыю
жолымен жансыз, сезімсіз абсолютке айналу, сананы өшіру, бір сөзбен
айтқанда, абсолюттік тыныш күйге жету.
Буддизм нирванаға жетуге көмектесетін белсенді әрекет жасау емес, көп
ойлап, пайымдауға негізделген медитаңия – йога деп көрсетеді. Түлға
элементтер мен сана ағынынан тұрады, ал элементтердің арасында адамның өз
ойларын бір нүктеге жинақтау қабілеті - йога аса құнды. Буддизм бұл қабілет
әр адамның бойында бар, мәселе оны дамыта білуде деп есептейді, яғни, көп
нәрсе адамның өзіне байланысты. Осы факторды ерекше атап көрсету керек,
себебі буддизм адамның жетілуі оның өз қолында, адам бейнет-қасіреттен өз
күшімен,. сыртқы күштердің, қоғамның әсерінсіз, өзіндік моральдық және
интеллектуальдік жетілудің негізінде құтылуға қабілетті деп пайымдайды.
Нирвана теориясы адам рухының еркіндігінің, оның материалдық дүниеден,
қоғамдағы касталарға бөлінуден тәуелсіздігінің жақсы дәлелі. Осы себепті
Будда философиясы өзінен кейінгі көптеген философиялық ағымдарға, әсіресе
Батыс философиясына қатты әсер етті, ал буддизм діні әлемде қазіргі кезде
де кең тарап отыр.
Чарвака-локаята - философиялық әдебиетте Көне Үнді философиясындағы
материалистік деп қабылданған бағыт (локаятиктер). "Чарвака-локаята"
сөзінің мағынасы белгісіз. Зерттеушілердің бір тобы тарихта Чарвака деген
ойшыл болған деп болжамдайды, басқа бір ғалымдар бұл ағымның негізін салушы
Брихаспати деп есептейді, ал кейбір ғалымдар чарвака-локаятаның болған-
болмағандығы белгісіз деген пікір білдіреді. Бірақ Көне Үнді
ескерткіштерінде бұл ағым туралы мәліметтер кездеседі, сондықтан да соңғы
болжам негізсіз. Чарвака-локаятаның материалистік сипаты оның таным
теориясында айқын көрінеді. Таным-праманың негізі прамана ретінде
локаятиктер логиқалық түйін-тұжырымдарды емес, ақиқат екендігі күмән
туғызбайтын қабылдауды ғана мойындайды, оның негізі - түйсіктер. Олардың
пікірінше, адамдар көбіне ой түйіндеулерге сенеді де, қателеседі, ал оларда
ақиқат сирек кездеседі, басқа сенімді адамның пікірі де біз үшін таным
негізі бола алмайды.
Чарвака-локаяталар о дүниеге сенбейді, бұ дүние ғана бар және бұ
дүниедегі болмыс пен онда өмір сүруші заттар мәңгі және өзгермейтін төрт
элементтен: жер, от, су және ауадан тұрады деп есептейді. Сана, ақыл және
сезім мүшелерінің негізі де осы элементтер, олар мақұлық дүниеден өткенде
ыдырайды. Локаятиктер жанның, Құдайдың бар екендігін терістейді. Олар адам
өмірінің мән-мақсаты - осы нақты өмірде рахатқа бөлену, азап- қасіреттен
аулақ болуға ұмтылу деп түсінді, яғни чарвака-локаята гедонизм принципін
ұстанды.

Көне Үнді философиясының негізгі ұғымдары
Көне Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар ежелгі Үнді философиясының
терминологиясы шым-шытырық, ұғымдары аударуға қиын, бір ұғымның өзі бірнеше
мағынаны береді деп ескертеді және оның себебін Үңді еліндегі ойлау
жүйесінің Еуропадағы ойлау жүйесінен мүлдем бөлектігімен, оны белгілі бір
логикалық жүйеге келтірудің мүмкін еместігімен түсіндіреді. Шынында да, әр
халықтың емір салты, дүние туралы түсінік-ұғымдары, пайымдау тәсілі әр
түрлі. Сол себепті бір халықтың ез тілінде қалыптасқан философиялық ұғым-
категориясын екінші халықтың тіліне аударып, терең мағынасын жеткізу мүйкін
емес. Мысалы, қазақ халқының адам, өмір, қоғам, табиғат туралы тамаша
дүниетанымдық ойларын білдіретін ұғымдарды орыс тіліне аударған күнде де
олардың өзіндік терең мазмұнын, ұлттық сипатын дәл жеткізуге болмайды.
Дегенмен де, ежелгі Үнді философиясының негізгі ұғымдарының мазмұны
туралы жалпы түсінік беріп қарайық.
Архат - "жауды жеңуші" дегенді білдіреді. Архат деп нирванаға жеткен,
сананың тыныш ағынын бұзатын құштарлық-құмарлық сезімдерін жеңген адамды
атайды.
Атман - бұл ұғымның бірнеше мағынасы бар: "мен", "өзімді", "дене". Бірақ
атман ұғымының ең басты мағынасы - индивидуальдік және универсальдік
космостық психикалық болмыс ретіндегі "адам". Осы мағынада атман бүкіл бар
болып отырғанның генетикалық және субстанңионалдық бастауы, негізі және
соңы. Атман рухани және денелік деп бөлінеді, сондай-ақ, ол көбіне ақыл-
ойдан, сөз бен тыныстан тұратын рухани бастау ретінде, "брахман" ұғымымен
бірдей деңгейде түсініледі.
Брахман - бірнеше мағынаға ие ұғым 1) абыздар кастасының, брахмандардың
өкілі; 2) абыз; 3) қасиетті мәтіндер; 4) құдай; 5) субстанция.
Будда - "нұрланған", "оянған". Кең мағынасында - арамдаушы сезімдер мен
білместікті жеңу жолдарын көрсеткен және құбылыстардың абсолюттік және
салыстырмалы табиғаты туралы білімдерді толық меңгеруге жеткен адам.
Тармағынасында - будда дінінің негізін қалаушының аты.
Дхамма (пали тілінде) немесе Дхарма ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұсылман философиясы
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Ислам философиясы. Араб философиясы
Ертедегі Шығыс философиясы
Әл-Кинди және араб тілді философияның бастауы
: Ғылымдағы әдіс мәселесі. Ғылым және техника
Араб тілі философия мен ғылым
Орта ғасырдағы Араб-мұсылман философиясы
Ислам философиясы
Қытай философиясы жайында
Пәндер