Кәсіптік білім берудің қазіргі технологиялары.



Жоспары.

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
Кәсіптік білім берудің қазіргі технологиялары.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе.

Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Бүгінгі күннің басты талабы еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда кәсіптік білім берудің беделі артып отыр. Осы мақсатта 2008 жылы Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Оның мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті дағдылары бар және білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс берушілерді техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді.Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдері іздестірілуде.Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты – «оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады. Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.
Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Әбенбаев С., Ахметова Г., Әбенбаева И. Дәстүрлі емес сабақ турасында
//Мектептегі шетел тілі. 2003, №2, бб.11-16.
2. Қуанбаева Б. Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде
жетілдірудің дидактикалық шарттары: дисс. Пед. ғыл.канд. – Алматы,
2005. –137 бет.
3. Селевко Г.К. Современные технологии в образовании. –М., 1998.
4. Таубаева Ш.Т. Оқытуың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп. -1999.
№4. бб-5-12.
5. Жапарова Г. Ә. Информатика негіздері (Мәтін): оқу құралы / Алматы:
Экономика, 2006.
6. Жолдасбекова С., Махмудова Г. Болашақ мұғалімдерді дайындауда
оқытудың ақпараттық технологиясын пайдалану жолдары (Мәтін)//
Ізденіс. Гуманитарлық ғылымдар сериясы. – 2005. - №1.
7. Нұрғалиева Г. Ақпараттандыру – білім беруді реформалаудың негізгі
механизмі (Мәтін)
8. Нұрмұханова Г. Жаңаша оқыту – уақыт талабы// Қазақстан мектебі. – 2004. - №10

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары.

1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
Кәсіптік білім берудің қазіргі технологиялары.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.

Қазіргі заман талабы - оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі - ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Бүгінгі күннің басты талабы еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда кәсіптік білім берудің беделі артып отыр. Осы мақсатта 2008 жылы Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Оның мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті дағдылары бар және білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс берушілерді техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді.Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдері іздестірілуде.Оқытудың ақпараттық технологиясы - бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).Оқытудың ақпараттық технологиясы - білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру болып табылады. Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.
· Тұтынушының қолдану сапасында;
· Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасында.

Кәсіптік білім берудің қазіргі технологиялары.

Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұ-жырымдамасы өз бетімен білім ала алатын және алған білімін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған технологияларына көшу талабын қойып отыр.
Қазіргі кезде мультимедиялық құралдар жиі пайдаланылады. Ақпарат-тық технологиялардың ішіндегі мультимедиялық құралдардың тиімді тұстарын атап айтсақ, олар:

оқушының пәнге деген қызығушылығын оятады;
этнопедагогикалық тәрбие береді;
тынымдық қабілетін арттырады;
оқытушының уақытын үнемдейді;
оқулықтан тыс қосымша мәліметтер береді;

Мектепте сапалы оқу бағытын айқындайтын жолдардың бірі - қазақ тілін модульдік технология арқылы оқыту екендігі теориалық және тәжірибиелік жағынан дәлелденуде. Модульдік технологиялардың ерекшелігі: тек біліді меңгерту емес, оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жадының алуан түрлерін есту, көру, қимыл ойлауды, ынтаны қабылдау қабі-летін дамытып, оны бекітіп, шығармашылық деңгейін арттыру. Сабақтың қызықты, сапалы өтуі тікелей мұғалімнің шеберлігіне байланысты болады. Осы орайда белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы Шеберліктің белгісі - түрлі әдісті болу, -- айтылған сөздері ойға оралады. Бір сабақтың әр кезеңдерін, түрлі әдістерін орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және қабілет деңгейлерін дамытуға ықпал етеді.. М.Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясы-ның маңызы ерекше екені мәлім. Себебі аталмыш технология әдістері оқушыларды өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді, өзін-өзі ,өзгені де бағалай білуге үйретеді.
Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру - ең негізгі әдістемелік мәселе. Модуль арқылы оқыту осы мәселені шешуге мүм-кіндік беретін тиімді жолы болып табылады. Модуль арқылы оқыту техноло-гиясының тиімді белгілерінің бірі - оқушының оқу белсенділігі . Бұл
технологияның бір ерекшелігі сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушы-ларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Оқушының белсенділігін оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, жадысы мен зейінін дамытып, қызығушылығын арттыру. Сабақ
Формаларының өзгеріп отыруы, әсіресе топтық формалар оқушылар арасын-да қарым-қатынастың нығаюына ықпалын тигізеді. Оқушының тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, оның өз күшін, шама-шарқын бағалай білуге, өзін қауіпсіз сезінуіне, қиындыққа дайын бол-уға және оны жеңуге жетелейді.
Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану иннова-циялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Мұғалімнің шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі кәсіби құзырлығының жоғары дең-гейде болуы қажет. Қазіргі кезде белгілі бір білім көлемімен қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушыны білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі тиіс. Оқушыларды білім алумен қатар шешендік шеберлігі мен баяндау жүйелілігі қалыптасқан, өз пікірін ашық білдіретін саналы ұрпақ тәрбиелеу керек.
Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқ-ытудың да маңызы зор. Оқушылар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ой-лау қабілетін дамытады.
Дәстүрлі емес сабақтардың психологиялық, педагогикалық ұйымдастыру және өткізу жолдарын жан-жақты зерттеу қажет.
Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан -
жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оның, мақсаты болып табылады. Сондықтан танымдылық іс-әрекеті белгілі бір кезеңде белсендірілуі қажет. Бұл әдістемелік жүйенің басқа бөліктерінде мазмұн, ,әдіс,оқыту түрі мен құралдарының өзара байланысы қалпында өзгертілуін талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегі ұстанымдар жүзеге асырылуы керек:
1. Оқушылардың өзіндік іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгеру.Өйткені бұл әдістердің күнделікті пайдаланып жүрген әдістерінен айырмашы-лығы бар.Яғни, бұл оқушы-мұғалімұстанымының өзара тығыз бай-ланыстығы.Демек ,мұнда бірінші орында оқушы тұрады,және оның өз бетінше білім алуындағы белсенділігіне басты назар аударылады.
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлерін оқытудың дербес жәнетоптық түр
лері табылады.Бұл жерде алға қойылатын мақсат - оқушыға деген се-
нім,оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп, беделі мен қадір-
қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронтальды түрі, көбінесе бағыт
беру,талқылау және түзетуенгізуде ғана пайдаланылады.
Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану инноваци-ялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Бүгінде қоғам-ның жеке тұлғалы дамыған адамын тәрбиелейтін ұстаз өзінің шығармашы-лық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық
Әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қа-жет. Оқушыны білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі тиіс. Оқушылар-ды білім алуымен қатар шешендік шеберлігі мен баяндау жүйелілігі қалып-тасқан, өз пікірін ашық білдіретін саналы ұрпақ тәрбиелеу керек.
Жаңа технология жүйесінде проблемалық және іскерлік ойын арқылы оқ-ытудың да маңызы зор. Оқушыоар әр түрлі проблемаларды талдайды, оның шешу жолдарын іздестіреді. Мұндай сабақтар оқушылардың логикалық ой-лау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылығын арттырады, өмірде кездесе-тін түрлі қиындықтарды жеңуге тәрбиелейді.
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін оқытудың жаңа технологиясы негізінде дифференциалдық және дербес деңгейлік оқыту үшін тұрақты оқулықтар мен оқу құралдары керек деп есептеймін.
Сонымен қатар, жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі ақпарат құр-алдарымен жұмыстана білуіне назар аудару керек. Оқушы қызметін актив-тендіру негізінде педагогикалық технологиялардың бірі - деңгейлік саралау технологиясының элементін қолдану. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін
қамтамасыз етеді.
1. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бі-лім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2. Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориадағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Деңгейлеп - саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады, ең төменгі деңгейі (базалық), бағдарламалық, күрде-ленген деңгей, сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлем-дік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет, - деп Президентіміз атап айтқандай , сабақты ақпаратты-қатынастық технологияларды қолдана отырып өткізу - жаңа білім берудің басты шарты.
ҚР Білім туралы Заңында Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлт- тық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негіз-інде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған , біл-ім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникаци-ялық желілерге шығудеп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді. Бұл міндеттерді шешу үшін мұғалімнің күнделікті ізденісі арқы-лы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге жол ашады.
Сондықтан сабақ барысын жаңаша ұйымдастыру қажет. Оқушының пән- ге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру керек деп есептеймін.
Әр сабаққа дайындық - мұғалімнің ізденісінің нәтижесі, сабақты ыңғай-ына қарай түрлендіре түссе, әр сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді қолданса,
сабақтың мазмұны ашылады.
Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді деп есептеймін.
Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс
нәрсе есебінде қолдануы керек, - деп Ахмет Байтұрсынов айтқан.
Қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі, сол қоғам мүддесіне сай
болуы керек. Қазақтың болашағын тәрбиелеу мен білім беру ісінде әлемдік
стандартқа сәйкес білім беруді темірқазық қылып ұстансақ қателеспеспіз
деп ойлаймын.

Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жаңа білім беру парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру технологияларының даму тенденциялары тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-өзі дамуына мүмкіндік беретін гуманитарлық білім берумен тікелей байланысты."Білім беру технологиялары", "педагогикалық технология" терминімен қатар ''оқыту технологиялары" термині қолданылады. Оның біріншісі көлемді болып келеді. Өйткені, білім беру технологиясында оқушының, үйренушінің тұлғалық сапасын дамыту және құрумен байланысты болатын тәрбиелік аспекті бар.
"Оқыту технологиясы - белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады", - деп С.Әбенбаев айта келіп, оның құрылымын төмендегідей етіп көрсетеді [1]:
- оқытудың мақсаты;
- білім берудің мазмұны;
- педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту процесін ұйымдастыру;
- оқушы, оқытушы;
- әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі).
Сонымен қатар, С.Әбенбаев нақтылы педагогикалық процесті талдап жүзеге асыруды "... оқыту технологиясын жобалау процесі деп атауға болады" деп айта келіп, оның құрылымын төмендегідей анықтайды:
- оқу жоспары және бағдарламасына сай оқытудың мазмұнын таңдау;
- оқытушы бағдарлай алатын оқытудың басымды мақсатын таңдау, яғни жобалау барысында білім алушыларда қандай кәсіптік және тұлғалық сапа қалыптасады, міне соны анықтау;
- мақсаттарға немесе басымды бір мақсатқа негізделіп оқыту технологиясын таңдау;
- оқыту технологиясын талдап жасау.
Педагогикалық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес білім берудің қазіргі заманғы технологиясының нұсқауы, төмендегі принциптердің қатысуымен жасалуы тиістігі анықталуда:
-дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі;
-қойылған мақсатқа жету үшін нақты педагогикалық ортада технологияларды қайта өндіру принципі;
-сәйкес келетін педагогикалық жүйелердің өзін-өзі дайындау механизміне әсер ететін факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының сызықтық емес принципі;
-оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына және оның танымдық қабілеттілігіне оқыту процесінің бейімделу принципі;
-біріктірілген білімдерді құру үшін оптимальді жағдай жасайтын оқу ақпараттарының потенциалды көп болу (артық болу) принципі.
Педагогикалық технологияның міндеттері:
- әр түрлі қызмет саласындағы іскерлік пен дағдылардың шыңдау, білімнің тереңдігін, беріктігін арттыру;
- мінез - құлықтағы әлеуметтік құнды әдеттер мен формаларды нығайту және арттыру;
- технологиялық құрал-саймандармен жұмыс істеуге үйрету;
- технологиялық ойлау дағдыларын дамыту;
- оқу міндеттері мен қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруда технологиялық тәртіпке сай нақты әдеттерді тәрбиелеу.
Педагогикалық технология әр түрлі жағдайлардағы нақты өзара іс-қимылдарды, жүйеленген, бағдарланған, оқыту және тәрбиелеу стандарттарына сай тәсілдер негізінде компьютер мен техникалық құралдар қолдану арқылы да ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің құрылымдарында оқытудың айқындалған көптеген технологияларын пайдаланып жатқандығы белгілі. Болашақ маманға тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең маңыздысы - әлемнің дамуы туралы білімдердің қажетті деңгейін қалыптастыратын әдістерге үйрету. Сондықтан әрбір оқытушыға және оқушыға "оқыту" мен "үйрену" процестерін игеру үшін 3 тілді меңгеруі қажет: ана тілін, ғылым тілін және технология тілін. Сонымен технология көмегімен білімдерді, іскерлікті, дағдыларды игеру процесінде тұлғалық қасиеттің дамуында нәтижелі шешімге жету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. "Педагогикалық технология" оның ішінде "оқыту технологиясы" ұғымын анықтауда, басым көпшілік мамандар оларды үш маңызды жағдайлармен біріктіреді:
- іс-әрекетінің жиынтығы түріндегі қажет ететін үлгіні дәл анықтау негізінде оқытуды жоспарлау;
- оқытуды талап ететін әрекетті қалыптастыруды іріктеген қатаң тізбекті әрекеті түріндегі оқытудың барлық процесін "бағдарламалау".
- алғашқы белгіленген эталонмен оқытудың нәтижесін салыстыру. М.Чошанов оқыту технологиясы негізінен педагогикалық процестегі Қалай нәтижелі етіп оқыту керек? мәселесін шешуге бағытталатынын айтады. Оқыту технологиясы жөніндегі ой-пікірлерді саралай келе, біздер оны: біріншіден, оқытудың мақсатқа сәйкес нәтижесіне қол жеткізудегі нақты қадамдарды және олардың үйлесімділігін зерделейтін ғылым саласы; екіншіден, оқытудың нақты жағдайда нәтижелі жүзеге асырылуын белгілейтін жобалау немесе модельдеу; нақты оқыту процесін нәтижелі етіп оқытудағы процес деп білеміз.
Б.Қуанбаева өзінің зерттеуінде әдістемелік жүйені технологиялық негізде жетілдіруді төмендегідей дидактикалық талаптарының орындалу негізін белгілейді:
а) оқытудың мақсаты диагностикалық операционалды анықтаулы тиіс, яғни иерархиялық тізбек түрінде берілген мақсаттар таксономиясы құрылуы қажет;
ә) білім мазмұны мақсаттар таксономиясына сәйкес анықталып, оны анықтау принциптері ізгілендіру тұрғысында қайта қаралуы қажет;
б) оқытудың белсенді әдістерін басым түрде түрде пайдаланып, оқыту әдістерінің басты аспектілерін ескерілген үш деңгейлі моделі құрылып, кеңінен пайдалануы қажет;
в) оқытудың формасы оқушының жеке даму траекториясын, сондай-ақ педагогикалық жағдаяттарға сәйкес жеке, жұптық және топтық формалардың тиімді үйлесуін қамтамасыз ететіндей түрде жетілдіруі тиіс;
г) оқыту құралдарын жетілдіру компьютерлік техника мен ақпараттық технологияларды олардың дидактикалық мүмкіндіктері нақты анықталып, дәстүрлі құралдармен үйлесімді бірге пайдалануға бағытталуы қажет [2].
Жалпы "Педагогикалық технология" түсінігі қаншалықты қолданыста болғанымен, ол жөніндегі түсінік ұғыныңқы болмаған. Білім берудің қазіргі кездегі практикасында бұл ұғым стандартты емес ғылыми көріністерде ереже ретінде қолданылып, педагог жұмыстарының өндірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын білдіреді. В.П.Беспалько технологияны түсіну үшін ең алдымен педагогикалық іс-әрекеттің өндірушілік белгісіне көңіл аудару қажеттігіне зейін аударады, әлеуметтік тұрғыдан бұл белгі, технологияның басқа белгілерінен оның жалпылық сипатымен байланыстылығын сипаттайды. Қазіргі білім беру технологияларын Г.К. Селевко технологияның классификациялық параметрлері тұрғысынан: қолдану деңгейі, негізгі дамыту факторы, меңгеру тұжырымы, жеке тұлғаның құрылымына бағдарлау, мазмұн сипаты, басқару типі, ұйымдастыру формалары, балаға ықпал ету тәсілдері, әдістердің басымдылығы, жетілдіру бағыттары, оқушылар категориялары бойынша нақтылап көрсетеді [3].
Ш.Т.Таубаева оқытудың қазіргі технологияларының аттарын атап көрсетіп, олардың мақсаттарын, тұжырымының және мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Жұмыста педагог-ғалымның зерттеулері басшылыққа алынған [4].
Сонымен педагогикалық технологиялардан төмендегілерін бөле жарып көрсетуге болады:
- ойын арқылы оқыту технологиясы;
- проблемалық оқыту технологиясы;
- тірек сигналдары арқылы оқыту;
- деңгейлік саралап оқыту;
- міндетті нәтижелерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту құралдары
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру. Автореферат
Бейіндік оқытудың инновациялық әдістері
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту
Заманауи білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқару
Білім беру жүйесінде жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқыту
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ЕРЕЖЕСІ
Пәндер