Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі



Жоспар

1. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі кезіндегі тұқым қуалау.
2. Комплементарлылық
3. Эпистаз
4. Полимерия
5. Плейотропия
6. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Гендердің өзара әрекеттесуінің екі түрі бар.
1. Аллельді гендердің өзара әрекеттесуі.
2. Аллальді емес гендердің өзара әрекеттесуі.
Ген тұқымқуалаупылықтың құрылымдық және функциялық бірліктері болып табылады. Жоғарыда келтірілген мысалдарда гендер, шынында да, жеке бірліктер сияқты әрекет етеді, яғни олардың әрқайсысы белгілі бір белгінің дамуын басқаларға тәуелсіз анықтайды. Сондықтан мынадай түсінік қалыптасуы мүмкін:
генотип — гендердің механикалық жиынтығы, ал
фенотип —жекелеген белгілердің мозаикасы.
Іс жүзінде олай емес. Барлық биохимиялық және физиологиялық процестері нақты үйлескен және өзара байланысқан жеке клетка да, организм де біртұтас жүйе болып табылуының басты себебі — генотип — өзара әрекеттесетін гендер жүйесінің болуы.
Бір немесе әр түрлі хромосомалардың әр түрлі локустарында орналасқан аллельді, сондай-ақ аллельді емес гендер өзара әрекеттеседі.
Пайданылған әдебиеттер
1. Жалпы биология В. Захаров, С Мамонтов, И. Сонин, Ә. Қисымова.
2. Вент Ф. В мире растений. М., «Мир», 1972.
3. В е р з и л и н Н. М. Основы методики преподавания ботаники. М., изд. АПН РСФСР, 1955.
5. Доброхотова К., Чудинов В. Лекарственные растения. Алма-Ата, «Казахстан», 1965.
6. Ивченко С. Занимательно о ботанике. М., «Молодая гвардия», 1969.
7. Имшенецкая Л. И. Мир растений. М., Учпедгиз, 1957.
8. Қажымұратов М. Қазақстанда кездесетін пайдалы өсімдіктер. Алматы, «Қайнар», 1975.
9. Қожабеков М. Дәрілік өсімдіктер. Алматы, «Қазақстан», 1975.
10. А л е ш к о Е. Н. Хрестоматия по ботанике. М., Учпедгиз, 1962.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі кезіндегі тұқым қуалау.
2. Комплементарлылық
3. Эпистаз
4. Полимерия
5. Плейотропия
6. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Гендердің өзара әрекеттесуінің екі түрі бар.
1. Аллельді гендердің өзара әрекеттесуі.
2. Аллальді емес гендердің өзара әрекеттесуі.
Ген тұқымқуалаупылықтың құрылымдық және функциялық бірліктері болып табылады. Жоғарыда келтірілген мысалдарда гендер, шынында да, жеке бірліктер сияқты әрекет етеді, яғни олардың әрқайсысы белгілі бір белгінің дамуын басқаларға тәуелсіз анықтайды. Сондықтан мынадай түсінік қалыптасуы мүмкін:
генотип -- гендердің механикалық жиынтығы, ал
фенотип -- жекелеген белгілердің мозаикасы.
Іс жүзінде олай емес. Барлық биохимиялық және физиологиялық процестері нақты үйлескен және өзара байланысқан жеке клетка да, организм де біртұтас жүйе болып табылуының басты себебі -- генотип -- өзара әрекеттесетін гендер жүйесінің болуы.
Бір немесе әр түрлі хромосомалардың әр түрлі локустарында орналасқан аллельді, сондай-ақ аллельді емес гендер өзара әрекеттеседі.,


Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі

Гендер белгілі бір аллельді емес гендердің көріну сипатына немесе бұл геннің өзінің көріну мүмкіндігіне әсер ететіндігіне көптеген мысалдар келтіруге болады. Гендердің екі жұбының өзара әрекеттесуі, мысалы, тауықтардың кейбір тұқымдарындағы айдарының тұқым қуалауы. Бұл гендердің әр түрлі үйлесімдерінің нәтижесінде айдардың төрт варианты пайда болады. Жұпар иісті асбұршақта түссіз пигменттің алғашқы формасы -- пропигменттің синтезін анықтайтын А гені бар. Ал В гені фермент синтезін анықтайды, бұл фермент әсерінен пропигменттен пигмент түзіледі. ааВВ және ААbb генотиптері бар жүпар иісті асбұршақтың гүлдерінің түсі ақ болады: бірінші жағдайда фермент бар, бірақ пропигмент жоқ, екінші жағдайда пропигмент бар.
Аллельді емес гендердің әрекеттерінің өзара толықтыруы немесе бір ген, оған аллельді емес өзге геннің көрінуін болдырмау (басуы) сияқты, аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің түрлері сапалық белгілерге қатысты болып келеді. Дегенмен организмдердің көптеген қасиеттері -- жануарлардың салмағы мен бойы, тауықтардың жұмыртқа салғыштығы, сүттің майлылығы мен оның мөлшері, өсімдіктер құрамында витаминдердің мөлшері және т.б. альтернативті болып табылмайды. Мұндай белгілер сандық деп аталады. Олар тек бір белгіге немесе қасиетке әсер ететін аллельді емес гендермен анықталады. Генотипте қандай да бір белгіні анықтайтын доминантты гендер неғұрлым көп болса, соғұрлым мұндай белгі айқынырақ көрінеді. Бидай дәнінің қызыл түсі екі генмен анықталады: А және А2. Бұл жердегі аллельді емес гендер бір ғана әріппен А(а) белгіленген, өйткені олар тек қана бір белгінің дамуын анықтайды. А1 А2 А3 генотипінде дәндердің түсі қанық болады, ал а1 а1 а2 а2 генотипі болғанда олардың түсі ақ болады. Генотиптегі доминатты гендердің санына байланысты, қою қызыл мен ақ түстердің арасындағы барлық өзгерістерді алуға болады
Адам терісіндегі пигменттің мөлшері де бір бағытта әрекет ететін доминатты аллельді емес гендердің санына байланысты. Әрекеттесудің осындай түрі бойынша жануарлар мен өсімдіктердің шаруашылыққа бағалы көптеген белгілері түқым қуалайды: тамыр жемістегі қанттың мөлшері, бидай масағы мен жүгері сабағының үзындығы, жануарлардың өсімталдығы және т.б.
Сонымен, көптеген белгілер гендердің полимерлік, яғни бір бағытта әрекет ететін бірнеше жүптарының өзара әрекеттесуі кезінде дамиды.
Бір геннің организмдегі бірнеше белгілер мен қасиеттердің дамуын анықтайтын жағдайлар да кездеседі. Мұндай құбылыс плеиотропия (грекше рlеіоn -- сансыз көп, trороs -- бағыт) деп аталады. Мысалы, адамда тырнақтың және тізе буынының кемістігін бір уақытта анықтайтын ген бар. Тышқандарда барлық сүйектердің дамуының жетімсіздігіне әкелетін мутантты ген кездеседі және т.б. Гендердің плейотропиялық әсері осы гендер әсерінің онтогенезде ерте білінуінде жатыр.
Сонымен, "белгінің дамуын ген анықтайды" деп шартты түрде айтылады, өйткені геннің әрекеті басқа гендерге -- генотиптік ортаға -- байланысты болады.

Гендердің комплементарлы әрекеттесуі.
Комплементарлы немесе толықтырушы деп- өз алдына жеке келгенде әсері байқалмайтын, ал егер генотипте гомозиготалы немесе гетерозиготалы жағдайда басқа біреуімен қатар келсе жаңа бір белгінің дамуына ықпал ететін гендерді атайды. Комплементарлы гендер бірін-бірі толықтырады және жаңа белгінің дамуын қамтамасыз етеді. Өз алдына жеке келгенде комплементарлы гендердің әсері байқалмайды. Гендердің комплементарлы әсері алғашқы рет хош иісті жұпар бұршақта (Lathiris odoratus) зерттелген.

Жұпар гүлдердің ақ гүлдері бар екі сортын будандастырғанда Ғ1 гибридтердің гүлдерінің түсі қызыл болып шығады.

Ғ1 өсімдіктерінің өздігімен тозаңдануынан алынған Ғ2 ұрпағы 9 қызыл : 7 ақ гүлділер қатынасына ажырайды. Бұл жағдайда гүлдің қызыл түсін екі комплементарлы доминантты гендер (С мен Р) бірігп анықтайды. Ата-аналық формалардың генотиптерін ССрр және ссРР деп белгілеуге болады. Жеке-жекеС және Р доминантты гендері белгіге (гүлдің түсіне) ешқандай әсер етпейді және сондықтан да ата-аналарының екуінің де гүдері ақ түсті болады. Ал бірінші гибрид ұрпақта (Ғ1) доминантты екі геннің де болуына (С сР р) байланысты, олардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде гүлдердің қызыл түсі дамиды. Ғ2 - гі барлық өсімдіктердің 916 бөлігі қызыл гүлді болады (генотиптері С-Р-) ; кәдімгі дигибридті будандастыруларда байқалатын фенотиптік үш класқа жататын ұрпақтар бұл жағдайда өсімдіктердің ақ гүлді бір ғана типіне бірігеді (316 С-рр+316 ссР-+116 ссрр=716). Ғ2 - де фенотип бойынша 9:7 қатынасындай болып екі фенотиптік класқа ажырау әдеттегі Мендельдік 9:3:3:1 қатынасының өзгерген түрі. Мұнда аллельді емес екі геннің доминантты және рецессивті аллельдері фенотиптік көріністі өз беттерімен жеке-жеке келгенде анықтай алмайды. Сондықтан генотиптері С-рр, ссР- және ссрр болып келетін өсімдіктердің гүлдері ақ болып келеді және екінші буында фенотипі бойынша 9:7 қатынасындай болып ажырайтындығы байұалады.

Комплементарлы гендердің өзара әрекеттесуінің тағы бір көрінісі - белгілердің 9:3:4 қатынасында ажырауын қарастырамыз. Бұл құбылыс аллельді емес екі доминантты геннің біреуінің көріну мүмкіндігінің бар, ал екіншісінде оның жоқтығына байланысты пайда болады. Соның салдарынан Ғ2 -де ажыраудың сипаты өзгереді. Мысал ретінде тышқандармен жасалған тәдірибенің нәтижесіне тоқталайық.

Жабайы тышқандарыдң сұр түсін агути деп атайды. Жабайы типтің түсі бойаудың дамуын анықтайтын ген мен пигменттің жүнінің ұзына бойына таралуына жауапты геннің болуына байланысты. Агути түсі тышқанның әр қылшығының бойында сары пигмент сақиналары, ал ең түбінде қара пигмент болады. Пигменттің осылайша орналасуы жабайы кемірушілерге тән агутитүсін береді. Қара тышқандарда пигменттердің араласып орналасуы болмайды сондықтан түсі біркелкі болады. Көзінің мүйізді қабығы қызыл болып келетін ақ тышқандарда, яғни альбиностарда ешқандай пигмент болмайды.

Қара тышқандарды (ССаа) альбиностармен (ссАА) будандастырғанда Ғ1 гибридтерінің бәрінің түсі сұр болып шықты. Ғ1 - дің дигетеерозиготалы (СсАа) сұр агути түсті тышқандар бір-бірімен өзара будандастырылса, Ғ2 - де үш фентиптік кластардан тұратын 9:3:4 қатынасы шығады.

Будандастырылған альбинос тышқандар терісінің түсін анықтайтын геннің рецессивті аллельдері мен пигменттің таралуын анқытайтын геннің доминантты аллельдері бойынша гомозиготалы (ссАА), ал қара тышқандар терісінің түсі генінің доминантты аллельдермен, пигменттердің таралуы генінің рецессивті аллеьдері бойынша гомозиготалы (ССаа). Осындай шағылыстырудың Ғ1 будандарында (СсАа) екі геннің доминантты аллельдерінің әрекеттесуі нәтижесінде агути типі түс дамып қалыптасады. Осындай түс Ғ2 ұрпағының генотипі С-А- болып келетін 916 бөлігіне тән Ғ1 - де генотипі С-аа тышқандар қара, ал қалғандары (ссА- және ссаа) пигменттің түзілуін анықтайтын доминантты С гені болмағандықтан ақ болып шығады. Яғни, Ғ2-гі барлық дарабастардың 916 бөлігі (генотптері С-А-) жабайы тышқандарға тән сұр түсті, 316 бөлігі (генотптері ссА-) және 116 бөлігінің (генотипі ссаа) фенотиптері ұқсас, яғни альбиностар болады.

Агутилермен жүргізілген генетикалық жұмыстар нәтижесінде көптеген мутациялар - соның ішінде тышқандардың қара түсті формалары және ақ түсті альбиностары алынады. Альбиностар әр уақытта а аллельі бойынша рецессивті гомозиготалар, терісінің түсі ақ, көздері қызғылт болады. Доминантты С гені өз бетінші тышқанның түсінің қара болуын анықтайтын болса екінші доминантты ген А өз бетінші ешқандай бояудың түсін анықтай алмайды, ал оның рецессивті аллелі а жүннің ақ түсін анықтайды. Егер аллельді емес екі доминантты гендер бір генотипте болса (С-А-) агутиге тән жүннің сұр түсі дамиды.

Эпистаз.
Бір геннің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аллельді емес гендердің өзара әрекеттерсуі.
Рецессивті эпистаз
Геннің әсері
Алельді емес гендердің өзара әрекеттесуі. Модификациялаушы гендер
Медициналық генетика. Негізгі түсініктері мен терминдері
Тұқым қуалаушылық аурулар
Гендердің өзара әрекеттесуі туралы
Моногибридті будандастыру
Аллельдік гендер түсініктеме, және олардың маңызы
Тұқым қуалаушылық туралы
Пәндер