Қазақстан – президенттік Республика: ерекшелігі


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

I Кіріспе . . . . . …. . … . . . . 3

II Негізгі бөлім . . …… . . . …. . …… . . . …4-13

а) Президент мансабын бекіту (1990 ж) және бұл қадамның Қазақстан

үшін маңыздылығы . . . 4-7

ә) Қазақстандағы президенттік институттың даму кезеңдері . . . 7-15

III Қорытынды . . . ……… . . . 16

IV Қолданылған әдебиеттер . . . 17

Кіріспе

Президент - бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап береді.

Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады. Конституция Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететіндігін орнықтырды. ҚР-ның Конституциясында мемлекеттік билікті заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу орнықтырылған. Осы принципке орай биліктің әр тармағына өз қызметтерін орындау үшін қажетті деңгейде жеткілікті түрде өкілеттіктер берілген. Тек парламент заң шығару өкілеттігін берген жағдайда ғана шектеулі уақыт ішінде Президент заң қабылдай алады. Сот билігін жүргізуге Президенттің құқығы жоқ. Сондай-ақ атқарушы билікке қатысты да Президент заңда көзделген шараларды ғана қолдана алады. Одан әрі, ҚР-сы Конституциясында көзделген тежеушілік және тепе-теңдік жүйесі Президенттік биліктің барлық билік тармақтарынан жоғары тұруына мүмкіндік бермейді. Президентке Парламенттің және сот билігінің қызметін бақылау құқығы берілмеген.

Президентті жабық дауыс беру жолымен жеті жылға тікелей сайлау негізінде халық сайлайды. Және сайлау баламалы сипатта өтеді. Конституция бір адамның Президенттік лауазымға қатарынан екі мерзімнен артық сайлануына жол бермейді. Президент өзінің норма шығармашылық өкілеттігін шеңберінен артық пайдаланған жағдайда Конституциялық Кеңес оның нормативтік актілерін заңсыз деп тани алады.

ҚР-сы Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарынның рәмізі және кепілі болып табылады. Президенттің халық бірлігінің рәмізі болып табылатынының себебі, оны мемлекет басшылығына көпұлтты халық сайлайды. Президент халық еркінің бірлігін білдіреді. Сондықтан Президент халық атынан сөйлеуге құқылы. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа заңдарының сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігін қамтамасыз етуі тиіс.

Президент мансабын бекіту (1990 ж) және бұл қадамның Қазақстан үшін маңыздылығы

Негізгі бөлім

Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) - тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Туып-өскен жері-Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы. Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқара бастады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Министрлер Кеңесінің төрағасы (1984-1989), әрі Кеңес Одағы Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі (1990-1991), Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан-сәуір айлары) болып қызмет атқарды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сәуірінде Н. Ә. Назарбаевты Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының ең алғашқы Президенті етіп сайлады. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Президенті ретіндегі қызметінің заңға сәйкес екенін 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлау одан әрі орнықтыра түсті. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауының Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сәйкес Н. Ә. Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті лауазымымен қызметке кірісті.

Барлық қиындықтарға қарамастан, 1990 -1991 жылдары еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев іс жүзінде Қазақстанның институттық негіздерін қалыптастырып, болашақ егемендігіміздің іргетасын қалады.

1990 жылдың 25 қазанында "Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы” декларация қабылданды.

Декларация елдің толық мемлекеттік тәуелсіздігі жолындағы мемлекеттік-құқықтық жүйесін одан әрі дамытуды қамтамасыз еткен жас мемлекеттің алғашқы негіз қалаушы заңнамалық актісі болды. Оның үстіне, құжат мемлекеттік билікті заңнамалық, атқарушылық және сот жүйелеріне бөлу қағидатын бекітті. Осы орайда Жоғарғы Кеңес заң шығарушы биліктің айрықша артықшылығын алса, Президент Мемлекет басшысы ретінде - бұйрықты-атқарушылық билікке, Жоғарғы Сот сот билігіне ие болды.
Қазақстан Президентінің сол кезде жұмыс істеген мемлекеттік басқару құрылымдарындағы реформаға бағытталған келесі қадамы да заңды еді. Осыған байланысты 1990 жылдың 20 қарашасында Қазақстан Президенті "Қазақ КСР-індегі мемлекеттік билік құрылымдарын жетілдіру мен басқару және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі Заң) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңға қол қойды. Жаңа заңға сәйкес Вице-президент, Премьер-Министр және мемлекеттік кеңесшілер лауазымдары енгізіліп, Министрлер Кеңесі таратылды және Министрлер Кабинеті құрылды; Президент жанынан консультативті-кеңесші орган - Республика Кеңесі пайда болды. Сондай-ақ мемлекеттік биліктің жергілікті органдары қайта құрылып, олар Халық депутаттарының кеңесі деп аталды. Олардың өкілеттіктері айтарлықтай кеңейтілді.

1991 жылғы 16 қазанда Мемлекет басшысы Қазақ ССР-і Президентін сайлау туралы Заңға қол қойды. Нақ осы күзде Қазақстан Магниткасының металлургтері Н. Ә. Назарбаевты елдегі тұңғыш жалпыхалықтық сайлауда президенттікке кандидат етіп ұсынды.

Жаңа Одақтық шартты қабылдауға байланысты, оған қол қоюдан бірқатар республика басшылары бас тартқан 1991 жылғы 21 қазан оқиғаларынан кейін күйреген КСР Одағының ыдырауын растайтын айқын көрініс қалыптасты.

1991 жылғы 1 желтоқсанда, шиеленісті сайлау алдындағы күрес нәтижелері қорытындыланғаннан кейін Н. Ә. Назарбаев дауыс беруге қатысқан қазақстандықтардың 98 пайызынан астамының қолдауын алып, бүкіл халық сайлаған тұңғыш Президент болды.
Мемлекет басшысының алғашқы аса маңызды іс-қимылының бірі оның бастамашылығымен әзірленген "Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы" Қазақстан Республикасын әлемге жария еткен Заңға 1991 жылғы 10 желтоқсанда қол қойылуы болып табылды.

1991 жылғы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына Президенттің қол қоюының және жаңа тәуелсіз мемлекеттің шынайы егемендігін жариялаудың Қазақстан халықтары үшін өміршең маңызы болды.

Конституциялық - құқықтық институттар дегеніміз қоғамдық қатынастың бір жақты және өзара байланысын реттейтін және біршама өзіндік топтар құрайтын конституциялық құқық нормаларының жиынтығы.
Президенттік институт, , . Осы мемлекеттікмодельде, қазірбейбіттіжәнеаман-есенқазақстандықтар, -міздеөмірсүруде.

Қазақстан қоғамының барлық күштерін республиканың басына түскен экономикалық және әлеуметтік дағдарысты еңсеру үшін топтастыру мақсатында, елдің күллі халқының сенім мандатын алу, бастаған реформаларды жедел әрі табанды жалғастыру үшін Мемлекет басшысы Қазақстан Президентін жалпыхалықтық сайлау өткізу жөнінде адал әрі батыл саяси шешім қабылдады.

1991 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Президентінің бастамашылығымен жиналған бүрынғы 11 одақтас республика басшылары жаңа бірлестік - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының н егізін қалаушы құжат болтан Алматы декларациясына қол қойды.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығы тарихындағы аса жарқын құжаттардың бірі "Қарапайым адамдарға қарай қарапайым он қадам" бағдарламасы мен Еуразия одағының моделі болып табылады, оларда Президент Н. Ә. Назарбаевтың жан азабы мен ақиқаты - өз елінің қарапайым адамдары және тарих пен тағдыр тәлкегіне орай бір сәтте шекараның екі жағында қала берген бұрынғы КСРО азаматтары жөніндегі қамқорлығы шоғырланып, көрініс тапқан. Және де ақиқат пен әділеттілікке жүгіне отырып, Н. Ә. Назарбаевтың адамдарға көмек беру және олардың өмірін жеңілдету тұрғысындағы жарқын идеясы мен шынайы үмтылысын осынау оң іс-ниет арналған жандардың жылыұшырай қабыл алғанын есте сақтаған жөн. Бағдарламаның ТМД-да қабылдануы, Қазақстан Президентіне жолданған жүздеген, тіпті мыңдаған алғыс хаттар осының куәсі болып табылады.

Елдің жаңа мемлекеттілігін құру Қазақстан тәуелсіздігі мен егемендігінің жаңа нышандарын әзірлеп, қабылдауды да талап етті. Осынау жаңа мемлекеттік нышандарға ие болу тарихи факті Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалауы туралы", "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы", "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік гимнінің музыкалық редакциясы туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойған 1992 жылғы 4 маусымда жүзеге асты.

1992 жылғы 6 маусымда Республика Президентінің Резиденциясы үстінде көгілдір жалау - егемен Қазақстанның жаңа рәмізі көкке желбіреді.
Өткен онжылдықта Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы" (1992 жыл) атты хрестоматиялық кітабында көрсетілген президенттік басқару нысаны тән мемлекет құрылысы, заң шығару және сот билігін реформалау, экономика мен әлеуметтік саланы түбегейлі реформалау үшін нормативтік база жасау жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыру мақсатты түрде әрі жоспарлы жүзеге асырылды.

Елде құқықтық реформаны жүзеге асыру мен жаңа заңдар базасын жасаудың басталар нүктесі 1993 жылғы 28 қаңтарда өтпелі кезеңдегі Қазақстан Конституциясын қабылдау болды.
Осы кезеңде республика басшылығықолға алған батыл саяси қадамдар "Ресей синдромын" болдырмауға мүмкіндік берді. Қазақстанның өкілді және атқарушы органдарын реформалау, орталық мемлекеттік және жергілікті органдар өкілеттіктерін бөлу, Халық депутаттары кеңесі тәрізді коммунистік өткеннің көнерген көбесін сөгу - осының куәсі. 1993 жылғы 10 желтоксанда "Қазақстан Республикасынын Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттіктер беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Алайда бұл да, әлемнің тез өзгеріп жатқан жағдайларында, жеткіліксіз болып шықты. 1994 жылғы 7 наурызда сайланған Қазақстанның түңғыш кәсіби парламенті жедел даму үстіндегі ахуалға барабар оңтайласуға дайын болмай шықты. Дауыстарды санау тұрғысында сайлау қорытындылары елдің Конституциялық сотының 1995 жылғы 10 наурыздағы шешімімен заңсыз деп танылды.

1995 жылғы 25 наурызда қоғамның бірлігін сақтау мен елдегі саяси және әлеуметтік жағдайдың терең жарықшақтануына жол бермеу мақсатында, елдің барлық үлттары мен халықтарының мүдделерін зерделеу мен есепке алу, сондай-ақ жан-жақты және тең құқықты дамуы үшін 1994 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған бірегей қоғамдық орган - Қазақстан Халықтарының ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін үзарту жөнінде республикалық референдум өткізудің қажеттілігі туралы қарар қабылдап, аталған үсыныспен Мемлекет басшысына өтініш білдірді.
Қалыптасқан ахуалды негізге ала отырып, сондай-ақ қоғамның жіктелуіне жол бермеуге Президенттен шаралар қолдануын талап еткен ел түрғындарының күллі әлеуметтік топтарының пікірін ескере отырып, Мемлекет басшысы уақыт талабына орай референдум өткізуге шешім қабылдады.

1995 жылғы 29 сәуірде өткізілген референдум қорытындысында Қазақстан Республикасы Президент! өкілеттігінің мерзімін ұзартуды жақтап сайлаушылардың 95, 46 пайызы дауыс берді және Н. Ә. Назарбаевтың реформашыл жолын бүкіл халық болып қолдайтынының жарқын куәсі болды.

Осы кезеңде Президент қызметі әдеттегіден әлдеқайда қауырт та ауқымды еді. Парламент тараған кезде Мемлекет басшысы жауапкершілік жүгін батыл түрде өзі қолға алып, жаңа әрі жеткілікті нормативтік-құқыктық база жасау жолымен экономиканы жандандыруға бағытталған 511 жарлық шығарды, оның 132-сінің заң күші бар еді. Дәл осы уақытта реформаны жалғастыру үшін өмірлік қажеттіліктен туындаған "Жер туралы", "Мүнай туралы", "Ұлттық банк туралы", "Акциздер туралы", "Банкроттық туралы" және басқа заңдар шығарылды. Мемлекет басшысының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы", "Қазақстан Республикасынын Президенті туралы", "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасынын Үкіметі туралы", "Республикалык референдум туралы", "Қазақстан Республикасындағы шет ел азаматтарының құқықтык жағдайы туралы", "Мемлекеттік қызмет туралы", "Қазақстан Республикасынын соттары және судьялардың мәртебесі туралы", "Казакстан Республикасынын прокуратурасы туралы", "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы", "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" және мемлекеттік құрылыс мәселелеріне арналған көптеген басқа да актілері жарық көрді.

Реформаларды жалғастыру және тереңдету үшін Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен және тікелей қатысуымен әзірленген елдің жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумның маңызы аса зор болды.

Жаңа Конституцияны қабылдауды білдірген 1995 жылгы 30 тамыздағы референдумның жагымды қорытындылары (сайлаушылардың 89 пайызы жақтап дауыс берген) таңдаған жолдың дүрыстығын тағы да дәлелдеп берді.
Президенттің Қазақстан Республикасының егемендігін жариялауымен бірге аумақтық түтастықты сақтау мен елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің неғұрлым өткір мәселелері де шешімін тапты.
Қазақстанның әлемдік аренаға ұмтылуы, бірінші кезекте, Мемлекет басшысының белсенді сыртқы саяси қызметіне байланысты.
1990жылдан бергі кезеңде Қазақстан Республикасының Президенті іс жүзінде әлемнің барлық іргелі елдеріне 138 мемлекеттік, ресми және жүмыс сапарларын жүзеге асырды. Ресей мен АҚШ-қа, ҚХР мен Үлыбританияға, Францияға, Италия мен Испанияға, Швейцария мен . Австралияға, Үндістанға, СаудАрабиясынажәне баска да араб .

Н. Ә. Назарбаевтың шет елдерге сапарлары барысында Қазақстанда қүрылған жеткілікті нормативтік-құқықтық база негізінде өзара тиімді ынтымақтастық жобаларына назарлары ауған әлемдік бизнес-элитаның өкілдерімен көптеген кездесулер өткізілді.
Қазақстанда Алматы инвестициялық саммиті және кәсіпкерлер форумы өткізілді; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі табысты жүмыс істеп келеді.
Мемлекет басшысының 1996 жылғы Жарлығымен Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитет қүрылды, ал 1997 жылғы ақпанда Қазақстан Президенті "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" Заңға қол қойды.
Инвестициялық қызметтің өрістеуі Қазақстан экономикасын жандандырды. Ахуалды дамытуда Мемлекет басшысы арнайы нормативтік-құқықтық актілерді шығару жолымен шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыруға, әйелдерді бизнеске тартуға бағытталған шаралар қабылдады.
Елдегі кәсіпкерлікті дамытуға Мемлекет басшысының "Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы", "Кәсіпкерлік қызмет бостандыгына мемлекеттік кепілдіктерді іске асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазакстан Республикасы Президентінің Жарлығына толықтырулар енгізу туралы", "Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың басымдықтары мен аймақтық бағдарламалары туралы" жарлықтары серпін берді.

Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен әзірленген сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заң, экономикалық қылмыстармен және жалпы қылмыспен күресуге бағытталған шаралар кешені үлкен маңызға ие.
құрылымдары жоспарлы түрде жетілуде. Салалық министрліктер жойылды және қазіргі жүмыс істеп түрғандары оңтайландырылды, бүрынғы КСРО-ның тарихындағы соңғы да ең ауыр экономикалык токыраудың себебі болған материалдық-техникалық ресурстарды бөлудің орталықтандырылған жүйесі бөлшектелді.
Нарықтық экономиканың тетіктерін өмірге енгізу және кәсіпкерлікті дамытумен қатар мемлекеттік қызметті реформалаудың мәселелері шешілді, мемлекеттік басқару органдарының саны азайды және шенеуніктік аппарат қысқарды.

Мемлекеттік басқару органдарын оңтайландыру елдің күш-қуат қүрылымдарын - Ішкі істер министр л ігін, ҰҚК-ін, тергеу, алдын ала тексеру жүргізу және сот органдарын, тәуелсіз Қазақстанның армия сын реформалауға ықпал етті.

Қазақстанның бірқатар облыстарының тиімді түрде біріктірілуі шенеуніктер қатарын едәуір қысқартты.

Салық салу және бюджетті жоспарлау, банк саласының жүйелері түбегейлі қайта қаралды және қайта қүрылды. Зейнетақымен қамтамасыз ету реформасы жүргізілді, жүмыспен қамту және медициналық сақтандыру қорлары құрылды.

Он жыл ішінде экономиканың басты басымдықтары іске асырылды: макроэкономикалық түрақтану, меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру жүзеге асырылды; түтыну нарығы толықты; әлеуметтік нарықтық экономика қалыптасты; меншіктің барлық нысанындағы кәсіпкерлікті дамыту үшін нормативтік-құқықтық база қүрылды.
Егемендік алғаннан бастап тәуелсіз Қазақстан аумағы жонінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет болды әрі осындай үлан-ғайыр аймақта экономикалық тоқыраудың өте ауыр жағдайларында басталған әлеуметтік-экономикалық реформалар ел түрғындарына ауыртпалығын түсірмей қойған жоқ. Алайда, инфляция 2000 пайызға жеткен, экономикалық байланыстар үзілген және қолма-қол ақша қаражаттарының зәрулігі сезілген ерекше қолайсыз ахуалға қарамастан, Қазақстан, Ресей секілді, қоғамды және экономиканы реформалау қарқыны жөнінен басқа барлық бүрынғы кеңестік республикаларды басып озды.

Тәуелсіз Қазақстанның өзіндік экономикалық және әлеуметтік саясатын жүргізуге ықпал еткен маңызды және стратегиялық факторлардың бірі дер кезінде әзірленген үлттық валюта - теңгенің енгізілуі болды, ол бүрынғы кеңестік кеңістікте пайда болған валюталардың ең жақсыларының және түрақтыларының бірі деп мойындалды.

Тәуелсіз мемлекеттің қажетті нышаны болып табылатын теңге елдің қаржы-ақша жүйесін жүмыс істейтін жағдайға келтіруге, ақша айналысындағы қаражаттың жетіспеушілігі проблемасын шешуге ықпал етті.

Қазақстан қазіргі уақытта бұрынғы кеңестік экономикалық және соңғы әлемдік валюта-қаржы дағдарысының зардаптарын толығымен жеңіп шықты. Елдегі макроэкономикалық ахуал түрақтанды, экономиканың дамушы салалары сауықтырылды және отандық тауар өндірушілерді дамыту мен қолдау бағыты іске асырылуда.

Республикада құрылған нормативтік-құқықтық база адамдардың санасын өзгертуге ықпал етті әрі қоғамды жаңа болмысты қабылдауға - меншіктің барлық түрлерін мойындауға негізделген, мемлекеттің араласуынан азат еркін нарықтық экономикаға бұруға мүмкіндік туғызды.
Қазақстан тарихи қысқа мерзімде басты мемлекеттік мәселені шешті әрі елдің нақты тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазақстан қоғамындағы азаматтардың дүниетанымында терең өзгеріс болды, өндірістің социалистік тәсілінен шаруашылықты жүргізудің нарықтық әдістеріне өтумен байланысты экономиикалық құрылыс өзгерді.

Мемлекетте жаңа құрылыстың қалыптасуының маңызды көрсеткіші шағын және орта кәсіпкерлердің санының өсуі болды. Осылайша, халқының саны салыстырмалы түрде көп емес (жершары түрғындары санының 0, 2 пайызы), Қазақстанда, бір ғана онжылдық ішінде шағын және орта бизнестің 200 мыцдай жаңа кәсіпорындары пайда болды, 250 мыңнан астам адам еркін кәсіпкерлік қызметпен айналысады, ал аграрлық секторда 1, 3 миллиондай фермерлер мен кооператорлар еңбек етеді, ал ел өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығына тартылған шетелдік инвестициялар 8 миллиард АҚШ долларын қүрады.

Мемлекет тарихында, бірінші Президенттің саяси және жеке өмірбаянында астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру сияқты орасан зор оқиға айрықша орын алады.

Қазақстан халқы түңғыш рет өз тарихында ел астанасының геосаяси және экономикалык орналасу басымдықтарын айқындады, бүл тарихи шешім Президент Н. Ә. Назарбаевтың көрегендігі мен саяси күш-жігері арқасьінда жүзеге асырылды.

Жаңарған және тәуелсіз Қазақстанның рәмізді бейнесі деп әділ аталған, қазіргі заманғы қала қысқа мерзім ішінде елдің нақ жүрегінде бой көтерді; іс жүзінде Қазақстанның барлық аймақтарындағы индустрияның дамушы салаларының өсуіне қуатты серпін берілді. Екі жылғы дайындық жұмыстарынан кейін шеткері Ақмола ару қалаға айналды.
Мемлекеттік басқарудың орталық органдарын бүрын болып көрмеген мерзім мен қарқында жаца астанаға көшіру; қаланың атын Астана деп лайықты түрде қайта атау - ЮНЕСКО-нын "Қалалар бейбітшілік үшін" медалімен марапатталған жаңа әкімшілік, ғылыми және мәдени орталықтың пайда болуы - атқарылған істің айшықты айғағы.

Астана қаласының тәуелсіз Қазакстанның жаңа елордасы ретіндегі түсаукесері ұйымдастырылуы мен мәдени деңгейі жағынан аса жоғары дәрежеде өтті. Қазақстан Республикасының меймандары мен ел азаматтары көңілді де үмытылмайтын мерекенің куәгерлері болды. Елдің барлық азаматтары мақтанышқа, қазақстандық патриотизмнің терең де тебіреністі сезіміне бөленді.

Өтпелі кезеңнің қиындықтарын бастан кешіру және экономика мен қоғамды реформалаудың екінші кезеңі халықтың көңіл-күйіне түрақты назар аудармай жүзеге аспайтын еді, "Казақстан - 2030" үзақ мерзімді бағдарламасында жарияланған іс-әрекеттің бағытты қолдауды дәлелдеп отыру қажет болды.
Мұндай дәлелдеу 1999 жылдың 10 қаңта рында өткен Қазақстандағы бірінші баламалы президенттік сайлау болды.

Республика аймақтарындағы көптеген іс-шаралар мен сапарлар мемлекет және үкімет басшыларымен болған кездесулермен, әлемнің көптеген елдеріндегі мемлекеттік, ресми және жүмыс сапарларымен кезектесіп отырды.

Бірінші балама сайлау қарсаңында Алматыда өткен Форум мен Қазақстан Республикасы Президентін сайлауға арналған қала жұртшылығының митингісі мемлекет басшысының реформаторлық бағытын халықтың сөзсіз қолдайтындығының көрінісі болды.
Шет елдердің ресми делегация лары, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, қоғамдық-саяси бірлестіктердің басшылары, елде тіркелген дипломатиялық өкілдіктердіц басшылары, ғалымдар, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысқан Қазақстан Президентін үлықтау рәсімі кең көлемді халықаралық үндестік туғызды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Президенттік басқару жүйесі
Қазақстан республикасындағы Президенттік биліктің қалыптасуы мен даму жолдары
Қазақстан Республикасындағы президенттік республика ерекшеліктері
Баскарудағы жүйелілік кезқарас, баскару функциялары мен кұрылымы
Мемлекеттің басқару ерекшелігі
Қазақстан Республикасы президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері
Мемлекет нысаны түсінігі және құрылымы
Қазақстан Республикасы президентінің мәртебесінің конституциялық-құқықтық реттелуі
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы
Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz