Вебердің социологиясы және «веберлік қайта жаңғыруы»



Мазмұны

I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
II Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4.13
а) М. Вебердің әлеуметтік көзқарастары
ә) «Идеалдық типтер» теориясы
б) М. Вебердің қазіргі уақыттағы маңызы
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
IV Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
КІРІСПЕ

Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі – Эмиль Дюркгейм. Қазіргі әлеуметтану көбіне Э.Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйенеді. Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударды. Ал, бұл методология «социализм» деп аталады. Социализмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте. Тек әлеуметтілік арқылы зерттеу, басқаша айтқанда, қандай да бір әлеуметтік құбылысты, процессті алмайық, олардың бәрі әлеуметтік ортамен байланыста өмір сүреді. Қоғам – ерекше құбылыс, оны табиғатпен, психикамен шатастырып, алмастыруға болмайды. Әлеуметтанудың методологиясы (яғни, әдістемелері) жаратылыстану ғылымдарына ұқсас болуы қажет, әлеуметтану өз алдына ғылымға айналуы үшін оған белгілі бір жағдайлар қажет, осылардың ішінде оның тек қана өзі зерттейтін, өзіне ғана тән пәні мен таным әдістемелері болуы керек. Э. Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек.
Қолданылған әдебиеттер

1. Социология. Оқулық. – Алматы, 2002
2. Радугин А.А., Радугин К.А. Социология. Москва.2002
3. Қарабаев Ш.Қ. Әлеуметтану негіздері. Алматы.2007
4. Кравченко А.И. Социология. Академия, 2002
5. Электронды ресурстар.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-13
а) М. Вебердің әлеуметтік көзқарастары
ә) Идеалдық типтер теориясы
б) М. Вебердің қазіргі уақыттағы маңызы
III Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
IV Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

КІРІСПЕ

Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі - Эмиль Дюркгейм. Қазіргі әлеуметтану көбіне Э.Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйенеді. Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударды. Ал, бұл методология социализм деп аталады. Социализмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте. Тек әлеуметтілік арқылы зерттеу, басқаша айтқанда, қандай да бір әлеуметтік құбылысты, процессті алмайық, олардың бәрі әлеуметтік ортамен байланыста өмір сүреді. Қоғам - ерекше құбылыс, оны табиғатпен, психикамен шатастырып, алмастыруға болмайды. Әлеуметтанудың методологиясы (яғни, әдістемелері) жаратылыстану ғылымдарына ұқсас болуы қажет, әлеуметтану өз алдына ғылымға айналуы үшін оған белгілі бір жағдайлар қажет, осылардың ішінде оның тек қана өзі зерттейтін, өзіне ғана тән пәні мен таным әдістемелері болуы керек. Э. Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек.
М. Вебердің пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік тарихи құбылыстардың субъективтік (яғни, адамның санасына, ойлауына байланысты) жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс-әрекетінде, қызметінде оныңң мұң-мұқтажын, талап-тілегін, мақсатын, т.б. әр уақытта ескеріп отыруы керек. Осыған қосымша, әлеуметтану оны объективтілік пен пен эмпирикалық жағынан бақылап, тексеру жақтарын жоққа шығармауы керек. Оның басты міндеті - адамдардың іс-әрекетінің, қимылының мәнін, мағынасын терең түсіну, ұғыну болып табылады. Осыларды еске ала отырып, қоғамның даму заңдарының себебін ашуға болады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Макс Вебер (Max Weber) (1864 - 1920) - аса көрнекті неміс социологы, тарихшы, экономист және заңгер.
Эрфурт қаласында заңгердің отбасында дүниеге келген. Протестантизм мен саяси либерализм құндылықтарына негізделген тәрбие алған. Гейдельберг, Геттинген және Берлин университеттерінде білім нәрін сусындады. Оның бастапқы ғылыми зерттеулерінің тақырыбы орта ғасырлар мен антика дәуіріндегі қоғамдардың шаруашылық өмірі болды. 1891 - 1897 жылдары ол Германияның бірқатар университеттерінде құқық және саяси экономия профессоры болды. Онымен бір мезгілде белсенді ғылым-зерттеу және публицистикалық қызметпен айналысты. Алайда оның оқытушылық және зерттеу жұмысы сырқаттану салдарынан үзіліп қалды.
1904 жылы М.Вебер Вернер Зомбартпен біріге отырып "Әлеуметтік ғылым және әлеуметтік саясат мұрағаты" атты неміс социологиялық журналының редакторы болады, онда оның ең маңызды шығармалары жарияланады. 1907 жылдан бастап мұра алғаннан кейін толығымен ғылымға ден қояды. Бірнеше жыл бойы неміс социологтар қауымдастығымен белсенді қарым-қатынаста болып, біршама маңызды позицияларға ие болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталысымен мемлекеттік қызметке кіреді. 1919 жылдан бастап Вебер Мюнхен университетінде жұмыс істеді. Ойлағанының бәрін жүзеге асырып үлгермей, 1920 жылы Вебер қайтыс болды. Өлгеннен кейін оның социологиялық зерттеулері қорытындыланған іргелі еңбегі "Шаруашылық және қоғам" және сонымен бірге методология, мәдени-тарихи және социологиялық зерттеулер логикасы, дін, саясат, музыка социологиясы және т.б. бойынша мақалалар жинағы жарық көрді.
Вебер пайымдауының айқындаушы методологиялық принципі жүйелі антинатурализм болып табылады. Бұл бөлімдегі оның идеялары ХІХ - ХХ ғасырлар аралығында бірнеше атақты философтар ұстанған гуманитарлық және жаратылыстану ғылымы білімдерін - "мәдениет туралы ғылым" және "табиғат туралы ғылым" деп ара жігін ашатын тұжырымдамамен байланысты. Бұл тезистегі адам өмірінің шындығын қарастыра отырып, материалдық объектілерді зерттеу барысында қолданылатын ғылыми әдістерге сүйенуге болмайды деген пікірмен келіседі. Адам - саналы тірі жан, сондықтан да мұның өзі, Вебердің пікірінше, оның барлық істеген ісінің сапалы құрамына кірмеуі мүмкін емес, демек, қоғамдық және мәдени шындықты сараптап зерттеушінің бұл жәйттен ауытқуға құқы жоқ. Осыған байланысты неміс ғалымы, оның дәуірінде кең таралған көптеген социология тәсілдеріне қарама-қарсы түрде, оны жаратылыстану ғылымдарының логикасы бойынша жасауға бейім болмады. Оның түсінігінде социология гуманитарлық білімнің бір бөлігі болып табылады. Алайда сонымен бірге ғылымдағы мәдениет туралы ортақ мәні бар, объективті бастаудан бас тарту Вебердің көңіліне қонбады. Мысалы, ол өзінің кейбір әріптестерінің психологизмге бет бұруын сынап, субъективті мағына мен объективті қоғамдық құрылымдардың өзара әсерін зерттеуге ерекше көңіл бөлді.
Әлеуметтік шындық пен социологиялық танымның ерекшелігін сараптай отырып, Вебер адам қоғамы туралы ғылымның маңызды белгілерінің бірі - жете ұғыну болуы тиіс деген қорытынды жасайды. Вебер адамдар өз әрекеттеріне қандай мағына берсе, социология соны танып ұғыну тиіс дегенге сүйенеді. Сол үшін Verstehen термині енгізілді. Ол неміс тілінен сөзбе-сөз "ұғыну" деп аударылады. Вебердің социологиялық әдісінде кәдімгідей автономды маңызға ие болып отыр.
Сонымен бірге социология мейлінше тұжырымдалған түрдегі адамның мінез-құлқын зерттейтін ғылым болғанымен, өзін әрбір жеке алынған индивидтің дәлелін анықтауға арнай алмайды. Бұл дәлелдердің әр түрлілігі және бір біріне ұқсамайтындығы соншалық, біз олардың қандай да бір қисынды бейнелеуін немесе белгілі бір типологияны жасауға шамамыз келмей қалады. Алайда, Вебердің пікірінше оның қажеті де жоқ: өйткені адамдардың барлығының ортақ табиғи болмысы бар, адамдардың өзінің әлеуметтік ортасымен қарым-қатынасындағы түрлі іс-әрекеттерінің типологиясын ғана жасау қажет.
Ұғыну тұжырымдамасының мәні мынада: адамдар өздерінің нанымдары бойынша қандай мақсатқа қызмет ететіндігін және өздерінің іс-әрекеттеріне қандай мән-мағына беретіндігін көру үшін өзін солардың орнына қою. Мысалы, егер социологтар адамдардың қолдарын бір сілтеуінің әлеуметтік себебін анықтағысы келсе, олар тап осындай жағдайда басқа адамдар неліктен қол сілтемейтіндігін, біреудің қолдарының төмен және жоғары (солға-оңға) сілтеуіне қандай дәлелдер түрткі болғандығын шешіп алуы тиіс. Осы тектес мәндегі зерттеуге сіз қабілетсіз болсаңыз, онда бұл жәйт шындығында түрлі категорияларға жататын әрекет етуші топтардың бір категорияға жатқызылатыны сияқты үлкен адасу көзіне айналуы мүмкін. Адам қылықтарының мәнін зерттеу - бізді қоршаған көптеген әр түрлі адамдардың әрекетін түсінуге тырысқан күнделікті талпыныстарымыз болып шығады.
Вебер социологиясының тағы бір методологиялық ерекшелігі өзі жасаған жетілген типтер тұжырымдамасы болып табылады. Сан алуан деректік тарихи материалдың зерттеушіге бағыт пен өзара байланыстылықты табуға көмек беретіндей танымдық формасын жасау қажеттігі Вебердің саналы түрде жетілген типтер ұғымын өмірге әкелуіне себеп болды. Ғалым бұған балама ретінде "шоғырланған" күйдегі материал құрамының қандай да бір сипаты бар жетілген-типтік үлгіге бастапқы көрсеткіштер қандай деңгейде сәйкес келетіндігін ұғыну деп есептеді.
Әлеуметтік танымдағы ортақ нәрсені логикалық бөлшектеу мен объективизмді ұстанушылармен пікір таласқа түсе отырып, Вебер дәлме-дәл ұғымдық пайымдау адамдардың іс-әрекетіне жауап бермейді және мәдениет туралы ғылым ұғымдарының қажетінше жетілген-типтік табиғаты болады деп тұжырымдады. Жетілген типтер ортақ, түр қасиетін білдіретін қарапайым ұғымдардан, ең алдымен өзінің құрылу тәсілі бойынша ерекшеленеді: олар өмірдегі бір нәрсені мадақтап, сол арқылы белгілі бір процестер мен құбылыстардың керемет ой болжамына айналады.
Жетілген типтер бір жағынан шындықтың іс жүзіндегі сан алуандығын жеңілдетеді. Мұның себебі, олардың тікелей бақыланып отырған шындықтың элементтерін сараптауға құнды болып есептелінетіндерді ажырату мен оларды логикалық байланысты мұратты ойша сәйкестендіруге келіп тіреледі. Вебердің өзі жазғандай, "бұл ойша бейне, тарихи өмірдің белгілі бір байланыстары мен процестерін қандай да бір ішкі қарама-қайшылықтан жұрдай ойша байланыстар ғарышымен ұштастырады".
Вебердің пікірінше бір тарихи деректерді қарастыру барысында түрлі жетілген типтер қалыптасуы мүмкін. Барлығы да зерттеушінің ғылыми мақсатына, оның "көзқарасына" ойша жобасын құруға қажетті байланыстар мен элементтердің сұрыпталуына қарай. Жетілген-типтік жобаның дұрыстығының бірден-бір өлшемі оның ішкі логикалық қайшылықсыздығы болып табылады.
Вебер тікелей бақыланатын оқиғалар мен процестер деңгейінде жетілген типтер іс жүзінде ешқашан анықталмайтындығын бірнеше рет көрсетті. Бұл жағынан олар жаратылыстануда қолданылатын жетілген үлгілерге ұқсас, сондай-ақ көбінесе эмпирикадан тыс пайда болды. Вебер, идеалды типтердің тұрақты танымдық, эвристикалық мәні болатынын баса көрсетті. Атап айтқанда, ол әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарға қажетті қоғамдық өмірдің зерттеліп отырған қырларының көрнекі бейнесін алуға мүмкіндік береді. Мысалы, олардың көмегінсіз христиандықтың тұтас идеясын келтіру қиынға соғар еді, өйткені оның сан алуан түрленімдері бар.
Сонымен, жетілген-типтік ұғымдар мен құрылымдар, Вебердің ойынша, мәдениет туралы ғылым методологиясының негізін құрайды. Жетілген типтерді қолдану тарихи шындықтағы ерекшелікті көре білуге жол ашады. Бұл әдістің тиімділігінің дұрыстығын Вебердің өзі жасаған "протестанттық этика", "капитализм рухы", "рационализация", т.б. ұғымдары мен тұжырымдамалары растайтындығын атап өту қажет.
Вебер социологиясының басты ұғымдарының бірі әлеуметтік іс-әрекет болып табылады. Ғалымның өзі оған мынадай анықтама берген: "іс-әрекет" деп біз (ішкі және сыртқы сипатына, араласпауға немесе шыдай білуге саятындығына қарамастан) әрекет етуші индивид немесе индивидтер онымен субъективті мән-мағынаны байланыстыратын адамның іс-әрекетін атаймыз. "Әлеуметтік" деп біз әрекет етуші тұлғаның немесе тұлғалардың шамалауы бойынша өзге адамдардың әрекетіне байланыстырылып, соған бағытталған іс-әрекетті атаймыз.
Алайда адамдардың іс-әрекеті мен қылықтарын көптеген басқа ғылымдар атап айтқанда тарих пен психология зерттейді. Таза социологиялық әдістердің сапалық ерекшелігі неде? Ең алдымен, социология адамдардың жалпы іс-әрекетінің қандай да бір жетілген жағдайдағы күйін зерттейді. Оған қоса оның басқа адамдарға бағытталуымен қатар, бір мәнге ие болу мәселесі де қызықтырады. Мән ұғымы мақсат пен құрал арақатынасынан келіп шығады. Мұндай арақатынастың түрлі нұсқаларын зерттеу Вебердің әлеуметтік іс-әрекеттердің жетілген типологиясын жасауына алып келді.
Әңгіме адам баласы іске асыратын кез келген іс-әрекеттер мен қылықтар осы өзіндік эталондар арқылы "өлшене" алатынын, яғни жақындаудың жоғарғы және төмен деңгейде төрт жетілген типтердің біріне жатқызылуы мүмкін.
Мақсатқа сай ұтымды іс-әрекет - іс-әрекеттің ең жоғарғы деңгейдегі ұтымды түрі, алға қойылған мақсаттың айқындылығымен сипатталады, оның үстіне дәл осы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін ұтымды ойластырылған құралдар да осыған кіреді. Меженің ұтымдылығына екі ұдайылық түрде көз жеткізуге болады: біріншіден, оның жеке мән-мағынасы тұрғысынан, екіншіден, таңдап алынған құралдардың ақылға сыйымдылығы тұрғысынан (яғни, мақсаттың лайықтылығымен). Нақты іс-әрекет ретінде (яғни, басқа адамдар тарапынан белгілі бір үмітке бағытталған) ол бір жағынан қоршаған адамдардың реакциясына сәйкес әрекет етуші субъектінің ұтымды есебін, ал екінші жағынан олардың іс-әрекетін алға қойылған мақсатқа жету үшін қолдануды көрсетеді. Бұл жерде мұндай үлгі ең алдымен адамдардың нақты қылықтарын бұл үлгіден ауытқу деңгейін анықтау арқылы ғана түсінуге болатындығын атап өту қажет. Кейбір жағдайларда мұндай ауытқулар онша пәрменді болмаса, онда біз шынайы әрекет туралы "мақсатқа сай ұтымды дерлік" деп айта аламыз. Егер де ауытқулар біршама үлкен болса, онда ол іс жүзінде бізді әлеуметтік іс-әрекеттің мүлдем бөлек түрлеріне бағыттайды.
Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет - әлеуметтік іс-әрекеттің жетілген типі, ол құндылықтың толықтығына сенуге негізделген қылықтарды жүзеге асыруды білдіреді, яғни бұл жерде мақсат ретінде іс-әрекеттің өзі болады. Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет, Вебердің ойынша, белгілі бір талаптарға бағындырылған, ал оларды ұстанып отыруды индивид өзінің борышы деп есептейді. Егер ол осы талаптарға сәйкес әрекет етсе - тіпті егер ұтымды есеп оның жеке өзі үшін мұндай әрекеттің теріс салдарларының үлкен ықтималдылығы болса - бұл құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет. Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекеттің классикалық мысалы: суға батып бара жатқан кеменің капитаны өзінің өміріне қауіп төніп тұрса да кемеден ең соңынан кетеді. Іс-әрекеттің мұндай бағыттылығының саналылығы борыш, қадір-қасиет, сұлулық, мораль және т.б. құндылықтар туралы белгілі бір көзқарастарға жатқызылуы өзі саналылық, рационалдылықты білдіреді. Егер де сонымен бірге осындай іс-әрекеттерді жүзеге асырудағы дәйектілікпен, демек мақсаттылықпен кезігетін болсақ, онда мысалы жан азабына қарағанда, құндылыққа сай ұтымды әрекеттің неғұрлым жоғарғы деңгейдегі рационалдылығы туралы айта аламыз. Сонымен қатар, индивид бағытталатын құндылықтар абсолюттендірілгендіктен, "құндылыққа сай ұтымды "іс-қимылда мақсатқа сай ұтымдылық түрімен салыстырғанда қандай да бір иррационалдық болады. Вебердің пікірінше "таза құндылыққа сай ұтымды" түрде әрекет ететін адам ықтимал салдарларды ескермей отырып, өзінің сенімдеріне сәйкес әрекет етеді және борыш, қадір-қасиет, сұлулық, діни ұстаным, қандай да бір... "істің" маңыздылығы мен басымдығы талап еткенді іске асырады. Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет... әрекет етуші адам өзіне берілген нәрсе деп есептейтін "талаптарға" немесе "уағыздарға" сәйкес іс-қимыл болып табылады.
Дәстүрлі іс-әрекет - дәстүрді ұстану негізінде қалыптасатын іс-әрекет, яғни мәдениетте қалыптасып, қосталған, сондықтан да іс жүзінде ұтымды ойластыруға және сынауға жатпайтын іс-әрекеттің қандай да бір үлгісіне еліктеу. Мұндай іс-әрекет көбінесе таза автоматты түрде, қалыптасқан таптауырындар бойынша жүзеге асады, ол өткен ұрпақ пен өзінің жеке тәжірибесінің негізінде қалыптасқан іс-әрекеттің әдеттегі үлгілеріне бағытталу талпынысымен сипатталады. Дәстүрлі іс-әрекеттер жаңа мүмкіншіліктерге (мүмкін дәл сол себепті болар) бағыт ашуды білдірмейді, бірақ дәл соның өзі индивидтер іске асыратын іс-әрекеттің үлкен бөлігін қамтиды. Адамдардың дәстүрлі әрекеттерді (көптеген нұсқаларда көрініс табатын) орындауға бейімділігі белгілі бір деңгейде қоғамның өмір сүруінің тұрақтылығы мен оның мүшелерінің іс-қимылының болжамдылығына негіз болады. Вебердің көрсетуі бойынша, "...таза дәстүрлік әрекет... "саналы" бағытталған іс қимыл деп аталатынның шекарасында, тіпті көбінесе оның шегінен шыққан күйде болады".
Жан азабына сай іс-әрекет - барлық іс-әрекет түрлерінің ішіндегі ең аз ойластырылғаны. Оның басты сипаттамасы - қорқыныш, өшпенділік, ашу, құмарлықтың және т.б. өршуі сияқты белгілі бір эмоционалды күй болып табылады. Жан азабына сай іс-әрекеттің "мәні" алдымен пайда болған эмоционалды шиеленісті тез арада басуында, бәсеңдетуінде. Бұл жағынан ол мақсатқа сай ұтымды іс-әрекетке тікелей қарама-қайшы; алайда бұл жерде біз жоғарыда көргеніміздей қандай да бір "сыртқы" мақсатқа жетуді көздемейтін және айқындықты іс-әрекеттің жүзеге асуынан көретін құндылыққа сай ұтымды іс-әрекетпен ұқсастық жатады. Вебердің пікірінше, "индивид, егер тез арада өзінің өш алуға, ләззатқа, берілгендікке, масайраған пайымдауға қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылса немесе қандай арсыз не нәзік болса да кез келген басқа жан азабын жеңілдету үшін әрекет етеді".
Әлеуметтік әрекеттің соңғы екі жетілген түрі тура мағынасында толығымен әлеуметтік еместігі айдай анық - қалай дегенмен де бұл сөздің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін социологиясы пәнінен дәрістер жинағы
Социология ғылымының даму тарихы
ХХ ғасырдағы әлеуметтану
Әлемді діни тұрғыда зерттеуге ғылымның әcepi
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Әлеуметтану пәнінен дәрістер
М. Вебердің әлеуметтанудағы көзқарастары
Жаһандану бүгінгі таңдағы жалпы дүниежүзілік процесс
Қазақстан Республикасының діни проблемалары мен ұлт дүниетанымына әсері және исламның таралуы
Әлеуметтанудың тарихи даму кезеңдерін кесте бойынша жүйелеу
Пәндер