Коммерциялық заңды тұлғалардың жауапкершілігі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 4

1 Заңды тұлғаға жалпы құқықтық сипаттама . . . 7

1. 1 Заңды тұлға ұғымы және оның белгілері . . . 7

1. 2 Заңды тұлғаны құру, қайта құру . . . 9

1. 3 Заңды тұлғаны тарату негіздері . . . 12

2 Коммерциялық заңды тұлғалардың жауапкершілігі . . . 16

2. 1 Коммерциялық ұйымдардың құрылуы және жауапкершілігі . . . 16

2. 2 Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі

бар серіктестік . . . 21

2. 3 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық

капиталын құру . . . 25

Қорытынды . . . 35

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 37

Кіріспе

Азаматтық құқық жеке құқық саласы болып табылады. Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушалары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет. Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес дербес субьектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. [1]

Заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Заңды тұлға дербес балансы немес сметасы болуға тиіс және заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады. Заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлінеді.

Коммерциялық ұйым пайда табуды көздейді. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады. Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы мүмкін. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін - меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің (меншік иелерінің) заңды тұлға құру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қауымдастық (одақ) нысанындағы өзге де ұйымдық- құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін -- құрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай шарты; 3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін -- жарғы болып табылады. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестігі болып танылады.

Тақырыптың өзектілігі. Заңды тұлғалар - азаматтық құқық субьектілері ішінде ерекше орын алады. Яғни, олар Қазақстан экономикасының дамуына өте үлкен үлес қосады. Заңды тұлғалардың көптеп құрылуы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге көмегін тигізеді. Салық- мемлекеттің тіршілік ету көзі, ал заңды тұлға бірден -бір салық төлеуші субьект. Зерттеу мақсаты- заңды тұлғалардың құрылуы, оның түрлерінің бір-бірінен ерекшелігі, олардың заң арқылы қорғалуы, ел экономикасының жоғары деңгейде дамуына әсер ететінін көрсету, және түрлеріне жеке-жеке тоқталу, олардың жарғылық капиталының құқықтық реттелуін, қаржыландырылуы, құрылтай құжаттары туралы түсінік беру.

Жоғарыда аталған мақсаттарға сай мынандай міндеттер қойылды:

  • Шаруашылық серіктестік туралы ұғымның теориялық негізін зерттеу.
  • Шаруашылық серіктестік түрлеріне байланысты мәселелерді ауқымды түрде көтере отырып, талдау және зерттеу жүргізу.

Курс жұмысының зерттеу пәніне коммерциялық заңды тұлғалардың жарғылық капиталы жатады. Коммерциялық заңды тұлғаларды құру, қайта құру, тіркеу, тарату, құқықтық пайда болатын қоғамдық қатынастар танылады, бұл қатынастар өз кезегінде зерттеу пәні болып табылады. Зерттеудің әдістемелік негізі болып түрлі таным тәсілдерін қолдану саласына, мәні мен құрылымына, ғылыми теорияларға негізгі талаптарды анықтайтын философиялық білімдер жүйесі табылады. Осы аталған жұмыста көзделген мақсаттарға жету үшін жалпы ғылыми және жеке ғылыми таным тәсілдері пайдаланылды. Жалпы ғылыми тәсілдер ретінде диалектикалық тәсіл, ұғымдардың бөліктерін, жекелеген белгілерін талдау мен жүйелеу тәсілдері қолданылды. Зерттеу барысында сонымен қатар құқықтық зерттеудің арнаулы тәсілдері: салыстырмалы құқықтану, сот тәжірибесін талдау тәсілі, формальдық-логикалық тәсілдер және тағы басқалары қолданылды. Курс жұмысының тақырыбын зерттеу кезінде ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен қатар нормативтік құқықтық актілер де қолданылды. Қазақстан Республикасының заңнамалар жүйесінде заңды тұлғалардың және оның түрлерінің жарғылық капиталын құқықтық реттеуге ерекше көңіл бөлінеді. Құқықтың негізгі қайнар көзі болып Қазақстан Республикасының Конституциясы табылады. Заңдық күші тұрғысынан алғандағы келесі бір акті - Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Ол жалпы сипатты иеленетін нормативтік актілер қатарына жатады. Егер қандай да бір мәселе арнаулы нормативтік актілер мен шаруашылық серіктестік заңдарымен реттелмесе, онда Азаматтық Кодекстің нормалары қолданылады. Қазіргі уақытта ҚР-да заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы келесідей арнайы құқықтық нормативтік актілермен реттеледі:«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы; «Шаруашылық серіктестік»туралы ҚР-сы Президентінің жарлығы; Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік туралы ҚР-ның серіктестігі; «Банкроттық туралы»Қазақстан Республикасының Заңы; «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы; «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы т. б

Курстық жұмысқа жаңалық ретінде қосар ұсынысым былайша көрініс береді. Қазақстан Республикасындағы өндірістің дамуына орай заңды тұлғалар қоғамда ерекше орын алатындығы мәлім. Бұл қатынастарды құқықтық реттеудің күрделілігі осы саладағы нормативтік-құқықтық актілердің көптігімен сипатталады. Курс жұмысының құрылымы кіріспеден, 3-тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Ғылыми әдебиеттерде заңды тұлғаларға көп көңіл бөлінген. Атап айтқанда, аталған тақырыпты зерттеу барысында А. ГДиденко, Ю. Г. Басин, Д, А. Колбасин, Ғ. Тулеуғалиев, Ғ. А. Жайлин секілді ғалымдардың еңбектері қолданылды.

1. Заңды тұлғаға жалпы құқықтық сипаттама

1. 1 Заңды тұлға ұғымы және оның белгілері

ҚР-ның Азаматтық Кодексінің 33-бабында көрсетілгендей заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.

Заңды тұлға дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс және заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады. Заңды тұлға-азаматтық құқықтық қатынастардың субьектісі. Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды:

  • Ұйымдасқан бірлігі;
  • Мүліктік оқшаулығы;
  • Дербес мүліктік жауапкершілігі;
  • Азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.

Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі, оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқандық бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғаның жоғарыда келтірілген анықтамасында оның белгілері көрсетілген: оқшау мүлкінің болуы, осы мүліктен өз міндеттемесі бойынша дербес жауапкершілігі болуы, өз атынан азаматтық құқықтарға ие болып, оны жүзеге асыруы, сотқа талапкер және жауапкер ретінде қатысуы.

Заңды тұлғаның жоғарыда аталған белгілерін қарастырайық. Оқшау мүлкі дегеніміз шаруашылық қатынастарына дербес түсуі үшін ұйымның тек қана басқа ұйымдардың ғана емес, сондай-ақ мемлекеттің мүлкінен де оқшау мүлкі болуы керек дегенді білдіреді. Азаматтық айналымда өз атынан сөйлеу қабілеті- бұл өз атынан азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болу, талапкер және жауапкер ретінде жауап беру мүмкіндігі. Ұйымның осы құқығы оның жарғысымен, ережесімен немесе аталған ұйымды құру туралы актісімен көзделеді. Заңды тұлғаны өз міндеттемелері бойынша дербес мүліктік жауапкершілігі-оның оқшау мүлкінің салдары. Атап айтқанда, кәсіпорын өзіне тиесілі барлық мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап береді. Меншік иесіне оның мүлкіне міндеттемесі бойынша кәсіпорынның жауапкершілігі болмайды. Құрылтайшының әрекеті салдарынан болған банкроттық жағдайын есептемегенде жауап бермейді. Заңды тұлға ұйымдық біртұтас болуы керек. Ұйымдық біртұтас болу ұжымдық құрылымның біртұтас құрылым ретіндегі қызметін қамтамасыз етеді. Аталған белгі заңды тұлғаның мақсаттары мен міндеттерін, оның құрылымын, құзыретін, қызмет анықтаудан құжаттарында өзгеше айтылмаса, жарғы не құрылтай шарты мен жарғысы негізінде жүзеге асырады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуы керек, өйткені мұндай құжаттың болуы заңды тұлғаның оқшау мүлкін және мүліктік дербестігін білдіреді, әрі белгілі бір дәрежеде қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік баланстың дербестігі сол, онда заңды тұлғаның мүлкі, барлық түсімдер, шығындар, активтер мен пассивтер көрініп тұрады. Жалпы заңды тұлға азаматтық құқықтық заңмен танылған бірыңғай субьектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Заңды тұлғаның құқық субъектілігі дегеніміз, онда құқық субъектісінің қасиеті болуы, яғни құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі болуы. Құқық қабілеттілігі арнаулы және жалпы болады. Арнаулы құқық қабілеттілігі дегеніміз, заңды тұлғаның жарғыда көзделген қызметінің мақсатына сай келетіндей азаматтық құқықтары мен міндеттері болады. Мұндай жағдайда жарғыда олар айналысуға құқықты қызмет түрлері көрсетіледі. Осыған байланысты, ҚР АК 159-бабында былай делінген: «Заңды тұлғаның осы Кодексте, өзге де заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетін етіп жасаған, не оның органының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі, егер мәміледегі басқа тараптың мұндай жолсыздықтар туралы білгені немесе күнілгері білуге тиіс болғаны дәлелденсе, заңды тұлғаның немесе оның құрылтайшысының (қатысушысының) мүлік иесінің қуынымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін». Арнаулы құқық қабілеті бар заңды тұлғаның мысал ретінде қазыналық кәсіпорынды атауға болады. Қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызметі жарғыда бекітілген мақсаттарымен және міндеттерімен айқындалады. Арнаулы құқық қабілеттілігі сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға да: мекемелерге, қоғамдық бірлестіктерге, қоғамдық қорларға, тұтыну кооперативіне, діни бірлестіктерге, заңды тұлғалардың қауымдастық немесе одақ нысанындағы бірлестіктеріне тән. Жалпы құқық қабілеттілігі бар заңды тұлғалар өз кезегінде, кез келген қызметпен айналыса алады, кез келген азаматтық құқығы және соған қатысты міндеттемесі болады. Коммерциялық емес ұйымға жататын (шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар) көптеген заңды тұлғалардың жалпы құқық қабілеттілігі болады. [2]

Азаматтық заңдарда заңды тұлғаның құқық қабілеттілігінің пайда болуы және тоқтатылуы туралы ереже белгіленген. ҚР азаматтық кодексінде заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі туралы былай делінген: «Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Айналысу үшін лицензия алу қажет болатын қызмет саласында заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі сондай лицензияны алған кезден бастап пайда болып, ол қайтарып алынған, оның қолданылу мерзімі өткен немесе заң құжаттарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылған кезде тоқталады»

Заңды тұлғаның азаматтық айналымға қатысуы үшін тек қана құқық қабілеттілігі емес, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі де керек. Азаматтарға қарағанда заңды тұлғалардың ерекшелігі олардың құқық және әрекет қабілеттілігі бір мезгілде пайда болып, бір мезгілде тоқтатылады. ҚР Азаматтық кодексінің 37-бабында былай делінген: «Заңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер қабылдайды». Заңды тұлғаның органы - бұл заңмен, жарғымен немесе құрылтай құжаттарымен көзделген лауазымды тұлғалар (бас директор, директор, президент, бастық, меңгеруші, төраға) және ұйым қатарында солармен бірге әрекет ететін лауазымды тұлғалардың алқалары (мысалы, акционерлік қоғамды -- директорлар кеңесі, ал кооперативтік және қоғамдық ұйымдарда -- басқарма, кеңес секретариат) заңды тұлғаның еркін білдіріп, оны жүзеге асырады.

ҚР Азаматтық кодексінде заңды тұлғалардың жекелеген түрлеріне қатысты органдардың құралы мен олардың құзыреті айқындалады. Мысалы, толық серіктестіктің ішкі мәселелері жөніндегі шешім барлық қатысушылардың жалпы келісімі бойынша қабылданады, сенім серіктестігін ісін басқаруды толық серіктестіктер жүзеге асырады, акционерлік қоғамның жоғары орғаны оның акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады. Акционерлік қоғамның атқарушы органы алқалық (басқарма) немесе жеке-дара (директор, бас директор, президент) болуы мүмкін. Ол акционерлік қоғам қызметіне күнделікті басшылықты жүзеге асырады және директорлар кеңесі мен акционерлердің жалпы жиналысына есеп береді. Қоғамның басқа да органдарының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен белгіленген ерекше құзыретіне кірмейтін барлық мәселелерді шешу акционерлік қоғамның атқарушысы органының айрықша құзыретіне жатады. Өндірістік кооперативті басқарудың жоғары органы оның мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады.

Фирмалық атау -- коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның тіркелгеннен кейінгі атауы. 1883 жылғы 30 наурызда қабылданған, 1993 жылдың 16 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы да мүшесі болып табылатын өнеркәсіптік меншікті қорғау туралы Париж конвенциясының 8-бабына сәйкес фирмалық атау Конвенцияға қатысушы елдердің барлығында арнаулы тіркеусіз қорғалады. Демек, заңды тұлғаның фирмалық атауды оны тіркемей-ақ, пайдалану фактісіне қарай, пайдалануға құқығы бар деген сөз. Заңды тұлғаның фирмалық атауды тек қана өзі пайдалануға құқығы бар, бөтен бір фирмалық атауды заңсыз пайдаланатын тұлға фирмалық атаудың құқық иесінің талап етуі бойынша мұндай атауды пайдалануды тоқтатуға және келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті. Заңды тұлғаның фирмалық атауды пайдалануға байланысты құқықтары мен міндеттері заңдарда белгіленеді.

1. 2 Заңды тұлғаны құру, қайта құру

Азаматтық кодекске заңды тұлғаларды құру жөнінде жалпы ережелер енгізілген, сол арқылы оның түрлерінің жекелеген нормалары нақтыланады. Кодексте заңды тұлғаның құрылтайшысы хақында арнайы бап енгізілген. Азаматтық кодекстің 40-бабына сәйкес заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін. Мүлікті шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісімімен басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады. Азаматтық кодекс құрылтай құжаттарының түрін және міндетті реквизиттері мен басқа да оған қойылатын талаптарды айқындайды.

Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы мүмкін. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін - меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің (меншік иелерінің) заңды тұлға құру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қауымдастық (одақ) нысанындағы өзге де ұйымдық- құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін -- құрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай шарты; 3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін -- жарғы болып табылады.

Бір адаммен құрылған коммерциялық және коммерциялық емес ұйым тек жарғы негізінде ғана емес істей алады. Азаматтық кодекстің 41-бабының 3-тармағына сәйкес шаруашылық серіктестікпен өндірістік кооперативтің құрылтай құжаттарында олардың қызметінің мәні мен мақсаттары белгіленуге тиіс. Құрылтай құжаттарының қатарына құрылтай шарты енгізілген жағдайда Азаматтық кодекстің 41-бабындағы талаптар сақталуы керек, сонымен бірге онда көрсетілген ережелер мен шектеліп қалмайтындығы ескерілген. Заңды тұлғаның жарғысында: онда оның атауы, тұрғылықты орны, оның органдарын құру тәртібі және олардың құзіреті, оның қызметін қайта құру мен тоқтату ережелері белгіленеді. Егер заңды тұлғаны бір адам құрса, онда оның жарғысында мүлікті құру және кірістерді бөлу тәртібі де белгіленеді. [3]

Жарғыда заңдарға қайшы келмейтін басқа да ережелер болуы мүмкін.

Бір заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қайшылықтар болған жағдайда:

1) егер олар құрылтайшылардың ішкі қатынастарына қатысты болса, құрылтай шартының;

2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қатынастарында маңызы болса, жарғының ережелері қолдануға тиіс.

Барлық мүдделі адамдар заңды тұлғаның жарғысымен танысуға құқылы.

Заңды тұлғаны қайта құру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту) оның мүлкін меншіктенушінің немесе меншік иесі уәкілдік берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешімі бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкілдік берілген органның шешімі бойынша, не заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі. Заңдарда қайта құрудың басқа да нысандары көзделуі мүмкін. Заңды тұлға - жинақтаушы зейнетақы қорын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, арнайы қаржы компаниясын қайта құру зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру қызметі және секьюритилендіру туралы заңнамада көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады. Акционерлік қоғамдарды қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заң актісінде белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады. Қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. Заң құжаттарында көзделген реттерде ықтиярсыз қайта құру сот органдарының шешімі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. [4]

Егер заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші, ол уәкілдік берген орган, құрылтайшылар немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында қайта құруға уәкілдік берілген органы заңды тұлғаны қайта құруды сот органының шешімінде белгіленген мерзімде жүзеге асырмаса, сот заңды тұлғаның басқарушысын тағайындайды және оған осы заңды тұлғаны қайта құруды жүзеге асыруды тапсырады. Басқарушы тағайындалған кезден бастап заңды тұлғаның ісін басқару жөніндегі өкілеттік соған ауысады. Басқарушы сотта заңды тұлғаның атынан әрекет етеді, бөлу балансын жасайды және оны заңды тұлғаны қайта құру нәтижесінде туындайтын құрылтай құжаттарымен бірге соттың бекітуіне береді. Аталған құжаттарды соттың бекітуі жаңадан пайда болған заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін негіз болады. Заңды тұлға, біріктіру нысанында қайта құрылатын реттерді қоспағанда, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар тіркелген кезден бастап қайта құрылған деп есептеледі.

Заңды тұлғаны оған екінші бір заңды тұлғаны біріктіру жолымен қайта құрған кезде, заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне біріктірілген заңды тұлға қызметінің тоқталғандығы туралы жазба жасалған кезден бастап олардың бірінші қайта құрылған деп есептеледі. Заңды тұлғаларды қосқан кезде олардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады. Заңды тұлғаны екінші бір заңды тұлғаға біріктірген кезде біріктірілген заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес соңғысына ауысады. Заңды тұлғаны бөлген кезде оның құқықтары мен міндеттері бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады. Заңды тұлғаның құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп шығарғанда, бөлу балансына сәйкес олардың әрқайсысына қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері ауысады. Заңды тұлғаның бір түрін екінші түрдегі заңды тұлғаға өзгерткен кезде (ұйымдық-құқықтық нысанды өзгерткенде) қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу құжатына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады. [5]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік емес заңды тұлғалар
Коммерциялық заңды тұлғалардың түсінігі
Заңды тұлғалардың негізгі түрлері
Заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы
Коммерциялық ұйымдардың сипаттамасы
Заңды тұлғалардың жауапкершілігі. Азаматтық құқық
Заңды тұлға туралы ақпарат
Заңды тұлғаларды қайта құру және мемлекеттік тіркеу.
Заңды тұлға
Заңды тұлғаның ұғымы, түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz