Шығындарды есепке алу мен өнімнің өзіндік құның калькуляциясының нормативтік әдістері



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындардың құрамы , түрлері мен нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Шығындардың жіктелуі және оларды топтастырудың тәсілдері ... ... ... ... .9
1.3 Өзіндік құнның құрылымы, калькуляциясы, калькуляциялық нысаны мен бірлігі және әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13


2. ШЫҒЫНДАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ МЕН ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫҢ КАЛЬКУЛЯЦИЯСЫНЫҢ НОРМАТИВТІК ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

2.1 Өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құнын есептеудің нормативтік әдісінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау және шығынды есепке алудың нормативтік әдісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.3 Халықаралық тәжірибеде қолданылатын калькуляциялау әдістері ... .24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
КІРІСПЕ

Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың құрылу шарттары және басқаруды жетілдіру, кәсіпорынның дамуында жаңа стратегияларды жасауда басқару есебінің мағынасы мен рөлі күшейе түсуде. Мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері артуда. Шаруашылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға шығу шарты болып табылады.
Қатаң бәсекелестік жағдайы кәсіпорындардың шығындарды басқару процесіне, оларды есептеу мен мониторинг жүргізудің жетілдіру жолдарын іздеуге үлкен қызығушылық тудыруына әкеледі. Кәсіпорында шығындарды басқару процесін ұйымдастыру шығындардың жалпы деңгейін төмендетуге көмектессе, ал бұл кәсіпорынға қосымша бәсекелік артықшылықтарды береді.
Шығындарды тиімді басқару арқылы кәсіпорында үлкен нәтижеге қол жеткізу, пайданы максималдау және өндірістің тиімділігін арттыруға қол жеткізуге болады. Кәсіпорын қызметінің негізгі қаржылық нәтижесі пайда болып табылады, ол оның келешекте дамуының негізі және қаражат көзі қызметін атқарады. Сол себепті кәсіпорынның пайдасын арттырудың негізгі шарты өнім өткізілімі мен өндіріс шығындарын төмендету, сөның ішінде шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендету болып табылады, осыған орай шығындарды басқару және ұйымдастыру кәсіпорын үшін маңызды мәселе болып табылады.
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі – кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты. Сондықтан шығындарды толық және дұрыс анықтау келесіні камтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын калькуляциялау, қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығынын толық дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.
Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісін негізінен жаппай өндіріспен шұғылданатын кәсіпорындар пайдаланады. Оны ұсақ топтамалық және жекелеген кәсіпорындарда пайдалануға да болады. Өндірістегі шығындарды есепке алу өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдістері бойынша жұмыстардың технологиялық және нормативтік карталар жасаудан басталады. Нормативтік әдісті өңдеу өнеркәсіптері әр түрлі және күрделі өнімдерді жаппай және сериямен өндіретін кәсіпорындар қолданады. Нормативтік әдіс шаруашылықтағы материал, еңбек, қаржы ресурстарының
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Халықаралық Қаржылық есептілік стандарттары 01.01.2008.
2. Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары, №185 2007 жылдың 23 мамырдағы ҚР қаржы Министірінің бұйрығымен бекілілген.
3. Назарова В.Л.,Жапбарханова М.С., Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. «Басқару есебі» Оқулық – Алматы, Экономика, 2005.
4. В.К.Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин, В.В. Радостовец, О.И.Шмидт «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы,2003ж.
5. Төлегенов Э.Т., «Басқару есебі». Оқулық – Алматы, Экономика, 2006
6. «Басқару есебі». Оқулық құралы. Автор К.Т. Тайгашинова, э.ғ. к., профессор. Аудар М.Қ. Акишев. г. Алматы, 2011 ж.
7. Назарова В.Л (жалпы ред. Н.Қ.Мамыров) «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп». Оқулық – Алматы, Экономика, 2005.
8. Қ.Ш.Дүйсенбаев, Э.Т.Төлегенв, Ж.Г.Жұмағалиев «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы, Экономика 2001ж.
9. «Калькуляция и учет в общественном питании» Галиева, В. Смолкина, А. Шаймарданова. - Астана : Фолиант, 2010г.
10. «Калькуляция және есеп бойынша практикум» Т. Стасевич, Қ. Байманова. - Астана : Фолиант баспасы, 2008ж
11 Ә. Д. Дәулетбеков, К.Т. Тайгашинов, Т.А. Тасмағанбетов. Басқарушы ө өндірістік есеп. Оқу құралы. Алматы, Принт, 2000ж.
12. Друри К. Управленческий и производственный учет (перевод с анг.) М.:ЮНИТИ,2000г.
13. Друри К.введение в управленческий и производственный учет. М.: ЮНИТИ,2003г.
14. Карпова Т.П. управленческий учет: учебник - М.:ЮНИТИ,2003
15.Хорнгрен Ч.Т., Форстер Дж., бухгалтерский учет : управленческий аспект: пер. С англ/под ред. Я.В.Соколова.- М.:ЮНИТИ,2000
16.Бухгалтер (бухгалтерлік есеп негіздері) : оқулық / Н. Қ. Қабылова, Ш. А. Доспалинова, Е. Н. Оразалинов. - Астана : Фолиант баспасы, 2007.
17.Тайгашинова К.Т., Жапбарханова М.С. Тереңдетілген басқарушылық есеп. Алматы, Экономика,2008ж.
18. Басқару есебі. оқу құралы / А. К. Ержанов [и др.] ; ред. А. К. Ержанов. - Алматы : Экономика, 2009. - 304 б.
19. Хорнгрен Ч.Т., Форстер Дж., Ш.Датар. управленческий учет, Питер,2007ж.
20. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. Изд. 3, доп. и перераб. Алматы: Центраудит-Казахстан, 2002

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың құрылу шарттары және басқаруды
жетілдіру, кәсіпорынның дамуында жаңа стратегияларды жасауда басқару
есебінің мағынасы мен рөлі күшейе түсуде. Мемлекет экономикасының нарықтық
қатынастарға өтуімен бірге кәсіпорындардың өздігінен жұмыс істеуі, сонымен
қатар олардың экономикалық және заңгерлік жауапкершіліктері артуда.
Шаруашылықты тиімді жүргізе білу кәсіпорынның бәсекелестік жағдайында алға
шығу шарты болып табылады.
Қатаң бәсекелестік жағдайы кәсіпорындардың шығындарды басқару
процесіне, оларды есептеу мен мониторинг жүргізудің жетілдіру жолдарын
іздеуге үлкен қызығушылық тудыруына әкеледі. Кәсіпорында шығындарды басқару
процесін ұйымдастыру шығындардың жалпы деңгейін төмендетуге көмектессе, ал
бұл кәсіпорынға қосымша бәсекелік артықшылықтарды береді.
Шығындарды тиімді басқару арқылы кәсіпорында үлкен нәтижеге қол жеткізу,
пайданы максималдау және өндірістің тиімділігін арттыруға қол жеткізуге
болады. Кәсіпорын қызметінің негізгі қаржылық нәтижесі пайда болып
табылады, ол оның келешекте дамуының негізі және қаражат көзі қызметін
атқарады. Сол себепті кәсіпорынның пайдасын арттырудың негізгі шарты өнім
өткізілімі мен өндіріс шығындарын төмендету, сөның ішінде шығарылатын
өнімнің өзіндік құнын төмендету болып табылады, осыған орай шығындарды
басқару және ұйымдастыру кәсіпорын үшін маңызды мәселе болып табылады.
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі – кез келген өнімді өндіру,
жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты.
Сондықтан шығындарды толық және дұрыс анықтау келесіні камтамасыз етуі
керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын
калькуляциялау, қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты
шығынын толық дер кезінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті
ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін
ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.
Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялаудың нормативтік әдісін негізінен жаппай өндіріспен
шұғылданатын кәсіпорындар пайдаланады. Оны ұсақ топтамалық және жекелеген
кәсіпорындарда пайдалануға да болады. Өндірістегі шығындарды есепке алу
өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдістері бойынша
жұмыстардың технологиялық және нормативтік карталар жасаудан басталады.
Нормативтік әдісті өңдеу өнеркәсіптері әр түрлі және күрделі өнімдерді
жаппай және сериямен өндіретін кәсіпорындар қолданады. Нормативтік әдіс
шаруашылықтағы материал, еңбек, қаржы ресурстарының ұтымсыз шығындалуын
уақытылы ескерту, өндірістегі резервтер мен нәтижелерді анықтауға
жәрдемдесу міндеті болып келеді. Әдістің негізінде өнім, жұмыс, қызмет
бірлігіне жұмыс уақыты, материалдық және ақша ресурстары шығынының есептік
көлемін техникалық жағынан негіздеу көрсетіледі. Сондай-ақ, кәсіпорындарда
өнімдердің өзіндік құнын есептеудегі нормативтік әдісті ХҚЕС негізінде
тиімді пайдалана білу және кәсіпорындарда тәжірибеде қолдануға бейімделу.
Сондықтан да, бұл тақырып өзекті болып келеді [1].
Курстық жұмыстың мақсаты – нарықтық экономикасы дамыған елдерде
шығындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік
әдісін еліміздегі кәсіпорындарда қолданудың ерекшеліктері мен жетілдіру
жолдарын ашып көрсету. Сондай-ақ, нормативтік шығын есебі жүйесінің негізгі
мақсаттары сметаны жасауда және басқару тиімділігін бақылауда көмектесу,
жоспармен үйлеспейтін операцияларды анықтауға бағытталған бақылау сызбасын,
яғни схемасын жасау, шешім қабылдауға пайдаланатын болашақта болатын
шығынды болжау, тауарлы-материалдық құндылықтар қорын бағалау мақсатында
түпкілікті өнімге шығынды көшіру міндетін оңайлату, қол жеткізуге аса
қажетті мақсаттарды белгілеу болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсатына жету үшін келесідей міндеттер қойылған:
- өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындардың құрамы , түрлері мен
нысандарын қарастыру;
- шығындардың саралануы , топтастырылуы және тәсілдерін анықтау;
- өзіндік құнның құрылымы , калькуляциялануы , калькуляциялық
нысаны, бірлігі мен әдістерін ашып көрсету;
- өндіріс шығындары мен өнімнің өзіндік құнын есептеудің нормативтік
әдісінің жалпы сипаттамасын қарастыру;
- өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнын калькуляциялау және
шығынды есепке алудың нормативтік тәсілін айқындау;
- халықаралық тәжірибеде қолданылатын калькуляциялау әдістеріне
тоқталу.
Курстық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Нормативтік әдіс іс жүзіндегі
өнім бірлігінің өзіндік құны және барлық өндірілген нормптивтік өзіндік
құнмен салыстырылады және прогрессивтік нормада материалдар шығынын,
еңбекақы шығынын анықтайды. Сондай-ақ, нормативтік әдісте әрқашан ауытқулар
болып тұрады. Нормалардан ауытқуға материалдарды ауыстыру, оларды пайдалану
және т.б. осы секілді факторлар әсер етеді. Материалдар шығыны бойынша
нормалардан ауытқуларды анықтау үшін материалдарды құжаттау, түгелдеу тағы
басқа да шаралар жүргізіліп реттеліп отырылуы тиіс. Сондықтан да,
нормативтік әдісті теориялық тұрғыдан қарастырғанның маңыздылығы зор.
Курстық жұмыстың құрылымы 6 сурет, кіріспе, екі бөлімнен, қорытындыдан
және пайдаланылған әдебиетерден тұрады.

1 Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және оның теориялық аспектілері

1.1 Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындардың құрамы , түрлері мен
нысандары

Өнімнің өзіндік құны экономикалық негізгі қасиеті бар және оның
жалпы деңгейіне әртүрлі әсер ететін көптеген шығындар түрінен
құрылады.
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар құрамына іріленген мына
төмендегілерді қосуға болады:
– өнімнің жаңа түрлерін дайындау және игеру үшін қажетті
шығындар;
– өнімнің жоспарланған көлемін өндіру мен сату үшін қажетті
шығындар;
– кадрларды дайындау және қайта даярлау үшін шығындар;
– өнімнің саласын және бәсекелестігін жоғарлату үшін қажетті
шығындар;
– техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау үшін қаражаттар.
Өзіндік құн құрамында аталған шығындардан ең көп үлес
алатындығы, сөзсіз, жоспарланған өнім көлемін өндіру және сату үшін
қажетті ағымдық шығындар.
Салалар бойынша өзіндік құнды құрайтын шығындардың құрамы
бірдей емес. Мысалы: кен өндіру өнеркәсібінде өнімнің өзіндік құнында
шикізат сияқты шығын түрі жоқ. Ал өңдеу өнеркәсібінде шикізат
шығындардың маңызды түрі болып табылады.
Өндірілетін өнімнің заттық негізін құрайтын шикізаттардан бөлек,
өнеркәсіп көптеген басқа да, өнімнің құрамына енгенімен, бірақ оның негізі
болмайтын, материалдарды пайдаланады.
Негізгі материалдар шикізатпен бірге өнімнің заттай мазмұнын құрайтын
мұндай материалдар.
Көмекші материалдар тек технологиялық үдерісті орындауға ғана әсер
ететін материалдар.
Жоспарлау және есепке алу тәжірибесінде технологиялық мақсаттарға
пайдаланатын отын және энергия жеке дара көрсетіледі, себебі олар
өнеркәсіп өнімінің өзіндік құнының елеулі көлемін құрайды және сонымен
қатар оның деңгейіне елеулі әсер етуі мүмкін.
Өнімнің өзіндік құнында оны өндіру және сату үдерісінде пайдаланатын
негізгі қорлардың құны да бейнеленеді. Негізгі қорлардың құны өзіндік құнға
олардың тозуына сәйкес келетін мөлшерде амортизациялық аударымдар ретінде
қосылады.
Өзіндік құн - өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру мен сатуға байланысты
кәсіпорында жұмсалған негізгі қорлар, шикізаттар, материалдар, отын мен
энергия, еңбек және басқа да ресурстарды пайдалану шығындарының ақшалай
көрінісі.
Өнімнің өзіндік құны тауар–ақша қатынастар жағдайында дербес шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қызметін сипаттайтын экономикалық санаты, ол
өнімді өндіру мен сату үшін кәсіпорын қанша шығын жұмсағандығын көрсетеді.
Өзіндік құн жай ұдайы өндіріс санатысы болып табылады, себебі ол өнім
бағасы арқылы орнын толтыра отырып, кәсіпорынға өндірістің көлемін
өзгертпей-ақ өндірісті қайта бастауға мүмкіндік береді.
Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету
белгілі бір шығындармен байланысты, сондықтан шығындарды толық және дұрыс
анықтау келесіні камтамасыз етуі керек:
– жалпы өнім көлемін,
– әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын калькуляциялау,
– қызметті көрсету,
– жұмысты орындау,
– өндірілген өнімнің нақты шығынын толық дер кезінде және шынайы
көрсету,
– сондай-ақ, жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді
қабылдау мен жоспарлау үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді
[3].
Өнімнің негізгі өндірістік өзіндік құны үш бөліктен тұрады. Ол 1-
суретте көрсетілген.

Сурет 1. Өнімнің негізгі өндірістік өзіндік құны шығындары

Тікелей шығындарға кеткен материалдар соңғы өнімнің құрамына (яғни,
оның құнына) басқа да шығындармен қосылып есептелінеді. Мысалға, автомобиль
өндірісі үшін метал, жиhаз өндірісі үшін ағаш негізгі материалдар болып
табылады.
Жұмыс күшіне жұмсалған тікелей шығындар – бұл өнімді өндіруге тікелей
қатысқан өндіріс жұмыскерлеріне төленетін еңбекақы (еңбекақыдан аударылатын
аударымдарды қоса есептегенде) болып табылады. Мысалы, толассыз өндірісте
жұмыс істейтін оператордың немесе метал өңдеуші станокта жұмыс істейтін
жұмыскердің еңбекақысы және т.б. осы сияқты тікелей еңбекақылары жатады.
Қызмет көрсететін цехтың көмекші жұмыскерлерінің еңбекақысы тікелей
еңбекақы болып табылмайды, олар үстеме шығындарға жатқызылады. Одан басқа,
үстеме шығындардың қатарына амортизация аударымдары, еңбекақысы, сақтандыру
жарнасы, тұрғын-үй қызметі, жарықтандыру және басқа да себептердің
салдарынан өндірістің уақытша тоқтап қалуының шығындары және т.б.
жатады.Үстеме шығындар өндіріске кеткен барлық шығындардан тікелей
шығындарды шегеріп тастағанда пайда болады.
Жағдайға, мәніне және нақты есептеу нысанына байланысты өнеркәсіптің іс-
тәжірибесінде өзіндік құнның келесі негізгі түрлері болады:
Жеке және салалық өзіндік құн. Әрбір кәсіпорын барлық өндірілетін
өнімнің өзіндік құнын өзінің техникалық және ұйымдастырушылық
ерекшеліктерін ескере отырып анықтайды, бұл өнімнің жеке өзіндік құнының
деңгейі мен құрылымына байланысты болады. Кәсіпорын бойынша өзіндік құн
өндіріс шығындарының жылдық смета негізінде анықталады.
Цехтық, өндірістік және толық өзіндік құны кәсіпорында цехты басқару
жүйесі қалыптасқан жағдайда оның шығындарының қосындысы ретінде анықталады.
Өндірістік өзіндік құн тек өнім өндіретін цехтардың барлық шығындарының
жиынтығын анықтау арқылы есептеледі.
Толық өзіндік құнды анықтау үшін өндірістік өзіндік құнға жалпы және
әкімшілік шығындарды, дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді)
сату шығындарын және несие үшін төленетін төлемдерді қосады.
Шығындар орталығының өзіндік құны. Бұл өзіндік құн өнім өндірудің
белгілі бір аяқталған технологиялық циклының іс-әрекетімен байланысты
кәсіпорынның жекелеген құрылымдық бөлімшелері (цехтар, телімдер,
бригадалар) бойынша қалыптасады. Бұл технологиялық циклды менеджер
басқарады, ол тек шығындар орталығына байланысты шығындарға жауап береді.
Сондықтан өзін- дік құнның құрамына шығындар орталығының іс-әрекетіне
байланысты шығындар ғана кіреді және ол кәсіпорынішілік есепті іске асыру
үшін қажетті көзі болып табылады.
Бастапқы өзіндік құн өнімді өндіруші кәсіпорынның ұсыныс бағасын
анықтау үшін қажет. Ол кәсіпорынның нақты уақыттағы таңдаған баға
стратегиясына байланысты толық шығындар негізінде, немесе тікелей айнымалы
шығындар негізінде есептелуі мүмкін.
Аталған түрлерден басқа өзіндік құнның келесі нысандары болуы мүмкін:
Жоспарлы өзіндік құн. Жоспарлы өзіндік құн белгілі бір жоспарлы
кезеңдегі кәсіпорынның жұмысын анықтайды. Әдетте жоспарлы өзіндік құн бір
жылға, тоқсандарға бөлініп есептеледі. Оның негізі болып әр түрлі қорлардың
орташа, мүмкін болатын ең көп шығын мөлшерлері алынады, сондықтан да
жоспарлы өзіндік құн, шын мәнінде, мүмкін болатын барынша жоғары өлшем,
одан асып кету әрбір кәсіпорын үшін тиімсіз болып табылады.
Есеп беру кезеңіндегі (нақты) өзіндік құн. Өнімді өндіруге және сатуға
кеткен нақты шығындармен анықталады және есеп беру кезеңінде жоспардың
орындау дәрежесін көрсетеді. Есеп беру кезеңінде өзіндік құнның жоспардан
ауытқуы, ең алдымен, кәсіпорынның мұндай жағдайда материалдық
құндылықтардың жетіспеуінен, тоқтап қалудан, ақаулардан нақты зиян шегу
себебінен болады. Одан басқа, есеп беру кезеңіндегі өзіндік құнның
жоспардан ауытқуы кәсіпорынның іс-әрекетіне байланысты емес себептердің
әсерінен де болуы мүмкін. Ондай себептерге шикізат пен материалдардың
бағаларының, электроэнергия тарифтерінің, амортизациялық аударымы және
салықтық төлемдер мөлшерлерінің өзгеруі жатады.[4]
Үстеме шығындар-өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету және басқарумен
тікелей байланыста пайда болатын шығындар, олардың жалпы сипаттамалары:
- кешенді сипатта болады – шығындар құрамында олардың барлық экономикалық
элементтері көрсетіледі;
- екі немесе одан да көп өнім түрлерін өндіргенде бұл шығындарды өнімнің
жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей жатқызылмайды, бір жағынан дайын
өнімдер, екінші жағынан – аяқталмаған өндіріс арасында, сондан соң
өнімдер арасында жанама (шартты) түрде бөлінеді.
Үстеме шығындарды құрайтын шығындар тізіміне тиісті саладағы
техниканың, өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылу ерекшеліктеріне және
жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнындағы үлес салмағына байланысты
түзетулер ендірілуі мүмкін. Мысалы, пайдалануға ендірілетін жаңа ұйымдар,
өндірістер, цехтар мен агрегаттарды игеру шығындары.
Үстеме шығындардың құрамында сондай-ақ жоспарланып ескеріледі:
1) кепілдік қызмет және өнімді жөндеу шығындары;
2) жоғарыда көрсетілген шығын баптарының ешқайсысына жатпайтын
өзге де шығындар.
Кепілдік қызмет және өнімді жөндеу шығындарына қызмет етудің кепілдік
мерзімі қойылған өнім өндіретін субъектілердің қойылған кепілдік мерзім
негізінде тұтынушылардың өнімді бірқалыпты пайдалануын қамтамасыз ететін
(нұсқау, техникалық қызмет көрсету, түзету, өнімді пайдалану дұрыстығын
тексеру және басқалар) персоналды ұстау шығындары жатады.
Осы әдістемелік нұсқаулардың мақсаты тауар-материалдық қорлардың
өндірістік өзіндік құнына кірмейтін және кезеңнің шығындары (есепті
кезеңдегі шығындар) деп танылатын шығындарды анықтау болып табылады, әдетте
оларға мыналар жатады:
– әкімшілік шығындар;
– өнімді өткізу және қызмет көрсету шығындары;
– қаржыландыру шығындар болып бөлінеді.
Әкімшілік шығындар. Жалпы басқарумен байланысты, жалпы шаруашылық және
әкімшілік мақсаттағы шығындарға, әдетте мыналарды жатқызу керек:
- әкімшілік персоналына жататын қызметкерлердің еңбекақысы;
- қызмет көрсететін өндірістер мен шаруашылықтарда жұмыс істейтін
персоналдың еңбекақысы;
- әкімшілік персоналының және қызмет көрсететін шаруашылық- тарда жұмыс
атқаратын персоналдың еңбекақысынан заңда белгіленген мөлшерде әлеуметтік
сақтандыру органдарына, зейнетақы қорына төлемдер;
- әкімшілік басқару аппаратын, субъектінің құрылымдық бөлім- деріне қызмет
көрсететін, материалдық-техникалық және көліктік қызмет көрсету
жұмыскерлерімен қамтамасыз ету. Соның ішінде қызметтік жеңіл
автокөліктерін күтіп-ұстау және қызмет бабымен жеке жеңіл автокөліктерді
пайдаланғаны үшін өтемақы;
- кен өндіру салаларында дайындық жұмыстары бойынша шығындар, егер олар
күрделі шығындарға жатпаса (яғни негізгі қорлар ретінде қаржыланбаса);
- салынып жатқан субъектінің дирекциясын қамтамасыз ету, дирекция болмаған
жағдайда – техникалық бақылау тобын, сондай-ақ жаңа ұйымдар мен
нысандарды пайдалануға қабылдауға байланысты шығындар;
- әкімшілік басқару жүйелері мен құралдарын даярлау және жетілдіру
жөніндегі шығындар;
- банк қызметтеріне ақы төлеу;
- субъектінің штаттық кестесінде кейбір атқарымдық қызметтер көзделмеген
жағдайда, басқа ұйымдардың жалпы шаруашылық басқару жөніндегі көрсеткен
қызметтеріне ақы төлеу;
- әкімшілік басқару персоналының іс-сапар шығындары;
- әкімшілік басқару аппараты қызметкерлерінің орын ауыстыруына байланысты
шығындар.
Қаржыландыру шығындары. Мұндай шығындарға жататындар:
- банк несиелері бойынша пайыздар төлеу;
- жабдықтаушылар несиесі бойынша пайыздар төлеу;
- мүлікті жалға алу бойынша пайыздар төлеу шығындары және басқалары.
Өнімді өткізу және қызмет көрсету шығындары. Өнімді өткізу және қызмет
көрсету барысында жұмсалған шығындарға өткізу (сату) бөлімінің
жұмыскерлерінің еңбекақысы, өткізу (сату) бөлімінің жұмыскерлерінің
еңбекақысынан төлемдер, меншікті сақтандыру шығындары, іс-сапар шығындары,
амортизациялық аударымдар және қорларды сату барысында пайдаланылатын
негізгі қорларды күту шығындары және басқалары жатады.[5]

1.2 Шығындардың жіктелуі және оларды топтастырудың тәсілдері

Әртүрлі өндіріс саласы бойынша өнімді өндіру үдерісінде шығындар пайда
болады, бұйымды жасау сипатына, жасалған қызметке, технология мен еңбекті
ұйымдастыруына байланысты әртүрлі экономикалық маңызы бар шығындардан
тұрады. Сондықтан өзінің сандық және сапалық жағынан әртүрлі саланың
кәсіпорындарында ғана емес, бір саланың ішіндегі кәсіпорында өзіндік құн
бірдей емес.
Кәсіпорын бойынша өзіндік құнды есептеу кезінде шығындардың
экономикалық элементтері бойынша оларды саралау қолданылады. Экономикалық
элементтері бойынша шығындар дегеніміз қай жерде және не мақсатпен
жұмсалғанына байланысты болмайтын біртекті шығындар түрі.
Саралаудың мәні - өндіріс үдерісінде кейбір шығындар түрінің
атқарымдық рөліне негізделген экономикалық біртектілігі бойынша сипатына
шек қою болып саналады. Шығындарды саралау төмендегі түрде жүргізіледі:
– материалдық шығындар (қайтарылатын қалдықтардың құнын шегеріп
тастағанда);
– еңбекақыға кеткен шығындар:
– әлеуметтік салықтарға аударымдар;
– негізгі қорлардың амортизациясы;
– басқа да шығындар.
Экономикалық элементтері бойынша шығындарды саралау өндіріске қажетті
шығындардың сметасын жасауға негіз болады, оның көмегімен өндірістің жұмысы
талданылады, оның ішінде өндірістің техникалық деңгейі, еңбексыйымдылығы,
еңбек өнімділігі анықталады; кәсіпорынның негізгі және айнымалы қорларға
деген қажеттілігі белгіленеді.
Шығындарды топтастырудың көптеген түрлері бар, солардың ішінде
негізгілері 2-суретте көрсетілген.
Шығындардың пайда болу орны:
– өндірістік;
– кезең шығындары (коммерциялық).
Өнімді жасаумен тікелей байланысты шығындар өндірістік шығындардың
қатарына жатады.
Дайын өнімді сатумен байланысты шығындар коммерциялық шығындар деп
аталады. Бұл кез келген кәсіпорынында міндетті түрде болатын айналыс
шығындары. Дайын өнімді сатумен байланысты шығындар екіге бөлінеді:
көліктік және өткізу шығындары.
Мақсатқа сәйкестігі бойынша шығындар:
– өндірістік;
– өндірістік емес.
Өндіріс жағдайында қажеттілігі дәлелденген және мақсатқа сай келген
шығындарды өндірістік деп атайды.
Технологияның және өндірісті ұйымдастыру кемшіліктерімен, ахаулы өнім
шығарғаннан келген және т.б. шығындар өндірістік емес шығындар қатарына
жатады.
Әртүрлі өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі:
– тікелей;
– жанама шығындар.
Мұндай бөлу тек екі немесе онан да көп өнім шығаратын кәсіпорындарда
қолданылады, солай болғандықтан біркелкі өнім шығаратын кәсіпорында
шығындардың барлығы тура шығындар деп аталады.
Тікелей шығындар деп экономика жағынан біртекті шығындарды атаймыз,
олар негізделген мөлшер мен нормативке сәйкес өнімнің нақты түрінің
өзіндік құнына тікелей жатқызылады. Оларға жататындар: шикізат пен негізгі
материалдарға, тасымалдау-дайындауға, технологиялық мақсатқа жұмсалатын
отын мен энергияға, өндірістік жұмыскерлердің еңбекақысына, әлеуметтік
салықтарға кететін шығындар.

Сурет 2. Шығындарды топтастырудың негізгі түрлері

Жанама шығындар деп жеке бұйымдарды өндіргенде олардың тікелей
құрамына қатысты нышанын анықтау мүмкін болмайтын жағдайдағы шығындарды
айтамыз, себебі олар өнімнің бірнеше түрін жасаумен немесе жөндеудің неше
түрлі сатысынан өтеді. Оларды кешенге топтастырады, сонан кейін қандай да
бір шартты негізге сүйене отырып, нақты белгілі бір бұйымның өзіндік құнына
пара-пар бөліп таратады.
Мақсатқа сәйкестігі бойынша шығындар:
– өндірістік;
– өндірістік емес.
Өндіріс жағдайында қажеттілігі дәлелденген және мақсатқа сай келген
шығындарды өндірістік деп атайды.
Технологияның және өндірісті ұйымдастыру кемшіліктерімен, ахаулы өнім
шығарғаннан келген және т.б. шығындар өндірістік емес шығындар қатарына
жатады.
Әртүрлі өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі:
– тікелей;
– жанама шығындар.
Мұндай бөлу тек екі немесе онан да көп өнім шығаратын кәсіпорындарда
қолданылады, солай болғандықтан біркелкі өнім шығаратын кәсіпорында
шығындардың барлығы тура шығындар деп аталады.
Тікелей шығындар деп экономика жағынан біртекті шығындарды атаймыз,
олар негізделген мөлшер мен нормативке сәйкес өнімнің нақты түрінің
өзіндік құнына тікелей жатқызылады. Оларға жататындар: шикізат пен негізгі
материалдарға, тасымалдау-дайындауға, технологиялық мақсатқа жұмсалатын
отын мен энергияға, өндірістік жұмыскерлердің еңбекақысына, әлеуметтік
салықтарға кететін шығындар.
Жанама шығындар деп жеке бұйымдарды өндіргенде олардың тікелей
құрамына қатысты нышанын анықтау мүмкін болмайтын жағдайдағы шығындарды
айтамыз, себебі олар өнімнің бірнеше түрін жасаумен немесе жөндеудің неше
түрлі сатысынан өтеді. Оларды кешенге топтастырады, сонан кейін қандай да
бір шартты негізге сүйене отырып, нақты белгілі бір бұйымның өзіндік құнына
пара-пар бөліп таратады.
Өндірістің көлемінің өзгерісіне қатысты:
– айнымалы;
– шартты-тұрақты (пара-парлы, пара-парлысыз).
Айнымалы шығындар өндірістің көлемінің өзгеруіне белгілі бір түрде тура
байланысты болады. Оған жататындар: шикізатқа, технологиялық мақсатқа
жұмсалған отын мен энергияға, өндірістік жұмыскерлерге төленген еңбекақы
және одан төленетін әлеуметтік салықтарға деген шығындар.
Шартты-тұрақты шығындар – шамасы өндіріс көлемінен өзгермейтін немесе
өте аз өзгеретін шығындар. Әдетте, бұл шығындар өнімдерді жасауда тікелей
байланысты болмайды және өндіріске қызмет ету және басқаруға қажетті
шығындар түрінде көрінеді. Оған жататындар - үстемелі және кезең шығындары.
Шартты-тұрақты шығындар белгілі бір шекке дейін ғана тұрақты болуы мүмкін.
Өндірілген өнімнің көлемі айтарлықтай көбейгенде немесе азайғанда олар да
өзгереді.
Экономикалық мағынасына қарай шығындар:
– негізгі;
– үстемелі.
Негізгі шығындарға өнімді жасаудың технологиялық үдерісіне тікелей
байланысты және басқарудың деңгейіне және ұйымдастыру нысанына тәуелсіз
болмайтын шығындарды жатқызамыз. Бұл шығындар шикізатқа, материалдарға,
технологиялық отын мен энергияға, әлеуметтік салықтарды қосқандағы өндіріс
жұмыскерлеріның еңбекақысына, машина мен құрал-жабдықтарды пайдалану мен
күтуге кеткен және т.б. шығындарды атаймыз.
Үстемелі шығындар өнімді жасаудағы технологиялық үдеріске тікелей
байланысты болмайды, ал ол өндірісті ұйымдастыру, басқару және қызмет
көрсету жұмыстарының белгілі бір шарттарына байланысты пайда болады.
Сондықтан оларға жататындар: негізгі және қосалқы өндірістерге қызмет
көрсету үшін пайдаланған материалдар мен қызметтер; негізгі және қосалқы
өндірістерте қызмет көрсету үшін жұмыс істейтін өндірістік (цехтық)
персоналдың еңбекақысы және одан алынатын әлеуметтік салықтар;
амортизациялық аударымдар; өнімді өткізуге қажетті шығындар; өнімді өткізу
шығындары, әкімшілік шығындары; қаржыландыру шығындары.
Экономикалық біртектілігіне:
– қарапайым
– күрделі
Қарапайым (біртекті) шығындар – бір экономикалық элементтен тұратын
шығындар, оларға жататындар: шикізатқа, материалдарға, технологиялық отын
мен энергияға, әлеуметтік салықтарды қосқандағы өндіріс жұмыскерлеріның
еңбекақысына кететін шығындар.
Күрделі (кешенді) шығындар – бірдей мақсатты мәні бар бірнеше әр текті
экономикалық элементтерден тұратын шығындар. Оған жататындар: машина мен
құрал-жабдықтарды пайдалану мен күтуге кеткен, үстемелі шығындар, өнімді
өткізу шығындары, әкімшілік шығындары; қаржыландыру шығындары [6].

1.3 Өзіндік құнның құрылымы, калькуляциялануы, калькуляциялық нысаны
мен бірлігі және әдістері

Өзіндік құнды жоспарлауда, смета жасауда және калькуляциялауда, сондай-
ақ, тәжірибе көрсеткендей, бағаны қалыптастыруда өзіндік құнның құрылымы
үлкен рөл атқарады.
Өзіндік құнның құрылымы – бұл жекелеген шығындардың өзара қатынасы,
кәсіпорынның өнімді өндіру, басқару және өткізу шығындарының жалпы
сомасындағы олардың үлес салмағы.
Өзіндік құнның құрылымы шығындардың экономикалық біртекті элементтері
және калькуляция баптары бойынша топтастырылуы негізінде анықталуы мүмкін.
Экономикалық элементтер бойынша өзіндік құнның жалпылама құрылымы нақты
және затқа айналған еңбектің қарым-қатынасын білдіреді. Сонымен қатар
бірінші түрі өзіндік құнда еңбекақы қоры мен әлеуметтік мақсаттарға
арналған төлемдер арқылы байқалса, ал екіншісі материалдық шығындар мен
негізгі қорлардың амортизация шығындарының ара-қатынасы арқылы көрінеді.
Өнімнің өзіндік құнының элементтік құрылымы әр өнеркәсіп салалары
бойынша әртүрлі ерекшеленеді. Бұл айырмашылықтар шығындардың жеке
түрлерінің үлес салмағына байланысты өнеркәсіп өндірісін сипаттайды.
Мысалы, жалпы өнеркәсіп бойынша материалдық шығындары (70 пайызға жуық) мен
еңбек шығындары- ның (15 пайызға жуық) үлесі бәрінен де үлкен. Осы уақытта
ауыр өнеркәсіпте бұл шығындар сәйкесінше 63 және 18 пайыз, машинажасау
кешенінде – 61 және 24 пайыз, жеңіл өнеркәсіпте – 86 және 10 пайыз,
ауылшаруашылық өндіру кешенінің өңдеу салаларында – 85 және 8 пайыз және
т.с.с.
Калькуляциялау деп кәсіпорын өнімінің (жұмыс, қызмет) жеке данасының
өзіндік құнына қатысты шығындардың түрлеріне байланысты есептеу және ол
шығынның әр түрі бойынша өнімнің бір өлшеміне немесе орындалған жұмыстың
әр түрлі көлеміне жұмсалған қаржының мөлшерін анықтау тәсілдерінің
жиынтығын айтамыз, ал осы үдерістің нәтижесі калькуляция деп аталады.
Өзіндік құнды калькуляциялау – ол бағаны негіздеу мен өнімдердің жеке
түрлерінің табыстылығын анықтайтын қажетті алдыңғы шарт.
Өзіндік құнды калькуляциялаудың ерекше айырмашылығы- ол, әдетте,
өнімнің көптеген түрлерінің әр түрлі деңгейдегі дайындығымен байланысты
және уақытымен шектелуі тиіс.
Өнімнің даярлық дәрежесінің әр түрлі болуы өнімді тұтас және оның
бөлшектерін өндіруге кеткен шығындарды есепке алу әдістемесінің
біртұтастығын талап етеді.
Жоғарыда көрсетілгендей калькуляция үдерісінде бірлік өнімнің өзіндік
құнының калькуляциясы жасалады [8].
Өнеркәсіп салаларында өнімнің өзіндік құнының әдісіне әсер ететін
негізгі факторлардың тигізетін әсері бірдей емес, сондықтан өнімнің өзіндік
құнын калькуляциялаудың әртүрлі әдісін қолдануға тура келеді. Өнімнің
өзіндік құнының әдісіне әсер ететін негізгі факторлар 3-суретте
көрсетілген. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау әдістемесінде шығарылатын
өнімнің номенклатурасы мен сипаты басты рөл атқарады. Әдетте, өнімдер жай
және күрделі болып екіге бөлінеді. Жай өнім - бұл жеке белшектерден,
түйіндерден тұрмайды. Жай өнім болып: көмір, рудалар, мұнай, газ, цемент,
тері, ет және т.б. саналады.
Бұл аталған өнімдердің. өзіндік құнын есептеу аса күрделі әдістемелерді
пайдалануды талап етпейді. Бұндай жай өндірістерде бір ғана өнім түрі
калькуляцияланады.
Күрделі өнім деп жекелеген бөлшектерден, түйіндерден тұратын өнімдерді
атайды.Мысалы, машиналар, станоктар, құрал-жабдықтар, автобустар және т.б.
Күрделі өндірісте негізгі өнімнен басқа, дайын өнім ретінде оның
бөлшектері, түйіндері де калькуляцияланады. Бұл соңғылары калькуляциялау
әдістемесіне қосымша қиындықтар туғызады.
Калькуляциялауды жасау мерзіміне қарай :
– алдын ала калькуляция;
– кейінгі (немесе кезектегі) калькуляция.
Алдын ала жасалатын калькуляция өнімді шығарғанға дейін өндіріске
қажетті деңгейдегі шығындардың мөлшерін топшылайды. Оған жоспарлы, сметалық
және нормативттік калькуляция жатады.

Сурет 3. Өнімнің өзіндік құнының әдісіне әсер ететін негізгі факторлар

- жоспарлы калькуляция - жоспарлы кезеңдегі шығындарды есеп- теу арқылы
анықталған жеке өнімнің өзіндік құнының деңгейі бойынша тапсырма болып
табылады; Ол өнім өндіруге кететін шекті шығынның мөлшеріне сәйкес
негізделеді, өнімге (жұмысқа, қызметке) және өнім бірлігіне мүмкін
болатын шығындардың деңгейінде анықталады, бірақ ол кезде еңбекақының,
энергияның, отынның, материалдардың мөлшері, өндірістің технологиясы,
сондай-ақ оларды пайдалану жолдары ескеріледі;
- сметалық (болжамдық) калькуляция – сырттан жасалған бір реттік тапсырыс
бойынша өнімге (жұмысқа, қызметке) кететін шығындарды анықтау үшін
жасалады. Ол жоспарлы калькуляцияны жасауға және тапсырыс берушімен
есептескенде сметалық калькуляция келісім бағаны анықтауға негіз болып
табылады;
- нормативтік калькуляция ағымдағы жоспарлы калькуляцияның бір түрі
болып табылады. Жоспарлыдан оның айырмашылығы өнім бірлігінің өзіндік
құнының белгілі бір уақыттағы деңгейін көрсетеді және қор шығындарының сол
уақытта қолданып жатқан мөлшерлері бойынша құрылады. Нормативтік
калькуляциялар өзіндік құны бойынша жоспардың орындалуына бақылау жасауға;
- жобалық калькуляция күрделі жұмыстарды орындағанда қолданылады,
жобаланатын өндірістер мен технологиялық үдерістердің экономикалық
тиімділігін негіздеу үшін іріленген шығын нормативтері бойынша жасалады.
Келесі (немесе кезекті) калькуляция өнім шығарылғаннан соң бухгалтерлік
есеп мәліметтері бойынша жасалынады. Оған нақты (есеп беру) калькуляциясы
жатады, ол өнім (жұмыс, қызмет) бірлігінің нақты өзіндік құнының деңгейін
көрсетеді. Ол жоспарлы калькуляциядағыдай баптар бойынша жасалынады. Мұнда
жоспарлы калькуляцияда көрсетілмеген ысыраптар мен шығындар айқын көрініс
табады. Мерзімдік және жеке өндірістен басқа нақты калькуляциялар әдетте ай
сайын өндірілетін өнімнің барлық түрлері бойынша жасалынады. Олар өнімнің
өзіндік құнының құрылымы мен деңгейінің өзгеруін талдау жасау үшін
қолданылады.
Калькуляцияның бұл түрі нақты шығындар туралы есеп беру мәліметтерінің
негізінде дайындалады.
Болжаланған калькуляция нақты шығындар және тоғыз айдың ішінде алынған
өнімдер немесе басқа да кезеңге есептелген шығындар деңгейінде жасалады.
Калькуляцияның бұл түрі ағымдағы жылдағы өндірілген өнімнің нәтижесін
алдын ала бағалау үшін пайдаланылады [9].
Калькуляциялау нысанын негіздеумен қатар калькуляциялық бірлікті дұрыс
анықтаған да өте маңызды, ал калькуляциялық бірлік дегеніміз калькуляциялау
нысанын өлшейтін бірлікті айтамыз,өнеркәсіптің көптеген салаларында
калькуляциялық бірлікті анықтауда өнім өндірісі салаларына сәйкес іске
асырылатын стандарттар мен техникалық шарттары негізгі өлшемі болып
саналады. Калькуляциялық бірлік өнімнің сандық жағын бейнелей отырып,
экономикалық біркелкі және уақыт жағынан тұрақты болуы тиіс.
Калькуляциялық бірліктің келесі түрлерін бөліп көрсету қажет:
– заттық калькуляциялық бірліктер (дана, тонна, метр, квт-сағат) өнім
көлемін табиғи өлшемдермен сипаттайды және өнімнің өзгешілігін
көрсетеді; оларды өлшеуге, есептеуге және бағалауға болады. шартты-
затты калькуляциялық бірліктер біркелді өнім көлемін шартты
салыстырмалы өлшемдермен көрсетеді (шынының шартты жәшігі, тұмшаның
шартты банкісі);
– шартты калькуляциялық бірліктер өнімдегі пайдалы заттың белгілі бір
мөлшерін көрсетеді, мысалы азық бірлігіндегі сіңірілетін протеин;
– еңбектік өлшемдегі калькуляциялық бірліктер (мөлшер-сағат) өнім
өндіруге немесе қызмет көрсетуге қажетті жұмыс көлемін сипаттайды.
– маманданған кәсіпорындардағы жұмыстардың калькуляциялық бірлігі
ткм, машинасағ., машинааусымы түрінде көрсетіледі;
– құндық калькуляциялық бірліктер: бір тенге өнімге келетін шығындар,
белгілі бір өнімнің немесе жұмыстың бір мың теңге өндірісіне тиісті
шығындар.
Өндірістік циклы ұзақ өнеркәсіп салаларында өзіндік құнын
калькуляциялау әдістемесін жасау бірнеше айға немесе маусымға созылуы
мүмкін және олар бірнеше сағаттар немесе күндер құрайтын сомалармен
салыстырғанда біршама күрделі болып келеді. Оның күрделілігі, ең алдымен,
аяқталмаған өндірістің көлемі көп болған жағдайда, оның шығынын бөлу
мәселесінің және басқа да арнайы жағдайларының әсерінен болуы мүмкін.
Өнімнің өзіндік құнын дәл анықтау үшін калькуляциялаудың дұрыс әдісін
таңдаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістегі өнімнің өзіндік құнының калькуляциясының ішкі аудиті
Шығындар есебін жетілдіру және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы туралы
Шығындар есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың мақсаты және әдістері
Шығындар есебінің және өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік əдісі
Өндіріс шығындары
Қаржы. Дәрістер кешені
Кәсіпорын - белгілі бір өнім өңдіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға
Экономикалық шығындар бухгалтерлік шығындар балама шығындар
Өндірілген өнімнің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу
Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын анықтау
Пәндер