Уран өндіру


ЖОСПАР:

1. Кіріспе

2. Қазақстандағы даму тарихы

3. Өндіру технологиясы

5. Энергия беру механизмдері

6. Қоршаған ортаға тигізетін әсері

7. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Уран - Д. И. Менделеевтің химиялық элементтерінің топтық жүйесіндегі табиғатта кездесетін 92 - ші, радиоактивті элемент. (Қазір бұл жүйеде 109 химиялық элемент бар) . Әрі орасан қуат көзі. Уран табиғатта сирек кездесетін және шашыранды элементтер қатарына жатады. Бірақ жер қыртысындағы шашыраңқы орнласқан уранның үлесі алтыннан 1000 есе, күмістен 30 есе көп. Табиғаттағы үлес салмағы мырыш пен қорғасынмен бірдей болса да негізгі массасы тау жыныстарында, топырақтарда, табиғи суларда шашырап таралғасын оны өндіру іс жүзінде тиімсіз, әрі мүмкін де емес. Табиғатта оның аз бөлігі ғана кен орындарында шоғырланған. Ал мұндай кен орындары көптеген елдерде мүлдем жоқ. Ұлы Жаратушымыз бұл аса бағалы стратегиялық байлықты, яғни келешектегі энергияның сарқылмас көзін Ұлы Даламызға, халқымызға молынан ырыс - несібе етіп беріпті. Қазақстан бүгінгі күні табиғи уран кенінің қоры жағынан ғаламда Австралиядан кейінгі екінші орынды алады. Оның барланған қоры 1 миллион 600 мың тонна. Оның 1, 2 миллион тоннасы құмды-шөлейтті аймақтарда орналасқан. Бүгінгі күні уран кеніштерінің жалпы саны 21 - ге жеткен. «Қазатомпром» АҚ геологиялық барлау, уран шикізатын өндірумен және Өскемендегі Ульба металлургия зауытында атом электр станцияларына ядролық отындық таблеткалар шығарумен, сирек кездесетін металлдар алумен және ҚР Ұлттық Ядролық Орталығында (НЯЦ РК) ғылыми зерттеумен де айналысуда. Бүгінгі күндері Ұлттық компанияда 25 мың адам қызмет жасайды. Бірақ осы 13 500 тонна табиғи уранның барлығын да «Қазатомпромның» өзі өндіріп, қазынаға түсетін қаржыны тасқындатып отыр ма?
Соңғы жылдары «Қазатомпром» АҚ, Ресейдің ААҚ «Атомредметзолото» холдингімен, Канада, Франция, Жапония мен Қытаймен біріккен кәсіпорындар ашып, солармен бірге Қазақтың кең даласының төсін жаппай ашып тастап, уран өндіруге кірісті. 2009 жылы бұл біріккен кәсіпорындар:БК «Қаратау» - 900 тонна, БК «Ақбастау» - 150 тонна, БК «Заречное» (Табақбұлақ) - 232 тонна уран өндіріпті. Ресейдің бұл холдингі Ресей мен шет елдерден уран өндіру үшін арнайы құрылған. Холдингтің 2009 жылға арналған уран өндіру жоспары 4 693 тонна. Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясының қарамағындағы ААҚ «Атомредметзолото» компаниясы Effective Energy компаниясының егелігіндегі БК «Қаратаудың» (барланған қоры - 49, 8 мың тонна) - 50 пайыздық, ал БК «Ақбастаудың» (барланған қоры - 84 мың тонна) - 25 пайыздық акциясын тағы да сатып алып, қазір бұл кеніштердің 100 пайыздық акциясына толығымен егелік етіп, нағыз қожасына айналып отыр. (Москва. 23. 11. 2009год. Интерфакс - Госхолдинг «Атомредметзолото») . Күн астындағы Жапон Елінің бизнес өкілдерінің қатысуымен Қазақ-Жапон БК «Аппақ» кенішінің (барланған қоры - 18 мың тонна) акциялық үлесінің 65 пайызы «Қазатомпромға» тиесілі болса, қалған акцияларының 25 пайызын «Sumitomo Corporation» компаниясы (Жапония), 10 пайызын«Kansai Electric Rower» (Жапония) компаниясы өз үлестеріне сатып алған(Сузак. ЮКО. 03. 06. 2008г. Интерфакс -Казахстан) . 2007 жылдың сәуір айында Жапонияның Marubeni, Tokio Electric Rower Company және Chubu Electric Rower Company cияқты компаниялары «Қазатомпромнан» Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Бүкіл түркі әлемі мен Қазақ халқының Ұлы Тектілері жерленген киелі жеріміздің бірі Хорасан әулиенің айналасында орналасқан уран кеніштеріне егелік еткен «Байкен - U» және «Қызылқұм» ЖШС үлестерін алып, БК құрғандығын хабарланған болса, Жапонияның БАҚ - ның хабарлауынша ядролық реакторлар жасайтын Toshiba Corp. корпорациясы бұл үлестен - 22, 5 пайыздық акциясын сатып алуды жоспарлаған еді. Бұл жерлердегі уран кеніштері қазір «Хорасан - 1» және Хорасан - 2» деп аталады. Барланған, дәлелденген қоры - 160 мың тоннаны құрайды. БК - ғы Marubeniкомпаниясының үлес акциясы - 55 пайыз болса, Tokio Electric Rower Companyсының үлесі - 30 пайыз, Chubu Electric Rower Companyсының үлесі - 10 пайыз, ал Tohoku Electric Rower Companyсының үлесі - 5 пайыз. (Токио. 10. 08. 2008г. Интерфакс-АФИ)
«Қазатомпром» АҚ мен Канаданың Cameco компаниясымен бірігіп құрған, уран гексафторидін шығаратын БК «Ульба Конверсия» жобасындағы «Қазатомпромның» үлесі - 51 пайыз, алCamecoның үлесі - 49 пайызды құрайды. Қазақстан мен Канада бірігіп құрған, Созақ ауданының Тайқоңыр елді мекеніне жақын орналасқан, табиғат қорғау шараларын бұзып келе жатқан БК «Инкай» уран кенішінің акциясының 40 пайызы «Қазатомпром» АҚ-на тиесілі болса, 60 пайызыCamecoның үлесінде.
Француздармен бірігіп құрған БК «Каткодағы» акцияның үлесі 49 пайызы «Қазатомпромда», ал 51 пайызына Францияның ядролық отындық таблеткалар жасайтын AREVA компаниясы егелік етуде. Бұл кәсіпорын 2039 жылға дейін бұл жерден 4 мың тонна уран өндіру жоспарын алға қойып отыр. Бар шығынын мойнына алып отырған кәсіпорын табиғат пен қоршаған ортаға залал келтіргені үшін 2008 жылы 40 млн. тенге айыппұл төлеген. Және AREVA компаниясы Өскемендегі Ульба металлургия компаниясында қуаты жылына -1 200 тонналық атом электрстанцияларына арнап ядролық отындық жинақ таблеткаларын өндіруді жоспарлауда. (КАЗИНФОРМ. 11. 06. 2008г. ) Қытайдың Атом Электрстанцияларына (АЭС) ядролық отындар дайындау мақсатында Қазақстаннан табиғи уран өндіру үшін Қытайдың «China Guandong Nuclear Power Company» (CGNPC) және «China National Nuclear Corp» (CNNC) компанияларымен «Қазатомпром» АҚ - ы бірігіп құрылған кәсіпорындар Иіркөл уран кенішінен жылына -750 тонна, Семізбай кенішінен - 500 тонна, Жалпақкенішінен - 700 тонна табиғи уран алуға кірісіп те кетіпті. (Reuters. 06. 11. 2008г; «КАЗИНФОРМ». Астана. 15. 01. 2010г. )
«Қазатомпром» АҚ- ының уран кеніштерінің басым көпшілігі оңтүстіктегі Қаратау, Созақ, Бетпақдала өңірлері мен Мойынқұм-Шу аймағында, Каспий өңірі мен Маңғыстауда, Қызылорда облысындағы Шиелі, Жаңақорған аудандары жерлерінде орналасқан. Қазіргі уран алу технологиясы бұрынғы шахты арқылы, немесе ашық әдіспен алудан мүлдем ерекшеленеді. Қазіргі күні ұзын саны 21 ден асатын кеніштерден алынатын уран шикізаты негізінен жер астындағы кені бар жерді бұрғылау арқылы ұңғылар жасалынып, одан кейін кенді қабатқа күкірт қышқылын айдау арқылы кен ерітіледі. Одан соң күшті қышқылды ортада еріген уран мен басқа ілеспе металлдар ерітіндісін жоғарыға арнаулы сораптармен сорып шығарылып, бұл ерітінділер арнаулы ыдыстарға құйылып, одан кейін оны байыту, бөлу және тазалау зауыттарына жібереді. Қазір көптеген кен орындарында байыту мен тазалауды ұйымдастыру үшін арнаулы технологиялық қондырғылар орнатылып, жұмысты бастап та жіберген. Бұл әдісті алғаш рет Кеңес үкіметі кезінде, яғни 20 ғасырдың жетпісінші жылдары Басқармасы Ташкентте орналасқан «Краснохолмскі» экспеди-циясы Өзбекстандағы «Үшқұдық» уран кенішінде қолданған. Бұл әдіс уран кендерін шахтылардан қазып алуға қарағанда әлдеқайда қауіпсіз, құмды - шөлейтті аймақтарда суды да үнемдейді, әрі кенші - оператор жоғарғы радиоактивті кендермен және оны өндіру кезінде пайда болатын асқан зиянды радиоактивті шаңдармен тікелей байланысқа түспей, жердің бетіндегі технологиялық қондырғыларда арнаулы басқару тетіктері арқылы процесстерді басқарып отырады.

2. Тарихы

Өткен ғасырдың 40-ыншы жылдары Кеңестер Одағында елдің атом саласын құру мен дамыту бағдарламасы жасалды. Соған байланысты КСРО Мемлекеттік Қорғаныс комитеті 1944 жылы Қазақстанда және Одақтың басқа да аймақтарында уран кен орындарын іздеп табуға барлық геологиялық ұйымдарды жұмылдыруды Геология жөніндегі комитетке арнайы тапсырды. Одақта жаппай уран іздеу ісі осы қаулыдан бастау алады.

Сөйтіп, Кеңестер кезінде республикада жеткілікті дәрежеде қуатты, дамыған инфрақұрылымы және білікті мамандары бар уран саласының мықты өнеркәсібі қалыптасқан-ды. Уран өндірумен төрт комбинат шұғылданып, олардың өндірістік қуаты КСРО-дағы өнім көлемінің 30% -дан астамын өндіруге мүмкіндік беретін.

Қазақстандағы бастапқы геологиялық барлау жұмыстары 1947 жылы құрылған Волков экспедициясы (қазіргі “Волковгеология”) еншісінде. Ал еліміздегі алғашқы уран кен орны - 1951 жылы ашылған Қордай кеніші. Соғыстан кейін, яғни 1947-1965 жылдар аралығында уран іздеудің белсенді әрекеттері одан әрі жалғасты. 60-жылдардың басында “Волковгелогия”, “Краснохолмгеология”, “Степгеология”, “Кольцовгеология” өндірістік-геологиялық бірлестіктері геолог-барлаушыларының күшімен Қазақстан аумағында уранның минералды-шикізат қорын жасаудың бірінші сатысы аяқталды. Бұл өз кезегінде Целинный (кейінірек - “ЦГХК”), Прикаспийск (“Каскор”) және Қара-Балта (“КГРК”) қайта өңдеу комбинаттарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етті.

3. Уран өндіру

60-жылдардың екінші жартысында жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен инфильтрациялық қабатты кен орындарындағы нашар рудалардан уран өндіру мүмкіндігі АҚШ-та дәлелденді. Бұл Қазақстанның шикізат базасындағы жағдайды түбегейлі өзгертіп жіберді. 70-жылдардың соңына таман Ыңғай, Мыңқұдық, Мойынқұм, Қанжуған, Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын сияқты тағы басқа бірегей кен орындары табылды.

1980-1982 жылдары Қазақстанда уран өнімдерін шығару ең жоғары деңгейге жетті. Дерлік 30 кен орнында уран өндірілді. Атом өнеркәсібі кәсіпорындарында еңбек ететін жұмысшы-қызметкерлер саны 70 мыңнан асып жығылды.

1953 жыл мен 1999 жылдар аралығында республика аумағында уран өндіру көлемі 225 миллион фунт U308 жетті. 90-жылдардың басында өндірістің кәдуілгі әдіс-тәсілдері кең қолданылып, ол жалпы өнімнің 70% құрады. Алайда жоғарыдан басқарылатын экономикадан нарықтық қатынастарға ауысу бірыңғай жерасты шаймалау технологиясы қажеттігін көрсетті.

Алғаш рет уранға деген мемлекеттік тапсырыстың төмендеуі 1983 жылы тіркелді. Өндіріс 25-30%-ға құлдырап, одан кейінгі жылдарда да сол деңгейде қалып қойды.

80-жылдардың ортасына таман басталған қарусыздану саясаты салдарынан және атышулы Чернобыль оқиғасынан кейін (әсіресе 1988 жылдан бастап) атом энергетикасын дамыту бағдарламасы кейінге ысырылды да, Целинный мен Прикаспийск өндірістік кеніштерінде және қайта өңдеуші комбинаттарда уран өндіру көлемі одан әрі қысқартыла берді. Шахталық және карьерлік өндірудің тиімсіздігінен және әлемдік рыноктағы бағаның төмендігінен Қазақстанда 6 кен басқармасы жабылып, 2 басқармада өнім өндіру мүлде тоқтатылды.

Дағдылы әдіспен өнім өндіру

Целинный тау-кен өндірістік және қайта өңдеуші комбинаты (Степногорск қ. ) 1995 жылы өндірістің нәтижесіздігінен өзінің Грачев және Шығыс кеніштерінде руда өндіруді аяқтады.

Уран концентраты біріккен өнім ретінде Ақтаудағы балық сүйектері қазбаларынан фосфор қышқылын шығаратын бұрынғы Прикаспийск тау-кен өндірістік және қайта өңдеуші комбинатында да (АО “КАСКОР”) дайындалатын. Номинальды қуаты жылына 5, 2 миллион фунт U308 болған бұл кәсіпорын бәсекеге қабілетсіздігінен 1993 жылы консервацияланды.

Жерасты шаймалау әдісімен өнім өндіру

Республикамыз жерасты шаймалау әдісімен алынатын бай уран қорына ие. МАГАТЭ-нің соңғы Қызыл Кытабына (1999 ж. ) сәйкес, барланған және алдын ала бағаланған 433, 940 МТ U (1, 1 миллиард фунт U308) Қазақстан уранының қоры ең аз шығын талап ететін 1-інші категорияға жатқызылған және ол осы шығындар классификациясындағы әлемдік уран қорының 35% құрайды. Бұл ресурстардың басым бөлігі Оңтүстік Қазақстандағы Шу-Сарысу және Сырдария бассейнінде шоғырланған.

Жерасты шаймалау әдісімен өндірілген кезеңдегі өнімнің жалпы көлемі 1990 жылы 4, 9 миллион фунт U308 жеткенімен, 1997 жылы 2, 5 миллион фунтқа дейін төмендеп кетті. Алайда, 1999 жылы қолданыстағы инфрақұрылымдарды жаңғыртуға қаржы салудың ұлғаюына байланысты 3, 6 миллион фунтқа U308 өсті.

Кен басқармалары бойынша бұл көрсеткіш мынадай көрініс табады: “СТЕПНОЕ”

Жерасты шаймалау әдісімен өнеркәсіптік өндіріс мұнда 70-жылдардың соңына қарай Уанас және Мыңқұдық кеніштерін игеруден басталды. 1990 жылы “Степное”-дағы өнім мөлшері 2, 4 миллион фунтты U308 құрады, бұл номинальды жылдық өндірістік қуаттың (2, 6 миллион U308) 90%-дан астамы еді. Әйтсе де, өнім өндіру көлемі 90-жылдардың ортасына дейін жыл сайын құлдырап, 1, 0 миллион фунтқа U308 жетті.

«ЦЕНТРАЛЬНОЕ»

Жерасты ұңғымалы шаймалау әдісімен уран өндіру 1982 жылы уран қоры 50 миллион фунтты U308 (орташа кен құрамы 0, 45%) құрайтын Қанжуған кенішінде басталды. Ал номинальды өндірістік қуаты - жылына 2, 6 миллион фунт U308. 90-жылдардың ортасына дейін өнім өндіру көлемі орташа есеппен әлеуеттік деңгейдің 50%-да болып, 90-жылдардың соңына қарай жылына 1 миллион фунтқа U308 азайды.

№6 КЕН БАСҚАРМАСЫ

Уран өндіру 1985 жылы Солтүстік Қарамұрын (50 миллион фунт U308 орташа құрамы 0, 08 % U308) кен орнында басталды. Номинальды өндірістік қуаты жылына 1, 6 миллион фунт U308, алайда 1995-1996 жылдары өндіріс көлемі 0, 5 миллион фунтқа U308 түсіп кетті.

УРАНДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ

Уранды қайта өңдеу жұмыстары 1955 жылы құрылған Целинный таукен-химия комбинатында және 60-жылдардың басында ашылған Прикаспийск таукен-металлургия комбинатында жүргізілді. Бұл екі кәсіпорынның құрылуы Қазақстанды КСРО-дағы уран өнімдерін өндіретін көшбасшы республикалар қатарына қосқан-ды.

Үлбі металлургия зауыты (Өскемен қаласы) 1949 жылы пайдалануға берілген. Зауыт негізінен КСРО әскери-өнеркәсіптік кешеніне қызмет көрсетті, сондықтан да мұнда ең озық технология, жоғары сапалы қондырғылар мен құрал-жабдықтар, сондай-ақ металлургия және атом өнеркәсібі саласындағы білікті мамандар шоғырланды. ҮМЗ басты өнімі - атом стансаларына арналған (КСРО-дағы сұраныстың 85%) отын таблеткалары болды. Зауыт уран өнімдерінен басқа бериллий, тантал, ниобий және балқымалы қышқылдар шығарған.

Географиялық орналасуына орай “Степное” және “Централное” кеніштерінде алынған “сары кек”-тің бір бөлігі Қырғызстанның Қара-Балта қаласындағы тау-кен комбинаты басқаруындағы гидрометаллургия зауытына темір жол арқылы жіберіліп отырылды. Сол сияқты, №6 Кен басқармасынан шыққан “сары кек” ШығысСирекМеталл (Ходжент, Тәжікстан) өндірістік қауымдастығы басқаруындағы Чкалов гидрометаллургия зауытына да жіберілген.

ТӘЖІРИБЕЛІК РЕАКТОРЛАР

Атом индустриясын дамыту ісінде тәжірибелік реакторлар маңызды рөл атқарды. 1972 жылы Ақтау қаласында КСРО-да тұңғыш рет БН-350 жылдам нейтронды тәжірибелік-өнеркәсіптік реакторы іске қосылып, ол Маңғыстау энергокомбинатының (МАЭК) құрамдас бөлшегіне айналды.

Келесі бір зерттеу реакторы Алатау кентінде (Алматыдан 20 шақырым) қоныс тепкен Қазақ Ғылым Академиясының ядролық физика институ жанынан құрылды. Тағы үш зерттеу реакторы Семей ядролық полигоны аумағындағы “Луч” ғылыми-өндірістік бірлестігінде орналасқан.

1986-1990 жылдар аралығында қолданыстағы атом стансаларының қуаты бесжылдық жоспарда жоспарланғаннан 40% аз болды. Жақын және алыс қашықтықтағы зымырандардан ядролық жауынгерлік қондырғылар шешіп алынды. Атом өнеркәсібі алғаш рет уранды қайта өндіру проблемасымен бетпе-бет келді.

5. Энергия беру механизмдері

Суретте қуаты 210 МВт атом электр станциясының негізгі технологиялық схемасы бейнеленген. Бірінші кезекті қондырғы қуаты 210 МВт блоктан тұрады, оған бір реактор, әрқайсысы 70 МВт алты генератор кіреді. Сөйтіп, әр екі бу генераторы бір турбинаны жабдықгайды. Турбиналар - бір білікті, екі цилиндрлі; төменгі қысымның бір бөлігі - екі конденсаторлы, екі тасқынды болып келеді.

Бірінші контурға реактор 1 және бассейн 2 жатады, бассейнде жарты жыл бойында ядролық жанғыш заттардың пайдаланылған стерженьдері сақталады. Осы мақсатта бұл стерженьдер арнайы кассеталарға 3 бекітіліп, мұнан соң оларды өңдеу үшін арнайы зауыттарға жібереді. Бірінші контурға мыналар жатады: бу генераторлары 4, негізгі айналма насостар 5, жылытқыш насостар 6, арнаулы химиялық су әдісімен тазалау және көрсетілген құрылғыларды байланыстырып тұратын құбырлар. Реактордың биологиялық қорғаны оларды қоршаған бетон плиталардан, болат табақтар мен су жейдесінен түрады.

Бірінші контурдағы су түйықталған циклде реактор мен бу генераторы (қазан) арасында айналады, қазаннан шығатын бу турбинаға 7 келіп түседі. Пайдаланылған бу айналма насос 11 арқылы айналмалы сумен салқындатылған екі конденсаторға келіп түседі. Екінші контурға насоспен 12 берілетін конденсат кіреді, ол төменгі қысымдағы 13 қайта қыздырғыш (жылтқыш) арқылы деаэраторға 14 беріледі. Мұнан соң екінші контурлы су пайдалану насосы 15 арқылы жоғары қысымды жылытқыштардан 16 өтіп, бу генераторына келіп түседі.

Сүлбада турбинаның екі бөлігінен шығатын будың сүрыпталу қатары көрсетілген, ол төменгі және жоғары қысымды жылытқыштар мен жылыту жүйесі бойлеріндегі пайдаланатын суды жылытуға арналған.

Жылытқыштар мен бойлер конденсаты әуелі анағүрлым төмем температуралы жылытқьпптарға, сонан соң суретте үзік сызықпен көрсетілгендей деаэраторға келіп түседі. Тармақты сорғылар 17 жылумен қамтамасыз ету жүйесіндегі ыстық судың айналымын жүзеге асырады.

Бірінші коғтурдың зиянды радиоактивтігін арттыратын коррозия өнімдерінен реакторды тазалау мақсатында су жылу таратушы химиялық - су әдісімен үздіксіз тазалау 19 процесіне ұштастырылып, жабдықтаушы сорғы 6 арқылы реакторға түседі.

Атом электр станциясында электр энергиясын өндіру жылу электр станцияларының сұлбаларымен бірдей дерлік.

Экономикалық көрсеткіштері жағынан атом электр станциялары жылу электр станцияларына қарағанда біршама төмен; алайда оларды жергілікті отын ресурстарымен жабдықтай алмайтын жерлерде салғанда, атом электр станциясындағы 1 кВт сағ энергия құны ЖЭС-тің құнынан артық емес.

Атом электр станцияларының өзіндік мұқтаждары жұмыс барысында асқан сенімділікті талап етеді. Міне, сондықтан көпшілік мақұлдаған жылу электр станцияларының өзіндік мұқтаж қондырғылары резервтеуден басқа, атом электр станцияларында резервті (сенімділік) дизель - генератор қондырғылары, ол кәдімгі өзіндік мұқтажды қамсыздандыру жүйесін шапшаң түрде қосуға қол жетпеген жағдайда іске қосылады. Сонымен қатар, атом электр станцияларында аккумулятор батареясын орнату ісі қарастырылды, ал ірі атом электр станцияларында тұрақты ток қозғалтқыштары бар өзіндік мұқтаждың жауапты тұтынушыларын жабдықтайтын екі батареяны қою ісі жүзеге асырылады.

Атом электр станцияларының бірінші контурының өзіндік мұқтаждар қондырғыларының ерекшеліктері - атом электр станциясы технологиялық процесінің қарастырылған сұлбаларынан корінеді.

Ал, екінші контур бөлігінде өзіндік мұқтаждар кәдімгі отынды қолданып, жұмыс істейтін жылу электр станцияларының механизмдерімен бірдей.

Қуаты 210МВт блокты атом электр станциясында энергияны өндірудің технологиялық сұлбасы

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/5/58/Kuatty_210MVt_blokty_AES-daenergiyany_ondirudin_tehnologiyalyk_sulbasy.jpg/450px-Kuatty_210MVt_blokty_AES-daenergiyany_ondirudin_tehnologiyalyk_sulbasy.jpg

1. Реактор. 2. Пайдаланылган стерженьдерді сақтайтын бассейн. 3. Арнайы кассеталар. 4. Бу генераторы. 5. Негізгі айналма сорғысы. 6. Бірінші контурды қоректендіру сорғысы 7. Турбинаның жогары қысымды бөлігі. 9. Электр генераторы. 10. Салқындатқыш. 11. Салқындатқыш судың айналма сорғысы. 12. Турбинаның салқындатқыш сорғысы. 13. Төменгі қысымды су жылытқышы. 14. Деаэратор. 15. Қоректендіру сорғысы. 16. Жоғары қысымды су жылытқышы. 17. Жылу жүйесіндегі сорғы. 18. Бойлер. 19. Химиялық тәсілмен суды тазалау құрылғысы. 20. Конденсат суы. 21. Салқындатқыш айналма су. 22. Жылу желісі (торабы) .

Елімізде кеңестік жүйеден қалған ғылыми институттар да ғылыми - зерттеу орталықтары да, ондағы ғалымдар да, мамандар да жеткілікті. Адамзат өркениеті келешекте «Бейбіт атом энергетикасына» да үміт артуда, сондықтанда бұл салада артта қалып қою кешірілмес өкініш болар еді. Бірақ Қазақстан құрылысы 10-15 жылға созылатын, 15 жыл жұмыс істеп, тағы да 15 жыл бойы тоқтатылатын, радиоактивті қалдықтары көп, әрі бұл қалдықтардың өздігінен сөніп, ыдырауы мыңдаған жылдарға созылып, оны сақтауға да қосымша шығындарды қажет ететін, артта қалып қойған Ресейдің атомдық реакторларларынан гөрі қазіргі заманғы, алдағы онжылдықтарда пайдалануға берілетін төртінші буынды саналатын радиоактивті қалдықтарды мейілінше аз қалдыратын, озық үлгідегі атом реакторларын жасайтын Жапон Елі мен бұл салада табысқа жеткен Франция, АҚШ компанияларымен келісімге келіп, осындай реакторлары бар АЭС - терді ғана келешекте Қазақстанда салу анағұрлым тиімді болмақ. Тек осы бағытта ғана атом энергетикасын дамытамыз десе, онда үкіметіміздің бұл саладағы қадамдары қолдауға тұрады . . .
Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап дамыған батыс елдерінде коммерциялық пайдалануға жетілдірілген, жеңіл сулы LWR реакторлары іске қосылды. Олардың ішінде Жапония мен АҚШ -тың «Hitachi Ltd»; «Toshiba Corporation»; «General Electric» компаниялары бірігіп жасаған, өндірістік қуаты - 1 356 МВт дамытылған AWBR қайнайтын реакторын және «ABB Combustion Engineering» компаниясының жасаған, өндірістік қуаты - 1 350 МВт System 80+ эволюциялық реакторын атап өтуге болады. Қазір ғалам елдерінде жұмыс істеп тұрған екінші буындағы реакторлар мен осы биылғы 2010 жылы іске қосылатын экономикалық көрсеткіштері бұрынғы реакторлардан көш ілгері, жетілдірілген үшінші буындағы реакторлардың жұмыстарын зерттеу мен үйрену еліміздің атомшыларына да өте пайдалы болар еді. Бұлардың қатарында халықаралық консорциум бірігіп жасаған («Japan Atomic Power Company», «Mitsubishi Heavy Industries»(Жапония), «Westinghouse Electric Company» (АҚШ) анықталған қуаты - 1 530 МВт жоғары қысымдағы сумен жұмыс істейтін AWBR дамытылған жапон реакторын және Westinghouse (АҚШ) мен Genesi (Италия) бірігіп жасаған қуаты - 1 000 МВт еуропалық ЕР-1000 пассивті станциясын да атауға болады.

6. Қоршаған ортаға тигізетін әсері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Уран - энергия көзі ретінде
Қазақстан Республикасы атом өнеркәсібінің тарихы
КазАтомПром
Қазақстандағы уран өндіріс орындары
Уранды шахталық тәсілмен алу кезіндегі қауіпсіздік шаралары
Уранды жерасты ұңғылы шаймалау технологиялық процесін басқару нысаны (объектісі) ретінде сипаттау
Қазақстандағы атом энергетикасының бүгіні мен болашағы
Дүние жүзілік отын-энергетика кешені және атом энергетикасы
Уранды күкіртқышқыл ерітінділерден сорбциялау тәсілімен өндіру процесі
Химиялық энергия және шикізат. Қазақстандағы уран кен орындары, түсті металлургия және пайдалы қазба кен орындары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz