Қазақстан тарихы пәнінен лекциялар


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

1. Қазақстан тарихы пәнінің міндеті мен мақсаты, дерек көздері, кезеңдері, тарихнамасы, «ақ таңдақтар».

Қазақстан тарихы егеменді, тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасы территориясында өмір сүрген, қазірде өмір сүріп жатқан қазақ және басқа да халықтардың ескерткіші. Қазақстан тарихы бүкіл адамзат тарихының толық мықты бір бөлімі, өйткені ол дүниежүзі тарихы, Евразия тарихы, көшпенділер өркениеті, түркі халықтары тарихы, Орталық Азия елдерімен ұштасып жатады. Қазақстан тарихы - Қазақстанның территориясында ежелгі уақыттан бүгінгі күнге дейін болған тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, фактілерді, процестерді, тарихи заңдар мен заңдылықтарды аша отырып, тұтас қарастыратын ғылым.

Қазақстан Республикасы егемендік пен тәуелсіздікке ие болғаннан бері «Қазақстан тарихы» оқу пенінің маңызы арта түсті, оның негізгі міндеттері: халықтың тарихи жадын қалпына келтіру, ұлттық сана мен бірлікті қалыптастыру, азаматтанушылық пен патриотизмді тәрбиелеу.

"Қазақстан тарихы"оқу пәнінің негізгі мақсаты-Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейін негізгі кезендері туралы оның этногенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.

2. Қазақстан тас дәуірінде. Дәуірдің әлеуметтік құрылымы және шаруашылығы

Алғашқы қауымдық құрылыс адамзат тарихының ең алғашқы кезеңі. Бұл кезеңнің басталу мерзімін ғалымдар 1 млн. жыл бұрын, яғни ежелгі тас дәуірі -деп есептейтін. 1959 жылы Шығыс Африкадағы Олдувое мекенінен табылған адамның жақ сүйектері адамның пайда болуы түралы мәселеге үлкен жаңалық енгізді. Ғалымдар бұл адамды шартты түрде “зинджантроп” деп атады . Ол 1. 750 000 жыл бұрын өмір сүрген деп саналады. 1960 жылы дәл сол жерден археологтар 11-12 жастағы баланың бас сүйегін қазып алды. Ол зинджантроп табылған қабықтан төменгі қабықта орналасқан екен. Зерттеушілер бұл ежелгі адамды оның дене бітіміне және онымен бірге табылған тас қарулар негізінде “епті адам” деп атаған.

Аталмыш жәдігер адамзаттың ежелгі әулеттері 2 млн. жыл бұрын пайда болғандығынан дерек береді. Оның бас миының көлемі 652 см³-ді құраған, яғни қазіргі маймылдардың миынан әлде қайда үлкен болған. Ол маймыл сияқты төрт аяқпен емес, екі аяқпен жүрген. Олардың негізгі еңбек қарулары тастан жасалған.

Адамзат дамуының кезекті сатысы “тік жүретін адамдар” кезеңі. Бұл адамдардың өкілдері питекантроп пен синантроп.

Питекантроп адамы бірінші рет 1891 жылы Ява аралынан табылған. Ол осыдан 1 млн. жыл бұрын өмір сүрген. Қазіргі уақытта Европа және Азиядан, Шығыс және Оңтүстік Африкадан 10 питекантроп адамының сүйектері табылған. “Епті адаммен” салыстырғанда питекантроптың бас миының көлемі үлкен, яғни 950 см³ болған. Бас және жақ сүйектері кішірейген, аяғы ұзарып, қолы қысқарған.

Синантроп адамы 1927 жылы Пекин маңындағы Чжоу Коу Дянь үңгірінен табылған. Қазіргі ғылымда 50 синантроп мекендері зертелген. Синантроп адамдарының сүйектері мен олардың тас қарулары, отқа күйдірілген тастар табылған. Мүның өзі синантроптың отты пайдалана білгендігін дәлелдейді.

Адамзат дамуының кезекті сатысы неондерталь адамының дәуірі , ол алғаш Германияның Неондерталь қаласы маңынан табылған. Оны өзінің бұрынғы әулеттерімен салыстырғанда дене құрылымында едәуір өзгерістер болған: қас үстіндегі томпақ жоғалып, маңдайы тегістелген, иегі пайда бола бастаған. Бас миы қабығының көлемі 1300-1400 см³ болған.

Қазіргі тарих ғылымында Евразия және Африка аймақтарынан 120-дан астам неондертал адамының қалдықтары зерттелген. Сондай-ақ неондерталь адамы 1938 жылы Өзбекстан Республикасының Тесікташ үңгірінен де табылған.

Алғашқы адамдар бірге жүріп, өздеріне баспана, мекен-жай үшін үңгірлерді, апандарды жануарлардан тартып ала бастайды. Жыртқыш жануарлардан бірге жүріп қорғанады. Тапқан табыс ортақ болған. Бұлардың өмірі маркстік турғыдан қарағанда, алғашқы қауымдық “коммунизм” деп аталған.

Алғашқы қауымның өндіргіш күштері түралы мәліметті археология ғылымы береді. Олар:

  • бірінші - алғашқы адам;
  • екіншісі - оның тас құралы;

Археология ғылымы зерттеуді осы тас құралдардан бастайды .

3. Қазақстан қола дәуірінде. Андрон және Дәндібай-Беғазы мәдениеті.

Жаңа тас-“неолит” дәуірі б. з. б. бес мың жылдық пен б. з. б. үш мың жылдық арасын қамтиды.

Еліміздегі жаңа тас дәуірінің ескерткіштерін зерттеуде академик Ә. К. Марғұлан бастаған қазақ археологтарының еңбектері де айтарлықтай. Олардың ішінде, әсіресе тас дәуірдің маманы Х. Алпысбаевтың еңбегі зор. Ғалым Оңтүстік Қазақстанда жүргізген ғылыми барлау жүмыстарының барысында (1970-1977жж. ) Жаңашелек 1, 2, 3, Маятас, Дермене 1, 2, 3, Арыс 1, Тасқотан жерлерінен және Жезқазған жерінен Щалқия 1 қаласын орта және жаңа тас дәуірлерінің ескерткіштерін зерттеген. Ғалым табылған тас құралдарға анализ жасай келіп, Оңтүстік Қазақстаннан табылған тас құралдар орта және жаңа тас дәуріне жататындығын айтса, ал Жезқазған өңірінен табылған тас құралдар жаңа тас дәуірінің соңғы кезіне жататын дығын дәлелдейді. Бұдан шығатын қорытынды, егер, Оңтүстік Қазақстан көне тас дәуірінің кезіндегі адамдардың Отаны болса, одан біртіндеп, орта және жаңа тас дәуірінің кезіндегі адамдар Қазақстанның басқа аудандарына тарай бастаған деген ой туғазды.

Қола дәуірінің соңғы кезінде аталық-рулық құрылыс әлеуметтік жағынан өзгеріске түседі. Біріншіден, металдан жасалған құрал-жабдықтың пайда болуының өзінен біртіндеп өндіргіш күштің өскендігін көрсетсе, екіншіден өндірістік қатынастың да дамығанын байқатады. Оның өзі Қазақстан жерінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырай бастағаны.

Мал басының көбеюі алғаш рет өнім көзінің өсуін көрсетеді. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы қатар дами бастайды. Қола дәурінде мал басы көбейіп, енді жайылым іздеп, жаз айларында жайлауға шығатын көшпелі мал шаруашылығы пайда болады.

Қазақстан жеріндегі қола дәуірі кезінде өмір сүрген адамдардың мәдениеті Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеті болып екіге бөлінеді.

Андронов мәдениетінің өзіне тән ерекшеліктері бар болғандығынан үш кезеңге бөлінеді:

  1. Федоров кезеңі;
  2. Алакөл кезеңі;
  3. Замараев кезеңі;

Қола дәуірінің ескерткіштеріне жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстары - бұл кездегі өмір сүрген адамдардың шаруашылығынан әдет- ғұрып, наным - сенімдерінен ғана ақпар беріп қоймай, олардың саяси - әлеуметтік және қоғамдық құрылысынан да хабар береді. Қазба жұмысы жүргізілген молаларда, отбасылық, аталық рулық зираттар кездеседі. Олардың өзіне тән ерекшеліктері болған. Мәселен, отбасылық молалар бір қоршаудың ішіне жерленсе, ал аталық рулық қабырлерде ер адамның жанына оның әйелі қоса жерленген.

Қазақстандағы Андронов тайпаларының басқа аумақтардағы тайпа лармен айырбас сауда қатынастарын жасағандығын көруге болады. Мәселен, Оңтүстік Сібір жеріндегі Афанасьев мәдениетінің молаларынан Арал теңізінде кездесетін ұлулардың сүйектері табылған. Андронов тайпаларының молаларынан Мысыр, Месопотамия жерінде жасалган әйнек тәріздес моншақтар да табылған. Мұның өзі сауда қатынасының қола дәуірінің кезінде-ақ жандана бастағандығына дәлел.

Қола дәуіріндегі Қазақстан аймақтарына тән тағы да бір мәдениет Беғазы-Дәндібай мәдениеті болған. Бұл мәдениеттің алғашқы мекендері Қарағанды маңындағы Беғазы ауылынан және Балхаш көлінің солтүстік жағалауындағы Дәндібай ауылынан табылған. Бұл мекендерден табылған заттар бір дәуірге тиісті болғандықтан олар Беғазы-Дәндібай мәдениеті деп аталады.

Беғазы-Дәндібай мәдениетін зерттеген ғалым қазақтың аса көрнекті археологы Әлкей Марғұлан.

Қола дәуіріндегі Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің өзара айырмашылықтары бар:

-біріншісі , аймақтық: Андронов мәдениеті Сібір, Қазақстан және Жайық өңірлерінде таралған болса, ал Беғазы-Дәндібай мәдениеті тек қана Орталық Қазақстанда кездеседі;

-екіншісі , кезеңдік: Андронов мәдениеті қола дәуірі мәдениетінің бірінші және екінші кезеңдерін (б. з. б. ХVIII­XIII ғғ. ) қамтыса, ал Беғазы-Дәндібай мәдениеті үшінші кезеңінде ғана ( б. з. б. ХII­VIII ғғ. ) үстем болған;

-үшіншісі , Андроновдықтар өлікті жерлегенде аяқ-қолын бүгіп (эмбрион тарізді) көмсе, Беғазы-Дәндібайлықтар қол-аяқтарын жазып көмген.

4. Сақ-скиф дәуірі. Дәуірдің ерекшелігі, шаруашылығы, қоғамдық құрылысы.

Тарихшы-археологтар өздерінің зерттеу жүмыстарында, сол жазба деректерге сүйенеді. Қазақстандағы өмір сүрген ру-тайпалардың ішінде аты-жөні жақсы сақталған тайпалардың бірі -- сақтар. Археологиялық зерттеулерге және жазба деректерге қарағанда б. з. б. VIII- IV ғғ. сақ тайпалары Орта Азия және Қазақстан жерін мекендеген. Парсы жазба деректері бойынша Орта Азия мен Қазақстан территориясында мекендеген көшпелі тайпаларды жалпы сақтар деп атаса, ал тарих атасы Геродот сақтар тұралы өте жауынгер тайпа деп жазған. Оларды Спиридон “Азиялық скифтер” деп атаған.

Парсы жазба деректері бойынша сақ тайпалары үш үлкен тайпаға бөлінеді:

1. Тиграхауда сақтары - ол шошақ қалпақ киген сақтар;

2. Хаомаварға сақтары - жүзімнен (хаома - жүзім) сусын қайнатушылар;

3. Парадарайя сақтары-теңіздің арғы жағында тұрушы деген ұғымды берген.

Тиграхауда сақтары қазіргі Ташкент аймағында, Солтүстік Қырғызстан, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерінде өмір сүрген. Оған дәлел Есік обасынан табылған алтын киімді адамның басындағы сәукеленің биіктігі - 70 см. Ал теңіздің ар жағындағы сақтарға Арал теңізінің шығыс жағасындағы, дәлірек айтқанда, Орталық Қазақстанда өмір сүрген сақ тайпаларын жатқызуға болады. Оларды жазба деректерде домлар, аргиппейлер, исседондар т. б. деп те атайды.

Хаомаварға сақтары Орта Азия жеріндегі тайпалар екені өзінен-өзі белгілі. Өйткені, онда жүзім өсіріліп, оның суынан сусын жасайтығындығы ертеден белгілі болған. Олар деректерде массагеттер депте аталады.

Сақ тайпаларының ескерткіштері Шығыс және Орталық Қазақстан жерлерінде біршама жақсы зерттелген. Мәселен, Шілікті ойпатындағы атақты сақ обалары тоналғандығына қарамастан, Қазақстан археологиясында үлкен жаңалық болып, ол “алтын обаның құпиясы” деп аталған.

Қорыта айтқанда, б. з. б. VIII-IV ғғ. темір дәуірінің алғашқы кезінде өмір сүрген сақ тайпаларының өзіндік мәдениеті дамыған, жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан, саяси жағынан дербес, мемлекеттік дәрежеге көтерілген тайпалар бірлестігі болғандығын көреміз . . .

5. Үйсіндер мен қаңлылар мемлекеті. Қоғамдық құрылысы, шаруашылығы.

Қытай жазба деректері мәліметтеріне қарағанда б. з. б. III-II ғасыр ларда Жетісу жерінде атақты Үйсін тайпалары өмір сүрген. Олар тиграхауда сақтары мекендеген аумаққа Орталық Азиядан келген. Олар сақ тайпаларын ығыстрып өз мемлекеттерін құрған. Қытай жазба деректерінде олар “Үсүнь-го” деп аталады, бұл үсүндер мемлекеті деген мағынаны білдіреді. Билеушісін «гуньмо» деп атаған.

Үйсіндердің негізгі мекендері Іле өзені алқабында орналасқан. Олар батыста Щу және Талас өзендерін жағалап, Қаңлылармен шектескен. Оңтүстіктегі шекарасы Даванға ( қазіргі Фергана ) дейін созылған. Ал шығыста олардың шекарасы Хань патшалығымен шектескен.

Үйсін сөзі қытай деректемелері арқылы белгілі. Сөздің мағынасы осы уақытқа дейін белгісіз. Жазба деректерде үйсіндер “ат жақты, аққұбаша, сары шашты” болып бейнеленеді. Ал Жетісу жеріндегі үйсіндер қорымдарынан алынған бас сүйектер, антропологиялық жағынан европеидтер. Бірақ олардың бет-пішіндерінде монголоидтық белгілер де болған.

Үйсіндерден қалған ескерткіштерге олардың қорымдары мен қыстақтары жатады. Қыстақтар тау ішінде малға жайлы күнгей жерлерде орналасқан. Қүрылыс материалдары көбіне тастан жасалған. Қорымдары немесе зираттары археологиялық ғылым бойынша обалар деп аталады. Олардың биіктіктері әрқалай: 0, 30 м. ден 0, 50 м. дейін болса, ал кейбір обалардың биіктігі 8-10 м. жетеді. Адамды жерлеу, жерден ұзыншақ төрт бұрышты, тереңдегі 70 см. ден 1 м. дейін, кеңдігі 50-60 см мүрде қазылып, мәйіттің бас жағын батысқа қаратып, заттармен жабылып, оны айналдыра бір, екі қатар тастар тізіп, дөңгелек белдемелер жасалатын, оның үстіне тас, топырақтан үйінді жасап оба тұрғызатын. Жерлеудің мұндай тәсілі б. э. б. III-I ғғ. үсүн тайпаларында болса, ал б. э. I- IV ғғ. үйсіндерде адам жатқызатын мүрде, қазылған жердің бір жағынан қиып, үнгір болып жасалды. Ал зираттың сыртқы көрінісі бұрынғыдай тастан дөңгелек белдеулер тізілмей, құм, тас, топырақтан оба тұрғызылады.

Үйсіндер жартылай көшпелі, жартылай отырықшылық шаруашылық-пен шүғылданған. Қазба жұмыстары кезінде табылған қол диірмендер, үккіш тастар, олардың егіншілікпен де айналысқандарының дәлелі. Тұрақты мекен-жайлардың маңында арық тоғандардың орындары сақталған.

Жазба деректерге қарағанда үйсіндер жылқы өсіруге аса зор көңіл бөлген. Үйір-үйір жылқылары болған. Қытай қызына үйленген үйсін "ханы" шамасы "қалың мал" үшін болу керек 1000 бас жылқы беретын болған. Екінші бір мәселе жылқыға деген меншікті көрсететін таңбалардың салынуы. Үйсіндер тіршілігінде жылқы өсіру басты орын алса, оны сыртқы жаудан қорғану үшін атты әскер құруы да басты орын алғанымен түсіндіруге болады.

Үй жануарларының ішінде түйе өсіруге де көңіл бөлінген. Үйсіндер обасынан табылған алтын жүзіктің үстінде шөгіп жатқан қос өркешті түйенің мүсіні түйеге табынғандықты байқатады.

Зираттардан алынған металдан жасалған құрал-саймандарға қарағанда үйсін шеберлерінің темір, қола сияқты металдарды ұқсата білген ұсталар екендігін көрсетеді.

Сондай-ақ зираттардан өте көп кездесетін әшекей бұйымдар: әртүрлі қымбат бағалы тастардан жасалған моншақтар, алқалар, алтын, күмістен жасалған сырға, білезік, жүзік, қола айналар т. б. Ал әшекей бұйымдардың ішінде үйсін зергерлерінің тамаша бір туындысы есебінде бізге мұра болып жеткен Ақтас-2 зиратынан табылған алқа мен Қарғалыдан табылған тәжі (диадема) . Бұл бұйымдар өз кезіндегі үйсін тайпаларының ғана рухани мұрасы болып қоймай, бүгінгі таңдағы олардың үрпақтары болып табылатын қазақ халқының рухани дүниесіне айналып, музейден өздерінің тиісті орындарын алып тұр. Осының өзі үйсін өнерінің дүние жүзі халықтарының өнеріне қосқан үлесі болып табылады.

Алайда қымбат бағалы заттар, сән-салтанатты әшекей бұйымдар үйсін қорымдарынан көптеп табыла бермейді. Жай заттардың өзі де кездеспейтін зираттар көп. Оның өзі оларда әлеуметтік теңсіздіктің болғандығын көрсетеді. Мұндай жәйт деректемелерде де жазылған. Үйсіндер мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген. " Усунго "-Усун мемлекеті, "Синго" көшпелі мемлекет деген ұғымдарды білдірсе, ал таптық жіктерді, білдіретін гуньмо - усун билеушісі , хоу - бай , даня - тархан деген әлеуметтік атаулар болған. Негізгі өндіруші тап қарапайым шаруалар болған.

Жазба деректер бойынша, үйсін мемлекетінің орталығы Ыстықкөл маңындағы "Қызыл Анғар" (Чичу) қаласы болған. Бұл қала оқулықтарда Чигуген, Чигачун, яғни Қызыл Анғар деп айтылады. Қала әлі күнге дейін археологиялық тұрғыдан толық зерттелмеген.

Деректерге қарағанда Үйсіндер көшпелі мемлекет. Олар өзімен көрші жатқан Қытай сияқты ірі елдермен, тең хұқықты дәрежеде саяси және сауда-қатынас жасаған.

Соңғы кездегі, жүргізілген зерттеулер, үйсіндердің VI-VII ғғ. Түркі қағанаттарына тәуелді болғандығына қарамастан, өздерінің бүрыннан дамып келе жатқап әдет-ғұрып, салт-санасып сақтағандығын көрсетеді.

Қазақ халқының құрамына енген ірі тайпалардың бірі - Қаңлылар . Олар қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, ал парсы және үнді діни кітаптары "Авеста" мен "Махабхарата"да қанха болып кездеседі. Түркі руналық жазуларында Кангю-тарбанд деген кенттің аты бар. "Кангюй", Қангха, кангю-Тарбанд сөздерінің көрнекті ірі елдердің жазба деректерінде сақталуының өзі қаңлы тайпалар бірлестігінің, жай ғана ру-тайпалық деңгейде өмір сүріп қоймай, олардың мемлекеттік дәрежеге көтеріліп, ол елдермен тең дәрежеде қарым-қатынас жасағандарын да көрсететін сияқты.

Қытай деректеріндегі Чжан-Цяннің хабары бойынша б. э. б III ғ. Қаңлы тайпалар бірлестігінің орталығы Битянь қаласы болған. Ол қала Сырдарияның бойында деп айтылып жүргенімен, оның дәл қандай жерде орналасқандығы осы уақытқа дейін анықталмай отыр.

Жалпы, Орта Азиямен, Қазақстан жерінде қаңлы ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу жұмыстарынан алынған материалдар, шартты түрде үш мәдениетке бөлінген.

  • Қауыншы мәдениеті;
  • Жетіасар мәдениеті;
  • Отырар-Қаратау мәдениеті;

Бұлай бөлудің өзі біріншіден материалдық мәдениеттегі заттардың жасалу мерзімдеріне байланысты болса, екіншіден олардың жасалуы жағынан болған өзгерістерге байланысты. Сонымен қатар әрбір аймақтың, ауданның жергілікті өзгерістеріне де көңіл бөлінген немесе әрбір мәдениеттің бір-біріне тән ортақ қасиеттерінің болғандығы анықталған. Ал ондай жергілікті өзгерістер, ортақ қасиеттер, заттардың түрлерінің көбеюі, даму динамикасы көрінісі екендігін ескертеді.

Сонымен қаңлы тайпаларының қыстақ-кенттеріне және оның аймағына жүргізіліген археологиялық зерттеу жұмыстар олардың шаруашылығынан, саяси өмірінен, әлеуметтік-экономикалық жағынан көптеген материалдар берді. Алғашқы көзге түсетін басты мәселе шикі кірпіштен жасалған тұрғын шаруаға қажетті жайлар. Жалпы, жазба деректерде жазылғандай "Қаңлы халқы балшықтан жасалған дуалдың ішінде өмір сүреді" деген хабарлар бекер айтылмаса керек.

Кенттердің айналысына жүргізілген арық, тоғандар да жиі кездеседі. Олар көп жағдайда егіндік жерлерге тартылған ірі өзендерден (Талас, Сырдария) тартылған тоғандар қаңлы тайпаларының отырықшы жер кәсібімен айналысқандығына дәлел. Тайпалар жерді көлдетіп суғару, тәлім суғару сияқты түрлі тәсілдерін білген. Жетіасар қалашығының зерттелуіне қарағанда оның аймағында Сырдарияның айрықтарын ортасынан буып бөгет жасап, егістікке тоған арқылы су шығарған. Ал таулы жерлерде, кішігірім таудан ағып шығатын өзен--жылғаларды, бастаулардың суын пайдаланған.

Тұрақты мекен-жайлардан төрт түлікті үй жануарларының сүйектері түгелдей кездеседі. Мұндай материалдардың айтарлықтай кездесуі қаңлы тайпалар-ының отырықшы мал шаруашылы-ғымен айналысқандығына толық дәлел.

Қаңлы тайпаларының обаларына жүргізілген зерттеу жұмыстарға, олардың әдет-ғұрпы, салт-саналарын баяндайтын көптеген материалдар табылған. Өлген адамдармен бірге жерленген құрал-сайман, қару-жарақтар, сән-салтанатты әшекей бұйымдар, о дүниге сенуді, ата-баба аруағына сиынуды көрсетеді. Табылған заттар қолөнердің, зергерліктің қаңлы тайпаларында өз дәрежесінде дамығандығын байқатады.

Қытай жазба деректерінде қаңлы тайпаларында тайпалық бірлестіктің болғандығын, оның мемлекеттік дәрежеге дейін көтерілгендігін баяндайтын хабарлар да бар. Сол материалдарды археологиялық материалдармен салыстырғанда, шындығында қаңлы тайпаларын Қазақстан жеріндегі алғашқы патриархалдық-феодалдық мемлекеттің дәрежесіне көтерілген тайпалар деп қарастырған дұрыс болады.

6. Евразия тарихындағы Ғұндар мемлекеті.

Атақты ғұн тайпаларының өсіп-өнген және тарихи аренаға көтерілген жері Орталық Азия. Археологиялық зерттеулер нәтижесі олардың Селенгі өзенінің аңғарында және оның салалары жағалауларында 1500-ден астам қорымдары мен түрақты мекен жайлары болғандығын көрсетеді. Ал Қазақстанның Оңтүстік және Жетісу жерлеріне ғұндар б. э. б. II-I ғғ. келе бастаған.

Сонымен қытай жылнамаларымен археологиялық зерттеулерге қараганда, б. з. б. IV және III ғасырларда Қытайдың солтүстігінде Байқалдан Ордысқа дейінгі аралықты мекендеген күшті Ғұн тайпаларының бірлестігі құрылады. Олар өздері мен көрші жатқан халықтарды жаулап алумен қатар Қытай жеріне де шабуыл жасайды. Бұл жағдай Қытай патшасының наразылығын тұғызып отырған. Сөйтіп, ғұндар мен қытай өкіметінің арасында бір-біріне алма-кесек жасалған ұрыс-талас, соғыстар олардың ұрпақтарының арасында 300 жылдан астам уақытқа созылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан АКСР білім мәселелері
Әдебиет теориясы пәнінен лекциялар тезисі
Химиядан сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы
Педагогикалық практика бойынша құжаттар
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері
Қашықтан оқытудың құралдары мен формалары
Химиядан сыныптан тыс жұмыстар
Пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны
Қазақстан экологиясын инновациялық технологиялар көмегімен оқытудың жолдарын ұсыну
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz