Жеке адам әлеуметтануы



Мазмұны

I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
II Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4.12
а)Жеке адам әлеуметтануының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4.7
ә)Адамдағы билогиялық және әлеуметтік диалектикасы ... ... ... ... ... ... ... ...7.9
б) Жеке адам қоғам ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9.12
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
IV Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
КІРІСПЕ

Адам, бәрімізге белгілі, қоғамда өмір сүреді, одан қаласа да тәуелсіз бола алмайды. Сол себептен адам тек «ақылды жануар» ғана емес, «әлеуметтік жануар». Адам туылғаннан бастап әлеуметтенуге тап болады. Біздің іс-әрекетіміз біздің әлеуметтенуіміз бен онның барысында қалыптасқан түсінігіміздің нәтижесі. Әлеуметтіктің белгісі адамнан басқа араларда білінеді. Осынау табиғаттың кішкентай туындылары бірігіп өмір сүруді, еңбек бөлінісін инстинкт түрінде жүзеге асырады. Инстинкт – генетикалық жолмен ұрпаққа берілетін өмірлік іс әрекеттің биологиялық бағдарламасы. Адамның әлеуметтенуі, өзгелердің оны әлеуметтендіруі ортасына бейімделумен қатар жүреді. Тірі ағза күрделене түскен сайын оның бейімделу процесі де күрделі. Мәселен, жәндіктер есейген күйде пайда болады. Есею құстарда бір мезгіл, арыстан, піл, маймылдарда бірнеше жылды қамтиды. Әлеуметтендіру кезінде адам биологиялықтан әлеуметтікке айналады.Тұлғаны әлеуметтендіру процесі тек қана адамдардың алуан түрлі біліктері мен топтық шеңберінде болуымен шектелмейді.
Қолданылған әдебиеттер

1. Козлова.О.Н. Основные факторы формирование личности и её социализации. Социально-гуманитарные знания. 2002(2)
2. Спасибенко.С.Г. Социализация человека.Социально-гуманитарные знания. 2002(5)
3. РадугинА.А., РадугинК.А.. Социология. Москва.2002
4. Қарабаев.Ш.Қ.Әлеуметтану негіздері.Алматы.2007
5. Кравченко.Социология.Академия.2002

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-12
а)Жеке адам әлеуметтануының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-7
ә)Адамдағы билогиялық және әлеуметтік диалектикасы ... ... ... ... ... ... ... ... 7-9
б) Жеке адам қоғам ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9-12
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
IV Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

КІРІСПЕ

Адам, бәрімізге белгілі, қоғамда өмір сүреді, одан қаласа да тәуелсіз бола алмайды. Сол себептен адам тек ақылды жануар ғана емес, әлеуметтік жануар. Адам туылғаннан бастап әлеуметтенуге тап болады. Біздің іс-әрекетіміз біздің әлеуметтенуіміз бен онның барысында қалыптасқан түсінігіміздің нәтижесі. Әлеуметтіктің белгісі адамнан басқа араларда білінеді. Осынау табиғаттың кішкентай туындылары бірігіп өмір сүруді, еңбек бөлінісін инстинкт түрінде жүзеге асырады. Инстинкт - генетикалық жолмен ұрпаққа берілетін өмірлік іс әрекеттің биологиялық бағдарламасы. Адамның әлеуметтенуі, өзгелердің оны әлеуметтендіруі ортасына бейімделумен қатар жүреді. Тірі ағза күрделене түскен сайын оның бейімделу процесі де күрделі. Мәселен, жәндіктер есейген күйде пайда болады. Есею құстарда бір мезгіл, арыстан, піл, маймылдарда бірнеше жылды қамтиды. Әлеуметтендіру кезінде адам биологиялықтан әлеуметтікке айналады.Тұлғаны әлеуметтендіру процесі тек қана адамдардың алуан түрлі біліктері мен топтық шеңберінде болуымен шектелмейді. Тұлғаны әлеуметтендіру оны өз бетімен еркін адамзаттың алдыңғы қатарлы тәжірибелеріне, мәдени бағалы құндылықтарына, нысандарына, бағыттарына белсеңді араласып, оларды терең игеруге, бойына сіңіруге, өндеуге мәжбүр етеді. Бұларды игерудің нақтылы жолдары бар: біріншіден, іс-әрекет, бұған ойын, оқу, еңбек ету жатады;Екіншіден, қарым-қатынас, бұл - адамдардың бір-бірімен ұдайы, үздіксіз алуан түрлі қоғамдық қатынастарда болуын керек етеді; Үшіншіден, өзіндік сана - сезімді дамыту, бұған ми мен жүректің өз бетінше қызмет, іс-әрекет етуі жатады.
Осылардың негізінде тұлғаның ерекшелік қасиеттері одан әрі тереңдей түседі, оның әлеуметтік тұрғыдан өзін-өзі тануы, өзінше бағалау қасиеттері қалыптасады. Әлеуметтік тәжірибеде, мәдениетте сабақтастық болады. Бұл бағалы, құнды нысана-бағыттарды, тәжірибелерді, іске бейімделуі, мұраттарды ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруы, бұларды толық игеріп, меңгері, өмірде нақты қолданумен тығыз байланысты. Құндылық, бағалық мұраттар, бағыттар адамның нақты дүниедегі бағалы, құнды қатынастарын анықтайды, өйткені бағалық-құндылықтар адамның талап-тілегін, мұқтаждығын, мүддесін қанағаттандырады, ал, олар екінші жағынан, адамның белсенді іс-әрекеттерінің, қызметінің көзі болып саналады. Осындай жағдайларға байланысты әрбір адамды әлеуметтендіру қоғамның дамуындағы көкейтесті мәселелердің қатарына жатады. Әлеуметтік рөл қоғамдағы адамдардың белгілі бір алатын орнына, жағдайына, олардың басқалармен қарым-қатынастарына байланысты және қабылдаған ережелерге сәйкес адамдардың атқаратын қызметтері.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Адам - көптеген ғылымдардың зерттеу нысаны. Әлеуметтану адамды зерттеуде адам, тұлға ұғымдары түпнегізді құрайды. Оларды ажыратып білу зерттеудің ең маңызды бастамасы. Адам жер бетіндегі тірі организмдер дамуының жоғарғы сатысы, әлеуметтік-тарихи қызмет пен мәдениеттің субъектісі. Адам ұғымы барлық индивидтерге тән, ортақ қасиеттер мен ерекшеліктерді сипаттауда қолданылады.
Индивид биоәлеуметтік жан ретіндегі жеке адам. Әлеуметтануда индивид ұғымы тек әлеуметтік қатынастың жеке дара алғандағы өкілі қарастырылған жағдайда қолданылады. Индивидтер қызметінің бірігуі нәтижесінде әлеуметтік қатынастардың жүйесі қалыптасады.
Тұлға - қоғамдық қатынастардың субъектісі. Индивид қоғаммен нақтылы әлеуметтік қауымдастықтар, институттар арқылы ықпалдасқанда, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді, әлеуметтік байланыстарды жүзеге асырғанда ғана тұлғадәрежесіне көтеріледі.
Тұлғаны әлеуметтік тұрғыдан қарауда алдымен оның құрылымын анықтаудан басталады. Оны қарастырудың түрлі жолдары бар. Олардың арасынан тұлғаның құрылымынан үш элементті ол, мен және олардан жоғары супер эго түрінде қарастыратын Э.Фрейдтің тұжырымдамасын келтірсек болады. Ол бұл біздің түйсіктеріміз басым, айсбергті көрінбейтін бөлігі сияқты сана түкпіріміз. Мен бұл түйсіктермен байланысты, дүркін дүркін оған кіріп отыратын сана. Эго санасыздықты қоғамға ыңғайлы қалыпта ұғынуға тырысады.
Ч. Кули тұлғаның қалыптасуы айналасындағы адамдармен алуан түрлі қарым-қатынастар мен байланыстар негізінде болады деп тұжырымдады. Осылардың негізінде адам өзінің айналадағы мен деген имиджін жасайды. Ол үш элементтен құрылады:
а) жұрт мені қалай қабылдайды;
ә) жұрт менің сыртқы түріме қалай әсер етеді;
б) мен жұрттың тигізген ықпалына қалай жауап беремін.
Бұл теория біздің қоғамдық пікірді қалай қабылдап, оған қалай жауап беру керектігін түсіндіреді.
Джордж Герберт Мид тұлға өзінің менін қалай алға дамытатынын түсіндіруде тіпті тереңдеп кетті. Кули сияқты Мид тұлға, яғни мен деген ұғым әлеуметтік дамудың жемісі, ол өзі сияқты адамдармен әр түрлі қарым-қатынас, байланыстар негізінде қалыптасады деп санайды.
Жас бала біреудің мінез-құлқының себебін түсіндіре алмайды. Тек қана өзінің мінез-құлқын ойлау арқылы жас бала өмірде бірінші қадам жасайды. өзін ойлауды үйренгеннен кейін ол басқа адам туралы ойлай алады, сол рақылы өзінің менін сезіне бастайды.
Тұлғаларда қайталанбас тек соған ғана тән қасиеттермен бірге көпке ортақ сипаттар бір бірімен ұштасып жатады. Әлеуметтік жүйенің белсенді құрамдас бөлігі болатын тұлғалар қолдағыбар мүмкіндіктерден қажеттісін таңдап алу еркіндігін пайдаланып, болашақ өмірінің жобаларын жасайды; алдына мақсат қойып, оған қол жеткізу үшін бар күш жігерін жұмылдырады; объективті әлеуметтік құрылымдарда, әлеуметтік байланыс жүйесінде тұрақты өзгерістерге қол жеткізеді. Базистік тұлға мен идеал тұлға ұғымдарыда бар. Идеал тұлға ретінде Абай атамызды келтірсек болады. Осы жерден, тұлға дегеніміз, жоғары шарықтап дамыған, жан-жақты, терең жетілген адам деген тұжырым жасауға болады. Тұлға ұғымы адамның әлеуметтік дамуының сапалық көрсеткіші. Бұл адамның биологиялық табиғи қасиеті емес. Ол тек қана адамның әлеуметтік орта жағдайында ғана пайда болады, яғни ол белгілі бір топта, бірлікте өмір сүреді, мұнсыз болмайды, сөйтіп ол адам қоғамдағы барлық қатынастарды, тәжірибені, құнды бағалы нысандарды, бағыттарды өз бойына сіңіріп, меңгеріп, өмірде қолданады. Сөйтіп қоғамды одан әрі жетілдіріп, дамыта отырып, өзі жаңа сапа, қасиетке, яғни тұлғалыққа ие болады.
Осыдан барып, тұлға - қоғамдық қатынастардың жемісі деген тұжырымдасақ та қателеспейміз. Екінші жағынан, әрбір тұлға өзінше ерекше, қоғамнан біршама тәуелсіз, еркін болады. Оның осындай өзгешелік қасиеттерін, қабілеттерін тұлғаның ерекшелігі деп атайды. Құқықтық мемлекеттерде жеке тұлға өркениет пен мәдениеттің жоғары адамгершілік қасиеттердің жиынтығы және субъектісі ретінде танылады.
Тұлғалық қасиеттердің ішіндегі аса маңыздысы соның өмірге өзіндік көзқарасының болуы. Адамның көзқарасы ғылыми немесе ғылыми емес болуы мүмкін. Осыдан көзқарастың әлеуметтік жағына көңіл аударсақ, жеке тұлғаның қандай қоғамдық топтарға, саяси қозғалыстарға қызмет жасайтынын, қандай топтар мен қозғалыстарға қарсы екенін, озық ойлы, не кертартпа екенін аңғаратын боламыз.
Мидтің пікірінше, адамның тұлғаға айналу процесі үш түрлі сатыдан тұрады.
Бірінші иммитация. Бұл сатыда балалап үлкен адамдардың мінезіне еліктейді, бірақ, оны түсінбейді. Мысалы, кішкене бала үйдің еденін жумақшы болып, өзінің ойыншық шаңсорғышымен бөлмеде жүреді.
Екінші, ойын сатысы. Бұл уақытта кішкене бала өзінің мінезін - белгілі бір рөлді орындау арқылы көрсетеді. Ол дәрігер, өрт сөндіруші. Ойын процесінде балалар бұл рөлдерді өздері істеп көрсетеді. Қуыршақтармен ойнағанда жас балалар оларды еркелетіп немесе ұрсып, әке-шешелерінің қылықтарын қайталайды. Сөйтіп балалар өз істерін ойлап жасайтын қабілетке жете бастайды.
Үшінші саты - ұжымдық ойын. Мұнда балалар тек өздерін ғана ойлап қоймайды, сонымен қатар басқалардың нені күтетінін түсіне бастайды. Мысалы, футбол ойнап жүрген бала ойынның барлық ережелерін біледі. Бұны команданың барлық ойыншылары да біледі. Балалардың футбол ойынының тәртібін, ережелерін білу оларды адамдардың қоғамда өздерін қалай ұстау тәртіптерін біліп, меңгеруіне бағыттайды. Бұл тәртіп, ережелер қоғамда заң және ережелер түрінде көрінетінін де түсініп, жақсы біледі.
"Әлеуметтану" ұғымы дәстүрлі білім және тәрбие ұғымдарымен салыстырғанда кең ауқымды, терең мағыналы ұғым. Білім белгілі бір білім жиынтығын беруді көздейді, тәрбие белгілі бір сапалар мен мінез құлық дағдыларын қалыптастыруды көздейді. "Әлеуметтендіру" білім беру мен тәрбиені қосып алады да, тұлғаның қлыптасуына ықпал ететін ешкім жоспарламаған тосын жағдайларды да, стихиялық жағын да қалыптастырады.Әлеуметтендіруде қоғам және адам өзара әсерге түседі. Әлеуметтендірудің негізгі мәселесі жекелікке яғни микросоциумға неше макросоциум сиятындығы туралы. Гуманисттердің мақсаты әлеуметтендіру процесіндегі индивидтің өз ерекшелігін сақтап қалу.
"Әлеуметтану" процесінің мақсаты, мәні адам тұлғаға айналуында. Онда адам екі үлкен кезеңнен өтеді. Біріншісі - туғаннан ер жеткенге дейін. Екіншісі - ер жеткен, кемеліне келгеннен кейінгі кезең. Бірінші кезеңде жасөспірім бала сыртқы дүние туралы белгілі бір деңгейде білім жиынтығының жүйесін, негізгі бағалы, құнды бағыттар мен нұсқаларды игеріп, меңгереді. Ол бірнеше әлеуметтік рөлдер атқарады.
Екінші кезеңде тұлғаның бүтін, біртұтас көзқарастары, идеологиясы және белсеңділігі, өмірлік құбылыстарға байланысты бағыты қалыптасады. Осы екінші кезеңде тұлға әлеуметтік сипатта болады, оның өмірлік стратегиясы және өзіндік ерекшелігі басым көрінеді.
Тұлғаға айналудың бірінші кезеңі барлық адамдарда бар, бірақ, екінші кезеңнің сипаты барлық адамдарға байқала бермейді. Кейбір адамдар өзінің соңғы күніне дейін өзгермей, қарапайым болып қала береді. Ал, кейбіреулер тіпті жиырма бес жасында тұлғаға айналады. Әрине, өкінішке қарай, мұндайлар қоғамда өте сирек кездеседі. Жеке дара адамды, индивидті тұлғаға айналдыруда жоғарғы оқу орындарының атқаратын қызметі зор.
Әлеуметтендіру адамдық құндылықтардың нормалардың салттардың туу процесін өзімен бірге алып жүреді.
Тұлғаның объект ретінде әлеуметтендірілуі дегеніміз, мәдениеттің және әлеуметтік ережелер мен құндылықтардың элементтерін оның игеруі арқылы, әрі осылардың негізінде тұлғаның әлеуметтік мәнді белгілері қалыптасып, қоғаммен, әлеуметтік қатынастардың әр түрлерімен бірігу процесі. Тұлғаның қалыптасуы белсенді іс-әрекет, қызмет істеуде және басқа адамдармен қарым-қатынас жасауда іске асады.
"Әлеуметтану" процесіне екі жақ, әлеуметтендіру объектісі мен субъектісі қатысады. Әлеуметтендіру объектісі: адамдар немесе адамдар топтары, әлеуметтендіру субъектісі оны жүзеге асырушылар яғни жеке тұлға, топ, ұйым. Оларды әлеуметтендіру агенттері деп атау қалыптасқан.
Әрбір әлеуметтік топ индивидке тек өзінің әлеуметтену саласында әлеуметтендіру процесін жүргізеді. Мысалы, кішкене бала ересектерден қалай үлкен болуды, достарынан бала болуды, төбелесуді, дос бола білуді, әділдікті үйренеді.
Бүкіл өмір сүру процесінде адам әлеуметтенуі үш рет кризистік нүктелерге тап болады. Кризистік нүкте дегеніміз осы әлеуметтену процесінде адамның қалыптасқан өмір талаптарынан өзге жаңа бір талапқа ие өмірге қадам басардағы ішкі өзін өзі қалыптастыруындағы қиыншылықтар кезі. Мысалы, жасөспірім шақтан өтіп, әскери борышын өтеу кезі. Алғашқысы, көбінесе, оқу бітіріп, мамандық таңдау немесе жағдайына байланысты жұмысқа орналасу кезіне сәйкес келеді. Бұл кезде адамда қуат тасып тұрады, бірақ жұмыс істей білмейді. Екінші кризистік нүкте әлеуметтенудің ең биік шыңы, көбіне орта жасқа сәйкес келеді. Үшінші нүкте зейнетке шыққан уақытта. Адам бұл кезде толық әлеуметтенуді бастан кешеді. Дегенмен, бойынан әл кетеді.
Жеке адам әлеуметтанудың бастапқы және соңғы деңгейлерін ажыратып көрсетуге болады. Бастапқы деңгейінде адам әр түрлі жазылып қойған статустарды қабылдайды, рольдерді меңгереді. Ал соңғы деңгейде өзі белгілі бір статусқа өз еңбегімен ие болады. Яғни бастапқыда саяси(паспорт алу, дауыс беру құқығын алу), сосын экономикалық(жұмысқа тұру), әлеуметтік(некеге тұру, өз жанұясын құру, ата-ана статусын алу) статустарға өзінен өзі, табиғат ана заңымен ие болады. Сосын барып өзіндік статуқа ие болады. Бұл статусты иелену бастапқы және соңғы деңгейлер арасындағы болып кететін процес.
Жеке адам әлеуметтануы мәдени нормаларды, әлеуметтік ролдерді үйретуге жауапты. Ал институт әлеуметтендіру агенті ретінде әлеуметтендіру процесіне әсер етуші және бағыттаушы.
Әлеуметтендіруді біріншілік және екіншілік деңгейлерге деп бөледі. Біріншілік әлеуметтендіру адамға тікелей өзінің қоршаған ортасының, алғашқы әлеуметтік топтардың: отбасының, туған туыстардың, достардың құрдастардың, оқу және еңбек ұжымдарының, тәрбиешілердің, ұстаздардың, оқудағы, қызметтегі, жұмысшылардың, бастықтың тікелей ықпал жасауымен жүзеге асады. Мұнда жеке адамдар арасындағы өзара қатынас үстем.
Екіншілік әлеуметтендіруде мемлекет пен органдар, кәсіпорындар, ЖОО, радио, теледидар, баспасөз т.б ықпал жасайды. Бұларды өзара байланыстыру мен үйлестіру аса маңызды. Мұнда әлеуметтік қатынас сферасы үстемдік етеді.
Біріншілік әлеуметтендіруде әрбір агент көптеген қызметтерді атқара береді. Мысалы, әке-асыраушы,әке-тәрбиеші, әке-ұстаз, әке-дос. Ал екіншілік әлеуметтендіруде агент тек бір қызметпен шектеледі.
Адам өмірінің әр түрлі кезеңдеріне байланысты әлеуметтендірудің өзіндік ерекшеліктері бар. Осыған байланысты әлеуметтендіру процесі бірнеше сатыдан тұрады: балалық, жасөспірім, есейген қартайған шақтан тұрады. Балалық шақта әлеуметтендіру агенттері ата аналары. Бұл кезеңде ойлау, танымдық дағдыларды меңгере, мәдени құндылықтар мен нормаларды өз бойына сіңіреді. Жоғарыда айтқандай әлеуметтендіру субъектісі объектке ғана емес кейде объект керісінше әсер етеді. Мысалы, баланың ата анасына тигізетін әсері де бар.
Жасөспірім кезеңге, яғни күрделі, өтпелі, қиын, түбегейлі деп саналатын өмір кезінеде жас адамдар біршама білім алады, өзінің тұлғалық іргетасын қалауды, дүние танымын қалыптастыруды анықтайды, орны мен ролін өз жақындары арқылы пайымдайды.
Тұлға кемел жасқа жетіп, есейген шағында белсенділігі артып, әлеуметтік және моральдық жағынан тәуелсіздік алады. Әлеуметтендірудің осы сатысындағы ең бастысы тұлғаның әлеуметтік мәртебелер мен әлеуметтік рөлдерді ала білуі, оларды белсенді жүзеге асыра білуі.
Адамның аса күрделі табиғаты оның қоғамдағы әр түрлі байланыс-қатынастары қазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық түріне байланысты, алуан түрлі модельдерді жасауға ықпал етті. Осылардың бірі - адамның бейнесіне әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретінде қарау.
Мұны тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы дейді. Тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы ХХ ғасырдың 30-жылдарында Американың әлеуметтік психологиясында пайда болды. Оның негізін Дж. Мид салды. Бұл тұжырымдаманың мазмұны мынадай: қоғамдағы әрбір адам ондағы алуан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет әлеуметтануы ұғымы
Құқық әлеуметтануы
Орта деңгей теориясы
Отбасы және гендер әлеуметтануы
ХІ құқық әлеметтануы. Құқықықты әлеуметтану тұрғысынан түсіну
Дін әлеуметтануының пәні
Әлеуметтану және әлеуметтік философия
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Мәдениеттің негізгі элементтері
Әлеуметтану бойынша материалдар
Пәндер