Мемлекеттік шығындар



Жоспар


Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I бөлім. Мемлекеттік шығындардың экономикалық мазмұны және жіктелінімі


1.1 Мемлекеттік шығындардың мәні және құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Мемлекеттік шығындардың сыныптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Мемлекеттік шығындарды қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

II бөлім. Мемлекеттік шығындардың түрлері
2.1 Экономиканы дамыту шығындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Әлеуметтік.мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар және халықты әлеуметтік қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3 Ғылыми.техникалық прогресске шығындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.4 Қорғанысқа және басқаруға жұмсалатын шығындар ... ... ... ... ... ... ... .26
III бөлім. Мемлекеттік шығындарды минималдау мәселелері
3.1 ҚР мемлекеттік шығындарды минималдау мәселесін шешу ... ... ... ... ... ... ... 30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
Кіріспе


Мемлекеттің шығындары – мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығындарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығындарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.т. функцияларымен тікелей байланысты.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты – біздің еліміздегі мемлекеттік шығындар құрылымын, жүйесін жалпы зерртеу, шығындардың қалай, қайда және халыққа пайдалылығына қалай әсер ететіндігін көру. Мемлекеттік шығындардың негізін мемлекеттің қаржылары құрайды.Мемлекеттік қаржылар – мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.
1 мемлекеттік бюджет – экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің ортақтандырылған бюджет қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ақша қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджетке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді.
2 бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар – қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың ерекше нысаны.
Оның негізгі қалыптасу көздері:
 арнайы мақсатты салықтар, займдар;
 бюджет субсидиялары;
 қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;
 ерікті түрдегі жарналар.
Бюджеттен тыс қорлар маңызды әлеуметтік шараларды уақтылы қаржыландыру және түскен қаржыларды мақсатты түрде толық көлемде пайдалануға кепілдік береді; қаржы қиындықтары болған жағдайда мемлекттік биліктің қаржы резерві ролін атқарады.
3 мемлекеттік несие – мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану
Қолданылған әдебиеттер тізімі


1 Аль-Пари – Экономикалық серия. №2 2009 ж-87-88 б., №1-2006 ж-50 б.
2 А.К. Ермекбаев Еңбек нарығы және жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау,-ҚазҰУ хабаршысы.Экономика сериясы №4(56)-2010 ж-40-41 б.
3 Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері, -Алматы 2001 ж-112 б.
4 Б.Жақашев, Ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсарту мәселелері, АльПари., №2 2007 ж-56 б.
5 Вестник КазНУ Экономическая серия – №6-14 б., №1 2005 ж-33-35 б.
6 Вестник ПГУ – Экономикалық серия. №1 2008 ж-32-35 б.
7 Галерея экономистов www.economica.ru
8 Жұмамбаев С.К., Еңбек нарығының экономикасы.A-2003
9 Қазақстан сайты www.minfin.kz
10 Қ.Қ.Ілиясов, С.Құлпыбаев – Қаржы,- Алматы.2005ж.
11 Қазақстан Республикасының 12-ші қаңтардан статистикалық агентігінін мәліметтері, www.zakon.kz, www.stat.kz
12 Мамыров Н.Қ.,Тілеужанова М. –Макроэкономика, А -2007-Экономика баспасы
13 Мәдениет саласын дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған бағдарламасы.
14 Ө.Қ.Шеденов, Б.А.Жүнісов, Ү.С.Байжомартов, Б.И.Комягин -Жалпы экономикалық теория,- Алматы-Ақтөбе. 2001ж-40-48 б.
15 Статистический ежегодник.2011 ж.
16 Үсербаева А.Б., ҚР Еңбек нарығының даму тенденциясы, III дәстүрлі жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми- теориялық конференция материалдары - 11-12 желтоқсан 2011 ж.
17 Финансы и кредиты – Экономический журнал, №1 2008 ж-22-25 б.
18 Фишер С. Макроэкономика, М.-1997;ИНФРА
19 Халықаралық Қазақстан сайты www.kazakh.ru
20 2009 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп комитетінің есебі.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I бөлім. Мемлекеттік шығындардың экономикалық мазмұны және жіктелінімі

1.1 Мемлекеттік шығындардың мәні және құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...5
1.2 Мемлекеттік шығындардың сыныптамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Мемлекеттік шығындарды қаржыландыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

II бөлім. Мемлекеттік шығындардың түрлері
2.1 Экономиканы дамыту шығындары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар және халықты әлеуметтік қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3 Ғылыми-техникалық прогресске шығындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.4 Қорғанысқа және басқаруға жұмсалатын шығындар ... ... ... ... ... ... ... ..26
III бөлім. Мемлекеттік шығындарды минималдау мәселелері
3.1 ҚР мемлекеттік шығындарды минималдау мәселесін шешу ... ... ... ... ... ... ... 30

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

Кіріспе

Мемлекеттің шығындары - мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығындарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығындарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.т. функцияларымен тікелей байланысты.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты - біздің еліміздегі мемлекеттік шығындар құрылымын, жүйесін жалпы зерртеу, шығындардың қалай, қайда және халыққа пайдалылығына қалай әсер ететіндігін көру. Мемлекеттік шығындардың негізін мемлекеттің қаржылары құрайды.Мемлекеттік қаржылар - мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс істеуі үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық банктің бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттік қаржылардың құрамына мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік несие кіреді.
1 мемлекеттік бюджет - экономиканы, әлеуметтік-мәдени, қорғаныс пен мемлекеттік басқару қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталған елдің ортақтандырылған бюджет қорын құру және пайдаланумен байланысты мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасында ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуге қатысты туындайтын ақша қатынастарын бейнелейтін экономикалық категория. Мемлекеттік бюджетке орталық және жергілікті бюджеттер кіреді.
2 бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар - қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді қолданылатын және кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қамтылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың ерекше нысаны.
Оның негізгі қалыптасу көздері:
oo арнайы мақсатты салықтар, займдар;
oo бюджет субсидиялары;
oo қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;
oo ерікті түрдегі жарналар.
Бюджеттен тыс қорлар маңызды әлеуметтік шараларды уақтылы қаржыландыру және түскен қаржыларды мақсатты түрде толық көлемде пайдалануға кепілдік береді; қаржы қиындықтары болған жағдайда мемлекттік биліктің қаржы резерві ролін атқарады.
3 мемлекеттік несие - мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы ақшалай қатынастар, оның ішінде мемлекеттік билік органдары қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды мемлекеттік шығындарды қаржыландыру үшін пайдалану.
Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жатқызуға болады, бірақ көптеген ғалымдар оны қаржымен байланысты дербес категория деп тұжырымдайды.
Сақтандыру - сақтандыру оқиғаларына орай отбасы табыстарындағы шығындарды немесе шаруашылық жүргізуші субъектілерге тигізілуі мүмкін залалды мақсатты сақтандыру қорының ақшалай салымдары есебінен жабуды оның қатысушылары арасында жабық қайта бөлу қатынастарының жиынтығы.
Сақтандыру өзінің әлеуметтік сақтандыру (барлық әдістер), жеке сақтандыру, мүлікті сақтандыру, жауапкршілікті сақтандыру және т.б. тәрізді негізгі звенолары бар ерекше сала.

I. Мемлекеттік шығындардың экономикалық мазмұны және
жіктелінімі

1.1 Мемлекеттік шығындардың мәні және құрамы

Мемлекеттің шығындары - бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішікі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығындары - мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.т. функцияларымен тікелей байланысты.
Шығыстар ұғымының қос мағынасы бар:
1 ақша қаражаттарын олардың мақсатты арналамы бойынша пайдалану, яғни ақша қаражаттарын айырбас процесінде тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда шығыстардың құрамына түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын өндірістік және өндірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының, халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.
2 айырбас процесінде қаражаттарды нықтылы жұмсаудан бөлгіштік сипаттағы шығыстарды ажырата білген жөн, бұл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады: жалпымемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын мақсатты арналым бойынша бөлген кезде: ақша шығыстары барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың негізі болып табылады.
Бұл екі аспект шығыстар ұғымының оның шығындар ұғымына түрленген кездегі қарама қайшылық пен күрделілікті қамтып көрсетеді: егер шығыстар түпкілікті рәсуаны, тұтынуды (табыстарға қарама-қарсы) қажет ететін болса, шығындар есепке жатқызылатын алдымен, келешектегі табысты немесе пайданы күтудегі шығындарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттің тікелей шығындары мен өндірістік және өндірістік емес салалардың мемлекеттік кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің шығындарынан тұрады.
Шаруашылық жүргізудің әр түрлі жүйесінде (нарықтық және әкімшіл-әміршіл) және тіпті экономика дамуының түрлі кезеңдерінде мемлекеттің рөлі, оның функциялары мен қызмет саласы өзгеріп отыратындықтан, бұған сәйкес мемлекеттің жасайтын шығыстарының құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп отырады.
Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығыстарының құрамына мыналар кіреді:
- өндірістік, шаруашылық-пайдалану қызметімен байланысты шығындар;
- ұлғаймалы ұдайы өндіріске (негізгі құрал-жабдықтаға және айналым капиталдарына) жұмсалаты шығындар;
- бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;
- көтермелеу және ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.
Шығындардың бірінші тобы қорлардың (капиталдардың) ауыспалы айналымымен байланысты және өндіріс шығындарының орнын толтыру (өтеу) болып табылады және шартты түрде шығыстарға жатады. Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығыстары шығыстардың екінші және үшінші топтарын қамтиды.

1.2 Мемлекеттік шығындардың жіктелінімі

Мемлекет өндіріс құралдарының иесі болып табылады, өндірістік процестердің ұйымдастырушысы болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет шығыстарының жүйесі арқылы қоғамдық қажеттіліктердің едәуір бөлігін қанағаттандырады. Рефолмалау кезеңінде республика экономикасында мемлкеттік сектордың үлесі шұғыл төмендегенімен, бірақ тіпті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасының орындалып отырғанымен, бұл үлес 30-40 % (табиғи ресурстарды есепке алумен) шегінде қалады, мұның өзі дамыған нарықтық қатынастарға сай келеді. Сондықтан мемлекеттің шығыстары категориясы тұрақты экономикалық қатынасарды қамтып көрсетеді және келешекте өзінің маңызын сақтайды.
Мемлекет шығындарының басым бөлігі қоғамдық тауарды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл мемлекет шығыстарының рөлін айқындайды. Әлеуметтік-мәдени мақсаттарға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, басқаруға, мемлекеттің инфрақұрылымдық кәсіпорынары мен ұйымдарының өнімі мен қызмет көрсетулеріне жұмсалатын шығыстар мемлекет, сонымен бірге экономиканың нарықтық секторы тарапынан рыноктік тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін қанағаттандыруы тиіс.
Бағыттары мен мақсатты арналымы бойынша шығындардың барлық түрлерінің жиынтығы мемлекет шығыстарының жүйесін құрайды. Мемлекет шығыстарының басым бөлігі мемлекет бюджетіне орталықтандырылған немесе мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебінен жүргізіледі. Олар сондай-ақ өнімнің өзіндік құнына кіріктірілетін амортизация сомасымен өтелуі мүмкін, бұл сома мемлкеттік шаруашылықтың өндірістік капиталдарын көбейту үшін қарастырылған күрделі жұмсалымдарға бағытталады. Мемлекет шығыстарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет шығыстарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістік капиталдарды көбейту және жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорынардың табыстарынан өтелетін банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады.
Мемлкеттің шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы қол жетеді. Сондықтан мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыру қағидаттарының бірі жоспарлық болып табылады. Ұлттық шаруашылықты баланстандрылмалы дамыту және халықтың әлеуметтік тұрмыс деңгейін арттыру мақсатында мемлекет жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндірістік және өндірістік емесе сфералар, салалар, экономикалық аудандарарасында бөлуге және қайта бөлуге қатысады. Мемлекеттің шығыстарын жоспарлаудың басты әдісі баланстық әдіс болып табылады.
Мемлкеттің шығындарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлкеттің қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануы талап етеді.
Мұның негізінде ұлттық шаруашылықтың және аймақтың жекелеген салаларын дамытуда үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогесті айқындайтын неғұрлым перспективті және прогрессивті салаларға бөлу және аса маңызды әлеуметтік пробемаларды шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды (кредит механизмінен айырмашылығы) тікелей өтеуді талап етпейді.Бұл қағидат бойынша қаржы ресурстарын беру соңғы уақытта мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістерімен қатар қолданылады (мысалы ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры) - бұл пайдаланылатын қаржы ресурстарының тиімділігін арттырады.
Дамуды жоспарлар мен болжамдардың орындалуына қарай қаржыландыру қаржы ресурстарын тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды экономикалық-әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге асырған кезде бөлуді қажет етеді.
Ресурстарды пайдалануда үнем режимін сақтау - мемлекеттің шығындарын ұйымдастырудың маңызды қағидаты, ол ішкі резервтерді жұмылдыруға, өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдерінде мемлекет қаражаттарына бақылауды күшейтуге, оларды ұтымды әрі құнты бағытталған.
Мемлекеттің шығындарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды жабудың бюджет, кредит және меншікті көздердің оңтайлы үйлесуі болып табылады. Бұл қағидат мемлекет шығындарын ортақ қаржыландыру процесін білдіреді.
Мемлекет шығындарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмұны жағынан біріңғай (бір текті) емес. Шығындарды қаржыландырудың көздеріндегі, нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты болады.
Мемлекет шығыстарын шектеудің (айырудың) аса маңызды критерийі материалдық өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың процесінде олардың қатысты болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары экономикалық мазмұны бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:
1 материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын шығыстар;
2 қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;
3 мемлекеттік резервтерді жасау шығыстары.
Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасылған және ұлттық табысты жасаумен байланысты.
Мемлекет шығыстарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Өндірістік емес сфераға жұмсалынатын қаражатар ең алдымен оқу-ағарту мен денсаулық сақтау мекемелерін ұстауға, ғылым және мәдениетті дамытуға, тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық құрылысқа, қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қаржыландыруға бағытталады. Мемлекет сондай-ақ қаражаттарды қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға және мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты басқа шараларға жұмсайды.
Өндірістік емес сфераның қажеттеріне жұмсалатын шығыстар тұтыну қорына түсетін ұлттық табыстың бөлігі болып табылады. Алайда өндірістік емес сферадағы шығындардың өсуі ақырында қоғамдық өндірістің өсу және тиімділігін артыру қарқынында білініп, көрінеді. Бұған білікті кадрларды даярлау, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу, материалдық өндіріс сферасының қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету есебінен қол жетеді.
Мемлекеттің шығыстарын қорлану қоры мен тұтыну қоры арасында оңтайлы бөлу мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды міндеті болып табылады. Қорлану қоры мен тұтыну қорының арасалмағы өзгереді: соңғы жылдары тұтыну қорының өсу қарқыны қорлану қорының өсу қарқынынан асып түсті. Тұтыну мен қорлануға пайдаланатын ұлттық табыстағы тұтыну қорының үлес салмағы Қазақстанда 83 пайызға жуығын құрайды.
Үшінші топтың мемлекет шығындары - мемлекеттік резервтерді жасау мен молықтыруға жұмсалатын шығындар өндірістік, сондай-ақ өндірістік емес сфералардың төтенше жағдайлар кезіндегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған. Мұндай резервтерді орталықтандырылмаған тәртіппен (жеке әрбір кәсіпорын мен ұйымда) жасау ұтымды болмас еді. Оларды жасаудың орталықтандырылған тәртібі олардың қажетті мөлшерін салыстырмалы төмендеуге және бұл резервтерді неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Предметтік (мақсатты) белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикаға, әлеуметтік-мәдени шараларға, ғылымға, қорғаныс пен басқаруға жұмсалатын шығыстарға бөлінеді.
Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттің шығындары экономикалық аймақтар бойынша бөлінеді. Мұндай сыныптау өндіргіш күштерді орналастыруға және ұлттық шаруашылықтағы үйлесімдіктерді жетілдіруге белсенді ықпал жасауға мүмкіндік береді.
Салалық белгісі бойынша материалдық өндіріс сферасында мемлекеттің шығындары өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына, көлік пен байланысқа, саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға жұмсалатын бөлінеді; өндірістік емес сферада білім беру, ғылым, денсаулық сақтау мен дене шынықтыру, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру, қорғаныс басқару шығындары болып бөлінеді.
Мемлекеттің шығындары қаражаттарды ең жоғарғы тиімділікпен пайдаланған жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуі тиіс. Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың екі әдісі болады:
1 шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру меншікті ресурстар, банк кредиттері есебінен және жетіспеген бөлігі - бюджет қаражаттары есебінен жасалынады;
2 сметалық-бюджеттік қаржыландыру. Сметалық тәртіппен ерекше құжаттардың - сметалардың негізінде әлеуметтік-мәдени шаралар, мемлекеттік билік пен басқару органдарын ұстауға, қорғаныс шығындары қаржыландырылады. Сметалық тәртіппен қаржыланатын мекемелер мен ұйымдар бюджеттік деп аталады.
Ерекше жағдайларда әдіс ретінде айналысқа қолма-қол ақша шығару және кредиттік эмиссия есебінен (қолма-қол ақшасыз) эмиссиялық қаржыландыру қолданылады.
Бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады: демеуқаржы, субвенциялар, субсидиялар.
Демеуқаржылар кезінде ақша қаражаттары қайтарусыз тәртіппен бюджет пен бюджет қорларынан кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу үшін, сондай-ақ төменгі бюджеттерді баланстау үшін бөлінеді. Бұл нысан ауыл шаруашылығы өнімінің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер мен тауарлардың әлеуметтік-қолайлы бағаларын қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың зияндарын жабу, театр, ойын-сауық және басқадай ұйымдардың шығындарын ішінара өтеу түрінде тараған болатын.
Субвенциялар - үлестік негізде белгілі бір шараларды қаржыландыруға бюджет, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақша және заттай нысандағы жәрдемақылар.
Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған кезде) трансфетртік қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансфертер деп кең мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорлар белгілі бір қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және қайтарусыз беруді атайды. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен қымсыздандыру бойынша төлеулер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және т.т. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақыларар.

1.3 Мемлекеттік шығындарды қаржыландыру

Қаржы ұғымы мемлекетпен бірге бір уақытта қоғамның таптарға жіктелуі кезінде, мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар ақша айырбасы жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын - ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде, әдетте, қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоцияцияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Бүгінгі күні қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы Республика туралы алты кітап деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж.Боденге қалдыруға болады.
Қазақстан Республикасында макро- және микроэкономиканың қаржы жүйесін реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтығы және оларды жұмылдыруды, ұлттық шаруашылықты қаржыландыру мен несиелендіруге байланысты бөлуді жүзеге асыратын қаржы мекемелері құрайды.
Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:
oo мемлекеттің бюджет жүйесі;
oo арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
oo мемлекеттік несие;
oo жергілікті қаржы;
oo шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
oo халықтың қаржысы.
Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік ролі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:
oo мемлекеттік және муниципалдық қаржы;
oo шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.
Мемлекеттің қаржысы қаржы ресурстарының орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекекттің негізгі қаржы жоспары ретінде мемлекеттік бюджетте, қоғамдық құжаттарды мақсатты қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік несиеде көрінетін қаржы қатынастарын қамтиды.
Несие қатынастарының қаржы қатынастарынан айырмашылығы болғанымен мемлекеттік несие қаржы жүйесіне қамтылады. Бірақ несиенің бұл түрі мемлекеттің бюджеттің тапшылығын жабу мақсатына бағытталғандықтан, мемлекет қаржысының тұрақтылылығын қамтамасыз ететіндіктен, ол бойынша есеп айырысу бюджет қаражаттары есебінен болатындықтан - бұл буын қаржы жүйесіне де, сондай-ақ несие жүйесіне де жатады деп есептеуге болады.
Қаржы қатынастары сфераларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді, оның үстіне қаржы қатынастарын топтастырып, мақсатты ақша қорларының құрамы мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъект қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы сферасында мынадай буындары бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.
Қаржы жүйесінің әр буыны өз кезегінде буыншаларға(ондағы қаржының өзара байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен, салалық бғыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар (ұйымдар) қаржысының құармына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, құрылыс және т.б. кәсіпорындарының қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржы қатынастарын топтастыру, мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге асырылады. Сақтық қатынастары сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.
Мемлекеттердің көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты - фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.
Қаржы жүйесінің функциялық құрылысы мынадай негізгі қағидаттарды қанағаттандыруды тиіс:
Біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын қаржыға ғана тән қасиет;
Екіншіден, тұтастай алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.
Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
Қаржы жүйесін ұйымдастыруға централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілергі кең құқық пен дербестік берілген.
Бұл қағидат жергілікті қаржы ограндарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.
Салалық қаржыларды басқарудағы дамократиялық негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капиталды (негізгі және айналым капиталдарын) бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беріде көрінеді. Жоғары тұрған органдар өзінің құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.
Кәсіпкерлік секторда қаржы дербестігі неғұрлым толық көрінеді: оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындағаннан кейін қаржы ресурстарын еркін иемденеді.
Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сиялқы бұл қағидаттың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрыдағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылымына сай келуі. Әрбір облыста, ауданда және қалада қыржы органдардың тиісті аппараты бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады. Федеративтік құрылысы бар көпұлтты мемлекеттерде бұл қағидаттың маңызы аса артып отыр.

II. Мемлекеттік шығындардың түрлері

2.1 Экономиканы дамыту шығындары

Экономиканы дамытуға жұмсалатын шығындар - бұл өндіріс көлемінің тұрақты өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталатын ақша қаражаттары. Оған мыналар жатады: күрделі жұмсалымдар, негізгі капиталдарды жөндеу; айналым қаражаттарының өсімі; материалдық резервтер жасау; арнаулы қорлар мен мақсатты қаржыландыру қорларын жасау.
Экономикаға жұмсалатын шығастарда басты орынды ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының негізгі капиталдарын ұдайы жаңғыртуға бағытталатын күрделі жұмсалымдар - материалдар, еңбек және ақша ресурстарының жиынтығы алады. Күрделі жұмсалымдардың құрамына:
1 құрылыс-монтаж жұмыстарының шығындары;
2 жабдық, сайман, аспап сатып алу шығындары;
3 өзге күрделі жұмыстар мен шығындар (жобалау-іздестіру, геологиялық-барлау және бұрғылау жұмыстары, жер учаскелерін кесіп беру және қоныс аудару бойынша және т.т.);
4 жаңа салынып жатқан кәсіпорындар үшін кадрларды даярлауға жұмсалатын шығындар кіреді.
Күрделі жұмсалымдар мыналардың есебінен қаржыландырылады:
1 шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттары;
2 банктердің ұзақ мерзімді кредиттері;
3 халықтың жинақ ақшасы (тұрғын үй құрылысына);
4 бюджеттен қаржы бөлу.
Кәсіпорындардың меншікті қаражаттарының үлесі өсіп келеді, бұл
шаруашылық есеп қаражаттары техникамен қайта жарақтандыру және қайта құруға арналған және кәсіпорын ұлғайымы жаңғырту үшін толық жауап береді. Инвестициялық саясатты қайта құрудың басты мағынасы осында. Ал бюджет қаражаттары негізінен басым мемлекеттік маңызы бар ірі өндірістік құрылысты, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысын қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Жөндуге жұмсалатын шығыстар табиғи тозған және сапалық ескірген (негізгі капиталдарды ішінара қалпына келтіру және олардың жұмыс қабілеттілігі жағдайында болуын қолдап отыру үшін) негізгі капиталдарды жөндеудің арнаулы қоры есебінен жүргізіледі, бұл қор шығындарды кәсіпорындар мен ұйымдар өнімнің (жұмыстарының, қызметтер көрсетуінің) өзіндік құнына нормативтер бойынша қоса отырып жасалынады.
Айналым қаражаттарының өсімі кәсіпорындардың меншікті немесе оған теңестірілген қаражаттары есебінен қаржыландырылады. Олар жетіспеген кезде негізінде жаңа кәсіпорындар үшін бюджет қаражаттары бөлінеді немесе кейін өтелетін кредит беріледі. Бұдан басқа, меншікті айналым қаражаттарының жетімсіздігін жабуға мақсатты қаржыландырудың қаражаттары бағытталады.
Резервтер жасауға жұмсалатын шығындар қаражаттардың үздіксіз ауыспалы айналымын және ұлғаймалы ұдайы өндірістің бүкіл процесін, шаруашылықтың үйлесімдерін сақтаудың, дүлей апаттардын болған ысыраптарды өтеуді қамтамасыз етудің қажетті шарты болып табылады. Қаржы резервтері ақша ресурстарын оңтайландыруға, ксіпорынның шаруашылық қызметі процесінде пайда болатын уақытша қаржы қиындығын жоюға мүмкіндік береді. Резервтік капитал шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде жасалады.
Мемлекеттік резервтер - мемлекет жасайтын шикізаттың, материалдардың, отынның, машиналар мен жабдықтың бірқатар түрлерін, астықтың, азық-түлік тауарларының, қорғаныс мұқтаждары үшін арналған өнімнің маңызды түрлерінің босалқы қорлары. Мемлекеттік резервтер үнемі қалпына келтіріліп, молықтырылып отыратын мемлкеттің айырықша орталықтандырылған қорын құрайды. Мемлкеттік резервтер мемлкеттік бюджет қаражаттары есебінен жасалынады.
ҚР-да келесі деңгей бюджеттері дербес болып саналады:
-республикалық бюджет
-облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала мен астана бюджеттері
-аудандық бюджет (облыстық маңызы бар қала)
1998 жылы ҚР Қаржы Министрлігінің мемлекеттік секторда жүргізген функционалдық анализ нәтижесінде ұйымның бюджеттен қаржыландыратын оптимизациясы болды. Республикалық және жергілікті бюджет арасында бюджеттік қаражат шығындалуының негізгі шек қою бағыты туындалды.
1999 жылдан бастап бюджеттік салада шекаралар бөлініп, бюджеттік бағдарламалардың таратылу заңдылығымен бекітілген, республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы түсім,мемлекеттік бюджеттін негізгі параметрлерінің орта мерзімді болжамға өтуін жүзеге асырады,заңмен анықталған деңгей шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға шеттен алу жүзеге асыру құқығы берілді.
Бұның барлығы бюджеттік процесс анализі іске асырылуы жолымен, нормативтік актілердің өзгеруімен методологиялық базалардың жоспарлау жұмыстары шешіледі.
Сонымен бірге, шаралар мен қол жеткен жетістіктерінің жүзеге асырылғанына қарамастан, бюджеттік салада өзінің шешімін талап ететін бір қатар мәселе қалады:
1 бюджет қаражаттарының қолданылмай қалған лимиттерінің қалдықтары. Бұл жағдай жылдан жылға қайталанып, жүйелі сипат алу қауіпін төндіруде.
Қаржы менеджментінің бюджеттік бағдарламаларының админстраторлары мен бюджеттік қаражат алушылардың қаржылық тәртібінің қанағатсыздығы өте төмен деңгейде деген қорытындыға келуге болады.
2 жергілікті бюджет шоттарында ақша қаражаттарының бос қалдықтарының едәуір сомасының болуы;
- шығындарды қаржыландыру бойынша қарыздардың пайда болуын болдырмау жұмыстарын жалғастыру, зейнет ақы және мемлекеттік жәрдемақыларды төлеуге;
- айлық қаржыландыру мен түсімдерді болжауға арналған жоспарда бюджеттен қаржы бөлу қатаң бақылау негізінде жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта табысты үлестіру мынадай көрінесте жүріп жатыр,яғни республикалық бюджетке кірістердін тұрақзыз түрлері келіп түсуде,ал жергілікті бюджетке барынша тұрақты.Осының бәрін ескере отырып 16 жергілікті бюджеттің ішінде (яғни 14 облыс пен Алматы мен Астана қалаларының бюджеттері ) 13-і дотациялық және 3-еуі донор болып отыр. Кірістердің негізгі бөлігін салықтар құрайды. Мысалы, 2012 жылы Қазақстанда салықтың үлесі бюджетке түскен жалпы барлық түсім сомасының 90 % құрады. (кесте 1)
Көрсетілген сан дүниежүзілік көрсеткіштерге сәйкес келеді,яғни Жапонияда салықтар бюджеттің 75 %-ын қалыптастырады,Германияда-80 %, Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) - 90 %,Францияда -95 % болды.

Кесте 1 - ҚР-ның 2008-2012 жылдардағы мемлекеттік бюджетке түскен жалпы түсімдері
Төлем атаулары
2008
2009
2010
2011
2012
Салықтық емес түсімдері
58547
41538
39348
72549
50534
Капитал операциясынан түсімдер
21605
5944
6256
6179
5882
Ресми трансферттерден түсімдер
4273
4906
4902
5091
10804
Салықтық түсімдер
313432
458227
603396
816458
1340160

Салықтар бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша бөлінген.Барлық 9 салықтың ішінен тек қана 4-еуі жартылай немесе толықтай республикалық бюджетке түседі.
2012 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп комитетінің есебі бойынша:
Қазақстан Республикасында автожол саласын дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жүк тасымалы қауырт учаскелерінің техникалық жай-күйін қалпына келтіру бойынша түбегейлі шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасында автожол саласын дамытудың 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Мембағдарлама) қабылданған.
Мембағдарламаны іске асыру мақсатында автомобиль жолдарын дамытуға 234,9 млрд. теңге жіберу жоспарланған еді. 2008-2012 жылдары республикалық бюджеттен нақты 199,2 млрд. теңге немесе Мембағдарламада көзделген қаржыландыру көлемінің 84 % бөлінген.
Жоспарланған іс-шаралардың жыл сайын орындалмауы салдарынан Мембағдарламаның негізгі мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізілмеді. Сөйтіп, республика бойынша 5049 км автомобиль жолдарының жұмыстары орындалмады, оның ішінде 3116 км - жол салу және жаңғырту (Мембағдарламада көзделген жұмыс - тардың 28 %), 1895 км - күрделі жөндеу (62 %) жұмыстары атқарылмаған. Төсемдері бүлінген барлық жол учаскелері қалпына келтірілмегендіктен, республика автомобиль жолдарының 40 %-ның жай-күйі қанағаттанғысыз жағдайда қалып отыр.
Қазақстан Республикасының Ауылдық аумақтарын дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі -- Мембағдарлама) ауыл халқының тіршілігін қамтамасыз етудің қазіргі заманғы жағдайларын қалыптастыруға көзделген және екі кезеңде іске асырылады: бірінші кезеңі - 2006-2008 жылдар, екінші кезеңі - 2008-2012 жылдар.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл аумақтары істері жөніндегі комитетінің деректерін талдау көрсеткендей, Мембағдарламаның бірінші кезеңін іске асыру үшін барлық көздерден 202 млрд.-тан астам теңге, оның ішінде 66,8 млрд. теңге республикалық бюджеттен, 95,7 млрд. теңге жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ 40,1 млрд. теңге бюджеттен тыс қаражаттардан бөлінген.
Мембағдарламаның бірінші кезеңін іске асырудың қорытындылары бойынша 365 ауылдық елді мекендегі (бұдан әрі - АЕМ) мектептер әлі де нормативтерге сәйкес кел - мейді.
Тасып әкелінетін суды және ішінара орталықсыздандырылған сумен қамтамасыз ету көздерін ауыз суға пайдаланатын АЕМ-де жағдай әлі де күрделі күйінде қалып отыр. Павлодар, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында ауыл халқының 75 %-дан астамы орталықсыздандырылған сумен қамтамасыз ету көздерінен алынған ауыз суды пайдаланады.
Қазақстан Республикасының 2007-2011 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (бұдан әрі -- Бағдарлама) қоршаған ортаның ластану деңгейін азайтуға, табиғи жүйелердің жұтау қарқынын бәсеңдетуге және қоршаған ортаның мониторинг жүйесін дамытуға, Каспий теңізінің қайраңы мен жақын аумақтардың ластануының алдын алуға бағытталған.
Бағдарламаны іске асыруға Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне республикалық бюджеттен 2007-20010 жылдары 4,0 млрд. теңге бөлінген. Бұл ретте Бағдарламада көзделген 19 іс-шараның 5-уі орындалмай қалды.
Есеп комитеті жалпы мөлшері 1158,6 млн. теңгенің бюджеттік заңнамасының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің бұзылғандығын анықтады, оның ішінде 14,1 млн. теңге - мақсатсыз, 695,9 млн. теңге - тиімсіз, 357,6 млн. теңге негізсіз жұмсалған, өзге заң бұзушылықтар 91,0 млн. теңгені құрады.
Қазақстан Республикасы балық шаруашылығын дамыту бағдарламасының Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы су қоймаларында 2009 жылы 41,3 мың тоннаға, 20010 жылы 46,5 мың тоннаға және 2011 жылы 51,7 мың тоннаға дейін балық өндіру көлемін арттыру жөніндегі мақсаттары мен күтілетін нәтижелеріне қол жеткізілген жоқ. 2010 жылы іс жүзінде өндірілген балықтың көлемі 36,6 мың тоннаны, 2005 жылы - 44,9 мың тоннаны және 2011 жылдың 9 айы ішінде 28,9 мың тоннаны құрады.
2007 жылы Қаржы министрлігі мемлекеттік меншікке қаржылық жағдайын зерттеместен Эйр Қазақстан ЖАҚ акцияларының 50 %-ын Казкоммерцбанк ААҚ-нан 2,4 млрд. теңгеге сатып алған. Алматы қаласының мамандан - дырылған ауданаралық экономикалық сотының 2008 жылғы 16 сәуірдегі шешімімен Эйр Қазақстан ЖАҚ банкрот деп танылған, сол себепті акциялардың сатып алынуы бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану болып табылады.
Іс-шаралар жоспарының 12-тармағына сәйкес 2007 жылы 273,9 млн. теңгеге Эйр Астана АҚ-ның акцияларын сатып алу көзделген. 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаның паспортына сай бюджеттік бағдарламаның әкімшісі - ҚР Қаржы министрлігіне акциялардың 10 %-ын сатып алуға 273,9 млн. теңге бөлінген, ал Эйр Астана АҚ акцияларының 1 %-ын сатып алуға іс жүзінде тек 23,7 млн. теңге пайдаланылған.
Азаматтық авиация саласын дамытудың 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде 18 іс-шараны орындауға 2009 жылы республикалық бюджеттен жалпы көлемі 5 759,9 млн. теңге қаражат бөлу жоспарланған, бұл ретте іс жүзінде бюджеттен 5 629,3 млн. теңге бөлініп, 5 550,6 млн. теңге игерілген.
Аталған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуына жүргізілген талдаудың барысында оның екі тармағының толық орындалмағаны, ал бір тармағы ішінара орындалғаны анықталды.
Болжанған шығыстары 3 186,0 млн. теңге қаржыға Эйр Астана АҚ үшін жаңа әуе кемелері сатып алынбаған.
2009 жылғы республикалық бюджет шығыстарының кассалық атқарылуы 1 826,8 млрд. теңгені немесе нақтыланған бюджеттің 110,0 %, шығындар - 1686,3 млрд. теңгені немесе 111,0 %, бюджеттік кредиттер - 36,9 млрд. теңгені немесе 97,4 % құрады. Қаржы активтерін сатып алуға кеткен шығыстар - 103,5 млрд. теңгені немесе сол жылға белгіленген көрсеткіштің 100 %-ын құрады.
Республикалық бюджеттің қаражаттарын мемлекеттік басқару органдарының пайдалануын бақылаудың нәтижелері:
2011 жылы Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер функционалдық тобы бойынша кассалық атқарылу 91,2 млрд. теңгені, яғни нақтыланған бюджеттің 112,1 %-ын құрады.
Әлеуметтік блоктің бюджеттік бағдарламаларының атқарылуын бақылау нәтижелері:
2011 жылы республикалық бюджеттің Білім беру, Денсаулық сақтау, Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек, Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік функционалдық топтары бойынша шығыстары 614,5 млрд. теңгені немесе бір жылға нақтыланған меженің 99,4 % құрады.
Білім беру функционалдық тобы бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға республикалық бюджеттік бағдарламаның 15 әкімшісіне 58 бюджеттік бағдарламаны іске асыруға 101,5 млрд. теңге шығын бекітілген. Осы шығындар 102,4 млрд. теңгеге түзетіліп, 101,4 млрд. теңгеге немесе 99,0 пайызға орындалған. Осы топ бойынша 1 млрд. теңге игерілмеген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 39 бюджеттік бағдарламаны іске асыруға арналған шығындары 84, 1 млрд. теңгеге түзетіліп, 82, 2 млрд. теңгеге орындалған, 1,9 млрд. теңге игерілмеген.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі -- Министрлік) шығындары 390,0 млрд. теңгеге немесе нақтыланған бюджетке 99,2 % атқарылған. Бұл ретте Зейнетақы бағдарламасы бюджеттік бағдарламасын іске асыруға 255,4 млрд. теңге бөлінген.
Есеп комитеті бюджеттік заңнаманың сақталмауынан, сондай-ақ министрлік тарапынан жеткіліксіз бақылаудың салдарынан 160,1 млн. теңге -- орынсыз, 358,3 млн. теңге - тиімсіз, 6,7 млн. теңге негізсіз пайдаланылғанын анықтады. Өзге бұрмалаушылықтар 184,9 млн. теңгені құрады.
Қуатты құрылымдардың бюджеттік бағдарламаларын атқарудың тиімділігін бағалау жөніндегі бақылау іс-шаралары
Республикалық бюджеттің 2006 жылғы шығындары қорғанысқа, қоғамдық тәртіпке, қауіпсіздікке, құқықтық, сот, қылмыстық атқару қызметіне кеткен шығындары 241,8 млрд. теңгені немесе нақтыланған көрсеткіштің 98,6 % құрады. Бұл ретте көрсетілген шығындар 2005 жылмен салыстырғанда 17,0 %-ға ұлғайып, оның ішінде қорғаныс шығыны 32,9 % өсті.
Қорғаныс функционалдық тобы бойынша 21 бюджеттік бағдарламаны іске асыруға кететін шығыстар 97,9 млрд. теңгеге бекітіліп, 98,2 млрд. теңгеге түзетілген еді, ал іс жүзінде 95,3 млрд. теңгеге орындалды, 2,9 млрд. теңге игерілмей қалды.
Экономиканың нақты секторының бюджеттік бағдарламаларының атқарылуын бақылау нәтижелері:
2011 жылы экономиканың нақты секторын қолдауға және дамытуға кеткен республикалық бюджеттің шығыстары 356 108,6 млн. теңге немесе 99,6 пайызды құрады.
2011 жылы Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар әлемін, жер қатынастарын қорғау функционалдық тобы бойынша 56 бюджеттік бағдарлама іске асырылған, нақтыланған бюджет бойынша 73,6 млрд. теңге көзделіп, 72,0 млрд. теңге жұмсалған. Пайдаланылмаған қаражат 1,6 млрд. теңгені құрады.
2011 жылы мемлекеттік борыш 2010 жылмен салыстырғанда ұлғайып, 1145,9 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте Үкіметтің борышы - 13,2 %, ал Ұлттық Банктің борышы 3,3 есеге ұлғайды. Мемлекет кепілдік берген борыш 2006 жылы 74,5 млрд. теңгені құрады және 2009 жылмен салыстырғанда 6,1 % кеміді.
Үкімет борышына қызмет көрсетуге кеткен шығыстар 28,2 млрд. теңге болды. Есепті жылы 95,9 млрд. теңге мөлшеріндегі негізгі қарызды өтеу қарыз қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Бұл ретте ішкі көздер есебінен өтеу сомасы 83,7 млрд. теңгені, ал сыртқы қарыздар есебінен - 12,2 млрд. теңгені құрады.
2011 жылы мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттерді орындауға республика бюджетінде 3,7 млрд. теңге көлемінде қаражат көзделген болатын, нақты орындау 3,6 млрд. теңгені немесе 98,0 % құрады. Пайдаланбаған қаражаттың қалдығы шет ел валюталары кросс-бағамдарының өзгеруі, қалқымалы пайыздық ставкалардың салдарынан түзілді.
2011 жылы қаржылық активтерді алуға республика бюджетінің шығыны 103,5 млрд. теңгені құрады, оның 87,7 млрд. теңге көлеміндегі қаражаты 27 акционерлік қоғамның жарғылық капиталын толықтыруға және ұлғайтуға бағытталған болатын.

2.2 Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар және халықты әлеуметтік қорғау

Мемлекет шығыстарының маңызды бағыты әлеуметтік-мәдени шараларға - оқу-ағартуға, ақпараттық қызметтер көрсетуге (баспасөз, радио хабарын тарату және теледидар), мәдениетке, шығармашылыққа, денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кезең шығындарының есебі Мемлекеттік қаржы және мемлекеттік шығындар теориясы
Қаржы жүйесі жайында
Мемлекеттік бюджет. Мемлекеттік шығындар. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы
Мемлекет шығыстар
Мемлекеттік бюджет шығыстарын талдау, оны жоспарлау мен қаржыландырудың дұрыстығын зерттеу
Қазіргі кездегі экономикадағы шығындар
Мемлекеттік бюджеттің шығын
Экономиканы қаржыландыруға бюджет шығындары
Мемлекет шығындарын қаржыландыру
Қ.Р-ң бюджет-салық саясаты
Пәндер