Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы электрмен жабдықтау жүйелері


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Кіріспе.
  2. Электр қондырғылары және олардың түрлері.
  3. Өндірістегі қабылдағыштар мен олардың топтары.
  4. Өндірістегі электрмен жабдықтау сенімділігі.
  5. Өндірістегі электрмен жабдықтау жүйелерін анықтау.
  6. Қосалқы станциялар анықтамасы.
  7. Қорытынды.
  8. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Өнеркәсіптердегі электр жабдықтау жүйелері электр энергетиканың негізгі профильдік қызметі болып табылады.

Электр энергиясының құрылғылары негізгі энергия көзін беретін құрылғылардың, соның ішінде электр жабдықтаудың электрмен қуаттандыруда негізгі орны бар. Электр энергиясын беретін электр жүйесі туралы түсіндіре кетсек:

Электрмен жабдықтау жүйесі - өндіру, жеткізу және бөлу үшін арналған электр қондырғыларының өзара байланысқан жүйесі.

Энергетикалық жүйе - жылу және электр энергияларының өндірістегі үсдіксіз энергиямен қамтамасыз етілетін біріккен режимдегі энергетика жүйесі.

Электр жүйесі - электрқондырғыларының электр энергиясын белгілі бір территорияға (қосалқы станциялар, тоқ сымдары, электрэнергиясын беретін жоғарғы кабель жүйелері, қосу, қорғау, басқару аппаратуралары) жеткізетін және бөлетін жүйе.

Электр жеткізудің кабельдік жүйесі деп - қашықтыққа электрэнергиясын тасымалдаушы тоқ тасымалдаушы элементтердің изоляциясы мен тасымалдау жүйесін қамтамасыз ететін электрқондырғысы.

Электр қабылдаушы пункт (ЭҚП) деп - қуаттың сыртқы көздерінен электрқабылдауыштарға келетін электрэнергиясының қондырғысы.

Электр қондырғылары. Оның түрлері.

Электр қондырғылары (ЭҚ) деп - электр энергиясын өндіру, трансформациялау, тасымалдау және тарату мен оны энергияның басқа түріне айналдыру үшін арналған машиналар, аппараттар, сымдар және көмекші құрылғылардың жүйесін айтады.

ЭҚ бөлінеді:

Тоқтың шығу тегіне қарай:

а) тұрақты;

б) ауыспалы;

- Кернеуіне қарай:

а) 1кВ-қа дейін;

б) 1кВ-тан жоғары.

Қауіпсіздік жүйесіне байланысты ЭҚ-лар бөлінеді:

Бейтарап жерасты кернеуі 1кВ-қа дейінгі ЭҚ;

Бейтарап изоляцияланған 1кВ-қа дейінгі ЭҚ;

Төменгі кернеулі ЭҚ (42 В-қа дейін) ;

Жерге аз тұйықталу тоқты бейтарап изоляцияланған сымды (І ж <500 А) кернеуі 1 кВ-тан жоғары ЭҚ;

Жерге жоғарғы тұйықталу тоқты эффективті бейтарап жерасты сымды (І ж >500 А) кернеуі 1 кВ-тан жоғары ЭҚ;

Электр энергиясының құрылғылары деп - электр энергиясын энергияның басқа түріне айналдыру үшін арналған аппараттар мен механизмдер.

Электр энергияны тұтынушылар бірнеше параметрлермен сипатталады:

а) Өндіріс орындарында электр энергияны қабылдағыштар ток түріне байланысты келесі топтарға бөлінеді:

1) жиілігі 50Гц, кернеуі 1000В -қа дейігі үш фазалы қабылдағыштар;

2) жиілігі 50Гц, кернеуі 1000В-тан жоғары үш фазалы қабылдағыштар;

3) жиілігі 50Гц, кернеуі 1000В-қа дейігі бір фазалы қабылдағыштар;

4) жиілігі 50Гц-тан жоғары, түрлендіргіштік қосалқы станциялардан және қондырғылардан қоректенетін қабылдағыштар;

5) түрлендіргіштік қосалқы станциялардан және қондырғылардан қоректенетін тұрақты ток қабылдағыштар.

Қазіргі кезде өндіріс орындарында электр жабдықтау үш фазалы айнымалы ток арқылы іске асады. Тұрақты ток қабылдағыштардың қоректенуіне түрлендіргіштік агрегаттар орнатылған (жарты өткізгіштік түзеткіштер, сынаптық түзеткіштер, қозғалтқыш-генератор (Қ-Г) және механикалық түзеткіштер) түрлендіргіштік қосалқы станциялар құрылады.

Түрлендіргіштік агрегаттар үшфазалық ток желісінен қоректенеді, сондықтан оларды үш фазалы ток қабылдағыштар деп атайды.

Меншікті түрлендіргіш агрегаттары бар тұрақты ток қабылдағыштар: Қ-Г жүйе бойынша электр жетегі, ионды электр жетек және т. б. электр жабдықтау бойынша үш фазалы ток қабылдағыштар болып табылады.

Түрлендіруші қосалқы станциялардан қоректі талап ететін тұрақты ток қабылдағыштардың жиі кездесетіндері: завод ішіндегі электрфицирленген көлік, электролизді өндіріс, кейбір көтерме -көліктің және көмекші механизмдердің электр қозғалтқыштары;

б) кернеу бойынша- ПУЭ сәйкес, электр энергияны өндіруші, түрлендіруші, таратушы және тұтынушы электротехникалық қондырғылар, сонымен қатар кернеуі 1000В-қа дейін электр қондырғылар және 1000В-тан жоғары электр қондырғылар болып бөлінеді;

в) бейтарап режимдер:

1) кернеуі 1000В-қа дейінгі қондырғылар жерге қосқыш арқылы, сонымен қатар оқшауланған бейтарап арқылы орындалады, ал тұрақты ток қондырғылары- жерге қосу және оқшауланған нөлдік нүкте арқылы орындалады.

Кернеуі 1000В-қа дейін оқшауланған бейтарабы бар электрлік қондырғыларды аса қауіпсіздікті талап ететін жерде қолдану жөн (торф өндіру кәсіпорындарында, көмір шахталарында және т. б. ) және оларға шарт қойылады: желі оқшауламасының бақылауын қамтамасыз ету және теілу сақтандырғыштың тұтастығы, қызметкерлердің жерге тұйықталу зонасын тез арада іздеп табу және оны жою немесе жерге тұйықталу зонасын автомат арқылы өшіру. Қауіптігі аз шартта айнымалы ток төрт сымды желілерде және тұрақты ток үш сымды желілерде бейтарап тұйықтау міндетті түрде керек;

2) кернеуі 1000В-тан жоғары электрлік қондырғылар келесі түрге бөлінеді:

- оқшауланған бейтарабы бар қондырғылар ( кернеуі 35 кВ-қа дейін) ;

- сыйымдылық тоғын өтемдеу үшін индуктивті кедергі арқылы жерге қосылған бейтарабы бар қондырғылар (кернеуі 35 кВ-қа дейін және сирек кезде 110 кВ) ;

-жерге қосылған бейтарабы бар қондырғылар (кернеуі 110 кВ-қа дейін және жоғары) .

Сонымен қатар бұл қондырғылар аз шамалы жерге тұйықталу тоғы бар қондырғылар (500 А-ге дейін) және үлкен жерге тұйықталу тоғы бар қондырғылар (500А-ден жоғары) болып бөлінеді;

г) ток жиілігі бойынша электр энергияны қабылдағыштар-өндірістік жиілікті қабылдағыштар (50Гц), үлкен жиілікті қабылдағыштар (100 кГц-тен жоғары), жоғары жиілікті қабылдағыштар (10 Гц-ке дейін) және төмен жиілікті қабылдағыштар (50 кГц-тен төмен) болып бөлінеді.

Көп жағдайда қабылдағыштар өндірістік жиіліктегі электр энергияны пайдаланады. Үлкен жиілікті және жоғары жиілікті қондырғылар металды балқыту үшін қолданады. Жоғары жиілікті қондырғыларға, мысалы текстилді өнеркәсіпте жасанды жібек өндіретін электрқозғалтқыштар жатады (133Гц) ;

д) электр энергия қабылдағыштары режим ұқсастығы бойынша, яғни жүктеме графигінің ұқсастығы бойынша топтарға бөлінеді. Тұтынушылардың осы топтарға бөлінуі жалпы электр жүктеменің қосындысын табуға мүмкіндік береді.

Өндірістегі қабылдағыштар мен олардың топтары

Барлық қабылдағыштардың үш сипаттамалық топтары бар:

а) бір қалыпты немесе аз мөлшерде өзгеретін жүктемемен жұмыс істейтін қабылдағыштар (1-сурет) . Бұл режимде электрлік машина немесе аппарат бөлшектерінің температурасы аз белгіленген температурадан аспай ұзақ уақыт жұмыс істей алады.

:
:
: http://lib.aipet.kz/aies/facultet/eef/kaf_epp/4/umm/epp_3.files/image008.gif
:
: http://lib.aipet.kz/aies/facultet/eef/kaf_epp/4/umm/epp_3.files/image009.gif
:
:
:
:

1-Сурет

Мұндай қабылдағыштар мысалы ретінде компрессор, сорғыш, желдеткіш және т. б. электр қозғалтқышын, жатқызуға болады;

б) қысқа мерзімді жүктеме режимінде жұмыс істейтін қабылдағыштар. Бұл режимде машиналармен аппараттардың жұмыс периодының ұзақтығы аз, тіпті машиналар мен аппараттардың бөлшектерінің температурасы белгіленген шамадан аспайды (2-сурет) . Ал машиналар мен аппараттардың өшіп қалу периоды соншалықты ұзақ, тіпті машина қоршаған ортаның температурасына дейін салқындануына үлгереді.

:
:
: http://lib.aipet.kz/aies/facultet/eef/kaf_epp/4/umm/epp_3.files/image010.gif
:
: http://lib.aipet.kz/aies/facultet/eef/kaf_epp/4/umm/epp_3.files/image011.gif
:
:
:
:

2-Сурет

Бұл топтағы қабылдағыштарға мысалы ретінде метал кесетін станоктардың, қосымша механиздерінің, электр қозғалтқыштарын, жапқыларды және т. б. жатқызуға болады:

1) қайталанбалы - қысқа мерзімді жүктеме режимінде жұмыс істейтін қабылдағыштар (6- сурет) . Бұл режимінде машина мен аппараттардың қысқа мерзімді жұмыс периоды қысқа мерзімді өшу периодымен кезектесіп тұрады. Қайталанбалы - қысқа мерзімді жұмыс режимі жұмыс істеудің салыстырмалы жалғастығымен және циклдің ұзақтығымен сипатталады. Қайталанбалы қысқа мерзімді жүктеме режимінде электр машина немесе аппарат шексіз уақытта белгіленген салыстырмалы жұмыс істеу жалғастығымен жұмыс істей алады, ал машина немесе аппаратура бөлшектерінің температурасы белгіленген шамадан аспайды.

