Адам буындарының биомеханикасы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Адам буындарының биомеханикасы

Буын дегеніміз үзілісті, қуысты, қозғалмалы қосылу немесе буындасу. Әрбір буындабуындасатын сүйектердің буын беттері, буын капсуласы және капсуланыңішінде сүйектер арасында жататын буын қуысы болады.

1. Буын беттері , facies articulares, гиалинді, кейде талшықты, қалыңдығы 0, 2-0, 5 мм буын шеміршегімен , cartilago articularis, жабылған. Ұдайы үйкелу салдарынан буын шеміршегі буын беттерінің сырғанауын жеңілдететін жылтыраққа ие болып, ол шеміршектің серпінділігінен соққыны жұмсартып, буфер қызметін атқарады. Әдетте буын беттері азды-көпті бір-біріне сәйкес келеді. Бір сүйектің буын беті тиісінше ойыс болады.

2. Буын капсуласы , capsyla articularis, буын қуысын саңыласыз қоршай отырып, буындасатын сүйектерге олардың бын беттерінің жиегін лал немесе олардан сәл кейіндеу өсіп бекиді. Ол сыртқы фиброзды мембрана , mmbrana fibroza, мен ішкі синовиальды мембранадан , membrana sinovialis, тұрады. Синовиальды мембрана буын бетіне қараған жағында эндотелий клеткалары қабатымен жабылған, соның салдарынан тегіс және жылтыр болады. Ол бын қуысына жабысқақ мөлдір синовиальды бүрлер , vili synovialis деп аталатын кішкене өсінділер түзеді. Сонымен қатар ол буын ішіне енетін үлкенді-кішілі синовиальды қатпарлар , plicae synoviales, түзеді. Кейде синовиальды қатпарларда оларға сыртынан өсіп енетін едәуір мөлшерде май жиналады, ондай жағдайда май қатпарлары, plicae adiposae, деп аталатын пайда болады, оған тізе буынының plicae alares мысал бола алады.

Кеуде капсулаың жұқарған жерлерінде қапшық сияқты дөңестер немесе сіңірлерді айнала орналасатын немесе буынға жақын бұлшықеттер астында жатқан синовиальды мембрананың айналалары - синовильды қалталар , bursae synoviales, түзіледі. Синовия аталған бұл синовильды қалталар қозғалыс кезінде сіңірлер мен бұлшықеттердің үйкелісін азайтады.

3. Буын қуысы , cavitas articularis, буын беттері және синовиальды мембранамен шектелген саңылаусыз(герметикалы), жабылған саңылау пішінді кеңістік болып табылады. Қалыпты жағдайда ол бос қуыс емес, буын беттерін ылғалдандырып және майлап, олардың арасындағы үйкелісті азайтатын синовильды сұйықпен толған.

Сонымен қатар сұйықтықтардың алмасуында және буын беттерін іліктестіру арқылы бекітуде роль атқарады. Ол сондай-ақ беттерінің сығылуы соғылуын жұмсартатын буфер қызметін атқарады, өйткені буындардағы қозғалыс - тек сырғанау емес, буын беттерінің ажырасы да болып табылады. Буын беттерінің арасындағы қысым теріс (атмосфералық қысымнан төмен) . Сондықтан олардың ажырасып кетуіне атмосфералық қысым кедергі жасайды (кейбір аурулар кезіндегі буындардың атмосфералық қысымды сезгіштігі осымен түсіндіріледі), ондай науқастар ауа райының өзгеруін болжап айта алады. Буын капсуласы зақымданғанда ауа буын қуысына өтеді, соның себебінен буын беттері дереу ажырайды. Әдеттегі жағдайларда буын беттерінің ажырасуына қуыстағы теріс қысымнан басқа жалғамалар (буынішілік және буынсыртылық) мен сіңірлерінің қабатында орналасқан тобық сүйектері бар бұлшықеттер де кедергі жасайды. Жалғамалар мен бұлшықет сіңірлері буынды нығайтатын қосалқы аппарат болып табылады. Бірқатар буындарда буын беттерін толықтыратын қосымша тетіктер - буынішілік шеміршектер болады; олар талшықты шеміршек тканінен тұрады және пішіндері не тұтас шеміршек пластинкалары - дискілер , disci articulares, не тұтас емес, жарты ай түрінде иілген, сондықтан менискілер , menisci articulares, деп аталатын түзіліс түрінде, не шеміршек құрсауы, labra articularia түрінде болады. Барлық осы буынішілік шеміршектер шеңбері бойымен буын капсуласымен бітісіп өседі. Олар жаңа функциялық талаптардың нәтижесінде статикалық және динамикалық жүктеменің күрделеніп, артуына жауап реакция ретінде пайда болады. Олар бастапқы үздіксіз қосулылардың шеміршектерінен дамиды, өздерінде беріктік және серпімділік қасиеттерін ұштастарып, соққылауға кедергі жасап, буындағы қозғалыстарға көмектеседі.

Тірі адам организмінде буындар үш түрлі роль атқарады:

1) олар дене қалпының сақталуына жәрдемседі;

2) дене бөліктерінің өзара орын ауыстыруына қатысады;

3) дененің кеңістіктегі локомоция(орын алмастыру) мүшесі болып табылады.

Эволюция барысында бұлшықет қызметі үшін жағдайлар әр түрлі болғандықтан, түрлі формалар мен функциялардың буындасуы пайда болды. Пішіні жағынан буын беттерін геометриялық айналу денелерінің кесінділері деп қарастыруға болады:бір осьті айнала қозғалатын цилиндр ретінде, екі осьті айнала қозғалатын эллипс ретінде үш және одан да көп осьтерді айнала қозғалатын шар ретінде.

Буындарда қозғалыс үш негізгі осьті айнала жүреді. Буындарда мынадай қозғалыс түрлерін ажыратады:

1. Фронталь (горизонталь) осьті айнала қозғалу, бүгілу (flexio), яғни буындасатын сүйектер арасындағы бұрыштың кішіреюі және жазылуы (extensio), яғни осы бұрыштың үлкеюі.

2. Сагиталь (горизонталь) осьті айнала қозғалу, келтіру , яғни орта жазықтыққа жақындау және әкету , яғни одан қашықтау.

3. Вертикаль осьті айнала қозғалу, яғни айналу:ішке қарай және сыртқа қарай.

4. Шеңбер бойымен қозғалу , бұл кезде бір осьтен екінші оське ауысу іске асады, соның өзінде сүйектің бір ұшы шеңбер сызады, ал бүкіл сүйек- конус фигурасын сызып шығады.

Буын беттері сырғанай қозғалуы мүмкін, сондай-ақ, олар бір бірінен алыстауы мүмкін, мысалы, саусақтарды созғанда. Буындардағы қозғалыс сипаты буын беттерінің пішініне байланысты. Буындардағы қозғалыс көлемібуындасатын беттер шамасының айырмасына тәуелді. Егер, мысалы, буын шұңқыры ұзына бойы 140 градус доға болса, ал басы 210 градус болса, онда қозғалыс доғасы 70 градусқа тең болады. Буын беттері аумақтарының айырмасы неғұрлым көп болса, қозғалыс доғасы соғұрлым үлкен болады және керісінше. Буындасқан беттер аумақтарыайырмасының кішіреюінен басқа буындардағы қозғалыстыкуйбір жалғама, бұлшықеттер, сүйек өсінділері сияқты т. б. тежеуіштер шектеуі мүмкін.

Сүйек және бұлшықеттердің жұмыс гипертрофиясын тудыратын күшті дене жүктемесі осы түзілістердің өсуін тудырып жылжымалықты шектейтіндіктен, түрлі спортшыларда спорт түріне қарай буындарда түрліше иілгіштік байқалады. Мәселен, жеңіл атлетшілерде ауыр атлетшілерге қарағанда иық белдеуінің қозғалыс көлемі көптеу болады. Егер буындарда тежегіш тетіктер өте күшті дамыса, онда олардағы қозғалыс тым шектелген болады. Ондай буындар қатаң буын деп аталады. Қозғалыс шамасына қозғалыстардың көп түрлілігін арттыратын буынішілік шеміршектер әсер етеді. Мәселен, буын беттері пішіні жағынан екі осьті буындарға жататын самай төменгі жақ буынында буынішілік дискінің болуынан үш түрлі қозғалыс мүмкін болады.

Буынның жұмысын бағыттап, ұстап отыратын бекітуші бөлігі жалғамалар болып табылады, осыдан келіп оларды бағыттаушы және ұстап тұрушы деп бөледі. Адам денесінде жалғамалар саны өте көп, сондықтан оларды жасы зерттеп есте сақтау үшін, олардың ортақ орналасу заңдылықтарын білу қажет. Жалғамалар буын беттерінің қозғалысын берілген буынның белгілі бір айналу осі айналасында бағыттайды да, сондықтан әрбір буында оның остерінің саны мен орналасу жағдайына қарай таралады.

Жалғамалар:

а) берілген айналу осіне перпендикуляр ;

ә) негізінен оның ұштары бойынша орналасады.

Олар буынның берілген қозғалысы жазықтығында жатады. Мәселен, саусақаралық бір фронтальды айналу осі бар буында, бағыттаушы жалғамалар, оның бүйірлерінде вертикаль орналасады. Екі ості шынтақ буынында ligg. collateralia вертикаль оське перпендикуляр, ал ligg. anulare горизонталь, вертикаль оське перпендикуляр орналасады. Ақырында көпосьті жамбас сан буынында жалғамалар түрлі бағытта орналасады.

Буын ауруларының түрлері

Жалпы барлық буын аурларын әр түрлі топқа бөліп қараудың мәні зор. Егер буынның қабыну белгілері қызару, ісіну, өызу пайда болса, онда тезірек дәрігерге қаралу мүмкіндігін ойластыру керек. Жарақатқа байланысты болатын артриттер де соны қажет етеді.

І топ: Артриттер. Яғни, буынның қабынуы. Бұл топқа, ең алдымен ревматизммен ауырған кезде буынның қабынуы, ревматоидтық полиартрит немесе инфекциялы бейтарап полиартрит жатады. Сонымен қоса әр түрлі инфекцияға байланысты буынның

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамның-қимыл аппаратының биомеханикасы
Медицинадағы электро термометрлер жұмыстың физикалық негіздері
Дене биомеханикасы туралы түсінік. Науқасты тасымалдауда кәсіптік қорғаныс. Науқастың әр түрлі функциональді қалыптары Симс қалпы, Фаулер қалпы
Адам анатомиясы
Бет бөлімінің сүйектері
Дене биомеханикасы
Бұлшықеттер құрылысы және биомеханикасы
Спорт физикасы факультатив курсы
Буындағы қозғалысты модельдеу
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz