Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің монетарлық саясаты



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I тарау. Ақша . несие саясатының теориялық негіздері
1.1 Ақша және несие механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Ақша.несие саясатының түрлері, мақсаты мен құралдары ... ... ... ... .7
1.3 Салыстырмалы талдау және сараптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
II тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің монетарлық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.1 Қазақстан Ұлттық банкінің қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша.несие саясатын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Кіріспе

Курстық жұмыстың мақсаты: Осы қазіргі кездегі несие түрлеріне сипаттама бере отырып, Қазақстандағы Ұлттық Банктің ақша-несие саясатымен танысу және оны жетілдіру жолдарын танып білу.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар «Қазақстан Респуликасының Ұлттық Банкі туралы» жарлығына сәйкес ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі болып табылады және Республикадағы Банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейіне айқындайды.
Қазақстан Республикасы таяу болашақта әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарынан орын алуды мақсат етіп отырғаны белгілі. Ал осы межеге жету едәуір дәрежеде ақша-несие саясатының тұрақтылығына байланысты.
Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу уақытына сай келе бермейді, бұл – тауар несиеге сатылады деген сөз. Несиені қайтару кезінде несие ақшалары пайда болады. Демек, несие ақшалары – сатып алушының қарызды қайтаруда пайдаланатын (толық құнды ақшаның орнына жүреді) құнның қағаз белгісі немесе қарызды өтеудегі ақшаның төлем құралы қызметін атқаруы.
Несие ақшаларының ерекшелігі – оларды шығару іс-жүзіндегі айналым қажеттілігінен туындайды. Несие операциялары нақты өнімді өндіру және оны сату процестеріне байланысты орындалады. Қарыз, әдетте, белгілі бір қорлардың құрылуын қамтамасыз ету үшін берілсе, ал оны қайтару қордағы құндылықтардың қалдығы азайғанда жүргізіледі. Осыған байланысты қарыздарға берілетін төлем құралдарының көлемі мен айналымның ақшаға нақты мұқтаждығын үйлестіруге мүмкіндік туады. Несие ақшаларының бұл ерекшелігі – оның қағаз ақшадан ең негізгі артықшылығы.
Қазіргі уақытта өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерге ақша айналысынан қағаз ақшаларды несие ақшалары ығыстырып шығаруда. Себебі; бріншіден, несие ақшалары қолдануда икемді және оларды қолдану аясын
Қолданылған әдебиеттер

1. Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы –
2002.
2. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері»,
Алматы – 2001.
3. Ілиясов Қ. «Қаржы», Алматы - 2003
4. Көшенова Б. «Бағалы қағаздар нарығы», Алматы – 1999 ж.
5. Көшенова Б. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары», Алматы –
2000
6. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы “Қазақстан халқының әл-
Ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты.Ел газеті:
2008 жыл. 6-ақпан. 2-бет.
7. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, Несие, Банктер», Алматы – 2001 ж.
8. Шеденов Ө.Қ., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория»,
Алматы -2002 ж.
9. Ұлттық банк – ақша – несие саясаты, Егемен Қазақстан – 2005
10. Интернет желісі: www.google.kz
11. Интернет желісі: www.nacbank.kz

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I тарау. Ақша – несие саясатының теориялық негіздері
1.1 Ақша және несие
механизмдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Ақша-несие саясатының түрлері, мақсаты мен
құралдары ... ... ... ... .7
1.3 Салыстырмалы талдау және
сараптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
II тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің монетарлық
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .14
2.1 Қазақстан Ұлттық банкінің
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша-несие саясатын
жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...27
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
28

Кіріспе

Курстық жұмыстың мақсаты: Осы қазіргі кездегі несие түрлеріне сипаттама
бере отырып, Қазақстандағы Ұлттық Банктің ақша-несие саясатымен танысу және
оны жетілдіру жолдарын танып білу.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президентінің
заң күші бар Қазақстан Респуликасының Ұлттық Банкі туралы жарлығына
сәйкес ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі болып табылады
және Республикадағы Банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейіне айқындайды.
Қазақстан Республикасы таяу болашақта әлемдегі бәсекеге барынша
қабілетті 50 мемлекеттің қатарынан орын алуды мақсат етіп отырғаны
белгілі. Ал осы межеге жету едәуір дәрежеде ақша-несие саясатының
тұрақтылығына байланысты.
Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу
уақытына сай келе бермейді, бұл – тауар несиеге сатылады деген сөз. Несиені
қайтару кезінде несие ақшалары пайда болады. Демек, несие ақшалары – сатып
алушының қарызды қайтаруда пайдаланатын (толық құнды ақшаның орнына жүреді)
құнның қағаз белгісі немесе қарызды өтеудегі ақшаның төлем құралы қызметін
атқаруы.
Несие ақшаларының ерекшелігі – оларды шығару іс-жүзіндегі айналым
қажеттілігінен туындайды. Несие операциялары нақты өнімді өндіру және оны
сату процестеріне байланысты орындалады. Қарыз, әдетте, белгілі бір
қорлардың құрылуын қамтамасыз ету үшін берілсе, ал оны қайтару қордағы
құндылықтардың қалдығы азайғанда жүргізіледі. Осыған байланысты қарыздарға
берілетін төлем құралдарының көлемі мен айналымның ақшаға нақты мұқтаждығын
үйлестіруге мүмкіндік туады. Несие ақшаларының бұл ерекшелігі – оның қағаз
ақшадан ең негізгі артықшылығы.
Қазіргі уақытта өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерге ақша айналысынан
қағаз ақшаларды несие ақшалары ығыстырып шығаруда. Себебі; бріншіден,
несие ақшалары қолдануда икемді және оларды қолдану аясын шаруашылықтың
қажетіне орай тез ұлғайтуға мүмкіндік береді, екіншіден , оларды пайдалану
айналыс шығындарын азайтуға өндіріс ауқымын дамытуғамүмкіндік туғызады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің 2008 жылғы
жолдауының тақырыбы Қазақстан Республикасы халқының әл-ауқатын арттыру –
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты деп атаған. Яғни онда осы
макроэкономикалық саясаттың басымдықтары туралы аталып өтілген. Оның ішінде
біріншісі Үкімет, Ұлттық Банк, Қаржылық бақылау агенттігі мемлекеттің
қаржылық тұрақсыздық қатерлеріне қарсы жүйелі де жедел іс-қимылдар
жасауының ықпалды тетігін қалыптастырып, халықаралық рыноктардың Қазақстан
экономикасына деген сенімін нығайту керек делінген. Яғни, қаржылық бақылау
агенттігінің жұмысын жүйелі түрде нығайту қажет. Елдің қаржы жүйесінің,
әсіресе, банк секторының бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын арттыру
Агенттігінің Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірлесе отырып
атқаратын басты міндеті болуға тиіс. Өмір біздің жспарларымызға түзетулер
енгізіп тұратын болады. Біз оған дайын тұруға тиіспіз делініп өтілген. Ал
осы жағдайлар несие жүйесін де банктің тікелей әсер ететіні айдан анық
нәрсе болып отыр. Алдын айтып өткеніміздей, бұл жағдайлар несие
қатынастарын, оның көлемін, ставкасын өзгертуге қабілетті. Сондықтан
жолдауда айтылғандар экономиканың қай бұрышына бармасын, олар бір-бірімен
тікелей байланысып, ел жағдайына тікелей әсер етеді.
Сонымен қатар, несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары
мен түрлері сипаттайды.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның
ішінде, несиенің ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие
толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты.
Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни
елдің экономикасының дамыу мемлекеттің несие саясатымен байланысты болып
келеді. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың
тірегі болып табылады.

I тарау. Ақша – несие саясатының теориялық негіздері

1. Ақша және несие механизмдері.

Ақша нарығы қаржы нарығының өте маңызды құрамды бөлігі болып табылады.
Ақша нарығының қызмет ету механизмін түсіну үшін оның құрамды бөліктерімен
танысу керек. Осының маңыздысына ақшаның массасы жатады.
Ақша массасы қолма-қол және қолма-қолсыз формадағы барлық ақша
құралдарының жиынтығы, бұлардың көмегімен шаруашылықтағы тауарлар мен
қызметтердің айналымы жүріп отырады. Ақша массасының көлемі көптеген
факторлардан тәуелді болады, алдымен ақша нарығының көлемі мен
конъюктурасын белгілейтін, ақшаның ұсынысы мен сұранысынан.
Ақшаның ұсынысы – бұл осы мезгілде экономикада айналыста жүрген төлем
құралдарының жиынтығы. Ақша ұсынысын елдің Орталық банкі бақылап отырады,
оны тіркелген дәрежеде қолдап отыруға тырысады.
Ақшаға сұраныс оның айналыс құралы және байлықты сақтау құралы
қызметінен, сонымен қатар оның абсолюттік өнімділігінен туындайды. Жиынтық
сұраныс мәміле жасауға керек ақшаға сұраныстан және байлықты сақтау үшін
керек ақшаға сұраныстан тұрады.
Ақшаның шаруашылық жүргізу процесіндегі айналысы ақша нарығын құрады.
Ақша нарығында проценттің мөлшерлемесінің нормасы, бір жақтан, ақшаға
сұраныспен және оның ұсынысымен белгіленеді, екінші жақтан – бұл ақшының
сұранысымен оның ұсынысының өзара әсерін қамтамасыз ететін қаржылық
институттарының торабы.
Қазақстанның несие нарығына тоқталатын болсақ, онда оның
сараланымдары әр түрлі дегейде екенін, сондай-ақ ол енді-енді қалыптасып
келе жатқанын атауға болады. Мысалы, Қазақстанда ақша және капитал
нарығының сараланымы елдегі өндірістік және жеке қорланымының және банк
жүйесінің жақсы дамымағанына байланысты едәуір жетілді.
Ипотека нарығы алғашқы даму сатысында, оның инфрақұрылымы мен заңдық базасы
жасалуда. Бірақ, бұл нарықты әзірге даму сатысында деп пйтуға болмайды, ол
ипотекалық несиелеудің Батыс үлгісінен алшақ жатыр.
Қор нарығы кенжелеп қалған. Оның заңдық базалары мен инфрақұрылымы
әлдеқашан әзірленіп, биліктің ынтасы болса да, ол әлі даму тұрғысынан енді-
енді оянып келе жатыр. Егер мемлекеттік бағалы ағаздар қалыпты дамыса, ал
корпорациялық бағалы қағаздар тұрлі объективті себептерге байланысты мүлде
дамымаған.
Капиталдың жасампаздық теорияны ары қарай монетаристер дамытуда.
М.Фридмен экономиканы реттеудің негізгі құралдары – несиенің пайыздық
мөлшерлемелері мен айналымдағы ақша жиынының өзгерісі болып табылады деп
есептейді. Шын мәнісінде пайыздық мөлшерлемелері реттей отырып, экономикаға
салынатын несие салымдарының ауқымын кеңейтуге немесе аясын тарылтуға
болады. Сондай-ақ, айналымдағы ақша жиынтығын реттеуге, ең соңында
өзгеріске және баға мен инфляцияның деңгейіне де әсер етуге болады.
Монетаризм теориясы дамыған елдердің экономикалық саясатында кеңінен
қолданылуда. Бүгінгі таңда оның маңызы несиенің пайыздық мөшерлемесін
өзгерте отырып, ақша жиыны мен инфляцияның өсуін тежеуге қол жеткізу болып
отыр.
Қазақстанда да несие теориясының жемістерін тәжірибеде кеңінен
пайдаланып отыр. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Үкіметі ақша-
несие реттеудің монетаристік теориясын қолдана отырып, инфляцияның
көрсеткішін макроэкономикалық тұрақтылыққа ұмтылуда.

1.2 Ақша-несие саясатының түрлері, мақсаты мен құралдары

Ақша-несие - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы
мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған
шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі
субъектісі - Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық
банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-
қолсыз ақша жиынының жиынтығы жатады.
Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
1) рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
2) экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің
несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ
сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты — несие беру көлемін кеңейтумен,
айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы
мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-
несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің
тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады.
а) экономиканың өсуі;
ө) толық жұмысбастылық;
б) бағаны тұрақтандыру;
в) төлем балансын тұрақтаңдыру. Аралық мақсат:
а) ақша жиыны;
ә) пайыз мөлшерлемесі;
б) айырбас курсы.
Құралдары:
а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;
б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;
в) ашық нарықтағы операциялар.
Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар
бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз
байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде,
тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын
ығыстырады.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық,
валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере
отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде
қарастырылады.
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама
құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде.
Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі
құралдарының көмегімен реттеледі:
- қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі
деңгейін белгілеу;
- ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті
резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды
мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;
- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша
нарығындағы операцияларды жүргізу;
- банктерге және үкіметке несие беру;
- валюталық нарықтағы басқыншылық;
- кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің
деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;
- ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.[5]

1.3 Ақша несиенің саясатын салыстырмалы талдау және сараптау

Қағаз ақшаға тән кемшіліктер несие ақшаларын пайдалануға
байланысты бірсыпыра жойылуы мүмкін. Тауар айналысы дамыған сайын тауарды
сату уақыты оған ақша төлеу уақытына сай келе бермейді, бұл тауар несиеге
сатылды деген сөз. Несиені қайтару кезінде несие ақшалары пайда болады.
Несие ақшалары – сатып алушының қарызды қайтаруда пайдаланатын (толық құнды
ақшаның орнына жүретін) құнның қағаз белгісі немесе қарызды өтеудегі
ақшаның төлем құралы қызметін атқаруы.
Несие ақшалары да қағаздан жасалады, бірақ оларды, әдетте, банктер
әр түрлі шаруашылық процестеріне байланысты (тауарлық – материалдық
бағалылықтардың қорын құру және т.с.с.) жүргізілетін несиелік операцияларды
орындағанда шығарады. Сөйтіп, қарыз бергенде банк қарыз алушыға өзінің
несие ақшасын беруі мүмкін, яғни қарызды пайдалану мерзімі өткеннен кейін
берілген қаржы қарызды өтеу үшін банкке қайтарылуы керек. Қарыздың бір
бөлігі банкке қайтарылуы керек. Қарыздың бір бөлігі банкке түскен қолма –
қол ақшамен де (сауда ұйымдарының түсімі және басқалар) өтеледі. Сонда
несие ақшаларын айналымға шығару және олардың кейін қайтарып алу
шаруашылық процестерге байланысты орындалатын несие операцияларының
негізінде жүргізіледі.
Банктің кассасын қолма – қол ақша беру мен қарыз берудің
арасындағы байланыс және банкке қолма – қол ақшаның түсуі мен қарыз
берешегін өтеудің арасындағы байланыс әрбір жеке қарыз операцияларын
орындағанда байқалмайды, ол осы операциялардың: қарызды беру мен оны өтеу
және банктің кассасына қолма – қол ақшаны беру мен кассаға ақша түсіру
операцияларының жиынтық көлемінде көрінеді.
Несие ақшаларының ерекшелігі – оларды шығару іс жүзіндегі айналым
қажеттілігінен туындайды. Несие операциялары нақты өнімді өндіру және оны
сату процестеріне байланысты орындалады. Қарыз, әдетте, белгілі бір
қорлардың құрылуын қамтамасыз ету үшін берілсе, ал оны қайтару қордағы
құндылықтардың қалдығы азайғанда жүргізіледі. Осыған байланысты
қарыздарға берілетін төлем құралдарының көлемі мен айналымның ақшаға нақты
мұқтаждығын үйлестіруге мүмкіндік туады. Несие ақшаларының бұл ерекшелігі –
оның қағаз ақшадан ең негізгі артықшылығы.
Егер осы үйлесімдік байланысы бұзылса, несие ақшалары өзінің
артықшылығынан айырылып, ақшаның қағаз белгісіне айналады. Несие
ақшалары айналымындағы (оларды айналымға шығару мен айналымнан кері
қайтару ) үйлесімдік әрбір несие операцияларын орындағанда пайда
болмайды, олардың жиынтығы, жалпы халық шаруашылығы бойынша жүргізілген
несие операцияларында байқалады.
Қазіргі уақытта өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде ақша
айналысынан қағаз ақшаларды несие ақшалары ығыстырып шығаруда. Себебі:
біріншіден, несие ақшалары қолдануда икемді және оларды қолдану аясын
шаруашылықтың қажетіне орай тез ұлғайтуға мүмкіндік береді; екіншіден,
оларды пайдалану айналыс шығындарын азайтуға, өндіріс ауқымын дамытуға
мүмкіндік туғызады.
Несие ақшалары өте ерте заманнан пайдаланып келеді. Мысалы,
төлем міндеттемесінің ең жай түрі – қолхат сауда келісімдерінде жаңа
дәуірге дейінгі бір мың жылдықта Вавилонда пайда болған.
Несие ақшаларының негізгі түрлері:
1. Вексель
2. Банкнота
3. Чек
4. Несиелік карточка
1. Вексель – төлем міндеттемесі, ол несиеге алған тауардың құнын төлем
уақыты келгенде келісілген жерде өтеу үшін қарыздардың сатушыға жазбаша
түрде берген құжаты.
Ол несие және ақшалай есеп айрысу құралы болып табылады. Вексель
айналысында бір неше тұлға қатысуы мүмкін, себебі вексель төлем құралы
ретінде беріледі. Вексельді қолдану ақша айналысының шығындарын үнемдеуге
мүмкіндік береді. Бірақ қолма-қол ақшаны вексель айналысымен ауыстырудың
шекарасы болады:
➢ Вексельдің пайда болуына ықпал ететін коммерциялық несие, тек
тауар айналымының бір бөлігін, әсіресе көтерме сауданы ғана
қамтиды;
➢ Векселдік міндеттемелер талаптарын өзара есепке алу бойынша
сольдо қолма –қол ақшамен төленеді;
➢ Вексель жеке және қарыз міндеттемесі болғандықтан оның айналыс
аясы тек төлем қабілеті бар субъектілермен ғана шектеледі;
➢ Векселдер айналымы олардың белгіленген мерзімі арқылы шектеулі
болады.
Векселді шығару жағдайына байланысты мынандай түге бөлінеді:
Қаржылық вексель – ол белгілі бір соманы субъектілер бір-біріне
қарызға бергенде туындайтын қарыз міндеттемесі.
Қазыналық вексель (қазыналық бондар) – ол мемлекеттік міндеттеме. Оны
мемлекет өзшығындарын өтеу үшін 3 ай мерзімге шығарып, номинал бағасымен
банктерге сатады да, уақыты өткесін сол бағамен сатып алады.
Қола (бронзалық) немесе бос вексель – ол нақты ештеңемен қамтамасыз
етілмеген қарыз міндеттемесі.
Достық вексель – ол жеке адамдардың банктегі өз шотынан бір-біріне
қолма-қол ақша алып бергенде толтыратын төлем міндеттемесі, оны банк есепке
алады.
2. Несие ақшалардың келесі түрі – банкнота. Банкнота - әр мемлекеттің
орталық банкі шығарған және оны иемденушінің талабы бойынша төленуге тиісті
банк берген қарыз міндеттемесі.
Толық құнды ақша айналысы кезінде алтын құйма немесе алтын монета иесі
өз байлығын елдегі ең орнықты банкте сақтауға ұмтылды. Сондықтан сынамасын
анықтап және мұқият өлшегеннен кейін банк алтынды сақтауға қабылдағаны
туралы қолхат – банкнота толтырып береді. Банкнота алтынға тең, себебі кез
келген уақытта бұрын депоненттелген асыл металға айырбастауға болады.
Банкнотаның негізі коммерциялық вексель болғанымен одан өзгешеліктері
бар. Олар бір-бірінен несие беруші, кепілдігі және мерзімі бойынша
ажыратылады:
❖ Вексель бойынша несие беруші – сатушы немесе кәсіпкер, ал банкнота
бойынша – Орталық банк;
❖ Векселді айналысқа жеке кәсіпкер түсіретіндіктен векселдің жеке
кепілдігі бар, ал банкнотаны елдің орталық банкі шығаратындықтан, ол
қоғамның несие ақшасы ретінде айналыста жүреді. Банкте сақталған бүкіл
өнеркәсіп иелерінің қаржы қоры банкнотаның қоғамдық кепілдемесі болып
саналады;
❖ Вексель мерзімзі (3-6ай) төлем міндеттемесі, ал банкнота мерзімі
шектелмеген міндеттеме.
3. Несие ақшалардың келесі түрі – чек. Чек банкке ақша салу және қолма-
қол ақшасыз есеп айрысу барысында пайда болады. Чек дегеніміз – оған қол
қоюшының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны чек иеленушіге беру немесе басқа
бір шотқа аудару туралы банкке берген жазбаша үкімі. Чекпен есеп айрысу
несие және банк қатынастары өрістеген кезде пайда болды. Алғашқы чек 1683
ж. Ұлыбританияда қолданылды.
Чектің біріншіден, Банктегі ағымдағы шоттан қолма-қол ақша алғанда,
екіншіден, тауар сатып алу және қарызды өтегенде, үшіншіден, қолма-қол
ақшасыз есеп айрысқанда айналыс және төлем құралы ретінде жүреді.
Чектің белгілі бір формасы болыды, яғни ол кітапша түрінде
шығарылады. Чек қысқа мерзімге беріледі. Негізінен ақшалы және есеп айрысу
чектері кездеседі. Ақшалы чек иесі көрсетілген, кісі яғни атаулы чек және
иесі – оны ұсынушы кісі. Ақшалы чекпен қолма-қол ақша алады.
Есеп айрысу чегі ордерлі чек деп те аталады. Чек кітапшасынан жыртылып
алынған чектің парақтары сатылып алынған тауарлар үшін немесе көрсетілген
қызметтер үшін есеп айрысқанда қолма-қол ақшаның орнына қолданылады.
Әртүрлі банктердің клиенттері өзара есеп айрысқанда чек орталық банкке
толтырылады.
4. Несиелік (пластикалық) карточка қолма-қол ақша мен чектің орнана
жүретін, сондай-ақ иесіне банктен қысқа мерзімді қарыз алуға мүмкіндік
беретін есеп айрысу құралы. Клиенттің ағымдағы шотында қажетті ақша мөлшері
болмай қалса, онда белгілі бір лимитке дейі оған қысқа мерзімді несие
берілуі мүмкін. Плстикалық карточка негізінен бөлшек сауда айналымы мен
қызмет көрсету аясында қолданылады.
Несие карточкаларын пайдалану банк операциясының электронды есептегіш
машиналарды (ЭЕМ) қолданып, автоматтануға кеңінен жол ашты. Дегенмен ЭЕМ
қолдану, жарнама беру көптеген шығынды талап етті. Сондықтан кейбір
мемлекеттерде ЭЕМ-нің қатысуымен электронды ақша-есеп жүйесі жүргізілуде.
Қорыта айтқанда, ақша айналымына несие ақшаның көп түрлері
автоматтандырылған несие ақшасын енгізгенмен адамзат қоғамының өндірісі
тауар өндірісі болғандықтан ақшасыз шаруашылық деген ұғым құрғақ қиял
бола бермек.

II тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің монетарлық саясаты

Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк
(эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің
негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың
нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды
қағаздарды алып-салумен де айналысады.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттің алтын
резервтерін сақтайды, коммерциялық банктердің міндетті резервтері банктер
арасындағы шот айыру ретінде пайдаланылады. Орталық банк халықаралық ақша
нарығында сатушы және сатып алушы қызметін орындайды және шет
мемлекеттердің және банктерінің істерін үйлестіреді. Барлық мемлекеттерде
орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады,
коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйымдастырады. Орталық
банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың
шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын
тигізеді.
Орталық банк ақша ұсынысын ақша базасына және мультипликаторға әсер ету
арқылы қадағалайды. Ақша ұсынысының нақты көлемі коммерциялық банк
операцияларының нәтижесінде несиені қабылдау және беру арқылы құрылады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және
жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие
саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлем
қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз
етуді көздейді.
ҚР Ұлттық Банкінің құрылымы келесідей:

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің негізгі міндеті
Республиканың ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз
етуге ықпал ету, банк несиеторлары мен салымшыларының мүдделерін қорғау
болып табылады. Ұлттық банк сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздар элитентті
болып табылады, Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарыздарына
қызмет көрсетуге қатысады. Ұлттық банк шетел валютасымен сатып алу, сату
және ауыстыру операцияларын жүргізетін коммерциялық банктер мен ұйымдарының
қызметіне қадағалауды жүзеге асырады және банктер қызметін реттейтін
пруденциалды нормативтер белгілейді, яғни Ұлттық банк ақша-несие саласынан
қызымет істеуіне толық жауапкершілік жүктейді және басқа елдерден орталық
банктер және қаржы-несие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің монетарлық саясатын қалыптастыру негідері және оны жүзеге асыру тетіктері
Ақша - несие саясатының мақсаттары және институционалдық негізі
Ақша - несие саясатының теориялық негіз
ҚР-ғы Ұлттық Банктің ақша-несие саясаты
Ақша-несие саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатының ерекшеліктері
Қазақстанның Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының даму ерекшелігі, және оны талдау
Ашық экономикадағы ақша-несие саясатын жүзеге асырудың механизмі
Ақша-несие саясатын ұйымдастырудың және жүзеге асырудың теориялық негіздері
Ақша-несиелік реттеу саясаты
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының ақша-несиелік саясаты
Пәндер