Бұл топтағы қабылдағыштарға мысал ретінде крандар, балқу аппараттар және т. б. электр қозғалтқыштарын жатқызуға болады.

http://lib.aipet.kz/aies/facultet/eef/kaf_epp/4/umm/epp_3.files/image012.gif http://lib.aipet.kz/aies/facultet/eef/kaf_epp/4/umm/epp_3.files/image013.gif

3-Сурет

Жоғарыда айтылған қабылдағыштардың жұмыс режимдері үшін ГОСТ-183-74 сәйкес, электр өнеркәсібі белгіленген шарттарға арналған электрлік қозғалтқыштар шығарады;

г) жүктемелердің симметриясыздығы немесе фаза жүктелуінің біркелкісіздігі. Симметриялы жүктемелерге үш фазалы тұтынушының электр қозғалтқыштары және үш фазалы пештер жатады. Симметриялы емес жүктемелерге (бір-екі фазалы) электрлік жарықтандыру, бір фазалы және екі фазалы пештер, бір фазалы балқыту аппараттарын жатқызуға болады;

д) қорек көзінің сенімділігі /ПУЭ 1998 ж/.

Өндірістегі электрмен жабдықтау сенімділігі

Электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету барысында электрлік қабылдағыштарды келесі 3 категорияға бөлемді: а) 1 категориялы электрлік қабылдағыштар - электр жабдықтаудың уақытша тоқтап қалуы келесі жағдайларға әкелетін электрлік қабылдағыштар жатады: адам өміріне қауіп төнсе, ауыл шаруашылығына зиян келсе, негізгі қымбат жабдықтар бүлінсе, өнім сапасы бұзылса, күрделі технологиялық процестер нашарласа. 1 категориялы электр қабылдағыштардың тобынан ерекше топ бөлінеді: олардын тоқтаусыз жұмыс істеуі адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жарылыс, өрт және қымбат жабдықтардың бүлінуінен қорғайтын өндірістің апатсыз тоқталуы үшін қажет; 1 категориялы электр қабылдағыштар екі тәуелсіз бір-бірімен резервте болатын корек көздерінен электр энергиясымен қамтамасыз ету керек, және бір қорек көзінің электр жабдықтауы бүлінген кезде электр жабдықтардың үзілісі қоректенуді автоматтық түрде қайта қосу уақытына ғана мүмкін. Электр жабдықтаудың 1 категориялы электр қабылдағыштардың ерекше тобы үшін қосымша үшінші тәуелсіз резервті қорек көзі қарастырылу керек. Электр қабылдағыштардың ерекше тобы үшін үшінші тәуелсіз қорек көзі ретінде және қалған 1 категориядағы электр қабылдағыштар үшін екінші тәуелсіз қорек көзі ретінде жергілікті электр станциялары, энергожүйелерінің электр станциялары, үздіксіз қоректің арнайы агрегаттары, аккумуляторлы батареялар және т. б. қолданылады. б) 2 категориялы электр қабылдағыштар - электрмен жабдықтау тоқтаған кезде өнімнің толық берілуін азайып, жұмысшылардың, механизмдердің және өндірістік көліктердің жұмыссыз тұруына, қала және ауыл тұрғындардың тұрақты қызметтерінің бүлінуіне әкелетін электр қабылдағыштар; 2 категориялы электр қабылдағыштар үшін екі тәуелсіз өзара реттелетін қорек көзі ұсынылады. Бір корек көзінен электрмен жабдықталу бүлінген кезде электр жабдықтаудың үзілісі - кезекші персонал немесе оперативтік бригадакөмегімен резервті қоректенуді қосу үшін қажетті уақытқа ғана мүмкін. в) 3 категориялы электр қабылдағыштар - 1 және 2 категорияларға жатпайтын барлық қалған электр қабылдағыштар. 3 категориялы электр қабылдағыштар үшін электрмен жабдықтау бір қорек көзінен қоректенуі мүмкін, егер, келесі шарт орындалса: электр жабдықтаудың үзілісі, жөндеу және электрмен жабдықтау жүйесінің бүлінген элементін ауыстыру үшін қажетті уақыт 1 тәуліктен аспаса.

Электр жабдықтауды қазіргі заманға сәйкес жобалау кезінде өндіріс орындарында бүкіл күрделі техника-экономикалық сұрақтар комплексінің рационалды шешуінің негізі болып күтілетін электрлік жүктемелерді дұрыс анықтау табылады. Кез келген электрмен жабдықтау жүйесін жобалаудың бірінші кезеңі электрлік жүктемелерді анықтау болып табылады. Электржабдықтаудың жобалаған барлық элементтерінің таңдалуы электр жүктемелердің мәнімен анықталады. Күтілетін жүктемелерді дұрыс бағалаудан капиталды шығындар, түсті металдың шығыны, электр энергияның шығыны және эксплуатациялы шығындар тәуелді болады.

Өндірістегі электр жабдықтау жүйелерін анықтау

Өндірістік кәсіпорындардың электр жабдықтау жүйесінде электрлік жүктемені анықтаудың бірнеше арнаулы орындары бар (4 сурет) .

1. 1000В-тан аспайтын бір қабылдағыштың есептік жүктемесін анықтау (1 жүктеме) ; берілген электр қабылдағышқа келетін сым немесе кабельдің қимасын анықтауға және қабылдағышты күштік тарату шкафына немесе тарату желісіне жалғауға арналған аппаратты таңдау үшін керек.

2. 1000В-тан аспайтын қабылдағыштар тобының есептік жүктемесін анықтау (2 жүктеме) ; берілген қабылдағыштар тобын қоректендіретін тарату магистральінің, радиалды желілерінің қимасын анықтау үшін және берілген қабылдағыштар тобын негізгі күштік тарату шкафына немесе трансформатор-магистраль блогының сұлбасындағы қоректендіруші магистральіне жалғау аппаратын таңдау үшін керек.

3. Жеке қабылдағыштарды немесе қабылдағыштар тобын қоректендіретін күштік тарату шкафтары немесе жеке ірі қабылдағыштар кернеуі 0, 69-0, 4/0, 23кВ цехтік қосалқы станцияның шиналарындағы есептік жүктемені анықтау (3 жүктеме) . Бұл жүктемені анықтау цехтік ҚС 0, 69 немесе 0, 4/0, 23 кВ шиналарынан шығатын жоғарыда айтылған қабылдағыштарды қоректендіретін желілердің қимасын және цех ҚС төменгі кернеу шинасына желілерді қосатын аппараттарды таңдау үшін қажет.

4. Трансформатордағы шығындарды есепке ала отырып, жеке цехтік трансформаторлардың немесе жеке қабылдағыштардың тарату орындарының 6-20кВ шиналарында тудыратын есептік жүктемесін анықтау (4 жүктеме) . Цехтік трансформаторлар мен жоғарғы кернеулі қабылдағыштарды қоректендіретін тарату пункттарының шиналарынан шығатын желі сымының қимасын және сол желілерде орнатылған ажырату аппараттарын таңдау үшін керек.

5. Тарату пунктінің әрбір секцияларының шиналарындағы жалпы есептік жүктемені анықтау. Тарату пунктінің 6-20кВ шиналарының материалын және қимасын, желінің қимасын, басты төмендететін қосалқы станция (БТҚС) (ГПП) шинасы жағындағы ажырату аппараттарын таңдау үшін керек (5 жүктеме) . Егер БТҚС-ның 6-20кВ шинасынан цехтік транформаторлар немесе қабылдағыштар қоректеніп жатса, онда 5-жүктеме 4-жүктеменің мағынасын білдіреді, тек БТҚС-ң 6-20кВ шиналарына қатысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күштік электр жүктемесін есептеу
Жарылыстың адамға әсері
Кәсіпорынның энергетикалық балансына шығындарды жіктеу
Электрмен жабдықтаудың сенімділігі және электр энергиясының сапасы
Электрмен қамтамасыздандыру жүйесін автоматтандыру және диспетчерлеу жүйесін дамыту
Кәсіпорын құжат айналымының инфроқұрылымын жақсарту жолдары
Зауытты басқару құрылымы
Қазақстан Республикасының электр энергетикасының құрылымы
Жылу мен электр энергияны аралас өндіруге арналған бутурбиналар жайлы мәлімет
Тартылу трансформаторларын таңдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz