Криминалистикалық идентификация және диагностика



Жоспар

Кіріспе 3. 4 беттер.
I . Бөлім. Криминалистикалық идентификация. 5 бет.
1.1. Қазақстанда криминалистика ғылымының дамуы. 5.7 беттер.
1.2. Криминалистикалық идентификацияның түсінігі. 8.11 беттер.
1.3. Криминалистикалық сәйкестендірудің объектілерінің ұғымы және теңдестіру белгілері. 12.17 беттер.
II. Бөлім. Криминалистік диагностика. 18 бет.
2.1. Топқа қатыстылықты анықтау және диагностиканың ұғымы мен мәні. 18.21 беттер.
2.2. Диагностика криминалистика ғылымының ілімі ретінде.
22.25 беттер.
Қорытынды. 26. бет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі. 27 бет.
Кіріспе
Біздің еліміз қазіргі даму кезеңінде жаңа қоғамның өркендеп әрі қарай дамуы үшін заңылықтың күшейуі, республика азаматтарының құқықтары мен өмірлерін және бостандықтарын қорғаудың күшейуі басты міндет болып отыр.
Бұл туралы еліміздің елбасы Президентіміз Н.Ә Назарбаев өзіміздің халыққа деген “Қазақстан – 2030 Жолдауында” халқымыздың негізгі заңы Конституцияда, басқа да құқық қорғау заңдарында көрсетілген, яғни қылмыстылықпен күресуде барлық республикалық заңдарды қолданып, құқық бұзушылықтың жіберілмеуін және де әрбір қылмыскер өзіне тиесілі жазасын алатынын айтқан болатын.
Шындыққа жанасатындай қылмыстарды тез және толық ашу, қылмыс жасаған адамдарды әшкерелеп қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауын және қылмыстық заңды дұрыс қолдану, құқықты құрметтеу көз қарасын қалыптастыруға жәрдемдесу әр құқық қорғау органдарының міндеті деген ойдамын және зор сенімділік білдіремін деуге болады.
Курстық жұмысымның маңыздылығын айтар болсақ онда идентификация терминіні кез келген қылмыс күнделікті адам өмір сүріп отырған ортада жасалатындықтан, қылмыс болған жерде әр түрлі іздердің қалмауы мүмкін емес. Бұл материяның өзінің белгілерін қоршаған ортаға, басқа нәрсеге беру қасиетіне тығыз байланысты. Сондықтан, қылмысты тергеуде, ашуда іздерге және олардың басқа бейнелеріне қарап, адам қолданған зат немесе басқа объектілердің дәлелдеме ретінде қажеттілігі анықталады.
Бұл курстық жұмыстың өзектілігі мынада: Криминалистикада криминалистік сәйкестендірудің қамтитын, алатын орны мен қарастыратын сұрақтары маңызды да ауқымды болып келеді. Сондықтан өзектілігі ретінде бұл ауқымды үш аспектіге бөліп қарастыпуға болады. Олар:
• Біріншіден, криминалистік сәйкестендіру жеке ғылыми криминалистік теория ретінде – сот дәлелдемесін шығару мен пайдалану мақсатында белгілі бір материалдық объектілердің
3
• әрбір уақыр аралығында өз-өзіне теңдігінің жалпы заңдылықтары туралы ілім.
• Екіншіден, криминалистік сәйкестендіру зерттеу барысында, сыртқы ортаға қалдыратын белгілі бір бейнелеріне байланысты объектінің ұқсастығының бар-жоқтығын анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу, тану үрдісі.
• Үшіншіден, мақсат немесе нәтиже ретіндегі, криминалистік сәйкестендіру қаралып отырған қылмыстық іс бойынша дәлел немесе айғақ бола алатын объектінің өз - өзіне ұқсастығы бар-жоқтығынанықтаудық тәжірибелік жолын көрсетіп, содан қажетті қорытынды шығарады.
Сонымен бірге жұмыстың негізгі мақсатына келіп тоқталатын болсақ, салыстырмалы зерттеу тәсілімен бір объектінің іздестіріліп отырған ұқсас объектіге тікелей қатысты бар-жоқтығын дәл анықтау. Басқаша айтқанда, теңдестік немесе ұқсастық ұғымы, бір объектінің қайталанбайтындығын, яғни ол толық түрде өз-өзіне өте ұқсас бола алатынын, басқа объектіден өзіндік өзгешелігі және айырмашылығының бар екендігін көрсетеді.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлімде толығымен идентификация және диагностика жәйлі мағлұмат беріледі. Жұмыс толық және жан-жақты қарастырылған.
Қолданылған әдебиеттер
1. Тілеубергенов Е. Криминалистика // Алматы, “Дәнекер”, 2002, 14-15 беттер.
2. Абуов А.Ғ. Криминалистика негіздері // Алматы, “Жеті жарғы”, 2004, 24-25 беттер.
3. Белкин Р.С. Криминалистика // Москва, “Норма-Инфра.М” 1999, 84-85 беттер.
4. Жәкішев Е.Ғ. Криминалистика // Алматы, “Жеті жарғы”, 2006, 22-23 беттер.
5. Шәкенов А.О. Суық қарудың криминалистикалық зерттеуі// Астана, “Foliant”, 2001, 16-17 беттер.
6. Ищенко Е.П., Образцов В.А. Криминалистика // Москва, “Эксмо”, 2005, 78-79 беттер.
7. Гензбург А.Я., Оганов Н.И., Поврезнюк Г.И. Криминалистика // Алматы, “Д.А.Қонаев атындағы университет”, 2003,14-15 бет.
8. Ищенко Е.П., Топорков А.А. Криминалистика// Москва, “Инфра-М” , 2003, 48-49 беттер.
9. Образцов В.А. Криминалистика // Москва, “Юрист”, 1997, 186-287 беттер.
10. Салаев Б., Әмитов Ш., Сатыбалдинова М., Айдарқұлов Ә., // Алматы, “Жеті жарғы”, 2005, 22-23 беттер.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ИДЕНТИФИКАЦИЯ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКА

Жоспар

Кіріспе 3- 4 беттер.

I . Бөлім. Криминалистикалық идентификация. 5 бет.
1.1. Қазақстанда криминалистика ғылымының дамуы. 5-7 беттер.

1.2. Криминалистикалық идентификацияның түсінігі. 8-11 беттер.

1.3. Криминалистикалық сәйкестендірудің объектілерінің ұғымы
және теңдестіру белгілері. 12-17 беттер.

II. Бөлім. Криминалистік диагностика. 18 бет.

1. Топқа қатыстылықты анықтау және диагностиканың ұғымы мен мәні.
18-21 беттер.

2. Диагностика криминалистика ғылымының ілімі ретінде.

22-25 беттер.

Қорытынды. 26- бет.

Қолданылған әдебиеттер тізімі. 27 бет.

Кіріспе

Біздің еліміз қазіргі даму кезеңінде жаңа қоғамның өркендеп әрі қарай
дамуы үшін заңылықтың күшейуі, республика азаматтарының құқықтары мен
өмірлерін және бостандықтарын қорғаудың күшейуі басты міндет болып отыр.
Бұл туралы еліміздің елбасы Президентіміз Н.Ә Назарбаев өзіміздің
халыққа деген “Қазақстан – 2030 Жолдауында” халқымыздың негізгі заңы
Конституцияда, басқа да құқық қорғау заңдарында көрсетілген, яғни
қылмыстылықпен күресуде барлық республикалық заңдарды қолданып, құқық
бұзушылықтың жіберілмеуін және де әрбір қылмыскер өзіне тиесілі жазасын
алатынын айтқан болатын.
Шындыққа жанасатындай қылмыстарды тез және толық ашу, қылмыс жасаған
адамдарды әшкерелеп қылмыстық жауапқа тарту, әділ сот талқылауын және
қылмыстық заңды дұрыс қолдану, құқықты құрметтеу көз қарасын қалыптастыруға
жәрдемдесу әр құқық қорғау органдарының міндеті деген ойдамын және зор
сенімділік білдіремін деуге болады.
Курстық жұмысымның маңыздылығын айтар болсақ онда идентификация
терминіні кез келген қылмыс күнделікті адам өмір сүріп отырған ортада
жасалатындықтан, қылмыс болған жерде әр түрлі іздердің қалмауы мүмкін емес.
Бұл материяның өзінің белгілерін қоршаған ортаға, басқа нәрсеге беру
қасиетіне тығыз байланысты. Сондықтан, қылмысты тергеуде, ашуда іздерге
және олардың басқа бейнелеріне қарап, адам қолданған зат немесе басқа
объектілердің дәлелдеме ретінде қажеттілігі анықталады.
Бұл курстық жұмыстың өзектілігі мынада: Криминалистикада
криминалистік сәйкестендірудің қамтитын, алатын орны мен қарастыратын
сұрақтары маңызды да ауқымды болып келеді. Сондықтан өзектілігі ретінде
бұл ауқымды үш аспектіге бөліп қарастыпуға болады. Олар:
• Біріншіден, криминалистік сәйкестендіру жеке ғылыми
криминалистік теория ретінде – сот дәлелдемесін шығару мен
пайдалану мақсатында белгілі бір материалдық объектілердің
3
• әрбір уақыр аралығында өз-өзіне теңдігінің жалпы заңдылықтары
туралы ілім.
• Екіншіден, криминалистік сәйкестендіру зерттеу барысында,
сыртқы ортаға қалдыратын белгілі бір бейнелеріне байланысты
объектінің ұқсастығының бар-жоқтығын анықтауға мүмкіндік
беретін зерттеу, тану үрдісі.
• Үшіншіден, мақсат немесе нәтиже ретіндегі, криминалистік
сәйкестендіру қаралып отырған қылмыстық іс бойынша дәлел немесе
айғақ бола алатын объектінің өз - өзіне ұқсастығы бар-
жоқтығынанықтаудық тәжірибелік жолын көрсетіп, содан қажетті
қорытынды шығарады.
Сонымен бірге жұмыстың негізгі мақсатына келіп тоқталатын болсақ,
салыстырмалы зерттеу тәсілімен бір объектінің іздестіріліп отырған ұқсас
объектіге тікелей қатысты бар-жоқтығын дәл анықтау. Басқаша айтқанда,
теңдестік немесе ұқсастық ұғымы, бір объектінің қайталанбайтындығын, яғни
ол толық түрде өз-өзіне өте ұқсас бола алатынын, басқа объектіден өзіндік
өзгешелігі және айырмашылығының бар екендігін көрсетеді.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Негізгі бөлімде толығымен идентификация және диагностика жәйлі мағлұмат
беріледі. Жұмыс толық және жан-жақты қарастырылған.

4

I . Бөлім. Криминалистикалық идентификация.

1.1. Қазақстанда криминалистика ғылымының дамуы.
Жалпы Қазақстандағы ғылыми жүйеге келетін болсақ Криминалистика ғылымы
атақты австриялық заңгер Ганс Гросс 1893 жылы сот тер теушілеріне
арналған нұсқау криминалистиканың жүйесі ретінде атты еңбегін жарыққа
шығарды, онда: қылмысты тергеудің техникасы туралы жаңа бөлек ғылымнының
пайда болғаны және оны криминалистика деп атағанын жария етті.
Криминалистиканы құқыктық пән деп жариялай келе, Гросс оны нақ осы
ғылым негізінде табиғи-техникалық ғылымды дәлелдеу процесінде көптеген
қолдаулар табады деп пайымдады.
Сондықтан да Криминалистика пәні басқа да қылмыстық құкықтық пәндер
сияқты негізгі пән болып, барлық заң сала сындағы оқу орындарында
оқытылады.
Қазақстанда криминалистиканы оқыту 1935 жылы Алматы мемлекеттік заң
институтының ашылуымен тығыз байланыс ты. Ол кездері криминалистика пәні
қылмыстық құкық кафедрасының оқу пәніне кірген. Кафедраны М. Т. Шаламов
басқарды, кейін ол Бүкілодақтық сырттай заң институтында (қазіргі Ресейде)
профессор болып қызмет етті.
1947 жылы осы кафедрадан Қылмыстық іс жүргізу мен криминалистика
кафедрасы бөлініп шықты, оны республика мен кеңестер одағында белгілі
криминалист ғалым, заң ғылымдарының кандидаты, доцент В. А. Хван басқарды,
ол Қазақстандағы сараптама криминалистикалық мекемелерінің кұрылуы мен
жұмыс істеуіне үлкен ықпал етті. Осы кафедрада криминалистика пәнімен қатар
қылмыстық іс жүргізу, сот-медицинасы, сот ісін жүргізу, сот психиатриясы,
бухгалтерлік есеп пен сараптама пәндері оқытылды.
1939 жылы оқу базасы ретінде сабақ, жүргізуге қолдану үшін кафедра
жанынан криминалистикалық лаборатория ашылды. Криминалистикалық
лабораторияда сабақ жүргізумен қатар, тергеу және сот органдарының нұсқауы
бойынша әр түрлі

5
криминалистикалық сараптамалар жүргізілді. Осындай сараптамалық
зерттеулерді құқық қорғау органдары үшін Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей,
Алтай өңірлеріңде алғаш рет жүргізген ин ститутттың оқытушылары — заң
ғылымдарының кандидаттары В.А.Хван мен Д.Я.Мирский (кейін Ресей
федерациясының Москва жоғары мектебінде профессор болып, Бүкілодақтық ҒЗИ
сот сараптамасында қызмет атқарды) жұмыс істеді.
Осы жылдары оқыту жұмысы мен криминалистикалық сараптама жұмыстарын
біріктіріп жасаған кафедра доценттері А.М.Агушевич, В.А.Хван, Д.Я. Мирский,
А. Д. Жоров, Ш. М. Жоров, Ш. М. Мажитов, Н. А. Жангельдин болды. Сот
сараптамасы ғылымын ары қарай дамыту қажеттігі үшін және Республика құқық
қорғау органдарына көмек көрсету: сараптама жургізу, кеңестер беру, тергеу
әрекеттеріне маман ретінде қатысу, сондай-ақ тергеушілермен әдістемелік
жұмыс жүргізу үшін Алматыдағы сот сараптамасының ғылыми-зерттеу институты
құрылды, онда да сараптамашы ретінде қылмыстық процесс пен криминалистика
кафедрасының оқытушылары жұмыс істеді.
Институттың директоры болып доцент Хван В. А. тағайындалды, ол
криминалистика мен қылмыстық процесс кафедрасын меңгеруді жалғастыра берді.
Доцент В. А. Хван сот сараптама институтына директор болып ауысқаннан соң,
он жылдай кафедраға заң ғылымдарынын кандидаты, доцент Ш. М. Мажитов
басшылық етті. Кафедрада жақсы материалдық-техникалық база болуына көп
көңіл бөлінді, криминалистика мен сот сараптамасынан сабақ беру үшін
фототехника, микроскоптар, қажетті ғылыми-техникалық құралдар, арнайы
мақсаттағы құралдар алынды. Оқытушылық жұмысқа атақты ғалымдар мен
өндірісте жұмыс істейтін қызметкерлер шақырылды. Сот-ме дицинасы курсынан
Қазақстанда осы ғылымның негізін қалаған проф. С. М. Сидоров, сот-
психиатриясы курсын — атақты профессор А, П. Штесс, сотта сөз сөйлеу
өнерінің курсын Ф. Малевич, сот сараптама курсын профессор А. Ф. Аубакиров
оқыды.
Алғаш рет соғыстан кейінгі жылдары ғылыми-педагогикалық кадрларды
даярлауға көп көңіл бөлінді және ғылыми деңгейге сай кафедра оқытушыларын
6
толықтырды. 1953—1956 жылдары криминалистика ғылымы бойынша кандидаттық
диссер тацияларын А. М. Агушевич, Н. А. Жангельдин, Ш. М. Мажитов өте жақсы
корғап шықты. Республикадан тыс жерлерден мамандар шақырылды: В. И.
Попов (1958 ж.), И. А. Сапожников (1959) және Н. М. Карацев (1961ж.).
Оқытушылық жұмысқа әр түрлі жылдары сот сараптама институтынан
з.ғ. к. Б. М. Мұқашев, Е. Ғ. Жәкішев, Г. А. Мозговых, Ә. А. Исаев, Р. Б.
Тапалова, Р. Д. Гомозовалар ауысып келді, олар тергеу және сараптама
жұмыстарында үлкен тәжірибелері бар оқытушылар. Лабораториялық және
тәжірибелік сабақтарды жүргізгенде техникалық оқыту құралдарын кеңінен
қолданады.
Криминалистикалық зертхана (лаборатория - тергеу портфелі мен басқа да
криминалистикалық құралдар мен құрал-саймандармен, криминалистикалық-
техникалық зерттеу кұралдарымен қамтамасыз етілген.
Осы 1967 жылы кафедрада сот-психологиясы деген жаңа курс
енгізілді. Алғашқы жылы курсты профессор В. И. Попов оқыды, ал 1968 жылдан
кафедраның аға оқытушысы Ғ. Г. Досполов оқыды, ол Жауап алу психологиясы
туралы кандидаттық диссертациясын қорғады. Жоғары деңгейлі ғылыми-
оқытушылық кадрлар артып криминалистикадан студенттердің дайындық деңгейін
жоғарылатты, осы салада ғылыми проблемаларды жоспарлауды тереңдетіп, өрісін
кеңейтті.
Криминалистика курсының оқу пәні ретінде дамуы, оның криминалистикалық
проблемалары мен әдістерін және болашақ мамандарды оқыту негізінде жедел-
тергеу жұмыстарын оқыту үшін 1971 жылы қылмыстық процесс кафедрасынан
криминалистика жеке кафедра болып бөлініп шықты. Осыған байланысты
Криминалистика ғылымының дамуына зор ықпалын тигізді деуге болады.

7

1.2. Криминалистикалық идентификацияның түсінігі.

Идентификация термині — латын тілінен шыққан сөз, оны тікелей
аударатын болсақ тендестіру, яғни тепе-тендікті анықтау немесе тепе-
тең ету, сәйкестендіру деген мағынаны білдіреді.
Идентификация термині төмендегідей бірқатар түсінік талдауларын
жасауда қолданылады:
1. идентификация — адамның ойлау кабілетінің заңдылығын
ашуға мүмкіндіктер беретін ғылыми категория ретінде;
2. идентификация — танымның әдіс-тәсілі мен кұралы ретінде;
3. идентификация — тендестіру арқылы тану процесінің белгісі
ретінде карастырылады.
Идентификация термині — көзделген максаты мен шешетін мәселелеріне
байланысты пайдаланылады және белгілі бір ойларды жинақтайды[1].
Идентификация ұғымы логика, таным теориясы (философияға), психология
және басқа да негізгі ғылымдарға сүйенеді.
Таным теориясының (философия) көмегі арқылы адамның танымдық қызметіне
ғылыми негізде талдаулар жасалады. Әлемдегі барлық материалды объектілер
өзіне-өзі ғана тең. Әрбір объект өзіндік қасиетіне байланысты, өзі тектес
баска объектілерден ерекшеленеді. Объектілердің көптеген сәйкес келу белгі
санына қарамастан материалды дүниедегі әрбір объект жекеленген болып
табылады. Бұл жекеліктер адамдарға объектіні тануға, оны өзінің арасындағы
басқа өзі тектес заттардан ажыратып тану немесе сәйкестендіру процесін
жүзеге асыруға мүмкіндіктер береді.
Танылатын объектінің өзіндік қасиеті мен мақсат, міндетте ріне
байланысты материалдық дүние объектілерін тану проце сіндегі теңестіру әр
түрлі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін. Теңдестіру актілері қарапайым, яғни
күнделікті тұрмыс-тірші лікте, сондай-ақ ғылыми зерттеулер шеңберінде
шешілетіндей күрделі болуы мүмкін. Мысалы: теңдестірудің тұрмыстық акті
лерінде кішкентай бала өзінің ата-анасын, киімдерін, ойыншық тарын таниды;
суретші өзінің салған суретін оңай
8
ажыратады; ұста өзі жасаған детальдарды тез табады және т. б. Ал күрделі
актілерде: химик-аналитик - химиялық заттарды, оның табиғатын, сондай-ақ
геолог - минералдың, физик — физикалық процестердің табиғатын анықтайды[2].
Адамның ойлау қызметі заңдылықтарын зерттейтін логика ғылымы,
идентификация көмегімен теңдестіру заңдылығы және адамды тану қызметіндегі
теңестірудің логикалық қағидалары негізінде қалыптасқан.
Теңдестіру зандылығына сәйкес - адамның ойлау процесін дегі қандай да
бір ойы өзіне-өзі сәйкес, тепе-тең болуы тиіс.
Адамның санасында көрініс тапқан объект бейнесі нақты бір жекеленген
болуы қажет. Талқылау кезінде міндетті түрде нақты бір объектіні ғана ойлау
керек, оны басқа объектілермен алмастыруға болмайды. Әр түрлі объектілерді
теңдестіру мүмкін емес, логикаға жатпайды. Бір объектіні адамның қайта еске
түсіру кезіндегі ойлау мазмұны алғашқы ойлаудың мазмұнына сәйкес (бір)
болуы қажет. Бір объект жайлы талқылау кезінде пікірталастықтар пайда
болған жағдайларда, әрбір адамның ойы әртүрлі болып олар өзара келісімге
(бір шешімге) келе алмайды, бұл өз алдына теңдестіру заңдылығының бұзылуына
әкеп соқтырады.
Идентификацияның психофизиологиялық механизмі келесідей болып келеді:
субъектінің санасында көрсетіліп отырған объектінің белгілері туралы
көрініс, сол көріністі ойлау арқылы, ол ұсынылып отырған объектіні өзінің
ойындағы объект белгілері бойынша салыстырады, содан кейін ғана ол
объектілердің сәйкестігі жайында немесе ерекшеліктері бойынша қорытынды
жасайды.
Адамнын барлық танымдық (тұрмыстық, я ғылыми) қызметі аясыңдағы кез
келген логикалық теңдестіру механизмі біреу-ақ болып келеді. Операция
бірнеше рет орындалатындықтан тұрмыстық теңдестіру рәсімі қарапайым болып
табылады. Сондықтан да ол стеоретиптік сипатқа ие, динамикалық стеоретип
арқылы біз өз затымызды, ата-анамызды, туыстарымызды және т. б. ажыратамыз.
Қарапайым теңдестірулер негізінен көріністі, бейнені — көру, есту
мүшелері арқылы қабылдауға байланысты жасалады.
9
Идентификация таным әдісі ретінде барлық ғылыми, атап айтқанда:
ботаника, зоология, геология, химия, өнертану және т. б. ғылым салаларында
кеңінен қолданылады. Мысалы, археологиялық зерттеулер жүргізу барысында
табылған (қазып алынған) объектілер міндетті түрде белгілі бір кезең,
мәдениетімен сәйкестендіріледі[3].
Палеонтология бойынша табылған объектілер бұрын тіршілікте өмір сүрген
жануарлардың өлігі, казіргі кезде жойылып кеткен жануарлардың түрлерімен
идентификацияланады. Табылған жануарлар, өсімдіктер ботаникада, зоологияда,
олардың белгілі бір класы, түрі, тобы бойынша идентификацияланады.
Аналитикалық, органикалық және басқа да химияның салалары арқылы
алынатын барлық заттар міндетті түрде бұрын анықталған заттар класы бойынша
идентификацияландырылады (сәйкестендіріледі).
Геология, минералогияға байланысты табылған заттар белгілі бір
минералдар және т. б, түрлері бойынша идентификацияланады.
Барлық идентификациялық жағдай мәселелеріне байланыс ты әр түрлі ойлар
(пікірлер, көзқарастар, тұжырымдар) кейбір ғылым - археолоия, тарих,
өнертану салаларында жекелеген идентификациялық мәселелердің сәйкестігін
шешу үшін криминалистика ғылымын, яғни криминалистика тәсілдерін
пайдалануға тура келеді.
Л. Н. Мороз идентификация ұғымына келесідей түсінік берген:
Идентификация дегеніміз— бір объектіні басқа бір объекті ден ажырату немесе
тануға мүмкіндік беретін объектінің өзіндік қасиетіндегі материалдық
белгілерін салыстырмалы түрде зерттеу мен бағалау болып табылады[4].
Жалпылама қорытындылай келгенде идентификация ұғымын біз бірнеше
авторлардың көзқарастарын талдап өттік. Соның нәтижесінде идентификация
криминалистика ғылымының бірден бір бөлігі екендігін осыдан дәлелдеуге
мүмкіндіктер өте мол.

10

11

3. Криминалистикалық сәйкестендірудің объектілерінің ұғымы және
теңдестіру белгілері.
Криминалистік сәйкестендіру туралы теориясының пайда болған уақытынан
бастап жазықтықта шекаралары нақты көрінетін объектілер тендестіруін
зерттеудің калыптасқан объектілері болып саналды. Ал, практикалық
сәйкестендірудің пайда болуымен және теориясының жетілдірілуімен олардың
қатарына кеңістікте шартты шекарасы бар объектілер қосылды. Мысалы,
сұйықтар мен жылжымалы көлемді ұнтақ заттар, біртектес және әртектес
объектілердің жиынтығы. Криминалистік сәйкестендіру зерттеу үрдісі
болғандықтан оның бірінші мақсаты оған қажетті объектіні анықтау.
Криминалистік сәйкестендіру субъектілеріне қылмысты ашу процесіне
қатынасатын тергеуші, анықтаушы, сот, сарапшы, жәбірленуші, күдікті және т.
б. жатады. Олардың әрқайсысы өздерінің іс-жүргізу жағдайына сәйкес, заңға
қайшы келмейтін жолдармен тендестіру немесе сәйкестендіру өткізуге қатысты
міндеттерін орындайды.
Әрбір объектінің көптеген қасиеттері мен белгілері (көлемі, формасы,
түсі, құрамы,т.б.) болады. Ал, криминалистік теңдестіруде объектінің барлық
қасисттері мен белгілері емес— ең бастысы олардың сыртқы белгілері, сыртқы
кұрылысының ерекшеліктері зерттеледі. Сонымен, объектілер төмендегідей
бейнеленді:
Ойдағы бейне түрінде, яғни адам ойында көру немесе есту нәтижесінде
есте қалған бейне арқылы суреттеу (жәбірленушінің ойында қалған
қылмыскердің белгілері; атылған оқ дыбысының ерекшеліктері).
Куәгерлер көрген объектіні өзінің немесе басқа маманның салған суреті
арқылы бейнелеу (бағыттауға арналған субъективті портреттер, фотороботтар).
Қылмыскердің қалыптасқан тәсілдерін көрсету арқылы. Мәселен, жазу
мәнері, қолжазбасы, қолтаңбасы, қоршаған ортадағы қылмыстық әрекет
тәсілдері, т. с.
Суреттегі бейнелер мен фонограмма түріндегі сөздің, дауыстың
механикалық жазбалары.
12
Заттардың бөлшектері мен ұсақ талшықтары арқылы бейнеленуі (бұзатын
қару бөлшегі, көліктің оқиға болған жерде қалған жарық ыдыратқышының,
сынықтары).Әр түрлі іздер түрінде бейнелеу (қол, аяқ іздері, қолданылған
қару іздері, көліктің ізі т. с. с. )[5].
Міне, осы бейнелену формаларының, қайсысының қолданылғанына байланысты
криминалистік сәйкестендіру түрлері қалыптасады.
Сонымен, объектілердің бейнелену бағытына байланысты криминалисті
сәйкестендіру 4 түрі болуы мүмкін:
1) Адам ойында сақталған бейне арқылы объектілерді теңестіру. Бұл жұмыс
қылмысты тергеу барысында іске асырылады. Мысалы: қылмыскерді, сезіктіні
басқа ұқсас адамдардың арасынан тануын көрсеткенде қолданылады.
2) Жазбаша сипаттау арқылы объектілерді теңестіру негізінен қылмыскерді,
жоғалған затты іздегенде, белгісіз мәйіттерді анықтағанда және
криминалистік тіркеу, есептеу жұмыстарында қолданылады.
3) Материалды бекітілген бейнелерге байланысты объектілерді теңестіру
(іздерге, суреттерге, қолжазбаға т. б. ), криминалистік сараптау ісін
жүргізу барысында орындалатын криминалистік сәйкестендіру көп кездесетін
жағдай.
4) Объектінің бөлшектері арқылы теңестіру — осы бөлшектердің бұрын бүтін
бір бөлікті құрағанын анықтау қажет болған жағдайда қолданылады.
Криминалистік сәйкестендіру тиімді негізін қоршаған дүниедегі кез
келген материалды қалыптасқан құрылысы бар объектілер, негізінен қатты
денелер құрайды.
Кримииалистік сәйкестендіру процесіне қатысушы объектілер мынадай
түрлерге бөлінеді:
-тендестірілмекші (идентификацияланушы);
-тендестіруші (идентификациялаушы) деп екіге бөледі.Теңдестірілмекші
объектілер — бұлар ұқсастығы әлі анықталатын объектілер. Теңестірілмекші
объектілердің өзін екіге бөледі. Олар: ізделінуші, тексерілуші объектілер.
Олардың басқа объектілерге бейне қалдыратын қасиеттері бар. Объектілер
13
төмендегідей түрлерге бөлінеді:
1. заттай айғақтар — қылмыс жасауға байланысты пайда болған іздер, жеке
заттар, кұжаттар, олардын үлгілері, осы айғақ заттардың белгілері,
қасиеттері;
2. жеке адамдар (күдікті, айыпкер, куәгер, жәбірленуші), олардың түр
сипатының белгілері, мінез-кұлқы, темпераменті;
3. адамдардың іс-әрекеті, оның ішінде қылмыскердің қылмыс жасау тәсілдері,
қылмыстың ізін жасыруға байланысты жасаған әрекеті;
4. жеке оқиғалар, құбылыстар және солардың салдарынан із пайда болу
процестерінің ерекшеліктері;
5. тануды немесе анықтауды қажет ететін адам мәйіттері;
6. айғақты дәлел ретіндегі заттар (кұрал сайман, аяқ киім, ұрланған заттар,
көлік, т с. с. );
7. жануарлар, малдар; оқиға болған жер немесе үйдің, бөлменің іші, т. б.
Тендестіруші объектілерді тендестірілмекші объектілермен салыстыру
нәтижесінде олардың ұқсастығы айқындалады. Олар, өздерінде (өзі)
тендестірілмек объектілердің белгілері қалған түрі болуы мүмкін,
(Мөселен, адам үшін теңестірушілер — оның саусағының, аяғының, тісінің
іздері, қаны, т. б. ).
Тендестірілуші заттай айғақтардың қатарына көбінесе тегі белгісіз із
калған заттар, беймәлім хаттар, машинка жазулары, т. б. жатады.
Үлгілер дегеніміз заттай айғақтармен салыстыруға алдын ала
белгіленген объектілер, адамнан алынған заттар. Мәселен, еркін жазу
үлгілері салыстыруға алынған саусақ бедерлері (белгілі күдікті адамның)
сезікті біреудің, қолжазбасы. Олар екі топқа бөлінеді:
а) қылмыс болғанға дейінгі уақытта жазылған еркін жазу үлгілері.
ә) эксперименталді үлгілер - іздестіру, тергеу кезіңде алынған
нұсқалар.
Криминалистік сәйкестендіру теориясында бірдей белгілер басты
мәселелердің бірі болып табылады. Сәйкестендіру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ ДИАГНОСТИКА
Криминалистикалық диагностиканың міндеттері
Сот фотографиясы
Криминалистикалық идентификацияның ғылыми негіздері
Бесінші оқиға
Криминалистиканың әдістері
Криминалистика пәнiнен дәрістер кешені
Криминалистикалық ұқсату, диагностика топтық меншікті анықтау
Криминалистикалық диагностика теориясы ғылыми шешім ретінде
Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде
Пәндер