Мемлекеттік кәсіпорын



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Мемлекеттік кәсіпорынға жалпы құқықтық сипаттама ... ... ... ... ... ...5
1.1 Мемлекеттік кәсіпорын туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Мемлекеттік кәсiпорынның мүлкiне билік ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.4 Мемлекеттік кәсіпорынды басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.5 Мемлекеттік кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату ... 12
2. Мемлекеттік кәсіпорындар түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын ... ... ... .13
2.2 Қазыналық кәсiпорын ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Азаматтардың меншік құқығы объектілерінің ауқымына мемлекет саясаты ықпал етеді. Меншіктің тек ғана тұтынушылық мақсатынан бас тартып, Қазақстан, азаматтардың мүлікті кәсіпкерлік мақсат үшін пайдалануын жан-жақты қолдап отыр. Меншік объектілерін құқықтық реттеудегі мемлекеттік саясат осымен анықталады. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Мұнда жоғарғы өнімді техникалар қолдану мәселелері кең тұрғыда шешілуі керек. Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі нарықтық жағдайда тек мынадай ғана кәсіпорын өміршең бола алады, егер де ол нарық талабын аса сауаттылықпен және компоненттілікпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді уйымдастыратын және білікті қызметкерлерге жоғарғы табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз ете алатын болса. Кәсіпорын белгілі бір өнім өңдіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға. Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәтижелілігі - өнімді өткізу мен көрсетілген қызметтен түскен пайдадан ғана емес, сонымен қатар өндірістік қорлардың көлемінен (негізгі және өндірістік айналым қорлары), басқада тұтыну қорларының жиынтығынан (әлеуметтік саладағы), жиналған қаражаттардан және тағы басқалардан көрінеді. Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары:
1. Жер. Бұл белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық. Күнделікті пайдаланылады. Табиғи байлықтар "орны толатын" және "орны толмайтын" болып бөлінеді.
2.Жұмыс күші - ой және дене еңбегі, еңбекке қатысушылардың тәжірибелік және интеллектуалды құрамы.
3.Еңбек заты және еңбек құралдары. Еңбек заты және еңбек құралдары арқылы өнім өндіріледі, тиісті қызмет керсетіледі.
4.Кәсіпкерлік-меншікке негізделген, несиеге алынған және басқа да мүліктерді пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын бастамалық, шаруашылықтық және басқа да қызмет.
5. Капитал-тұтыну заттарының көлеміне қарай шектелген ақша қаражаты.
Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңи тұлға ретінде және шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады.Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңи тұлға құқығын иеленеді. [1]
Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады.
Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоттары мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері, бұған қоса жер телімдері, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, өнімдер, талап құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін қызметтерін дараландыратын таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері) және заң мен шартта өзгедей көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді. Меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісуімен кәсіпорын заңи тұлға құқықтары берілген еншілес шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ филиалдар, бөлімшелер, банкіде шот ашу құқығы бар басқа да оқшауландырылған бөлімшелер құра алады. Тиісті орган арқылы мемлекет, еңбек ұжымдары, жеке және заңи тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның құрылтайшылары бола алады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995ж. 7.10.1998 жылы №284-1 Заңымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. [1]
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) 27.12.1994ж. [2]
3. ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы»заңы. [3]
4. «Басқару негіздері», оқу құралы. – Алматы: Экономика, 1997 ж. [4]
5. Жайлин Г.А Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Жалпы бөлім: Алматы Жеті Жарғы 2001 ж. [5]
6. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы 1-том Алматы Жеті Жарғы 2001 ж. [6]
6. Гражданское право. Учебник для ВУЗов /отв.ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин Алма-Ата 2002 г. [7]
7. Гражданское право под ред Ю.К.Толстого, А.П.Сергеева. Том 1. Санкт Петербург 1996 г. [8]
8. Жайлин Г.А Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Жалпы бөлім: Алматы Жеті Жарғы 2001 ж. [9]
9. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы 1-том Алматы Жеті Жарғы 2001 ж. [10]
11. Абайдельдинов, Е.М. Теоретико-правовые аспекты приоритетности в соотношении международного и национального права Республики Казахстан. Алматы, 2005. [11]
12. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: Оқулық / Құраст. Е.Баянов.- 2-ші бас.- Алматы, 2003. [12]
13. Права человека: Учеб. для вузов / Отв. ред.Е.А.Лукашева.
М.: Норма, 2000. [13]
14. Акрачкова, Д.В. Гражданско-правовые проблемы развития конкуренции в Республике Казахстан. Алматы: СТ-ПРИНТ, 2005.[14]
15. Басин, Ю.Г. Избранные труды по гражданскому праву /Алматы: Әділет, 2003. [15]
16. Кернебай Г.С. Меншік құқығы және оны қорғаудың азаматтық-құқықтық әдістері / Г.С.Кернебай, Р.Қ.Есенов.Қарағанды: Болашақ-Баспа, 2003. [16]

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Мемлекеттік кәсіпорынға жалпы құқықтық
сипаттама ... ... ... ... ... ...5
1.1 Мемлекеттік кәсіпорын туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Мемлекеттік кәсiпорынның мүлкiне билік ету
... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.4 Мемлекеттік кәсіпорынды
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.5 Мемлекеттік кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату ... 12
2. Мемлекеттік кәсіпорындар
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.1 Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік
кәсiпорын ... ... ... .13
2.2 Қазыналық
кәсiпорын ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 16
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 20

Кіріспе

Азаматтардың меншік құқығы объектілерінің ауқымына мемлекет саясаты
ықпал етеді. Меншіктің тек ғана тұтынушылық мақсатынан бас тартып,
Қазақстан, азаматтардың мүлікті кәсіпкерлік мақсат үшін пайдалануын жан-
жақты қолдап отыр. Меншік объектілерін құқықтық реттеудегі мемлекеттік
саясат осымен анықталады. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық
қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне,
сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған
жағдайлар да бар. Мұнда жоғарғы өнімді техникалар қолдану мәселелері кең
тұрғыда шешілуі керек. Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет
етеді. Қазіргі нарықтық жағдайда тек мынадай ғана кәсіпорын өміршең бола
алады, егер де ол нарық талабын аса сауаттылықпен және компоненттілікпен
анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді
уйымдастыратын және білікті қызметкерлерге жоғарғы табыспен, ең соңында,
көп пайданы табуды қамтамасыз ете алатын болса. Кәсіпорын белгілі бір өнім
өңдіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға. Кәсіпорынның
шаруашылық қызметтерінің нәтижелілігі - өнімді өткізу мен көрсетілген
қызметтен түскен пайдадан ғана емес, сонымен қатар өндірістік қорлардың
көлемінен (негізгі және өндірістік айналым қорлары), басқада тұтыну
қорларының жиынтығынан (әлеуметтік саладағы), жиналған қаражаттардан және
тағы басқалардан көрінеді.    Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары:
1.  Жер.  Бұл белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор
табиғи байлық. Күнделікті пайдаланылады. Табиғи байлықтар "орны толатын"
және "орны толмайтын" болып бөлінеді.     
2.Жұмыс күші - ой және дене еңбегі, еңбекке қатысушылардың
тәжірибелік және интеллектуалды құрамы.
3.Еңбек заты және еңбек құралдары. Еңбек заты және еңбек құралдары
арқылы өнім өндіріледі, тиісті қызмет керсетіледі.
4.Кәсіпкерлік-меншікке негізделген, несиеге алынған және басқа да
мүліктерді пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге
асырылатын бастамалық,  шаруашылықтық  және басқа да қызмет.
 5. Капитал-тұтыну заттарының көлеміне қарай  шектелген  ақша
қаражаты.
 Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу
мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар) өндіреді, жұмыстарды
орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да
мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңи тұлға ретінде және шаруашылық
есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған
және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген
шаруашылық қызметпен айналыса алады.Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге
асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті
төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік
тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңи тұлға құқығын
иеленеді. [1]
Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың
шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады.
Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоттары мен өзге
де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады. Мүліктік кешен ретінде
кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері,
бұған қоса жер телімдері, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, өнімдер, талап
құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін
қызметтерін дараландыратын таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар
белгілері, қызмет көрсету белгілері) және заң мен шартта өзгедей
көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді. Меншік иесінің
немесе ол уәкілдік берген органның келісуімен кәсіпорын заңи тұлға
құқықтары берілген еншілес шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ
филиалдар, бөлімшелер, банкіде шот ашу құқығы бар басқа да оқшауландырылған
бөлімшелер құра алады. Тиісті орган арқылы мемлекет, еңбек ұжымдары, жеке
және заңи тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның
құрылтайшылары бола алады. Меншік нысандарына қарай кәсіпорын жеке,
мемлекеттік, ұжымдық немесе аралас меншіктегі, сондай-ақ, қоғамдық ұйым
меншігіндегі кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін. Мемлекеттік Кәсіпорын —
мүлкі мемлекетке тиесілі және салымдар, үлестер, акциялар бойынша
бөлінбейтін кәсіпорын. Оны құрған кезде жарғылық капитал теңгерімде бөліп
көрсетілмейді. Мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын мемлекеттік органдар
келісімшартқа сәйкес жалдайды және жұмыстан босатады. Бюджеттік кәсіпорын
смета бойынша бюджеттен қаржыландырылады. Мемлекеттік кәсіпорындарға жедел
басқару құқығына негізделген кәсіпорындар (қазыналық кәсіпорын, мекеме),
шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар жатады. [2]
Осы еңбектiң мақсаты мемлекеттік кәсіпорынның мазмұнын анықтау,
кәсіпорынға қатысты жауапкершiлiктi туындататын негiздердiң әрқайсысының
жеке-жеке түсiнiгiн ашу, сонымен бiрге кәсіпорынның түрлерi мен нысандарын
анықтау болып табылады. Осы тұрғыда мынадай міндеттер қойылды: 1)
кәсіпорынның заңды тұлғаның бiр түpi ретiндегi азаматтық-құқықтық
жауапкершiлiк мағынасын ашу; 2) кәсіпорын, оның ішінде мемлекеттік
кәсіпорынның жауапкершiлiк нормаларын анықтап және оның Азаматтық Кодекстiң
бөлiмiнде жеке институт ретiндегі сипаттамаларын көрсету үшiн тұжырымдар
жүргiзу. Зерттеу объектісі ретінде кәсіпорынның бір түрі ретіндегі
мемлекеттік кәсіпорынның азаматтық құқықтық нормалары алынды.

1 Мемлекеттік кәсіпорынға жалпы құқықтық сипаттама
1.1.Мемлекеттік кәсіпорын туралы жалпы түсінік

Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1
наурыздағы Заңы бойынша мемлекеттік кәсіпорындарға:
1) шаруашылық жүргізу;
2) жедел басқару (қазыналық кәсіпорындар) құқықтарына негізделген
мемлекеттік кәсіпорындар жатады.
 Мемлекеттік кәсіпорындар туралы жалпы ережелер Азаматтық кодекстің
102-104-баптарында, ал нақты нормалары Мемлекеттік мүлік туралы заңда
қарастырылған. Азаматтық кодекстің 102-бабына сәйкес мемлекеттік
кәсіпорындарға:
1) Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген;
2) Оралымды басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын)
кәсіпорындар жатады.
Мемлекеттік тіркеу құжаттары:
1) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш (белгіленген нысанда);
2) жарғы;
3) шешім (Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы
органның кәсіпорын құру туралы);
4) орналасқан жерін растайтын құжат;
5) түбіртек (немесе заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және
филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін бюджетке алым
төленгенін растайтын құжат);
6) заңды тұлға басшысының және құрылтайшыларының жеке басын
куәландыратын құжаттардың, олардың салық төлеуші куәліктерінің
көшірмелері.
Егер заңды тұлға табиғи монополиялар субъектісі болып табылған
жағдайда, монополияға қарсы органның жазбаша келісімі. Егер заңды тұлғаның
құрылтайшысы басқа заңды тұлға болып табылған жағдайда, салық берешегінің,
міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің
жоқ екені туралы анықтама.[3]
Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау тәртібі(Мемлекеттік
кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның
кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 1353 Қаулысы бойынша) жүзеге
асырылады. Кәсіпорын басшысының қызметіне кандидатураларды іріктеу кезінде
қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:
1) қажетті бейіні бойынша жоғары білімінің және тиісті саланың
уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) бекіткен біліктілік
талаптарына сәйкес келетін кәсіби даярлық деңгейінің болуы;
2) мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес
басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Конкурсқа мынадай тұлға қатыса алмайды:
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен
өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да
жағдайлар.
Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган):
1) конкурсты өткізу туралы шешім қабылдайды;
2) конкурсты өткізу шартын, күні мен орнын анықтайды;
3) конкурстық комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) қалыптастырады,
тиісті саланың уәкілетті органы өкілдерінің арасынан комиссия төрағасын
және комиссия хатшысын тағайындайды.
Комиссия мүшелерінің саны тақ санды, кемінде бес адамды құрайды.
Комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) конкурстық құжаттаманы дайындайды;
2) тиісті кәсіпорынның қаражаты есебінен конкурс өткізу туралы
хабарландыру жариялауды қамтамасыз етеді;
3) конкурсқа қатысу үшін ұсынылған құжаттарды қабылдауды, тіркеуді
және сақтауды жүргізеді;
4) конкурстың қорытындылары бойынша тиісті саланың уәкілетті органына
(жергілікті атқарушы органға) шешімді енгізеді.
Республикалық, облыстық және аудандық кәсіпорын басшысының қызметін
атқаруға конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми республикалық бұқаралық
ақпарат құралдарында, сондай-ақ уәкілетті органның (жергілікті атқарушы
органның) интернет-сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде конкурс
өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он бес күн бұрын жарияланады.
Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) конкурс өткізілетін күні мен орны;
2) орналасқан орнын, пошталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып,
кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы;
3) конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар;
4) конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі;
5) бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру
орналастырылған күннен бастап айқындалатын конкурсқа қатысуға ниет
білдірген тұлғалардан құжаттар қабылдау басталған күн.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау
бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру
жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн еткеннен кейін аяқталады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы
хабарландыруда көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының
көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының
тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс стажына, кәсіби даярлық
деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер
мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан
ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері және т.с.) беруіне болады. [4]
Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген барлық құжаттар болған,
сондай-ақ тұлға осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия
құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттар
тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.
Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі Комиссия хаттамасымен
бекітіледі. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен
кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және
күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.
Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізу кезінде мемлекеттік
кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуін тексереді.
Сондай-ақ тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган)
бекіткен тиісті кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық
нұсқаулығының негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі анықталады.
Комиссияның шешімі Комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым
көпшілік ашық дауыс беруімен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде
Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссия отырысы
Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысқан кезде заңды болып
саналады.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, ол білдірілген
жағдайда жазбаша түрде мазмұндалып және Комиссия хаттамасына қоса
тіркелетін. Талқылау барысы және Комиссия қабылдаған шешім Комиссияның
барлық мүшелері мен Комиссия хатшысы қол қоятын хаттама түрінде
ресімделеді.[5]
Комиссия отырысының хаттамасын ресімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
Егер конкурсқа қатысуға осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес
келетін екі үміткерден кем конкурстық өтінім ұсынылса немесе конкурстық
өтінімдер түспесе немесе қайтарылып алынса, сондай-ақ конкурс нәтижесінде
Комиссия кандидаттарды анықтамаса, конкурстық комиссия конкурсты өтпеді деп
таниды және қайта конкурс өткізу туралы шешім қабылдайды. Комиссия отырысын
өткізу кезінде бейне немесе аудио жазу жүзеге асырылады. [6]
Мемлекеттік кәсiпорынның заңсыз алған табыстарын алып қою Қазақстан
Республикасының заңнамасында тыйым салынған, мемлекеттік кәсіпорынның
жарғысында көзделмеген, қызметтi жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған
табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын
тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген бағаларын
көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында
айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік
есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері
анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады. [7]
Мемлекеттік кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу Республикалық
мемлекеттік кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын тиісті
саланың уәкілетті органы, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындікін –
жергілікті атқарушы орган белгілейді. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат
кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге сыйақы
жүйесiн белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде мемлекеттік кәсiпорын
дербес айқындайды. Республикалық мемлекеттік кәсiпорын басшысының, оның
орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының
мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн – тиісті
саланың уәкілетті органы, ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшысының,
оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерiнiң лауазымдық айлықақыларының
мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн жергілікті
атқарушы орган белгiлейдi. [8]

1.2 Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің мақсаты

Мүлік туралы Заңның 133-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген
жағдайларда мемлекеттік кәсіпорындар құрылуы мүмкін, ал бұрын құрылғандары
осы бапта көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін ғана жұмыс істеуі
мүмкін.
2. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар өз
қызметін:
1) елді мекендердің тыныс-тіршілігін (энергиямен, газбен, сумен,
жылумен жабдықтау және коммуналдық қалдықтарды көму) қамтамасыз ету;
2) табиғат пайдаланудың және орман өсірудің шектеулі режимі бар орман
саябақтары, жасыл және қорғаныш аймақтарын құру;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы
Президенті Іс басқармасы мен оның ведомстволарының және Қазақстан
Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының өздеріне жүктелген
функцияларын жүзеге асыруына ықпал ету;
4) мемлекеттік автомобиль жолдарын күтіп ұстау;
5) денсаулық сақтау; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
беру;
6) спорттық-сауықтыру объектілерін, мәдениет және демалыс саябақтарын
пайдалану;
7) қолданбалы ғылыми зерттеулер;
8) мемлекеттік жер кадастрын, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану
туралы ақпараттық деректер базасын, экологиялық ақпараттың мемлекеттік
қорын және Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттік
кадастрларын, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің
мемлекеттік тізілімін жүргізу;
9) мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы жүйелерін және құрылыстарды
күтіп ұстау, пайдалану, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
10) өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині, фумигация
(зарарсыздандыру) және фитосанитариялық сараптама;
11) тарих және мәдениет ескерткіштерін ғылыми зерттеу, консервациялау,
реставрациялау, қайта жасау, жөндеу және бейімдеу жөніндегі жұмыстарды
орындау;
12) теңіз портының қызметі;
13) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдаланушыларға
аэронавигациялық қызметтер ұсыну;
14) мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және сақтау;
15) техникалық реттеу және метрология саласында өндірістік- шаруашылық
қызметті жүзеге асыру;
16) қылмыстық-атқару жүйесі саласында өндірістік қызметті жүзеге асыру
және сотталғандардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;
17) Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттарын
дайындау;
18) жануарлардың аса қауіпті аурулары мен энзоотикалық ауруларының
диагностикасы, ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын
тіркеу сынақтары, байқаудан өткізу, сондай-ақ ветеринариялық препараттарға
шағым түскен кезде олардың серияларына (топтарына) бақылау жасау;
19) ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің функцияларын жүзеге асыру;
20) радиожиілік спектрінің және радиоэлектрондық құралдардың
мониторингі бойынша жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету, радиоэлектрондық
құралдардың және радиожиілікті берулердің тізілімін (деректер базасын)
жүргізу, сондай-ақ радиоэлектрондық құралдардың электромагниттік
үйлесімділігінің есебін жүргізу бойынша қызмет көрсету;
21) мемлекеттік авариялық жұмыс істемей тұрған кеніштерді және көмір
кәсіпорындарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша
жою және консервациялау, сондай-ақ олардың жұмысының зардаптарын жою
саласында жүзеге асырады.
3. Қазыналық кәсіпорындар өз қызметін төтенше және авариялық жағдайлар
кезінде тауда құтқару және өзге де арнайы жұмыстарды орындау, өрттен, су
тасқынынан және басқа да дүлей зілзалалардан қорғау; денсаулық сақтау;
мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, қосымша білім беру, техникалық,
кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру; еңбек қауіпсіздігі және
еңбекті қорғау, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, мәдениет және
спорт; іргелі ғылыми зерттеулер; биологиялық әртүрлілікті және тектік қорды
сақтау мақсатында жануарлар, өсімдіктер дүниесі объектілерін қорғауды,
тұрақты пайдалануды, молайтуды және жасанды түрде өсіруді, сондай-ақ
табиғатты (зоологиялық саябақтарды, ботаникалық бақтарды, дендрологиялық
саябақтарды) қорғауды, орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық
жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету; топографиялық-геодезиялық және
картографиялық жұмыстарды жүргізу; өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдар
(отбасылар) үшін арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету; жылжымайтын мүлікті
мемлекеттік техникалық зерттеу саласында жүзеге асырады. [9]
Мемлекеттік кәсіпорындарға - табиғи және мемлекеттік монополия
субъектілеріне осы Заңда және Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар
туралы Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының
өзге де заңдарында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тыйым
салынады. [10]

1.3 Мемлекеттік кәсiпорынның мүлкiне билік ету

 Мемлекеттік кәсiпорынның мүлкiне билік ету төмендегі тәртіпте жүзеге
асырылады:
1. Мемлекеттік кәсіпорын өзі өндірген өнімді дербес өткізеді.
2. Мемлекеттік кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып
алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен шығаруға
құқығы жоқ.
3. Республикалық мемлекеттік кәсіпорын Қазақстан Республикасы
Үкіметінің келісімімен басқа заңды тұлға құра алады, сондай-ақ оның
құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады.
Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жергілікті атқарушы органның
келісімімен басқа заңды тұлға құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы
(қатысушысы) бола алады.
Мемлекеттік кәсіпорын – табиғи монополия субъектісі Қазақстан
Республикасы Үкіметінің (жергілікті атқарушы органның) және табиғи
монополиялар және реттелетін нарықтар саласындағы басшылықты жүзеге
асыратын мемлекеттік органның келісімімен басқа заңды тұлға құра алады,
сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады. [11]
 

1.4 Мемлекеттік кәсіпорынды басқару

Мемлекеттік кәсіпорынды басқару Мемлекеттік кәсіпорынның басшысымен
еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес:
республикалық мемлекеттік кәсіпорын басшысының тиісті саланың уәкілетті
органымен;коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшысының жергілікті атқарушы
органмен еңбек шартын жасасуы арқылы ресімделеді. Еңбек шартында Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген талаптардан бөлек, мемлекеттік
кәсіпорын басшысының таза табыстың белгіленген бөлігін уақтылы бюджетке
аудармағаны үшін жауапкершілігі айқындалады. Басшыны тағайындау, осы Заңда
көзделген жағдайларда басшының кандидатурасын келісу, оны аттестаттаудан
өткізу, Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және
қызметтен босататын жекелеген мемлекеттік білім беру кәсіпорындарының
бірінші басшыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. [12]
Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы дара басшылық принципі бойынша
әрекет етеді және егер осы Заңда және кәсіпорынның жарғысында өзгеше
көзделмесе, мемлекеттік кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін осы Заңда
және мемлекеттік кәсіпорынның жарғысында айқындалатын өз құзыретіне сәйкес
дербес шешеді. Мемлекеттік кәсіпорын басшысы қаржы-шаруашылық қызметіне
және мемлекеттік кәсіпорын мүлкінің сақталуы үшін жеке жауаптылықта болады.
Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы мемлекеттік кәсіпорынның атынан
сенімхатсыз әрекет етеді, барлық органдарда оның мүддесін білдіреді, осы
Заңда белгіленген шектерде мемлекеттік кәсіпорынның мүлкіне билік етеді,
шарттар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік кәсіпорындар туралы жалпы түсінік
Мемлекеттік кәсіпорындар
Мемлекеттік кәсіпорын қызметі
Лицензиялауды жүзеге асырушы органдар
Кәсіпорынның түрлері
Кәсіпорын - нарықтық экономиканың субъектісі ретінде
Кәсіпорын - шаруашылық жүргізу объектісі
«Қазақпарат» ұлттық компаниясындағы басқаруды талдау
Еліміздегі кәсіпорындардың түрлері
Шағын кәсіпкерлікті дамыту
Пәндер