Кедендік сараптама: мақсаттары, міндеттері, объектілері


КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Кафедра: «Кеден ісі»
Пән: «Кеден ісін ұйымдастыру»
Тақырып: «Кедендік сараптама: мақсаттары, міндеттері, объектілері»
2013 жыл.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Кедендік сараптама кедендік әкімшілік жүргізу нысаны ретінде . . . 5
1. 1Кедендік бақылау жүргізу принциптері және орындалу тәртібі . . . 5
1. 2Кедендік бақылаудың жүргізудің нысандары . . . 9
1. 3Кеден ісіндегі сараптама түсінігі және кеден ісіндегі сараптаманы тағайындау . . . 15
1. 4 Кеден сараптамасын жүргізудің құқықтық нысаны . . . 19
1. 5 Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және ішкі айналым үшін тауар шығарылған елді айқындау және тауардың шығу тегі туралы сертификатты . . . 25
2 Қазіргі кездегі сараптама жүргізудің жағдайын жетілдіру . . . 36
2. 1 Қазақстан Республикасына импортталатын тауарлардың кедендік құнының олардың сапасы мен санына сәйкестiгiне тәуелсіз сараптама жүргiзу - ҚР кеден органдарының сараптама қызметін жетілдірудің қолайлы түрі . . . 36
Қорытынды . . . 39
Қолданылған әдебиеттер . . . 41
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі - кеден саясаты ұлттық экономикамыздың дамуы мен күшеюі, экономикалық және саяси қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өте қажетті сала - экспорт пен импорттың іс-әрекетін, яғни мемлекетіміздің ішкі сауда саясаты мен сыртқы сауда саясатын анықтайды.
Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінің 3-бабында көрсетілгендей, Қазақстан Республикасының кеден саясаты:
1. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатының құрамдас бөлігі болып табылатын бірыңғай кеден саясаты жүзеге асырылады.
2. Кеден саясаты өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының қарауына жатады.
3. Қазақстан Республикасының экономикасын дамытуды ынталандыру және экономикалық мүдделерін қорғау, тиімді кедендік бақылауды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген өзге де мақсаттар Қазақстан Республикасы кеден саясатының негізгі мақсаттары болып табылады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кедендік түсімдер мен салықтарды жинауды арттыру мақсатында алдымен автоматтандырылған жүйеге көше отырып, кеден қызметін нығайту керектігін айтқан болатын. Заңмен негізделген сөзінен кеден саясатының елбасымыздың да ойында жүрген келелі мәселе екенін анықтауға болады. Ел туралы айтпас бұрын, онымен қарым-қатынас жасамас бұрын әрбір ел әуелі сол елдің кедендік саясаты мен экономикасын зерттеп, содан кейін шешім қабылдайды.
Елдің әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халықаралық сауда қарым-қатынастарды реттеп, үйлестіріп отыратын органның бірі - кеден қызметі. Кеден қызметінің қаншалықты сапалы, ел үшін тиімді әрі экономикамыздың даму беталысына ықпалы кедендік скаясаттың жемісі болып табылады. Тәуелсіздік тұсында құрылған Қазақстанның кеден қызметі соңғы 12-13 жылдың бедерінде қалыптасу кезеңін артқа тастап, бүгінде жасампаздық жолына түсті. 2009 жылғы қаңтар-сәуір айлары ішінде республиканың кеден органдары бюджетке 90, 0 млрд. теңге кедендік төлемдер мен салықтардың түсімін қамтамасыз етті. 2008 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 20, 3 млрд. теңгеге немесе 28, 9 % артық. заңмен негізделген жоғарыдағы мәліметтерден Қазақстан Республикасының экономикалық және саяси дамуы үшін кеден саясатының үлкен рөл ойнайтынын және бұл тақырыптың қаншалықты өзекті екендігін аңғаруға болады.
Бүгінгі таңда ҚР - сы сыртқы экономикалық қызметке белсенді қатынасуда. Бұл тендения кедендік саясат саласында айқындалған шараларды жүргізді талап етеді: қазақстандық нарықты қорғау, отандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау, экономикалық дамуын қолдау мен сауда саясаты саласындағы міндеттеді шешу.
Кеден органдарының алдында тұған міндеттерді бірі кедендік бақылауды жүзеге асыру, ал кедендік бақылау әдістерінің бірі кедендік сараптама жүргізу.
Курстық жұмыстың басты мақсаты кедендік сараптама жүргізуге байланысты кеден органдары қызметін жетілдіру жолындағы мақсаттарды айқындау.
Қойлған мақсатқа байланысты айқындалған міндеттер төмендегідей:
- «кедендік сараптама» ұғымының анықтау мен оның жіктелуін қарастыру;
- Кеден органдарында кедендік сараптама жүргізу ережелерін талдау;
- ҚР кеден органдарының сараптама мен зерттеу жүргізуін талдау;
- ҚР - да кедендік сараптама жүргізуде туындап отырған басты мәселелерді анықтау;
- ҚР - да кедендік сараптама сапасылы жүргізуді бақылау жүйесін жетілдіру жолдарын анықтау;
- ҚР кеден органдарының кедендік сараптама қызметі ісіне жаңа технологиялар мен жаңа зерттеу әдістерін енгізу жолдарын анықтау;
- ҚР кеден органдарындағы сарапшылардың кәсіби деңгейлерін көтеру әдістерін анықтау.
Зерттеудің теориялық Курстық жұмыстың методологиялық негізі Қазақстан Республикасының қазіргі таңдағы заң актілері зерттелген - Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының кеден кодексі және басқа кеден ісі саласына қатысты заң актілері мен нормативті құжаттары, Қазақстан Республикасының Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулы, мен өкімдері, Кедендік бақылау комитетінің бұйрықтары мен ережелері және сонымен қатар Қазақстан Республикасының беделді, атақты ғалымдары Алибеков С. Т., Сарсембаев М. А., Баймуханов Э. П., Нұрмашев Ү. Ө., еңбектері де қарастырылды.
Курстық жұмыстың құрылымы алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге негізделген және кіріспе, екі тарау, қорытынды, ұсыныстардан пайдаланылған әдебиеттер тізімі және сілтемеден тұрады.
1. КЕДЕНДІК САРАПТАМА КЕДЕНДІК ӘКІМШІЛІК ЖҮРГІЗУ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ.
1. 1 Кедендік бақылау жүргізу принциптері және орындалу тәртібі
Құжаттар мен мәліметтерді тексеру, тауарлар мен көлік құралдарын тексеру, жеке тексеру, тауарлар мен көлік құралдарының есебі, ауызша сұрау алу, есеп пен есеп беру жүйесін тексеру, қоймалар ғимаратын және кеден бақылауына жататын тауарлар мен көлік құралдары орналасқан басқа да орындарды (адам өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктерге қауіпсіз және тауарлар мен көлік құралдарына зиян келтірмейтін техникалық құралдарды қолдану арқылы) тексеру - кеден бақылауының түрлері болып табылады.
Арнайы экономикалық аймақта кеден реттеулерін, соның ішінде кеден рәсімдеуін жүргізу өзекті проблема болып отыр. 2006 жылдың 16 қаңтарында Президенттің «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақ туралы» Заң күші бар жарлығы (бұдан кейін - «Арнайы экономикалық аймақ туралы» жарлық) қабылданды.
Кеден бақылауының мақсаты экспорттық ақша түсімдерінің өз уақытында түсуін және толықтығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ импорт мақсатында валюта қаражатын заңды және негізделген түрде пайдалануды қамтамасыз ету болып табылатын кеден органдарына жүктелген валюталық бақылаумен қатар жүргізіледі. . Кеден заңы кеден рәсімдерін құрайтын келесі тараулардан тұрады: жалпы ережелер, алдын-ала жүргізілетін операциялар; уақытша сақтау; кедендік тасымалдау; мәлімдеу.
Сыртқы экономикалық қызмет және сыртқы сауда заңды және жеке тұлғалармен тауарлар мен көлік құралдарының мемлекет шекарасы арқылы өтуімен байланысты. Тауарлар мен көлік құралдары кедендік бақылауға жатады. Кедендік шекара арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарының кеден бакылауының мәні мен түсінігін ескеру өте маңызды. Қазақстан Республикасының кедендік территориясына тауарлар мен көлік құралдарын әкелу кезінде, сонымен қатар, еркін кедендік аумак және еркін қойма территориясынан Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткендігі туралы кеден органын хабардар етуі керек және тауарларға көліктік, басқа да жөнелтпелі құжаттар ұсыну қажет.
Қазақстан Республикасының кедендік территориясынан тыс тауарлар мен көлік құралдарын шығара алатын тұлға Қазақстан Республикасының кеден органын алдын ала хабардар етуі қажет. Қазақстан Республикасының кеден органы мұндай хабарды тіркеуге және кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін тауарлар мен көлік құралдарының келу орны мен уақытын таңдауға құқылы. Егер де тауарлардың иесі белгіленген хабарды жасамаса, онда мұндай міндет тасымалдаушыға жүктеледі. Кеден бақылауының мақсаты Қазақстан Республикасының Кеден кодекс нормаларын, басқа қазақстандық зандылық актілерін, нормативті құжаттарды, сонымен қатар, халықаралық келісімдерді сақтауды қамтамасыз ету болып табылады.
Кеден бақылауының міндеттеріне мыналар жатады:
а) кеден бақылауын нақтырақ жүргізу үшін мамандарды, сарапшыларды тарту;
ө) тауарлар мен көлік құралдардың, үй - жайлардың бірдейлендіруін жүргізу;
б) тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасынан өткізетін жеке және занды тұлғалардың қаржылық қызметін тексеру;
г) іріктемелі бақылау жүргізу.
Кеден бақылауы кеден органдарының лауазымды тұлғаларының белгіленген тізбектілікте жүзеге асыру бойынша және әрекет ететін заңдардың сақтауын қамтамасыз етуіне бағытталған, кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдарының өтуі кезінде тарифтік емес реттеу шараларын сақтау әрекетін білдіреді. Әкелу кезінде кеден бақылауы Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарлар мен көлік құралдарының өтуі кезінен басталады. Әкелу кезінде кеден бақылауы Қазақстан Республикасының Кеден кодексімен қарастырылмаған тауарлар мен көлік құралдарының шығарылымы кезінде кеден бақылауы Қазақстан Республикасының кеден шекарасын өту кезінен бастап аяқталады.
Кеден бақылауының объектісі - Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өтетін тауарлар мен көлік құралдар; олар туралы мәліметтер мен құжаттар; заңмен негізделген тауарларға қатысы бар заңды және жеке тұлғалар - кеден брокерлері, декларанттар, кедендік тасымалдаушылар және тағы басқа кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өту тәртібіне сәйкес олардың құжаттары; тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кеден органдарының рұқсатымен декларантпен кедендік режимдерді таңдау мүмкіндігі мен сақтау.
Кеден бақылауы мынадай сатыларға да жүргізіледі: тауарлар қозғалысы, оның өндірісі, сақтау, сатып алу, сату, тиеу, түсіру, қораптау, жүк тасу, сақтандыру, пайдалану және т. б[11] .
Кеден бақылауын жүргізуді қамтамасыз етуге мыналар жатады:
- сыртқы экономикалық айналымды тездетуге көмектесетін шарттарды құру;
- тауарлар мен көлік құралдарының кеден шекарасы арқылы өтудің рұқсат етілген тәртібі;
- контрабандамен, кеден ережелерін бұзу және салық зандарындағы бұзушылықпен күресуді жүргізу, сонымен қатар, есірткі құралдары, қару-жарақ, жарылғыш заттар, халықтың көркемдік, тарихи және археологиялық мұралар заттарының кеден шекарасы арқылы өтудегі заңсыз айналымы мен күресуді жүргізу;
- кедендік баждарды, салықтар мен басқа да кедендік төлемдерді уақтылы және толық алу;
- сыртқы сауданың кедендік статистикасын және Қазақстанның арнайы кедендік статистикасын жүргізу;
- кеден органдарының өз құзыреті шеңберінде валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- сыртқы экономикалық қызметінің Тауарлық номенклатурасын жүргізу және т. б.
Кеден бақылауын тиімді жүзеге асыру мүмкіндігі тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу функцияларын жүргізу көмегімен қалыптасады.
Кеден бақылауынының негізгі әдістері мыналар болып табылады:
- мамандарды, сарапшыларды тарту;
- тауарлар мен көлік құралдарының бірдейлендіруін жүргізу;
- занды тұлғалардың қаржылық-шаруашылықтық қызметін тексеру;
- іріктемелі бақылау жүргізу.
Кеден бақылауы адамның денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктер үшін қауіпсіз техникалық құралдар көмегімен өндірілуі мүмкін.
Мамандар мен сарапшыларды тарту тауарлар мен көлік құралдарының нақты есеп жүргізуі мақсатында шақырылады.
Тауарлар мен көлік құралдарының бірдейлендіруін жүргізу декларацияланған сол тауар, не сол көлік құралы екені күмәнсіз болу үшін өндіріледі. Бұл бақылау пломбаны қою, мөрмен қағазды жапсыру, тауарлардан сынамалар мен үлгілерді алу, тауарларды тізімдемелеу, олардың суреті, сол тауарлардың сызбасы, олардың иллюстрациясы жолдарымен жүзеге асырылады. Қойылған пломбаларды, жапсырмаларды және басқа да таңбаларды өшіру, алып тастау тек кеден органдарының рұқсатымен жүргізіледі.
Заңды тұлғаның қаржылық-шаруашылықтық тексеруі - кеден бақылау әдістерінің бірі болып табылады. Тексеру тауарлар, көлік құралдары, анықтамалар, жазбаша және ауызша түсіндірмелер бар лауазымды тұлғалардан алу жолымен жүргізіледі.
Іріктемелі кедендік бақылау, егер тауар жария сипатында және барлық жақты тексеру қажеттілігі керек болмаса ғана жүргізіледі.
Шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын тексеруден кейін де кедендік бақылау жүргізілуі мүмкін.
Кедендік бақылауды ұйымдастырудың типтік нұсқасы. Кедендік бақылау кезінде кеден органдарымен жүзеге асырылатын шаралар тиімді нәтиже алу мақсатында, бақылаудың барлық қатысушылары арасындағы қарым-қатынасты жетілдіруге бағытталған үрдістер мен әрекеттер жиынтығы арқылы іске асырылады.
Кедендік ұйымдастырудың бірінші міндеті сыртқы экономикалық байланыс қатысушыларына жақындатылған тауарлардың кеден шекарасы арқылы өту уақытын қысқарту мақсатында қарқынды сыртқы экономикалық қызмет орындарына жақындатылған кедендер мен олардың құрылымдық бөлімшелерін өрістету болып табылады.
Кедендік бақылауды және ресімдеуді жүзеге асыру бойынша жұмыстың негізгі көлемі кедендер мен кеден бекеттеріне жүктеледі. Кедендік бақылауды ұйымдастырудың екінші міндеті бұл үрдіске сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларын, көлік және байланыс кәсіпорындарын, басқа құқық қорғау органдарын, Қазақстан Республикасының атқарушылық өкімет органдарын енгізу болып табылады. Бұл жерде кедендік операцияларды жүзеге асыруында кеден бақылауын жүргізуді тездету мен максималды женілдету, сонымен қатар, уақыт, күш және құралдар шығындарын қысқартуға қызметі бағытталған кеден брокерлеріне, кедендік тасымалдаушыларына, уақытша сақтау қоймалар мен кедендік қоймалар иелеріне ерекше орын берілген.
Кедендiк бақылауды жүргiзу кезiнде кеден органдары iрiктеу принципiн негiзге алады және Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi нысандармен шектеледi.
Мемлекеттiк шекарада радиациялық бақылау жүргiзу тәртiбiн тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдар мен кедендік бақылауға жататын көлік құралдар.
Қазақстан Республикасының әр құқық саласы белгілі принциптерге негізделеді. Принциптері дегеніміз құқықтың негізгі бастауы. Кеден бақылаудың принциптері:
1) заңдылық;
2) заң алдындағы қорғалу мен теңдік құқығын қамтамасыз ету, сыртқы экономикалық және кеден ісі саласындағы өзге де қызметке қатысушылардың құқықтарын құрметтеу мен сақтау;
3) жариялылық принциптерінде құрылады[12] .
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өткен кезден бастап және кодекстiң 14-бабына сәйкес шартты шығаруды қоспағанда,
1) еркiн айналыс үшiн шығарылғанға;
2) жойылғанға;
3) мемлекеттiң пайдасы үшiн тауардан бас тартқанға не оларды мемлекеттiк меншiкке айналдырғанға;
4) тауарларды, көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан тысқары жерлерге нақты шығарғанға дейiн кедендiк бақылауда болады.
Қазақстандық тауарлар мен көлiк құралдары оларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкету кезiнде кедендiк декларацияны берген немесе тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге әкетудi жүзеге асыруға тiкелей бағытталған өзге де әрекеттер жасаған кезден бастап Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өткенге дейiн кедендiк бақылауда болады [13] .
Кеден органдары тұлғалардың қазақстандық тауарлар мен көлiк құралдарын не оларды қайта өңдеу өнiмдерiнзаңмен негізделген Кодексте айқындалған тәртiппен кедендiк режимдердiң талаптарына сәйкес қайта әкелу туралы мiндеттемелерiн орындауына кедендiк бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн барлық тауарлар мен көлiк құралдары кедендiк бақылауға жатады.
Кеден органдары Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан кеден органының рұқсатынсыз шығып кеткен көлiк құралдарын тоқтатуға, сондай-ақ теңiз, iшкi су және әуе кемелерiн мәжбүрлеп қайтаруға құқылы. Бұл орайда шетелдiк кемелер мен басқа мемлекеттердiң аумағындағы кемелердi ұстау (қайтару) жөнiндегi әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес жүргiзiледi.
Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру, және (немесе) кедендiк тексерiп қарау арқылы кедендiк бақылауды жүзеге асыру, оларды сақтау және кедендiк қадағалаумен өткiзу мақсаттары үшiн Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы бойында, кедендiк ресiмдеу, алдын ала операцияларды жүргiзу орындарында, тауарларды қайта тиеу, оларды тексеру және кедендiк тексерiп қарау орындарында, кедендiк бақылаудағы тауарларды тасымалдайтын көлiк құралдарын уақытша сақтау, тұрақ орындарында, кеден қоймаларында, арнайы экономикалық аймақ аумағында, еркiн қоймаларда, бажсыз сауда дүкендерiнде, кеден органдары орналасқан орындарда кедендiк бақылау аймақтары құрылады.
Кедендiк бақылау аймақтары оларда кедендiк бақылауға жататын тауарлар ұдайы болған жағдайларда - тұрақты, немесе тауарларды тексеру немесе кедендiк тексерiп қарау қажет болған жағдайда уақытша жәнезаңмен негізделген ндай операцияларды жүргiзу кезiне құрылатын болуы мүмкiн.
Кедендiк бақылау аймақтарын құру мен белгiлеудiң тәртiбiн, сондай-ақ кедендiк бақылау аймағына жiберу тәртiбiн кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайды.
Адамдарды кедендiк бақылау аймағына жiберу - тек кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады, ал құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтер үшiнзаңмен негізделген органдардың қаулысын немесе ұйғарымын көрсету бойынша рұқсат етiледi.
1. 2 Кедендік бақылаудың жүргізудің нысандары
Кедендiк бақылау жүргiзу кезiнде кеден органдары Қазақстан Республи-касы заңдарының және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болып табылатын кедендiк бақылау нысандарын пайдаланады.
Кедендiк бақылау нысандарын таңдау кезiндезаңмен негізделген Кодекстiң 60-тарауында көзделген тәуекелдiктi бағалау мен басқару пайдаланылады. Кедендiк бақылаудың басқа нысандарын қолданбау не олардан босату тұлғаларзаңмен негізделген Кодекстiң ережелерiн сақтау мiндеттiлiгiнен босатылады дегендi бiлдiрмеуге тиiс. Қажет болған жағдайда кеден органдарызаңмен негізделген Кодекстiң көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, кедендiк бақылаудың барлық нысандарын пайдалана алады [14] .
Кедендiк бақылау нысандары:
1) кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi тексеру;
2) ауызша пiкiр сұрау;
3) түсiндiрмелер алу;
4) кедендiк қадағалау;
5) тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру;
6) тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексерiп қарау;
7) жеке тексеру;
8) тауарларды арнаулы таңбалармен таңбалау Кеден Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген жағдайларда оларға бiрдейлендiру белгiлерiн соғу;
9) тауарлар мен көлiк құралдарының есебi мен олар бойынша есептiлiк жүйесiн тексеру;
10) тауарлар мен көлiк құралдарын есепке алу;
11) үй-жайлар мен аумақтарды тексеру болып табылады.
1. Кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi тексеру Кеден органдары, құжаттардың түпнұсқалылығын және мәлiметтердiң дұрыстығын анықтау мақсатында, тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу кезiнде берiлген кедендiк декларацияны, құжаттарды және мәлiметтердi тексередi. Кеден органдарына кедендiк ресiмдеу кезiнде берiлген мәлiметтердiң дұрыстығын тексеру оларды басқа дерек-көздерден алынған ақпаратпен салыстыру, арнаулы кедендiк статистиканың мәлiметтерiн талдау, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып мәлiметтердi өңдеу арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да тәсiлдермен жүзеге асырылады. Кедендiк бақылауды жүзеге асыру кезiнде кеден органы кедендiк декларациядағы ақпараттарды тексеру мақсатында тұлғалардан жазбаша түрде барлық құжаттар мен мәлiметтердi сұратып алуға құқылы. Iрiктеп тексеру негiзiнде кеден органдарының құжаттар мен мәлiметтердi тексеруiне жол берiледi.
2. Ауызша пiкiр сұрау Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына кедендiк ресiмдеудi жүргiзу, алдын ала операциялар мен өзге де кедендiк рәсiмдер кезiнде кеден органдарының лауазымды адамдары тұлғалардан ауызша пiкiр сұрауға құқылы, аталған тұлғалардан мұндай пiкiр сұрау нәтижелерi жазбаша нысанда ресiмделмейдi.
3. Түсiндiрмелер алу Түсiндiрмелер алу - кеден органдары лауазымды адамдарының декларанттардан және кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн маңызы бар мән-жайлар туралы мәлiметтердi бiлетiн өзге де адамдардан кеден iсi саласындағы қажеттi ақпаратты алуы. Түсiндiрме жазбаша нысанда ресiмделедi. Адамды түсiндiрме алу үшiн шақыру туралы хабарламаға тиiстi кеден органының басшысы қол қояды және шақырылған адамға қол қойғызып алу арқылы тапсырылады.
4. Кедендiк қадағалау - кеден органдары лауазымды адамдарының кедендiк бақылаудағы тауарлар мен көлiк құралдарының тасымалдануын, олармен жүк және өзге де операциялардың жасалуын көзбен шолып, оның iшiнде техникалық құралдарды қолдана отырып бақылауы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz