Қалалардың орналасу факторы



ЖОСПАР

Кіріспе 3

Тарау 1. Қалалардың орналасу факторы 4

1.1 Қала сипаттамасы 5

1.2 Қаланың даму тарихы 6

1.3 Қаланың жіктелуі 8

Тарау 2. Шығыс Қазақстан қалалардың орналасу ерекшеліктері 12

2.1 Өнеркәсіп салаларына байланысты орналасуы 17

2.2 Көлік жүйесіне байланысты орналасуы 22

III Тарау. Мектеп бағдарламасында оқытудың маңызы 25

3.1 Шығыс Қазақстан. № 10 сарамандық жұмыс 26

3.2 Cабақ жоспарына анализ 27

ҚОРЫТЫНДЫ 28

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30
Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Халықтың орналасу жүйесі экономикалық және әлеуметтік география ғылымының басты зерттеу тақырыптарының бірі және ғылыми қолданбалық маңызы зор. Қалалардың құрылуы және дамуы, орналасуы, өндіріс күштерінің орналасуы, қоршаған табиғат ортасын сақтау және жақсарту, әлеуметтік инфрақұрылымының сапасы т.б. мәселелермен тығыз байланысты. Сол себепті Шығыс Қазақстан қалаларының орналасуын белгілі атқару функциясына сай топтастырып, сипаттама беру курстық жұмыстың өзекті мәселесі болып табылды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Шығыс Қазақстан қалаларының орналасу ерекшеліктеріне географиялық талдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
• Шығыс Қазақстан қалаларының және халқының орналасуы туралы әдебиеттермен танысу;
• Картографиялық материалдарды талдау негізінде қалалардың топтастырылуын жасау;
• Шығыс Қазақстан қалаларының орналасу факторын шаруашылықтың салаларының дамуы бойынша анықтау;
• Шығыс Қазақстан қалаларына сипаттама беру;
• Мектептерде география сабағында курстық жұмыстың тақырыбын оқыту ерекшелігін қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс негізінен жоспардан, кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және кестелерден, картасхемадан тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты, міндеттері жазылған. Ал 1–бөлімде негізгі қалалардың орналасу факторы, қала сипаттамасы, қаласының даму, яғни пайда болу тарихы, қаланың жіктелуі туралы сипаттама берілген.
Ал екінші негізгі бөлімде Шығыс Қазақстан қалаларының орналасу ерекшеліктері және қалалардың шаруашылықтың салаларының дамуына байланысты орналасу ерекшеліктері айтылған. Негізгі қалаларға сипаттама берілген.
Үшінші бөлімінде курстық жұмыстың тақырыбын мектеп бағдарламасымен байланыстыстыра отырып сабақ жоспары құрастырылған. Сонымен қатар сабақ жоспарына анализ жасалған. Көрнекілік ретінде картасхема қарастырылған.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Покшишевский В.В. Гегорафия населения СССР. – М., 1971 г.
2. Ковалев С.А. Сельское расселение. М. – 1963 г.
3. Давидович В.Г. Расселение промышленных узлов. – М., 1960 г.
4. Қожахмет М., Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы: Оқу құралы. – Қарағанды: ҚарМу баспасы, 2006 ж. – 480 б.
5. Лаппо Г.М. География городов: Учебное пособие для географии факультетов вузов. – М.: Гуманитарный издательский центр Владос, 1997 г. – 480 с.
6. Назаревский О.Р. Казахская ССР. – М, 1957 г.
7. Нұрғалиев Қ.Р. Қазақстан экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1999 ж. – 212 б.
8. Қазақстан Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Б. Аяған. – Алматы: “Қазақстан энциклопедиясының” Бас редакциясы, 2005 ж. – 728 б.
9. Қазақстан Ұлттық Энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев. – Алматы: “Қазақ энциклопедиясының” Бас редакциясы, 2002 ж. – 720 б.
10. Қазақстан Ұлттық Энциклопедия/Бас редактор Б. Аяған. – Алматы: “Қазақ энциклопедиясының” Бас редакциясы, 2007 ж. – 688 б.
11. Қазақстан Ұлттық Энциклопедия/Бас редактор Б. Аяған. – Алматы: “Қазақ энциклопедиясының” Бас редакциясы, 2003ж. – 720 б.
12. Қазақстан Ұлттық Энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев. – Алматы: “Қазақ энциклопедиясының” Бас редакциясы, 1998 ж. – 720 б.
13. Қазақстан Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Б. Аяған. – Алматы: “Қазақстан энциклопедиясының” Бас редакциясы, 2007ж. – 728 б.
14. Полезные ископаемые Казахстана. Көкшетау. 2002 г. с. 39 – 43.
15. Техногенное минеральное сырьё рудных месторождений Казахстана. Справочник. Алматы. 2000 г. с. 11 – 36.
16. Месторождения золота Казахстана//Справочник. Под редакцией А.А. Абдулина//Алматы 1997 г. c. 116.
17. Месторождения редких металлов и редких земель Казахстана//Справочник. Под редакцией А.А. Абдулина. Алматы. 1998 г. с. 109.
18. Қазақстандық Алтайдың минералдық ресурстарын пайдаланудағы экологиялық мәселелер//География және табиғат. Каймулдинова К., Бейкитова А. №3 (39) – 2009 мамыр – маусым.
19. Есназарова Ұ. Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясын оқыту. – Алматы: “Рауан”, 1994 ж. 116 б.
20. Муталипова М. Еліміздің шығысы ерекшелікке толы//География және табиғат №2(38) – 2009 ж. Наурыз – сәуір.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 3

Тарау 1. Қалалардың орналасу факторы 4

Қала сипаттамасы 5

Қаланың даму тарихы 6

Қаланың жіктелуі 8

Тарау 2. Шығыс Қазақстан қалалардың орналасу ерекшеліктері 12

2.1 Өнеркәсіп салаларына байланысты орналасуы 17

2.2 Көлік жүйесіне байланысты орналасуы 22

III Тарау. Мектеп бағдарламасында оқытудың маңызы 25

3.1 Шығыс Қазақстан. № 10 сарамандық жұмыс 26

3.2 Cабақ жоспарына анализ 27

ҚОРЫТЫНДЫ 28

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Халықтың орналасу жүйесі экономикалық
және әлеуметтік география ғылымының басты зерттеу тақырыптарының бірі және
ғылыми қолданбалық маңызы зор. Қалалардың құрылуы және дамуы, орналасуы,
өндіріс күштерінің орналасуы, қоршаған табиғат ортасын сақтау және
жақсарту, әлеуметтік инфрақұрылымының сапасы т.б. мәселелермен тығыз
байланысты. Сол себепті Шығыс Қазақстан қалаларының орналасуын белгілі
атқару функциясына сай топтастырып, сипаттама беру курстық жұмыстың өзекті
мәселесі болып табылды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Шығыс Қазақстан қалаларының орналасу
ерекшеліктеріне географиялық талдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
• Шығыс Қазақстан қалаларының және халқының орналасуы туралы әдебиеттермен
танысу;
• Картографиялық материалдарды талдау негізінде қалалардың топтастырылуын
жасау;
• Шығыс Қазақстан қалаларының орналасу факторын шаруашылықтың салаларының
дамуы бойынша анықтау;
• Шығыс Қазақстан қалаларына сипаттама беру;
• Мектептерде география сабағында курстық жұмыстың тақырыбын оқыту
ерекшелігін қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс негізінен жоспардан, кіріспеден, 3
тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және кестелерден,
картасхемадан тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, мақсаты, міндеттері жазылған. Ал
1–бөлімде негізгі қалалардың орналасу факторы, қала сипаттамасы, қаласының
даму, яғни пайда болу тарихы, қаланың жіктелуі туралы сипаттама берілген.
Ал екінші негізгі бөлімде Шығыс Қазақстан қалаларының орналасу
ерекшеліктері және қалалардың шаруашылықтың салаларының дамуына байланысты
орналасу ерекшеліктері айтылған. Негізгі қалаларға сипаттама берілген.
Үшінші бөлімінде курстық жұмыстың тақырыбын мектеп бағдарламасымен
байланыстыстыра отырып сабақ жоспары құрастырылған. Сонымен қатар сабақ
жоспарына анализ жасалған. Көрнекілік ретінде картасхема қарастырылған.

Тарау 1. Қалалардың орналасу факторы

Қалалардың орналасу факторы қаланың жоспарлы құрылымында көрініс
табады. Осы факторлардың біреуі болса немесе бірнешеуінің бір – біріне әсер
етуі жоспарлы құрылымының түрін анықтайды: тұтас, бөлшектенген,
жинақталған.
Тұтас – қаланың функционалды зонасы бірдей ара – қашықтықта орналасуы.
Бөлшектенген түрі – қала территориясын өзен, жыралар немесе транзиттік
темір жолдар бөліп жатқанда пайда болады.
Жинақталған - өзара транспорттық жолдармен байланысып жатқан бірнеше
қалалардың бірнеше жоспарлы құрылымын айтады.
Халықтың орналасу жүйесі экономикалық және әлеуметтік география
ғылымының басты зерттеу тақырыптарының бірі және ғылыми қолданбалылық зор
маңызы бар. Қалалық және ауыл елді мекендер жүйесінің құрылуы және дамуы
өндіріс күштерінің орналасуы, қоршаған табиғат ортасын сақтау және
жақсарту, әлеуметтік инфрақұрылымның сапасы т.б. мәселелерімен тығыз
байланысты. “Халықтың орналасуы” деген ұғымға белгілі бір территорияда
(ауданда, елде, аймақта т.б.) халықтың қоныстану жүйелері мен
ерекшеліктерін жатқызамыз. Мысалы, В.В. Покшишевскийдің айтуы бойынша,
“халықтың орналасуы деп белгілі бір жерде халықтың таралуы және елді мекен
жүйесі ретінде территориялық ұйымдастыру формаларын айтады” [1]. С.А.
Ковалевтің анықтамасы бойынша, “Халықтың орналасуы дегеніміз – белгілі бір
жерде адамдардың өмір сүруге қажетті материалдық игіліктерді құрау арқылы
орналасқан тұрғындарды айтамыз” [2]. Біздіңше, ойдағыдай тұжырымның біріне
В.Г. Давидовичтің анықтамасы жатады: “Халықтың орналасуы деп әртүрлі
көлемдегі елді мекен жүйелері және олардың өндіріске, транспортқа, табиғат
ортасына, халықтың территориядағы таралуына, бір – бірімен өзара қатынасына
байланысты атқаратын функциясын (қала, кент, ауыл) айтамыз” [3].
Жоғарыда берілген үш анықтама бірін – бірі толықтырады және халықтың
орналасуы экономикалық - әлеуметтік география ғылымының зерттеу объектісі
екенін көрсетеді. Сонымен бірге қала және ауыл мәселелерімен айналысатын
басқа мамандарға да (экономистер, сәулетшілер, социологтар т.б.) ,ылыми
зерттеудің негізі бола алады.
Халықтың орналасуы жүйесіне қала және ауыл халқы, елді мекендердің
қоныстануын, таралу және шоғырлануын, даму қарқынын және өзгеру
ерекшеліктерін жатқызуға болады. Қазақстан бойынша бұл мәселелер С.А.
Ковалев, О.А. Константинов, О.Р. Назаревский, Б.Я. Двоскин, Е.Н. Гладышева,
К.А. Искакова, И.Н. Хайрлиев, М.Д. Спектор, Ш.М. Надыров сияқты географ –
ғалымдарының еңбектерінде қаралған.
Қала халқы 1987 ж. халық санағы бойынша Қазақстанда қалалық елді
мекендерде 166,8 мың адам, яғни 4% халық тұрды. Бұл көрсеткішке сол кезде
қала деген атауы бар 22 елді мекен кіргізілді. Олардың түрғындары саны бір
елді мекенде 0,6 – дан 5 мың адам, алтауында – 5,1 – 10 мың, төртеуінде –
11 – 15 мың, екеуінде – 15 – 20 мың, қалғанның әрқайсысында: 20 – 25 мың,
25 – 30 мың, 30 мыңнан 40 мыңға дейін адам болды. Бұларға Ресей салған
әскери бекеттер, ескі сауда орталықтары, жәрмеңке болатын орталықтар,
кішігірім өнеркәсіп, сауда орталықтары, көлік тораптары енді. 1926 ж. халық
санағы бойынша қала халқы 9% - ға дейін өсті, яғни екі есеге (225 мың адам)
көбейді. Қала халқының өсуінің 57,3% - ы орыс, 12,5 – қазақтар, 29,8 % -
басқа ұлттардың үлесіне тиді. Бұл кезеңде тарихи пайда болған ескі
қалалармен бірге (Тараз, Түркістан, Шымкент), әскери бекеттердің негзінде
пайда болған сауда - әкімшілік орталықтары: Семей, Верный (Алматы), Форт –
Александровск, Форт – Шевченко сияқты қалаларды атауға болады. 1926 ж.
санақ бойынша Қазақстанда 50 қала мен кенттер болды. 33 кенттерде 500 – ден
1000 – ға дейін тұрғындар, яғни 13 қала халқы (125,2 мың адам), тұрды, 500
– ден 1000 тұрғындары бар 2 қала, 1 мыңнан 2 мыңға дейін – 6 қала, 2 мыңнан
5 мыңға дейін – 16 қала, 5 мыңнан 10 мыңға дейін 9 қалалалық елді мекен
болды. Ірі қалалар бұл кезеңде болған жоқ. 27 қала тұрғындардың саны
жағынан орташа қалалардың қатарына жатты.
1926 – 1959 – шы жж. қала халқы ауыл тұрғындарының қалаға қоныс
аударуы арқылы 62,1% - ға, қала халқының табиғи өсімі арқылы 18,5 – 20,2%
-ға ауылдық елді мекендердің қалалық статус алуына байланысты 17,7 – 19,5%
- ға көбейді. 1954 – 1964 – ші жж. ауыл халқының қалаға қоныс аударуы азая
бастады, қала халқында табиғи өсім төмендеді, ауылдық елді мекендердің
қалалық статусы алуы азайды. Дегенмен, бұл кезде қала халқының өсуінің
38,7% - ы көші – қон сальдосына байланысты болды. 60 – шы жж. екінші
жартысынан бастап бала туу және табиғи өсім төмендей бастады, аса ірі
өнеркәсіп орындарын салу қысқарды, одақтық республикалар арасындағы көші –
қон азайды. Қала өалқының негізгі өсуі бұл кезде табиғи өсім мен республика
ішіндегі көші – қонға байланысты болды.
1939 – 1970 жж. қала халқының өзіндік үлесі 28% - дан 50% - ға дейін,
ал адам саны 3,9 есеге көбейді [4]. Бұған өнеркәсіптің, транспорттың,
құрылыс индустриясының дамуы көп әсер етті.

1. Қала сипаттамасы

Қала – халықтың саны белгілі бір мөлшерге жеткен, тұрғындары негізінен
өнеркәсіп пен құрылыста, қызмет көрсету мен сауда орындарында, т.б.
салаларда қызмет ететін ірі елді мекен. Олар көбінесе өз атырабының
әкімшілік және мәдени орталығы болып табылады.
Қала - адамның ақыл – ойымен, қолымен жасалған ештеңемен салыстыруға
келмейтіндігімен ерекшеленеді. Бұл халқы бар және кеңістіктің әр қырынан
көрінетін өмір ортасы. Қала - қоныстану формасы және қоғамның дамуына аса
қажетті өзінің шаруашылық салаларында жетістігі бар территория [5].
Қазіргі қала - өте күрделі инфрақұрылым, Оның келбеті үнемі өзгеріп
отырады. Ол қоғамның әлеуметтік дамуы мен ғылыми – техникалық деңгейін
бейнелейді және қаланың аумағына, қалыптасу тарихына, сақталған тарихи –
архитектуралық мұраларына байланысты айқындалады. Қала көлігінің құрамына
кіретін автомобильдер ағыны, көркейтілген аялдамалар, кең жолдар,
автомобильдер, теміржолы және өзен вокзалдары Қала келбетін жасаушы
белгілер болып табылады. Жасыл гүлзарлар мен бақтар, скверлер оған ерекше
көрік береді. Ескі қалалар келбеті күрделі де, әртекті келеді; олардың
келбеті негізінен бірнеше тарихи кезеңдерде тұрғызылған тарихи –
архитектуралық мұралардың (Бұхара, Таллин, Псков) өзара байланысы
бірігуінен құралады. Шет мемлекеттерге тән қалалық басқару органы –
сайланып қойылатын муниципалдық кеңес. Кеңестер мен тұрғындар белгілеген
қала әкімшілігінің басшысы (мэр, бургомистр, әкім, т.б. аталады) және оның
қарамағындағы бөлімдер, департаменттер басқарады. Кейбір елдерде астаналық
басқарудың ерекше ережесі белгіленген.
Қалалардың қанат жайып өсуі қоғамның жалпы дамуында маңызды орын
алады. Өйткені олардың пайда болып, дамуы адамзат тарихымен бірге жасасып
келеді.

2. Қаланың даму тарихы

Алғашқы қалалар б.з.б. 1 – 3 мың жылдықтарда сауда, қолөнер
орталықтары ретінде Шумердегі Ур Лагаш, Ниппур, кейінірек Месопотамиядағы
Аккад, Ашшур, Вавилон, Египеттегі Мемфис, Фивы, Үнді өз алабындағы Мохенджо
– Даро, Хараппа болды.
Б.з.б. 1 – мыңжылдықта қалалар бұрынғыдан да дами түсті. Бұл кезде
Қытайда (мұнда, Хуанхэ өзенінің алқабында 2 – мыңжылдықтың өзнде – ақ пайда
болған) ірі қалалар, мысалы астаналық орталықтар – Лоян, Чаньань,
Үндістанда негізінен Ганг өзенінің алқабында жаңа қалалар салынды, Алдыңғы
Азияда Вавилон, Ассирияда Ниневия, Ахемен әулеті билеген мемлекетте
Персеполь, Иерусалим, Финикияда Тир, Сидон секілді жаңа қалалар тұрғызылып,
ескілері өсіп жетілді. Б.з.б. 1 – мыңжылдықтың ортасында көне заман
қалалары, өз алдына мемлекет – қалалар (полистер) қалыптасты. Көне заманда,
бәрінен бұрын Грекияда (Еуропалық Грекияда – Афины, Коринф, Кіші Азия
жағалауында – Милет, Эфес) эллин мемлекеттерінің жерлерінде пайда болған.
Мұнда Александрия, Антиохия, Селевкия, Пергам, т.б. cекілді ірі – ірі
орталықтар қалыптасқан. Б.з.б. 1 – мыңжылдықта Закавказьедегі мемлекеттерде
(Эребуни, Тейшебани, т.б.), Орта Азияда [Самарқанд (Марақанда), Мерв, т.б.]
пайда болды. Б.з.б. 6 ғ. – б.з. 4 – ғасырында Қара тау жағалауында ежелгі
грек қоныстары ретінде пайда болған көне заман қалалары өмір сүрді. Мұндай
орталықтар Италияда да құрылды (Рим).
11 – 12 ғасырларда Еуропадағы ең ірі қалалар: Венеция, Флоренция, Рим,
Париж, Лондон, Кёльн, т.б. Шығыс славяндарда алғашқыда бекіністі мекендер
салынды да, бірте бірте қалаға айналды. 10 ғасырдың аяғында Ежелгі Русьте
олардың саны 25 – ке жетті: Киев, Чернигов, Смоленск, Новгород, Псков, т.б.
Ежелгі Русьтің қалаларында қолөнер, сауда, мәдениет дамыды. Бұл кезеңде
Орта Азия мен Қазақстанда: Бұхара, Самарқанд, Шаш (Ташкент), Хорезм,
Исфиджаб (Сайрам), Отырар, Тараз, Түркістан, Сығанақ, Баласағұн, Суяб,
Құлан, Қойлық, Созақ, Тайлақ, Алмалық, Талғар, Мерке, Аспара, Ашнас,
Баршынкент, т.б. белгілі болды;
13–ғасырдағы Шыңғыс хан шапқыншылығына ұшыраған аймақтарда қонысты
орындардың дені қиратылды. 14 ғасырдың 2 – жартысында Орта Азия мен
Солтүстік – шығыс Русьте қалалар қайта өркенделді. Еуропада 15 – ғасырдың
аяғынан бастап және 16 – ғасырда Қайта өркендеу дәуірінің қалалық мәдениеті
дамыды. Азия мен Солтүстік Африка елдерінде ертедегі ортағасырлық кезеңде
халқы көп қалалар өмір сүрді, бұлардың бірсыпырасының ірге тасы тіпті
ежелгі заманда қаланған. Араб халифатындағы Дамаск (Шам), Бағдад, Каир,
Ирандағы Исфаһан, Шираз, Үндістандағы Дели, Қытайдағы Чанъань, Лоян,
Гуанчжоу (Кантон), Пекин Шығыстың орта ғасырлардағы ең ірі қалалары болды.
Жаңа заманда Еуропада индустрияның дамуына байланысты қала халқы өсті.
Техника дами бастады, сауданың, ақша айналымының жаңа, неғұрлым дамыған
түрлері қалыптасты, I Пётр тұсында Ресейде экономикалық өрлеуден қалалар
жедел дамыды.
Қазақстанның ежелгі қалалары.
Ресей империясы Орта Азия мен Қазақстанды отарлау мақсатында қазақ
даласымен шекаралас аймақта 1613 ж. Жайық қалашығының (қазіргі Орал), ал
1640 ж. Гурьевтің (қазіргі Атырау) іргесін қалады. 18 – 19 ғасырларда
Семей, Өскемен, Қостанай, Петропавл, Павлодар, Ақтөбе, Көкшетау, Ақмола,
Атбасар, Қарқаралы, Верный (Алматы) қалаларының іргесі қаланды. 1897 ж.
Қазақстанда 30 қалалық мекен болды. Кеңес үкіметі тұсында 1926 – 1939 ж.
кен орындары (Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Кетау, т.б.), теміржол
тораптары төңірегіндегі, ауылдық жерлердегі елді мекендердің қалаларға
айналуы нәтижесінде 81 қала пайда болды. Республикада 276 қалалық мекен,
оның ішінде 53 шағын, 10 орташа, 12 үлкен, 6 ірі және 2 аса ірі (Астана,
Шымкент), 1 миллиондық 84 қала бар (2003 ж). Шығыс Қазақстан қалаларының
пайда болу уақыты 1 кесте.
Қалалар пайда болып, халықтың қала және ауыл халқына бөлінуі тарих и
процесс. Бұлай бөліну еңбек құралдарының жетілдірілуіне, сондай – ақ дайын
өнім алмасудың дамуына байланысты болды. Еңбек бөінісі пайда болысымен
белгілі бір кезеңде қолөнері ауыл шаруашылығынан бөлінді. Жыл өткен сайын
өнндіріс күрделінді. Ол неғұрлым күрделенген сайын, адамдар бір – бірімен
байланысты болып, біріне – бірі жұмыс істей бастады. Уақыт өте келе бұндай
байланыстар кеңейіп, өнім алмасу дами түсті, ал бұл үшін бір кәсіп
иелерінің бір – біріне жақын тұруы ыңғайлы еді. Алғашқы кезде қолөнер, ал
содан кейін өнеркәсіп өнімдерін өндірумен байланысты болған елді мекендер
осылай қалыптасты. Қала қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы, қолөнерінің ауыл
шаруашылығынан бөлунуі, өнім алмасудың артуы нәтижесінде пайда болды. Бірте
– бірте қала шаруашылықты басқару орындары, ірі оқу орындары, ғылыми
мекемелер, мектептер, мәдениет ошақтары жинақталған өнеркәсіп орталығына
айнала бастады.

3. Қаланың жіктелуі

Қалалық елді мекендерді экономикалық – географиялық тұрғыда зерттеу
процесі оларды күрделі жүйелеуден өткізуді қажет етеді. Бұл мақсатта тарихи
– генетикалық, функционалдық және тұрғындардың саны жағынан жіктеу
әдістерін пайдаланады. Қалаларды тарихи тұрғыда топтау барысында оларды
белгілі бір кезеңде ұлттық қоғамдық дамуы мен құрылуы, мемлекеттің
құрылуына байланысты қалалардың пайда болуы негізге алынады.
Халқы 50 мыңға дейінгі қала – шағын, 50 – 100 мың – орташа, 100 – 250
мың – үлкен, 250 – 500 мың – ірі, 500 мың – 1 млн. – аса ірі, 1 млн – нан
артса “миллионер қала” деп аталады. Көптеген ірі қалалардың қала –
серіктестері пайда болған жағдайда қала агломерациясын жасайды. Одан өсе
келе мегаполиске айналады.
Қала агломерациясы - өндірістік, еңбек, мәдени – тұрмыстық, т.б.
байланыстармен күрделі де серпінді жүйеге біріккен іргелес мекендердің
(көбінесе қалалық мекендердің) кеңістікте қалыптасқан тобы. Бұртұтас
аумақтық әлеуметтік – экономикалық құрылым ретінде қала агломерациясы өзіне
ұйтқы болған бір немесе бірнеше ірі қаланың дамуы негізінде пайда болады.
Бір ұйытқы қаланың төңірегіне ұйысқан жалғыз орталық қаладан тұратын бір
орталықты қала агломерациясы өзінің маңындағы аймақта (соның ішінде сыртқы,
шеткерлері аймақта) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылдық елді мекендер мен қалалардың инженерлік инфрақұрылымының олардың дамуына әсері
Халықтың статикасы мен қоныстануы
ХАЛЫҚТЫҢ ҚҰРАМЫ
Қаланың экономикалық құрылымы
Халықтың орналасуы. Урбандалу
Адамды қоршаған орта және олардың түрлері
Шағын қалалардың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайлары (Арқалық қ. мысалында)
Кедейшілік қазіргі қоғамның өзекті проблемасы
Жамбыл облысының қонақ үй шаруашылығының қазіргі жағдайы
Қазақстанда қалалардың қалыптасуы мен олардың орналасу ерекшеліктері
Пәндер