XVI – XVII ғасырлардағы осман империясы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1. XVI . XVII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ОСМАН ИМПЕРИЯСЫ.
1.1 Осман империясының әлемдік державаға айналуы. 4
1.2 Арабтармен күрес. 4
1.3 Антифеодалдық қозғалыстар. 5
1.4 XVI ғасырдағы Түркия мен Еуропа державалары. 1535 жылғы капитуляция. 6
1.5 XVI ғасырдағы Түркия мен Ресей. 7
1.6 XVII ғасырдың бірінші жартысындағы көтерілістер. 8
1.7 XVII ғасырдың екінші жартысындағы Түркияның соғыстары. 8
1.8 XVI . XVII ғасырлардағы Осман империясының қол астындағы Араб елдері. 9
1.9 Түрік мәдениеті. 10

ҚОРЫТЫНДЫ 12

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 15
КІРІСПЕ
Осман империясы Оттоман империясы – Түркияны сұлтандар билеген тұстағы мемлекет (1299 - 1922). Осман империясы тарихта ең ұзақ өмір сүрген империялардың бірі болып саналады. 1219 – 1221 жылдардағы Орталық Азиядан батысқа қарай шабуыл жасаған түркі тайпалары ішінде қайы тайпасының көсемі Ертоғрұл Кіші Азияда өз билігіндегі аумақты Византия жерлерін жаулап алу есебінен кеңейте түседі. 1281 ж. Ертоғрұл өлгеннен кейін, оның баласы Осман I сұлтан билігіндегі әмірлікті өз есімімен атап, Осман әулетінің негізін салды.
Осман империясы 14 ғасырдың 20 жылдарында Османның баласы Орханның тұсында қалыптаса бастады. Ол 1326 ж. Кіші Азияның солтүстік батысындағы аса ірі Бурса қаласын басып алып, астана етті. Орхан сұлтан көп ұзамай Никомедияны, Вифинияны, Мизияны, Ионияны жаулап алды.
Сөйтіп 14 ғасырда Еуропаға жақындады. 1389 ж. Баязид I әскері Балқан түбегіндегі елдерді бағындырды. 1453 ж. Мехмед II Фатих сұлтан кезінде Константинополь қаласы алынды. Константинополь қаласының аты өзгертіліп (Стамбұл), Осман империясының астанасына айналды. Константинопольді жаулап алу Осман сұлтандарының мәртебесін көтеріп, империялық құрылымға жол ашты.
Арада 25 жыл өткеннен кейін бүкіл Балқан түбегінен Дунайға дейін Осман империясына қарады. Молдавия мен Валахияға өз ықпалын жүргізді. 1514 – 1515 ж. Армения мен Күрдістан, солтүстік Месопотамия, Сирия, Палестина, Египет, Хиджаз, 1519 ж. Алжирдің бір бөлігі империя құрамына қосылды.
Хиджаз аймағындағы Мекке мен Мәдине қаласына ие болған кейін Селим I барлық мұсылман қауымының дін басшысына айналды. 1521 ж. Белград қаласы алынды, 1526 ж. біріккен Чехия – Венгрия жасақтары талқандалды.
1553 ж. Грузияның батыс бөлігін, 1574 ж. Кипр мен Тунис, кейін Алжир мен Триполи Осман империясының құрамына күшпен кіргізілді. Сондай – ақ 1669 ж. Критті, Подолияны, 1672 ж. Украинаның бір бөлігін басып алды.
Осман империясының 16 – 17 ғасырларда гүлдену дәуірін бастан кешірді. Осман империясының қуатының артуы Сүлеймен I Кануни сұлтанның атымен байланысты болды. Осман империясының жеңістері Еуропа мен Кіші Азияда жаңа өзгерістерді әкелді. Түркі тайпалары жергілікті отырықшы халықпен араласып, византиялық өркениетті тәртіпке бой ұрды. Осы үрдісте Бурса, Эдирне, Стамбұл сияқты негізгі әкімшілік мәдени, сауда және кәсіптік орттар негізгі рөл атақарды. Осман империясының билеушілері рухани бірліктің негізі ретінде исламға ерекше назар аударды. Оңтүстік шығыс Еуропа халықтарын исламдандыру ісін жүзеге асырды. Халық саны өсті, сыртқы және ішкі сауда жанданды. Мәдениеттің әр саласында, әдебиетте, сәулет және бейнелеу өнерінде өрлеу байқалды.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. C.Ә. Тортаев Орта ғасырлардағы Азия және Африка тарихы. Алматы 2009 ж.
2. Васильев Л.C. История Востока: В 2 Т. Т. 1 – М.: Высшая школа, 1998. – 283 – 297 бб.
3. История Востока. Т. III. – M.: Восточная литература РАН, 1999. – 67 – 98 б.
4. Босворт К.Э. История стран зарубежного Востока в средние века. – M., 1970.
5. Cтэнли Лэн – Пуль. Мусульманские династии. – М.Т.Б., 1996.
6. Иванов Н.А. Османское завоевание арабских стран (1516 - 1574). – М.: Наука, 1984.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1. XVI – XVII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ОСМАН ИМПЕРИЯСЫ.
1.1 Осман империясының әлемдік державаға айналуы. 4
1.2 Арабтармен күрес. 4
1.3 Антифеодалдық қозғалыстар. 5
1.4 XVI ғасырдағы Түркия мен Еуропа державалары. 1535 жылғы 6
капитуляция.
1.5 XVI ғасырдағы Түркия мен Ресей. 7
1.6 XVII ғасырдың бірінші жартысындағы көтерілістер. 8
1.7 XVII ғасырдың екінші жартысындағы Түркияның соғыстары. 8
1.8 XVI – XVII ғасырлардағы Осман империясының қол астындағы Араб 9
елдері.
1.9 Түрік мәдениеті. 10

ҚОРЫТЫНДЫ 12

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 15

КІРІСПЕ
Осман империясы Оттоман империясы – Түркияны сұлтандар билеген тұстағы
мемлекет (1299 - 1922). Осман империясы тарихта ең ұзақ өмір сүрген
империялардың бірі болып саналады. 1219 – 1221 жылдардағы Орталық Азиядан
батысқа қарай шабуыл жасаған түркі тайпалары ішінде қайы тайпасының көсемі
Ертоғрұл Кіші Азияда өз билігіндегі аумақты Византия жерлерін жаулап алу
есебінен кеңейте түседі. 1281 ж. Ертоғрұл өлгеннен кейін, оның баласы Осман
I сұлтан билігіндегі әмірлікті өз есімімен атап, Осман әулетінің негізін
салды.
Осман империясы 14 ғасырдың 20 жылдарында Османның баласы Орханның
тұсында қалыптаса бастады. Ол 1326 ж. Кіші Азияның солтүстік батысындағы
аса ірі Бурса қаласын басып алып, астана етті. Орхан сұлтан көп ұзамай
Никомедияны, Вифинияны, Мизияны, Ионияны жаулап алды.
Сөйтіп 14 ғасырда Еуропаға жақындады. 1389 ж. Баязид I әскері Балқан
түбегіндегі елдерді бағындырды. 1453 ж. Мехмед II Фатих сұлтан кезінде
Константинополь қаласы алынды. Константинополь қаласының аты өзгертіліп
(Стамбұл), Осман империясының астанасына айналды. Константинопольді жаулап
алу Осман сұлтандарының мәртебесін көтеріп, империялық құрылымға жол ашты.
Арада 25 жыл өткеннен кейін бүкіл Балқан түбегінен Дунайға дейін Осман
империясына қарады. Молдавия мен Валахияға өз ықпалын жүргізді. 1514 – 1515
ж. Армения мен Күрдістан, солтүстік Месопотамия, Сирия, Палестина, Египет,
Хиджаз, 1519 ж. Алжирдің бір бөлігі империя құрамына қосылды.
Хиджаз аймағындағы Мекке мен Мәдине қаласына ие болған кейін Селим I
барлық мұсылман қауымының дін басшысына айналды. 1521 ж. Белград қаласы
алынды, 1526 ж. біріккен Чехия – Венгрия жасақтары талқандалды.
1553 ж. Грузияның батыс бөлігін, 1574 ж. Кипр мен Тунис, кейін Алжир
мен Триполи Осман империясының құрамына күшпен кіргізілді. Сондай – ақ 1669
ж. Критті, Подолияны, 1672 ж. Украинаның бір бөлігін басып алды.
Осман империясының 16 – 17 ғасырларда гүлдену дәуірін бастан кешірді.
Осман империясының қуатының артуы Сүлеймен I Кануни сұлтанның атымен
байланысты болды. Осман империясының жеңістері Еуропа мен Кіші Азияда жаңа
өзгерістерді әкелді. Түркі тайпалары жергілікті отырықшы халықпен араласып,
византиялық өркениетті тәртіпке бой ұрды. Осы үрдісте Бурса, Эдирне,
Стамбұл сияқты негізгі әкімшілік мәдени, сауда және кәсіптік орттар негізгі
рөл атақарды. Осман империясының билеушілері рухани бірліктің негізі
ретінде исламға ерекше назар аударды. Оңтүстік шығыс Еуропа халықтарын
исламдандыру ісін жүзеге асырды. Халық саны өсті, сыртқы және ішкі сауда
жанданды. Мәдениеттің әр саласында, әдебиетте, сәулет және бейнелеу
өнерінде өрлеу байқалды.

1. XVI – XVII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ОСМАН ИМПЕРИЯСЫ.
1.1 Осман империясының әлемдік державаға айналуы.
XVI ғасырдың қарсаңында Осман империясы өзінің қол астына Балқан
түбегін түгелдей дерлік бағындырды. Енді түрік сұлтандары 1501 ж.
Әзербайжанда бұрынғы Ақ Қойлылар мемлекетінің орнында құрылған Сефевилер
мемлекетімен күресе бастады. Шешуші шайқас 1514 ж. тамыз айында Шалдырған
жазығында (Маку қаласының маңында) болды. Осман түріктерінің әскері жеңіске
жетті, Тавризды басып алды. Сұлтан Селим I Исмаил Шахтың қазынасын, бала –
шағасын Стамбулға алып кетті. Сондай – ақ Тавризден 700 ұста – шеберлердің
отбасы да Стамбулға көшірілді.
1515 жылғы бітім шарты бойынша Түркияға Батыс Армения Эрзерум
қаласымен, Ирактың Мосул қаласына дейінгі солтүстігі қосып алынды.
Арменияның жартысы, Күрдістан, Ирактың көп жері және Әзербайжан сефевилер
мемлекеті құрамында қалды. Түркия мен сефевилер мемлекеті арасындағы
Закавказье үшін күрес 1555 жылға дейін толастамады. Бұл күрес суннит
түріктердің шиит қызыл бастарға қарсы күресі ретінде жүрді.

1.2 Арабтармен күрес.
Түріктер XVI ғасырда көптеген араб елдерін басып алды. Ең алдымен
1516 – 1517 ж.ж. сұлтан I Селимнің кезінде бостандығынан құрамында Ливан
мен Палестина бар Сирия және Египет айырылды. Түрік үстемдігіне дейін онда
мамлюктердің әскери – феодалдық кастасы билік құрды, оны мамлюк сұлтаны
басқаратын. Мамлюктер астанасы Каир болды.
1515 – 1517 жылдары түрік сұлтаны I Селимның әскері Сирия мен Египетті
басып алды. Түрік армиясы оқ – дәрімен атылатын қару – жарақпен қаруланған
еді. Мамлюктер қылыш, найза, садақпен ғана қаруланған болатын. Түрік
зеңбіректерінің гүрсіліне шыдай алмай, кейін қарай жосылған мамлюктердің
сұлтаны аттан құлап өлді.
Түріктер Сирияның астанасына жақындай бергенде жергілікті халық
мамлюктерге қарсы көтеріліске шықты. Түрік сұлтаны I – Селим Дамасске
салтанатты түрде келіп кірді. Ал Палестина қалалары түріктерге қарсылықсыз
– ақ беріліп отырды. Тек Египетте мамлюктер түріктерге айтарлықтай
қарсыласып бақты. Кансу Гураның орнын басқан мамлюктердің жаңа басшысы
Тұманбей әскери бекініс тұрғызуға бұйрық берді. Ол Венециядан 80 зеңбірек
сатып алып, Каирдың шет жағасына орналастырды. Бірақ зеңбіректерді іске
асыратын мамандар болмағандықтан пайдалана алмады.
1517 жылдың басында I – Селим бастаған түрік армиясы Каирды басып
алды. Туман – бейді Египет бедуиндері Селимге ұстап берді. Ол Каирде дарға
асылды. Египеттен кейін түріктер Хиджазды Батыс Аравия басып алды.
Мұсылмандар үшін бұл ең “қасиетті ел” болып саналды. Жыл сайын Мекке мен
Мединаға Шығыстың көптеген елдерінен миллиондаған адамдар қаржылыққа барып
тұрды. Бұл ел егінді Египеттен алып тұратын. I – Селим Египетті жеңгеннен
кейін Меккедегі Кааба храмының кілтін алды. Енді ол өз лауазымына “қос
қасиетті қаланың қызметкері” деген атақты қосып алды.
XVI – ғасырда түрік мемлекетінің әскери – феодалдық құрылысы өзінің
дамуының ең жоғары дәрежесіне жетті. Осман империясындағы қалыптасқан
әлеуметтік тәртіптер I – Сүлеймен сұлтанның 1520 – 1566 тұсындағы арнаулы
заң актілерімен бекітілді. I – Сүлеймен Кануни деген атақ алған. Ол “заң
шығарғыш” деген сөз. Заң жинағы “Канун - намэ” деп аталды. Бұл заң бойынша
шаруалар феодалдың рұқсатынсыз кете алмайтын болды, яғни шаруалар жерге
түпкілікті бекітілді. Кедейленген шаруалардың қалаға кетіп, қолөнерімен,
тағы басқа іспен айналысуына рұқсат етілмеді. Әрине, бұл шара қала мен оның
экономикасының дамуына зиян келтірді.
Сүлейменнің заңдары орталық өкіметті нығайтуға бағытталды. Енді жер
үлесін бөлу жергілікті әкімшілік емес, сұлтанның өз қолына көшті. Заң
бойынша янычарлар саны 20 мыңға жетті. Янычарлар ортаға ротаға бөлінді.
Олардың қару – жарағы жетілдірілді, 300 зеңбірек, 200 кемелік флот ұстауға
мүмкіндігі болды.
Түрік қоғамы негізгі 4 сословиеден тұрды: 1) оқымыстылар, рухани
феодалдар (үлемдер); 2) әскери феодалдар; 3) көпестер мен қала тұрғындары;
4) шаруалар (райлар - табындар). Қала тұрғындары мен шаруалардың құқықтары
шектеулі болды.

1.3 Антифеодалдық қозғалыстар.
XVI ғасырдың басында Кіші Азияның шығысында шаруалар көтерілісі болды.
Оның көсемі өзін Шах – құлы деп Исмаил шахтың атады. Сөйтіп, ол өзін
шииттік бағытты жақтаушы екенін білдірді. Оны сунниттік бағыттағы түріктер
Шайтан құлы деп атады. Түрік әскері көтерілісшілерді Сивас қаласының
оңтүстігінде талқандады. Аман қалған көтерілісшілер Әзербайжанға қашты.
Шаруалардың жаңа көтерілістері Токата мен Амасья аудандарында өріс
алды. Оны Нұралы деген шаруа басқарды, ал ол өлген соң Жәлел басқарды. 1519
жылы оның отрядтары Анкара маңында талқандалды. 1525 жылы Баба – Зуннун
басқарған көтеріліс болды. Көтерілісшілер Сивас қаласының маңында
талқандалды. 1526 жылы Малатья ауданында көтеріліс болды. Көтерілсті шиит
бағытын ұстанушы Календершах басқарды. Ол көтеріліс те жеңіліске ұшырады.
Осман империясының сыртқы саясаты бай Закавказье жерлерін бағындыруды
көздеді. Бірақ түрік – османдардың бұл арманын жүзеге асыруға Сефевилер
кедергі келтірді. 1525 жылы Турция Алжирды басып алды. 1524 жылдан 1533
жылға дейін Турция Габсбургтер империясымен соғыс жүргізді. Ол соғыс
Венгрияны жаулап алумен аяқталды. Шешуші шайқас 1526 жылы Дунайдағы Мохач
қаласының маңында болды. Венгр, чех әскерлерін талқандап, түріктер Буда
және Пешті алды. Трансильван воеводасы Иоанн Запольені Венгрияның королі
етіп тағайындады да, оны өзінің вассалы деп жариялады.
1529 жылы түріктер Венаны біраз уақыт қоршап, ала алмай кейін қайтты.
1547 жылғы келісім бойынша Венгрияны Австрия мен Түркия бөліп алды.
Трансильвания Румынияның солтүстігі Түркия вассалына айналды.
Закавказьедегі соғыс әрекеттерін Түркия 1533 – 1538, 1547 – 1555, 1578 –
1588 жылдары жалғастырды. Осман империясы мен Сефевилер державасы
арасындағы 1555 ж. Амасьеде жасалған бітім шарты бойынша Батыс Армения
Ван көлінің бассейні , Батыс Грузия Түркия қарамағына көшті. Ал Шығыс
Армения мен Шығыс Грузия – Иран мемлекетінің қол астына кірді. Түріктер
Арменияны күрдтердің билеп – төстеуіне берді.
Арменияның үстем таптары азаттық күресінде үміттерін Батыс Еуропа
елдеріне, әсіресе Венеция көпестеріне артты. Әрине, Венеция тек армяндардың
бостандығы туралы емес, өзінің саудадағы үстемдігін ойлады. Закавказье
халықтары үшін, әсіресе 1578 - 1588 жылдардағы иран – түрік соғысы өте ауыр
болды. Түріктер Грузияға басып кірді, Тбилисиді басып алды. Түрік әскерлері
Арменияға кіріп, Ереванды талқандады. Ганжа мен Ширванды басып алып,
Дербентке дейін жетті.
1578 ж. Карабах пен Оңтүстік Әзербайжанды да қол астына қаратты. 1578
жылы Қырым татарларының көмегімен Шемаха, Баку қалаларын, келесі – 1579
жылы – Тебризді басып алды.
1578 жылы Грузияның басып алынған жерлерін Гурджистан уалаятына
айналдырды. Ал ислам дінін қабылдаған грузин бай – феодалдарының мал –
мүліктері аман қалды. 1595 ж. Гурджистанда ең алғашқы адам санағы
жүргізілді. Бұл санақ бойынша жыл сайын түрік қазынасына 9,5 млн. сом
салықтан жиналатын ақша түсіп тұратын болды. 1590 жылғы иранмен жасалған
бітім бойынша Бүкіл Закавказье Түркияның қол астына көшті.

1.4 XVI ғасырдағы Түркия мен Еуропа державалары. 1535 жылғы капитуляция.
Австрия мен Испанияны билеп отырған Габсбургтер әулетімен жүргізілген
күрес Түркияны Франциямен одақтасуға итермеледі. Франция мен Турция
Габсбургтерді Солтүстік Италиядан қуып шығу үшін күресті. Франция Жер Орта
теңізіне өту үшін, Турция Венеция мен Генуяны әлсірету үшін күресті. Ал бұл
екеуі Габсбургтер империясы мен оның одақтасы Рим папасының қолдауына
сүйенді. Түркия француз көпестеріне өте көп жеңілдіктер жасады.
1535 жылғы франко – түрік келісімі “бірінші капитуляция” деген атпен
әлемге әйгілі болды. Мұнда көрсетілген жеңілдіктер Түркия тарапынан бұрын
Венеция пен Генуяға жасалған болатын. Бірақ француз көпестеріне берілген
артықшылықтар бара – бара француз ұлтына тарады. Бұл артықшылықтар үшін
Түркия ақы алған жоқ, бірақ қашан тоқтатам десе өз еркі болды. Француз
көпестері Түркиядағы қылмыстық жаза қолданатын тәртіп бұзғандағы үшін сотқа
тек өз елінде ғана тартылатын болды, яғни түрік соттары француз көпестерін
жазалай алмайтын болды.
1580 Англия өзінің Левант сауда компаниясын ұйымдастыруға Түркиядан
рұқсат алды. Бұл компания шығыс елдеріне еніп, олардан шикізат алып отыру
үшін керек еді. Осы кезден бастап Франция мен Англия көпестері арасында
Таяу Шығыста бәсекелестік туды. Кейін бұл екі мемлекет Осман империясындағы
экономикалық және саяси үстемдік үшін күрес жолына түсті.
XVI ғасырдағы Түркияның Англиямен, Франциямен келісімдері Түркияны
соңғы екі мемлекеттің сыртқы саясатына тәуелді етті, елдің экономикалық
жағдайын нашарлатты.

1.5 XVI ғасырдағы Түркия мен Ресей.
Бұл екеуінің арасындағы ең бірінші байланыстар XV ғасырдың аяғында
Түркияның қалауы бойынша орнатылды. Ресейге жіберілген ең бірінші Түрік
елшілігін польша – литва үкіметі ұстап алып жібермей қойған болатын. 1497
жылы Түркияға М. Плещеев аттандырған орыс елшілігі келді. Ол түрік
үкіметінің алдына Азов пен Кафа Феодосия қалаларынан Қара теңізге
шығатын сауда жолдары туралы мәселе қойды.
Екі жылдан соң Түркияға тағы бір елшілік аттанды. Сұлтан орыстарға
достық өмір сүруге, Түрік жерлерінде орыс көпестерінің саудасына ыңғайлы
жағдай туғызуға уәде берді. Ол кезде Түркия да, Ресей де ешқандай саяси
немесе аумақтық мәселелер көтерген жоқ. Бұл мәселелер XVI ғасырдың басынан
орын ала бастады. 1514 жылы түрік сұлтаны сауда мәселелерімен қатар
Мәскеуде тұтқында отырған Қырым Ханы Абдуллатифты қайтаруды талап етті. Бұл
талап орындалмаған соң түріктер орыстардың ноғайлардағы елшісі Семен
Мальцевті тұтқынға алды.
Орыс қазақтарының басқыншылығы, олардың Түркия шекарасына жақын жерге
қоныстануы, қамалдар тұрғызуы, орыстардың түркі тілдес Астраханб, Қазан
хандықтарын басып алуы, Қабарда халқын езгіге салуы 1557 - осының бәрі
1569 жылғы I – орыс – түрік соғысының себебі болды.
Түріктің 60 мыңдық әскері 1569 ж. жазда шілде – тамыз Астраханьға
15 қыркүйек сәтсіз шабуыл жасап, кейін қайтаруға мәжбүр болды.
Кавказдағы түркі тілдес халықтар бірауыздылық танытпады, түріктерге көмек,
қолдау көрсетпеді. Бұл кезде Ливон соғысында есі шығып жатқан орыстарды
түріктердің жеңуіне, әрине, болатын еді. IV Иван түріктердің Астраханьнан
кейін қайтқанына қуана – қуана дереу келіссөз жүргізуге елшілер жіберді.
Түріктер Астраханьның Ресейге қосылғандығын мойындауға мәжбүр болды. Бірақ
Астрахань арқылы мұсылмандардың қажылыққа барып тұратын жол ашуды,
орыстардың Теректегі қамалын жоюды, Солтүстік Кавказға орыстардың
жақындамауына талап етті.
1569 жылғы жеңілістің кінәсін сұлтан Қырым ханы Дәулет – керейге
артты. Ол Қырымға шетелдіктердің шабуыл жасауынан қорқып, сұлтанның
Астрахань түбінде қыстау керек деген бұйрығын орындамай, әскерін алып
кеткен болатын. Дәулеткерей өз кінәсін жуып – шаю үшін 1571 жылы Мәскеуді
талқандап қайтты. Бірақ уақыт өтіп кетті. Келесі, 1572 жылы Қырым ханының
орыстардан тас – талқаны шығуы түріктерді онан әрі әлсірете түсті.
1568 жылғы Австрия мен Түркия арасындағы Венгрия үшін қақтығыс бейбіт
бітім шартымен аяқталды. Австрия Венгрияның біраз бөлігін алып қалды, бірақ
сұлтанға жыл сайын 30 мың дукат салықты сыйлық ретінде төлеп тұратын болды.
Австрия сондай – ақ Валахия, Молдавия, Трансильванияның Түркияға вассалдық
тәуелсіздігін мойындады. 1570 – 1573 – жылдары Түркия Кипр аралы үшін
Венециямен соғысты. Соғыстың басында Түркия Кипрдің басым көпшілігін,
астанасы Никозияны басып алды. Бірақ Жерорта теңізіндегі саудада үлкен
маңызы бар Кипрдің тәуелсіздігін сақтап қалу үшін Венеция, Австрия,
Испания, Генуя, тағы басқа мемлекеттер Түркияға қарсы одаққа бірікті.
Шешуші шайқас 1571 жылғы 7 қазанда Лепанто қаласында Патраикос
шығанағында болды. Одақтастар жағынан 207 галера, 6 галеас қатысты. Оны
Испания королі II – Филипптің інісі Хуан Австрийский басқарса, түріктердің
210 галерасы мен 66 галиотын Али – Паша Муэдинзаде басқарды. Түрік флоты
бұл шайқаста талқандалды: 224 кемесінен айырылды. Оның 117 – ін одақтастар
қолға түсірді. Одақтастар 15 галерасынан айрылды. Бірақ бұл шайқас соғыс
барысына әсер ете алмады. Одақтастар арасындағы алауыздықты түріктер орынды
пайдалана білді. Олар тез жаңа флот құрып, соғысты табысты аяқтап шықты.
1573 жылғы бейбіт бітімі бойынша Венеция Кипрді Түркияға беріп тынды. XVI
ғасырдың екінші жартысындағы соғыстар Түркияны айтарлықтай әлсіретіп
тастады.
XVI ғасырдың аяғынан бастап османдардың жаулап алуы аяқталды. Олжаның
түсуі тоқтағаннан кейін сұлтан қазынасының табысы кеміп кетті. Салықтар мен
міндеткерліктер өсті. Әскери – феодалдар әскердегі қызметі үшін алған
иеліктерін өзінің жеке меншігіне айналдыра бастады. Олардың көпшілігі
жорыққа қатысудан жалтарды. Армияның саны кеміді. Сөйтіп, XVI ғасырдың
аяғынан Осман империясының құлдырауы бастады.

1.6 XVII ғасырдың бірінші жартысындағы көтерілістер.
1595 жылы көтеріліс Ирактың солтүстігі мен Сирияда болды. Бұл
антифеодалдық қозғалыс еді. Көтерілісті Урфа қаласынан шыққан ағайынды
Абдалхалим мен Дели – Хасан басқарды. Көтерілісшілер 1600 жылы Кайсери
маңында сұлтан әскерін талқандады. 1601 жылы көтерілістер сәтсіздікке
ұшырады. Қара – Язшы деп аталып кеткен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Осман - түрік мәдениеті
Кейінгі орта ғасырдағы Осман империясы
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал
Осман империясының құрылуы мен мәдениеті
Орта ғасырлардағы Tүркия
Осман империясының әлеуметтік-экономикалық дамуы және араб елдерін жаулап алуы
«Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Осман мемлекеті және Түркия Республикасы Осман мемлекетінің құрылуы
Осман империясының тарихы
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Пәндер