Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және оның ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. ЕРТЕ ЖАСТАН АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ШЕТЕЛ ТІЛІНДЕ ТЫҢДАП ТҮСІНУГЕ ҮЙРЕТУ, ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ТИІМДІ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕРІ.
1. 1 Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және оның
ерекшеліктері. 6
1. 2 Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету. 8
1. 3 Тіл дамыту жұмыстарын тиімді жүргізудің әдістері. 10
2. ГРАММАТИКАНЫ ЖӘНЕ ФОНЕТИКАНЫ ОҚЫТУ.
2. 1 Грамматикалық материалды бекіту. Грамматикалық жаттығулардың түрлері. 14
2. 2 Грамматикалық материалды түсіндіру. Алғашқы сатыда грамматикалық структуралар мен етістік шақтарын түсіндіру. Грамматикалық материалмен жұмыс. 19
2. 3 Фонетикалық дағдыны қалыптастыру үшін қолданылатын жаттығулар жүйесі. 27
3. ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ. ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ҚОЛДАНУ. ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР.
3. 1 Шетел тілін оқытуда техникалық құралдарды қолдану. 29
3. 2 Жобалау технологиясын бастауыш мектепте қолдану. 32
3. 3 Шетел тілі сабағына қойылатын негізгі талаптар. 35
ҚОРЫТЫНДЫ 39
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 41
КІРІСПЕ
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Мектептерде оқу сапасын жақсартуда әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижеле беруде. Елімізде білім беру саласында қазір демократияландыру, ізгілендіру іске асырылуда. Шетел тілі ана тілімен қоса оқушының сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды, оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым - қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру мектепте берілетін білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады, оқулықпен және басқа оқушылармен қарым - қатынас барысында оқушы барлық пәндерді меңгереді. Шетел тілін оқушыларға үйреткенде біз оларға басқа халықтың мәдениетіне әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашамыз, басқа халықтармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туады. Шетел тілінің қызметі - оқушыларды өздері үйреніп жатқан тілде сөйлейтін халықпен түсіністік, ортақ көзқарас орнатуға дайындап, тәрбие, білім беріп әрі жеке басын, өмірге көзқарасын жан - жақты дамыту. Шетел тілі пәні бойынша білім мазмұнына тақырыптар, қарым - қатынас ситуациялары, мәтіндер, тілдік материалдар; лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, практикалық біліктер, сөз әдептері, оқу әрекетінің тиімділігін іске асыратын жалпы оқу білік дағдылары жатады. Мектептерде 5-6-7 сыныптарының жаңа буын оқулықтарын пайдаланудамыз. Оқушыларға оқулықтар ұнайды, себебі олар қабылдауға жеңіл, қызықты материалдармен қамтамасыз етілген, тапсырмалары әр деңгейге лайықтап, қиындатылып берілген. Жаңа буын оқулықтары жаңа технологияны басты назарға алып отырып құрылған. Бұл оқулықтардағы материалдар әлімдік деңгейдегі проблемалардан хабардар болуға, оларды шешудің жолдарын табуға, өз еліміздің тарихымен, салт - дәстүрлерімен байланыстырылып құрылған. Қандай тілде болмасын оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау дағдыларын дұрыс іске асырғанда ғана мақсатқа жетуге болады емес пе? Мысалы, мәтін оқыған кезде ашық жауап, дұрыс - бұрыс жауап таңдау сұрақтары, кім? не? сұрақтары, тақырыпшаларды параграфтармен, суреттермен байланыстыру, мәтіннен қателер табу, бос жерлерді, таблицаларды толтыру, мәтіндегі сөздер мен тіркестердің мағынасына тоқталу, мазмұны туралы пікірін білдіру, байланыс тіркестерін табу сияқты тапсырмаларды орындау арқылы кез-келген дәрежедегі мәтіндерді қызығушылықпен меңгеріп, еске сақтауға жағдай жасалады. Cонда ғана оқу стратегиясы жүзеге асырылады. Берілген мәтіннен кейінгі жаттығулар оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне қарай құрылған. Жаңа тақырыпты өткенде жаңа сөздерге көп көңіл бөлемін. Сөзден сөз тіркестерді, сөйлемдер құрылады, сондықтан оқушының жаңа сөзді дұрыс қабылдап, ойына сақтау барысында әр түрлі ойындар жүргіземін. Ойын оқушының тілге деген қызығушылығын арттырады және оқушыны тілді үйренуде жақсы жетістіктерге жеткізеді.
Жан-жақты ойластырған және жақсы жүргізілген ойын тілдік материалды енгізуді және бекітуді (лексика, грамматика, фонетика) жеңілдетеді, дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Тілдік шығармашылықты (есту, сөйлеу, оқу, жазу) орындауға тиімді. Ойын балаларды шетел тілін меңгерудегі қиындықтарға дайындайды және осы қиындықтарды жеңіп шығаруға көмектеседі.
Ойынды ағылшын тілі сабағының, бірақ жоғары сыныптарда берілетін тіл материалының мазмұны мен тапсырмаларының түрі тіл материалын жай қабылдауға емес, білімін дамытуға, ойландыруға, жағдайларды салыстыруға, ойша бөлшектеп талдау жасауға, біріктіріп ұластыра жасауға, қорытындылауға қызмет етуіне көңіл аудару керек. Ойындарды сабақ үстінде ғана емес, үзілісте, сабақтан тыс уақытта да ойнауға болады. Бұл балалардың демалатын уақыты. Ойынның негізгі мақсаты - сөздерді, сөйлемдерді ағылшын тілінде дұрыс айтуға балалардың тілдерін жаттықтыру.
Оқулықтың ерекшелігі тілді үйретудің әр дағдысына белгілі бір стратегиялар ұсынады. Мысалы, тыңдасым: тыңдауға дайындық, ең маңызды сөздерге көңіл бөлу, арнайы мағлұмат алу, пікірлерді ажырату, өз сұрақтарын дайындау, керектілерін жазып алу, стилін ажырату, өз пікірін білдіру сияқты тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың кассеталардан жаңалықтарды, диалог, монолог, әңгіме, өлең тыңдауға мүмкіншіліктері бар. WARM - UP (ой ашар) тапсырмалары және келісу - келіспеу, рөлдік ойындар, пікір білдіру, суреттеу т. б. түрлері арқылы оқушылар алған білімдерін іске асырады. Оқушылар сабақта үйренген іскерліктері мен дағдыларын пайдаланып, өз ойларын жүйелі түрде айтып жеткізе алады.
Оқушылардың шет тілінде дұрыс сауатты сөйлеуінде тілдік материалды меңгерудің рөлі өте зор. GRAMMAR SUMMARY - қолданып, ережені еске түсіріп отырады. Оқулықтағы жаттығуларда берілген деңгейлік тапсырмалар оларды оқушының білім деңгейіне қарай орындауына мүмкіндік береді. Сөздік жұмыс мәтінде кездесетін жаңа сөздерді іздеумен қоса түрлі тұрақты сөз тіркестерді, қосымша мағыналы сөздермен жаттығулар орындау арқылы жүзеге асады. Фонетикалық материал бір қарағанда, жоғары сыныптарға керегі жоқ сияқты болғанымен, кейбір дыбыс емлесінің ерекшеліктері, дауыс ырғағы, екпін түсіру сияқты нәрселерді сабақта еске түсірудің маңызы зор. Тақырып соңында оқушылардың қай тапсырмаларды қандай деңгейде меңгергендерін біліп, талдау жасау мүмкіндіктері бар. Берілген тест тапсырмаларын олар берілген кілт арқылы тексеріп, мұғалімнің көмегімен қателеріне дер кезінде талдау жасай алады. Оқулықта ұсынылған іс - шаралармен шектелмей, мұғалім өзі де шығармашылықпен жұмыс істеп, нәтижелі сабақтарды жоспарлауына болады. Оның бәрі оқушының тілге деген қызығушылығын арттырып, сабақтың әсерлі өтуіне септігін тигізеді. Оқушылардың білім және білік дағдыларының жетілуіне В. Ф. Шаталовтың тірек конспектілері мен тірек сигналдарын пайдаланау оқытудың белсенді әдісі. Мен бір ғана технология жүйесімен жұмыс жасап жүрмін деп айта алмаймын, өйткені шетел тілін оқытуда барлық әдіс - тәсілдерді қолдануға болады деп ойлаймын. Деңгейлік тапсырмалар оқушыларға беруге болады, топпен, жеке оқушымен жұмыс істеуге болады, Венн диаграммасын қолданамын. Осы тәсілдердің барлығы оқулықта жақсы берілген, сондықтан біз, ұстаздар, шығармашылықпен ойланып, оқушыларға түсінікті болатындай, ойға қонымды етіп өз жоспарымызды құруымыз керек. Тірек конспектісін қолдану сөйлеу дағдысына көп көмегін тигізеді. Тақырыптың негізгі мағынасы осы тірек конспектісінде көрнекі беріледі. Тірек плакатын пайдалана отырып әңгімені толық түсіндіруге, артынан қиын сөздерге мән бергізуге болады. Мысалы: “Ауа - райы” тақырыбына көрнекілік. Тірек сигналдарын пайдаланып, әртүрлі фраза қолдануға болады, сондықтан Шаталовтың көп рет қайталау принципі жүзеге асады. Тірек схемалары лексикалық және грамматикалық материалды түсіндіру, бекіту мақсатында және монолог, диалог, тындасымды түсінуде де қолданылады. Шетел тілін оқуда көрнекі құралдарды қолдану көп көмегімен тигізеді. Мысалы: 6, 7 сыныптағы көрнекілік “Түсіндіре басқарып - оздыра оқыту” технологиясы бойынша Венн диаграммасы ағылшын тілінде тақырыпты қорытындылағанда қолданылады. “Оздыра оқыту” әдісі оқушы қабілетін, деңгейін саралап оқыту. Деңгейлік тапсырмалар беріледі. Білімді тексеруде, дәстүрлі емес сұрақтар, өзгертпесөз, сақиналар құпиясын ашу, тест сұрақтары, басқатырғы, жұмбақтар шешу т. б. қолданылады.
Оқу процесі оңайдан қиынға қарай дамыта оқытуға бағытталған. Мәселен, сабақтың алдында “берілген тақырып туралы оқушы не біледі?” деген мақсатпен “Сұрақ - жауап”, “Талқылау”, “Ой алмасу” сияқты тапсырмалар беріледі. Оқушының жауабы негізінде жаңа тілдік материалдар бойынша жұмыс жүргізіледі. Басты көңіл бөлінетін нәрсе-сөйлеу және оқу. Оқушылар сөйлеу мен оқуды меңгергеннен кейін, жазуды үйренеді. Оқу процесінде ойын ойнау да аса маңызды. Ойын кезінде бұрыңғы өтілген сөздер мен сөз тіркестері және грамматикалық материалдар қайталанады. Мысалы: “Көңілді қарындаш” ойыны. 5, 6, 7 сынып оқулығы тілді дәстүрлі түрде оқыту және актуальды оқыту әдісінде жазылған. Сабақ үрдісінде шәкірттер оқуға үйренеді, яғни өз бетімен ізденіп білім алудың жолдарын, тәсілдерін білуге бейімделеді.
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыруға, оқушылардың өздігінен бағыт - бағдарын анықтап, дамуына, ең бастысы, өзін - өзі тәрбиелей алатын тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз. Осы негізде оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шығармашылығы қамтамасыз етіледі.
- ЕРТЕ ЖАСТАН АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ШЕТЕЛ ТІЛІНДЕ ТЫҢДАП ТҮСІНУГЕ ҮЙРЕТУ, ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫН ТИІМДІ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕРІ.
1. 1 Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және оның ерекшеліктері.
XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен атауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.
Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілі меңгертуді жолға қою мақсатында эксперимент ашылды. Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 4 наурыздағы “2 сыныптан бастап ағылшын тілін оқыту туралы” №1746, Астана қаласы Білім Департаментінің 25. 08. 2004 жылғы №246 бұйрығы бойынша Ж. Жабаев атындағы №4 мектеп - гимназия базасында 2 “Г” жәй сыныбында эксперимент ретінде ағылшын тілі жүргізілді. Бұл эксперименттің негізгі мақсаты жаңа технологиялар, инновациялық үрдіс, тілдік қарым - қатынасты игеру болып табылады. Ерте жастан шетел тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін, оқушылардың қызығушылығын, ұйымдастыруға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. 2 “Г” сыныбында алғашқы кіріспе бөлімін “Way into English” оқулығымен бастап, одан әрі “Way Ahead”, “Macmillan” оқу әдістемелік кешенінің оқулығымен жалғастырдық. Оқу бағдарламасы бойынша, күнтізбелік жоспары бекітілген. Бұл баспадан шыққан оқулық оқушыларға өте ұнайды, түрлі - түсті суреттері мен, тақпақ пен қысқа өлеңдер шумағы музыкасымен берілген. Жаттығулар жинағы дәптері, қосымша постерлер, тест жинақтары да бар. Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқауы бар оқулығы бар. Бұл оқулықта таңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдыларын қалыптастыруға бірдей көңіл бөлінген. Бұл оқулықпен оқытуда аздаған қиындықтарда бар, сөздердің аудармасы берілмеген, бірақ соған қарамастан бұл материалдар грамматикалық дағдылармен бірге оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларының қалыптасуына көп көңіл бөледі. Экспериментті өтудің бірінші жылында барлық экспериментке қатысушы мұғалімдерді арнайы курстардан өткізді, өйткені бұрынғы оқулықпен қазіргі оқулықтың арасында көп айырмашылықтар бар. Осы курста жаңа оқулықпен қалай жұмыс істеу керек, қандай технологияларды қолдану арқылы ауыз-екі сөйлеуді, ағылшын тілінде сауатты жаза білуге үйрету, қай жаттығуды қалай орындау керек екенін үйрендік. Бұл курстардың бізге берген көмегі өте көп. Эксперименттің бірінші жылының соңында осы экспериментке қатысушы мектептер арасында өлеңдер мен қойылымдар конкурсы өткізілді. Біздің мектептің 2 “Г” сынып оқушылары “The Little Red Hen” деген тақырыпта қойылым көрсетті. Олар сахнада өздерін еркін ұстауымен, киімдерімен және жоғары деңгейде сөйлеуімен қойылымды өте жақсы қойып шықты. Осы жылы не үйренгенін, не оқығанын көруге Америкадан келген, осы оқулықтың авторы, өзінің таңданысын жасыра алмады, оқушылардың қойылымдары мен өлеңдер сайысына өте жоғары баға берді.
Жылдың соңында жазған тест қорытындысы бойынша 2 “Г” сыныбында 12 оқушы “өте жақсы”, 15 оқушы “жақсы” деген баға алды. Оқушылар ауыз - екі сөйлеуге үйренді, сөздерді жақсы меңгерген, жалпы тілді меңгере алмаған оқушы жоқ.
Эксперименттің екінші жылын әрі қарай жалғастырудамыз. Бұл жылы барлық экспериментке қатысушы мұғалімдер арасында өзара тәжірибе алмасу ретінде ашық сабақтар берілді. Біз бірімізден көп нәрсені үйренудеміз. Әр айдың бір аптасына әр мектепке бару арқылы тәжірибе алмасамыз, қателерімізді ортаға саламыз, қиындықтарды қалай жеңу керек сонны талдаймыз. Мұндай ашық сабақтар бізге көп көмегін тигізуде, және бір - бірімізбен тығыз байланыста болуымызға көмектесуде. Экспериментті әрі қарай жалғастырғымыз келеді.
Биылғы жылдың соңында тағы да іріктеліп алынған мектептердің арасында қойылымдар конкурсы болды. Бұл конкурста 3 “Г” сынып оқушылары “Flower Ball” деген тақырыпта қойылым көрсетті. Бұл қойылымда өте жақсы киімдерімен көзге түсіп, өздерінің сөйлеу шеберлігін де жақсы қолдану арқылы өте жоғары деңгейде қойып шықты. Осы қойылымды 6 шілдеде болатын Астана күніндегі мерекелік концерте қайталап қоюға таңдап алды.
Осы оқулықтың қолдану кезінде біз бірнеше жаңа әдіс тәсілдерді игеріп жатырмыз. Ағылшын тілін жетік меңгеруіне сабақта сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдістемесін пайдаланудың көмегі көп. Бұл технология бойынша оқушы өз ойын ортаға салып, сөйлеу тілін дамытуға және сөздің қорын молайтуға жетелейді. Оқушылар сабақта берілген сөздердің көмегімен өздері мәтін құрайды.
Бүгінгі қоғам мұғалімнің біліктілік деңгейіне де, ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр, өйткені қазіргі күні XXI ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Мектептегі басты тұлға мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат рухани жан дүниесі бай, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Оқушының оқу дағдысын қалыптастыруда жалпы жазба тілі мен ауызекі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Оқушыларды шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу мұғалімнің міндеті. Сондықтан бұл жұмыс түріне ерекше талап қою керек. Мәтінді мазмұндауға үйрету, жазбаша сұрақтарға жауап беруге үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға, мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс - әрекеттерін әгімелеуге үйрету. Бұл дағдыларды қалыптастыру үшін ұстаз ерінбей еңбек ету нәтижесінде жете алады.
Бастапқы этапта шетел тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ процесінде қандай дидактикалық ойын қолдануға болатынын сабақтың мазмұнына, мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек.
Бала ұлттың болашағы, қоғамның әлеуметтік байлығы, сондықтан да олардың адамзаттық жоғары парасаттылығын, ақылдылық пен білімділігін, адамгершілік негізін қалыптастыра білуіміз керек.
Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, кәсібін терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігін қолдана берілетін мамандар қажет. Адам алдымен жан - жақты дамуына ерекше көңіл бөлуі қажет, парасаттылық адамға өзінен - өзі келмейді. Ол ұлан - ғайыр еңбек етіп, ғылым - біліммен молынан сусындаған кісіге ғана қонады.
1. 2 Шетел тілінде тыңдап түсінуге үйрету.
Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Мәдениетті жоғары XXI - ғасыр адамын қалыптастыру міндеті білім беру ісін ірілендіру қажетті мектеп пен қоғам алдында жаңа маңызды мәселелер қойып отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілдерінің мазмұны анықталып, оған қойылатын талаптар нақтылануда. Шетел тілін ана және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу іскерліктері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым - қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушылардың шетел тілінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады. Шетел тілі арқылы оқушылар әлемді таниды, тілін оқып жатқан елдің мәдениетімен, өмірімен танысады.
Шетел тілінде оқушылар дұрыс қарым - қатынас жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс. Тыңдап түсіну - сөйлеудің серігі, сөйлеу экспрессивті формаға жатса, тыңдау импрессивті формаға жатады. Ауызша айтылған сөзді қабылдау мен түсіну өте күрделі психикалық әрекет. Тыңдап түсіну қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік еске, қабылдауға, логикаға, санаға, ажырату және таным механизмдеріне, салыстыруға, жинақтауға байланысты. Тыңдап түсіну барысында оқушылардың санасында фонетикалық және интонациялық есту қабілетін қалыптастыру керек, себебі бұл күрделі процесс болғандықтан жалпыға ортақ қиындықтарды және арнайы қиындықтарды ескеру қажет. Олар:
- Сөйлеуші қолданылған кейбір лексикалық және грамматикалық материал оқушыға таныс емес болуы мүмкін, бұл жағдай оқушыға тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінуді қиындатады. Бұл қиындықты жеңудің жолы - оқушылардың пассивтік және потенциальдық сөздік қорын байыту;
- Әр адамның дыбыстарды айту ерекшеліктері мен интонациялық ерекшеліктері болуы заңды құбылыс. Оқушы өз мұғалімнің сөйлеу ерекшеліктеріне дағдыланып алады да, басқа адам айтқан сөзді түсінуі мүмкін. Бұл қиындықты жеңудің жолы - сабақта техникалық құралдарды жиі қолдану керек;
- Мұғалім әдетте сабақта өте баяу ырғақпен сөйлейді, мұндағы мақсат оқушылар оның айтқан сөзін түсінсін дегендік. Оқушылар осындай баяу сөзге дағдыланады да, дұрыс ырғақта сөйлеген сөзді түсінбейді. Міне бұл қиындықты сабақта тек техникалық құралды қолдану арқылы жеңуге болады;
- Мұғалім сабақта шетел тілінде сөйлегенде, айтқан сөзін оқушылар түгел түсінсін деп бірнеше рет қайталап айтады. Оқушылар осы қайталауға үйренеді. Шынайы коммуникацияда сөйлеуші айтқанын қайталамайды, сондықтан мұғалімнің мақсаты оқушылардың тыңдаған мәтіннің мазмұнын бір - ақ рет тыңдағанда түсінуге үйрету. Ал кей жағдайларда оқушылар мәтіннің мазмұнын бір рет тыңдағанда түсінбесе, оны екінші рет тыңдатуға болады, бірақта бұл жолы мұғалім тыңдайтын мәтінге қосымша бір тапсырма беруіне болады. Мысалы, мәтінді екінші рет тыңдаңдар да, бұл оқиғаның басты кейіпкеріне / оқиға уақытына / оқиға жеріне және т. б. назар аударыңдар деген сияқты тапсырмалар;
- Келесі бір қиындық мынада: егер тыңдаушы сөйлеушінің бет -әлпетіне көріп, оның сөйлеу органдарының қимыл - қозғалысын байқап отырса, онда ол өзі тыңдап отырған сөзді жеңіл түсінеді, бірақта мұндай жағдай ылғида бола бермеуі мүмкін (телефон арқылы сөйлесу, радиодан хабар тыңдау, т. с. c. ) . Жоғарыда айтылған қиындықтарды жеңудің алғы шарты - мұғалімнің сабақта техникалық құралдарды кеңінен пайдалануы және тыңдау қабілеттерін дамытуға арналған жаттығуларды дұрыс ұйымдастыра алуы.
Оқушылардың түсініп тыңдау қабілеттерін дамытуда төрт жаттығулар тобын ұсынуға болады.
Бірінші топ жаттығуларының мақсаты - мәтінді тыңдаудың алдында лингвистикалық және психологиялық қиындықтарды алдын ала жою.
Екінші топ жаттығудың мақсаты - мәтінді тыңдауға арналған жаттығулар. Мұнда оқушылар мәтінді тыңдап, оның тақырыбын, идеясын анықтай, берілген кестені/сызбаны және т. б., толтыру, сұрақтарға берілген жауаптардың мәтін мазмұнына сәйкес келетінін анықтау және т. б.
Үшінші топ жаттығудың мақсаты - мәтін мазмұнын толық түсініп, оқушылардың бойында төмендегідей іскерліктерді дамыту: интерпретация, комментарий және талдау жасай алу. Мысалы, тыңдаған мәтіннің тақырыбын талдау, мәтін мазмұнына берілген ассоциограмманы толтыру, уақиғаны бағалау, басты кейіпкерді сипаттау, мәтінді коммуникация жағдайымен ұштастыра білу және т. б. Үшінші топ жаттығуларын орындау барысында оқушыларға тірек, таяныш сөздер, жоспар, суреттер, сызбалар және т. б. ұсынуға болады.
Төртінші топ жаттығудың мақсаты - оқушыларды мәтін мазмұнының басты идеясына байланысты ойларын айтқызу, пікір - талас ұйымдастыру, “дөңгелек үстел” ұйымдастыру, сахналау, сценарий жазу және т. б.
Енді тыңдауға арналған мәтіндерге қойылатын талаптарға тоқтала кетсек. Олар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz