Құм туралы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Кең-байтақ жерімізде топырақтың көптеген түрлері бар, олар табиғаттың құбылмалы жағдайына байланысты биіктегі шалғынды құнарлы қара топырақтан бастап ойпаттағы құнарлылығы төмен құба топырақтарды қамтып жатыр. Оның ішінде тұзданған және қайта тұзданған, сор және сортаң, шөл-шөлейтке айналған, деградацияға ұшыраған және ластанған жерлеріміз аз емес. Осындай жәйт Елбасы мен қарапайым халықты да, ғалымдарды да ойландырып, толғандырады. Мысал ретінде келтірер болсақ, қазіргі таңда жердің 75 пайызы деградацияға ұшырап, шөл-шөлейтке бейім алған, оның ішінде жайылым жеріміздің 14 пайызы өте жоғарғы деңгейде болып отыр. Осы фактордың белең алуы елімізде жиі кездесетін ауа райының құрғақшылығы мен су ресурстарының біркелкі болмауына байланысты құмдардың кең түрде таралуы, жердің сор, сортаң және тұздануы, су және жел эрозиясына ұшыраған жердің көбеюінен байқалады. Деградацияға қарқынды түрде ұшыраған жерлер антропогендік қысым мен адам факторларының әсерінен және құрғаған Арал теңізінің табаны, Сыр мен Каспий өңірлерінде және шөл-шөлейт жерлерде жиі кездеседі. Сыр өңірінде топырақтың саздануы мен тұздануы және қайта тұздану салдарынан суармалы жердің жыл сайын 10-15 пайыздайы ауылшаруашылық айналымынан шығып отырады. Жылжымалы құмдардан топырақты қорғау үшін негізі жүргізілетін шара - өсімдік отырғызу. Негізінен, беде деген шөпті отырғызады, себебі оның тамыры терең бойлайды және де топырақтың құмға айналу үрдісін тежейді .
Шоғыр құмдар - құмды шөлдердегі жел әсерінен түзілген нонабедердің пішіні; тақырлар мен сорлардың жайпақ беттеріндегі аласа бұталар тәңірегінде желмен әкелінген борпылдақ материалдардан тұратын ұсақ (биіктігі 1 м-ге дейін) үйінділер. [
Төбешік құмдар - 1) Днепр мен Дон өзендерінің аласа террасаларында желдің әсерінен түзілген, биіктігі 2-5 м құм төбешіктердің атауы; 2) Сібір тундрасында тоң қату процестерінің әсерінен түзілген кішігірім күмбез тәрізді төбелер
Құм - минерал түйірлерінен, сирегірек әр-түрлі таужыныстардың шағын бөлшектерінен, немесе организм қалдықтарының қаңқа сынықтарынан тұратын ұсақ түйірлі борпылдақ таужыныс немесе шөгінді; түйірлерінің мөлшері 0, 1-1 мм ірі түйірлі (0, 5-1 мм), орта түйірлі (0, 25-0, 5 мм) және ұсақ түйірлі (0, 1 - 0, 25 мм) болып үш түрге бөлінеді; заттық құрамы және жаралу тегі тұрғысынан әр-түрлі болуы мүмкін. Құмның қиыршықтары (ірілігі 0, 1-0, 5 мм) көбінесе суға жөнді ерімейтін, механикалық берік минералдардан тұрады. Оның құрамында көбінесе кварц, онан кейін дала шпаты, магнетит, циркон, анарлар т. б. болады. Теңіздік құмдар біркелкі даладағыдай жазық жатады. Шөлдік және өзендік құмдар қиғаш шалыс жатысты келеді. Сонымен қатар құмның түсі де әр түрлі болуы мүмкін. Темір тотығына боялған құм қоңырқай сарғыш, глауконитке араласқан құм сұрғылт жасыл, көмір араласқан құм қара болады. Кейбір жағдайда таза ақ кварц құмдар немесе дала шпатты таза аркоз деген құмдар болады. Оларды шыны, фарфор өндірістерінде көп қолданады. Құм ішінде кейде кен минералдары - алтын, платина, касситерит, вольфрамит, корунд, алмаз т. б. кездеседі. Бүған көбінесе өзен құмы жатады. Кені жоқ құм құрылыс материалы ретінде қолданылады.
Құмтастар. Әр түрлі ерітінділермен біріккен құмдардан құмтастар шығады. Кұмтастар арасындағы цементіне қарай ізбесті, темірлі, сазды, силикатты, кварцты болып айрылады. Цемент түріне қарай және тығыздалу дәрежесіне қарай құмтастардыц беріктігі де әр түрлі болады. Олардың арасында үгіли тұратын босаңдары да, граниттей беріктері де бар. Әсіресе кварцты құмтастар аса берік келеді. Түрлі қайрақ, шарық тастар, сондай-ақ диірмен тастары да осы Құмтастан жасалады. Кұмтастар өте жақсы құрылыс материалы болып есептеледі, өйткені оның қабаттық беттері тегіс болғандықтан қалауға қолайлы келеді. Кұмтастар ішінде кен минералдары да кездеседі. Ондай құмтастар кен тасына айналады. Мысалы, Жезқазғанның мысты құмтасы кен тасы болып табылады. Жай құмтастар әр жерден көп кездеседі. Мeханикалық шөгінділердің түрлері де, қасиеттері де, структурасы да ең алдымен оларды құраушы кесектердің өлшемі (ірілігі) мен формасына байланысты. Кесектердің ірілігі бірнешe метрлік қойтастардан бастап, миллиметрдін, мыңдық бөлшегімен өлшенетін өте майда тозандармен аяқталады. Формасы жағынан ол кеуектер домаланып кажалған жұмыр, шала жұмыр немесе өткір қырлы болып келеді. Кесектердің өлшемі мен формасы олардың жаратылысына байланысты. Мысалы, ағын судың арнасындағы кесектер ағыстың әсерінен бір-біріне соғылып қажалады, соның салдарынан домаланып жұмыр түрге, яғни аллювий шөгінділерге айналады. Уақытша күшті тасқын ішінде болған кесектер ірі болады, бірақ олар аз қажалғаншала жұмырлы келеді. Оны пролювий шөгінділер дейді. Тау беттеріндегі кесектер алғашқы орындарынан өз салмақтарымен және жауын-шашын әсерінен азғана жылжыған болса оны делювий шөгінділер, немесе тіпті қозғалмастан өз орнында жататын болса оны элювий шөгінділер дейді, бұлар ешбір жұмырланбаған күйінде үшкір қырлы келеді. Сонымен қатар әрбір кесектердің және олардың біріккен түрлерінің өзіне арналған аттары болады. Мұнда жақша ішінде кесектерді қырлы түрі көрсетілген. Мысалы, диаметрі сантиметрмен өлшенетін жұмыр кесектер малтатас болса, олардың цементтеліп біріккен түрі конгломерат болады. Егер диаметрі сол мөлшерлес кесектер қырлы болса, оны уақтас дейміз. Уақ тастардың біріккен түрі жонттас деп аталады. Осы айтылған түсініктерді онан көрі ірілеу қойтастарға да, онан гөрі ұсақтау қиыршықтарға да қолдануға болады. Кейбір жағдайларда кейінгі екеуін біріктіріп, шаң, тозаң, сазтас деп те атайды. Бұл шөгінділердің әрқайсысы ірі, орташа, ұсақ (майда) түйіршікті болып бөлінеді. Диаметрі:
0, 5 мм - ірі құм
0, 25 мм - орташа құм
0, 1 мм - майда құм
Құмды ұйық. Динамикалық жіктеме бойынша құрамында 10-30% <0, 01 мм фракңиялары бар шөгінді. Басым фракцияларына байланысты құмнан, ірі және майда құмайттан тұруы мүмкін. Алеврит пен алевролит. Құмнан гөрі майда, саздан гөрі ірілеу аралық шөгінді алеврит (құмайт) деп, ал онын біріккен түрі алевролит (құмайттас) деп аталады. Кейде бұлар ды құмайт саз және тақтатас деп те атайды. Бірақ құрылысы жағынан алевролит шаңды сары топырақ қалесс топыраққа - жақын. Лессатты топырақтың негізі майда кварц, саз және ізбес бөлшектерінен құралады. Бөлшектерінің ірілігі орта есеппен 0, 02 мм шамасында. Ол қолға үгілетін сарғыш түсті топырақ, ішінде әр түрлі түз бөлшектері бар, құрылысы майда кеуектеу келеді. Осы қасиеттері арқасында лесс егіске, жеміске құнарлы топырақ болып есептеледі. Лесс көбінесе желмен ұшқан шаңнан жиналады, оның ағын сумен де жииалуы мүмкін. Оныд арасындағы ізбесі суға еріп, жиналып, түйіршіктер немесе түтікшелер жасап жүреді. Лесс көбінесе тік жарықтарға бегеледі. Сол жарықтарды кейін су жүріп, тік жарларға айналдырады. Лесс топырағының ен кеп тараған жері - Кытай. Ол КСРО-де Украинаның оңтүстігінде, Орта Азия республикалары мен Қазақстанда, әсіресе Казақстанның оңтүстік облыстарындағы Алатау, Қаратау, Жоңғартау тәңірегінде көп кездеседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz