Ғани Мұратбаев


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

«Ғани ғұмыр жаңғырып, тарихта қалған мәңгілік» Loading . . .

Бүгiнде қазақ жерiнде, өзгесiн айтпағанда Оңтүстiктiң өзiнде Ғани Мұратбаев есiмiмен аталатын көшелер, мектептер мен ауылдар жеткiлiктi. Алайда, мектеп оқулықтарында Ғани жайлы аз-кем мағлұмат айтылғаны болмаса, бүгiнгi жастар арасында оның кiм болғанын бiлетiндер аз және ол туралы бiлуге талпынатындар да кемде кем. Сонымен, Ғани Мұратбаев кiм? Ғани Мұратбаев дегенде алдымен оның Қазақстан мен Орта Азия жастарының жалынды жетекшiсi, Шығыс жастарының белсендi ұйымдастырушысы болғандығы тiлге тиек етiледi. Ғанидың өзге тiрлiктерiн былай қойғанда, жетiм балаларды интернатқа, балалар үйiне орналастырудағы еңбегiнiң өзi не тұрады?!

Ресми деректерге жүгiнсек, Ғани 1902 жылы Қызылорда облысының Қазалы ауданында дүниеге келген. Ол дүниеге келген Үшкөпiр ауылы Қазалыдан жүздеген шақырым қашықта жатқан Қарақұм құмдауыты жақта орналасқан екен. Қазір ауыл өз есімімен аталады. Ғанидың әкесі Мұратбай ескіше оқыған, парасаты мол, орташа ауқатты кісі екен. Мұратбай халық жадында қара қылды қақ жарған әдiл, әлсiздерге болысып жүретiн жан ретiнде қалған екен. Тiптi бiр жолы бұлар тұратын ауылда болыс сайлауы өткенде сайлаушылар дауыстарын Ғанидың әкесi Мұратбайға берген кезi де болыпты. Бiрақ, болыс болатындай Мұратбай бай болмаған, қарапайым ғана қоңыртөбел тiршiлiк кешкен. Аз ғана уақыт болыс бола жүрiп шендiлер мен шекпендiлерге бас ие қоймағаны үшiн абақтыға да жабылған екен. Ол жақтан оралған соң да бұрынғыша әлсiздерге болысып, өмiрiнiң соңына дейiн кедейлердiң сөзiн сөйлеп өтiптi. Ендеше, осындай әкеден Ғанидай ұлдың тууы заңды да едi. Кеңес өкіметі кезінде саясатқа сәйкес Ғанидың шыққан тегі жай шаруа деп жазылыпты. Бұлай деп жариялауға себеп, Мұратбай қайтыс болғанда Ғани не бары 4 жасар бала еді. Ол ер жеткенше әкеден қалған азды көпті дүние-мал таусылып, көзге көрінерлік асырып-артылған ешнәрсе бола қоймаған. Сондықтан да Ғани тек ғана күн көретін дәрежеде өскен. Асыраушысынан айрылған анасы қазақтың әмеңгерлiк салтымен тұрмысқа шығудан бас тартып, кiшкентай ұлы мен қызын алып, Қазалыға кетедi. Ұлын көзi ашық, бiлiмдi етiп өсiру үшiн бiр көпеске жалданып, жұмыс iстейдi. Анасы Бәтима баласының зеректігін ескеріп, Ғаниды 9 жасында Қазалы қаласындағы орыс-қазақ (орыс-түзем), осы күнгі Горький атындағы №16 аралас мектепке оқуға береді. 1916 жылғы патшаға қарсы көтерiлiс бүкiл қазақ даласын шарпыды. Сол тұста тырысқақ деген ауру шығып, анасы сол дерттен көз жұмады. Яғни, Ғани 14 жасында таза жетiм болып қалады. Бiреудiң жыртық киiмiн киiп, бiр үзiм нанға зар болып жүрсе де ол оқуын жалғастыра бередi. Мектепті үздік бітірген соң орысша сауаттанған Ғани 1914-1917 жылдары Қазалыдағы орыс бастауыш училищесінде оқып, ақпан-қазан төңкерісіне байланысты түрлі саяси жұмыстарға қатысты. Осындай жағдайына қарамай ол Ташкентке педагогикалық училищеге оқуға кетедi, оқи жүрiп жұмыс iстейдi. Оның көп бiлетiндiгi, бiлiмдiлiгi, бауырмалдығы, әдiлдiгi ондағы мұғалiмдердi де, курстастарын да қайран қалдырса керек. Қазiр «ХХI ғасыр көшбасшысы» деген теңеу жиi айтылады, алайда, олардың бiрi де Ғани секiлдi тауқымет тартып, ол шыққан биiктерге шыға қойған жоқ. Осы өлшеммен алғанда, Ғани «ХХ ғасыр жастарының көшбасшысы» деуге әбден лайық тұлға. Ғани Орталық Азия мен Қазақстан жастар қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі, БЛКЖО мен Комунистік Жастар Интернационалының қайраткері. Қазалыдағы орыс-қазақ мектебін, жоғары бастауыш училщесін (1910-1918), Ташкенттегі орта білім беретін қазақ-қырғыз педагогикалық училищесі жанындағы ауылдық мектептер үшін нұсқаушы-лекторлар курсын жіне өз білімін жетілдіру мақсатанда Финкельштейн атындағы кешкі орта мектепте оқиды (1919-1920), Ташкенттегі мемлекеттік үлгі-тәжірибелік мектебін және Орта Азия мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факултетін (1920-1921) бітірген.
1919 жылы Коммунистік Жастар ұйымына мүше болып қабылданып, Училище комсомолдары Ғаниды комсомол ұйымының хатшысы етіп сайлады. Бірер жыл қалалық, уездік комитетте жұмыс істеді. Жетісу аймағының педагогикалық курсында сабақ беру мақсатында Верный қаласына жіберілді, нәтижесінде Жетісу облысында мұғалімдер даярлайтын курстар ұйымдастырды. Жетісу облысы және Ташкент, Самарқан, Верный қалалары комсомол ұйымдарының негізін қалауға атсалысты. ТКЖО-ның Орталық басшы органдарында қызмет атқарумен қатар Ғани Ташкенттегі жетім балаларды интернатқа, балалар үйіне орналастыруға белсене кірісіп, олар үшін ұйымдастырылған №14 интернаттың директоры болды. Бір сөзбен айтқанда Комсомол ұйымы жұмысының жандануына Қазалының өз түлегі, шығыс жастарының жалынды жетекшісі атанған - Ғани Мұратбаевтың ықпалы зор.
1920 жылы Түркістан комсомолының 3-съезінде ОК мүшелігіне сайланып, қазақ-қырғыз жастары бюросын басқарды. 1921-1924 жылдар аралығында ол Өзбекстан, Тәжiкстан, Түркiменстан мен Қырғызстан республикалары, сонымен қатар Қазақстанның оңтүстiк облыстарының комсомол ұйымдарын бiрiктiрген Түркiменстан Комсомол орталық комитетiнiң бiрiншi хатшысы қызметiн атқарады. Олардың қатарында Орта Азия елдерiндегi бiрнеше ұлттың кедей шаруа жастары, жалшылары мен жұмысшылары бар едi. Ғани осылардың бәрiнiң басын қосты. Осы ауыл жастарының сауатын ашу үшiн Алматыдан үш айлық мұғалiмдер даярлайтын курс ұйымдастырған адамның бiрi де осы Ғани Мұратбаев болатын. Айта кетерлiгi, кешегi Верный, бүгiнгi Алматы қаласында Ғани Мұратбаев 1921 жылы комсомол жиындарының бiрiнде жастар газетiн шығару туралы ойын айтады. Бүгiнгi «Жас Алаш» газетi жарыққа осылай шыққан едi. Ал, оның тұңғыш редакторы Ғани Мұратбаевтың өзi болған. Сол тұста Ғанидың да жастар ұйымдарының жұмысына қатысты мақалалары шығып жатты. Мақалаларының бiрiнде ол «Бiзде Түркiстанда интеллигенцияны ұлықтауды жақсы көредi. Көпшiлiкте интеллигенция қайда жүрсе, бұқара соның соңынан ередi деген ұғым пайда болған. Оны ешкiм жоққа шығармайды, бiрақ бiздiң негiзгi тiрегiмiз жұмысшы бұқара» деген екен. Ғанидың айтқаны айдай келдi, өмiрдiң өзi сол кездегi жиырма жасар жiгiттiң сөзiнiң дұрыс екенiн дәлелдеп бердi. Сол кездiң өзiнде комсомол ұйымына мүше жастардың бес пайызының ғана орта бiлiмi болса, 25 пайызы мүлде хат танымайтын. Сондықтан, 20 жастағы жiгiт замандастарының көзiн ашу үшiн оларды бiлiмге тартып, мектеп салуға, баспа-ағарту iсiн дамытуға, газет-журналдар шығарып, кiтапханалар ашуға, тiптi жастар бiреуге жалданып жұмыс iстесе де жалданушы мен жұмыс берушiнiң арасында келiсiм-шарт түзуге барынша күш салды. Ендеше, Ғани қолға алған бiр ғасыр бұрынғы мәселелер бүгiнгi жастар ұйымдары үшiн әлi де өзектi болып отырғанын жасыруға болмас. Қазақстан комсомолының құрылуын жариялаған 1 өлкелік съезді (1921 жылы 7-13 шілде) өткізуге тікелей басшылық жасады, 194 делегат қатысты. Осы жылы Ғани этнограф, музыка зерттеушісі А. В. Затаевичпен танысады. Затаевич Ғанидың айтуымен «Дударай», «Қараторғай», «Сәулет-ай», «Әу-қалқам» әндерін нотаға түсіреді. А. В. Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні»атты кітабында әндерді ауызша орындағандар қатарында Ғанидыңда есімі бар. 1921 жылы 27 тамызда Түркістан комсомолының ІІІ-съезде Ғани Түркістан комсомолы орталық комитетінің жауапты хатшысы болып сайланады. Сол жылдары Ғани Түркістан атқару комитеті жатақханасының №18 бөлмесінде тұрады. «Жас Алаш» газетінің редакциясы осы бөлме болды. Газеттің адресі: Ташкент қаласы, Түркістан өлкелік атқару комитетінің жатақханасы, 18-ші болме-деп көрсетілген. 1922-1924 жылдары РКЖО -ның 5-съезінде Ресей Комунистік Жастар одағы ОК-нің мүшесі, Комунистік Жастар одағы ОК Орта Азия Бюросының алғашқы төрағасы болып сайланды. V-съезіне 317делегат қатысты. Съезд жастарға комунистік тәрбие беру, деревнядағы жұмыстар жөнінде шешім қабылдады, шаруа жастарының мектебін ашуды ұйымдастыру туралы ұсыныс енгізді және пионер ұйымын құрды. 1922ж. Ғани 1 жыл ішінде Орта Азияны түгел аралап шықты.
1923 жылы Ғани Қазалыға келген кезде 23 наурыз күні өтіп жатқан жастар конференциясына қатысып, сөз сөйледі. Комсомол жастар мен оқушылардың бұқара халық арасында сауатсыздықты жою, клубтар ашу, көшпелі ауылдарды қамқорлыққа алу мақсатында жүргізетін жұмыстарының мәнісін түсіндірді.
1924-1925 ж. ж Ресей Лениншіл Комунистік Жастар одағы ОК-нің бюро мүшесі, Комунистік Жастар Интернационалы атқару комитетінің Шығыс елдері жастар арасындағы жұмыс бөлімінің меңгерушісі болды. Ол Комунистік Жастар Интернационалының 3-4 конгрестерінің, Коминтерннің 4- конгресінің делегаты болып сайланды. Ғани Қазалыға келіп, 1924ж. Тамыз айында Бақытжан Құрманбаеваға үйленді. Асқынған өкпе ауруынан қайтыс болып, Мәскеудегі «Ваганьков» қорымында 20 бөлігінде жерленген. Ғанидың қазасы тек онымен бірге жүрген, бірге істеген достары мен жолдас- жақындары ғана емес, бүкіл Қазақстан мен Орта Азия жастары үшін де орны толмас өкініш болды. Рас, Ғани Орта Азияда кеңес өкiметiн құруға, коммунистiк партияның идеяларын жүзеге асыруға, комсомол жастардың ұйымдарын құруға атсалысты. Грузия қазiр коммунистiк партияға адал болғандардан жерiп отыр. Алайда, Ғаниды коммунистiк партияның идеясын жүзеге асырғаны үшiн әсте кiнәлауға болмайды. Ол өз заманының батыр да күрескер ұлы бола бiлдi. КСРО тарап, комсомол ұйымдары жұмысын тоқтатқан кешегi тоқсаныншы жылдарға дейiн Ғани Мұратбаев Қазақстан ғана емес, бүкiл Орта Азия комсомол жастары үшiн идеал болып келдi. 1978жылы бейіт басына Қазақстан Жастар Одағы ескерткіш орнатты. Алайда, кезінде осынша құрметке лайық азаматтың бейіті бүгінгі таңда қараусыз-күтімсіз қалғаны өкінішті. Бұрынғы Одақ тарап, балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен заманда, енді жат жерде жатқан бауырымызға өзіміз қамқор болмасақ, ешкім қайғыра қоймас. Сондықтан, Ғанидың мүрдесін қазақтың өзге де зиялылары сияқты туған жерге әкеліп қайта жерлейтін мерзімі жетті. Хорезм Республикасының Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Ғани Мұратбаевтың Қазалы қаласында тарихи мемориалдық мұражайы ашылды. Ғани туралы кезiнде Мағжан Жұмабаев, Iлияс Жансүгiров, Тұманбай Молдағалиев сынды ақындар өлең жазды. Ол туралы «Бiздiң Ғани» дейтiн көркем фильм түсiрiлдi. Алайда, өкiнiштiсi сол, аталмыш фильм қазiр экраннан көп көрсетiле бермейдi. Ғанидың өмірі мен қызметін зерттеу 1962 жылдан басталды. 1967 ж. Жинақталған суреттер мен құжаттар негізінде М. Горький атындағы қалалық кітапханада мүйіш ұйымдастырылды. Бұл игілікті істі бастағандар зерттеуші-журналист Сейілхан Асқаров, Қазала ССР-інің еңбегі сіңген тарихшы мұғалімі Мықтыбай Жанзақов, Сейілхан Толегенов, қалалық кітапхананың сол кездегі меңгерушісі Жәкеш Төлегенова болатын. Ғани мұражайын ұйымдастыруға аудандық Кеңес атқару комитетінің сол кездегі жауапты қызметкері, білімдар азамат Теңел Оңдасынұлы Жұмабаевтың жанашырлық пен қамқорлық жасағанын айтқан орынды. Осындай әзірлік жұмыстарының нәтижесінде Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің 1968жылғы 30 мамырдағы және облыстық мәдениет басқармасының осы жылғы 9 маусымдағы №7 бұйрығына сәйкес 1968 ж. 7 қарашада Қазалы қаласында Ғани Мұратбаевтың республикада бірінші тарих-мемориалдық мұражайы ашылды. Мұражай қазалыда алғаш Кеңес өкіметі орнағанда қалалық Кеңес депутаттарының кеңесі болған тарихи үйге орналастырылды. Осы уақыттан бері мұражай жас ұрпақты Ғани рухында тәрбиелеуге, оның жалынды өмірі мен қызметін насихаттауға барынша атсалысып келеді. Ғани қайтыс болғаннан кейiн отыз-қырық жыл бедерiнде оның Мәскеудегi қабiрiне көп адам ат басын бұра бермеген сияқты. Тiптi, оның Ваганьков зиратының қай тұсында жатқаны да ұмытыла бастағандай едi. Құдай сәтiн салғанда, алпысыншы жылдарда қазақ мәдениетiнiң жанашыры Өзбекәлi Жәнiбеков Қазақстан комсомолының басшылығына келдi. Келе сала Ғанидың жарқын бейнесiн жастардың санасына орнықтыру мәселесiмен айналысты. Осының алдында Оңтүстiк Қазақстан облыстық комсомол комитетiнiң бiрiншi хатшысы болған Өзағаңның бастамасымен Шымкентте Ғаниға ескерткiштi қандай қиындықпен орнатқандарын Қалаубек аға Тұрсынқұлов талай жазды. Бiрiншi хатшы Алаш ардақ тұтқан Өзағаң болса, облыстық комсомол комитетiнiң оқу орындары жөнiндегi хатшысы қарымды қаламгер Қалаубек Тұрсынқұлов болса, Ғанидың маңдайына шаң тисiн бе, облыс басшыларының қарсылығына қарамастан Мәскеуде жасалған ескерткiш Шымкенттiң қақ ортасына табан тiрейдi. Жалпы, комсомолдың Орталық Комитетiнде жазушылар Камал Смайылов, Қалаубек Тұрсынқұлов хатшы, Шерхан Мұртаза, Сейдахмет

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғани Мұратбаев (1902 - 1925 жж)
Пионер звеносы
Шахмет Хұсайынов драмалық шығармаларының көркемдік ерекшелігі
ХХ ғасырдағы Қазақстанның жастар саясаты
Тіл ұстарту сабағында оқушының жеке көзқарасын қалыптастыру
Шахмет Хұсайынов драматургиясындағы тарихи-ғұмырнамалық пьесалар
Ұлттық шығармашылық интеллигенция тарихының теориялық мәселелері
Жаңа экономикалық саясат
Петроградтағы Қазан төңкерісі
Экскурсия маршрутын құрастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz